Инфоурок Физическая культура Другие методич. материалыЭстафеталық ойындар (Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арналған көмекші әдістемелік құрал)

Эстафеталық ойындар (Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арналған көмекші әдістемелік құрал)

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ қарасты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«Өмірлік орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

                                           

Эстафеталық ойындар

(Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арналған көмекші әдістемелік құрал)

 

 

 

 

Құрастырған:  Амангелдин  Ернур  Жумадилович

                            Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

2014-2015 оқу жылы

 

 

Рецензент:  С. Ш. Сыздықов

                      Өмірлік орта мектебінің АӘД  пәнінің

                      ІІ санатты ұстазы

 

Жинақтаған: Е. Ж. Амангелдин

     Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

     Өмірлік орта мектебі

 

 

 

«10» қараша 2014 жылы мектепішілік әдістемелік кеңесте қаралып,

«06» қаңтар 2015 жылы № 3 педагогикалық кеңес шешімімен басып шығаруға  ұсынылды

 

 

«Эстафеталық ойындар»

/дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арналған көмекші әдістемелік жинақтама/ спорттық ойындардан құрастырып, ұсынушы: Е. Ж. Амангелдин-Державинск қ., 2014 ж.

 

 

 

 

 

 

 

©Жарқайың ауданы, Өмірлік орта мектебі, 2014 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

1.   Алғы сөз

2.   Спорт –біздің досымыз!  

3.   Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

4.   Шыныққан шымырлар

5.   Толағай

6.   Шынықсаң шымыр боларсың

7.   Жігер жеңіске жетелейді

8.   Көңілді эстафета

9.   Тапқыр достар

10.      Толағай» спорттық – отбасылық сайыс

11.      Эстафеталық ойындар

12.      Ең білгір, ең жүйрік,ең мықты

13.      Мен және менің отбасым

14.      Дарабоз

15.      Шыныққан шымырлар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алғы сөз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Спорт –біздің досымыз!

Мақсаты:

1. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру салауатты өмір салтын қалыптастыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру.

2. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа баулу.

3. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.

Көрнекіліктері: доп, шар, кедергілер, секіртпе, арқан.

Сабақтың жүрісі:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сан түзеп жүру.

Топқа бөліну.

Кіріспе сөз.

Құрметті ұстаздар және оқушылар! Сіздерді Спорт-біздің досымыз! Атты спорттық шарамызға шақырамыз. Еңкейген кәріден бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талпынып, соған қоғамда, мектепте жағдай жасап, денсаулықты сақтауға атсалысуымыз қажет. Ол үшін күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауды, жүгіруді әдетке айналдыруымыз керек, сонда ғана егеменді еліміздің мықты азамат болып өсеміз.

Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстыра кетейін.

 

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау.

Біреуі озса сайыста

Біреуі артта қалады.

 

 

 

Құттықтау.

Жеңіске жеткен командаларды марапаттау.

Жүргізуші:

Құрметті ұстазымыз!

Бір тілек айтарымыз,

Берекелі заман болсын,

Шәкіртеріміз аман болсын!

Жиырма бірінші ғасырда,

Ашық аспан  астында,

Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!

Бүгінгі «көңілді мәре» жарысын,

Осымен аяқтаймыз!

Мейрамдарыңыз құтты болсын! Рахмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Олар:

1.     Эстафеталық жарыс ( доппен кедергілер арасынан жүріп өту)

2.     Повар ойыны (шарикті екі қасықпен қазанға тасу)

Музыкалық сәлем.

3.     Баскетбол торына доп лақтыру (баскетбол добын  кедергілер арасынан бір қолмен алып жүріп, себетке салу)

4.     Калькулятор ойыны (эстафета берілген есепті шығару

Музыкалық сәлем.

5.     Кенгуру (секіртпе доппен кедергілер арасынан секіріп келу)

6.     Капитандар  сайысы белдегі шығыршық (әр топтың капитандары шығып жарысқа түседі)

Музыкалық сәлем.

7.     Кім шапшаң  картоп отырғызу (кішкентай күрек, тырманы белгілі жерден алып, біржерден екінші жерге картоп отырғызу)

8.     Арқанға өрмелеу, биік шыңға шыққан ең мықты топ (әр топ арқанға өрмелеп, биік шыңға шығу)

Музыкалық сәлем.

9.     Қиын жолдан өту (әр топ ұзын трубаның арасынан өтіп, алға домалап кедергіні айналып келеді)

10.  Ойлан тап, сиқырлы сандық. (үш сандық қойылады,  соның ішіндегісін табу керек.)

Жүргізуші: Ал, құрметті спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған боларсыздар, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары анықталды.

Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына беру.

Жеңілденгендер реңжімей.

Тараса бізге жарады.

Сабырлы да салмақты

Білімді де өнерлі

Білікті де жүректі.

 

«Сіздерге жеңіс тілейік»-дей отырып ортаға үш топты шақырамыз. Қарсы алыңыздар.

І топ «Денсаулық»

ІІ топ «Қыран»

ІІІ топ «Көгершін»

А) Таныстыру рәсімі өтеді

Ә) Сәлемдесу рәсімі өтеді

Б) Топ ұрандары айтылады

 

Эстафеталық жарысымызды бастайық.

 

1-ші ойын. Секіртпемен секіру.

Шарты: 3 топ белгі берісімен секіртпемен секіріп барып, есептер жазылулы тұр, соның жауабын жазу.

 

2-ші ойын. Аққала.

Шарты: а) Үлкен резеңке доптың үстіне отырып, секіріп жарысу.

ә) Допты жерге ұрып жүгіру.

б) Футбол добын теуіп бару.

 

3-ші ойын. Самокат тебу.

Шарты: Самокатпен жүріп кедергілердің арасынан өтіп жарысу.

 

 

 

 

4-ші ойын. Арқан тарту.

Шарты: Белгі бойынша әрбір топ арқанды өз жағына арай тартады. 3 рет тартысқаннан кейін 2 рет өз жағына арқанды тартып шығарған топ жеңімпаз болып танылады.

 

Сайысымыздың соңғы 3-ші бөлімі. Қимылды ойын.

 

Шарты: 3 топ қосылып ойнайды. Шеңбер бойымен иығынан бірін-бірі ұстап бір аяқтап секіріп шеңберді айнала жүреді. Кімде-кім ілесе алмай аяғын түсіріп немесе құлап қалса, сол ойыншы ойыннан шығады. Осылайша ойын жалғаса береді. Ең соңына дейін құламаған ойыншы жеңіске жетеді.

 

Жүргізуші: Міне, бүгінгі Спорт – біздің досымыз атты эстафеталық жарысымыз өз мәресіне жетті.

 

Құрметті әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде.

 

Топтарды мадақтау, құттықтау.

 

Жүргізуші: Осымен бүгінгі эстафеталық жарысымыз аяқталды.

Қош сауболыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ал енді спорт заңы бойынша әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1. Аудандық білім бөлімінің әдіскері

2. Шұбарқұдық гимназиясының директоры

3. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі

4. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

 Мұғалімдер отыр сынға түскелі,

Сыналмақшы ептілік пен күштері.

Әрбірінің жігер – күші жалындап,

Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.

 «Спорт» десе таза біздің арымыз,

Сайысатын ұстаздарды бүгінгі

Қарсы алайық қошаметпен бәріміз.

Ортаға мұғалімдерден құралған, сайысқа түскелі тұрған топтарымызды шақырайық:

                     №1 топ:  «Сайыпқырандар» (бастауыш пән бірлестігі)

                     №2 топ  «Жігер» (жаратылыстану пән бірлестігі)

                     №3 топ  «Тарлан» (гуманитарлық пән бірлестігі)

Үш топ жүріп өтіп, ойын алаңына барып орналасады.

Жүргізуші:  «Көңілді мәре»  атты спорттық ойынымыз  10 турдан тұрады. Өз бақтарын сынағалы тұрған әр топ дөңгелене тұрып, сергіту жаттығуларын бастайды. Олар өздерінің топ аттарымен, төсбелгілерімен және ұрандарын таныстырып өтеді.

Жүргізуші: Құрметті  жарысқа түскелі тұрған  бәсекелестер, ұстаздар, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары!  Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 10 турдан тұрады.

 

 

 

 

 

 

Шыныққан шымырлар

Өтілетін жарыстың мақсаты:

1.     Мұғалімдердің денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.

2.     Спортқа деген  сүйіспеншілігін арттыру.

3.     Салауатты өмір салтын насихаттау.

Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер, доп (үлкен, кіші), шарик, қасық, үлкен ыдыс,  гимнастикалық төсеніш, таяқшалар және т.б.

Сайыстың барысы: Гимназия спорт залында көңілді музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті спорт сүйер қауым! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағарламада халықтың денсаулығын  нығайту – мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті  екенін атап көрсеткені баршамызға белгілі.     Салауатты өмір салтын ұстану – осы іс шараның бір баспалдағы.

Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес,  ересектердің де  күш – қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал етеді.

«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» Т.Карлейль

Таза ауа, спорт болсын дәріміз.

Еңбек етіп келгенінше әліміз,

«Алға» - деген бір – ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз!

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» эстафеталық ойын

 

Мақсаты:   1.Салауатты өмір салтын насихаттай отырып эстафета 

                     спорттық ойынын дамыту және спортшылар арасында достық

                     қарым-қатынасты нығайту.

                    2. Оқушылардың дене дайындығын арттырып, денсаулығын 

                     нығайту.

І. Салтанатты іс-шараның ашылу салтанаты.

1- жүргізуші: Құрметті қонақтар, жарысқа қатысушылар, жанкүйерлер. Бүгін өткізгелі  отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» жарысына қош келдіңіздер! 

2- жүргізуші:    

Салауаттық өмір салтын қолдаймыз,

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

Денсаулықты жанымызға серік қып,

Болашаққа аманат қып жолдаймыз! –дей келе ортаға қатысушы командаларды шақырамыз.

Спорт алаңына: (музыкалық әуен)

 «Алау» тобы

«Тұлпар» тобы

1-жүргізуші: 

Ал енді спорт заңы бойынша қазылар алқасымен таныстырып өтейік:

Ұйымдастыру кезеңі

Саптағы жаттығулар (бас, қол, бел, аяқ жаттығулары)

Секіру, жүгіру жаттығулары жаттығулары

 

 

 

Бағдарламадағы ойындар тізбегі бойынша таныстырып өтелік.

1.     Таныстыру (топтың аты, ұраны, төс белгі, реферат)

2.     Кім жылдам?(себетке доп тастау)

3.     Кім мықты? (велосепедпен жүру)

4.     Кім күшті? (берілген доптарды құлатпай алып жүру)

5.     Кім епті? (кенгурумен секіру)

6.     Кім озар? (футбол добын аяқпен алып жүру)

7.     Кім ер жүрек (ракеткамен шар алып жүру)

8.     Кім батыр? (арқан тартыс)

 

1-жүргізуші

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Елбасы Н.Ә.Назарбае «Қазақстан 2050» жолдауында біздің болашақ балаларымыз. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» эстафеталық жарысын ұйымдастырып отырмыз. Олай болса кезеңдерге көшелік.

І кезең таныстыру кезеңі. Ортаға

«Алау» тобы

«Тұлпар» тобы

2- жүргізуші:

Шынықсың аяқ,

Қатайсын нық қол.

Жақсы ойын баскетбол

Күштіге жуық бол! -демекші ендігі ІІ  кезеңіміз Кім жылдам?(себетке доп тастау)  жарысы. Бұл жерде допты себетке лақтыру.

1 жүргізуші:

Көктен түскен жоқ шығар,

 

 

 

 

бақылаймыз.(Әр топтың топбасшылары «Қамшылау» сайысын ойнап қорытындылайды)

VІ кезең. «Арқан тартыс»

         Халық арасында ертеден келе жатқан танымал ойынның бірі-АРҚАН ТАРТЫС. Сайысқа қатысушылар теңдей екі топқа бөлінеді.Арқанның қақ ортасынан белгі үшін түйін түйіледі.Ойынға қатысушылар теңдей екі топқа бөлінеді.Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өтсе,солар жеңіп, жүлде алады. Ойында жеңіске жету үшін қара күшпен қатар әр топтың қозғалысындағы біріңғайлық, ұйымшылдық қажет.

 (Жеңімпаз топты анықтап, әр топтың қоржынына бағалау асығы салынады.)

                            Қорытытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бірі « Асық ату» ойыншының мергендігін, ептілік қабілетін арттыра түседі.Асықты дәл тигізіп, көп асық жинаған ойыншы жеңіске жетеді.Нағыз мерген болып саналады.Сайыскер ұлдарды 1-2 м. қашықтықтан мергендеп асық атуға шақырамыз. (3-топ асық атып,бағалары талқыланады)

ІІІ кезең.  «Бес тас»

         Қыз балаларға тән ұлттық ойынымыздың бір түрі.Бұл кезде қыздардың ептілігі байқалады. Пішіндері бірдей бес тастың бірін лақтырып, қалғанын ретімен шапшаң жинап алу қажет.(4-тік ойынына дейін мұғалім орындап көрсетеді. 3-топ бес тас ойнап,ұпайлар саны қосылады)

ІV кезең.   «Теңге ату»

         Жазықтық жерге адам бойындай етіп ағаш қағып ,басына тымақ кигізеді.Ойыншының көзін байлап,бағытынан адастырып бір рет айналдырады. Қамшымен дәл ұрып тигізу керек.Сайыскерлерге ептілік пен сақтық қажет етеді. Әккі,сезімтал оқушыны байқау үшін «Тымақ ұру» ойынын бастаймыз. (Ұпайлар саны есептеліп қоржынға асық салынады)

         Жоғарыға күміс ақшалар салынған түйіншекті байлап қойып,сайыскерлер екпінмен секіріп түйіншекті алу қажет.Биіктігіне қарай ұпай саны есептелінеді.(V кезеңнің сан ұпайлары есептелініп,бағаланады).                                  

V кезең.  «Қамшылау»

          Ауылдың сері жігіттері жиналып ойын-сауық кезінде « Қамшылау» ойынын ойнайды. Бұл ойынға қазір әр топтың топбасшылары қатысады.Кім бірінші жүгіріп барып қамшыны алса,сол адам жеңімпаз болып есептелінеді.Қарсыласы қамшылатпай қашып кеткен жағдайда ойын қайта басталады.Кім шапшаң екенін

 

 

 

Қосылып ду дүбірге.

Биіктерде жанады от,

Доп қуыпта бүгінде,- дей отырып ІІІ кезеңіміз Кім мықты? (велосепедпен жүру)  кезеңі. Берілген қаптармен секіріп өту.

2 жүргізуші:   Ал ендігі ІҮ кезеңімізді бастайық. Кім күшті? (берілген доптарды құлатпай алып жүру) сайысы. Бұл сайыста үш баскетбол добын кеглилардың арасымен алып жүру керек.

1 жүргізуші:  Ендігі Ү кезеңіміз Кім епті? (кенгурумен секіру). Әр оқушы өзіне берілген тапсырманы орындау керек. Берілген заттарды, себетке жинақтау.

2 жүргізуші:    Ендігі ҮІ кезеңіміз Кім озар? (футбол добын аяқпен алып жүру). Әр оқушы өзіне берілген тапсырманы орындау керек. Допты қолмен ұстамай, аяқпен алып жүруі керек.

1 жүргізуші:      Ендігі Ү кезеңіміз Кім ер жүрек? (ракеткамен шар алып жүру). Әр бір оқушы шарды жерге түсірмей, уақытылы шарды мәреге алып келуі керек.

2 жүргізуші:         Ендігі ҮІ кезеңіміз  Кім батыр? (арқан тартыс). Бұл сайыста барлық оқушы арқанды дұрыс ұстай арқылы арқанды тартуы керек.

1 жүргізуші:      Ал, спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған боларсыз, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтауды қазылар алқасына тапсырайық. Қорытынды сөз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: "Шыныққан шымырлар"   спорттық ойын

Өтілетін жарыстың мақсаты:
1. Оқушылардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
2. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
3. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер, доп (үлкен, кіші), шарик, қасық, үлкен ыдыс, гимнастикалық төсеніш, таяқшалар және т. б.
Сайыстың барысы: Мектепті спорт залында көңілді музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті спорт сүйер қауым! Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағарламада халықтың денсаулығын нығайту – мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті екенін атап көрсеткені баршамызға белгілі.
Салауатты өмір салтын ұстану – осы іс шараның бір баспалдағы.
Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес, ересектердің де күш – қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал етеді.

«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» Т. Карлейль
Таза ауа, спорт болсын дәріміз.
Еңбек етіп келгенінше әліміз,
«Алға» - деген бір – ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа аттанайық бәріміз!

 

 

 

«Дарабоз» ұлттық ойынына қатысушы сайып қырандардың шапшаңдылығы мен тапқырлығын, икемділігі мен ептілігін,қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс  болыңыздар.

Қазылар алқасының төрағасы: дене тәрбиесі пән бірлестігінің жетекшісі -Н.Бекбауов, мүшелері д/тәр. мұғалімдері:Ж.Ізтұрғанова, Б.Кенжеғалиев.

Бұл сайыс шыншыл бағдарлама желісімен  алынып отырғандықтан әр кезеңнен кейін бағасы беріліп отырады. Түрлі-түсті асықты қоржынға жинау арқылы бағаланады.

(«Қара жорға»  әнінің сүйемелдеуімен  ұлттық киім киген оқушы асықтарды қазылар алқасына ұсынады)

    Жігіттер, ойын арзан,күлкі қымбат,

    Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

    Арзан, жалған, күлмейтін шын күлерлік,

    Ер табылса жарайды қылса сұхбат – дей отырып  сайыстың бірінші кезеңі сәламдесуге кезек берейік.

І кезең «Сәлемдесу»

(Әр топ топтарының аттарын,ұрандарын таныстырады)

1-топ «Қыран» тобы

2-топ «Жігер» тобы

3-топ «Сұңқар» тобы

 Қазылар алқасынан бірінші кезеңнің бағасы сұралады.  І орын қызыл.ІІ орын көк,ІІІ жасыл асықтармен бағаланады.

ІІ кезең. «Асық ату»

     Ежелден бері келе жатырған  ұлттық болмысымызға сіңісті әр түрлі ойындар бар.Оны ретіне қарай жаста, жасамыста  ойнаған. Мысалы: тойда,қонақ шақырылса бозбалалардың бас қосу салтанатында «Асық ойнау», «Ханталапай»,» Тоғыз құмалақ»,» Көкпар» т,б.Солардың

 

 

 

 

7.Арқан тартыс

ІІІ.Қорытынды.

             Мұғалім:  Құрметті, ата –аналар,ұстаздар мен оқушылар, доданы тамашалауға қош келдіңіздер!  Бүгін бізде  «Спорт - бейбітшілік елшісі» атты дене тәрбиесі апталығында «Хабар» телеарнасындағы «Дарабоз» реалити- шоу бағдарламасының желісінде 4- сыныпта ұйымдастырылып отырған «Ұлттық ойындар» сайысы өтпекші.

(Сайыстың мақсаты мен міндеті таныстырылады)

Ұлттық ойындар сайысына қатынасушы топтарды қошеметпен ойын алаңына шақырамыз.(Әр топтын аты жазылған плакатты жоғары көтеріп ұстап, ұлттық киім киген қыз балалар «Адай» күйінің ырғағымен сайыскерлерді бастап алаңға ертіп шығады)

              «Қыран» тобы                   «Жігер» тобы                      «Сұңқар» тобы

«Дарабоз» сайысының кезеңдерімен таныс болыңыздар. Барлығы 7 кезеңнен тұрады.

1.     «Сәлнмдесу» (әр топтың ұйымшылдығын бақылау)

2.     «Асық ату» (1-2 метр қашықтықтан асық ату,ұлдардың мергендігін бақылау)

3.     «Бес тас» (епті ,әрі шапшаң төртік ойынына дейін қыз балаларды сайыстыру ,ойнау  )

4.     «Тымақ ұру» (көзі байланған ойыншы тымақты дәл тауып ұру)

5.     «Теңге алу» (шапшаң жүгіріп барып,биіктікке секіріп, теңгені алу)

6.     «Қамшылау» (топ басшылардың сайысы)

7.     «Арқан тартыс» (екі топ бір-бірімен арқан тартысады)

 

 

 

 

 

Ал енді спорт заңы бойынша әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Оқушылар жетекшілерімен қосылып,
отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер – күші жалындап,
Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.
«Спорт» десе таза біздің арымыз,
Сайысатын сыныптарды бүгінгі
Қарсы алайық қошаметпен бәріміз.
Ортаға сынып жетекшілерімен оқушылардан құралған, сайысқа түскелі тұрған топтарымызды шақырайық:
№1 топ: «------------------»
№2 топ «----------------»
№3 топ «-----------------»
Үш топ жүріп өтіп, ойын алаңына барып орналасады.
Жүргізуші: «Көңілді мәре» атты спорттық ойынымыз 7 турдан тұрады. Өз бақтарын сынағалы тұрған әр топ дөңгелене тұрып, сергіту жаттығуларын бастайды. Олар өздерінің топ аттарымен, төсбелгілерімен және ұрандарын таныстырып өтеді.
Жүргізуші: Құрметті жарысқа түскелі тұрған бәсекелестер, ұстаздар, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 7 турдан тұрады.
Олар:
1. Эстафеталық жарыс ( доппен кедергілер арасынан жүріп өту)
2. Повар ойыны (шарикті екі қасықпен қазанға тасу)

 

 

 

3. Баскетбол торына доп лақтыру (баскетбол добын кедергілер арасынан бір қолмен алып жүріп, себетке салу)
4. Калькулятор ойыны (эстафета берілген, жүгіріп барып берілген есепті шығару
5. Капитандар сайысы белдегі шығыршық (әр топтың капитандары шығып жарысқа түседі)
6. Кім шапшаң картоп отырғызады (кішкентай шеңбер ішіне картошканы салып, қайтадан жинап алу)
7. Арқан тартыс
Жүргізуші: Ал, құрметті спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған боларсыздар, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары анықталды.
Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Құттықтау.
Жеңіске жеткен командаларды марапаттау.
Жүргізуші:
Құрметті спорт сүйер қауым!
Бір тілек айтарымыз,
Берекелі заман болсын,
Баршаңыз аман болыздар!
Жиырма бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!
Бүгінгі «көңілді мәре» жарысын,
Осымен аяқтаймыз!
Мейрамдарыңыз құтты болсын! Рахмет.

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:   «Дарабоз

(«Қазақстан » ұлттық арнасындағы «Дарабоз»  атты шыншыл бағдарлама желісімен)

 

Мақсаты:  Ұлттық ойынды насихаттай отырып, нағыз қазақ   баласының   бойындағы   қасиеттерін   бастауыш сынып оқушыларының бойына сіңіру. Әр түрлі жағдайлардан шыға білу,    тапқырлық,  ептілік,  мергенділік  пен  шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.  Ұлттық ойындарды ойната отырып, ата –салтын ардақтауға, салауаттылыққа тәрбиелеу.

 

Міндеті:  Спортттық ойындармен бірге ұлттық ойындарды салауатты омір салтында қолдана білу. 

Түрі:  Ұлттық ойын сайысы  ( реалити шоу)

Тәрбиелік бағыты: Салауатты өмір салты

Атамекен бағыты: Көкпар 

Керекті құрал:  Арқан,қамшы,түрлі-түсті асық,қоржындар, тымақ,қазық, безендірілген ұлттық ойын бұрышы, тиын -тенгелер, үнтаспа, бейне таспа т.б.                    

Ж о с п а р:

І.Ұйымдастыру.

1.Сайысқа қатынасушылардың дайындығын бақылау

2.Тәрбие сағатының мақсатымен, жоспарымен таныстыру

ІІ.Негізгі бөлім. 

1.Сәлемдесу.

2.Асық ату.

3.Мәлік тебу.

4.Тымақ ұру.

5.Теңге алу.

6.Қамшылау.

 

 

 

 

Жүргізуші: Ал, құрметті спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған боларсыздар, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары анықталды.

Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына беру.

Құттықтау.

Жеңіске жеткен командаларды марапаттау.

Жүргізуші:

Құрметті отбасымыз!

Бір тілек айтарымыз,

Берекелі заман болсын,

Шәкіртеріміз аман болсын!

Жиырма бірінші ғасырда,

Ашық аспан  астында,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!

Бүгінгі «Мен және менің отбасым» жарысын,

Осымен аяқтаймыз!

Мейрамдарыңыз құтты болсын! Рахмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Толағай» эстафеталық ойын

 

Мақсаты:   1.Салауатты өмір салтын насихаттай отырып эстафета 

                     спорттық ойынын дамыту

                     2. Спортшылар арасында достық  қарым-қатынасты нығайту.

                    2. Оқушылардың дене дайындығын арттырып, денсаулығын 

                     нығайту.

І. Салтанатты іс-шараның ашылу салтанаты.

1- жүргізуші: Құрметті қонақтар, жарысқа қатысушылар, жанкүйерлер. Бүгін өткізгелі  отырған «Спорт,ән,би» жарысына қош келдіңіздер! 

2- жүргізуші:    

Салауаттық өмір салтын қолдаймыз,

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

Денсаулықты жанымызға серік қып,

Болашаққа аманат қып жолдаймыз! –дей келе ортаға қатысушы командаларды шақырамыз.

 

Спорт алаңына: (музыкалық әуен)

 «Қуат» тобы

«Жігер» тобы

 «Намыс» тобы

1-жүргізуші: 

Ал енді спорт   заңы бойынша қазылар алқасымен таныстырып өтейік:

1.     Мектеп директоры___________________

2.     Директордың оқу тәрбие жөніндегі орынбасары_______________

 

 

3.     Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары _______________

4.     Ұстаз –ұйымдастырушы  __________________________________

5.     АӘД пәнінің мұғалімі ______________________________________

 

2- жүргізуші:

Бағдарламадағы ойындар тізбегі бойынша таныстырып өтелік.

9.     Таныстыру (топтың аты, ұраны, эмблемасы, реферат)

10. Кім епті?(Себетке доп тастау)

11. Ракеткамен шарды алып жүру сайысы

12. Допты алып жүру

13. Обручпен жүгіру

1-жүргізуші

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Елбасы Н.Ә.Назарбае «Қазақстан 2050» жолдауында біздің болашақ балаларымыз. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Толағай» эстафеталық жарысын ұйымдастырып отырмыз. Олай болса кезеңдерге көшелік.

 

І кезең таныстыру кезеңі. Ортаға

 «Қуат» тобы

«Жігер» тобы

 «Намыс» тобы

Әділқазы алқалары өз ұпайларын бере отырсса.

2- жүргізуші:

Шынықсың аяқ,

Қатайсын нық қол.

 

 

Жүргізуші: Құрметті  жарысқа түскелі тұрған  бәсекелестер,  отбасылар, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары!  Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 10 турдан тұрады.

Олар:

1.     Эстафеталық жарыс ( допты кеудеге қысып жүріп өту)

2.     Повар ойыны (ұсақ картопты екі қасықпен қазанға тасу)

3.     Сынық көпірден өту (екі картон қағаздың көмегімен белгілі жерге жетіп, қағазды қолына алып артқа қарай )

4.     Үй көмекшісі (берілген кішкентай доптарды сыпырғышрен сыпырып , барып, артқа қолына жинап жүгіру)

5.     Кенгуру (допты екі аяқ арасына қысып секіріп келу)

6.     Капитандар  сайысы кім жылдам? (әр топтың капитандары балаларының кішісін арқалап кедергілерден жүгіріп өту керек)

7.     Кім шапшаң  картоп отырғызу (кішкентай күрек, тырманы белгілі жерден алып, біржерден екінші жерге картоп отырғызу)

8.     Қаппен жүгіру (әр топтан бір ойыншы қапты киіп белгілі жерге дейінбарып шешіп кейін қарай жүгіріп келіп келесі ойыншыға береді)

9.     Қиын жолдан өту (әр топ ұзын трубаның арасынан өтіп, алға домалап кедергіні айналып келеді)

10.  Арқан тарту. (екі топ аркрнның екі жағынан ұстап тартады.)

 

 

 

 

 

 

Ал енді спорт заңы бойынша әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1. Оқу ісінің меңгерушісі: Сатубалдинов Р.И

2. Салқынкөл орта мектебінің кітапханашысы: Ибитаев Б.Б

3. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі: Сактаганов С.Т

4. Бастауыш сыныбының дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Муканова Г.С

                                    Отбасылар отыр сынға түскелі,

Сыналмақшы ептілік пен күштері.

Әрбірінің жігер – күші жалындап,

                                                Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.

                                                 «Спорт» десе таза біздің арымыз,

                                                Сайысатын отбасыларды бүгінгі

  Қарсы алайық қошаметпен бәріміз.

Ортаға сайысқа түскелі тұрған төрт отбасын  шақырайық:

                     №1 топ:  «Сайыпқырандар» (Раманюктар отбасы)

                     №2 топ  «Жігер» (Байгазиндер отбасы)

                     №3 топ  «Жұлдыздар» (Лапеновтер отбасы)

                     №4 топ «Тарлан» (Залатаревтер отбасы)

Төрт топ жүріп өтіп, ойын алаңына барып орналасады.

Жүргізуші:  «Мен және менің отбасым»  атты спорттық ойынымыз  10 турдан тұрады. Өз бақтарын сынағалы тұрған әр топ дөңгелене тұрып, сергіту жаттығуларын бастайды. Олар өздерінің топ аттарымен, төсбелгілерімен және ұрандарын таныстырып өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жақсы ойын баскетбол

Күштіге жуық бол! -демекші ендігі ІІ  кезеңіміз «Кім епті?» жарысы. Бұл жерде допты себетке лақтыру.

1 жүргізуші:

Көктен түскен жоқ шығар,

Қосылып ду дүбірге.

Биіктерде жанады от,

Доп қуыпта бүгінде,- дей отырып ІІІ кезеңіміз «Ракеткамен шар алып жүру» кезеңі. Шарды белгіленген жерге дейін ракеткамен түсірмей алып журу керек.

2 жүргізуші:   Ал ендігі ІҮ кезеңімізді бастайық. «Допты алып жүру» сайысы. Бұл сайыста үш баскетбол добын кеглилардың арасымен алып жүру керек.

1 жүргізуші:

Ендігі Ү кезеңіміз «Обручпен жүгіру»

2 жүргізуші:      Ал, спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған боларсыз, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтауды қазылар алқасына тапсырайық. Қорытынды сөз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боларсың» /Көңілді старт/

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылар бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен  білімін арттыру;

2. Спорттағы достық қарым-қатынасқа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

3.Оқушылардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру.

Түрі: командалық жарыс.

Әдісі: ойын

Өтетін орны: спорт зал

І.Ұйымдастыру

1. Командалар ортаға шақырылады.

2. Әділқазылар алқасымен таныстыру.

3. Жарыс кезеңдерімен таныстыру.

4. Жарыс кезеңдері.

5. Қорытынды

6. Марапаттау

1-кезең. «Шегірткелер»

Әр топтың ойыншысы бір аяқты бүгіп, оны бір қолмен ұстап секіріп барып берілген жерге дейін жетеді.

2-кезең. «Қасықпен су тасу»

Әр топтың ойыншысы ыдыстағы суды қарсы жақтағы бос ыдысқа қасықпен тасып тауысуы қажет.

3-кезең. «Күштілер жарысы»

Екі-екіден бірін-бірі арқалай жүгіріп жарысу.

                                         4-кезең. «Доппен жүру»

Баскетбол добын ұрып алу жүру.

5-кезең. «Секіртпе»

Әр команда бірінші тұрған ойыншы қолындағы секіртпемен секіріп, қайта келу керек.

 

 

Тақырыбы:«Мен және менің отбасым» атты отбасылық спорттық ойын

Өтілетін жарыстың мақсаты:

1.     Отбасы мүшелерінің денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.

2.     Спортқа деген  сүйіспеншілігін арттыру.

3.     Салауатты өмір салтын насихаттау.

Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер, доп (үлкен, кіші), шарик, қасық, үлкен ыдыс,  гимнастикалық төсеніш, таяқшалар және т.б.

Сайыстың барысы: Спорт залында көңілді музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті спорт сүйер қауым! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағарламада халықтың денсаулығын  нығайту – мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті  екенін атап көрсеткені баршамызға белгілі.

     Салауатты өмір салтын ұстану – осы іс шараның бір баспалдағы.

Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес,  ересектердің де  күш – қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал етеді.

«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» Т.Карлейль

Таза ауа, спорт болсын дәріміз.

Еңбек етіп келгенінше әліміз,

«Алға» - деген бір – ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз!

 

 

 

Ойын шарты: Белгі бойынша кедергілер арасынан секіріп барып, секіріп қайтады. Ойыншы сөре сызығына секіріп жетіп екінші ойыншының қолына секіртпені береді. Ойын солай жалғаса береді. Қай команда бұрын келсе, жеңімпаз атанады.

Құрметті сайыскерлер деніміз сау болсын десек спортпен шұғылданайық. Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.

1.     «Кім жылдам?»

Ойын шарты: Төсеніштен жүгіріп барып домалау, қайтарда тура қайту.

2.     «Ептілік»

Ойын шарты: Екі оқушы допты аяқтарының арасынан түсірмей бір – біріне беру керек, қайтар жолда допты бастарының арасынан ұстап кедергілер арасымен келіп ойыншыларға тапсырады. Олай болса балаларсіздерге сәттілік!

 

Жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз,

Думанға қызық келіңіз.

Әділ қазы ел сенген,

Өнерге баға беріңіз.

      Құрметті әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.

      Жүргізуші: Құрметті оқушылар, жүлделеріңіз құтты болсын!

          Бүгінгі «Спортты ал серікке ...» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп        тамашалағандарыңызға рахмет.

 

 

 

 

 

6-кезең. «Кім жылдам»

Екі оқушы шеңбердің ішіне жүгіріп келуі қажет.

7-кезең. «Алма жинау»

Ойын бастаушының белгісімен әр командадағы бірінші ойыншы жүгіріп барып, шеңбердің ішіндегі алманы алып тізбектің соңына келіп тұрады. Осылай ойын шеңбердің ішіндегі алма біткенше созылады.

ІІ. Жеңімпаздарды марапаттау.

Жарысқа қатысқан командаларды марапаттау үшін әділқазыларға қорытынды сөз кезегі беріледі. (командаларға мақтау қағаздары, сыйлықтар табыс етіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:    Жігер жеңіске жетелейді

       Мақсаты:

1.     Балалардың дене бітімінің дұрыс жетілуі үшін спорттың, дене шынықтырудың маңызын арттыра отырып,ерік – жігерін қалыптастыру,  оқушылар мен мұғалімдер арасындағы  ынтымақтастықты, өзара бірлесе қимыл жасауды дамыту.

2.     Оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа, ұйымшылдыққа, ептілікке баулып, қимыл – әрекетке жаттықтыру.

3.     Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.

Түрі: жарыс түрінде.

Қатысатын командалар: 7,8,9,10 сынып  оқушылары, капитан    

                                               командалары – мұғалімдер

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Негізгі бөлім.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді «Жігер жеңіске жетелейді» атты спорттық жарысқа шақырамыз!

Халқымыз байырғы заманнан бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұрпақтарын болашағына балаған. Салауатты өмір салтын ұстану осы іс – шараның алғашқы баспалдағы. Сондықтан еңкейген кәріден, бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талпынып, соған қоғам да, мекемелер мен мектептер де жағдай жасап, денсаулықты сақтауға, нығайтуға ат салысу керек.

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы

 

 

Ойын шарты: Мұғалімнің берген бұйрығы бойынша сөре сызығына жүгіріп шығып жалаушадан айналып, шеңберден өтіп, тура жүгіріп келіп екінші ойыншыға таяқшаны береді. Ол таяқшаны алысымен сөреден жүгіріп шығып, ойынды бірінші ойыншы сияқты жалғастырады. Қай команда бұрын бітірсе, сол команда жеңіске жетеді.

Жүргізуші:Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында,

Жетерсің әлі талай бақыттарға.

3.     Сайысымыздың келесі бөлімі «3 – ші адам артық»

Ойын шарты: Ортаға 3 стол қойылады. Әрбір командадан 1 ұл, 1 қыздан шығады. Столды айнала жүріп, ысқырған кезде орындыққа тез отыру керек. Отырып үлгермеген оқушы ойыннан шығады. Столды кеміте отырып ойынды жалғастырамыз.

4.     «Кім мерген?»

Ойын шарты: Алдыда тұрған 5 – 6 метр қашықтықтағы шарды жару керек. Ол үшін алдымен кедергілер арасынан жүгіріп келіп шарды жарады. Қанша шар жарылса, сонша ұпай жазылу керек.

Жүргізуші: Жатып ішер боп жалқау,

Бойкүйез болма, еріншек.

Айналысып спортпен,

Талаптан, жаттық еңбекпен.

5.     Сайысымыздың келесі бөлімі «Допты ойын»

Ойын шарты: Бір оқушы допты теуіп отырып кедергілердің арасынан өткізеді, қайтар жолда дәл осылай ойын қайталанады..

6.     «Секіртпемен секіру»

негізгі мақсаты – жас ұрпақты жаман әдеттен аулақ, дененің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін 5а,ә сынып оқушылар арасында спорттық сайыс өткізгелі отырмыз.

Жүргізуші: Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,

Әзірледік сізге орынды төрден біз,

Ұландардың ең құрметті қонағы,

Жанкүйер де, төреші де өзіңіз.

Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен танысайық.

Ал ендеше сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

Спорттық жарыс ойынының шарттары:

1.     Таныстыру. Әр команда өздерін таныстырады.

2.     Мәреге кім бұрын?

3.     3 – ші адам артық.

4.     Кім мерген?

5.     Допты ойын.

6.     Секіртпемен секіру.

7.     Кім жылдам?

8.     Ептілік

Ал, балалар сайыс шарттарымен таныс болдық, енді әрі қарай ойынымызды бастаймыз.

Жүргізуші: Денсаулық – шексіз бақыт,

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.

Өмірде бақыттысың денің сауда,

«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамызда, - деп, алғашқы ойынымызға көшейік.

7.     «Мәреге кім бұрын?»

 

 

Әділ баға беріңдер!

Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік.

Жарысқа қатысып, бақ сынамақшы болған үміткерлерді іріктеуден кейін, 4 тобымыз алдарыңызда бақтарын сынамақшы.

Жарыс заңы ежелден –

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады.

Сабырлы да, салмақты

Білімді де, өнерлі

Білікті де, жүректі

Жұптарды шақырып,

Сіздерге жеңіс тілейік, -  дей отырып, ортаға сайыскер тобымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

І топ – 7 класс

ІІ топ – 8 класс

ІІІ топ – 9 класс

ІҮ топ – 10 класс

Жарыстың шарттары:

1.     Тура қағып, шапшаң кел.

2.     Шегіртке

3.     Эстафета

4.     Дәл тигізіп, ұпай ал.

5.     Қасықтағы шарик

6.     Кім алысқа секіреді?

7.     Хан талапай.

 

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт – сапар!

1.     «Тура қағып, шапшаң кел!»

Стол теннисінің ракеткасымен  шарикті қағып, мәрені айналып, өзінен кейінге ойыншыға  жеткізеді.

2.     «Шегіртке»

 Белгі бойынша ойыншылар секіріп барып, секіріп қайтады.

3.     «Эстафета»

1)    Бір аяғын бүгіп ұстап, екінші аяғымен белгілі жерге дейін секіру.

2)     Он  рет  отырып тұру.

3)    10 рет  секіртпе  жіппен  секіру.

4)    Табандан  жүру.

5)    Жылдам  кедергіге  жүгіру, кейін  қайтарда  артпен жүгіру.

4.     «Дәл тигізіп,  ұпай ал!»

Пневматикалық вентовкамен  нысананы  дәл  көздеп  ұпай  жинау.

5.     «Қасықтағы  шарик»

Белгі бойынша бірінші тұрған ойыншы қолындағы қасығына шарикті салып, мәрені айналып келіп, өзінен кейінгі ойыншыға береді.

6.     «Кім алысқа секіреді».

Секірушінің табан өкшесі сөре сызығының  бойынан асып кетпеуі керек. Секіріп түсетін жердегі бормен белгілейміз. Белгіленген сызықтан 2-сі секіреді. Сосын3-сі...

7.     «Хан талапай»

Команда капитандары жарысы.

 

 

 

Тақырыбы: Спортты ал серікке ...

Мақсаты:

І. Білімділік: Оқушылардың жеке денсаулығы мен  ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру

және дене шынықтыру пәнін қызығушылықтарын

арттыру.

ІІ. Дамытушылық:

Оқушыларды тез әрі орнықты қимыл - әрекетке  

жаттықтыру, психологиялық процестер мен  адамдық қасиетті дамыту.

ІІІ. Тәрбиелік

Оқушыларды ойын кезінде өзін - өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа,

батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу..

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Қажетті құрал – жабдықтар: доп, кедергілер, секірме, төсеніш, стол.

Өтілетін орын: спорт зал

Барысы:

1. Кіріспе сөз;

2. Спорттық жарыс;

3. Қорытынды сөз, марапаттау.

Жарысқа қатысатын 5 а,ә сыныптарынан құралған команда. Әр команданың өз аттары, өз ұрандары бар.

1.      «Жас қыран» командасы

2.     «Сұңқар» командасы.

3.     Жарысты өткізу ережелері:

А) Топты өз орындарына тұрғызу;

Ә) Әділқазылар сайлау.

Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Спортты ал серікке ...» атты спорттық жарысымызға қош келдіңіздер! Сайыстың

 

оқушыларының орындауында «Қара жорға» биін ұсынамыз. Қаласаңыздар ортаға шығып билеуге болады .

2.Жүргізуші:  Сонымен бас жүлденге қай команда ие болғанын білу үшін денешынықтыру  пән мұғалімі  Ізтілеу Мамай Тұрсынбекұлына сөз береміз.

1.Жүргізуші:  Осымен сіздермен қош айтысамыз. Келесі көріскенше сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Құрметті қауым!Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).

 

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай атамыз да – дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:   Көңілді эстафета  6-7-сынып

Сабақтың   мақсаты:

1.Оқушылардың бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен білімін арттыру;

2.Спорттағы достық қарым-қатынасқа,ұйымшылдыққа тәрбиелу;

3.Оқушылардың денсаулығын нығайту,қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру.

Түрі: командалық жарыс.

Әдісі: ойын.

Өтетін орны: спорт зал.

Жарысқа қатысушылар: 5, 6 - сынып оқушылары.

-Команда аты, ұраны, бірдей формасы болуы тиіс.

                                             I.Ұйымастыру.

1. Командалар ортағ шақырылады.

2.Әділқазылар алқасымен таныстыру.

3. Жарыс кезеңдерімен таныстыру.

I-кезең. «Шегірткелер»

                                                        

Әр топтың ойыншысы бір аяқты бүгіп,оны бір қолмен ұстап секіріп барып берілген жерге дейін жетеді де су құйылған ыдыстағы суды қасықпен тасып жарысады;

II-кезең. «Күштілер жарысы»

 

 

 

 

 

1.Жүргізуші:  Сайыскерлер дайынсыздар ма?  Онда бастаймыз   1...2...3. алға.

( ойын аяқталғаннан кейін)

2.Жүргізуші:   Жарайсың ең алғашқы болып ......... командасы келді.

Ойынның  үшінші  жарысының  бағасын  әділқазылар бағалайды.

Ең жоғарғы баға 5 ұпай. Назар қойып қараймыз. Әділқазылар алқасы

таблоны көтеріп өз бағаларын береді.

IV. Ойын

1.Жүргізуші:   Біз қазақпыз. Өз елімізді паш тұтатын, қастерлейтін, салт-дәстүрімізді және әдет-ғұрпымызды сыйлайтын өз еліміздің болашақта  үміт күткен  азаматымыз.  Осындай сөздермен сіздердің назарларыңызға төртінші  сайысымыз  қазақтың ұлттық ойыны «Бәйге» ойынын сайыскерлерімізге ұсынбақпыз. Бұл шешуші ойын. Әр командаға бір жылқы басы жасалған таяқ береміз. Сол жылқының  басымен  атша  шауып мәреге барасыз сол мәреде   геометриялық фигураларды құрастырып   қағаз бетіне жапсырасыздар.

1.Жүргізуші:   Сайыскерлер дайынсыздар ма?  Онда бастаймыз   1...2...3.  алға.                     (ойын аяқталғаннан кейін).

2.Жүргізуші:  Жарайсың ең алғашқы болып ......... командасы келді.  Бұл біздің соңғы жарысымыз болатын. Бұл жарыстың  бағасын әділқазылар бағалайды. Ең жоғарғы баға 5 ұпай. Назар қойып қараймыз. (Әділқазылар алқасы таблоны көтеріп өз бағаларын береді.)

1.Жүргізуші:  Әділқазылар қай командаға бас жүлде бергенше. Сіздердің назарларыңызға 9 «А» сынып

 

 

 

байқаймыз.Ойының шарты мынадай. Баскетбол добын жерге ұрып отырып белгіленген жерге барып қабырғадағы қалташа жасалған плакатқа жасырын сөзді дайын  тұрған  әріптермен  сөзді  жазу керек. Ол үшін әр командаға қағаз беріледі. Ол қағаздың бетінде  сұрақ берілген.Сол сұраққа  жауап беру керек. Бұл сұрақтың жауабы 6 әріптен тұрады.Бұл сұрақты команда өзара оқып , жауабын өздері ғана білу керек . Сол тапқан жауапты  арнайы жасалған  әріптермен қалташаларға салып жазу керек.

1.Жүргізуші:  Сайыскерлер дайынсыздар ма?  Онда бастаймыз   1...2...3.алға. (ойын  аяқталғаннан кейін)

2.Жүргізуші:  Жарайсың ең алғашқы болып ......... командасы келді.

Ойынның  екінші жарысының бағасын әділқазылар бағалайды. Ең жоғарғы

баға 5  ұпай. Назар қойып қараймыз. (Әділқазылар алқасы таблоны көтеріп

өз  бағаларын береді).

ІІІ.Ойын

2.Жүргізуші:  Келесі ойынның шартын тыңдаңыздар.Бұл ойын сайыскерлердің ынталығын

байқаймыз. Әр ойыншыға теннистің ракеткасы және добы беріледі, сол

теннистің  ракеткасымен добын қолдан түсірмей жоғарыға лақтырып,

белгіленген        жерге   барып , корзинаға кіргізу керек. Корзинаны

командадан бір адам ұстап түрады.

Егер доп жерге түсіп кетсе ұпай  саналмайды.

Ойында келесі ойыншы жалғастырады.

 

 

 

 

Екі-екіден бірін-бірі арқалай жүгіріп жарысу;

                                     III-кезең. «Кім жүйрік»

 

 

Берілген жерге дейін тез жүгіріп барып,сол жерде ине сабақтау,есеп шығару,жұмбақ шешу сияқты бір тапсырманы орындап жарысу;

                                  

 

 

       IV-кезең. «Таяқша»

Әр командада бірінші тұрған ойыншы қолындағы таяқшаның екі шетінен ұстап, денесін сәл ғана еңкейтіп тұрады.

  Ойынның басталуына белгі берген кезде олар екі аяғыман кезек және тез таяқшадан аттап

 

 

 

 

өтіп,таяқшаны келес ойыншыға береді.Ойын барлық ойыншылар таяқшадан аттап өткеше жылғасады.

 

 

V-кезең. «Кім жылдам»

Команда ойыншылары екі-екіден бір-біріне теріс қарап тұрып,қолдарын айқастыра жүгіріп жарысу.

                                             

 

 

VI-кезең. «Алма жинау»

Ойын бастаушының белгісмен әр командадағы бірінші ойыншы жүгіріп барып,шеңбердің ішіндегі алманы алып тізбектің соңына келіп тұрады.Осылай ойын шеңбердің ішіндегі алма біткенше созылады.

                                          

II Жеңімпаздарды марапаттау

Жарысқа қатысқан командаларды марапаттау үшін әділқазыларға қортынды сөз кезегі беріледі.(командаларға мақтау қағаздары,сыйлықтар табыс етіледі)                                                                          

          

 

 

 

 

 

 

 

1.Жүргізуші:   Біздің сайыскерлер мықты да, ақылды деп ойлаймын, себебі бұл сайыс тек қана мықты оқушылар қатыса алады.

2.Жүргізуші:   Дұрыс айтасың. Енді бүгінгі ойынымызға қатысатын сайыскерлермен таныстырайын  (топтың атауы, эмблемасы ,ұраны )

1.Жүргізуші:  Сонымен қатар сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазылар  алқасымен таныстырып өтейік.

 І. Ойын

2.Жүргізуші:  Енді сайыскерлерге арналған бірінші ойын. Бұл жарыста сайыскерлердің  тапқырлығын байқаймыз. Бұл ойының шарты мынадай. Сайыскерлер  тыңдаңыздар. Алдарыңызда жатқан қапты киіп белгіленген жердегі  үстелдің қасына барсыңыздар, ол  үстелдің үстінде биология пәнінен   сұрақтардың жауабын тауып , қолыңызға қапты алып қайта орныңызға барып  қапты келесі ойыншыға бересіз.Мұқият болыңыз үстелдің үстінде     командадағы әр ойыншыға әр түрлі сұрақ. Кім сұрақтарға  көп  жауап  берсе сол команда жеңіске жетеді.

1.Жүргізуші:  Сайыскерлер дайынсыздар ма?  Онда бастаймыз   1...2...3.алға. (ойын аяқталғаннан кейін)

2.Жүргізуші:  Жарайсын ең алғашқы болып ......... командасы келді.

 Ойынның  бірінші жарыстың бағасын әділқазылар бағалайды. Ең жоғарғы

  баға 5 ұпай. Назар қойып қараймыз. (Әділқазылар алқасы таблоны  көтеріп өз бағаларын береді).

ІІ.Ойын

2.Жүргізуші:   Ал, енді екінші жарысымызды бастаймыз. Бұл жарыста сайыскерлеріміздің алғырлығын

 

 

 

 

Тақырыбы:  «Ең білгір, ең жүйрік,ең мықты»

Мақсаты 1. Оқушының ептілігін,даналығын,шапшаңдылығын дамыту.

                  2.Оқушының спортқа деген сүйіспеншілігін, ынтазарлығын және

                     денсаулықты бағалауды дамыту.

                  3.Балаларды командамен жұмыс істеуді үйрету.

Сайыстың  түрі: Спорттық-зияткерлік.

Қатысушылар:  8 сынып оқушылары (12 оқушы), 2 жүргізуші.

Пәнаралық байланыс: Денешынықтыру, гуманитарлық  пәндер.

Көрнекіліктер:  2 қап, 2 ватман қағазы , 2 волейбол және баскетбол доптары,2 секіргіш жіп,2 теннистің ракеткасы, 2 корзина,2 жапсырма лента, 2 клей,30 шар, 2 таяқ, 3 пен 5 аралығындағы табло.

Сайыскерге қоятын талаптар:

1) Спорттық киім

2) Топ эмблемасы

3) Топтың  ұраны

 

Бастамасы:    Ән ойналып, ортаға сайыскерлер шығады. Олар барлығы

                         бір сапқа тұрады.

1.Жүргізуші:   Сәлеметсіздер ме?! 

                         Құрметті жанкүерлер және әділқазылар алқасы

2.Жүргізуші:    Бүгін біз сіздердің назарларыңыға «Ең білгір, ең жүйрік, ең

                            мықты» атты  спорттық-зияткерлік  сайысымызды бастаймыз.

 

 

 

 

 

«Тапқыр достар» сайысы

Мақсаты: Оқушылардың дене тәрбиесі пәні арқылы спортқа деген   қызығушылықтарын арттыру.Оқушыларды тіл мәдениетін сақтай білуге,тіл тазалығы үшін күресуге,сөз өнеріне баулу.Ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе қағаздар түрлі-түсті слайттар

Мұғалім сөзі: Дене тәрбиесі – валеология ғылымдарының бір саласы.Дене тәрбиесі көне заманда Грецияда,Римде және басқадай елдерде дамыған. Ол туралы ғылыми тұрғыдан жиналған деректер бар. Дене тәрбиесі маңызы-адамның денсаулығын нығайтып,күш жігерін,ақыл-ойын арттырады.

     Сайыс шарты: 1.Таныстыру

                          2.Сөз тапқанға...

                          3.Ойлан тап

                          4.Сен білесің бе?

                          5.Кім жылдам?

                          6.Өнерпаз болсаң...

Сайысқа қатысушы топтар: «Бірлік» тобы, «Қырандар» тобы

Сайысымызды бағалайтын төрешілер сайланады.

                                 

1 кезең  Таныстыру

Әр топ өзін таныстырады.

Жаттығу ретінде: Екі топтың алдарына кеспе сөздер тасталынады,сол сөздерді құрастырып сөйлем құрау керек.30сек. ішінде.

 

 

 

 

 

 

 

 

2 кезең  Сөз тапқанға...

Екі топқа әріптер беріліп сұрақ қойылады.Сол сұрақтарға берілген әріп бойынша жауап береді. 1топқа: К,С,Т    2топқа: Б,Қ,Д

1топқа сұрақтар:

1.Дені сау адам қандай болу керек?

2.Таңертен ұйқыдан нешеде тұрасыз?

3.Дене шынықтыру пәні қаншалықты ұнайды?

4.Қандай мамандықты таңдар едіңіз?

5.Қазақстан чемпиондарын атаңыз?

6.Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

7.Мектеп үйіңізден қашық па?

8.Спортшы болғыңыз келеме?

 

2 топқа сұрақтар:

1.Доп пішіні қандай болады?

2.Мектептегі қай мұғалімді үлгі тұтар едіңіз?

3.Осы сайысқа қатысқаныңызға қуаныштысыз ба?

4.Спорттық киім үлгісін атаңыз?

5.Атақты боксшы болғыңыз келеме?

6. Ер жігіт қандай болу керек?

7.Суда жүзу білесіз бе?

8.Шаңғыны қашан тебеміз?

 

                                 

3 кезең Ойлан тап

Тақтадан көрсетілген суретке бірнеше мақал құрастыру.Қанша көп айтылса сонша ұпай жинайды.

                                   4 кезең Сен білесің бе?

Ұяшықтарда көрсетілген ұпайды таңдап артындағы сұрақтарға жауап беру.Жауабын таба алмаған топ ұпай алмайды

 

 

ІV Бағалау. Ойынға жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Командалардың бірінші ойыншылары ойынды бастайды. Белгіленген жалаушаға барғанша,оң қолымен допты жерге соғып,ал келгенде допты сол қолымен жерге соғып алып келеміз. Ойыншылар бір-біріне доп беру арқылы ойынды жалғастырады.Қай команда бірінші келеді, сол командаға(10ұпай). Екінші командаға(5ұпай).

5.Кім жылдам,әрі епті.

Төреші белгісі бойынша командалар жеңіл шарды жоғары әуеге лақтырып,қайта қағып алып белгіленген жерге дейін барып қайтады. Қай команда бірінші келеді сол командаға (10ұпай),екінші командаға (5ұпай) беріледі.

6.Секір де,жүгіре жөнел.

         Командалар сап түзеп тұрады. Әр командадан екі ойыншы топ алдына секіртпе жіпті айналдырып тұрады. Берілген белгі бойынша ойыншылар кезекпен кезек тез-тез шығып,айналып тұрған секіртпені ілмей секіріп өтеді де,ары қарай жүгіре жөнеледі.

7.Тепе-теңдікті сақтау.

Қалың кітапты басымызға қойып тікемізден тік жүріп,белгіленген жалаушаға дейін барып келеміз. Келесі ойыншыға қол беру арқылы ойынды

жалғастырамыз. Қай команда тез келеді, сол командаға(10ұпай), екінші командаға (5ұпай) беріледі.

 

III.Қорытынды бөлім.

Оқушыларды сапқа тұрғызамын. Тыныс алу жаттығуларын жасатамын. Қай команда жеңіске жеткенін хабарлаймын.

ІV Үйге тапсырма беру.

Эстафеталық ойын түрлерін өз бетімен ізденіп,қалай ойнау керектігін біліп,үйреніп келу.

 

 

 

10

5

15

15

10

5

10

5

15

1.Олимпиада ойындары ең алғаш қай елде өткен?

2. «Футбол» сөзінің мағынасы?

3. «Азиада-2011» Қазақстанның қай қалаларында өтті?

4.Бокстан Афина олимпиадасының чемпионы?

5. «Волейбол» ойынын ең алғаш ойлап тапқан?

6.Қол добы не деп аталады?

7.Қазақстанның көркем гимнаст қызы?

8.Тосын сый? ( Атамекен әнін орындау)

9.Тосын сый? (Дене шынықтыру пәні мұғалімі Бекболат ағайдың кейіпін сомдап беріңіз)

                                        5 кезең Кім жылдам?

Сөздерді жұмбақтап жасыру.Көрермендер жауабын айтады.

Сөздер: 1 топқа

Көз, доп, кітап, теннис, красовка, бокс, қалам, стадион, волейбол, велосипед.

2 топқа: Арқан, футбол, баскетбол, керме, жігіт, асық, машина, компютер, ағаш ат, қақпашы.

                               6.кезең  Өнерпаз болсаң...

   2 топтың оқушылары берілген тапсырманы орындайды.

1.     «Кім алысқа секіреді?»

     2. «Сызықтан тартып өткізу

     3. «Күш сынасу»

 Жеңген оқушы тобына ұпай санын қосады.

Төрешінің есептеуімен сайыстың  қорытындысы шығарылады, жеңіске жеткен топ марапатталады.

 

 

 

 

«Толағай» спорттық – отбасылық сайыс

Мақсаты: Ата-ана,оқушы,мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында және спорттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыра отыра ептілікке,жылдамдылыққа,шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекілік: доптар,шығыршық,түрлі-түсті шарлар,төсеніш,қап,арқан,қасық,теннис добы,кеглилер.

 

Сайыс шарттары:

1.Тіке жүгіріс

2.Шығыршықпен допты алып жүру

3.Қаппен секіру

4.Шар ату

5.Кедергілерден өту

6.Ептілікті байқау

7.Тіркесіп жүгіру

8.Үзілісті жүгіріс

9.Арқан тартыс

10.Кім жылдам? (логикалық есеп шығару)

11.Капитандар сайысы

 

Сайысқа 3 отбасы қатысады.(құрамында 3адам)

Сайыс шарты бойынша әр топтың аты,төсбелгісі,ұраны болады.

Сайысты бағалайтын төрешілер құрамы сайланады.

Сайысқа түсетін отбасыларының тобының аты:

 «Арлан» тобы

 «Бірлік» тобы

 «Смайлик» тобы

 

 

 

5. Аяқ жаттығулары. Қолымызды екі жаққа созып аяқ өкшесімен тұрамыз (4рет). Орнымызда тұрып жәй секіреміз (4рет). Тепе-теңдікті сақтап жоғары көтеріліп,қайта түсеміз(4рет).

II.Негізгі бөлім. Оқушыларды бірінші-екіншіге санатып екі топқа бөлеміз. Топқа тез арада ат қойдыртамын. Ойын шартымен түсіндіремін.

1.     Эстафеталық таяқшамен өткізілетін ойын.

Екі топ алдына бірдей сызық сызылады. Сызықтан 10-20м жерге бір зат немесе жалауша шаншып қойылады. Әр команданың бірінші ойыншысы алдымен оң қолна таяқшаны ұстап, жалаушаны айналған кезде, таяқшаны сол қолына ауыстырып келесі ойыншының оң қолына ұстатады. Ойын шартын бұрын орындаған топ, жеңіске жеткен болып (10ұпай) қосылады. Келесі топқа (5ұпай) беріледі.

2. Шегіртке. (қос аяқтап секіру).

Команда сөре сызығына келіп тұрады. Белгі бойынша командалардың бірінші ойыншыларды, белгілеген жалаушаға дейін, қос аяқтап секіріп барып, секріп келеді. Келесі ойыншыға қол беру арқылы секіруді жалғастырады. Бірінші болып келген команда жеңіске жеткен болып (10ұпай) алады. Келесі команда(5ұпай) алады.

3.Секіртпе жіппен серіру.(скакалка)

Сөре сызығының бойында тұрған 2 команда ойыншылары белгіленген жалаушаға дейін секіртпе жіппен секіріп барып,секіріп қайтады. Келесі ойыншыға секіртпе жіпті жылдам тапсыруы керек. Ойын осылай жалғасады.Қай команда жылдам секіріп келсе,сол командаға(10ұпай), келесі командаға(5ұпай).

4.Доп ұру.

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық ойындар

Өтетін жері: Мектеп алаңы

Сабақтың мақсаты:

1.Эстафеталық ойын түрлерін үйрету.

2.Оқушылардың қимыл-іс әрекеттерімен дағдыларын жетілдіру.
3.Ойын арқылы бала организімін шынықтыру.

Сабақтың көрнеклігі: ысқырық, доп, шар, эстафеталық таяқша, секіртпе

жіп, қалың кітап т\б.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі.

II.Негізгі бөлім.

III.Қорытынды бөлім.

I.      Ұйымдастыру бөлімі. Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Кезекші рапортын тыңдау. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Дайындық жаттығулары.

1.Басқа арналған жаттығулар. Алдымен басымызды оңға,содан кейін солға бұрамыз (4рет). Белімізге қолмызды қойып,сағат тілімен басымызды айналдырамыз.

2.Иыққа арналған жаттығулар. Белімізге қолымызды қойып, иығымызды алға 2 рет, артқа 2 рет қозғаймыз. Содан кейін иығымызды жоғары көтереміз (4рет).

3.Қолға арналған жаттығулар.

Қолымызды 1дегенде алға созамыз, 2 дегенде жоғары көтереміз,3дегенде екі жаққа созамыз,4дегенде қолымызды түсіреміз.(2рет қайталаймыз).

4.Белге арналған жаттығулар. Қолымызды белге қойып оңға(2рет), солға(2рет) иеміз. Белімізді сағат тілімен айналдырамыз(2рет).

 

 

 

1.«Тіке жүгіріс» ысқырып белгі бергеннен бастап тіке жүгіріп,белгіленген жерден кеглиді айналып өтеді.

2. «Шығыршықпен допты алып жүру» допты кедергілердің арасымен алып жүру.

3. «Қаппен секіру» бел тұсына дейін қапты киіп,қос аяқпен секіру.

4. «Шар ату» отырып,қаз жүрісімен жүріп барып,белгіленген жерден шарды атып жару.

5. «Кедергілерден өту» жүгіріп келіп төсеніштің алға домалып түсіп,шығыпшықтың арасынан өтіп,жүгіріп қайту.

6. «Ептілікті байқау» теннис шаригін қасыққа салып,ауызға тістелеп жүріп қайту.

7. «Тіркесіп жүгіру» алдағы екі ойыншы тіркесіп жүгіріп қайтып,үшінші ойыншыны тіркестіріп жүгіріп шығу.

8. «Үзілісті жүгіріс» алаң ішіндегі (едендегі) сызық бойынша үзілісті жүгіріспен жүріп қайту.

9. «Арқан тартыс»

10. «Кім жылдам?» логикалық есеп шығару (уақыт есебімен)

          4     4    4    4   =    20

11. «Капитандар сайысы»  гір тасын көтеру

Сайыс соңында төрешілердің шешімімен жеңімпаз топ белгіленеді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эстафеталық ойындар (Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арналған көмекші әдістемелік құрал)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 269 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.02.2016 50695
    • DOCX 453.3 кбайт
    • 772 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Амангелдин Ернур Жумадилович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Амангелдин Ернур Жумадилович
    Амангелдин Ернур Жумадилович
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 78658
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Психолого-педагогические аспекты деятельности тренера-преподавателя по велоспорту в организациях физкультурно-спортивной направленности

Тренер-преподаватель

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика адаптивной физической культуры в дошкольном образовании

Инструктор-методист по адаптивной физической культуре и адаптивному спорту

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 72 человека

Курс профессиональной переподготовки

Основы инструкторско-методической деятельности по каратэ Кекусинкай

Инструктор по каратэ Кекусинкай

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек