Инфоурок Музыка Другие методич. материалыЕстияр тобына арналган ертенгилик сценарий

Естияр тобына арналган ертенгилик сценарий

Скачать материал

Естияр тобына арналған ертеңгілік сценарийі  «Қош келдің, Жаңа жыл!»

 

Мақсаты:

  • Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы, білімдерін бекіту.
  • Қыс  көрінісін ән, би, ойын арқылы сипаттау. Жұмбақ, өлең арқылы байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.
  • Табиғатқа деген сүйіспеншілігінояту, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу

Залды безендіру: сахнаның ортасында безендірілген шырша, аппақ кішкентай шыршалар қойылған, залға қаршалар ілінген.

Көрнекіліктер: Кішкентай жасыл шыршалар (2),тиіннің себеті толған шырша ойыншықтары, жаңғақтар, құртақандардың қолына  шамдар,

Кейіпкерлер: Тиін, қасқыр, түлкі, сауысқан,Аяз ата , ақша қарлар, құртақандар

 

(Музыка әуенімен тиін билеп кіреді. Бір қолында себет іші толған ойыншықтар, бір қолында сиқырлы кілті).

Тиін: Құрметті ата-аналар жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Бұл әдемі шыршаны мен мерекеге арнап, безендіріп жатырмын.(шыршаның артына кетеді.)

Балалар музыка әуенімен безендірілген ән залына кіріп, жартылай шеңберге тұрады.

2 бала тақпақ айтады.

1 бала

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

Өлең де әзір, әнде әзір

Ойын да әзір, бәрі әзір

Кел, жаңа жыл біздерге

Кел, жаңа жыл, Жаңа жыл !!!

2 бала

Әсем әнге күміс күйге

Толтырамыз ортаны

Жарқыраған нұр ішінде

Айналамыз шыршаны

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы біздің шыршамыз  қандай әдемі. 

 Шыршаны кім безендірген? 

Тиін:Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бұл әдемі шыршаны жаңа жыл мерекесіне арнап, мен безендірдім! Сендерге ұнады ма?

Балалар: Шыршамыз өте әдемі екен! Рахмет саған Тиін!

Жүргізуші: Тиінжан сенің қолындағы ненің кілті? Сен оны қайдан алдың?

Тиін: Бұл ғажайып кілт! Сендерге арналған сыйлықтың кілті! Жоғалтып алмайын, оны шыршаға іліп қояйын.

(Шыршаға іліп қояды да, ойыншықтармен әшекейлейді.

Жүргізуші: Осы сұлу шыршамызға арнап,  ән айтып берейік

Ән: «Кішкентай шырша»

Осы кезде Қасқыр мен түлкі шыршаны арқалап кіреді.

Түлкі: Қасеке қарашы, ортадағы тұрған шырша қандай әдемі! Кім оны безендірген?

Тиін: Мен оны безендірдім. (қорқып айтады)

Қасқыр: Тиін, біздің де шыршамызды безендіруге көмектесесің бе?

Тиін: Жоқ, мен сендерден қорқамын. (Шыршаның артына тығылады.)

Түлкі: Онда бізге балалар көмектессін!

Ойын: «Шыршаны безендіру»

Шарты: Бір түлкінің шыршасы.  Екінші  шырша қасқырдікі.  Екі шыршаға  3 баладан шығару. Музыка әуені аяқталғанға дейін, шыршаны безендіру керек.

Қасқыр: Рахмет сендерге балалар! Біздің де шыршамыз әдемі болып кетті.

Түлкі: Шыршаны айналып жүріп  айтады. Әдемі бірақ біздің шыршамызда ғажайып кілт жоқ.

Қасқыр: Мынау ненің кілті екен? Тиінді алдап сұрап алайық.

Түлкі: құйрығын сипап: -Ей тиінжан сен бізден қорықпа, біз саған тиіспейміз. Бері кел! Шыныңды айтшы бұл не деген кілт? 

 Тиін: Рас айтасыңдар ма? Бұл кілтті маған Аяз ата  берді.  Бұл Аяз атаның балаларға дайындаған. Жаңа жылдық ғажайып сыйлықтары бар-сандықтың кілті!

Тиін ары қарай ойыншықтарын  іле береді.

Түлкі қасқырға: Мен тиінмен сөйлескен  ше сен кілтті  алып жылдам қаш.

Тиінге түлкі жақындап: Тиінжан саған мына шыршаны әшекейлеуге көмектесейін. Сен жоғары шық, ал мен ойыншықтарды әперіп тұрамын.

(Тиін пенекқа шығады). Осы кезде Қасқыр кілтті алып қашып кетеді.

Түлкі: Мен де тағы осындай шыршаға ілетін ойыншықтар көп! Қазір мен саған әкеліп берейін Тиінжан! Қазір келем! Т-сссс!

Тиін: (ағаш бұтасынан түсіп), Балалар, бұл жаңа жыл керемет болды ғой! Ормандағы аңдар Қасқыр мен Түлкіде мейірімді болды.

Жүргізуші: Жаңа жылда барлық адамдар мейірімді, кешірімді болады. Бір- біріне ғажайып сыйлықтарын, әндерін, билерін сыйлайды. Біз де өз өнерлерімізді ортаға салайық.

Тақпақтар:

                         Әлде қарлы боранды,

                         Тау басына түсті ме?

                         Аяз ата оралды,

                         Ақ тон киіп үстіне.

 

                         Әрқайсымыз Жаңа жылмыз,

                         Әрқайсымыз, ғасырмыз.

                         Өмір нұрын жарқыратқан,

                         Бізде сендей жасылмыз.

Музыка әуенімен Сауысқан ұшып келеді.

Сауысқан: Ой, жарандар, адамдар!

                    Бәрің маған қараңдар!

                    Құлақ салып тыңдаңдар!

Мен жаңа ғана жолда Қасқыр мен Қу түлкіні көрдім! Қолдарында бір керемет Кілт бар! Олардың біреуі алдағанын сеземін Өздері сондай көңілді. Сеземін, білемін олар бір нәрсе бүлдірді.

Тиін: Асықпашы, тоқташы бұл не деген сөзің? Түлкі мен Қасқыр енді зұлымдық жасамайды. Олар мейірімді!

Сауысқан: Әлі қу түлкіге сеніп тұрсың ба? Қайдан ол мейірімді болады.? Тіпті балаларда біледі. Кәне, балалар айтыңдаршы, өзі айлакер, өзі қу, жүрген жері айғай шу! Ол не?

Балалар жауабы:(Түлкі)

Сауысқан: Айттым ғой!

Тиін: Мүмкін емес! Ғажайып кілт шыршада ілініп тұр ғой! (шыршаға қарайды). Тиін жылайды.

Жүргізуші: Жылама, тиінжан! Біздің жасыл шыршамыздағы сиқырлы қоңырау мен  ертегі еліндегі достарымызды шақырайық.(.Шыршадағы қоңырауды алып, соғады.) 

Музыка әуенімен құртақандар кіреді.

Би: Құртақандар.

Құртақандар: Біз кілтті іздеп таба алмадық. Ренжіме тиінжан! Біз тағы барып іздеп келеміз.  (Шығып кетеді)

Тиін: Енді не істеймін? Аяз атаға не деп айтамын?

Сауысқан: Мұнайма, Тиін, мен бір амалын табармын. Ал қазір бір ойын ойнайық.

Сен түлкінің қулығын білмейсің. Ол тіпті қар үстіндегі ізден орманда жүрген аңдарды біліп қояды.

 Ойын: «Қар үстінде із»

Шарты: Екі жаққа кұс іздерін қойып, 3 баладан шығарып, жарыстыру.

Сауысқан: Сенің көңілің көтерілген шығар. Мен қасқыр мен түлкіні іздеп келейін. (ұшып кетеді)

Жүргізуші: Тиінжан  мұнайма, сауысқан келгенше ұлдардың мушкетер биін тамашалайық.

Би: Мушкетер

Тақпақтар: Жаңа жыл туралы тақпақтар

Жаңадан таппақ,

Аламыз жаттап.

Жаңа жыл келді,

Жаңа жыл аппақ.

 

Төрімізге ол шыққан

Бақытымыз сәніміз

Жаңа жылды сондықтан

Құттықтаймыз бәріміз

 

Жүргізуші: Тиін, Жаңа жылдың басты қонағы Аяз ата мен ақшақарды шақырайық

Тиін: Қоңырауды сылдырдатып аяз атаны шақырады.

Балалар: Аяз ата, ақшақар!

Музыка әуенімен Аяз ата мен ақшақар кіреді.

Аяз ата: Амансыңдар ма, ұлдарым,

               Амансыңдар ма, қыздарым.

               Қандай жарқын жүздерің,

               Қандай әсемәндерің!

Жаңа жыл құтты болсын! Сіздерді жаңа мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз. Жаңа жыл бақыт әкелсін.

Ақшақар: Ақшақармын арайлы

                 Сүйсіндірер маңайды.

                 Жалт жұлт еткен жүзімнен

                 Күміс сәуле тарайды.

 

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Аяз ата, Ақшақар! Сіздерді балалар асыға күтіп, өз өнерлерін көрсеткілері келеді.

Аяз ата: Кәне ендеше балалардың өнерлерін тамашалайық.

Тақпақтар: Аяз ата туралы тақпақ

Аяз ата, бізбен бүгін ойнайды

Жаңа жылды тойлайды

Барлық бала бақытты

Болса екен деп ойлайды

 

Көрдіңбе Аяз атаны?

Аппақ екен сақалы,

Аппақ екен мұрты да,

Аппақ екен шапаны.

 

Аппақ ұзын сақалы бар

Қызыл ала шапаны бар

Бір жылда бір келеді

Балаларға сыйлық береді.

 

Аяз-ата қаhарлы

Айналаны қар жапты

Ақ тон киіп орман тұр

Дәл атадай салмақты.

 

Аязды келіп қыс

Алғашқы қар ұшты

Аппақ боп  үстіміз

Ақ қырау жабысты.

 

Аппақ тонға оралып,

Базарлықты мол алып,

Келеді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

 

Аяз ата: Балалар, үлкен шеңберге тұрып, ойын ойнайық. Көңілімізді көтерейік.

Ойын: «Үстіртемін»

Аяз ата: Ой, балалар шаршадым. Демімді алайын! (шыршаға қарайды). Балалар шыршамыздың шамы неге жанбай тұр? Қәне шыршаның шамын жаңдырып, жарқыратайық.

Қуант бізі таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат! 3 рет айту

Тиін: Аяз ата, ақшақар бұл шыршаны мен безендірдім.

Ақшақар: Тиін сенің шыршаның әдемі, сұлу екен!  

 Мен де өзіммен бірге жасыл жапырақты шыршаларды алып келдім. Кәне шыршалар ортаға шығып өнерлерінді көрсетіңдер.

Би: Шыршалар биі

Аяз ата: Балалардың өнерлері тамаша екен. Кәне Ақшақар сандықты ашып, балалардың сыйлығын таратайық.

Тиін: Жылайды. Ғажайып кілтті қасқыр мен түлкі ұрлап кетті.

Музыка әуенімен сауысқан кіреді.

Сауысқан: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

                   Орманда бір іс болды.

                   Өңім бе, әлде түс пе екен?

 Аяз ата: Не болды сауысқан?

Сауысқан: Тиін,Тиінжан. Сен одан да мені тыңдашы!  сұр қасқыр мен қу түлкінің,  Жаңа қорқақ  қояннан қалай қашқанын көрсең ғой! Ха-ха-ха

Осы кезде музыка әуенімен қасқыр мен түлкіні ұстаған  қоян кіреді.

Қоян: Сәлеметсіз бе Аяз ата, Ақшақар! Тиін, ала ғой жоғалтқан кілтіңді.

Тиін: Рахмет, саған қоян!  Балалар сыйлықсыз қалмайтын болды. Балалар жаңа жылды асыға күтті ғой.

Аяз ата: Қасқыр, Түлкі сендердің жасаған қылықтарың дұрыс емес.

Түлкі мен Қасқыр: Кешіріңдерші бізді, енді жамандық жасамаймыз.

Тиін: Егер сендер Жаңа жылға арнап жақсы тілектер айтсаңдар Сендерді кешіреміз.  

Түлкі мен қасқыр тілектер айтайды.

Жүргізуші: Төрлет кәне жаңа жыл

                     Үлестір құт береке

                    Көп болсыншы жаңа жыр

                    Көп болсыншы мереке

Балалар осы жаңа Қоян жылына  арнап би билеп берейік.

Би: Қояндар:

Аяз ата: Жаңа жылға арнап, тағы тақпақтарыңды айтыңдар. 

Тақпақтар: жаңа жыл туралы

Жаңа жыл жаңа жыл,

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.

 

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

 

Жүргізуші: Балалар кәне барлығымыз Аяз атаға арнаған әнімізді шырқап берейік.

Ән: Аяз ата

Аяз ата: Жаңа жыл мерекесінде әрқашанда сиқырлар болады. Кәне сұлу тиін сандықтың кілтін бер! Балаларға дайындаған сыйлықтарымызды үлестірейін.

(Шам сөніп сандық ашылыды)Сыйлықтар таратылады.

Аяз ата: Рахмет балалар өнерлерің тамаша! Ән де айтып, биде билеп бердіңдер! Бірақ мені әлі талай балалар асыға күтуде. Сау болыңдар балалар, сау болыңдар қонақтар!

Ән: Жаңа жыл:

Жүргізуші: Осымен біздің жаңа жыл мерекеміз аяқаталды. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!!!

Балалар ортаға шығып билейді.

SDC12893 

 

 

 

 

 

 

 


             

 

 

 

 

                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Естияр тобына арналган ертенгилик сценарий"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 820 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2016 1343
    • DOCX 627.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Махметова Гульсим Кажыгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7601
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Музыкальный менеджмент: от создания до продвижения

PR-менеджер (музыкальный бизнес)

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении эстрадному вокалу

Преподаватель эстрадного вокала

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 267 человек

Курс повышения квалификации

Народные щипковые инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Основы инженерной подготовки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе