Инфоурок Информатика КонспектыЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасынң ережелері.

ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасынң ережелері.

Скачать материал

Сынып :

Күні:

 

 

Сабақ №  5

Тақырыбы:                 ЕТ кабинетіндегі жұмыс  тәртібі мен қауіпсіздік техникасынң ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайдағы алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша  нұсқау беру журналы.

Сабақ мақсаты:            а) ЕТ кабинетіндегі жұмыс кезіндегі  техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

 

                                    Б) Төтенше жағдайларда әрекет ету  ережелерін үйрету. Көзді ьалдырмау жаттығуларын үйрету.

 

В) ЕТ кабинетінде тәртіп сақтауға, жұмыс кезінде қоғам мүлкіне асқан жауапкершілкпен қарауға тәрбиелеу.

 

Сабақ көрнекілігі:     Қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар. Слайд шоу.

Сабақ түрі:                Дәстүрлі

Сабақ әдісі:               Түсіндірмелі баяндау, әңгіме түрінде.

Сабақ типі:                Кіріспе сабақ

Сабақ барысы:                      Ұйымдастыру кезеңі

                                    ЕТ кабинетіндегі жұмыс кезіндегі  техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

                                    Көзді талдырмау жаттығуларын жасауды үйрету.

                                    Өртсөндіргіш құралдарын пайдалануды меңгерту.

                                    ТҚ журналын толтыру.

                                    Сабақты қорытындылау

Техникалық құралдармен жабдықталғандықтан және токпен жұмыс жасайтын құралдарды пайдаланатындықттан кабинет – арнаулы кабинет болып саналады. Сондықтан, оқушылардың  өмірін, денсаулықтарын сақтау мақсатында, мектептің дүние-мүліктерін бүлдірмей қолдану мақсатында арнайы ережелер қарастырылған. Бұл ережелермен оқушы жыл басында  міндетті түрде тансуы керек. Оқушылармен осы ережелермен танысып, бұлжытпай орындауға міндетті. Мұғалім ережелерді таныстыру керек және олардың орындалуын  қадағалау қажет. Компьютердің  адамға тигізетін әсерлерін  түсіндіру керек. Егер оқушылар зақымданған жағдайда алғашқы көмек көрсетілуі керек.

 

Қауіпсіздік техникасы ережелері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:

1.      Жалпы;

2.      ДК - де жұмыс істеу алдындағы;

3.      Жұмыс кезіндегі;

4.      Апатты жағдайдағы;

5.      Жұмыс аяқталғандағы:

Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:

1.                    Сымдарды, жалғаушы ашаларды, розеткаларды, штекерлерді қозғауға; жабдықты мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.

2.                    Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды.

3.                    Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.

4.                    ДК-де ылғалды қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды.

5.                    Қорабы немесе сымдары зақымданған ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.

6.                    ДК-мен қатар үстел үстіне портфель, сөмке, кітап қоюға тыйым салынады. Үстел үстінде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс.

7.                    Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды.

8.                    Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жұмыс істеп отырған оқушылардың көңілін алаңдатуға, басқа жұмыспен айналысуға болмайды.

ДК-де жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік талаптары:

1.      Қоректендіру көзіне қосылған ДК-ді мұқият қарап, оңашалануының және компьютер корпусы мен сымдарының  ақауы жоқ екеніне көз жеткізу керек.

2.      Сымдары жұмыс кезінде байқаусыззда  ілініп кететіндей болып салбырап тұрмағанына көңіл аудару керек.

3.      Жұмыс орнын тексеру және пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керектігін ескеру керек.

ДК жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

1.                    ЭЕМ жұмысы кезінде көздің экраннан оңтайлы арақашықтығын (60-70 см) сақтау қажет. Жұмыс істеуге ыңғайлы, тиімді  қашықтық – 50 см.

2.                    Сыныпқа сырттан кірген мұғалімдер мен үлкен кісілерге оқушылардың  тұруының қажеті жоқ.

3.                    Көздің талуы немесе шаршауы  жағдайында  оқушылар орнынан тұрмай-ақ көздің талуын немесе шаршауын басатын бірнеше  жаттығу орындауына болады.

4.                    Оқушылар электр тогымен зақымдану кезінде алғашқы медициналық  көмек көрсету  тәсілдерін, өртсөндіргішпен  жұмыс істеу тәсілдерін  және өрт сөндіру  тәсілдерін білуі тиіс.

5.                    Оқушылар көздің талуы және шаршауын  болдырмайтын жаттығуларды білулері керек.

Апат (төтенше) жағдайындағы қауіпсіздік талаптары:

 

1.                    ДК жұмысы кезінде ақау байқалса,  күйген иіс немесе бөгде дыбыс  пайда болса, компьютер жұмысын бірден тоқтатып, аппаратураны  ток көзінен ажыратып, мұғалімге немесе кабинет меңгерушісіне хабарлау керек.

2.                    Қажет болғанда өрт сөндіруге көмектесу керек.

3.                    Қажет болғанда, электр тогынан зақымданғандарға дәрігерлік алғашқы көмек көрсету керек.

4.                    Компьютерлік сыныпта өрт болған жағдайда, оны су шашып сөндіруге болмайтынын білуі тиіс. Құмды немесе көбікті өртсөндіргішті пайдалануға болады.

5.                    Егер зақымданған кісі  электр тогының әсерінде болса, онда оны жалаңаш қолмен қозғауға болмайтынын білуі тиіс. Электр тогын өткізбейтін материал пайдаланып, зақымданған адамды босатып алу керек.

ДК жұмысын аяқтағандағы қауіпсіздік талаптары:

 

1.      Мұғалімнің айтуы бойынша аппаратураны ток көзінен ажырату керек.

2.      Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

3.      Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі жасау керек.

 

Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:

 

Адамның электр тогымен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:

1.      Токтан ажырату (таратушы тақтадағы тумблерді ажырату) керек.

2.      Электр тогын өткізбейтін қолда бар  құралдарды пайдаланып,  зақымданған адамды ток әсерінен босату керек.

3.      Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша  немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

4.      Зақымданған адамды  мұқият қарап шығып, зақымдану дәрежесіне  қарай оған көмек көрсету керек.

Күйген кездегі көмек көрсету:

Адам күйікке шалынған жағдайда:

1.      Ауырғанды басатын, тыныштандыратын  дәрі беру керек.

2.      Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.

3.      Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей  етіп, алдымен  целлофанмен  орап алып, суық суда ұстау керек.

4.      Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша  немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

Талып қалғандағы көмек көрсету:

Адам талып қалған жағдайда:

1.                    Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға ұрып жатқызу керек.

2.                    Дәрігерді  (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша  немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

Тынысы тоқтап қалғандағы  көмек көрсету:

Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:

1.      Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай  түсіп кетсе – қолмен  тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек.

2.      Дәрігерді  (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша  немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

3.      Тыныс алуы қалпына келгенше немесе  дәрігер  келгенге дейін  жасанды  түрде тыныс алдырту  (ауызды ауызға тақап) жасау керек.

 

Көзді талдыртпау және шаршатпау жаттығулары:

 

Бірнеше ондаған минут қозғалмай  отырып компьютермен ұзақ уақыт бірсарынды  жұмыс істеген кезде жағымсыз сезім, дене ұйығандай болып, шаршау пайда болады, көз талады. Осыларды болдырмау үшін  сабақ барысында  1-2 рет (оқушы жасына байланысты) келесі жаттығуларды орындау керек.

Көздің талуын болдырмау жаттығулары:

1.      Қарау бағытын өзгерту: алысқа-мұрын ұшына, солға –оңға, төмен-жоғары.

2.      сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта  көзді айналдыра  бұрып қарау.

3.      Көзді жұмып,  қолмен жауып, 1-1,5 минут отыру.

Шаршауды болдырмау жаттығулары:

1.      Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта басты айналдыра бұру.

2.      Басты кезекпен екі жаққа бұру.

3.      Саусақтарды жұмырыққа  жұму, қолдың ұшын босаңсыту.

4.      Оңға-солға бұрылып, қолды сермеп, керіліп-созылу.

 

 

Алғашқы көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы.

 

Медициналық жабдықтар мен дәрі атаулары:

Қажеттігі:

Дербес пайдаланылатын антисептикалық таңу жабдықтары

Жарақатты таңу үшін

Қан тоқтатуға қажет буу таспасы

Қан тоқтату үшін

Жабысқақ пластырь

Жарақат таңу, бекіту үшін

Дәе (3 дана)

Жарақатты таңып байлау үшін

Пакеттегі мақта (3 дана)

Көзді жуып-сүрту, жарақатты өңдеу үшін

Йод

Жарақатқа, терідегі ісіктерге, сызаттарға және т.с.с. айналдыра жағу

Марганец-қышқыл калий тұзы (марганцовка)

Терінің жарақаттанған жеріне жағу үшін

Бриллиант көгінің 1%-тік спирттік ерітіндісі

Жарақатқа, терідегі ісіктерге, сызаттарға және т.с.с. айналдыра жағу

Мүсәтір спирті

Мақтаға 2-3 тамшы  тамызып, талып ақлған адамның  мұрнына иіскету үшін

Кордиамин

Орталық нерв жүйесін, жүрек және тыныс алу  әрекеттерін  жандандыру  үшін: 25 тамшы  (бір ішкізгенде 1 шай қасық)

Резеңке қолғап (1 жұп)

Электр тогымен зақымданған кісіні босатып алу үшін.

 

Сынып журналында және еңбек қауіпсіздігі бойынша  оқушылар нұсқамадан өткізу (инструктаж) журналында тиісті тіркеулер жасау қажет.

 

Техникалық қауіпсіздік және тәртіп сақтау ережелерімен оқушылар толық танысқаннан кейін, арнайы журналға қол қояды. Бұл оқушының ережелермен танысып, оларды бұлжытпай орындайтындарына кепіл болады. Егер тәртіп бұзылған жағдайда оқушы жауапқа тартылады. Журналда әр оқушының олрындары (компьютер нөмірлері) де көрсетіледі.

 

Үйге тапсырма: Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау. Жұмыс дәптеріндегі 20-23 беттердегі тапсырмаларды орындау.

 

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып :

Күні:

 

 

Сабақ №  1

Тақырыбы:                 Ақпарат және оның мазмұны. Ақпараттың түрлері.

Сабақ мақсаты:                     а) Ақпарат ұғымымен, оның түрлерімен, үлгілерімен және өңдеу тәсілдерімен таныстыру.

 

Б) Арнаулы, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша  әр түрлі ақпарат түрлерін ажырата алуға үйрету. Қазіргі таңдағы ақпараттың маңызын ұғындыру.

 

В) Айналадағы болып жатырған процестерге мән беріп, терең түсініп қарауға, әр нәрсенің мағынасын, негізін түсінуге тырысуға тәрбиелеу.

 

Сабақ көрнекілігі:     Плакаттар

Сабақ түрі:                Пікірлесіп-түсіндіру сабағы

Сабақ әдісі:               Түсіндірмелі баяндау, әңгіме түрінде.

Сабақ типі:                Жаңа білім меңгрету сабағы.

Сабақ барысы:                      Ұйымдастыру кезеңі

                                    Үй тапсырмасын тексеру

                                    Жаңа сабақ түсіндіру

                                    Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру.

                                    Үйге тапсырма

                                    Сабақты қорытындылау

 

Сәләматсыңдар ма?

Бүгінгі сабағымыз Ақпарат тақырыбына арналады. «Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан. Қазір ақпарат сөзі күнделікті тұрмыста, ғылымның әр түрлі: философия, экономика, физика, математика, информатика т.б. салаларында кең қолданылады. Бірақ әрбір ғылымның ақпарат туралы өз ұғымы мен түсінігі бар.

Тапсырма: Ақпарат деген сөзге сен қандай мағына берер едің? (Оқушылардың өз ойларын айтуы сұралады.)

Ақпарат деген сөзді біз қалай түсінеміз. Оны қолдану мысалдарын қарастырайық. Ақпаратты ауызша, жазбаша немесе қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз.

Бізді дүние жүзіндегі күнделікті жаңалықтармен таныстыратын газеттерді, радио мен теледидарды «бұқаралық ақпарат құралдары» деп атайды. Біз теледидардан жаңалқтарды көреміз, радиодан естиміз, бір-бірімізден қызықтырған нәрселерді сұраймыз, яғни ақпарат аламыз. Бұл мысалдардан біз  «ақпарат» деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтың, өткен оқиғаның  мазмұнын білдіретінін көреміз.

Ал археологиялық қазба жұмыстары арқылы табылған бұйымдар бізге сол кездегі тұрмыс-тіршілік туралы, адамдар жөнінде, қандай жағдайда өмір сүргендері туралы аса бағалы ақпарат береді.

Тас бөктерлерінде, жер қатпарларында ертеден сақталып қалған хайуанаттар сүйектерін, өсімдіктер жапырақтарын зерттеу нәтижесінде де біз жер бетінде көне заманда өмір сүрген жануарлар, өсімдіктер туралы көп мәлімет аламыз.

Шексіз алыс әлемді, физиканың жұлдыздар жүйесін зерттеу барысында  физиктер, астрономдар олардан жерге жетіп жатқан электромагниттік сигналдар арқылы олардың құрылыс, шығу тегі жөнінде көп мағлұматтар алады.

ХІХ-ХХ ғасырларда телеграфтың, радиның пайда болуы ақпаратты кез-келген қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге, ал теледидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүние жүзінде не болып жатқанын көріп-білуге мүмкіндік тудырды.

Ақпарат тек қарым-қатынас нәтижесінде алынып қоймайды. Оны адам миы қабылдаған мәліметтерді, хабарларды өңдеу процесінде де тууы мүмкін. Мысалы «біздің футбол командамыз қатарынан үш рет жеңілді» деген хабардан кейін біздің команда жақсы командалар қатарында емес екен деген ой туады.

Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта да болады, ол тек сөзбен жеткізілмейді, яғни ақпарат алудың сан алуан түрі бар. Ақпарат қарым-қатынас жаса, өз бетімен ойлану, зерттеу және т.б. әрекеттер нәтижесінде пайда болады.

Ақпаратқа үзілді-кесілді анықтама бере алмаймыз. Оны қоршаған орта туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсінуге болады.

Неігізінде ол ғылымдар шегінде анықталмайтын ұғым болып табылады. Бұл ұғым тек материалдық ақпарат тасуыш, ақпарат көзі  ақпарат жеткізуші, оны қабылдаушы, көзі  мен қабылдаушы арасындағы  байланыс  арнасы арқылы түсіндіріледі.

 

Кім ақпарат хабарласа сол ақпарат көзі болып табылады.

Ал кімде-кім ақпаратты қабылдап алса, онда  ол ақпарат қабылдаушы болып табылады.

Ал ақпарат тасуыш: сынып тақтас, журнал, ауа бөлшектері,  радиотолқындар, қағаз, ағаш, металл, тас, кассета, дискета, сурет, слайд, перфокарта т.б. бола алады.

Ақпарат көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы телекоммуникациялық арна да, ауа да дыбыс толқындарын тасушы бола алады.

Ақпарат көзі мен қабылдаушы  жанды (тірі организм), жансыз (ДК) заттар, айқын (мұғалім-оқушы) және жанама (су шуылы сарқыраманың жақын екенін білдіреді) болуы мүмкін.

 

           Көзі

 

Ортасы

 

Қабылдаушы

 
Мысал:

 

 

Қонақ есікке келіп қоңырау соғып тұр.

 

Аңшы қоянның ізімен жүріп келеді.

 

Екі достың телефонмен сөйлесуі

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


(Оқушылардың көмегімен тақтаға схема сызылады)

Ал адам ақпаратпен не ітей алады, деген сұраққа жауап берелік.

Біріншіден, адам ақпаратты сақтай алады.

Біз кітап, газет-журнал оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз. Оны бірнеше күнне соң біреуге жеткізе аласыңдар. Ал адамның  өмірінде оқитын, көретін, еститін ақпарат мөлшері өте көп болатындықтан адам миы оның бәрін   сақтай алмайды. Ұмытып қалуы мүмкін. Сол себептен оларды сақтау үшін сыртқы ақпарат тасуыштар: қағаз, түрлі таспалар, дискілер т.б. қолданылады.

Екіншіден, адам ақпаратты жеткізе алады.

Ақпарат жеткізу мысалдарын біз барлық жерде кездестіреміз. Бір-бірімізбен сөйлескенде, сабақта, теледидар көргенде,  кітап оқығанда т.б. Кітап оқығанда сен қабылдаушы, ал автор жолдаушы болады.

Сонымен ақпарат алмасу үшін, жолдаушы мен қабылдаушы болуы керек. Хабар жеткізуге пайдаланылатын құралдарды ақпарат жеткізу арнасы деп атайды. Оған теледидар, радио, компьютерлік желі т.ь. жатады.

Үшіншіден, адам ақпаратты өңдей алады.

Ақпарат өңдеу деп – ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруді және жаңа ақпарат іздестіріп толықтыруды айтады.

Мысалы, есепті шешу барысында сендер:

Есептің шартын оқисыңдар – ақпарат аласыңдар.

Есепті шешесіңдер – ақпаратты өңдейсіңдер.

Нәтижесін оқытушыға көрсетесіңдер – оған ақпарат бересіңдер.

Адамның ақпаратты өңдеуі үздіксіз процесс. Ақпарат өңдеу (қиын жағдайдан шығу кезінде)кезінде адам жаңа ақпараттар ойлап табуы мүмкін.

Сонымен адам ақпаратты сақтайды, өңдейді және жеткізе алады. Бұл жағдайда адам қандай да бір әрекеттер жасайды, оларды ақпараттық процесс деп атайды.

Тапсырма:

Сені ойыңша берілген ақпараттық процестердің  қөайсысы басым екенін кестеде өзің белгіле. Әр процесте  ақпаратты жеткізу,  сақтау және өңдеу  әр түрлі мөлшерде болады. Мұның ішінде басым түсетінін белгілеу керек. Жауап әр түрлі болуы мүмкін.

 

Процессс

Жеткізу

Сақтау

Өңдеу

1.Кітап оқу

+

 

 

2.Күнделікке баға қою

 

 

+

3. Математикадан есеп шығару

 

 

+

4. Есікке қоңырау соғу.

+

 

 

5. Компьютерде ойнау

+

 

+

6. Диктант жазу

+

 

+

7. Тақпақ жаттау

 

+

 

8. Суретке түсу.

+

+

 

9. Балмұздақ сатып алу.

+

 

+

 

Адам ақпарат үздіксіз қабылдап отырады. Адамға ауа, су, жылу  қандай қажет болса, қоршаған орта туралы ақпарат та сондай қажет.

Адам сезім мүшелері арқылы көреді, естиді, сезінеді, иісті, дәмді сезеді, яғни ақпарат қабылдайды. Адам ең көп ақпаратты көру мен есту арқылы алады (90 пайыз).

Адам қабылдайтын ақпаратты  таңбалы және бейнелі деп, екіге бөледі.

Бейнелік ақпарат – табиғат көріністері, кескіндер, дәм, иіс, сезу мүшелері арқылы алынатын ақпараттар.

Таңбалық ақпаратқа адамның сөйлеу, жазу  түрінде алатын ақпараттары жатады.

Жазба мәтін, ауызекі сөз әртүрлі таңбалардан тұрады. Дыбыстық таңбалар – фонемдер. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Қатынас тілдері – табиғи және жасанды болып бөлінеді.

Табиғи қатынас тіліне орыс, қазақ, ағылшын т.б. тілдер жатады.

Жасанды қатынас тіліне  математика, физика, музыка, компьютермен қатынасу тілдері жатады.

Әр тілдің өз алфавиті, яғни символдар жиыны болады. Бұл осы тілдің таңбалары.

 

Тапсырма:

 

Бейнелі

Ақпарат

Таңбалық

Тіл

Табиғи

Жасанды

 

Сынып журналындағы бағалар

 

+

+

Айвазовскийдң «Девятий вал» суреті

 

 

 

Радиодан диктордың хабарлары

+

 

+

Компьютер ойыны

 

 

 

Градусник көрсетуі

 

+

+

Ауру адамның түрі

 

 

+

Сағат тілінің көрсетуі

 

+

+

Сабақтан шығу қоңырауы

 

 

 

Жол белгілері

 

+

 

Ерте кездегі тайпа тіліндегі мәтін

+

 

+

Теледидардағы хоккей ойыны

 

 

 

Бағдаршам сигналы

 

+

+

Жайсыз орындық

 

 

+

Фотосуреттер

 

 

 

Көбейту кестесі

 

+

 

Кітап

+

 

+

Жұмсақ орындық

 

 

 

Математикалық формула

 

+

+

Күлкі

 

 

 

Ноталар

 

+

+

Жұлдызды аспан

 

 

 

Бекіту сұрақтары:

1.      Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

2.      Сендер ақпарат алатын негізгі көздерді атаңдар.

3.      Адам ақпаратты қайда сақтайды?

4.      Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтіріңдер.

5.      Ақпарат жеткізушіден қабылдаушыға қалай беріледі?

6.      Адам қабылдайтын ақпарат нешеге бөлінеді.?

7.      Бейнелі ақпарат – қандай ақпарат?

8.      Таңбалы ақпаратқа қандай ақпарат жатады?

9.      Табиғи қатынас тілге не жатады?

10.  Жасанды қатынас тілге не жатады?

 

Үйге тапсырма 1.1 тақырып. 3-9 беттер. Оқып келу.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып:

Күні:

 

 

Сабақ №  3

 

Тақырыбы:                Ақпаратты компьютерде  кодтау. ASCII коды.

Сабақ мақсаты:         а) Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен ДК-дің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік, он алтылық санау жүйелері мен ASCII кодымен таныстыру.

 

Б) Ақпаратты ASCII коды арқылы кодттау мен аналогты процесті дискретті түрде және керісінше айналдыра алу дағдыларын қалыптастыру.

 

В) Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеп, пәнге деген қызығушылықтарын артыру.

 

Сабақ көрнекілігі:     ASCII коды кестесі.

Сабақ түрі:                Дәстүрлі

Сабақ әдісі:               Практикалық жұмыстар арқылы түсіндірмелі баяндау.

Сабақ типі:                Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы:                      Ұйымдастыру кезеңі

                                    Үй тапсырмасын тексеру

                                    Жаңа сабақ түсіндіру

                                    Жаңа сабақты бекітуге есептер шығару

                                    Үйге тапсырма

                                    Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар мА?

Өтен сабақта берілген тапсырманы тексеріп жібереміз.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

1.      Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

2.      Сендер ақпарат алатын негізгі көздерді атаңдар.

3.      Адам ақпаратты қайда сақтайды?

4.      Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтіріңдер.

5.      Ақпарат жеткізушіден қабылдаушыға қалай беріледі?

6.      Адам қабылдайтын ақпарат нешеге бөлінеді.?

7.      Бейнелі ақпарат – қандай ақпарат?

8.      Таңбалы ақпаратқа қандай ақпарат жатады?

9.      Табиғи қатынас тілге не жатады?

10.  Жасанды қатынас тілге не жатады?

Үй тапсырмасын бір екі-ауыз сөзбен қорытып өтіп өтіп, жаңа сабаққа кірісеміз. Жаңа сабақ Ақпаратты кодтау. ASCII коды.

Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы  ұсынуды кодтау деп атайды.

Бір ғана ақпаратты  әр түрлі  әдістермен ұсынуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру  ережесін код деп атайды.

Мектепте 962 оқушы бар дегенді әртүрлі: араб, рим цифрларын қолданып, сөзбен т.с.с. жазуға болады.  Мұнда ақпарат өзгермейді, тек оның жазылуы өзгереді.

Ақпаратты ұсыну, сақату, қабылдау және өңдеу  әдістері іс жүзінде  ақпараттың  кодтау түріне байланысты.

Ақпаратты кодталуы  оның кері  кодталу (декодталу) процесіне байланысты. Себебі кодтауға  қолданған символдар неғұрлым аз болса, кері кодтау соғұрлым жеңіл болады.

Ақпаратты кодтауға Морзе әліппесін қолданып ақпарат ұысну мысал бола алады. Бұл ХІХ ғасырда телеграф  көмегімен ақпарат  жібергенде  қолданды. Мұнда әріптер сызықшалар мен нүктелер арқылы кодталады.

Екілік алфавит 0 және 1 таңбасынан тұрады. Ағылшынша екілік  таңбаны  бит деп атайды. Сондықтан біз 0 немесе 1-ді бит деп атйтын боламыз. Ақпаратты осы екі таңбамен кодтау оларды сақтау мен жеткізу құрылғыларының конструкциясын мейлінше жеңілдетеді. Екілік таңбаның қарапайымдылығы оның есепетуіш техникада  кең тарауына себеп болды.

Екілік алфавит көмегімен, яғни 0 және 1 таңбаларының көмегімен ақпаратты қалай таңбалауға болады? Ойлап қараған кісіге о және 1 таңбаларының көмегімен тек 4 символды ғана кодтауға болады. 00,  01,  10,  11. Ал бұл өте аз.  Тек қазақ тілінің әріптерін кодтау үшін тыныс белгілерін қоспағанда  42 символ керек. Ал кез келген мәтінді  кодтау үшін 200-де символ қажет. Сондықтан 0 мен 1 арқылы көп символды кодтау үшін 8 биттен, яғни 8 екілік таңбадан тұратын  тіркесті (сегіз 0 мен 1-ден тұрады) қолдану қабылданған. 8 биттен тұратын кодты байт деп атайды.Сегіз 0 мен 1-лердің көмегімен 256 символды кодтауға болады. 00000000, 00000001, 00000010, ..., 11111111.

ASCII коды.

Есептеуіш техникада ең көп қолданылатын код – ASCII американдық ақпарат алмасудың стандартты коды. (Кесте тақтаға ілініп қойылады) Кесте 16 жол 16 бағаннан тұрады.  Кестедегі символдың орны он алтылық коды арқылы анықталады.

 Ол екі бөліктен тұрады: стандартты және баламалы.

Стандартты бөліктегі – бірінші 128 символдар, 0-ден 127- ге дейінгі кодтар: цифрлар, датын алфавитінің әріптері мен компьютер жұмысын  басқаратын арнайы символдар.

Баламалы бөліктегі – екінші 128 символ, 128-ден 255-ке дейінгі кодтар, бұлар ұлттық алфавиттер әріптерін (орыс, қазақ, т.б.), псевдографикалық және кейбір арнайы символдарды  орналастыруға арналған. Ондық, екілік, он алтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі  кітаптарыңда 2-суретте келтірілген.

Осы кесте негізінде жұмыс жасап көрейік. Алдымен он алтылық жүйеде сандарды жазу үшін, 16 цифр қажет екендігіне көңіл аударайық. Оның бірінші он цифры ондық жүйе цифрлары да қалғандары латын алфавитінің әріптері.

«ПАРТА» сөзін кодтап көрейік. Ол үшін ASCII кестесінен әр әріпке сәйкес кодтарды табамыз.

П – 8Ғ,             А – 80,                       Р – 90,             Т – 92,                        А – 80.

ПАРТА сөзінің коды     8Ғ80909280.

Ал 2-ші кесте бойынша. 8Ғ – 10001111,   80 – 10000000,   90 – 10010000,   92 – 10010010

Бұларды тізбектеп жазсақ:

10001111   10000000    10010000   10010010   10000000

Сонымен, мәтіндік ақпаратты  сегіз разрядты екілік  кодта жазу үшін:

1.                  Мәтіннің әр символының кодын ASCII кестесінен табу керек. Оның коды екі он алтылық сан, біріншісі осы символ орналасқан жол номерін, екіншісі баған номерін көрсетеді.

2.                  Алынған он алтылық кодта сәйкестендіру  кестесі бойынша  санның он алтылық жүйеде көрсетілуін оның екілік жүйеде ұсынылуына ауыстыру  керек.

Бұл процесті керісінше жүргізіп екілік код бойынша мәтінді таубға да болады.

Мысалы, мына код бойынша мәтінді табу керек.

0100 0011 0100 1111 0100 1101 0101 0000 0101 0101 0100 0100 0101 0101 0010

Ол үшін солдан оңға қарай кодты төрт-төрттен бөліп шығамыз.

0100   0011   0100   1111   0100   1101   0101   0000   0101   0101   0100   0100   0101   0101   0010

Сәйкестендіру  кестесі бойынша әрбір төрттікті он алтылық  ұсынылуымен ауыстырайық. Әр санды екіге бөліп және әр жұпты  ASCII кестесіндегі  символдар координаты  ретінде қарастыра отырып, COMPUTER мәтінін табамыз.

 

Тапсырма

PRINTER сөзін екілік кодта кодтаңдар.

«490А9АВА» мәтінін кері кодтаңдар.

 

Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға әртүрлі табиғаты бар нақты физикалық әрекет ретінде келіп түседі. Бұл әрекеттерді сигнал деп атайды.

Сигнал дегеніміз – оның көмегімен  адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс.

Сигнал – ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу – сигналдар тізбегін жеткізу.

Сигналдар аналогты (үздіксіз) және дискретті (үзілісті) болуы мүмкін.

Аналогты сигналдар: температура, кернеу, ток, яғни уақыт аралығында үздіксіз өзгеретін процесс.

Кез келген аналогтық ақпаратты дискретті түрде ұсынуға болады. Мысалы  электр тогы кернеуінің (U)  уақыт (t) бойынша өзгеруі  үздіксіз процесс. Бұл аналогтық процесті U-дың t-дан тәуелді өзгеру мәндерінің сәйкес жиынтығы сияқты, дикретті  түрде ұсынуға болады.

Керісінше дискретті процесті аналогтық түрде ұсынуға болады.  Мұндай айналдырудың маңызы зор, себебі адам сезім мүшелері арқылы сигнадарды аналогтық түрде қабылдайды, ал ЕТ-лары негізінде дискретті сигналдармен жұмыс істейді. Аналогты сигналдармен жұмыс жасайтын машиналарды аналогтық машиналар, ал дискретті сигналдармен жұмыс жасайтын машиналар цифрлық деп аталады.

Аналогтық процесті дискретті түрге, және керісінше айналдыруға тақтаға тапсырма ілінеді.

 

Тақырыпты бекітуге сұрақтар:

1.      Бит, байт деген не?

2.      8 0 мен 1-лердің көмегімен неше символы кодтауға болады?

3.      Кодтау мен кері кодтау деген не?

4.      Сигнал дегеніміз не?

5.      Аналогтық сиганлдарға мысал келтір.

6.      Цифрлық техника дегеніміз не?

 

Үйге тапсырма  9-16 бб. Тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып :

Күні:

 

 

Сабақ № 2

 

 

 

Тақырыбы:                Ақпарат көлемі, өлшем бірліктері.

Сабақ мақсаты:         а) Оқушылардың ақпарат түсінігіне адамның және техникалық көзқарасы бойынша қанадй мән берілетінімен таныстыру.

 

Б) Ақпаратты бағалай алу мен оның көлемін  есептеуге үйрету. Ақпараттың өлшем бірліктерін үйрету.

 

В) Ойларын ашық айту мен ақпаратты бағалай білуге үйрету.

 

Сабақ көрнекілігі:     Өлшем бірліктері жазылған плакаттар, ASCII коды кестесі

Сабақ түрі:                Дәстүрлі сабақ

Сабақ әдісі:               Пікірлесіп-түсіндіру.

Сабақ типі:                Жаңа білім беру сабағы

Сабақ барысы:                      Ұйымдастыру кезеңі

                                    Үй тапсырмасын тексеру

                                    Жаңа сабақ түсіндіру

                                    Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар беру

                                    Үйге тапсырма

                                    Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар мА

Біз өткен сабақта  ақпаратты кодтау және  ASCII кодымен таныстық. Үй тапсырмасы бойынша мынадай сұрақтарға кім жауап береді?

1.      Бит, байт деген не?

2.      8 0 мен 1-лердің көмегімен неше символы кодтауға болады?

3.      Кодтау мен кері кодтау деген не?

4.      Сигнал дегеніміз не?

5.      Аналогтық сиганлдарға мысал келтір.

6.      Цифрлық техника дегеніміз не?

7.      Енді ASCII кодымен мәтінді кодтау тәсілі қандай?

8.      Ток сөзін кім кодтап береді?

Енді партада отырған көршілер бір-біріңе бір сөзден тұратын мәтін беріңдер де, соны кодтаңдар.  Жауаптарыңды бір-біріңдікін тексересіңдер.

 

Бүгінгі жаңа сабағымыз Ақпарат және оны бағалау.

Біз осыған дейін ақпарат деген не, ол қайда кездеседі деген сұрақтардың жауабын бердік. Енді ақпаратты қалай бағалайды, оны өлшеудің тәсілдері бар ма деген сұрақтарға жауап беріп көрелік.

Ақпаратты бағалаудың маңызы өте зор. Оны түсіндіру үшін ақпаратты қолданудың «адам» және «техника» деген екі бағытын қарастырамыз.

Адам үшін ақпарат бір нәрсені хабарлау, мәлімет беруді білдіреді. Олай болса кез келген хабар ақпарат бола ма, соны қарастыралық.

1-мысал, Егер біреу «Күндіз – жарық, түнде – қараңғы» десе, бұл хабар тек бізді таң қалдырар еді. Себебі ол белгілі нәрсе.

Демек хабар ақпарат болуы үшін ол жаңа, адам үшін белгісіз болуы керек.

2-мысал, «Каузалды схема - әлеуметтік қабылдауда талдау, себептілік принциптерін белгілеу үшін қолданылатын ұғым». Бұл «Каузалды схема» ұғымы әлеуметтік психологиядан алынған. Біз бұл ұғымды бірінші рет кездестірсек те, ол біз үшін ақпарат емес, себебі біз әлеуметтік психологиямен таныс емеспіз, және оның терминдерін түсінбейміз.

Демек, хабар ақпарат болуы үшін, ол түсінікті болуы керек.

Сонымен ақпарат алу деген бізге жаңа, түсінікті бір нәрсені білуді,  яғни білім алуды білдіреді. Мысалы сендер күнделікті сабақта ақпарат аласыңдар. Себебі оқытушы жаңа тақырыпты сендердің алдыңғы білімдеріңе сүйеніп, түсіндіреді.

Адам үшін ақпарат тек нұсқаулар мен фактілер емес, ол бізді қуанышқа бөлейтін, қайғыртатын да  нәрсе.  Сөйлесу барысында алынған мәліметтің  жартысынан көбі әңгімелесушінің дауыс ырғағына, оның бет-әлпетінің құбылуына, қолының қимыл қозғалысына, яғни сөйлесудің жалпы жағдайына байланысты бағаланады.

Сонымен ақпарат толық, обьективті, жаңа, пайдалы әрі нақты болса, ол біз үшін бағалы болады.

Мысал: хабардың ақпарат болатынынемес болмайтынын анықтау керек.

 

Ертең математикадан бақылау жұмысы болады.

Периодтық жүйедегі элементтің номері оның ядросындағы  протондардың санына тең.

Әлемдегі ақпарат мөлшері әр он жыл сайын екі есе өсіп отырады.

Жаңа жыл 1 қаңтарда келеді.

Түнде кенет суық түсуі күтіледі.

Үздік оқушылар емтиханнан босатылады.

Шілдеде орташа температура 5-10 градус

 

Тісті екі рет жуу керек – таңертең және кешке

Пингвиндер Антарктидада өмір сүреді.

Жұма күні сабақтан кейін 7а мен 7в сыныптары арасында футбол ойыны болады.

HGJFGH GHGHFF

TYT

 

Егер бір жерде біреу жоқ болса, онда біреу бір жерде бар болғаны. Бірақ бұл біреу қайда және ол қайда кіріп кетуі мүмкін.

Кешенді сандардың анықтамасына олармен жүргізілетін операцияларға  қатысты келісімдер де кіреді.

Помпей – бұл Италияның ең құнарлы әрі әсем бөлігі, ежелгі Кампанияның  көптеген қалаларының бірі.

Ағылшын тіліндегі мәтін

 

Ал ең күрделісі – ақпаратты саны жағынан бағалау мәселесі.

Ақпаратты техникалық жағынан өлшеуге болады. Себебі, ақпараттың қанша мөлшері хабар жіберу  жүйесі арқылы өтетінін, алдыңғы ақпарат жадыдан қанша орын алғанын, келесі ақпаратқа жадыдан қанша орын бөлінуі керек екенін анықтап отыру керек.

Техникада ақпаратты мағынасы жағынан бағаламай, оын тек сандық жағынан бағалайды.

Техникада сақталатын, өңделетін немесе  жіберілетін  таңбалар, символдар тізбегі ақпарат деп саналады. Бұл ретте берілетін ақпарат көлемі нақты хабардағы символдар санын санау арқылы анықталады.

Демек хабардың ақпараттық көлемі деп – хабардың ұзындығын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар санын айтады.

Есептеуіш техникада кез келген хабар екілік алфавитте жазылады. Ендеше сндағы сақталатын,  берілетін ақпарат көлемі ондағы екілік таңбалар санына тең. Осылай қарастырғанда  хабардың ең кіші өлшемі бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Одан үлкен өлшем бірлігі – 1 байт. Ол 8 битке тең.

Сонымен хабардың ақпараттық көлемі бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.

Сонымен бірге мынадай үлкен өлшем бірліктері де қолданылады.

1 байт 8 бит

1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт

1 Мбайт (мегабайт) = 1024 Кбайт

1 Гбайт (гигабайт) = 1024 Мбайт

Мектеп білім бұлағы. Қанша символ, қанша байт, қанша бит бар.

Мысалы осы оқулықта 200-дей бет бар, бір бетте 38 жол, ал жолда  68 символ бар делік, егер мұнда сурет жоқ деп есептесек, онда кітапта 200*38*68 = 440800 символ болғаны, яғни 440800 байт немесе 441 Кбайт ақпарат бар.

Ақпаратты өлшеу бірлігі белгілі болғаннан кейін, ол қандай жылдамдықпен берілетінін, яғни бір секундта ақпараттың қандай көлемі берілетінін анықтауға болады. Ақпараттың жылдамдығы

Бит/сек, байт/сек, Кбайт/сек, Мбайт/сек, Гбайт/сек

өлшем бірліктерінің біреуімен өлшенеді.

 

Тақырыпты бекіту сұрақтары:

1.      Алынған хабарды қай кезде ақпарат деп есептеуге болады?

2.      Ақпараттың қандай қасиеттері бар?

3.      Ақпараттың көлемі деп нені айтады?

4.      Ақпарат көлемінің өлшем бірліктері қандай?

5.      Ақпараттың берілу жылдамдығының өлшем бірліктері қандай?

 

Оқу жылдамдығын анықттауға тапсырма. Бір оқушы тақтаға шығып, мәтінді оқиды. Бір минутта оқыған ақпараттың көлемі есептеледі. Сол арқылы оның оқу жылдамдығы, бит/сек, байт/сек-пен өрнектеледі.

 

Үйге тапсырма 16-19 бб. Тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ :

 

 

 

 

Күні:

 

 

 

 

Тақырыбы:                Информатика дегеніміз не? Компьютер ақпарат өңдеу құралы. Компьютердің аппараттық және бағдарламалық жасақтамалары. Ақпаратты компьютерде сақтау.

Сабақ мақсаты:         а) Оқушыларды информатика пәнімен, негізгі ақпараттық процестермен, компьютер өңдейтін ақпарат түрлерімен таныстыру. Бағдарлама және бағдарламалық жасақтармен таныстыру.

 

Б) Компьютердің жұмыс істеу принципін үйрету мен бағдарламалық жасақтама түрлерін ажырат білуді, қажеттіліктерін анықтай алуды үйрету.

 

В) Адам мен компьютердің ұқсастықтарын көрсету, компьютерде ұқыпты жұмыстануға тәрбиелеу.

 

Сабақ көрнекілігі:     Кроссворд, плакаттар

Сабақ түрі:                Дәстүрлі

Сабақ әдісі:               Пікірлесіп-түсіндіру

Сабақ типі:                Жаңа білім беру сабағы

Сабақ барысы:                      Ұйымдастыру кезеңі

                                    Үй тапсырмасын тексеру

                                    Жаңа сабақ түсіндіру

                                    Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар беру

                                    Үйге тапсырма

                                    Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасын тексеруде мынадай кроссворд беремін. Алғаш аяқтаған бесеуін бағалаймын.

Кроссворд.


Тігінен:

1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі.

2. Олармен тіл таңбалары көрсетілетін символдар жиыны.

3. Ақпаратпен жасалатын әрекет.

4. Үздіксіз сигнал

5. Ақпаратпен жасалатын әрекет.

 

Көлденеңнен:

6. Ақпаратпен жасалатын әрекет.

7. Айналадағы дүние туралы мәліметтер.(орысша)

8. Ол арқылы адам немесе құрылғы ақпарат алатын физикалық процесс.

9. Сегіз разрядты екілік сан.

10. Белгілі алфавиттің көмегімен ақпаратты көрсету.


 

 

 

 

 

 

 

 

ө

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ң

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

д

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

е

 

 

 

 

 

с

а

қ

т

а

у

 

 

 

 

б

 

л

 

 

 

 

 

 

 

 

и

н

ф

о

р

м

а

ц

и

я

 

т

 

а

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

в

 

а

 

 

 

 

 

 

 

с

и

г

н

а

л

 

 

 

б

а

й

т

 

а

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

л

 

б

 

 

 

 

 

 

 

 

о

 

е

 

 

 

 

 

 

 

 

г

 

р

 

 

 

 

 

к

о

д

т

а

у

 

 

 

 

 

 

 

 

ы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қ

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ Информатика дегеніміз не? Компьютер ақпарат өңдеу құралы. Компьютердің аппараттық және бағдарламалық жасақтамалары. Ақпаратты компьютерде сақтау.

Информатика – ақпарат, ақпаратты адамдардың қарым-қатынасында,  ЭЕМ жұмысы мен қоғам өмірінде  жинау, жинақтау, сақтау мен беру заңдары мен тәсілдері туралы ғылым;

Қысқаша айтқанда ЭЕМ көмегімен ақпаратты өңдеу тәсілдері туралы ғылым.

Бұл ХХ ғасырдың ІІ жартысында пайда болды, оның дамуы ЭЕТ-ның пайда болуымен байланысты. Компьютер болмаған кезде ақпаратты өңдеу, сақтау, беру  жұмыстарын адам атқарды.  Негізінен компьютер қрылысы жағынан  адам организміне ұқсас. Адамның ең маңызды  мүшелері - бас, ми. Бірақ өмір сүру үшін адамға тек бас жеткіліксіз, оған тағы басқа мүшелер керек. Сол сияқты  компьютерге  де жұмыс істеу үшін көптеген құрылғылар керек.

Адамның кейбір мүшелері мен компьютер құрылғыларының арасындағы ақпаратты процестер кезіндегі сәйкестікті анықтауға тапсырма.

 

Ақпаратты енгізу

Ақпаратты өңдеу мен сақтау

Ақпаратты шығару

Адам

 

 

 

Компьютер

 

 

 

Ақпаратты білдіру мен есте сақтау қажеттілігі пайда болғанда, тіл, жазу, бейнелеу өнері пайда болды. Телефон, телеграф, радио және теледидар пайда болуы ақпараттың орасан зор көлемін  беруге мүмкіндік берді.

Техникалық құралдар мен  құрылғыларды  пайдаланып ақпараттық процестерді ұйымдастыру ақпараттық технология деп аталады.

Ақпараттық технология үш топқа бөлінеді.

Қағаздық технологиялар  -  бұл қағаз тасуыштарды (хат, кітап, архив, кітапхана т.б.) пайдаланып, ақпарат жинауды, беруді және өңдеуді ұйымдастыру.

Қағазсыз технологиялар  -  бұл ақпараттық қағаз тасуыштарды пайдаланбай (радио, теледидар, телефон,  телеграф  т.б.) арқылы ақпарат жинауды, беруді және өңдеуді ұйымдастыру.

Жаңа ақпараттық  технологиялар  -  бұл ЭЕМ-ді пайдаланып ақпаратты жинауды, беруді және өңдеуді ұйымдастыру.

ЭЕМ адам қатысуынсыз ұзақ және адамның ақпарат өңдеуі жылдамдығынан миллиондаға есе артық жылдамдықпен жұмыс істеуге қабілетті.

Сонымен қазіргі таңда ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы – компьютер.

Компьютер деп – ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған  аппараттық және бағдарламалық құралдар кешенін айтады.

Ақпаратты автоматты өңдеу – адамның қатысуынсыз  өңдеу. Бұл кезде компьютер алдын ала берілген бағдарлама  бойынша ақпаратты өңдеуді алғашқы мәліметтерді  енгізуден бастап нәтиже алғанға дейін жүргізеді.

Компьютер мынадай ақпарат түрлерін өңдей алады.

Мәтіндік

Сандық

Графикалық

Дыбыстық.

Компьютер өңдеу үшін бұл ақпараттың бәрі де  сандық түрге айналдырылуы тиіс. Мысалы: мәтіндік ақпаратты  өңдегенде  компьютерге  енгізілген әрбір әріп белгілі бір санмен  (0 мен 1-лерден тұратын) кодталады, ал адамға түсінікті болуы үшін, мониторға немесе принтерге шығарғанда кодтары бойынша әріптердің бейнелері шығарылады.

Компьютердің аппараттық құралдары:

- кодтауға және мәліметтер мен бағдарламаларды компьютердің жадына екілік көрсетілуде ұсынуға арналған енгізу құрылғыларынан;

-ішкі және сыртқы болып бөлінетін, деректерді, бағдарламаларды сақтауға арналған компьютер жадынан;

- мәліметтерді өңдеудің және өңдеу процесін басқарудың негізгі құрылғысы – процессордан;

- өңдеу нәтижелерін кері кодтауға және оларды  адамға қолайлы  түрде шығарып беруге арналған шығару құрылғыларынан;

- бұл барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткіщу қызметін атқаратын ақпараттық кеңарнадан тұрады.

Аппараттық құралдардың орналасу схемасы:

 

 

 

 

 

 

 


Мәліметтерді бағдарламамен өңдейді. Бағдарлама – нұсқаулар тізбегі, оларды орындау барысында компьютер белгілі әрекеттер жасайды немесе мәліметтерді өңдеу мәселесін шешеді.

Бағдарламалық құралдар - әр түрлі мақсаттарға  арналған бағдарламалар жиынтығы. Оны бағдарламалық жасақтама деп те атайды.

Олар:

- жүйелік деп аталатын, компьютердің барлық құрылғылары мен мәліметтерді өңдеуді жасақтау жұмыстарын басқаратын;

- қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған;

- бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.

Жүйелік бағдарламалардың ішінде Опреациялық жүйе (ОЖ) негізгі болып табылады. Себебі:

1.      ОЖ компьютердің барлық мәліметтерін өңдеу жұмысын ұйымдастырады;

2.      Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады.

3.      Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырады.

ОЖ түрлері көп. Бірақ біз Windows типті Ож-ді қарастырамыз. Бұл ОЖ-ні әзірлеген американың  Microsoft компаниясы.

Компьютерде жұмыс жасау негізінен оның ОЖ-мен жұмыс істеу болып табылады. Сондықтан компьютермен жұмыс жасаудың жеңіл, қиындығы оның ОЖ-нің адаммен қандай қарым-қатынас ұйымдастыруына байланысты. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі – интерфейс деп аталады. Интерфейстің екі түрі бар. Олар:командалық және терезелік.

Командалық интерфейсте адам компьютермен ОЖ-нің командалары арқылы қатынасады. Командалар көп және жазылу дұрыстығы сақталу қажет болғандықтан мұндай тәсіл жұмыс жасауға қиын. Командалық интерфейсі бар ОЖ – MS-Dos. Ол Windows-қа дейін қолданылды.

Терезелік интерфейс Windows типті ОЖ-де қолданылады. Мұнда компьютермен қатынас маус арқылы жүзеге асады. Команда жазып қажеті жоқ, тек керек әрекетті маус арқылы таңдап, жұмыс атқарылады.

Сонымен бірге Windows-тың   MS-Dos-қа қарағандағы артықшылығы, бір мезгілде  бәрнеше мәселелерді шешуге мүмкіндік беретіні.

Жүйелік бағдарламалық жасақтамаға драйверлер де кіреді. Бұл компьютерге қосымша құрылғылармен бірге жабдықталатын бағдарламалары. ОЖ қосымша құрылғылармен олардың драйверлері арқыллы қатынасады.

Қолданбалы программалық жасақтама арнайы және әмбебап болып екіге бөлінеді.

Арнайы бағдарламаларға  бір мамандықтағы адамдар пайдаланатын бағдарламалар жатады. Мысалы: бухгалтерлік бағдарламалар, проект жасаушылар, дәрігерлер пайдаланатын программалар.

Әмбебеп бағдарламаларға мәтіндік және графикалық редакторлар, электрондық кестелер, т.б. адамдардың көбі пайдаланатын бағдарламалар жатады.

Бағдарламалау жүйелерінң құрамына бағдарламалау тілдері және анайы бағдарламалар кіреді, олар көмегімен құрылған бағдарламалар компьютердің  жадына енгізіледі, түзетіледі, тестіленеді және орындалады. Бағдарламалау жүйелерін көбінесе прораммистер қолданады.

Ақпаратты компьютерде сақтау.

Ақпарат компьютердің ішкі және сыртқы жадында сақталады.

Компьютердің ішкі жады негізгі болып табылады, себебі процессор тек осы жадпен тікелей жұмыс істейді.  Оны көп жағдайда оперативті (жедел) жады деп атайды. Компьюттер өшкенде жедел жады тазарады.

Мәліметтер мен бағдарламалар ішкі жадтың ұяшығына байт немесе байттар тобы түрінде орналасады.  Олармен ұяшықтың адресі бойынша қатынасады.

Компьютердің сыртқы жады ақпаратты ұзақ уақытқа сақтауға арналған. Ол қатқыл дискіде, иілгіш дискіде, лазерлік дискілерде, магнитті таспаларда орналасады. 

Ал сыртқы жадқа ақпарат белгілі бір үлестер (порциялар) түрінде жазылады. Мұндай үлестер файлдар деп, құрылым файлдық деп аталады. Басқаша айтқанда файл – бір типті байттар тізбегі.

Файл деген ағылшын тілінен аударғанда қапшық дегенді білдіреді. Нені файл деуге болады. Файл дегеніміз – бағдарламалар, мәліметтер немесе олардың бөліктері.  Файл атауы өзара екі нүктемен бөлінген бөліктерден тұрады.  Бірінші бөлігі өз аты, екінші бөллігі кеңейтілуі.

Файлдарды біртұтас обьект ретінде жазуға, көшіруге, жоюға, даярлауға,  жылжытуға, қайта атауға болады.

Яғни сыртқы тасуыштағының бәрі де файл ретінде сақталады.

 

Тақырыпты бекітуге сұрақтар:

1.      Компьютер дегеніміз не?

2.      Аппараттық құралдар неден тұрады?

3.      Бағдарламалық құралдар ұғымына не кіреді?

4.      Компьютерде қандай мәліметтер түрлері өңделеді?

5.      Компьютердің бағдарламалық жасақтамаларына не кіреді?

6.      ОЖ-нің негізгі функцияларын ата?

7.      Интерфейс деген не?

8.      Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай?

9.      Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?

10.  Драйвердің ролі не?

11.  Компьютер ішкі жадта қалай орналасады?

12.  Сыртқы жадтың қандай құрылғыларын білесіңдер?

13.  Файл дегеніміз не?

14.  Файлдармен қанндай операциялар жүргізуге болады?

Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ :

 

 

 

 

Күні:

 

 

 

 

Тақырыбы:                Информатика дегеніміз не? Компьютер ақпарат өңдеу құралы. Компьютердің аппараттық және бағдарламалық жасақтамалары. Ақпаратты компьютерде сақтау.

Сабақ мақсаты:         а) Оқушыларды информатика пәнімен, негізгі ақпараттық процестермен, компьютер өңдейтін ақпарат түрлерімен таныстыру. Бағдарлама және бағдарламалық жасақтармен таныстыру.

 

Б) Компьютердің жұмыс істеу принципін үйрету мен бағдарламалық жасақтама түрлерін ажырат білуді, қажеттіліктерін анықтай алуды үйрету.

 

В) Адам мен компьютердің ұқсастықтарын көрсету, компьютерде ұқыпты жұмыстануға тәрбиелеу.

 

Сабақ көрнекілігі:     Кроссворд, плакаттар

Сабақ түрі:                Дәстүрлі

Сабақ әдісі:               Практикалық жұмыс беру, кроссвордтар шешу, сұрақ-жауап

Сабақ типі:                Қайталау, пысықтау сабағы

Сабақ барысы:                      Ұйымдастыру кезеңі

                                    Үй тапсырмасын тексеру

                                    Үй тапсырмасы бойынша тапсырмалар беру

                                    Үй тапсырмасын қорыту

                                    Үйге тапсырма

                                    Сабақты қорытындылау

Үй тапсырмасы 1.3 тақырып. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

1.      Компьютер дегеніміз не?

2.      Аппараттық құралдар неден тұрады?

3.      Бағдарламалық құралдар ұғымына не кіреді?

4.      Компьютерде қандай мәліметтер түрлері өңделеді?

5.      Компьютердің бағдарламалық жасақтамаларына не кіреді?

6.      ОЖ-нің негізгі функцияларын ата?

7.      Интерфейс деген не?

8.      Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай?

9.      Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?

10.  Драйвердің ролі не?

11.  Компьютер ішкі жадта қалай орналасады?

12.  Сыртқы жадтың қандай құрылғыларын білесіңдер?

13.  Файл дегеніміз не?

14.  Файлдармен қанндай операциялар жүргізуге болады?

 

Сұрақтарға жауап беріліп болған соң оқущыларға карточка үлестіріледі.

Карточка:

 

 

 

 

 

 

 

Карточка беріліп, жауап бергеннен кейін тақтаға Ақпаратты компьютерде сақтау тақырыбына арналған плакат ілініп, оқушыларға жеке жұмыстануға тапсырма беріледі.

Оқушылардың бжауаптары бағаланады.

Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Классы:

7 Ә

Күні:

 

 

Сабақ. №  6

 

Тақырыбы:                Есептеуіш техникасының даму тарихы. ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі ролі. ЭЕМ-ді қолдану аймақтары.

Сабақ мақсаты:                     а) Оқушыларды ЕТ-нің даму тарихы мен оның құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру.

 

                                    Б) ЭЕМ-нің даму кезеңдерін, буындарын түсіндіру, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.

 

В) ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі ролін түсіндіру. ЭЕМ-ді қолдану аумақтары туралы ой-өрісін кеңейту.

 

Сабақ көрнекілігі:     ЕТ-ла суреттері, кроссворд

Сабақ түрі:                Дәстүрлі

Сабақ әдісі:               Пікірлесіп-түсіндіру

Сабақ типі:                Жаңа білімді меңгрету сабағы

Сабақ барысы:                      Ұйымдастыру кезеңі

                                    Үй тапсырмасын тексеру

                                    Жаңа сабақ түсіндіру

                                    Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар, тапсырмалар

                                    Үйге тапсырма

                                    Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасы Информатика дегеніміз не? Компьютер ақпарат өңдеу құралы. Компьютердің аппараттық және бағдарламалық жасақтамалары. Ақпаратты компьютерде сақтау.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

1.      Компьютер дегеніміз не?

2.      Аппараттық құралдар неден тұрады?

3.      Бағдарламалық құралдар ұғымына не кіреді?

4.      Компьютерде қандай мәліметтер түрлері өңделеді?

5.      Компьютердің бағдарламалық жасақтамаларына не кіреді?

6.      ОЖ-нің негізгі функцияларын ата?

7.      Интерфейс деген не?

8.      Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай?

9.      Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?

10.  Драйвердің ролі не?

11.  Компьютер ішкі жадта қалай орналасады?

12.  Сыртқы жадтың қандай құрылғыларын білесіңдер?

13.  Файл дегеніміз не?

14.  Файлдармен қандай операциялар жүргізуге болады?

Надпись: Есепшот суреті
Жаң сабақ Есептеуіш техникасының даму тарихы. ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі ролі. ЭЕМ-ді қолдану аймақтары.

Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралдары  есепшот болып табылады. Есепшоттың пайда болған уақытын ешкім де дәл айта алмайды. Деректерге қарағанда  есепшоттың жасы 2000-5000 жыл болуы мүмкін. Ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін.  Бұл санау құралын гректер мен Батыс Европалықтар «Абак»,  қытайлықтар «Суанпан», жапондықтар «Серобян» деп атаған. Бұл құралды оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын араластыру және  жылжыту арқылы пайдаланған. Тастар піл сүйегінен, түрлі-түсті әйнектерден, металдан жасалған. Оның өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді.

 

Надпись: Логарифмдік сызғыш суреті
ХҮІІ ғасырдың  басында Шотландиялық  математик Джон  Непер «логарифм» түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады.  Ал 1761 жылы ағылшын Д.Робертсон жылжымасы бар әр түрлі есептеулер жүргізуге арналған логарифмдік сызғышын жасады. 

Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылы Исаак Ньютон  ұсынған болатын.

Надпись: Паскаль машинасы суреті

1642 жылы француз математигі Блез Паскаль  он тоғыз жасында дүние жүзі бойынша бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын жасады.  Мұнда көп мәнді сандарды қосу мүмкін болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Надпись: Арифмометр суреті

 

1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасы – арифмометрді құрастырды

 

 

 

 

Надпись: Бэббидж машинасы суреті
Есептеуіш машиналардың қарқынды дамуы ХІХ ғасырдан бастау алды.

«Адамсыз  есептеулер автоматының» авторы ағылшын оқымыстысы  Чарльз Бэббидж еді, оны қазіргі компьютердің атасы деп атайды.

1833 жылы ол программа арқылы басқарылатын «Аналитикалық машина» жобасын жасады

Бұл машинада қазіргі компьютердің құрылғылары: деректер мен нәтижелерді сақтауға арналған жад, сандар мен амалдар орындайтын арифметикалық құрылғы, берілген программаларды есептеу барысын қадағалап отыратын басқару құрылғысы, енгізу және шығару құрылғысы болды. Дүние жүзі бойынша бірінші рет1846 жылы  Бэббидж машинасына программа жазған Дж.Байронның қызы Ада Лавлейс болды.

ХІХ ғасырдың соңында американдық Герман Холерит есепші-перфорациялық машина құрастырды. 

Надпись: Холлерит машинасы суреті

Ол 1880 жылы АҚШ-та жүргізілген халық санағының  құжаттарын санауға пайдаланылды.

Өз машинасының көмегімен Холерит көп адамдар жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді үш жылда орындауға мүмкіндік алды. Холерит есепші-перфорациялық машина жасайтын фирма құрды, ол қазір   дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын  ІВМ фирмасына айналды.

Надпись: Марк-1 суреті
1944 жылы американ математигі Говард Айкен «Гарвард» университетінде программамен басқарылатын, релелік және механикалық элементтерге негізделген «Марк-1» автоматты есептеуіш машинасын құрастырды.

 

Надпись: ENIAC  ЭЕМ-і суреті
ХХ ғасырдың І жартысында радиотехника қарқынды дамыды. Электрондық шамдар алғашқы электрондық есептеуіш машиналардың негізі болды. Бірінші электрондық  есептеуіш  машинасы   1946 жылы АҚШ-тың  Пенсильван университетінде жасалды, оны ENIAC деп атады

 

Оның салмағы 30 т. және оның 18 000 электрондық шамдары болды, ол бір секундта 15 мың қосу, азайту  амалын, 3000 көбейту амалын орындай алды.Жұмыс кезінде өте тез қызатын болғандықтан ол арнайы суытылуды талап етті. Релелі машиналарға қарағанда оның амал орындау жылдамдығы мың есе жоғары болды.

Надпись: БЭСМ суреті
Бұрынғы КСРО-да бірінші ЭВМ 1947-48 жылдары  академик Сергей Алексеевич Лебедевтің  басшылығымен жасалды., оны МЭСМ (Малая электронная Счетная Машина) деп атады. Ал 1952-53 жылдары оның жетілдірілген түрі БЭСМ (Большая Электронная Счетная Машина) өндіріске қосылды, ол секундына 10000 амал орындай алды.

 

 

 

ЭЕМ буындары.

ЭЕМ-нің даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. Буындардың ауысуы электрондық техникалардың дамуымен, ЭЕМ-нің элементтік  базасының ауысуымен  байланысты.

Оларда ээлектрондық шамдар пайдаланылған ENIAC және барлық  басқа ЭЕМ-дер  - ЭЕМ-нің бірінші буынына жатады. (1940-1955 жылдар.) Оларды қазіргі ЭЕМ-нің  аталары деп атауға болады.

Егер Бэббидж машинасын еске алсақ, оны ЭЕМ-нің арғы  атасы деуге болады. Бірінші буындағы  машиналар бірнеше  жүздеген  шаршы  метр орын алатын  және мыңдаған  электрондық шамдар  бар алып құрылғылар еді. Оларға бағдарламалар мен мәліметтерді енгізу үшін, перфоленталар мен перфокарталар  пайдаланылды. Бұл машиналар үшін бағдарламалар машиналық  командалар тілінде құрылды, сондықтан  сол кездерде  кез келген адамдарға  онда бағдарламалау мүмкін болмады. Ең жылдам  машиналардың  есептеу жылдамдығы секундына 20000 операция еді.

1955 жылдан бастап келесі, екінші буындағы ЭЕМ-дер пайда бола бастады. Оларда электрондық шамдардың орнына жартылай өткізгіштер-транзисторлар пайдаланылды.

Сонымен, ЭЕМ-нің көлемі  бірнеше есе кішірейді, пайдаланатын электр қуаты да азайды, сонымен қатар олардың  жылдамдығы секундына  бірнеше ондаған мың  операциларға  жетті. Сол кездерде жоғары  деңгейдегі  бағдарламалау тілдері: Фортран, АЛгол, Кобол қолданыла бастады. Бағдарламаларды құру  машинаның модеінен тәуелсіз бола бастады.

Біраз уақыттан кейін электрондық өндіріс орындары интегралдық схемелер жасай бастады. Интегралды схема – бұл шағын  жартылай өткізгіш кристалдар, оларда бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған транзисторлар бар. Сонан кейін, бірнеше  жүздеген мың транзисторлардан  тұратын  жартылай өткізгіш кристалл – үлкен интегралдық схема (ҮИС) пайда болды.

Интегралдық схема негізінде құрастырылған ЭЕМ-дер  -  бұл үшінші буындағы ЭЕМ-дер. Бұл машиналардың  жады үлкен , ал орындау жылдамдығы секундына бірнеше  миллион операцияға жетті. Магниттік таспаларда  жинақтауыштарға  қарағанда  әлдеқайда  жылдам жұмыс  істейтін және  ақпараттың  шексіз  мөлшерін  сақтауға  қабілетті сыртқы  есте сақтау  құрылғыларының  жаңа түрі  - магниттік дискілер пайда болды.

Үшінші буындаға  ЭЕМ-дер  бір иашинада  бірнеше  бағдарламаларды  қатар орындау мүмкіндігін берді. Мұндай режим мультипрограммалық режим деп аталды. Осы кездерде деректер базасы,  өндірсті басқарудың автоматтандырылған жүйелері жасалып,  ЭЕМ-дер халық шаруашылығында кеңінен қолданыла бастады.

1971 жылы АҚШ-тың «Интел» фирмасы компьютердің  негізгі блогы  - процессордың  жұмысын  орындауға қабілетті  өте үлкен интегралдық схеманы – алғашқы  микропроцессорды жасады. Микропроцессордың  жасалуы  - бұл информатикадағы революция болды. Осының нәтижесінде үстелдеріңде кішкене ғана ЭЕМ тұр, ол дербес компьютер ДК – деп аталады.

Қазіргі кездегі ЭЕМ-дер  - бұл төртінші буындағы  ЭЕМ-дер. Олар 70-жылдардан бастап өндіріске енді. Бұл ЭЕМ  өзінің жадының көлемі мен есептеу  жылдамдығы бойынша бірінші буындағы ондаған ENIAC типті ЭЕМ-дерге тең.

1980 жылдан бастап АҚШ-тың IBM фирмасы дербес компьютерлер шығару  бойынша  дүние жүзілік нарықта  жетекші орын алды.  Ал 90-шы жалдардың басынан бастап Apple Corporation фирмасының Macintosh маркалы машинасы көпшілікке таныла бастады. ҚР-ның Ұлттық радиоэлектроника  және байланыс  орталығы  Германияның Siemens фирмасымен бірлесіп, мектептерге арналған дербес компьютерлерді шығару  ісін жолға қойды.

Біз ЭЕМ-нің төрт буынын қысқаша қарастырдық. Олардың бір-бірінен  айырмашылықтары көп, бірақ барлығының  бірдей бір кемшілігі бар. Олармен жұмыс істеу үшін, арнайы тілді қолдану керек, әйтпесе олар сендерді түсінбейді. Бұл үшін сендер оны белгілі бір бағдарламалау  тілінде жазуларың керек.

Қазіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда. Бұл машиналар кәдімгі адам  сөйлейтін тілге жуық тілді  түсінетін , яғни «жасанды интеллект» ЭЕМ-дері болуы керек. Бұл идея  толығымен  іске асқанда, ЭЕМ-ге кәдімгі сөзбен мәселені ттүсіндіріп,  айтасыңдар, ал компьютер өзі бағдарламаны құрып, мәселені шешетін болады.

Тақырыпты бекітуге тапсырма:

КРОССВОРД


Тігінен:

1. КСРО-дағы бірінші ЭЕМ.

2. Бірінші электрондық компьютер.

3. Гректердің ежелгі санау құрыл.

4. Санау-перфорациялық машинасын жарыққа шығарушы.

6. Компьютер ойындарындағы дисплей экранында жылжымалы обьектілерді басқаратын құрылғы.

9. ЭЕМ-нің І буынының элементік базасы.

Көлденеңінен:

5. Бағдарламамен басқарылатын аналитикалық машинаның авторы.

 7. Қосатын машинаны ойлап тапқан адам.

8. Лейбництің механикалық санау машинасы.

10. ЭЕМ-нің ІІ буынының элементтік базасы.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

3

а

 

 

6

 

 

 

 

 

1

 

 

х

5

б

э

б

б

и

д

ж

 

 

 

 

м

 

 

о

 

 

 

а

 

 

ж

 

 

 

 

 

э

 

 

л

 

 

 

к

9

 

о

 

 

7

п

а

с

к

а

л

ь

 

 

 

ш

 

й

 

 

 

 

 

м

 

 

е

 

 

 

 

а

 

с

 

 

 

 

2

 

8

а

р

и

ф

м

о

м

е

т

р

10

 

 

э

 

 

 

и

 

 

 

 

 

 

и

 

т

р

а

н

з

и

с

т

о

р

 

 

 

 

к

 

 

 

 

и

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

а

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

к

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма: Кестені толтыр:

НЕ?

КАЙДА?

ҚАШАН?

1

Қол саусақтары, тастар, белгілеулер, түйіншектер

 Барлық жерде

Көне заманда 

2

Абак

 Ежелгі Қытай немесе Египет

2000-5000 жыл бұрын. 

3

Логарифмдік сызғыш

Англия Д.Робертсон 

1761 ж.

4

 Паскаль машинасы

Франция Блез Паскаль

 1642 ж.

5

Арифмометр

 Германия Лейбниц

 1694 ж.

6

 Аналитикалық машина

Англия Чарлз Бэббидж

1833 ж. 

7

Бэббидж машинасына арналған бағдарлама

 Анлия Ада Лавлейс

 1833 ж.

8

 Есепші-перфорациялық машина

Герман Холерит Америка

 19 ғасырдың аяғы

9

"Марк-1" электро-механикалық санауыш машинасы

 Америка Говард Айкен

 1944 ж.

10

 ENIAC

АҚШ Моучли, Эккерт

 1946 ж.

11

EDSAC-Нейманның архитектурасымен жасалған ЭЕМ

 АҚШ

1949 ж. 

12

 МЭСМ

КСРО С.А.Лебедев

 1947-1948 жж.

13

 БЭСМ

 КСРО С.А.Лебедев

1952-1953 жж.

 

ЭЕМ

 буындары

Элементтік

 базасы

ЭЕМ-нің

 негізгі сипаттамалары

І буыны 1940-1955 жж.

Элементтік шамдар

Жылдамдығы төмен, абажадай, енгізу үшін перфокарталар қолданылған программалар машина командаларының тілінде құрылған, санау жылдамдығы секундына 20 000 операция.

ІІ буыны 1955 жылдан бастап

Жартылай өткізгіштер, транзисторлар

Өлшемі кішірек, электроэнергиясын азырақ жұмсайды. Жылдамдығы – секундына  бірнеше мыңдаған операция, жоғары деңгейлі программалау тілдері дами бастады.

ІІІ буыны

Интегралдық схемалар

Үлкен жад, жылдамдығы секундына бірнеше миллиондаған операцияға дейін, магниті дискілер пайда болды. Мультипрограммалық режим.

ІҮ буыны

Микропроцессорлар

Үлкен жад, жоғары жылдамдық, шағын өлшем, жоғары деңгейлі программалау тілі.

Ү буын құру талаптары

 

Жасанды интеллект. Қарым-қатынас тілі табиғи тілге жақын.

 

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып :

 

 

Күні:

 

 

Сабақ № 7

 

Тақырыбы:                Дербес компьютер. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы. Компьютердің арналуы. Мүкіндіктерін көрсету.  Жүйелік блок. Компьютердің ішкі құрылымы.

Сабақ мақсаты:                     а) ДК-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың  міндеттерімен танысу.

 

                                    Б) Компьютердің ішкі құрылымдарымен, және олардың міндеттерімен таныстыру.

 

В) Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, қоғам мүлкіне жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

 

Сабақ көрнекілігі:     Кестелер, компьютер құрылымдары.

Сабақ түрі:                Дәстүрлі

Сабақ әдісі:               Көрсете түсіндіру

Сабақ типі:                Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы:                      Ұйымдастыру кезеңі

                                    Үй тапсырмасын тексеру

                                    Жаңа сабақ түсіндіру

                                    Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру

                                    Үйге тапсырма

                                    Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасы Компьютердің даму тарихы.

Тапсырма келесі сабақта сұралады.

Бүгінгі тақырып, Дербес компьютер. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы. Компьютердің арналуы. Мүкіндіктерін көрсету.  Жүйелік блок. Компьютердің ішкі құрылымы.

Бүгінгі күні дербес компьютерлер (ДК) көпшілік арасында кең тарады. Дербес компьютер тек бір адамға жұмыс жасауға арналған. Бүгін біз ДК құрылымы мен  олардың жұмыс істеу принциптерін қарастырамыз.

ДК-дің құрылғыларының ішіндегі маңыздылары мыналар: жүйелік блок, монитор, пернтақта. Себебі бұларсыз компьютер жұмыс жасамайды. Басқа құрылғылар да пайдалы, бірақ оларсыз компьютер жұмыс жасай алады.

Компьютердің барлық құрылғылары бір-біріммен  шнурлар арқылы жалғастырылады.

ДК-дің процессоры мен жедел жады ішкі құрылғысы болып табылады.

Басқалары: монитор, пернетақта, маус, модем, т.б. сыртқы құрылғылар болып табылады.

Әрбір сыртқы құрылғы  процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады.

Адаптер немесе контроллердің міндеті – процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.

ПРоцессор басқа құрылғылармен көптеген сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастырылады, оны кеңарна немесе шина деп атайды.

Ал енді компьютердің ішкі құрылғыларымен жақын танысайық.

Жүйелік блок.

Жүйелік блок ішінде ең маңызды құраушылар орналасқан негізгі торап болып табылады. Жүйелік блоктардың корпусы әр түрлі пішінде болады. Олар қоректендіру блоктарымен (блок питания) бірге қоыйлады.

Жүйелік блоктың ішінде орналасқан  құрылғыларды ішкі деп атайды.

Жүйелік блоктың сыртында орналасқан құрылғыларды сыртқы (перифериялық) деп атайды.

Компьютердің ішкі құрылғылары:

Аналық тақша (материнская плата) – ДК-нің негізгі тақшасы.

Оған мыналар енгізілген:

-                   Жедел жад (ЖЖҚ-жедел жадтайтын құрылғы) – компьютер қосылған кезде  деректерді уақытша сақтауға арналған  микросхемалар жиыны.

-                   ПРоцессор – көптеген математикалық  және логикалық  операцияларды орындайтын  негізгі микросхема.

-                   ТЖҚ (тұрақты жадтайтын құрылғы) – деректерді ұзақ уақыт  сақтауға арналған микросхема.

-                   Микропроцессорлық комплект (чипсет) – компьютердің ішкі құрылғыларының жұмысын басқаратын микросхемалар жиыны.

-                   Қосымша құрылғыларды қосуға арналған ажыратпалар (слоттар)

-                   Шиналар – олар арқылы компьютердің ішкі құрылғыларының  арасында сигнал алмасу жүргізілетін өткізгіштер жиыны.

 Тапсырма Кестені толтыру.

Құрылғылар

Орналасуы

Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде

Жүйелік блоктың ішінде

Жүйелік блоктың артқы панелінде

Монитор порты

 

 

 

Қатқыл диск

 

 

 

Компьютердің қосу/өшіру батырмасы

 

 

 

Аналық тақша

 

 

 

Микрофон мен колонкаларға арналған кірістер

 

 

 

Бейнетақша

 

 

 

Дискіжетек

 

 

 

Процессор

 

 

 

Электрмен  қоректендіргіш бауы

 

 

 

CD-ROM

 

 

 

Модем мен сканерге арналған порттар

 

 

 

Қоректендіру блогы

 

 

 

Дыбыс тақшасы

 

 

 

Компьютерді қайта жүктеу батырмасы

 

 

 

ПРинтер порты

 

 

 

Маус пен пернетақта порттары

 

 

 

Жедел жады

 

 

 

Желілік тақша порттары.

 

 

 

 

Процессор.

Процессор – компьютердің негізгі микросхемасы. Ол ЭЕМ  миы. Онда ақпаратты өңдеу мен барлық құрылғылардың  бірлесіп істейтін жұмысын басқару жүргізіледі. Құрылысы бойынша процессор жедел жадтың ұяшықтарына ұқсас ұяшықтардан тұрады, бірақ бұл ұяшықтарда деректер тек сақталып қана қоймай, өзгертіледі де. Процессордың ішкі ұяшықтары регистр деп аталады.

 Ең көп тараған процессрдың түрі: Пентиум. Мұндай процессорлар орнатылған компьютерлерді Пентиум деп атайды.

 

Жедел жад.

Жедел жад бұл деректерді уақытша сақтауға қабілетті кристалды ұяшық сілемі. Жадтың әрбір ұяшығының өзінің адресі болады.  Бір ұяшықта 1 байт ақпарат сақталады.

Жедел жад компьютерде модульдер деп аталатын стандартты  тақталарда орналасады. Жедел жадтың модульдерін  аналық тақшадағы  сәйкес ажыратпаларда қондырады.

Жедел жадтың сипаттамасы – оның сыйымдылығы. Қазіргі уақытта жедел жадтың көлемі 128 МБ, 256 МБ, 512 МБ, 1ГБ болып келеді.

 

ТЖҚ микросхемасы мен BIOS жүйесі.

Компьютерді қосқан кезде оның жедел жадында ештеңе – деректер де, бағдарламалар да болмайды. Бірақ процессорға әуелі алғашқы қосу кезеңінен кейін командалар керек. Ал жедел жады әзірге бос болғандықтан одан басқару жүрмейді, процессор ТЖҚ-ға қатынасады. ТЖҚ компьютер өшіп тұрғанда да ақпаратты ұзақ уақыт сақтай алады. ТЖҚ-дағы бағдарламалар компьютерді дайындау кезінде жазылады. 

ТЖҚ-ға кіретін бағдарламалар комплекті енгізу шығару базалық жүйесін (BIOS – Basic input output system) құрады.

Бұл пакеттік бағдарламалардың міндеті – компьютерлік жүйенің жұмысқа қабілетілігін тексеру және пернетақтамен, монитормен, дискілермен өзара байланысын қамтамасыз ету.

 

Тақырып бір компьютердің жүйелік блогын ашып, құрылғыларды көрсету арқылы түсіндірледі.

Тақырыпты бекіту сұрақтары:

1.      Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?

2.      Сыртқы және ішкі құрылғылардың айырмашылығы қандай?

3.      Шина дегеніміз не?

4.      Контроллер немесе адаптердің атқаратын қызмеі не?

5.      Компьютердің ең негізгі тақшасы?

6.      Процессордың атқаратын қызметі қандай?

7.      Жедел жад пен тұрақты жадтың айырмашылығы қандай?

 

Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып :

Күні:

 

 

Сабақ № 8-9

Тақырыбы:                Компьютердің сыртқы құрылғылары. Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақта. Пернетақталық тренажер.

Сабақ мақсаты:         а) Оқушыларды компьютердің сыртқы құрылғыларымен: монитормен, пернетақтамен таныстыру. Олардың арналуын түсіндіру.

 

Б) Монитор мен пернетақта сипаттамаларын үйретіп, пернетақтада жұмыс жасауды пернетақталық тренажер арқылы меңгерту.

 

В) Оқушыларды компьютерде жұмыс жасатып, ұқыпты жұмыстануға үйретіп, пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ көрнекілігі:     «Аленка», «Babytape» пернетақталық тренажерлары, Информатика 3,4 электронды оқулығы.

Сабақ түрі:                Дәстүрлі

Сабақ әдісі:               Баяндау, көрсету, практикум

Сабақ типі:                Жаңа білімді меңгерту

Сабақ барысы:                      Ұйымдастыру кезеңі

                                    Үй тапсырмасын тексеру

                                    Жаңа сабақ түсіндіру

                                    Жаңа сабақты бекітуге практикалық тапсырма

(компьютерде пернетақталық тренажермен жұмыс жасау)

                                    Үйге тапсырма

                                    Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасын  тексереміз. Үйге  берілген тапсырма ЭЕМ-нің даму тарихы және компьютердің ішкі құрылғалары бойынша берілген кестені толтырып келу. Оқушылардың жұмысын қарап, бағалаймын.

Жаңа сабақ Компьютердің сыртқы құрылғылары.

Өткен сабақта біз компьютердің ішкі құрылғыларымен таныстық. Олар негізінен компьютердің жұмысын басқарып отырады. Бірақ компьюттер сыртқы ортамен қатысуы үшін, басқа қосымша құрылғылар керек.

Бұлар:

Деректерді енгізу құрылғылары;

Деректерді шығару құрылғылары;

Деректерді сақтау құрылғылары;

Деректерді алмасу құрылғылары:

Бүгінгі сабақта біз енгізу және шығару құрылғыларын қарастырамыз.

Енгізу құрылғылары көмегімен компьютерге өңделетін ақпарат енгізіледі, ал шығару құрылғылары арқылы   машинадан оның жұмысының аралық және ақырғы нәтижелері адам түсінетін түрде шығарылады.

Енгізу құрылғыларына: пернетақта, маус, джойстик, сканер, т.б. жатады.

Шығару құрылғыларына: принтер, монитор (дисплей), графиксалғыштар, т.б. жатады.

Монитор.

Монитор ақпаратты экранға шығаратын құрылғы. Ол компьютер жұмысы туралы барлық ақпаратты адамға беріп отырады.

Монитор бейнелеу түсі бойынша: Монохромды және түрлі-түсті болып бөлінеді.

Монохромды тек ақ-қара түстерді көрсете алады.

Монитор шығаратын ақпараты бойынша: Символдық және графикалық болып бөлінеді.

Символдық монитор тек мәтіндік ақпарат шығара алады. Ал, графикалық монитор символдық ақпараттан басқа әртүрлі графиктер мен суреттерді де кескіндей алады.

Мониторда кескін кішкентай нүктелерден тұрады.  Мұндай нүктелерді пиксельдер деп атайды. Яғни пиксель дегеніміз – монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер. Түрлі түсті монитор экранында әр пиксель  қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялған  үш ұсақ нүктелерден  тұрады.

Тік және көлденең жолда орналасқан пиксельдер саны монитордың ажырату қабілетін көрсетеді. Монитор экранында орналасқан пиксельдер саны көп болған сайын, оның ажырату қабілеті де жоғары,  монитор да жақсы болады.

Алғашқы түрлі түсті монитор 1982 жылы жасалды, оны CGA-320x200 (Color graphic adapter-түрлі түсті графикалық адаптер) пиксельді монитор деп атады.

Ал 1984 жылы  ЕGA-640x350  (Enhanced graphic adapter-жетілдірелген графикалық адаптер) пиксельді монитор шықты. 

Қазіргі компьютерлерде  VGA-640x480 (Video graphic adapter-Графикалық бейне адаптер)  немесе   SVGA-(800x600 – ден 1248х1024-ке дейін) (Super video graphic adapter-Графикалық супер бейне адаптер)   мониторлар қолданылады.

Монитор сонымен бірге құрылысына қарай: электронды-сәулелі түтікшелі (ЭСТ) монитор және сұйық кристалды монитор болып бөлінеді.

Экран алдында көп отыруға болмайды, себебі:

1.      Көз тез шаршайды.

2.      Дисплей жұмысы кезінде электр магниттік және ультракүлгін сәулелері таратылады.

 

Пернетақта.

Пернетақта – компьютерге  ақпарат енгізуге арналған құрылғы.  Ол әріп немесе  цифр пернелері көмегімен компьютерге кез келген  ақпараты беруге мүмкіндік жасайды. Пернетақталарда 100-дің үстінде пернелер орналасады.

Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:

-басу пернетақтасы, , (алфавитті-цифрлық және таңбалық пернелер: бос орын, 0-9 дейін цифрлар, A-Z латын әріптері, А-Я кириллица символдары, тыныс белгілері, «+», «-», «*», «/», арнайы символдар және т.б.)

- функционалдық пернелер: Ғ1, Ғ2, ..., Ғ12.

- арнайы операциялар пернелері, олар: Enter, Esc, Tab,  Ctrl, Alt, Backspace, Caps Lock, Shift, Windows.

-меңзерді экран бетінде басқару және редакциялау пернелері, олар: Insert, End, Home, PageUp, PageDown, Left, Right, Up, Down, Delete

- сандық пернетақта, олар оң жақта бөлек орналасқан.

 

-басу пернетақтасы, олар пернетақтаның ортасында орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі блогы. Оның көмегімен  кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Бұл блокта латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдар орналасқан.

- функционалдық пернелер:  Олар Ғ1, Ғ2, ..., Ғ12 әріптерімен белгіленген.  Олар компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі программада олар әртүрлі қызмет атқарады.

- арнайы операциялар пернелері, олар:

Enter-ең негізгі перне, операцияның аяқталғандығын көрсетеді.

 Esc – Бағдарламаны аяқтау пернесі, операцияны болдырмау немесе операциялар тізбегіне  кері қайтуды орындайды.

Tab – Меңзерді бір басқару позициясынан басқасына ауыстырады.

Ctrl – арнайы әрекеттер үшін қолданылады.

Alt –арнайы әрекеттер үшін қолданылады.

Backspace – меңзердің сол жағындағы қате символды өшіреді.

Caps Lock – бас әріптер режимін іске қосады және айырады.

Shift – перненің қосалқы мәнін алу үшін қолданылады.

Windows – Пуск менюін ашу шін қолданылады.

-меңзерді экран бетінде басқару және редакциялау пернелері, олар:

Insert – символдарды ауыстыру және енгізу режимін қосады.

End – меңзерді жол соңына жылжытады.

Home – меңзерді жол басына жылжытады.

PageUp – меңзерді бір бетке жоғары жылжытады.

PageDown – меңзерді бір бетке төмен жылжытады.

Left – меңзерді бір орынға солға жылжытады.

Right – меңзерді бір орынға оңға жылжытады.

Up – меңзерді бір жолға жоғары жылжытады.

Down – меңзерді бір жолға төмен жылжытады.

Delete – меңзердің оң жағындағы символды өшіреді.

- сандық пернетақта, олар Num Lock пернесі қосылып тұрса сандарды енгізуді, айыруыл тұрса меңзерді басқару операцтяларын іске асырады.

 

Пернетақтамен жұммыс істеу техникасы.

Жеке пернені басқанда күш қолданбай, жай басу керек. Егер бір перне көп басылып тұрса, машина  оны көп рет басылды деп түсініп, бірнеше символ салынады. Кейбір операцияларды орындау үшін екі немесе үш пернелер комбинациясын қолданады. Мысалы, Ctrl+L, бұл сендерге алдымен Ctrl пернесін басып, содан соң оны жібермей тұрып, L пернесін басу керек екенін білдіреді. Содан соң Ctrl-ды босатуға болады.

 

Меңзер.

Меңзер – экранда жыпылықтап тұратын белгі. Меңзер экранда алфавитті-цифрлық пернені басқанда символ қай жолға енгізілетінін көрсетеді. Символды енгізгеннен соң, меңзер оңға қарай бір қадам жылжиды. Меңзердің экранда   пайда болуының мәні – алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге шақыру. Enter пернесін басу арқылы ақпаратты енгізу аяқталады.

 

 

Сабақтың соңғы 20 минутында компьютерде оқушылар пернетақталық тренажермен  жұмыс жасайды.

Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу, пернелердің атқаратын қызметін жаттау.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ :

 

 

 

 

Күні:

 

 

 

 

Тақырыбы:                Ақпарат енгізу манипуляторы. Басу құрылғысы.

 

Сабақ мақсаты:         а) Оқушыларды компьютердің сыртқы құрылғыларымен: мауспен, принтермен жақын таныстыру. Олардың арналуын түсіндіру.

 

Б) Маус мен принтер сипаттамаларын үйретіп, принтер түрлерін таныстырып, мауспен жұмыс жасап жаттықттыру. Принтер таңдай алуға үйрету.

 

В) Оқушыларға компьютерде жұмыс жасатып, ұқыпты жұмыстануға үйретіп, пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ көрнекілігі:     Информатика 3,4, Компьютерлік сауаттылық электронды оқулықтары.

Сабақ түрі:                Дәстүрлі

Сабақ әдісі:               Баяндау, көрсету, практикум

Сабақ типі:                Жаңа білімді меңгерту

Сабақ барысы:                      Ұйымдастыру кезеңі

                                    Үй тапсырмасын тексеру

                                    Жаңа сабақ түсіндіру

                                    Жаңа сабақты бекітуге практикалық тапсырма

(компьютерде электронды оқулықтармен  жұмыс жасау)

                                    Үйге тапсырма

                                    Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасын  тексереміз. Үйге  берілген тапсырма Компьютердің сыртқы құрылғылары. Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақта. Пернетақталық тренажер.

Сұрақтар:

1.      Монитор не үшін қажет?

2.      Мониторлар қалай жіктеледі?

3.      Монитордың айыру мүмкіндігі дегеніміз не?

4.      Пиксельдегеніміз не?

5.      Түрлі-түсті мониторлардың қашан, қандай түрлері шығарылғаны жөнінде не айтасың?

6.      Қазіргі компьютерлерде қандай мониторлар қолданылады?

7.      Пернетақта не үшін қажет?

8.      Пернетақттаның негізгі блоктарын ата?

Аталған пернелердің қызметін айт: Enter, Esc, Tab,  Ctrl, Alt, Backspace, Caps Lock, Shift, Windows, Insert, End, Home, PageUp, PageDown, Left, Right, Up, Down, Delete.

9.      Қандай пернетақталық тренажерлерды білесің?

Жаңа сабақ Ақпарат енгізу манипуляторы. Басу құрылғысы.

Маус – манипулятор типті басқару құрылғысын Маусты кілемшенің бетінде жылжыту маус нұсқағышының экран бетінде  жылжуымен үйлестірілген.

Оның пернетақтадан айырмашылығы, ол стандартты басқару құралы емес. Ол арнайы жүйелік бағдарлама – маус драйверінің қолдауын қажет етеді.

Маустың батырмаларының санына қарай екі батырмалы және үш батырмалы болып бөлінеді. Маустың көп қолданылатын батырмасы сол жақ батырмасы.

Маустың оң және сол жақ батырмаларын тез басуды шерту деп атайды.

Маус құрылысына қарай үш түрлі болады.

Оптикалы-механикалық маустың ішінде резинамен қапталған, темір шаригі болады. Ол маустың дөңгелеуі керек. Кейбір беттерде ол дөңгелемей сырғанап кететін болғандықтан, мұндай маустардың арнайы кілемшесі болады. Кілемше беті тұтқыр болып келеді де, шариктің сырғанап кетуіне жағдай туғызбайды.

Ал, оптикалық маустарда мұндай қозғалыс бөлігі жоқ.  Бұл маустар айнадан өзге беттерде жұмыс жасай береді. Мұндай маус үшін кілемшенің қажеті жоқ. Ол механикалық маусқа қарағанда қымбаттау, бірақ қазіргі уақытта көп қолданушылар осы маусты қолданады.

Ал жұмыс жасауға провод кесел келтірсе, онда инфрақызыл маустарды қолдануға болады. Тек олардың батареясын ауыстырып отыру керек.

Маустан басқа да манипулятор түрлері бар, олар трекболдар, пенмаус.

Трекбол – бұл маус функцияларын орындайтын және портативті компьютерлерде қолданылатын құрылғы.

Пенмаус – шарикті автоқаламға ұқса, оның ұшындағы жазу  түйірінің  орнына жылжу мөлшерін тіркейтін түйін орналастырылған.

Ал компьютерлік ойындарда джойстиктер, джойпадтар, геймпадтар, штурвалды-педальды құрылғылар қолданылады.

Графикалық ақпараттарды енгізу үшін, сканерлерді, графикалық планшеттерді (дигитайзерлерді) және цифрлық фотокамераларды қолданады.

Сканер көмегімен  таңбалық ақпаратты да енгізуге болады. Бұл жағдайда  алғашқы  деректер графикалық түрде енгізіледі де, бейне тану бағдарламалары көмегімен өңделеді.

Сканер – графикалық немесе символдық ақпаратты қағаз тасуыштан компьютер жадына енгізу үшін қолданылады.

Графикалық планшеттер (дигитайзерлер) – көркемдік графикалық  ақпараттарды  енгізуге арналған.

Цифрлық фотокамералар – бұлар ақпаратты сканер сияқты қағаз бетінен емес, тікелей қоршаған ортадан қабылдайды.

 

Басу құрылғысы.

Принтерлер – басу құрылғылары, олар деректерді шығару құрылғылары ретінде қолданылады және көшірмесін қағаз бетінде алуға мүмкіндік береді. Әрекеттерінің принциптері бойынша олар: матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік болып бөлінеді.

Матрицалық принтерлер – бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға  инелердің  бояйтын  таспа арқылы  соғуының   нәтижесінде пайда болатын оттисктер түрінде шығарылады.

Сия бүріккіш принтерлер – кескін бояудың  тамшыларының қағазға түсуінің нәтижесінде пайда болған дақтардан қалыптасады. Басу сапасы лазерліккке қарағанда төмен, және сапа тамшы көлеміне,  оның пішініне,  бояғыштың қоюлығына және қағаз сапасына  тәуелді. Бұлар түрлі-түсті баспада кең қолданылады.

Лазерлік принтерлер – полиграфиялық баспадан кеме емес баспа сапасын қамтамасыз етеді. Мұнда қағаз ионизацияланады, яғни электр өрісінің әсерімен  арнайы жасалған  ұнтақ (порошок-тонер) қағазға тартылады да, қатты қызып,  оған жабысады.

 

Компьютерде оқушылар Компьютерлік сауаттылық электронды оқулығымен жұмыстанады.

Компьютерлік сауаттылық

                           компьютер құрылымы бөлімі

дербес компьютердің шалғай құрылғылары

басқару командасының құрылғысы,

графикалық деректерді енгізу құрылғысы, 

деректерді шығару құрылғысы бөлімдерін ашып қарайды.

ЭО-пен өздері жұмыстанады.

 

Содан соң қалған уақытта мауспен жұмыстанып үйрену үшін Информатика 3,4 ЭО-ғын ашып, Работа с мышью бөлімінен жаттықтыру программаларымен жұмыс жасайды.

 

Үйге тапсырма тақырыпт оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

Сынып :

Күні:

 

 

Сабақ № 10

 

Тақырыбы:                Компьютердің сыртқы жады. Ақпарат тасуыштар. Иілгіш және компакт-дискілер. Дискжетек. CD-ROM.

Сабақ мақсаты:                     а) Ақпарат тасуыштар жөнінде түсінік беру. Дискжетек пен CD-ROM жұмыстарымен таныстыру.

 

                                    Б) Ақпарат тасуыштардың қолданылу мақсатын, түрлерін, негізгі параметрлерін түсіндіру.

 

В) Оқушыларды құрылғылармен жете таныстырып, пәнге қызығушылықтарын арттыру.

 

Сабақ көрнекілігі:     Плакаттар

Сабақ түрі:                Дәстүрлі

Сабақ әдісі:               Көрсете-түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақ типі:                Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы:                      Ұйымдастыру кезеңі

                                    Үй тапсырмасын тексеру

                                    Жаңа сабақ түсіндіру

                                    Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру

                                    Үйге тапсырма

                                    Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасы Ақпарат енгізу манипуляторы. Басу құрылғысы.

Сұрақтар:

1.      Маустар қалайша жіктеледі?

2.      Трекбол деген не?

3.      Пенмаус деген не?

4.      Компьютерлік ойындарда қандай манипуляторлар қолданылады?

5.      Графикалық ақпараттарды компьютер жадына енгізу үшін не қолданылады?

6.      Принтердің қандай түрлері бар?

Жаңа сабақ Компьютердің сыртқы жады. Ақпарат тасуыштар. Иілгіш және компакт-дискілер. Дискжетек. CD-ROM.

Сендер өткен сабақтан білесіңдер компьютер жады не үшін қолданылады? Әрине ақпаратты сақтау үшін. Компьютер жады екіге бөлінеді. Сыртқы және ішкі. Сыртқы жады ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға, ал ішкі жады уақытша сақтауға қолданылады. Ішкі жадының өзі жедел (ЖЖҚ) және тұрақты (ТЖҚ) болып бөлінеді.  Жедел жадыдағы ақпарат компьютер өшкендк тазарып отырады. Ал ТЖҚ-дағы ақпарат өзгертілмейді және үстіне жазылмайды. Онда прораммалық және анықтамалық ақпараттар компьютерді шығарған жерде жазылып жіберіледі.

Ал сыртқы жады мынадай тасуыштарда орналасады: магниттік дис, магнитттік таспа, лазерлік диск.

Магниті дискілерге қатқыл диск (винчестер) мен иілгіш диск (дискета) жатады.

Схема тақтада көрнекі түрде ілінеді.

Сұрақ: Адамның ішкі және сыртқы жадын компьютер жадымен салыстырып оқушылардан айтып шығу сұралады.

Иілгіш дискілер. (дискеттер, флоппи дискілер).

Иілгіш диск – төзімділігі жеткілікті және өлшемі тұрақты, арнайы пленкадан жасалған тегіс диск. Оның ферромагнитттік қабаты бар және қорғаушы  конвертке салынған.

Құрылымы: Тығыздығы жоғары идентификатор, Жазудан қорғау терезесі (ол маңызды ақпаратты абайсыз жоюдан  сақтауға арналған) , Жұмыс алаңының қорғаушы пердесі (қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғау үшін), Дискет таңбашасы (дискет мазмұнын жазып қоюға арналған).

Иілгіш дискіден оқу және жазу үшін дискжетек қолданылады. Ол компьютерде тұрақты түрде қолданылмайтын ақпараттарды бір компьютерден екінші компьютерге тасужәне сақтау үшін қолданылады. Қазіргі кезде үшдюймді дискжетектер 1,44/2,88 МБ жазуға мүмкіндік береді. Дискетаны бірінші рет қолданар алдында оны форматтау керек. Бұл арнайы программа көмегімен орындалады. Кейбір өндірушілер дискетті форматтап шығарады.

 

Қатқыл магнитті дискідегі жинақтауыштар немесе винчестер  - бұл дискілер жиыны бар (екі жақ бетіне де ақпарат жазылатын, жылтыратып тегістелген ферромагнитті қабаты бар мүлтіксіз жазық бірнеше пластина), жетекпен бірге жинақталған (сәйкес электронды басқару  схемасымен оқу-жазу  механизмінің үйлесуі) жадтайтын құрылғы.Қатқыл магнитті дискілерде  бір блокқа  жиналған  магнитті  бастиектер тобы жұмыс істейді.  ЭЕМ қосылып тұрғанда  дискілер пакеті үзіліссіз және үлкен жылдамдықпен  айналады, сол себепті юастиектер мен дискілердің механикалық түсйісуі мүмкін емес. Жинақтауыштың электромагниттік бөлігі шаң тимеуі үшін, герметикалық  корпусқа салынған. Винчестер әдетте жүйелік блоктың ішіне орналастырылған және ақпараттың өте үлкен көлемін тұрақты сақтауға арналған.

Магнитті дискіде ақпараттар магниттік бетке, концентрлік шеңбер тәрізді  жолдарға орналасады.

Яғни жолшықтар дегеніміз – бұл концентрлі шеңберлер, онда ақпарат орналасады.

Радиусы бірдей жолшықтар дискінің екі жағында орналсады да, цилиндр деп аталатын деректер аймағын құрайды.

Жол нөлден бастап нөмірленеді. Әр жолда ақпарат порция түрінде сақталады. Әр жолдағы порция саны бірдей болады. Әр түрлі жолдардағы бірдей нөмірлі мәліметтер  жиыны сектор деп аталады.

 

Компакт – дискілер – металмен қапталған оптикалық диск, оның салмағы небары 15 грамм және диаметрі 12 см. Оған шамамен 700 МБ ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс бетін қорғайтын арнайы қаығы жоқ, сондықтан оларды арнайы орауышта сақтайды.

Оның негізгі бөлігі шағылдырушы қабат, оның асты түссіз пластикпен жабылған, желіді қабат үстіне жабылып оған түрлі-түсті суретпен түссіз пластик жабылған.

Компакт дискілердегі ақпаратты оқу үшін арнаййы дискжетектер CD-ROM қолданылады. Олар сонымен бірге аудио компакт дискілерді де ойната алады. Қазіргі таңда тек оқып қана қоймай лазерлік дискілерге жаза алатын да дискжетектер қолданылады.

Тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға кесте мен кроссворд беріледі.

 

Компьютердің жад құрылғысының  әрқайсысы қолданылуы мүмкін жерге «+» таңбасын қой.

 

Жад құрылғысы

Компьютерде қолданылуы мүмкін

Жазу үшін

Оқу үшін

Ақпаратты компьютерден компьютерге тасу үшін

Жедел жад

+

+

 

Қатқыл диск

+

+

 

Дискет

+

+

+

ТЖҚ-ның микросхемасы

 

+

 

Компакт-диск

+

+

 

 

Кроссворд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

в

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

2

д

и

с

п

л

е

й

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ж

 

 

 

н

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

а

 

 

 

ч

 

 

 

 

ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

д

и

с

к

е

т

а

6

 

о

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

с

 

 

к

 

л

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

б

а

й

т

 

 

о

8

ш

и

н

а

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10

 

е

 

 

н

 

ы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

п

е

р

н

е

т

а

қ

т

а

 

 

 

 

 

 

 

 

11

 

р

 

 

 

 

р

 

 

 

13

 

 

 

 

 

 

 

 

т

 

и

 

12

п

р

о

ц

е

с

с

о

р

 

 

 

 

14

 

р

 

н

 

 

 

 

л

 

 

 

е

 

 

 

 

 

 

п

 

е

 

т

 

 

 

 

л

 

15

с

к

а

н

е

р

16

д

и

с

к

ж

е

т

е

к

 

е

 

 

 

т

 

 

 

 

 

 

к

 

б

 

р

 

 

 

 

р

 

 

 

о

 

 

 

 

 

 

с

 

о

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

р

 

 

 

 

 

 

е

 

л

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

л

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ь

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Тігінен:

1. Қатқыл диск

3. Ақпаратты сақтайтын құрылғы.

4. Бір шеңберде орналасқан және байтарды  сақтауға арналған диск бөлігі.

6. Компьютердің бөлек құрылғыларының арасында деректер беруді бақылайтын микросхема.

10. Басу құрылғысы.

11. Қол манипуляторы.

13. Әр түрлі жолшықтағы бірдей номерлері бар деректер жиыны.

14. Монитор экранындағы бір нүкте.

Көлденеңінен:

2. Компьютердің экранына ақпарат шығару құрылғысы.

5. Иілгіш диск.

7. Сегіз биттен тұратын топ.

8. Компьютердің жеке құрылғыларын байланыстыратын негізгі кеңарна (магистраль).

9. Мәтіндік ақпаратты енгізу құрылғысы.

12.  Компьютер «миы».

15. Компьютер жадына графикалық ақпаратты енгізу құрылғысы.

16. Иілгіш дискілермен жұмыс істеуге арналған құрылғы.


 

Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып:

Күні:

 

 

Сабақ № 12

 

 

Тақырыбы:                          Windows басқару элементтері. Жұмыс столы. Маус типті манипулятор. Windows оқулығы. Есептер тақтасының элементтері мен арналуы. Пуск батырмасының функциялары.

 

Сабақ мақсаты:                 а) Windows ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс столымен, обьектілер мен басқару элементтерімен таныстыру.

 

                                               Б) Есептер тақтасын, бас менюді жұмыста қолдануға үйрету. Маус манипуляторын меңгерту.

 

В) Компьютерді сауатты қолдануға, ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.

 

Сабақ көрнекілігі:             Плакаттар

Сабақ түрі:                          Дәстүрлі

Сабақ әдісі:                         Көрсете-түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақ типі:                          Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы:                  Ұйымдастыру кезеңі

                                               Үй тапсырмасын тексеру

                                               Жаңа сабақ түсіндіру

                                               Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру

                                               Үйге тапсырма

                                               Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасы Компьютердің сыртқы жады. Ақпарат тасуыштар. Иілгіш және компакт-дискілер. Дискжетек. CD-ROM.

Сұрақтар:

1.       Компьютер жады не үшін қажет?

2.       Ішкі жад қалай жіктеледі?

3.       Сыртқы жад не үшін керек?

4.       Қандай магнитті дискілерді білесің?

5.       Иілгіш дискінің құрылысы  мен арналуы қандай?

6.       Қатқыл дискінің құрылысы мен арналуы қандай?

7.       Жолшық дегеніміз не?

8.       Цилиндр дегеніміз не?

9.       Сектор дегеніміз не?

10.    Дискжетек қандай құрылғы?

11.    Лазерлік дискіден оқу үшін қандай диискжетек қолданылады?

Жаңа сабақ: Windows басқару элементтері. Жұмыс столы. Маус типті манипулятор. Windows оқулығы. Есептер тақтасының элементтері мен арналуы. Пуск батырмасының функциялары.

Windows типті ОЖ-сін оқып үйренуді бастаймыз.

Алдымен ОЖ-нің негізгі міндеттерін еске түсірелік.

1.       Барлық құрылғылардың жұмысын басқару

2.       Барлық программаларды іске қосу.

3.       Адам мен компьютер арасындағы қарым қатынасты ұйымдастыру.

Компьютермен жұмыс істеу – оның ОЖ-мен жұмыс істеу болып табылады.

Алдымен ОЖ-мен жұмыс бастау үшін компьютерді іске қосу керек.

Компьютерді іске қосу үшін:

Іске қосу батырмасын басамыз. Компьютердің құрылғыларының жұмысқа қабілеттіліг тексеріліп, алғашқы жүктеу процесі өтеді. ОЖ-ге белгілі бір қолданушы атымен кіреміз. Енді осыдан кейін ғана компьютер жұмыс жасауға дайын болады.

Компьютермен жұмысты аяқтау үшін:

Жұмыс жасап тұрған барлық программаларды жабамыз. Пуск-Выключить компьютер командасын орындаймыз. Компьютер автоматты түрде сөнеді.

Ескерту: компьютерді сөнгеннен соң қайта қосу үшін немесе керісінше жағдайда кем дегенде 1 минут уақыт өтуі тиіс.

Windows типті ОЖ – графикалық жүйе, болып табылатындықтан, оның негізгі обьектілері терезе мен белгіше түрінде бейнеленеді.

Мұнда обьектілер негізінен маус арқылы басқарылады. Маус көмегімен обьектілерді жылжытуға, көшіруге, қосуға, созуға,  ашуға, жабуға .т.с.с. әрекеттерді жасауға болады.

Бұл әрекетреді жасау үшін маусты басқаруды үйрену керек. Маустың сол жақ батырмасы негізгі, оң жағы қосымша батырма.

Windows-тың обьектілері.

Windows-тың обьектілері орналасқан экран – жұмыс столы деп аталады. Яғни жұмыс столында обьектілер мен басқару элементтері орналасады.

Windows-та обьекті болып қапшықтар, файлдар, терезелер,  таңбашалар, белгішелер, маус нұсқағышы есептеледі. Әр обьектінің өз қасиеттері болады. Мысалы файл обьектісінің қасиеттеріне  оның атауы, типі, өлшемі, құрылған мерзімі жатады.

Обьектілер жұмыс столында әртүрлі белгішелер түрінде бейнеленеді.

Белгішенің бір түрі ол таңбашалар (ярлык). Белгіше өзі обьект болып саналады. Ал таңбаша белгішемен қатынасу үшін қолданылады.

Бірқатар обьектілер белгілі бір белгілері бойынша біріктіріліп, қапшық түсінігі пайдаланылады. Яғни қапшық дегеніміз – бұл обьектілер қоймасы.

Қапшық ішінде файл, белгіше, таңбаша, сонымен бірге басқа қапшық та орналаса алады. Қапшықтар ашық немесе жабық болады. Ашық қапшық терезе түрінде жабық қапшық белгіше түрінде көрінеді.

Windows-тың басқару элементтері.

Олар: Пуск батырмасы, Бас меню, меню жолдары, бағыныңқы меню және командалар жатады.

Команда бұл берілген команданың белгішесінде  маусты шерткенде жүретін әрекет.

Команда ұзын немесе қысқа болады.

Қысқа команда деп программа белгісінде шерткенде орындалатын әрекетті айтамыз.

Ұзын команда деп белгілі бір нәтижеге әкелетін нұсқауды айтамыз. Мысалы: Пуск-ПРограммы-Стандартные-Блокнот

 

Мауспен жұмыс.

Маус обьектілер мен басқару элементтерін іске келтіру үшін қолданылады.

Батырма

Әрекет

Әрекет нәтижесі

Сол жақ батырма

Обьект бойынша шерту

Обьектіні белгілейді, яғни қолдануға дайындайды.

Басқару элементін шерту

Басқару элементін әрекетке келтіреді

Екі рет шерту

Обьектілермен операциялар жүргізеді: бағдарлама іске қосылады; қапшық, файл ашылады; дыбыс және бейне файлдар ойналады.

Апару немесе тасу

Қолданбадағы белгішелер, терезелер, таңбашалар, есеп тақтасы, құралдар тақтасы.

Созу

Терезенің өлшемін, диагональ, тік және  көлбеу бағыттарда өзгертеді.

Оң жақ батырма

Обьектіні немесе басқару элементін шерту

Динамикалық (контекстік) менюді шақырады.

Апару немесе тасу

Жылжыту, көшіру, таңбашалар жасау командалары бар динамикалық контекстік менюді шақырады.

 

Есептер тақтасы.

Экранның төменгі жағындағы Пуск батырмасы орналасқан сұр жолақ – Есептер тақтасы деп аталады. Есептер тақтасы негізгі элемент, себебі оның құрамына:

1.       Пуск батырмасы

2.       Ашық қолданбалардың белгішелері

3.       Қосымша ақпараттар

4.       Пернетақта индикаторы кіреді.

Пуск батырмасы бас менюді іске қосады.

 Бекіту сұрақтары:

1.       Компьютерді іске қалай қосамыз?

2.       Компьютермен жұмысты қалай аяқтаймыз?

3.       Windows ОЖ-нің негізгі обьектілері не?

4.       Обьектілерге нелер жатады?

5.       Жұмыс столы деп нені айтады?

6.       Windows-тың басқару элементтеріне не жатады?

7.       Маус арқылы обьектілермен қандай әрекетер жасауға болады?

8.       Команда дегеніміз не?

9.       Қысқа командаға, ұзын командаға мысал келтір.

10.    Есептер тақтасы деп нені айтады?

 

Уақыт қалса компьютерлік сауаттылық ЭО-мен өткен тақырыптар бойынша материалдар қарап, жұмыстанады.

 

Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ :

 

 

Күні:

 

 

Сабақ № 14-15

 

 

Тақырыбы:                          Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері.

Сабақ мақсаты:                 а) Windows терезелерімен, терзелер элементтерімен, терезеллер түрлерімен, басқару тәсілдерімен, терезелер менюімен таныстыру.

 

                                               Б) Терезелермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

 

В) Компьютерлік сауаттылықтарын арттыру арқылы, пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ көрнекілігі:             Тапсырма-карточкалар

Сабақ түрі:                          Өздік жұмыс жасату

Сабақ әдісі:                         Практикум элементтерін қолданып, жеке жұмыс жасату

Сабақ типі:                          Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы:                  Ұйымдастыру кезеңі

                                               Үй тапсырмасын тексеру

                                               Жаңа сабақты карточклара арқылы түсіндіру

                                               Жаңа сабақтың тапсырмаларын тексеру

                                               Үйге тапсырма

                                               Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасы Windows басқару элементтері. Жұмыс столы. Маус типті манипулятор. Windows оқулығы. Есептер тақтасының элементтері мен арналуы. Пуск батырмасының функциялары.

Сұрақтар:

1.       Компьютерді іске қалай қосамыз?

2.       Компьютермен жұмысты қалай аяқтаймыз?

3.       Windows ОЖ-нің негізгі обьектілері не?

4.       Обьектілерге нелер жатады?

5.       Жұмыс столы деп нені айтады?

6.       Windows-тың басқару элементтеріне не жатады?

7.       Маус арқылы обьектілермен қандай әрекетер жасауға болады?

8.       Команда дегеніміз не?

9.       Қысқа командаға, ұзын командаға мысал келтір.

10.    Есептер тақтасы деп нені айтады?

 

Жаңа сабағымыз Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері.

 

Оқушыларды үш топқа бөлу арқылы оларға мынадай тапсырмалар беріледі. Әр топ жеке жұмыстанып, соңында жауаптарын тексереміз. Жауапты кітаппен жұмыстанып, табады. Жауаптары дәптерге орындалады.

 

1 тапсырма

Терезенің анықтамасын бер. Ж: Терезе дегеніміз – жақтаулармен шектелген эканның төртбұрышты аймағы.

2 тапсырма

Терезенің қандай түрлері болады? Әрқайсысының сипаттамасын жаз.

Ж: Қапшық терезелері – Windows-тың басқа обьектілерінің белгілері мен басқару элементтері бар.

Қолданба терезелері – Қолданбаға жүктелген құжатты көрсету қызметін атқарады.

Диалог терезелері – Windows пен оның қолданбаларын басқару үшін және баптау қызметін атқарады.

Анықтама терезелері – Windows пен оның қосымшаларының жұмысы бойынша анықтама шығару қызметін атқарады.

3 тапсырма.

Терезе элементтерін жаз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 тапсырма

Құрал-саймандар тақтасы не үшін керек? Ж: Құрал-саймандар тақтасындағы батырмалар  жиі қолданылатын командаларға жылдам қатынау үшін қолданылады.

Құралдардың атауын жаз.

1.           2.      3.     4.        5.     6.      7.    8.     9.

1. Түрі    2. Кері ауысу    3. Алға қарай өту     4. Бір деңгейге жоғары ауысу   5. Буферден кірістіру   6. Буферге көшіру   7. Буферге қиып алу   8. Баспаға беру   9. Сақтау

5 тапсырма

Шиыру жолақтары қай кезде пайда болады? Ж: Егер терезенің биіктігі мен ені оның мазмұнын толық көрсетуге мүмкіндік бермесе, мұндай терезеге шиыру жолағы қосылады.

Элементтерінің атауын жаз.

Облачко с текстом: прямоугольное со скругленными углами: 1 Жоғары айналдыру батырмасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


6 тапсырма

Терезелер арасында ауысу.

Активті терезенің белгілері қандай? Ж: Активті терезе басқа терезелерден жоғары орналасады. Оның тақырыбы өзгешеленіп тұрады. Оған сәйкес есептер тақтасындағы  батырмасы басулы болып көрінеді.

Терезені активті түрге қалай келтіреміз? Ж: 1 тәсіл: терезенің кез келген жерінде шерту. 2 тәсіл: есептер тақтасындағы сәйкес батырманы шерту.

7 тапсырма

Сөйлемді аяқта.

Егер команда сұр түспен салынған болса, онда оған қатынау мүкін емес, яғни ол активті емес болып табылады.

Оны активті қылу үшін обьектіні ерекшелеу керек.

 таңбашасы функцияның активті жағдайда  екенін білдіреді. Оны алып тастау үшін, осы команданы шерту керек.

 таңбашасы команданың бағыныңқы менюі бар екенін білдіреді. Мұндай команданы таңдағанда, экранға бағыныңқы меню шығарылады.

 

Тапсырмалар орындалып болған соң тексеріледі. Оқушылар бағаланады.

 

Үйге тапсырма анықтамаларды жаттау. Тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ :

 

 

 

 

Күні:

 

 

 

 

Тақырыбы:                          Windows XP жұмыс столы. Обьектілерді іздеу. Анықтама. Анықтама жүйесін қолдану.

 

Сабақ мақсаты:                 а) Windows XP жұмыс столы тақырыбы бойынша оқушылардың білім мен біліктілігін бекіту.

 

                                               Б) Операциялық жүйенің негізгі  әрекеттерін меңгерту.

 

В) Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ көрнекілігі:             Практикалық жұмыс жазылған карточкалар, жұмыс столы

Сабақ түрі:                          ПРактикалық жұмыс

Сабақ әдісі:                         Көрсете түсіндіру.

Сабақ типі:                          Қайталау, пысықтау сабағы

Сабақ барысы:                  Ұйымдастыру кезеңі

                                               Үй тапсырмасын тексеру

                                               Компьютерде орындалатын практикалық тапсырмалар беру

                                               Оындалған жұмысты талдау, пікірталас жүргізу

                                               Үйге тапсырма

                                               Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасы Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері.

Үй  тапсырмасы бойынша сұрақтар:

1.       Терезенің анықтамасын бер.

2.       Терезенің қандай түрлері болады?

3.       Терезе элементтерін ата.

4.       Құрал-саймандар тақтасы не үшін керек?

5.       Шиыру жолақтары қай кезде пайда болады?

6.       Активті терезенің белгілері қандай?

7.       Терезені активті түрге қалай келтіреміз?

8.       Меню дегеніміз не?

9.       Созылған меню қай уақытта пайда болады?

Жаңа сабақ Windows XP жұмыс столы. Обьектілерді іздеу. Анықтама. Анықтама жүйесін қолдану.

 

Жаңа сабақты  практикалық жұмысты компьютерде орындаудан бастаймыз.

 

Терезе элементтері мен оның өлшемдерін өзгерту тәсілдері.

1.                   «Мой компьютер» терезесінің тақырыптар аумағын, жималау, жаймалау батырмаларын, жүйелік меню белгішісін тап.

2.                   Терезені экран бойында жылжытыңдар.

3.                   Терезенің биіктігі мен енін өзгертіңдер.

4.                   Терезеде айналдыру (шиыру) жолақтары пайда болатындай етіп өлшемін өзгерт.

 

Windows – тың негізгі ұғымдарын бекіту, «Активті терезе», Windows-тағы тізімдер мен ауыстырып-қосқыштар.

1.                   Экранда 5  терезе ашыңдар. Олардың әрқайсысын кезекпен тікелей терезеде шертіп, барлық терезелерді активті қалыпқа келтіріңдер.

2.                   Пернетақтаның берілген қаріпін ауыстырыңдар. Есептер тақтасындағы  пернетақтаның  индикаторы қалай өзгерді?

 

Жұмыс столының қасиеттерін баптау.

1.                   «Свойства» диалог терезесін ашыңдар (маустың оң жағы арқылы). Жұмыс столы үшін сурет немесе өрнек түрін таңдаңдар.

2.                   Обьемныйтекст заставкасын  таңдаңдар. Оның параметрлерін өзгетріңдер.

 

Обьектілерді іздеу.

1.       Пуск – Найти – Файлы и папки командасын орындаңдар.

2.       Файл немесе папканы аты бойынша іздеуді қарастырамыз. Файл аты өрісіне :

a.        *.* жазуын енгізіп Найти басыңдар. Нәтижені талдаңдар.

b.       А*.doc жазуын енгізіп, найти шертіп нәтижені талдаңдар.

c.        *н.doc жазуын енгізіп, найти шертіп нәтижені талдаңдар.

d.       А???р.doc жазуын енгізіп, найти шертіп нәтижені талдаңдар.

e.        ?????. doc жазуын енгізіп, найти шертіп нәтижені талдаңдар.

Сұрақ:  ? және * символы нені білдіреді. Олар обьекті іздеу кезінде қалай қолданылады.

 

Алғашқы үш тапсырма оқушылрадың өздігінен орындалып, соңғы тапсырма мұғалімнің көмегімен орындалады. Талдау мұғалімнің бақылауымен жүреді.

Бекіту сұрақтары:

1.       Windows – та экран фонын қалай өзгертуге болады?

2.       Windows – та экран заставкасын қалай өзгертуге болады?

3.       Жұмыс столы дегеніміз не?

4.       Активті терезе деген не? Ашылып тұрған бірнеше терезенің қайсысы активті екенін қалай анықтауға болады?

5.       Терезені активті қалыпқа қалай келтіреміз?

6.       Жабу және Жималау  ұғымдарының айырмашылығы неде?

7.       Операциялық жүйе дегеніміз не?

8.       Оның негізгі міндетері қандай?

9.       Windows операциялық жүйесімен жұмысты аяқтау реті қандай?

10.    Мауспен обьектіні қалай белгілеуге болады?

11.    Белгілеуді қалай алып тастауға болады?

12.    Обьектіде екі рет шерту қандай нәтиже береді?

13.    Басқару элементтеріне не жатады?

14.    Обьектілерге нелер жатады?

15.    Қапшықтың қандай түрлері бар?

 

Үйге тапсырма  айтылған тықырыптарды оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ :

 

 

 

 

Күні:

 

 

 

 

Тақырыбы:                          Бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу. Қапшық құру, таңбаша жасау.

Сабақ мақсаты:                 а) Оқушыларға құжаттар мен программаларды қосу тәсілдерін, қапшық құру мен таңбаша жасауды меңгерту.

 

Б) ҚҰжаттар мен программаларды қосудың әртүрлі тәсілдерін, жұмысты жеңілдету үшін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

 

В) Компьютерде жұмыстанудың тиімді тәсілдерін меңгерту, сауаттылықтарын арттыру.

 

Сабақ көрнекілігі:             Тапсырмалар жазылған карточкалар

Сабақ түрі:                          Практикалық сабақ

Сабақ әдісі:                         Компьютерде практикалық жұмыс орындату

Сабақ типі:                          Жаңа білімде меңгерту сабағы

Сабақ барысы:                  Ұйымдастыру кезеңі

                                                Үй тапсырмасын тексеру

                                               Жаңа сабақ түсіндіру

                                               Жаңа сабақты бекітуге практикалық тапсырмалар беру

                                               Үйге тапсырма

                                               Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар мА?

Үй тапсырмасы Windows XP жұмыс столы. Обьектілерді іздеу. Анықтама. Анықтама жүйесін қолдану.

Сұрақтар:

1.       Windows – та экран фонын қалай өзгертуге болады?

2.       Windows – та экран заставкасын қалай өзгертуге болады?

3.       Жұмыс столы дегеніміз не?

4.       Активті терезе деген не? Ашылып тұрған бірнеше терезенің қайсысы активті екенін қалай анықтауға болады?

5.       Терезені активті қалыпқа қалай келтіреміз?

6.       Жабу және Жималау  ұғымдарының айырмашылығы неде?

7.       Операциялық жүйе дегеніміз не?

8.       Оның негізгі міндетері қандай?

9.       Windows операциялық жүйесімен жұмысты аяқтау реті қандай?

10.    Мауспен обьектіні қалай белгілеуге болады?

11.    Белгілеуді қалай алып тастауға болады?

12.    Обьектіде екі рет шерту қандай нәтиже береді?

13.    Басқару элементтеріне не жатады?

14.    Обьектілерге нелер жатады?

15.    Қапшықтың қандай түрлері бар?

 

Жаңа сабақ: Бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу. Қапшық құру, таңбаша жасау.

Жаңа тақырып компьютерде практикалық жұмыс орындау кезінде көрсетіліп, түсіндіріледі.

Ұсынылатын практикалық жұмыс:

1-тапсырма:

«Проводник» қолданбасы дегеніміз не?

1.                Пуск-Программы-Стандартные-Проводник командасын орында.

2.                Терезенің сол жақ бөлігінен Мои документы қапшығын белгіле.  Терезенің оң жақ бөлігінде не көрінді?

3.                Мои документы қапшығының алдыдағы «+» таңбасын шерт. Қандай өзгеріс болды?

4.                Мои документы қапшығының алдындағы «-» таңбасын шерт. Қандай өзгеріс болды?

Жауап ізделетін сұрақтар: 1.Проводник қолданбасы не үшін қолданылады?

                                                   2. Терезенің сол жақ бөлігінде не орналасқан?

                                                   3. Терезенің оң жақ бөлігінде не көрінеді?

                                                   4. Қапшықтың алдындағы «+» таңбасы нені білдіреді?

                                                   5. Қапшықтың алдындағы «-» таңбасы нені білдіреді?

2-тапсырма:

Программаны іске қосудың 3 тәсілі.

1-тәсіл:  «Мой компьютер» арқылы.

2-тәсіл:  «Проводник» қолданбасы арқылы.

3-тәсіл:  «Пуск» батырмасы арқылы.

Бірінші және екінші әдістер өте күрделі. Мұны алдағы уақытта қосымша қарастырамыз. Бүгін 3-тәсіл, «Пуск» батырмасы арқылы қосуды қарастырамыз.

Тапсырма: «Пуск» батырмасы арқылы        1. Блокнот қолданбасын іске қос.

                                                                                  2. Microsoft Word программасын іске қос.

                                                                                  3. Компьютерлік сауаттылық программасын іске қос.

3-тапсырма:

Құжатты ашудың  3 тәсілі.

1. «Мои документы» арқылы. (Мои документы қапшығын ашып, қажет құжатта екі рет шертеді)

2. «Проводник» қолданбасы арқылы. (Проводникті іске қосып, сол жақта Мои документы қапшығын белігілеп, оң жақтан қажет құжатты екі рет шертеді)

3. «Пуск» батырмасы арқылы. (Пуск-Документы командасын орындап, қажет құжатты таңдайды)

Тапсырма:               «Мои документы» арқылы  7-класс құжатын аш.

                                   «Проводник» арқылы  7-класс құжатын аш.

«Пуск» батырмасы арқылы  7-класс құжатын аш.

4-тапсырма:

Жаңа қапшық құру.

Файлдар көбейген сайын оларды бір қапшықта орналастыру тиімсіз. Ол үшін кейбір файлдарды біріктіріп, бір файлға салу керек. Бұндай жағдайда жаңадан қапшық құру керек.

Жаттығу тапсырмасы:

«Жұмыс столында»  жаңа қапшық құру:

                   1. Жұмыс столының бос жерінде маустың оң жағын шертіп, Создать-Папку командасын орындайды.

                   2. Экранда Новая папка қапшығы пайда болады да, курсор оның аты өрісінде орналасады.

                   3. Delete пернесін басып, содан соң қапшықтың жаңа атауы ретінде Компьютер атауын енгіз.

                   4. Enter пернесін бас.

                   5. Жұмыс столында Компьютер  атты жаңа қапшық пайда болады.

«Қапшық ішінде»  жаңа қапшық құру:

1. Жаңа құрылған Компьютер  қапшығын ашып, Файл-Создать-Папку командасын орындайды.

                   2. Терезенің жұмыс аймағында  Новая папка қапшығы пайда болады да, курсор оның аты өрісінде орналасады.

                   3. Delete пернесін басып, содан соң қапшықтың жаңа атауы ретінде Информатика  атауын енгіз.

                   4. Enter пернесін бас.

                   5. Комптютер  қапшығының ішінде  Информатика  атты жаңа қапшық пайда болады.

Тапсырма:               «Жұмыс столында»  Дүйсенбі  атты жаңа қапшық құр.

                                   «Дүйсенбі» қапшығының ішінде Сейсенбі қапшығын құр.

«Сейсенбі» қапшығының ішінде Сәрсенбі қапшығын құр.

«Сәрсенбі» қапшығының ішінде Бейсенбі қапшығын құр.

«Бейсенбі» қапшығының ішінде Жұма қапшығын құр.

«Жұма» қапшығының ішінде Сенбі қапшығын құр.

«Сенбі» қапшығының ішінде Жексенбі қапшығын құр.

 

5-тапсырма:

Таңбаша жасау.

Таңбаша – нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер. ОЛардың қапшық белгісінен айырмашылығы – оның сол жақ төменгі бұрышында кішкене иілген стрелкасы (бағдарша) бар.Таңбашаны екі рет шерту құжатты ашады немесе бағдарламаны іске қосады. Таңбашаны жойғанда, оның көрсетіп тұрған файлы жойылмайды. Таңбашаның негізгі міндеті – қажет болатын әр түрлі жерлерден оның бірнеше көшірмесін жасамай, обьектіге қатынауды қамтамасыз ету.

Таңбашалар жасааудың екі тәсілі бар:

1-тәсіл: (Алып бару тәсілі)

Маустың оң жақ батырмасы арқылы:

                                   1. Таңбаша жасайтын обьектіні белгілейді.

                                   2. Обьектіні маустың оң жақ батырмасын басып тұрып, басқа орынға жылжытады.

3. Қажет жерге апарған соң маус батырмасын босатып, шыққан динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдайды.

4. Апарған жерде белгіленген обьектінің таңбашасы пайда болады. Таңбашаны кез келген жерге тасымалдауға болады.

Маустың сол жақ батырмасы арқылы:

                                   1. Таңбаша жасайтын обьектіні белгілейді.

2. Обьектіні маустың сол жақ батырмасын және Alt пернесін басып тұрып, басқа орынға жылжытады.

3. Қажет жерге апарған соң маус батырмасын және Alt пернесін босатады.

4. Апарған жерде белгіленген обьектінің таңбашасы пайда болады. Таңбашаны кез келген жерге тасымалдауға болады.

2-тәсіл: (Динамикалық меню командасы көмегімен)

1. Таңбаша жасайтын обьектіні белгілейді.

2. Обьектіде маустың оң жақ батырмасын басып (маусты қозғамайды), шыққан динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдайды..

3. Экранда белгіленген обьектінің таңбашасы пайда болады. Таңбашаны кез келген жерге тасымалдауға болады.

Тапсырма:               Жұмыс столындағы  Дүйсенбі   қапшығының таңбашасын аталған 3 түрлі әдіспен жаса.

Әрбір таңбашаны екі рет шерт. Экранда 3 терезе ашылады. Не байқадың?

 

Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу. Компьютерде жасалған жұмыстарды қайталап жаттығу.

Оқушылардың жұмысы бағаланады.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар. 

 

 

                  

Топ :

 

 

Күні:

 

 

Сабақ № 15

 

 

Тақырыбы:                          Файлдар мен қапшықтар. Қапшықтар құрылымы.

Сабақ мақсаты:                 а) Файлдар, қапшықтар, таңбашалар, себет, ұғымдарымен таныстыру.

 

Б) Файл мен қапшықтың айырмашылығын ажыоаты білуге үйрету. Қапшықттар құрылымын көрсету.

 

В) Оқушыларға практикалық біліммен бірге теориялық білімнің қажеттілігін түсіндіру. Пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ көрнекілігі:             Карточкалар. Плакаттар.

Сабақ түрі:                          Дәстүрлі

Сабақ әдісі:                         Түсіндірмелі баяндау, сұрақ-жауап арқылы.

Сабақ типі:                          жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақ барысы:                  Ұйымдастыру кезеңі

                                               Үй тапсырмасын тексеру

                                               Жаңа сабақ түсіндіру

                                               Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру

                                               Үйге тапсырма

                                               Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасы Бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу. Қапшық құру, таңбаша жасау.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

1.       Бағдарламаны іске қосудың қандай жолдарын білесің?

2.       Құжатты ашудың қандай жолдарын білесің?

3.       Проводник қолданбасы не үшін қажет?

4.       Проводник қолданбасының терезесінің қапшық терезесінен айрмашылығы қандай?

5.       Қапшық құрудың қандай тәсілдерін білесің?

6.       Таңбаша құрудың қандай тәсілдерін білесің?

Жаңа сабақ Файлдар мен қапшықтар. Қапшықтар құрылымы.

Қапшықтар мен файлдар Windows-тің обьектілеріне жатады. Қапшықтар компьютерде белгілі бір тәртіппен орналасады, оны  иерархия  деп атайды. Қапшықтар иерархиясын Проводник қолданбасының сол жақ бөлігінен көруге болады. Немесе оны мына схмадан көруге болады:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Мұнда схемадан көріп отырғандай Жұмыс столы қапшығы қапшықтар иерархиясының шыңы болып табылады. Яғни ол барлық қалған қапшықтар үшін аналық қапшық болып табылады.

Қапшықтар типіне қарай жүйелік және жұмыс қапшықтары болып бөлінеді.

Операциялық жүйенің  обьектілері жүйелік қапшықтарда сақталады. Жүйелік қапшықтарға қандай да бір өзгерістер енгізілсе, жүйе жұмысы бұзылуы мүмкін.

Жүйелік қапшықтарға WINDOWS, Program Files және программалар құрған қапшықтар жатады.

Жұмыс қапшықтарына өздерің құрған немесе сендер үшін жүйе құрған қапшықтар жатады.  Мысалы, Мои документы қапшығы.

Файл дегеніміз не?

Файл - аты бар бірқатар байттар тізбегі. Мұндай ақпарат қандай да бір тұрақты жадтайтын құрылғыға, мысалы дискетаға немесе винчестерға жазылады және оны көптеген өзіне ұқсас файлдардан ажырату үшін нақты бір аты болады.

Файлдардың негізгі типтері: құжатар, суреттер, программалар.

Файлға ат бергенде мыналарды есте сақтау керек.

1.       Файлдардың аты мен кеңейтілуі болады.

2.       Файлдардың аты бос орынды есептегенде 255 символдан аспауы керек. Бірақ кейбір басқа жүйлерде мысалы, MS-DOS жүйесінде 8 символдан аспауы керек.

3.       Файлдың атын жазғанда үлкен, кіші және латын және орыс әріптерін, 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды,  арнайы символдарды: дефис(-), астын сызу(_), леп белгісі (!) және мына символдарды: @, #, $, %, ^, &, (,),  {,} қолдануға болады.

4.       Файлдардың атын жазғанда  мына символдарды: жұлдызша(*), қос нүкте(:), сұрақ белгісі(?), бөлгіш (/),  үлкен(>), кіші (<), тырнақша («»), кері көлбеу сызық (\), тік сызық () қолдануға болмайды.

5.       Файл кеңейтілуі үш символдан тұрады және файлдың атынан кейін нүкте арқылы ажыратылады.

Файл кеңейтілуі оның мазмұнын көрсетеді және олар алуан түрлі болады:

1.       txt, doc, dot, rtf – мәтіндік файлдар.

2.       exe, com – бағдарламалар және қолданбалар файлдары.

3.       bat – командалық файл.

4.       bmp – графикалық файл.

5.       htm – Web-Internet беті.

6.       rar, arj, zip – архивтік файлдар.

7.       hlp – анықтама файлдары.

8.       lib, obj, dll – кітапханалық файлдар.

9.       bas – Бейсик тіліндегі бағдарламалар мәтіні.

10.    bac – ескі файлдар көшірсмесі.

11.    sys – жүйелік файл.

12.    dbt – деректер базасы.

Файл атын оның мазмұннына сай беру керек.

Файлдардың барлығының (ата мен кеңейтілуінен басқа) келесі сипаттамалары (атрибуттары) бар:

-                    өлшемі (берілген файлда бар ақпарат көлемі),

-                    типі (жүйеде берілген файлдың кеңейтілуін қалай түсінетінін мағынасын ашу),

-                     өзгерту уақыты (файл қашан құрылғанын және соңғы өзгерту  қашан енгізілгенін көрсетеді).

Файлдар терезелерде немесе жұмыс столында белгіше түрінде көрсетіледі. Оның астында  файл аты көрсетіледі.

 

Тақырыпты бекіту тапсырмалары:

Сұрақтар:

1.       Файл дегеніміз не?

2.       Иерархия дегеніміз не?

3.       Қапшықтар типіне қарай қалай бөлінеді?

4.       Жүйелік қапшықтарға қандай қапшықтар жатады?

5.       Жұмыс қапшықтарына қандай қапшықтар жатады?

 

Файлдардың аттары қандай болады? Оларды адам атымен салыстырыңдар. Атаудың оң жақ және сол жақ бөлігі нені көрсетеді.

Файл аты

Сол жақ бөлігі                      Оң жақ бөлігі

Аты.типі

 

Адам аты мен файл аттары ұқсас болады.

Адаматары қалай құрылған? Адамның толық аты-жөні, атынан және тегінен (фамилиясы) тұрады. Адам аты оны басқа адамдардан айыру үшін қажет. Адамға атты ата-анасы өздерінің қалауы бойынша қояды. Тегі оның  қандай жанұядан екенін білдіреді және оған автоматты түрде беріледі.

Файл аттары да шамамен солай құрылған. Сол жақ бөлігі, оны басқа файлдардан ажыратуға арналған, пайдаланушы оны өзі таңдайды. Ал оң жағы, бұл файл қандай қолданбада құрылғанын көрсетеді және файлға автоматты түрде меншіктеледі.

 

Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ :

 

 

Күні:

 

 

Сабақ № 16

 

 

Тақырыбы:                          Обьектілермен жұмыс істеу.

Сабақ мақсаты:                  а) Обьектілерді жылжыту және көшіру тәсілдерін, обьектілердің атын өзгерту тәсілдерін, обьектілерді жою және қалпына келтіру тәсілдерін меңгерту.

 

                                               Б) Обьектілермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

 

В) Жұмыс кезінде ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

 

Сабақ көрнекілігі:             Карточкалар

Сабақ түрі:                          Дәстүрлі

Сабақ әдісі:                         Түсіндірмелі баяндау, практикалық жұмыстар жасату.

Сабақ типі:                          Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақ барысы:                  Ұйымдастыру кезеңі

                                               Үй тапсырмасын тексеру

                                               Жаңа сабақ түсіндіру

                                               Жаңа сабақты бекітуге практикалық тапсырма

                                               Үйге тапсырма

                                               Сабақты қорытындылау

 

Үй тапсырмасы Файлдар мен қапшықтар.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

1.       Файл дегеніміз не?

2.       Иерархия дегеніміз не?

3.       Қапшықтар типіне қарай қалай бөлінеді?

4.       Жүйелік қапшықтарға қандай қапшықтар жатады?

5.       Жұмыс қапшықтарына қандай қапшықтар жатады?

6.       Таңбаша дегеніміз не?

7.       Таңбаша белгісінің басқа белгішеден айырмашылығы неде?

8.       Егер файлдың таңбашасы жойылған кезде не болады?

9.       Таңбашаның негізгі міндеті қандай?

10.    Таңбаша жасаудың қандай тәсілдерін білесің, қандай тәсілді көп қолданасың?

Жаңа сабақ: Обьектілермен жұмыс істеу.

Жаңа сабақ компьютерде практикалық жұмыс орынду кезінде түсіндіріледі. Алдымен теориясы жазылған карточка оқушыларға үлестіріліп, сол бойынша артынан практикалық тапсырмалар беріледі.

Каорточка мазмұны:

Windows обьектілерімен жұмыс жасағанда олармен мынадай әрекеттер жасауға болады:

1)       Обьектілерді жылжытуға (переместить) болады.

2)       Обьектілерді көшіруге (копировать) болады.

3)       Обьектілердің атын өзгертуге (переименовать)  болады.

4)       Обьектілерді жылжыту, көшіру, атын өзгерту операцияларын болдырмауға (отменить) болады.

5)       Обьектілерді жоюға (удалить) болады.

6)       Жойылған обьектілерді корзинадан қайта қалпына келтіруге(восстановить) болады.

7)       Корзинаны тазартуға (очистить корзину)  болады.

 

Обьектіні жылжытқанда  ол жаңа орынға орналастырылады да, бұрынғы орнынан жоқ болып кетеді.

Обьектіні көшіргенде обьект бұрынғы орнында қалады, ал көшірмесі жаңа орынға орналастырылады.

Обьектілерді көшіру мен жылжытудың бірнеше тәсілі бар.

1. Маустың оң жақ батырмасы көмегімен

Обьектіні қапшық терезесінде жылжыту немесе көшіру үшін , маус нұсқағышын обьектінің үстіне орналастырып, оның оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орынға орналастырып, батырманы босатады. Содан соң экранда пайда болған динамикалық менюден көшіру қажет болса, Копировать, жылжыту қажет болса Переместить командаларының бірін таңдауға болады.

2. Маустың сол жақ батырмасы көмегімен

Маустың сол жақ батырмасымен обьектіні жылжытқанда , Ctrl немесе Shift пернелерін қолдануға болады.

А) Егер жылжыту кезінде Shift пернесі басулы тұрса онда таңдалған обьекті жылжытылады.

Б) ) Егер жылжыту кезінде Ctrl пернесі басулы тұрса онда таңдалған обьекті көшіріледі.

3. Меню командалары арқылы обьектілерді көшіру және жылжыту.

Обьектілерді жылжытқанда Алмасу буферін қолданған кейбір кездерде ыңғайлы болады.

Алмасу буфері – жылжытылатын немес көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі.

Алмастыру буфері көмегімен деректерді әртүрлі құжаттар мен қолданбалар арасында алмастыруға болады. Алмастыру буферін қолданғанда алдымен оған деректерді орналастырып, содан кейін алып қажетті құжатқа кірістіреді. Алмастыру буферіндегі ақпаратты көп рет кірістіруге болады.

Алмастыру буфері арқылы обьектіні жылжытқанда:

1.       Обьектіні маус көмегімен белгілейді.

2.       Правка-Вырезать командасын орындайды.

3.       Қабылдаушы қапшықты ашады.

4.       Правка – Вставить командасын орындайды.

Алмастыру буфері арқылы обьектіні көшіргенде:

1.       Обьектіні маус көмегімен белгілейді.

2.       Правка-Копировать командасын орындайды.

3.       Қабылдаушы қапшықты ашады.

4.       Правка – Вставить командасын орындайды.

Қапшықтардың, файлдардың немесе таңбашалардың аттарын өзгерту.

Обьектілердің аттарын өзгертудің 4 түрлі тәсілі бар:

1.                     Қажет обьектіде маустың оң жақ батырмасын шертіп, динамикалық менюден Переименовать командасын таңдау керек.Сонда обьектінің ескі атының төңірегінде жақтау пайда болады. Енді оған пернетақтадан жаңа атенгізіп Enter пернесін басыңдар.

2.                     Маустың сол жақ батырмасын шертіп обьектіні белгілеп, қапшық терезесінің  менюіндегі Файл-Переименовать командасын орындаңдар. Сонда обьектінің ескі атының төңірегінде жақтау пайда болады. Енді оған пернетақтадан жаңа ат енгізіп Enter пернесін басыңдар.

3.                     Обьектіні белгілеп, кішкене уақыттан соң оның атының үстінде тағы бір рет шертіңдер. Сонда обьектінің ескі атының төңірегінде жақтау пайда болады. Енді оған пернетақтадан жаңа атенгізіп Enter пернесін басыңдар.

4.                     Обьектіні белгілеп алып, Ғ2 пернесін басыңдар да, жаңа ат енгізіңдер.

 

Жылжыту, көшіру және атын өзгерту операцияларын болдырмау.

Егер орындалған әрекетті қажет емес деп тапсаңдар оны кері түзетуге болады.

Ол үшін соңғы орындалған әрекетті болдырмау үшін Правка-Отменить командасын орындайды.

 

Қапшықтар мен файлдарды, таңбашаларды жою.

Обьектілерді жою аса қауіпті қадам.Обьектіні ойланбай жою бағдарламаның дұрыс жұмыс істемеуіне немесе тіпті жүйенің бұзылып қалуына әкеледі. Жойылған обьектілер Корзина  папкасына салынады. Корзинадағы обьектілер тіптен жойылғанша немесе қалпына келтірілгенше сақталады. Дискеттен жойылған обьектілер Корзинаға салынбайды.

Жою тек оқытушының бақылауымен жүргізілуі керек.

Обьектілерді жоюдың 4 түрлі тәсілі бар.

1.       Обьектіні белгілеп Delete пернесін басыңдар.

2.       Белгіленген обьектіде маустың оң жақ батырмасын басып, Удалить командасын таңдаңдар.

3.       Обьектіні немесе обьектілер тобын белгілеп, қапшықтың терезесінің менюіндегі Файл-Удалить командасын орындаңдар.

4.       Обьектіні немесе обьектілер тобын белгілеп, Жұмыс орнындағы Корзина папкасына апарыңдар.

 

Қай әдісті қолдансаңдар да экранда Өшіру қажет пе деген сұрау терезесі шығады. Егер Ия батырмасын шертсеңдер, онда өшірілетін обьектілер автоматты түрде Корзинаға салынады. Кейін оны Корзинадан алып қайта қалпына келтіруге болады. Егер сендер Жоқ бассаңдар онда обьект жойылмай бұрынғы орнында қалады.

 

Өшірілген қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды қайта қалпына келтіру.

Обьект Корзинада жойылғанша немесе қайта қалпына келтірілгенше сақталады. Корзинадағы обьектілерді көру үшін оны ашу керек.

Корзинадағы обьектіні өзі жойылғанша орналасқан қапшықта қалпына келтіру үшін:

1.       Обьектіні белгілейді.

2.       Файл-Восстановить командасын орындайды.

3.       Обьект өзі жойылған қапшықта қалпына келеді. Егер ол қапшық жоқ болса Windows қапшықты қайта құруға рұқсат сұрайды.

Корзинадағы обьектіні  басқа кез келген  қапшықта қалпына келтіру үшін:

1.       Обьектіні белгілейді.

2.       Правка-Вырезать командасын орындайды.

3.       Қажет қапшықты ашады.

4.       Правка-Вставить командасын орындайды.

 

Корзинаны тазалау.

Корзинада сақталатын файл жою алдында дискіде қанша орын алса, Корзинада да сонша орын алады.

Корзинадағы файлды жою үшін:

1.       Корзинаны ашады.

2.       Жою қажет файлдым белгілейді.

3.       Delete пернесін басады. Егер жоюға рұқсат берілсе онда файл біржолата жойылады.

Корзинаны толық тазалау үшін:

1.       Корзина  белгішесінде маустың оң жақ батырмасын шертеді.

2.       Шыққан динамикалық менюден Очистить корзину командасын таңдайды немесе корзинаны ашып Файл-Очистить корзину командасын орындайды.

 

Тақырыпты бекітуге арналған практикалық жұмыс.

 

Практикалық жұмыс

 

1.       Жұмыс столында Ученик және Учитель атты папкалар құр.

2.       Учител папкасына Мои документы папкасынан 7-класс  файлын көшір.

3.       Учитель папкасындағы осы файлды енді Ученик папкасына жылжыт.

4.       Ученик папкасындағы осы файлдың таңбашасын Учитель папкасына құр.

5.       Ученик папкасындағы файлдың атын Оқушы  деп өзгерт.

6.       Учитель папкасындағы таңбашаның атын Мұғалім деп өзгерт.

7.       Оқушы файлын жой.

8.       Ученик папкасын да жой.

9.       Корзинадан Оқушы файлын қалпына келтір.

10.    Учитель және Ученик папкаларын жой.

11.    Корзинаны тазала.

 

Үйге тапсырма:

Сұрақтар:

1.       Обектілермен орындалатын қандай әрекетерді білесің?

2.       Жылжыту мен көшірудің айырмашылығы неде?

3.       Обьектілерді жылжытудың қандай тәсілдерін білесің?

4.       Обьектілерді көшірудің қандай тәсілдерін білесің?

5.       Алмасу буфері дегеніміз не?

6.       Алмасу буферіндегі ақпарат ұзақ сақтала ма?

7.       Алмасу буферіндегі ақпаратты қанша рет қоюға (кірістіруге) болады?

8.       Обьектілердің атын өзгертудің қандай тәсілдерін білесің?

9.       Жлыжыту, көшіру және атын өзгерту операцияларын қалай болдыртпауға болады?

10.    Жойылған обьектілер қайда салынады?

11.    Обьектілерді жоюдың қандай тәсілдерін білесің?

12.    Корзинада обьекті қанша уақыт сақталады?

13.    Дискеттен жойылған обьектілер Корзинаға салына ма?

14.    Корзинадағы обьектілерді қалай қалпына келтіруге болады?

15.    Корзина не үшін тазартылады?

16.    Корзинаны қалай тазартуға болады?

 

Оқушылардың орындаған практикалық жұмыстары бағаланады. Үйге тапсырма жоғарыдағы сұрақтарға жауап беріп келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ :

 

 

 

 

Күні:

 

 

 

 

Тақырыбы:                          Дискілерді пішімдеу. Обьектілерді дискетке көшіру. қолданбалары.

Сабақ мақсаты:                  а) Дискілерді пішімдеу операциясы мен обьектілерді дискетке көшіру ерекшеліктерімен таныстыру.

 

                                                Б) WINDOWS ОЖ стандартты бағдарламаларымен таныстыру. Негізгі стандартты  бағдарламалардың тізіміміен және олардың  арналуымен таныстыру.

 

В) Компьютермен жұмыстану дағдыларын қалыптастыру.

 

Сабақ көрнекілігі:             Дискета

Сабақ түрі:                          Дәстүрлі

Сабақ әдісі:                         Тәжірибе элементтері бар көрсете түсіндіру.

Сабақ типі:                          Жаңа білім беру сабағы.

Сабақ барысы:                  Ұйымдастыру кезеңі

                                               Үй тапсырмасын тексеру

                                               Жаңа сабақ түсіндіру

                                               Жаңа сабақты бекітуге практикалық тапсырма берру.

                                               Үйге тапсырма

                                               Сабақты қорытындылау

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

1.       Обектілермен орындалатын қандай әрекетерді білесің?

2.       Жылжыту мен көшірудің айырмашылығы неде?

3.       Обьектілерді жылжытудың қандай тәсілдерін білесің?

4.       Обьектілерді көшірудің қандай тәсілдерін білесің?

5.       Алмасу буфері дегеніміз не?

6.       Алмасу буферіндегі ақпарат ұзақ сақтала ма?

7.       Алмасу буферіндегі ақпаратты қанша рет қоюға (кірістіруге) болады?

8.       Обьектілердің атын өзгертудің қандай тәсілдерін білесің?

9.       Жлыжыту, көшіру және атын өзгерту операцияларын қалай болдыртпауға болады?

10.    Жойылған обьектілер қайда салынады?

11.    Обьектілерді жоюдың қандай тәсілдерін білесің?

12.    Корзинада обьекті қанша уақыт сақталады?

13.    Дискеттен жойылған обьектілер Корзинаға салына ма?

14.    Корзинадағы обьектілерді қалай қалпына келтіруге болады?

15.    Корзина не үшін тазартылады?

16.    Корзинаны қалай тазартуға болады?

 

Жаңа сабақты бастаймыз. Жаңа сабақ Дискілерді пішімдеу. Обьектілерді дискетке көшіру. қолданбалары.

Жаңа дискетаға ақпарат жазбас бұрын оны пішімдеп алу керек. Пішімдеу (форматтау) – бұл дискетаны компьютерлік файлдар сақтауға дайындау. Кейбір дискеталар алдын-ала пішімделген күйде сатылады. Бұл өндірушілердің өздері инициализациялағанын білдіреді. Мұндай жағдайда оны пішімдеп керегі жоқ. Ал қатқыл дискіні өздіктеріңнен пішімдеуге болмайды. Бұл жағдайда  ондағы барлық программалар мен деректер, сонымен бірге операциялық жүйе де қоса өшіріледі. Онда компьютер жұмыс жасамай қалады.

Сонымен пішімдеу (форматтау) дегеніміз – дискетаны берілген операциялық жүйемен жұмыс жасауға дайындау.

Дискілерді пішімдеу мына тәсілмен орындалады.

1.       Мой компьютер терезесін ашыңдар.

2.       А: дискісінің белгішесінде маус батырмасының оң жағын басыңдар.

3.       Форматировать командасын таңдаңдар.

4.       Қажетті пішімдеу тәсілін таңдаңдар.

·         Толық пішімдеу Диск жаңылысқан секторлардың бар-жоғына тексеріледі.

·         Жылдам пішімдеу Дискте бардың барлығы өшіріледі.

5.       Начать батырмасын басыңдар.

 

Обьектілерді дискетаға көшіру.

1-тәсіл.

1.       Дискжетекке дискетті салыңдар.

2.       Мой компьютер қапшығын ашыңдар.

3.       А: дискісін ашыңдар.

4.       С: дискісіндегі одан обьектіні көшіріп алғыларың келетін  қапшықты ашыңдар.

5.       А: дискі мен қапшықтың терезелерін қатар орналастырыңдар.

6.       Деректер қапшығы терезесінен өздеріңе керекті файлды мауспен іліп алыңдарда , оны А: дискісінің терезесіне апарыңдар.

7.       Копирование терезесі пайда болады.

8.       Копирование терезесі экранда жоқ болып кетеді.

2-тәсіл.

Дискетке көшіретін файлдың үстінде маустың оң жағын басып, шыққан динамикалық менюден Отправить-Диск 3.5(А:) командасын орындаңдар.

Практикалық жұмыс.

1.       Дискжетекке дискетаны салыңдар.

2.       Дискетаны толық тәсілмен форматтаңдар.

3.       Мои документы папкасын ашып, одан кез-келген екі файлды дискетаға 2 тәсілмен көшіріңдер.

4.       Дискетаны ашып қараңдар.

5.       Дискетаны жауып, оны жылдам тәсілмен форматтаңдар.

 

Сабақтың қалған уақытында оқушылардан тест жұмысы алынады.

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


1. Информацияның өлшем бірлігі:

А             КилоБут

В             Байт

С             Километр

D             Мегадрайв

2. Дербес компьютерді іске қосу батырмасы:

A            110 v

B             Power

C             Reset

D            Turbo

3. Обьектіні ерекшелеу үшін не қолданылады:

A             Обьектіде маустың оң жағын бір рет шерт

B             Обьектіде маустың оң жағын екі рет шерту

C             Обьектіде маустың сол жағын екі рет шерту

D             Обьектіде маустың сол жағын бір рет шерту

4. Маустың оң жақ батырмасы не атқарады:

A             Программаны іске қосады.

B             Контекстік менюді ашады

C             Менюдің пунктін таңдайды

D             Enter пернесі қызметін атқарады

5. Компьютерді сөндіру алдында:

A             Розеткадан шнурды айыру керек

B             Sleep пернесін басу керек

C             Қажет емес файлдарды жою керек

D             Барлық программаларды жабу керек

6. Компьютерді ток көзінен қай уақытта айыру керек:

A             Экранға заставка шыққан кезде

B             Экран түсі қара болған кезде  

C             Экранда маус курсоры көрінбеген кезде  

D             Экранда  «Теперь питание компьютера можно отключить»  жазуы пайда болғанда

7. Компьютердің жұмысын басқаратын негізгі құрылғысы:

A             Маус

B             Монитор

C             Жүйелік блок

D             Пернетақта

8. Компьютер нені өңдеуге арналған:

A             Абстракцияны

B             Ақпаратты

C             Мотивацияны

D             Цифрларды, белгілерді, иероглифтерді

9. Компьютерге ақпарат енгізу құрылғыларын ата:

A             Сканер және маус

B             Принтер және трекбол

C             Маус, пернетақта және кілемше

D             Шина және  пернетақта

10. 1 байт көмегімен қандай ақпарат өрнектеледі:

A             1 немесе 0-ден тұратын

B             1 символдан тұратын

C             1 сөзден тұратын

D             255 символдан тұратын

11. Пернетақтаның атқаратын қызметі:

A             Ақпаратты символдық түрде компьютерге енгізу

B             Кез келген ақпаратты компьютерге тез енгізу

C             Тек қана командалар енгізу

D             Дискіден оқу

12. Ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін не қолданылады:

A             Жедел есте сақтау құрылғысы

B             Тұрақты  есте сақтау құрылғысы

C             Сыртқы есте сақтау құрылғысы (дискета, қатқыл диск т.б.)

D             Аталғандардың бәрі

13. Қатқыл диск қандай көлемде бола алады:

A             1,44 Мб

B             700 Мб

C             40 Гб

D             128 Мб

14. Диск қандай болады:

A             Магнитті

B             Қатты (твердый)

C             Жұмсақ

D             Сұйық

15. Пернетақтада қандай пернелер тобы бар:

A             Әріптік-цифрлық

B             Түзету пернелері

C             Курсорды басқару пернелері

D             Қосымша әріптік пернетақта

16. Пернетақта регистрін ауыстыратын перне:

A             Shift

B             Scroll Lock

C             Alt+Shift немесе Ctrl+Shift

D             Caps Lock

17. Enter пернесі:

A             Болдырмау пернесі

B             Енгізу пернесі

C             Курсорды келесі абзацқа көшіру пернесі

D             Курсорды келесі жолға көшіру пернесі

18. Қате символды өшіру пернесі:

A             Enter

B             Insert

C             Delete

D             Пробел

19. Caps Lock индикаторы жанып тұрған кезде:

A             Тек орыс әріптері енгізіледі

B             Арнайы символдар енгізіледі

C             Бас әріптер енгізіледі

D             Shift пернесін басқан кезде бас әріптер енгізіледі

20. Функционалдық пернелер қандай қызмет атқарады:

A             Функцияның мәнін есептейді

B             Әр перне әртүрлі программада әртүрлі қызмет атқарады

C             Мәтінді форматтайды

D             Терезелермен жұмыс атқарады

21. Windows дегеніміз:

A             Графикалық редактор

B             Операциялық жүйе

C             Мәтіндік процессор

D             Электрондық процессор

22. Windows-тің қосымшалары:

A             Windows компоненттері

B             DOS-программалары

C             Windows құжаттары

D             Калькулятор, Блокнот, Графикалық редактор

24. Обьектілер орналасқан экран:

A             Windows терезесі

B             Windows-тің жұмыс столы

C             Windows тақтасы

D             Windows –тің есептер тақтасы

25. Жарлық (таңбаша) дегеніміз:

A             Файлдың бөлігі

B             Программа немесе құжат атауы

C             Программаға немесе құжатқа жасалған сілтеме

D             Файлдың кеңейтілуі 

26. Жарлықтың (таңбашаның) файлдан айырмашылығы неде:

A             Жарлық белгісінде үшбұрыш болады

B             Жарлық белгісінде стрелка болады

C             Жарлық белгісінде әріптер болады

D             Жарлық белгісінде пиктограмма болады

27. Программаны іске қосу үшін не жасау қажет:

A             Жұмыс столындағы белгісінде маустың сол жағын шерту керек

B             Жұмыс столындағы белгісінде маустың сол жағын екі рет шерту керек

C             Жұмыс столындағы белгісінде маустың оң жағын екі рет шерту керек

D             Жұмыс столындағы белгісінде маустың оң жағын шерту керек

28. Терезе дегеніміз не:

A             Windows-тың негізгі элементі

B             Шекарамен шектелген экранның ішкі аумағы

C             Терезенің ішкі аумағында программалар ашылады

D             Терезелер құрылымы мен жұмыс тәсілі ұқсас

29. Терезенің тақырып жолында не бар:

A             Терезе тақтасының атаулары

B             Программа немесе файл атауы

C             Меню командалары

D             Қалып-күй жолы

30. Терезені жинап қою (свернуть) үшін:

A              батырмасында шерту керек

B              батырмасында шерту керек

C             Терезенің өлшемін кішірейту керек

D              батырмасында шерту керек

31. Терезені жаймалау (развернуть) үшін :

A              батырмасында шерту керек

B              батырмасында шерту керек

C              батырмасында шерту керек

D              батырмасында шерту керек

32. Программаның іске қосулы тұрғанын қайдан білуге болады:

A             Alt+Tab пернелерін басу керек

B             Есептер тақтасына қарау керек

C             Пуск менюінің пункттеріне қарау керек

D             Басқа программа қосылмайды

33. Пернетақтадан енгізілген символ дисплей экранында қай жерден бастап орналасады:

A             енгізілген координаты бойынша

B             алдыңғы әріптен кейін 

C             кез келген жерден

D             курсор тұрған жерден

34. Алмастыру буферіндегі ақпаратты қалай қоюға болады:

A             Үзіндіні белгілеп, Правка → Вырезать

B             Выделить все → Правка → Вставить

C             Правка → Вставить из файла

D             Правка → Вставить

35. Курсорды осы жолдың басына жылжытатын перне:

A             F1

B             Home

C             Esc

D             End 

36.  Курсорды осы жолдың аяғына жылжытатын перне:

A             Enter

B             End

C             Tab

D             Home

37. Ақпаратты енгізу құрылғысы:

A             монитор

B             принтер

C             пернетақта

D             модем

38. Ақпаратты шығару құрылғысы:

A             сканер

B             принтер

C             пернетақта

D             маус

39. Курсордың сол жағындағы қате символды өшіру үшін қолданылатын перне:

A             Enter

B             Caps Lock

C             Delete

D             Backspace

40. Курсордың оң жағындағы қате символды өшіру үшін қолданылатын перне:

A             Enter

B             Caps Lock

C             Delete

D             Backspace


 

Оқушылардың жұмысы бағаланады.

Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ :

 

 

 

 

Күні:

 

 

 

 

Тақырыбы:                          Paint графиктік редакторы.Негізгі түсініктер. Іске қосу. Сурет салу кезеңдері.

Сабақ мақсаты:                 а) Графикалық редактормен таныстыру.

 

                                               Б) Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету.

 

В) Оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақ көрнекілігі:             Paint графиктік редакторы терезесі.

Сабақ түрі:                          Дәстүрлі

Сабақ әдісі:                         Түсіндірмелі баяндау

Сабақ типі:                          Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақ барысы:                  Ұйымдастыру кезеңі

                                               Үй тапсырмасын тексеру

                                               Жаңа сабақ түсіндіру

                                               Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар беру, тапсырмалар орындату.

                                               Үйге тапсырма

                                               Сабақты қорытындылау

 

Өткен сабақта дискетаны форматтау және обьектілерді дискетаға көшіруді үйрендік. Өткен сабақ бойынша мынадай сұрақтарға жауап бере қойыңдар.

Сұрақтар:

  1. Дискетаны форматтау не үшін қажет?
  2. Форматтау дегеніміз не?
  3. Қандай форматтау тәсілдерін білесің?
  4. Обьектілерді дискетаға қандай тәсілдермен көшіруге болады?

 

Үй тапсырмасы бойынша оқушыларды бағалап, жаңа сабаққа көшемін.

Жаңа сабақ: Paint графиктік редакторы.Негізгі түсініктер. Іске қосу. Сурет салу кезеңдері.

Біз бүгін графикалық редактор тақырыбын бастаймыз. Компьютер графикалық кескіндерді салудың ең қолайлы және қуатты құралы болып табылады. Графикалық кескіндермен жұмыс істейтін Windows қолданбаларын графиктік редакторлер деп атайды. Біз бүгін Paint графиктік редакторымен жұмыс жасауды үйреніп бастаймыз. Бұл программа әртүрлі суреттерді салуға, редакциялауға мүмкіндік береді.

Программаны іске қосу үшін келесі әрекеттерді орындаймыз:

Пуск-Программы-Стандартные- Paint Командалар орындалған соң экранға Paint графиктік редакорының терезесі шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түс таңдауға болады: негізгі-бұл түстер біз сурет салатын түс және қосымша – бұл фон түсі. Программа іске қосылғанда сурет салатын түс –қара , фон түсі- ақ болып орнатылады.

Палитраның сол жағында айқасқан екі төртбұрыш орналасқан. Жоғарғысы сурет түсі, ол түстің үстінде маустың сол жағын басу арқылы таңдалады, төменгісі – фон түсі, ол түстің үстінде маустың оң жағын басу арқылы таңдалады.

 

Сурет салу кезеңдері.

 

1.       Құрал таңдап алу.

Paint графиктік редакорында 16 құрал пайдаланылады. Оладың міндеттерін білу үшін маус нұсқағышын құралдың үстіне орналастыру керек. Сонда ішіне олардың міндеттері жазылаған кішкене төртбұрыш шығады.

Құрал кескіні

Міндеті

Құрал кескіні

Міндеті

Ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні таңдауа қызметін атқарады.

Бүріккіш, пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.

Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады

Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.

Өшіргіш/түрлі-түсті өшіргіш, бұл суретің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған

Сызық, түзу сызықтар салуға арналған.

Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың  ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.

Қисық, тегістелген сызықтар салуға арналған.

Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез келген  нүктесінің түсіне өзгертеді.

Тік төртбұрыш,  тік төртбұрыштар салуға арналған.

Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.

Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.

Карандаш, бұл кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған.

Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған.

Кисть, ерікті сызықтарды салуға арналған. Кистінің қажетті түсрін таңдап алуға болады.

Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш, бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.

 

2.       Сызық қалыңдығын, кисть түрін немесе төртбұрыштың типін таңдау.

Мұны құралдар жиынының тура астыңғы жағында аймақта жасауға болады. Сызықтың қалыңдығын бірден бастап, бес нүктеге дейін салуағ болады және кистің, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.

3.       Кескіннің түсін таңдау.

Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына  маус нұсқағышын орналастырып, сол жақ  батырмасын шертіңдер.

4.       Фонның түсін таңдау.

Фон түсін атңдау үшін палитрадағы қажетті түске маустың оң жақ батырмасын шерту керек. Бұл саты фонды пайдаланып обьектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет.(тіктөртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, дөңгеленген көпбұрыш)

5.       Ал енді сурет сала беруге болады.

Сурет салуға қажетті қандай да бір құралды таңдау үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

1.       Сурет салатын құралға маус нұсқағышын орнатып, оны шертіңдер.

2.       Палитрадан қажетті түсті таңдаңдар.

3.       Нұсқағышты сурет салатын орынға апарыңдар.

4.       Маус батырмасын басып тұрып нұсқағышты қажетті бағыта жылжытыңдар.

5.       Суретті салып болған соң маус батырмасын босатыңдар.

 

МЕНЮ

Меню алты пункттен тұрады. Оның әр пункті созылған бағыныңқа менюлерден тұрады.Меню арқылы, терезенің түрін, жұмыс аймағының өлшемін өзгертуге, суреттің бөлігін көбейтуге, суреттің белгіленген  бөлігінің түсін  өзгертуге, еңкеюін ауыстыруға,  суретті сақтауға немесе қалпына келтіруге, масштабты өзгертуге, суреттің бір бөлігін кшіруге және оны алмастыру буферіне сақтауға болады.

 

Тақырып бойынша сұрақтар:

1.       Графикалық редактор не үшін қажет?

2.