Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Етістіктің райлары. Абай Құнанбаев
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Етістіктің райлары. Абай Құнанбаев

библиотека
материалов

hello_html_m1ab73940.gifhello_html_55f8e389.gifhello_html_m6479f61e.gifhello_html_m64f5949d.gifhello_html_m574cbf31.gifhello_html_m2c1454b1.gifhello_html_m77c1a7b2.gifhello_html_410b9aa7.gifҚазтұтынуодағы Қостанай Экономика колледжі





















Қазақ тілі пәнінің оқытушысы :

Сарбаева Гулбаршын Абуқызы































Кіріспе

Сабақ өткізудегі оқытушының оқытушылық негізгі шеберлігінің белгісі- болашақ маманның өз кәсібіне қызығушылықпен қарауға, ғылыми ізденісін жетелеуге, мамандық бойынша өз білімін тереңдетуге баулуға бағыттау.

«Етістіктің райлары. Абай Құнанбаев» ерекшеліктерін түсіндіру ақынның өмірі жайлы шолу ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту туралы мәліметті қосымша әдебиеттерді оқып, ізденуге жұмылдыру барысында алған білімін өмірде тиімді пайдалануға үйретеді.

«Қайталау - оқу анасы », - дегендей алған білімді еске түсіріп, студент жадында сақтау оқытушы шеберлігі. Сабақта бірлесіп, топтасып шығармашылық жұмыстар бойынша жұмыс жасалады.











































Сабақ жоспары


Тақырып: Етістіктің райлары. Абай Құнанбаев

Сабақтың түрі:Жаңа білімді игеру сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білім беру: Тақырып бойынша өз ойын жүйелі түрде әңгімелеуге үйрету. Етістіктің райларының түрлерінің ерекшеліктерін түсіндіру, мәтінмен жұмыс істеу, сұраққа дұрыс жауап беру, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытып, күнделікті өмірде дұрыс пайдалануға үйрету.


Дамыту:Оқушылардың қисынды ойлау, сауатты оқу мен жазу дағдыларын күшейту аударма жұмысына көңіл бөліп, әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту.


Тәрбиелеу:Берілген тақырып бойынша мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу, ұжымдық жұмыс жасау барысында әдеби сөзге қызығушылығын дамыту.


Біліктілік талаптарын білу:


Білу керек:Етістіктің райларының ерекшеліктерін дұрыс қолдану қазақ тілінде дұрыс оқып үйрену орындай білу керек. Оқушылар қазақ тілінде өз ойларын еркін айта және сауатты жаза білу.


Істеп үйрену: тапсырылған жаттығуларды орындау , дұрыс жаза сөйлей білуге үйрету

Сабақтың жабдықтары:


Көрнекілік құралдар: электрондық оқулық, сөздік , флипчарт


Үлестірімді құралдар:Мәтін, карточкалар, тест, көшірмелер.




Сабақ жоспары:


Уақыт

Оқытушының іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

2 мин




3 мин
















15 мин















2 мин









25 мин























































































































5 мин



























5 мин
















5 мин






Ыбырай

Білімнің қоғамдағы орыны аса назар аударады.

Жастарды еңбекқорлыққа , білімге баулиды.














4 мин










5 мин





5 мин
















3 мин













1 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен амандасу

ә) Топты түгендеу


ІІ. Тіл дамыту кезеңі

  1. Бүгін желтоксан айының нешесі?

  2. Жыл мезгілдерін атаңыз.

  3. Желтоқсан айы жылдың қай мезгіліне жатады?

  4. Желтоқсан айында қандай мейрамдар бар?

  5. Сіздердің мамандықтарыңыздың атауы?

  6. Бүгін ауа-райы қандай?

  7. Колледж қай көшеде орналасқан?

  8. Колледждің кітапханасы нешінші қабатта орналасқан?

  9. Қостанай қаласында Ыбырай Алтынсарин атында нелер бар?


ІІІ. Үй жұмысын тексеру

Үй жұмысына қандай тақырып берілді?

  1. Сөздікті тексеру :

Екі оқушы тақтаға шығып үйге берілген сөздердің қазақша- орысша аудармасын айтады.

  1. Етістіктің шақтары түрлері туралы айту. Ыбырай Алтынсарин жайлы мәтіннің мазмұнын айтып шығады.Өлеңдері жайлы айтып өту.

Тақтаға оқушылар бір-бірлеп шығып, қысқаша мәлімет береді.

Карточкамен жұмыс.


ІV. Сабақты бағалау.

Мұғалімнің сөзі.

Оқушылар біз Етістіктің шақтарының түрлерін тақырыбын аяқтадық, содан түйгеніміз шақтар түрлерін мәтіннен, сөйлемдерден анықтап есте сақтап ажырата білу. Келешекте Ыбырай Алтынсарин атамыздың өмірі жайлы, өлеңдерін есте сақтау.




V. Жаңа тақырып:

Грамматикалық тақырып:

«Етістіктің райлары. Абай Құнанбаев»

Етістіктің райлары.

Орындаушының іс-қимылға ой-пікірін, қатынасын білдіреді.Мысалы: Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай, темір кессең қысқа кес, ұзартуың оңай.(Мақал). Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.(Абай). Жүзі жылы жандарды құшақтағым келеді.

Бұл мысалдағы кессең және кес, жазбаймын, құшақтағым келеді деген етістіктер кесу, жазба, құшақтау қимылын іс-әрекетін білдіріп қана тұрған жоқ, сонымен бірге қимыл әрекеттің орындалуын талап етуін хабарлауын ықыласын білдіріп тұр.

Етістік райлары 4 түрге бөлінеді:

  1. Ашық рай.

  2. Бұйрық рай.

  3. Шартты рай.

  4. Қалау рай.

Ашық рай дегеніміз- іс-қимылдың қай шақта екенін білдіреді. Үш шақтың жасалу жолдары арқылы жасалады.

Мысалы: Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ.(Абай) (Мақсатты келер шақ), әркім өз оймен отыр (Нақ осы шақ), Ол ауылға барыпты (Өткен шақ)

Бұйрық рай дегеніміз- іс-қимылдың бұйыру, талап ету, өтіну, ретінде айтылу мағынасын білдіреді. Етістіктің бұйрықты түрде жіктелуі арқылы жасалады. Жекеше, көпше түрде жіктеледі.Тақтаға жекеше, көпше түрінде барайын сөзін жіктеп жазып көрсету.

Шартты рай дегеніміз- іс-қимылдың орындалу-орындалмау шартын білдіреді. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне, -са, -се жұрнағы, жіктік жалғауы арқылы жасалады. Мысалы:Күн ашық болса, тауға шығамыз.Үйге келсем, сен жоқсың.

Қалау рай дегеніміз-етістіктің іс-әрекетінің қалау, тілегін білдіреді. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне -ғы,-гі, -қы, -кі жұрнағы және тәуелдік жалғауы арқылы жасалады.Мысалы: Біздің сабақ оқығымыз келеді.Сенің үйге қайтқың келе ме?

Қосымша: Төмендегі қосымшаларда қалау рай жасайды:

  1. ғай, -гей,–қай, -кей,

  2. са, -се, -игі еді

Мысалы: оқығайсың, келгейсің, барса игі еді, келсе игі еді.


Лексикалық тақырып.

Абай Құнанбаев.

Мәтінмен жұмыс.

Абай Құнанбаев

(1845-1904)

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев(Шын аты Ибраһим) 1845 жылы қазіргі Семей облысының Абай ауданында туған. Абайдың әкесі өте қатал адам болса, шешесі Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ тілге бай адам болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегілерді, аңыз әңгімелерді айтып жақсы тәрбиелеп отырған.

Әкесі Құнанбай Абайды 9 жасында Семейдегі діни мектепке береді.Семейде жүргенде ол орыс тілін үйренуге тырысады. Үш ай орыс мектебінде оқиды. 13 жасында Абайды әкесі бұл оқудан қайта шығарып алады. Абай Пушкинді,Лермонтовты, Крыловты көп оқып, олардың шығармаларын қазақ тіліне аударады. Абай аударған Пушкиннің «Татьянаның әні», Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалғып» деген өлеңдеріне ән де шығарады.

Абайдың «Болыс болдым мінекей» , «Сегіз аяқ», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдері болыс-билерді қатты сынға алады. Ол қазақ халқын мәдениетті болуға, орыс халқынан үлгі алуға шақырды.Ол өзінің сөзінде: «Орыстың тілі-дүниенің кілті. Орыстың тілін білсең көкірек, көзің шайдай ашылады»- дейді

Абай 1904 жылы қайтыс болды. Ол өз шығармаларының кітап болып басылғанын көре алмай кетті. Абай өлгеннен кейін- 1909 жылы Петербургте- «Қазақтың ақыны Ибраһим Құнанбай ұлының өлеңдері» деген атпен кітап болып шықты.

Абай шығармалары кеңес дәуірінде көп данамен әлденеше рет жарық көрді. Орыс тіліне, орыс тілінен шетел тілдеріне аударылды. Бұл кұндері Абайды, оның шығармаларын дүние жүзі біледі.

Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясын осы ақын өміріне арнады. Мұнда ол Абайдың кішкентай балалық шағынан үлкен азамат-ақын дәрежесіне жетуін көрсеткен.

Республикамызда көптеген мектептер мен көшелер Абай есімімен аталады. Абай атында қала-аудан бар.

Абай-қазақ халқының ұлы ақыны, композиторы және жазба әдебиетінің негізін қалаушы.


Сөздік:

Өте қатал-очень строгий

Қайырымды-добрый

Мінезі жұмсақ-с мягким характером

Діни-религиозный

Тырысу-стараться

Болыс-билер-волостные бии

Сынға алу-критиковать

Көкірек көзің шайдай ашылады-станешь грамотным, образованным

Басылу-издаваться

Кеңес дәуірі-советская эпоха

Дана-экземпляр

Әлденеше рет-много раз

Жарық көру-выйти в свет

Арнау-посвящать

Азамат-ақын-поэт-гражданин

Дәреже-степень

Есім-имя

Негізін қалаушы- основоположник



Мәтінді оқытушы дауыстап оқиды,оқушылар тыңдап, мәтін ішінен қиын сөздерді анықтайды.Мәтіннен етістік райларын табады.


Мәтінді екіге бөліп, әр оқушы өзінің мәтінін аударып басқа топқа дайындалған тірек схема бойынша мәтіннің үзіндісін жеткізеді.

Сөздікпен жұмыс жасайды

Хормен оқиды

«Қараңғы түнде тау қалғып» мәнерлеп оқу.


Кластер арқылы оқушылар бүгінгі мәтін бойынша түсінгендерін көрсету:


Сазгер философ



Абай












Венн диаграммасы арқылы 2 ақынды салыстыру.

Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев


Ортақ

Ақын,қаламгер,аудармашы.Ыбырайда, Абайда халықты білімге,

оқуға шақырады

Абай

Жағымсыз

мінезден

арылуға,

талаптануға шақырады














VІ. Пысықтау кезеңі.

Мәтін бойынша сұрақтар.

  1. Абай Құнанбаев кім?

  2. Абай Құнанбаев қашан туды?

  3. Абай Құнанбаев қайда оқыды?

  4. Абай кімдердің тәрбиесінде болды?

  5. Орыс халқының қандай ақындарының шығармаларын аударған?

  6. Қандай өлеңдерін білесіңдер?

  7. «Абай жол» эпопеясын кім жазды?

  8. Абайдың алғашқы кітабы қандай және қашан шықты?

  9. Абай атында Қостанайда не бар?

  10. Абай қай қылы өмірден өтті?

Тест тапсырманы таратып тест сұрақтарына жауап беру.


VІІ. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында оқыған мәтіннен түсінгендерін айту.Жақсы атсалысып қатысқан оқушыларды бағалау және белсенді қатысқан оқушыларды атап өту.


VІІІ. Үй жұмысы

Сөздікті жаттау

Мәтіннің мазмұнын айту.

Мәтінге байланысты қосымша мәліметтер іздестіру.

Етістік райларын оқып ережесін айту.Мысал келтіру.Өлеңдерін жаттап келу.


ІХ кезең

Сонымен оқушылар бүгінгі сабағымыз аяқталды.

Елбасының «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы-болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы-еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін, дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге, жаңа серпін беріп, Елбасымыз да тілді дау-дамайдың төркінде емес, даму мен өркендеудің негізінде, ұлттың ұйтқысына айналдыру-баршамыздың парызымыз деген Елбасының сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.


Сабақты қорыту.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушылардыбағалау.

Студенттероқытушымен амандасады.

Кезекшінің топ туралы мәліметі.


Оқытушының қойған сұрақтарына студенттер жауап береді.









Сұрақ-жауап әдісі бойынша студенттерсұрақтарға жауап береді.








Студенттер үй жұмысын айтады.








Студенттермұғалімнің сөзін мұқият тыңдайды.

















Студенттер жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазып алады.






















Студенттер керекті мәліметтерді дәптерге жазып отырады.














Мысалдарды дәптерлеріне жазып алып тыңдап отырады.

















Студенттер жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазып алады.Мұқият тыңдайды.

































Әр студент мәтінді кезектесіп аударып оқиды.


























Студенттер сөздікті хормен оқиды.
















Тақтаға шығып әр студент өз ойларын толықтырып кластер арқылы толтырады.






























Студенттер қойылған сұрақтарға толық жауап беріп отырады.



















Студенттер үй жұмысын тақтадан жазып алады.









Оқытушы сөзін тыңдайды.

















Қорытынды

Оқушылар жұмыс жасау барысында жаңа мәліметті меңгере отырып, тақырып төңірегінде таныс емес сөздерге ғылыми тұрғыдан анықтама беріп, мағынасын ашып, мәтіндегі ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы терең танысып, оқытушының бағыт- бағдары арқылы сұрақтарына мүдірмей жауап беріп, шығармашылық жұмыстармен айналысуға әрекет етеді. Мәтіндегі аударма жұмыстары кезіңде мемлекеттік және орыс тілінде меңгерген сөздік қорларын сөздік арқылы аударып, жаңа, қиын сөздермен танысып, сөздік қорын молайтады.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»технологиясының стратегиялары бойынша жұмыс істеу студенттердің өз ойын еркін айтып ортаға салуға өз пікірлерін ұялмай айтуға мүмкіндік береді. Сабақ қорытындысында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы-болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы-еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін, дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге, жаңа серпін беріп, Елбасымыз да тілді дау-дамайдың төркінде емес, даму мен өркендеудің негізінде, ұлттың ұйтқысына айналдыру-баршамыздың парызымыз деген Елбасының сөзімен осы сабағымызды қорытындылай келіп, барша Қазақстан қоғамының қажымай қызмет етуіне білікті заңгер атанып еліне айтулы үлес қосуына барлық мүмкіндіктер жасалады.





























































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 26.09.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров332
Номер материала ДВ-010986
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх