Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Етістіктің шақтары мен райларынан өткенді қайталау

Етістіктің шақтары мен райларынан өткенді қайталау

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша

Пән мұғалімі Тастанкулова Сайраш Серикболовна


Етістіктің шақтары мен райларынан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Оқушылардың етістіктің түрленуі бойынша алған білімдерін толықтыру; олардың түрлерін меңгерту; мәтінмен, суретпен жұмыс жүргізу, іздену, шығармашылық жұмыстар жүргізу.
дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
тәрбиелік: Оқушыларды өз мектебіне, сыныбына деген ізгі ниеттерге, пәнге деген қызығушылыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: /Lesson study/
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Топтық жұмыс
Көрнекіліктер: Етістікке байланысты презентация, видео, кеспе қағаздар, т. б
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Достарым, сіздердің көңіл - күйлеріңіз қандай?
Топқа бөлу: фигуралар арқылы
Бұл фигураларда не үшін таңдағандарыңа көз жүгіртсек. Шаршы – ұйымдастырғыш, дәлдік бақылауға қатал, қадағалайтын, ойлаушы, нұсқаушы, ақпаратқа байқампаз, хабаршыл, ұқыпты, тазалық сүйгіш, сақтанғыш, суық, үндемейтін, қырсық, табанды, еңбексүйгіш, эрудициясы басым, достары мен таныстары шағын, еңбекқор адам.
Шеңбер – қарым – қатынасты жоғары бағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоцианалды, сезімтал, сенгіш, тез шешім қабылдай алмайды, әңгіме айтқанды ұнатады, өзгелерге көзқарасын дәлелдей алады, көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, мейірімді адам.
Үшбұрыш – көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңіске құмар, өз - өзіне сенімді, шешім қабылдағыш, батыл, сезімі күшті, энергиясы жеткілікті, шыдамсыз, сөз тапқыш, ортадағы қарым - қатынас кең, жақын достары мен ортасы шағын, көшбасшы адам.
Ромб – көңіл - үйі өзгермелі, өз - өзін қадағаламайды, көп нәрсені білгенді ұнатады, батыл, басқаларға сенгіш, жылдам, көңіл - күйі жылдам өзгереді, ізденімпаз адам.
Ендеше, балалар, бүгінгі сабақта осындай бірнеше сатылардан өте отырып, бәріңді білімнің биік шыңына шығуға шақырамын. Ендеше, сабағымызға кіріспей тұрып, әр топтан топ басшыларын сайлап алайық. Топ басшылары сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды
СМАЙЛИК арқылы бағалап отырамыз.
І. «Бәйге» сұрақтары
1. Етістік дегеніміз не? Сұрақтары?
2. Есімше дегеніміз не?
3. Көсемше дегеніміз не?
4. Етістік түрлене алады ма?
5. Етістіктің неше шағы бар?
6. Етістіктің неше райы бар?
7. Қалып етістіктерін атаңыз.
8. Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?
ІІ тапсырма:
1 - топ: Отыр, жатыр қалып етістіктерін жіктеңіз.
2 - топ: Оқы, жаз етістіктеріне мақсатты келер шақ жұрнақтарын жалғап, жіктеңіз
3 - топ: Бар, кел етістіктеріне болжалды келер шақ жұрнақтарын жалғап, жіктеңіз
4 - топ: Айт, сұра етістіктерін жедел өткен шақта жіктеңіз
ІІІ тапсырма: Берілген өлеңдерден есімше, көсемше тұлғалы сөздерді теріп жазыңыздар.
1 - топ: Тау үлкен, адам да таудан үлкен,
Өмірдің шын құзынан құрған дүкен.
Отанда талайлар бар сол сықылды,
Бағасы олқы емес содан бір кем.
Жаралған барлық жаннан адам қымбат,
Не терең адамда ғой сыр мен сымбат.
Адамның істеп кеткен істері мол,
Бетінде ақ қағаздың неше мың қат.
Бар ма екен осы адамның алмайтыны,
Көп ұшса құстың да жоқ талмайтыны.
Қандай бейнет көрсе де адам талмас,
Сондықтан оның ойдан қалмайтыны.
2 - топ: Бұл Жарма аты шыққан үлкен аудан,
Жері бай, қары қалың, шөбі қаулан.
Бір жағы қарт Семейге жақын барып,
Бір жағы Алтын кені Алтай таудан.
Шар Жарманың отауы бөлек шыққан,
Малды, басты, балалы болғандықтан.
Автомобиль, трактор, комбайны,
Құралы екі есеге толғандықтан...
Өлкеден ел, өрістен мал асқан соң,
Өндірісі әр жермен таласқан соң.
Ұлды ұяға қондырып Жарма жатыр,
Жас ұландай шар жетіп жанасқан соң.

3 - топ: Жыл туды, күн жылынып жаз келеді,
Жазбен бірге қалжың сөз наз келеді.
Қиқулап қош айтысып кетіп еді,
Қатар - қатар аққу мен қаз келеді.
Қара жерге жасартып нұр келеді,
Қызық көп, деме жазды құр келеді.
Ақ қардан құтқардың ба дегендей - ақ,
Құлпырып жер бетіне түр енеді.

4 - топ: Сұр бұлт суық көк жүзін орап,
Жыл құсы - қонақ жол шеккен алыс,
Мұңайды үнсіз ақ қайың таныс.
Жер үрлеп үзіп үкісін тонап,
Ауада баяу ұшады қалқып,
Төгіліп тынбай жапырақ - жаңбыр.
Жаздағы дала жап - жасыл барқыт...
Оранған бозғылт тұманға бұлдыр.

ІҮ тапсырма: Берілген сөйлемдерді сөз құрамына талдаңыздар.
1 - топ: 1. Бір күні Мыңбұлаққа, Момышұлының атына Алматыдан соққан жұмбақ телеграмма сарт ете түсті. 2. Сол сияқты Бауыржан менің бағана, таңертең келген бетте айтқаныма әдейі үндемей отыр ма?

2 - топ: 1. Сөйтіп, менің хатым елге, Алматыға қарай бет қойды. 2. Үшінші қаңтарда, күндізгі сағат екіде лекциямыз басталмақ.
3 - топ: 1. Бұл Ерболдың, Ербол сияқты ұлдардың айтатын сөзі. 2. Сөйтіп менің студенттік дәуірімнің алғашқы күндері өте бастады.
4 - топ: 1. Университетке, оның биік - биік аудиторияларына бойым үйреніп, оқушылардың аты - жөнін біліп, біртіндеп көшелі студент қатарына қосылып келе жаттым. 2. Өстіп отырғанымызда бірнеше минут өтті.

Ү тапсырма: Берілген мәтінді оқып, шақ түрлеріне ажыратыңыз.
1 - топ: Шешесі бастауыш мектепте мұғалім болыпты. Әкесі оның сәби шағында шахтада төбесіне тас құлап, дүниеден қайтқан.
2 - топ: Қыздың кішкене ағасы Жүніс сегізінші сыныпты бітіргеннен кейін жұмыскер боп, жанұя асырауға кіріскен. Бұған шеше қатты қуанады.
3 - топ: Біраз оқушы жазғы демалыс кезінде тауға серуендеуге шықты. Олар таудың етегіндегі ағашқа келіп, біраз демалып отырды.
4 - топ: Қасымның үйі таудағы отарда тұратын, өзі сауырдағы мектеп - интернатта оқитын. Қарлы төбешіктерге су құйылып, сырғанақ жасалған.
ҮІ тапсырма: Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
1 - топ: Мен ескіше жыл басы деп есептелетін «Наурыз күні» киіз үйде туыппын.
Мен Қапал қаласынан 30 шақырымдай Қарамола деген жерде керуенге қосылдым.
2 - топ: Сол кішкене Көлшүмектің қасында жұмыскерлер жұмыс істеп жатыр.
Әзімхан көп ашулана алмайды.
3 - топ: Кешке қарай шеткі ауылдан шуылдаған дауыс естілді.
Окопта бір бала ұйықтап жатыр
4 - топ: Жарық түндерде, жаздыгүні қыз балалар мен ер балалар араласып ойнай береді.
Мен тағы бір нәрсеге қайран қалдым.
ҮІІ тапсырма: Шығармашылық жұмыс: Бейнематериал көрсету. «ЭКСПО - 2017» тақырыбында ойтолғау жазу. «ыстық орындықта» шығармашылық жұмыстарын оқу
ІІІ. Бекіту кезеңі:
Тест жұмысы:
1. Етістіктің райы неше түрге бөлінеді?
А) 2 В) 4 С) 3
2. Көбіне ІІ жаққа қаратылып, қимылдың орындалуын талап ету мағынасын білдіретін рай түрі.
А) шартты рай В) бұйрық рай С) ашық рай
3. Іс - әрекеттің іске асу, аспау мүмкіндігінің шартын білдіріп,- са,- се жұрнағы арқылы жасалатын рай түрі.
А) шартты рай В) бұйрық рай С) ашық рай
4. Оқуға түскім келеді рай түрі
А) қалау рай В) шартты рай С) ашық рай
5. Есімшенің жұрнағы
А)- ғалы,- гелі,- қалы,- келі В) – а,- е,- й С) – атын,- етін
6. Есімшенің тәуелденуі
А) берермін В) берерім С) берерден
7. Адасқанның айыбы жоқ. Есімшенің сөйлемдегі қызметі.
А) толықтауыш В) пысықтауыш С) анықтауыш
8. Көп сөйлегенді ұнатпаймын. Есімшенің сөйлемдегі қызметі
А) толықтауыш В) пысықтауыш С) анықтауыш
9. Есімшенің көпше түрде жіктелуі
А) Келгенмін В) келгенбіз С) келгенде
10. Есімшенің септелуі
А) көрмесім В) көрмеспіз С) көрместен
ІҮ. Үйге тапсырма: Ереже жаттау
Ү. Бағалау: Топ басшылары сабаққа жақсы ат салысқан оқушыларды бағалайды. Оқушылардың пікірлерін тыңдау.
Рефлексия: «Екі жұлдыз, бір тілек»





Краткое описание документа:

Өзіндік талдау

Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша

Пән мұғалімі Тастанкулова Сайраш Серикболовна

Тақырыбы: Етістіктің шақтары мен райларынан өткенді қайталау

Мақсаттарым:

білімділік: Оқушылардың етістіктің түрленуі бойынша алған білімдерін толықтыру; олардың түрлерін меңгерту; мәтінмен, суретпен жұмыс жүргізу, іздену, шығармашылық жұмыстар жүргізу.
дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
тәрбиелік: Оқушыларды өз мектебіне, сыныбына деген ізгі ниеттерге, пәнге деген қызығушылыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қалыпты.Lessen stud

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топтық жұмыс

Техникалық құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта

Көрнекіліктер: Слайдтар,сызба кестелер,кеспе қағаздар

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын өзіме аударып, бүгінгі сабақтың ерекшелігін айттым.Сыныпты фигуралар арқылы топқа бөлдім.1-топ шаршы,2-топ шеңбер,3-топ үшбұрыш,4-топ ромб деп алып ,әр топтың ерекшеліктерін айтып өттім.Сол себепті бүгінгі сабақта бірнеше сатылардан өте отырып,бәріңді білім шыңына шығуға шақырамын деп,әр топтың топ басшыларын сайлап алдым,топ басшылары сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды смайлик арқылы бағалайтынын да назардан тыс қалдырмадым.

Менің сабағым қайталау сабағы болғандықтан бірінші тапсырмам сұрақ –жауап болды.

Бұл сұрақтар 3 топқа бірдей қойылды.Сұрақтың саны -8.

2-тапсырма жазбаша түрде болды. Төрт топқа төрт түрлі тапсырма берілді.

Оқушылар сол тапсырма бойынша жұмыс жасады

3-тапсырмада төрт топқа өлеңдер таратылып беріліп, осы өлеңдердің ішінен есімше,көсемше тұлғалы сөздерді теріп жазды.

4-тапсырмада әр топқа 2сөйлемнен сегіз сөйлем беріліп,берілген сөйлемдерді сөз құрамына талдады.

5-тапсырмада әр топқа қысқаша мәтін беріліп,мәтінді ауызша мазмұндап,мәтінен шақ түрлерін тапқыздым.

6-тапсырма: Оқушылар топ болып берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасады.

7-тапсырма:Шығармашылық жұмыс болды.Бейнематериал көрсетіліп,оқушылар «ЭКСПО-2017» тақырыбына ойтолғау жазды.Әр топ «Ыстық орындықта» шығармашылық жұмыстарын оқыды.

Бекіту кезеңінде тестпен жұмыс жүргіздім.

Сабақ соңында қорытындыланы,үйге тапсырма беріп,топ басшыларына сабаққа жақсы қатысып отырған оқушылардың бағаларын айтқызып,сабақты рефлексия, яғни «Екі жұлдыз,бір тілекпен»аяқтадым

Қорыта келгенде сабақ өз мақсатына жетті. Жоспар бойынша көзделген этаптар түгел орындалды.

Общая информация

Номер материала: 259969

Похожие материалы