Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Этнопедагогика “Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға ұлттық тәлім – тәрбие беру” (1-4 сыныптар бойынша)

Этнопедагогика “Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға ұлттық тәлім – тәрбие беру” (1-4 сыныптар бойынша)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы

Арыс ауданы

М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі















Этнопедагогика



Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

















Байырқұм- 2012




Мазмұны









Түсініктемелер тізбегі..................................................................................................................2

І . Кіріспе

Тәрбие саласындағы этнопедагогика.......................................................................................4

ІІ. Негізгі бөлім

1. Халықтық тәлім тағылымы................................................................................................14

1.1. Баланың дүниеге келуімен байланысты туындаған отбасылық тәлімдік әдет- ғұрыптар.................................................................................................................14

1.2.Табиғат, шаруашылық және наным – сеніммен байланысты өлең – жырлар..............................................................................................................................22

1.3.Үйлену және үй болуға байланысты салт – дәстүрлер.....................................24

1.4.Діни наным – сенімдермен және өлікті жерлеу рәсімдермен байланысты туған салт - дәстүрлер...................................................................................................29

2. Қазақ халқының салт – дәстүрлері.....................................................................................34

ІІІ. Қорытынды...........................................................................................................................54

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................................56






























Түсініктемелер тізбегі






Меңді жүзі - өңді , шырайлы жүзді

Көзін сықтау – жылау

Жетілер бас кәртеді - жасына жетпей кәртейді

Кеміс үзік ірітеді – кеміс іс береке кетіреді

Тәңір – Құдай, Алла әр нәрсенің иесі

Сарын (аужар) – қыз зары

Қажылық – мұсылманның бес парызының бірі

Кешулесейін – қаралы үйге көңіл айту

Бейіт, мола – жерленген адамның орны

Оба, қорған, көшен, там, күмбез, мазар - жеке адамға арналған бейіт

Тұлдау – ер азаматтың өлімімен байланысты ырым

Жоқтау – өлген адамға арнап айтылатын өлең

Бетің тіліңгір – қарғыс түрі

Жарапазан - ораза кезінде айтылатын арнау өлең

Шек беру – құрбан айтта ата - баба аруағына арнап мал сойып, құран оқыту салты

Орхон аддин - мұсылманның бес парызы

Зәкәт – әл – фитр – жанға саулық тілеп, пітір садақа беру рәсімі

Мубәрәк – рамазан айының екінші атауы

Ауызтамыр – сүйек ұстасып, сөз байласып, бармақ ұстасып туысқан болу салты

Ата тамыр – достықтары жалғасқан тамырларды балалары

Марту - жын
























Кіріспе



Зерттеу жұмысының өзектілігі: Аталған еңбектердiң маңыздылығына баға бере отырып, ұлттық тәлiм-тәрбие беру iсiн бүгiнгi таңдағы мектеп оқушыларының қоғамдық бiрлестiктерi мен ұйымдық жүйе арқылы ұйымдастыру және басқару жолдарының педагогикалық мәнi мен әдiстемелiк мүмкiндiктерiнiң толығынан ашылмағанын байқадық. Қорытындылай айтар болсақ, оқушылар ұйымының ұзақ жылдар бойы бірыңғай саяси тәртіпке негізделіп, ұйым жұмысының халықтық-демократиялық принципке сүйенген, ұлттық тәлім-тәрбие негізінде құрылған жаңа моделінің қажеттігі жөнінде арнайы зерттеу жұмыстарының жүргізілмегені “Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға ұлттық тәлім – тәрбие беру” (1-4 сыныптар бойынша) атты шығармашылық зерттеу тақырыбымның өзектілігіне айғақ болды.


Ғылыми болжам: Егер халық педагогикасындағы ұлттық тәлiм-тәрбие берудің ғылыми педагогикалық негіздері айқындалса, онда оқушы-жастардың ұлттық сана-сезімі жетіліп, тұлғалық қасиеттері жан-жақты дамиды, өйткені оқушыларға әлемдік құндылықтар мен ұлттық ерекшеліктерді кіріктіре меңгертуге мүмкiндiк туғызылады.

Зерттеудің мақсаты: Мектептегі оқушыларға ұлттық тәрбие беруге негізделген жаңа моделін жасап, оны оқу-тәрбие үрдісінде іске асыру арқылы жан-жақты дамыған, ұлтжандылық қасиеттері қалыптасқан азамат тәрбиелеу.

Зерттеудің мiндеттерi:

Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы мен теориялық негіздерін ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерделеу;

Оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жаңа моделін жасап, оны іске асырудың жолдарын айқындау;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы сараланды;

Оқушылар ұйымы қалыптасуының ғылыми негіздері педагогикалық тұрғыда зерделенді;

Бүгінгі күн талаптары мен жалпыадамзаттық рухани-мәдени құндылықтарға сай оқушылар ұйымын қайта құрудың жаңа моделі жасалып, оны іске асырудың ғылыми-әдістемелік жолдары айқындалды;

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

Оқушылар ұйымында ұлттық тәрбие берудің жолдарын көрсететін бағдарламасы на нұсқау көрсетілді;

Бағдарламаны оқу-тәрбие үрдісіне ендірудің әдістемелік кешені жасауға, мектеп тәжірибесіне пайдалану жолдары көрсетілді.










Тәрбие саласындағы этнопедагогика.


Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы. Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дөстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды, сондай-ақ тарихи-педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы. Алайда педагогика мен халықтық тәрбиенің мұндай бірлігі олардың бірдейлігі деген сөз емес. Этностық тәрбиенің сипаты жөнінен терең өзгешелігі болғандықтан оны мазмұңдау қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін аса қажет.

Этнопедагогика (ұлттық дәстүр)
Әр халықтың ғасырлар бойы мысқылдап жиналып, бейне бір арнасы кең өзендей асқар таудай болып қалыптасқан өзіне тән салт-сана, дәстүрлері болады. Бұл салт-сана, достүрлер сол халқықтың адам тәрбиесі, адамгершілік дүниеге, өмірге көзқарасы мен рухани күйінен туған. Сол үшін де ол халықтың жан дүниесінің айнасы, ұрпақтарының кәдір тұтар мұрасы болып қалады.Бірақ салт-сана, дәстүр біткеннің бәрі тапжылмайтын, өзгермейтін, қатып қалған дүние деп қарауға әсте болмайды, ол дәуірден-дәуірге, ұрпақтан-ұрпаққа өткен сайын, сол өзі өмір сүрген заманның, ортаның көзқарасына, қажетіне қарай мазмұнмағына алып, байып, жаңғырып отырады, жаңа, жас сипат алады. Яғни керектісі сақталады да, тозғаны өмір кешіне ілеспей қала береді. Мұның өзі табиғи тұрғыдан алып қарағанда заңды да.
Өйткені адамның тыныс-тіршілігі сол өмір сүрген қоғам өмірімен тұтасқан. Кісі өзінің жеке басының қамы үшін емес, қоғам мүддесі, ұрпақ болашағы үшін өмір сүруге, сол үшін игілік жасауы керек. Адамның, қуаныш, қайғысы да, салтанат, көргісі де, барлық байлық, ырыс-дәулеті де сол болмақ.

Қай дәстүр болмасын халықтың көз қарасынан туып, тұрмыстық қажеттілік сынынан етіп барып қалыптасады.

Алексей Максимович Горький халықтың тек материалдық байлықтарды жасаушы күш қана емес, рухани байлықтардың бірден-бір сарқылмас көзі, барлық ұлы поэмаларды, жердің барлық қайғы-қасіреті мен қуаныш-шаттығын, солардың ішінде ең ұлысыдүние жүзілік мәдениет тарихын жасаушы, уақыт бойыншада, сулулығы мен данышпандығы бойынша да, тұңғыш философ және ақын екендігін айтқан.
Ес біліп ақыл ұштауда, ой дүниесін толықтырып білім алуда ұрпақтан-ұрпаққа талай қилы кезең сындардан өтіп өз мағынасын сақтап келе жатқан халықтың жақсы салт-сана, әдет-дәстүрлерінің ұрпаққа берері мол. Әрбір даналық парасаттың өшпейтін себебісол халықтың рухани, мәдени мұраларын сақтап, оны жаңартып, жаңа өмір, жаңа адам, жаңа қоғам талаптарына қарай бағыттап, байытып қызмет істетіп отырғандықтан екені түсінікті. Сондықтан да оны қадірлеп-ардақтап таза ұстау, оған қиянат жасамау қай ұрпақтың болсын қасиетті борышы.
Ешбір қағаз бетіне жазылып, указбен (жарлықпен) бекітілмей-ақ түтас бір халықтың рухани қажетіне айналып кеткен мұндай дәстүрлерді неміс философы Э.Канттың, біздің арымыз, ұятымыз деп есептегені де содан болуы керек.
«Халық алдында ұялу деген жақсы сезімөзіңнен өзің ұялу, бәрінен де жақсы», дейді. Л.Толстой. Халықтың, ғасырлар бойы асыл ой тамшысынан жинап, алмас казынадай сақтаған мұрасын құрмсттеу, адамгершілігін, ұяттың не екенін естен шығармау қасиетті сезім. Халық дәстүрлері жас ұрпақты өз халқының тарихын, мәдениетін, рухани, табиғи байлығын, жерін, елін сүюге, айналасын қоршаған дүниеге адамгершілікпен қарауға, құбылыс-болмысты парасатпен тапуға, әділет шапағатқа баулиды. И.Ньютон, менің басқадан алысырақ керетін себебімалып-тариығының үстінде тұрмын деп тегін айтпаған ғой. Сол алып, даналық пен данышпандық биігіқадірлі халық одан үйрене жүріп үйретесің, үйрете жүріп үйренесің.

Әр халықтың дәстүрі де әр түрлі. Оған себеп: сол халықтың ежелдсн келе жатқан тұрмысы, мен тіршілік еткен географиялық ортасы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, өмірге көз қарасы, шаруашылық тіршілігі т.б. Сондықтан да халық дәстүрінің қай-қайсысы болсын ортақ ой, ортақ өмірден туған ортақ қазынаға жатады. Қазақ халқы ежелден, көшпелі, ортақшыл ел, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп, басқа түскен қайғы-қасірет, куаныш-шаттық болсын бірге көтеріп келеді. Қолда барды бірден бөліп пайдаланған, өзара бір-біріне көмектесу сияқты белгілі бір коллективке тән дұрыс әдет-ғұрыпты туғызған. Сол әдет-ғұрыптар ұзақ замандарға талмай жетіп, сол халықтар өзіне тен берік дәстүрінің негізін салған.

Қазақ Халқының ұлттық дәстүрлері көп салалы «Өнер алды қызыл тіл» деп, әуелі аталы сөзді құрметтеген. Мұнысы даналықты, ақыл-парасатты, тапқырлықты құрметтегені. Не бір асыл ой, ардақты сезім тілмен айтылған ғой.
«Қырдағы көшпелі халықтың шешендік тапқырлыққа бейім келетініалаңсыз көшпелі өмір сүргенінен шығар, әлде өз көз алдыпдағы табиғаттың көп жұлдызды ашық аспан мен ұшы қиырсыз жасыл даланың шабытты әсерінен шығарДала тұрғынықазақ мораль жағынан да, ой өрісінің қабілеттілігі жағынан дажоғары тұрады. Поэзияға бейімділік әсіресе суырып салма шешендік барлық көшпелі нәсілдерге тән қасиет» – деген еді ұлы ғалым Шоқан Уәлиханов.
Расында да халқымыз-атамзаманынан бері кешірімсіз, өте ауыр жағдай деп санап келе жатқан жер дауы, қүн, дауы, жесір дауы, мал дауы т.б. сияқты оқиғаларда көбіне ақылды ұл-қызының аталы айтылған бір ауыз сөзімен ғана бітімге келтіріп шешім тапқызған.
Сан-саналы ұлттық дәстүр атаулының мән-мағынасына үңіле қарасақ, онда адалдық, адамгершілік, ізеттілік, үлкенге құрмет, кішіге шапағат т.б. сияқты аса қасиетті этикалық және эстетикалық тәрбие жатқанын аңғару қиын емес.

Л.Толстой айтқандай тәрбиебір адамның екінші адамға белгілі адамгершілік әдеттерді дарыту үшін жасайтын ықпалы. Ешбір халық өз ұрпағын жаман болсын, мұрасыз-мұратсыз болсын демейді. Жақсы ғұрпын дәстүр-өнеге етіп ұстайды.
Өздерінің сезім өрісін кеңейтіп, эстетикалық талғамын оятқан қазақ халқының таң ғажайып әсем де әсерлі дәстүрлеріне халқымыз аса бір ілтифатпен қарап келген. Әр бір табиғат көрінісінің тұнығын бұзбай аялауды, «обал» деп сылап-сипап отырған. Туған жер, Отан, Ата мекен десе ең алдымен сол жердің өзен-көлін, тау-тасын, орман-тоғайын, ұшқан құс, жүгірген аңын есіне алған. Алыста жүріп аңсап сағынса соны жырға қосқан, қуаныш мерекссіне соны мақтан еткен. Адам бойындағы барлық асыл қасиетті сұлулықты мақтаса сол туған жер табиғатының тазалығынан теңеу тапқан. Ұшы-қиыры жоқ кең пейілді байтақ далаға, төбесі көк тіреген асқар туаға, шалқыған шалқар көлге, мөлдір бұлақ, кернелі өзенге шендестірген. Дәстүрлі той-думан, шілдеханаларда өнерпаз сөз шеберлері айтысса табиғаттың көркін, байлығын, соның құшағындағы ел тұрмысының салтанатын мақтан еткен.
Адамзат болсын ерте заманнан бері табиғат-ана асырап келеді. Алғашқы қоғамнан қазіргі космос дәуіріне дейін адам баласының азық-түлік, киім-кешек, басиана, көлік, өндіріс құралы мен қорғаныс қаруыөмір сүруге қажетті барлық мұқтажын өтеп келе жатқан жомарт табиғат қазынасы. Бертін келе адамды тұрмыс түзеу, баю мұратына жеткізген де осы табиғат байлығы.
Күнделікті өміріне, экономикалық жағдайына, географиялық орналасуына, биологиялық* ерекшеліктеріне байланысты қазақ халқы табиғат қойнында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатқан жұрт екенін байқаймыз. Мұндай жақындық оларды табиғатқа етене бауыр, жаңашыр етіп жіберген сияқты. Халықтың табиғатқа деген көркемдік сезімін, ілтипатын, қадірлеп-қасиеттеуін көрсетілетін дәрежелерді тарихтан, ғана емес, бүгінгі өмір тағылымынан, тұрмыстың сан сала, сан тарауларынан кездестіреміз. Қай қазақтың босағасына бас сұқсаңыз да оюлы сырмақ, текемет, түс кигіз немесе айшықты ер-тоқым, тұрман, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары, я болмаса өрнекті киім-кешектің бір жұрнағын кездестіруіңіз мүмкін. Ол көзі қимай сақтаған секінің жұрнағы емес. Халық санасына терең ұялаған, туған табиғатына тән көркемдік сезімнің бүгінгі күнге қажетсінуінен туған, болашақ ұрпаққа да сол мән-мағынасымен барар даңғыл жолы бар дәстүрлі дүние. Әртүрлі бұйымдарға түсірілген ою, айшық-өрнектердің қай-қайсысы болмасын өзімізді қоршаған табиғаттың бір бөлшегін көз алдымызға тартады. Түс кигізден тау жолдары, бұлак сулары, даланың хош иісті гүл-бәйшешск жапырақтарын елестетсек, сырмақтардан малдың, аңдардың мүйіз-тұяқ үлгілерін, құстардың қанаты мен тұмсықтарының алуан суретін байқаймыз. Тұтас алғанда халықтың өзі мекен еткен тау мен даланың бай табиғаты, жыры сияқты. Демек, халық тұрмысқа керекті заттың қажетін ғана емес, рухани қажетін, творчеетволық шабыт кезін де табиғаттан тапқан.

Сүлулық пен көркемдікті түсіне білудің өзі үлкен эстетикалық тәрбие күші. Ұшқан құс, жүгірген аң, өзен-көл, тау-тас, өсімдіктер дүниесі бәрі де адамға ләззат береді. Олардың жазықсыз жәбірлеуге, елтіруге, отауға арамдауға, бүлдіруге, құртуға болмайдыдейді халық дәстүрлерінде.

Ес білгеннен бастап ата-ангасынан ел ағасынан, үлкендерден ене бойы айтылатын өсиеттермен тәрбиеленген ұрпақ өзі де табиғатқа нұсқан келтірмей, келешек ұрпақтарды да сол тәрбие талабына қалыптастырып, алдындағы малы мен айналасындағы табиғаттың игілігін көруге баулиды.

Жазықсыз аң мен құсқа мейірлене қарағаннан әр замандағы махаббат сезімі де біреуден біреуге, «ақсұңқарым», «аққуым», «ақмаральш», «балапаным», «бұлбұлым», «тотым» сияқты теңеу-лермен айтылып, тарағанында да күмөн жоқ..
Адамды аңға, құсқа тигізбей, олардың өз бетімен еркін тіршілік етуіне мүмкіндік беру үшін. Жануардын, қанын босқа төкпеу үшін, адам баласын жыртқыштан, қанқұмарлықтан аяусыздықтан, жаны ашымастықтан бетбақтықтан аулақ ету мақсатымен, бұндай жаман әдеттен адам баласының қоғамын аман алып қалуы үшін, халқымыздың арасына кең тараған аңыздар, дәстүрлер, ертектер көп. Олардың бәрінің де, ойлап қараған кісіге тамыры терең, мазмұны кең, тәрибелік мәні зор, үлгі, есиет аларлық парасаты мол.
Халқымыз обал мен субапты, адалдық пен арамдықты ажырата біледі және бұл ұғымдар ел санасынан ерекше орын алған. Әрбір қазақ бір жұмысты істерде оны жаңағы айтқан төрт тұрғыдан қарайды.
Мысалы, қазақ халқы аққуды атпайды. Кім білсін, қай заманнан қалыптасқан дәстүр екенін, қазақтар әйтеуір аққуды қадірлейді. Табиғаттың жандысы болсын, жансызы болсын, қажеттігімен ғана емес, көркімен, айналадағы өмірге сән беріп жарасуымен құнды, өз алдына сырға толы таңғажайып әсері, тарту күні бар эстетика. Бір ғажабы сонан күнбе-күн ләззат, нор алып отырғанымызды байқамаймыз да.
Басқа хаиуанаттар мен құстар дүниесін былай қойғанда, бір ғана осы аққу атына байланысты біз ел аузынан, эпостардан неше түрлі аяулы сөздер естиміз. әйел қауымының жан нәзіктігін, тазалығы мен сұлулық сипатын, аяулылығын «Аққудай ару» деген бір ауыз теңеу сөздің құдіретінен түсінеміз. Адамның көңіл күйінің жығылуын суреттеген «Аққуы қайтып оралмаған құлазыған көлдсй болдым» деген сөздердің құдіретін тағы да аққу атынан табамыз.

Міне мұның бәрі табиғат пен етене бауыр болып кеткен халықтың өз айналасындағы аңдар мен құстардың психологиялық күйіне қаншама қанық болғанын, олардың сырт көрінісін қызықтаушы ғана емес, ішкі сырын, өмірін байқап, зерттеп түсінгендігін аңғартады.

Тау-тас, орман-тоғай, шеп пен су сияқты андар мен құстар да адамзаттың қажеттін өтеп, сән-салтанатын жарастырып келе жатқан ежелгі досы, сырласы. Тарихқа үңілсек, бұлардың ерте заманда адамзат мәдениетімен өнерінің тапқырлық, ақыл-парасатының өсуіне де көп әсері тигенін көреміз.

Аққу серігі мерт болған жерге өзі жанын құрбан ететін оның ұлы қасиеті халық көңіліне ұнаған. Оның атыопалы, мейірімді, әділетті болу қиянат пен зорлыққа немқұрайды қарамау. Халыққа ұнаған бұл қасиеттің жас ұрпақты опасыздықтан жиіркендіріп, патриоттыққа тәрбиелеуде философиялық үлкен мән-мағынасы бар екені түсінікті. Әрйне аққуға тисең бақытсыздыққа ұшырайсың дегендей сез тындамас тентектерді қорқыту ( жасқандыру үшін қосылған қоспалар болуы мүмкін. Атақты ақын және халық композиторы Ыбырай Сандыбаевтың «Гәкку» атты әйгілі әнінің шығу тарихы да Көкшенің көгілдір көлінде салтанат құрған аққу әсерінен туған деседіхалық.
Қазақ жалпы құс атаулыны аяиды, оларға жанашырлық білдіреді. Тұмсығы тесік құстар бәрі табиғаттың азат перзенті. Оның бостығына, өсіп көбеюіне қиянат етпеу керек, оларды жәбірлемеу керек деп түсінеді. Балалар ойнап жүріп торғайдың балапанын ұстап алса да дереу қоя бергізеді.

Құстың ұясын бұзбау, жұмыртқасын сындырмау, балапанын жәбірлемеу егде тартқан адамдардың қашаннан бергі балаларына айтып отыратын өсиет. Олар мұндай қиянатқа тиым салып отырды. Ілуде бір тентекті қөрсе жағасын ұстап жек көріп кетеді. Өзіңе зияны тимеген, аңға, жәндікке тиіспе деп үйретеді.

Табиғатта өз міндетін етемейтін басы артық ештеңе жок, бәрі де адам үшін қызмет істейді. Тырна келсе «Жыл құсы». «Қаз қайтса күз», «Қарға келсе қар қалмайды», «Ұзақ келсе қыс аяғы ұзамайды», «Көкек кслсе көктем», «Сауысқан келсе суық болады» т.б. деген қағидалар халық көңілінен мықты орнаған. Осы айтылғандардың жастарға тәлім-тәрбие беруде атқаратын ролі орасан зор.

Жыланқазақ елінің және басқа халықтардың ұғымында ең жауыз жәндік. Кейде жайлау үстінде жыланның үйге кіріп кететін жайы да болады. Сонда оның ештеңеге зияны тимеесе, бірдеңеден қорқып келген шығар деи, мүсәпір етіп, қиянат жасамай, басына ақ құйып шығарады. «Таспен атқанды аспен ат, өзің мейірімді, жақсы болсаң өзгеге жақсылық жасасаң сағанда біреу қастық ойламайды» – деп жыланға да адамгершілік, жанашырлықпен қарайды. Бұл ең алдымен, жоғары гуманистік қасиеттен туған дәстүр, халықтың кең пейілдігін, бейбіт өмірді, жан иесінің азаттығын қасиеттеуді өздеріне парыз санап, қас-күнемдікке, қанды қолдықка, өздерін де, ұрпақтарын да, сол сияқты бүкіл замана атаулыға қиянатқа бастырмауды ниет тұтқанын көрсетеді.

Табиғат құшағындағы көшпелі елдің тұрмыс-тіршілігі, ішсе асы, кисе киімі, мінсе көлігі, алдындағы малы ғана болды. Мал да табиғаттың адамға тартқан үлкен сиы. Оны ысыран етпей, тұрмыс керегіне жаратып пайдалануды, мейлінше өсіруді ежелден төл ісіміз деп санаған.

Малды қорлау, жебірлеу үлкен қиянат. Кейбір тентектердің мінген атын сабағынан көрсе ақсақалдар жерлеп, ұрысып тастайды. Тамақ-тұрмыс қажетіне мал сойса, қастерлеп, қадірлеп, жақсы сөздерімен батасын айтып таза, қинамай сояды. Қанжынына дейін кісі аяғы баспайтын таза жерлерге төгіп, көмеді. Бүл дәстүр, біріншіден, хайуанды қорламау болса, екіншіден, тазалықты сақтау, ауыл маңына, ас-суға шыбын-шіркей үймелетпеужалпы мәдениет этикасы болып табылады.

Аңға, құсқа деген халықтың көзқарасы, оларды жақсы көрушілікті біз күні бүгінге дейін еліміздің өмірінен, тұрмысынан көреміз. Олардың сүйкімділігін, көріктілігін, момындығы мен жәбірсіздігін жақсы көріп, солардай болсын деп перзенттерінің есімін де солардың атымен атаған. Ел ішінен Ақмарал, Құралай, Ботакөз, Бұлғын, Қарлығаш, ал ата-анасы ер жүрек, қайратты азамат болсын деген тілекпен қойған Арыстан, Бүркіт, Қаршыға деген аттарды естігенде тапқырлығына сүйсінеміз.

Бүгінгі адамзаттың асыл мұраты бостандық, тыныш өмір сүріп өсіп-өну. Сол үшін де ақ ниетті адамдар озбырлыққа, адамзат баласын жаппай қырып-жоятын қаруға, шапқыншылық соғысқа қарсы күресті өрістетіп отыр. Осының бәрі азаттык, мүддесі. Халықтың адамгершілікті жанашырлық сипаты асыл дәстүрлері міне осындай дүниенің түбегейлі мүддесімен астасып жатқанын сеземіз. Сеземіз де осындай қасиетті ойды ұрпақтан-ұрпаққа тұнық, таза қалпында жеткізуге қызмет істеуге тырысамыз.

Басқа бір елдің рухани байлығына, мәдениетіне, салт-санасына, дәстүрлеріне, материалдық қазынасына, табиғат байлықтарына сырттан келген келімсектердің жаны ашымайды. Қайта сол басып кірген жерінің бар байлығын қайтсе де көбірек тартып алуды меншіктенуді көксейді. Тегін жатқан байлық, көлденең олжа жаулап алушылардың көкейтесті арманы. Олар сол жердің негізгі иссінің, сол жерді ежелден пайдаланушы халықтың қамын ойлаған емес. Оны қазақ халқының өмірінен жақсы көруге болады. Келімсектер тек өз пайдасын көздейді, қалтасын толтырып, керегін алып, болмаса ежелгі жерін, суын тартып алып өз пайдасына жаратып отырады. Ауыртпашылықтың нешс түрлі тауқыметін тартатын сол жерлерде ежелден тұрып келе жатқан халық болады. Тұрмыстың неше түрлі тауқыметін біздің қазақ елі тартты ғой. Жерді отарлау басып алу, зорлық, зомбылық жасау, басьш кіру, тартып алу, халықтың ежелден келе жатқан тыныштығын бұзу, асу, ату, өлтіру сияқты жыртқыштық тәсілдерін бәрін қазақ халқыбасынан өткізді.
Бір кезде патшалық Россия үкіметі де қазақ даласын, оның байлығын, елдің өзіне тиісті мол қазынасын әр түрлі әдіс-айламен, кейде күшпен қорқыту, ығыстырумен ала беруге кешкені белгілі.

Сонау он сегізінші ғасырдың аяқ кезінің езінде қазақ ауылдарына (руларына), Ертістің оң жағындағы ата мекеніне көшіп баруға, ол жерлерді пайдалауға, мал бағуға патша үкіметі тиім салған болатын. Бұл тәсіл күні бүгінге дейін, өз тәуелсіздігімізді алғанға дейін бір күнде толастаған емес. Тегін жатқан мол жайылым мен шабындықты, үйір-үйірімен ен далаға симай жатқан құлан мен тағы жылқының бір түрітарпанды, сол кезде-ақ ақ патшаның әскерлері меншіктеніп алған болатын.

Әуелде «бейбіт» жолмен келіп, кейбір аға сұлтандарға атақ-дәреже беріп, өктем күшін мықтап орнықтырып алған ақ патша аға сұлтандардың өз мекендерінен қуып жіберіп отырды. Міне осындай, дала өміріне енген зорлық-зомбылық күштері, ежелден келе жатқан салт-сана мен дәстүрлерді мүлде жойып жіберді. Халық өз тілінен мәдениетінен айырыльш қалғанын қазақ елі жақсы біледі.

Адам дүниедегі ең ақылды жаратьшған Биосфера перзені. Оның қолынан жақсылық та, зұлымдық та келеді. Қолында малы көп болып, не ішейін, не киейін деп ойламаған кезде андар мен құстарға, жалпы биосфера компонентгеріне (жерге, суға, өсімдік әлеміне, жануарлар дүниесінс) адамгершілік, қайырымдылық, жақсылық ойлаған. Қазақ елі жайлауы мен малынан айрылып, амалсыздан амалсыз аң, балық аулаудың әр түрлі айла тәсілдерін қолданып күн көрсе де ежелгі әдет және аса бағалы ұлттық дәстүрлерінен ұлы Абайдың «ақырын жүріп андьш бас, ұстаздық еткен жалықпас» деген даналы сөзін басшылыққа алып, қазақ халқы жастарға валеологиялық білім және тәрбие беруден бірде-бір күн жалыққан емес.

Әуелде үш жүзге бөлінген қазақ халқының мекендейтін жерлері «мекендеғен жер-суына қарай олардың салт-сана, әдет-ғүрып ерекшеліктері, айырмашылықтары белгілі дөстүрлері болды. Ондайларды сөйлеген сөзден, киген киімнен, пісірілген астан, тіккен киіз үй мен жасау, ер-тоқымнан байқауға болады.
Аңшы жабайы андар мен құстардың өсіп көбеюін, жүретін жерін, олардың мекендейтін, жайылатын орнын, жүріс-тұрысын, дағдысын білумен қатар, олардың мінезін жақсы білуге байланысты нәрсе. Осы асыл дәстүрлерді қазақ халқы балаларына атап үйретіп отырған.Ескі аңшылық дәстүр бойынша аңның көбіне еркегін атады да ұрғашысы мен балаларын атпайды.
Қай заман, қай ғасырда болсын қазақ халқында табиғатқа тағылықпен қарау болған жоқ, жабайы аңдар мен құстарға дейін жанашырлықппен қарады. Өзінің қолда бар, еңбек етіп асыраған малына қанағат етті. Табиғат байлығын жеке меншік емес, қоғамдығы, халықтікі, болашақ ұрпақтікі деп қарады.
Қазақ арасында бұрын «адам топырақтан жаралды» деген ұғым болғаны рас. Сондықтан да топыраққа, жерге, тірі жүрсең де, өлсең де менің деп ықыласпен қарады. Жерді қазу, шұқылау берекесін кетірубәрі де оны жаралаумен тең, оның қаһарына душар болу деген сездеп ұқты. Осындай түсініктер жер бетінің бүтін болуына, топырақтың тозбауына, көркінің кетпеуіне үлкен себеп болды. Халықтың еңбек ері, дүние жүзіне атағы әйгілі, белгілі дикан, күріш өсіруші Ыбырай Жақаев: «Мен рахметті жерге айтар едім, – дейдіөзімді дүниеге келтірген, маған бақыт әперген, жомарт төсінде дән дариясын тасытқан», «Қасиетті Жер-ана сенсің менің ардақтым!». Міне бұл сөздер жерді ұқсатуды кәсіпеткен сол жердің қасиетін, кереметін, «тілін» түсіне білген адамның сөзі.
Осындай дәстүрлі ісімен қазақ ақсақалы аумағы кішігірім совхоз орталығындай жерден жыл сайын күріштің дариясын шалқытып бір рекорттан бір рекордты туғызып дүние жүзінің күріші өсірушілеріне өнеге көрсетіп жүрген болатын. Кейіннен ол ұлы адам дүние салды.
Табиғаттың ләззатті көктемін адам баласыньщ ақын жанды перзенттерінің жырламағаны жоқ деуге болады. Ақында, жазушы да, ғалым да, композитор мен суретші де табиғат көктемінің сан алуан сырлы сипатын, сұлулығымен кереметін дәріптеп, анадай аялап, сәбидей мәпелеп, көне тарих жолының басынан бері қарай із қалдырып келе жатқаны баршаға белгілі жағдай. Кол-көсір байлықтың тегі-өсімдік дүниесі екенін біздің қазақ халқы жақсы білген. «Көкті жұлмакөктей соларсың» деген нақыл сөзде көк шөпкс деген жанашырлық қамқорлық, философиялық терең мағына жатыр. Бұл нақыл сөз өсімдік қадірін білгендіктен туған.
Тамақ, киім, отын, баспана, құрылыс өндіріс материалдары, дәрі-дәрімек бәрінде өсімдіктерден алатыны баршаға белгілі.
Жерге, өсімдікке деген ықылас пен көзқарас әрбір ауылды белгілі бір жолмен, белгілі^ уақытта кешуге, белгілі құдықтың, немесе бұлақтың басына қонуға, малды үйренген жерге жоюға қалыптастырып үйретті. Осындай көшу, қону жағдайларына байланысты мал жайылымы қыстау, жайлдау, көктеу, күзеуге бөлініп, жылдың төрт мезгіліңце әр ауылдың қоныс ететін бслгілі жерлері болды. Бұл сияқты жерді, өрісті бөлу ұзақтан, әріден басталғандықтан атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа тараған берік қағида, дағдыға айналды. Әр жүздің, рудың, ауылдың мал баққан жерлері солардың ортақ меншіктеріне айналып кетті. Басқа біреудің айтайық бір ауылдың, екінші ауылдың жеріне мал жаюы, немесе, ұлықсатсыз келіп көшіп алуы үлкен дау-жанжалға айналатын болған.
Абайдың: «Ерте барсам жерімді жеп қоямындеп, ықтырма мен күзеуде отырар бай» – деуі, бір жағынан байдың сарандығын сықақтаса, екіншіден мал жаятын жердің қатаң есептелуі екенін, жердің шөбін де тиімді пайдаланудың қажеттігін көрсетеді.
Жер бетіндегі өсіп тұрған өсімдікке шапағатты көзқарас халықтың қасиетті сезімі қазақ халқы ұғымында жер өртеу, үлкен кылмыс. Жер мен оның өсімдігі заласыз, зардапсыз, пөк әлем. Пісіп тұрған шалғында өртсу елге деген орны толмайтын зиян. Сол үшін де даныяшан Абай «Атың шықпаса, жер өрте» деген сөзді түйреп, «Жер өртеп шығарған атың құрысын» дейді. Көшпелі қазақ ауылдарындағы үлкендср ертеден-ақ кейінгілерге «Отпен ойнама» ден өсиет айтқан. Қадірлі өсиетпен тәрбиеленген қазақ баласы соғыс өртін ешқашанда тудырған емес. Жан иесі ғана емес, жер бетінс шығып көгеріп тұрған өсімдіктерідің дс тіршілігі бар. Кесілген ағаштың немесе жұлынған шөптің аққан сөлікөз жасы сияқты жас ағаштың сынғанын, гүл-бәйшешектің мезгілсіз жұлынғанын көрсек аяныш білдіреміз.

«Көкті жұлма, көктей соларсың», немесе «көктей солғыр», «өспегір» деп біреуге лағынет айту да осындай ұғымынан туғаны өзінен-өзі белгілі. Әрине мұндағы негізгі философиялық мағына тіршілік еткісі келген дүниені тиіспе, залал келтірме, зақымдама деген аталы ақыл. Шынына келетін болсақ өсіп түрған «әдемі ағаштың, гүл, жеміс» ағаштарының адам баласына, түрлі жан-жануарларға, жер көркіне келтірер пайдасы сан алуан. Біреуге риза болғанда «көсегең көгерсін», «өркенің өссін» дейді. Қазақ қандай тамаша жүрекке жылы тиетін тілек. Халықтын өз туындысымен түсіндіргенде: «Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды» деген мағынада.
Оңтүстікте «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген создер бар. Әкесінің егіп кеткен жас шыбығы кейін өсе келе жемісті, саялы баққа айналып ұрпағынан-ұрпағына дәулет болып келе жатқандар да аз еемес.Ғасырлар бойы көшіп жүріп малды жайып, бағу биосфера компоненттерігі тиімді пайдаланудың дәстүрлі жолдарын туғызды.

Ауыл ақсақалдары жұрттың шаңы шығып, тақырға айналып кетуіне жол бермегсн. Құлындар байлайтын желілерді, қозылар көгенделінетін көгендерді ауыстырып отыру әдетке айналдырған өмір тәжірибесімен істелген мұндай жұмыстардың табиғатты қорғау жөнінен ғылыми негізі бар. Шөп тамырымен жойылса, ондай жерге ендігі жылы шөп шықпай қалады. Жұртты тақырға айналдырып жіберу табиғатты орынды пайдаланбағанның, жерге жаны ашымағаның ісі.

Сондықтан да ауыл қонып отырған жұртты тоздырмай, қарайтып шаңын шығармай тұрып көшу басқа жерге жүрт аударып отыру, ел көшкен кезде қазылған жер ошақ, шұңқыр, апандарда көміп тегістеп, кететін қазақ шаруаларының ежелден келе жатқан аса бір пайдалы дәстүрі. Бұндай жаңашырлықтың бүгінгі шаруашылыққа да үлкен пайдасы тиеді.

Жайылым мен жердің жасыл шебі ғана емес, қазақ дәстүрінде орман-тоғайды қорғау мен пайдаланудың да өзіндік, қағидалары бар. «Ағаш көркі жапырақ адам көркі шүберек» деген нақыл сөзде, адам меп ағашты бірдей тіршілік ететін табиғат деп қараудан туған.Көшпелі елдің өмірі бөлек-салақ, күнделікті тұрмысқа қажеті жоқ артық заттардан аулақ болуды талап етеді. Керегі жоқ болса, ағашты кеспеу, шөпті шаппау, бүлдірмеу, жемейтін болсаң жемісті үзбеу сияқты толып жатқан «обалға» барып тірелетін өсиет кеңінен таралғанын да білеміз.

Орман-тоғай арасынан қазақ шаруалары қажеті үшін жеміс беретін ағашты әсте кеспеген. Жерімізде бар табиғат байлықтарының кейбірінің осы күндері аса мол болуы, біздерден бұрын осы жерді мекендсген адамдар еңбегінің жемісі. Әрбір ұрпақ өзінен бұрын өмір сүрген ұрпаққа сын көзімен қарайтыны, басым болады. Ол да зандылық. Ондағы мақсатөткен қателікті қайталамау.

Қазақтың дәстүрлі өсетінөсімдіктерді «жұлма», «өртеме», «таптама», «кеспе» деп ғасырлар бойы қолдағы барды сақтағысы келсе, ендігі ұрпақ өскелең өмірдің бар мүмкіншіліктерін қолдана отырып, табиғатты одан әрі мол да. Көрікті, сүлу да берекелі ету үшін шел даланы құлпырған орман алқаптарына айландыруда.

Табиғат қоры адам үшін тегін дүние сияқты. Бірақ табиғатта керексіз, қалай болса солай жұмсап пайдалана беретін, не ысырап қыла беретін тегін ештеңе жоқ. Бәрінің де өз міндеті керек орны бар. Қандай зәт болмасын, өзінің молшьшығымен бағалы. Молшылықты қадірлемеу, бағаламаудан тапшылықтың тақсіретін тартқан кездерде болған. Міне халық сол өмір тәжірибесінен дұрыс қорытынды шығармағандықтан «ой шырағым, байқа, ағып жатқан суды тегін деме, судың да сұрауы бар» деген даналық сөз тастаған үрпағына.

Қазақ халқының суды қадірлемеу, қорламау жөнінде де неше түрлі аталы сөздер естиміз. Талшыбықты ат қып мініп ойнап жүрген балаларға ата-анасы, үлкендер «суды сабама», «бұлақты лайлама», «көң-қоқырды су басынан аулақ төк», «суды сапырма» деп жасынан үйретеді. Осы сөздерден тегінде су тазалығын сақтауға қаншама мән берілгендігін көреміз.

Суды ылайламау, суды сабаламау, былғамау, әрбір дала тұрғының тікелей борышына айналған. Мұның өзі тек судың ғана қамы емсс, ондағы балықтардың, су бойын мекендеген құстардың қамы. Соларға тыныштық, өрісті өмір жайлы тіршілік тілегінен туған дәстүрлі сөздер.Казақ ауылдары құдық, бұлақ суларының тазалығына қатты көңіл бөлген. Қыстау, көктеу не жайлау мен күзеуде құдық болса ел көшкенде шегендеп кетіп, көшіп келгенде аршып отырған. Ал мал суаты болған бұлақ бастарын таза ұстап, оның көзін жыл сайын балдыр-батпақтан тазалап, су көзінің бітеліп қалуынан, не құрып кетуінен сақтаған.Қазақ елі қанша жасампаз болса, ол соншама өзгертуші де. Ғасырлар қатарында жатқан жер-өлкелер тарихына қарап, ежелгі географияларға зер салсақ, бір кездс жайқалып жатқан талай-талай арналы өзен, өлкелі сулардың жоқ болып ксткенін көреміз. Ал ежелден малшы жүрт көшіп,-қонып, қоныстап жүрген жерлердегі кішкентай бұлақтар мен су көздерінің сол ғасырлар бойы сақталып келе жатқанынына да куә боламыз. Мұнын себебі, қамқорлық жасамаса тозбайтын дүние жоқ. Тек адам ойы өзгерместен өмір кеше береді.

Жолаушы қазақ ат шалдырған жерінде кездестірген кішкентай тұнбаның көзін көрсе жарықтықай» деп, алақаны мен, не тастың жарқашымен болса да аршып, көзін кеңейтіп кетеді. Аға алмай жатқан туманның көзін ашып кеңейтіп қайда жүрсе өзіне борыш санайды. Мысалы, мал баққан елдің ежелгі және қазіргі мекендерін аралап жүрсеңіз осындай оқиғаларға байланысты қойылған жер-су аттарын жиі кездестіреміз. Арқада Құланбұлақ, Айнабұлақ, Құлан өтпес, «Май-құдық т.б. су аттары, Жидебай, Көкен т.б. Жер аттары санай берсек толып жатыр. Осының бәрінің де қызықты өз тарихы тәлім-тәрбиелік мәні бар.

Қазақ халқы суды қадірлеумен қатар оны жалпы халыққа, тіршілікке, орман-тоғай өсімдіктер дүниесіне ортақ тіршілік беруші деп қараған. Су бермеу, судан тарықтыру ең үлкен қылмыс саналған. Сол үшін атам заманнан бері қазақ үйіндегі су, қымыз, айран-шалап, кеже, сүт сияқты сусындар тегін. Айдалада мал бағып отырған жалғыз үй болса да белдеуіне ат байлаған жолаушыға ең алдымен сусын беріп аттандырады, қонса, не түстенсе сусынымен қоса қонақысы да тегін. Бұл тіпті сол жолаушыны үй иесінің тану-танымауына немесе оның кім, не істеп жүрген пенде екеніне байланысты емес.

Ал бір ауылда той болып, не ас беріліп жатса, басқа ауылдар сол ауылға сусын үшін, саба-саба қымызын өздері ішпей, жиып тегін артып барады. Әрине, мұндай дәстүрлер біріншіден қасиетті ел берекесі болса, екіншіден суды, сусынды қадірлеу дәстүрі,. Біздіңше мұндай аса биік адамгершілікті дәстүр, еш уақытта да берекелі ел арасынан жоғалмақ емес. Қайта халықтың әл-ауқаты, мәдениеті, тұрмыс салты өскен сайын жаңа мағына алып, тұлғаланып есе бермек.

Орыстың атақты ғалымы Нобель сыйлығын алған И.И.Мечниковтың теориясына қарағанда, әрбір халықтың, елдің цивилизацияға, мәдениетке жетуіне басты әсер етуші, мүмкіндік беруші ~ су байлығы болып саналатын көрінеді. Тереңірек алып қарағанда ең ерте замандардағы цивилизациямыздың өзі Нил, Тигр, Евфрат, Ганга, Хуанхэ, Янцзы өзендері бойында пайда болған. Одан ксйін Жерорта теңізі маңайындағы гректермен римдіктердің цивилизациясы, сосын Американың ашылу дәуіріне байланысты «океандық цивилизацияның пайда балғаны белгілі».

Ал біздің Қазақстан жерін, оның елін алып қарайтын болсақ сонау ертеден келіп жеткен эпикалық дастандардағы тұрмыс сурсттері, әдет-ғұрып, қақтығыс-тартыстарда Еділ мен Жайықтың, Сырдария мсн Ертістің, Аягөз бен Есілдің жағалаларында «Арал, Балхаш, Зайсан сияқты көлдер айналасындағы жерлерде өтксні байқалады. Өйткені кейбір көшпелі елдің де жайлайтын жері көшіп жүрсе дс ұзап кете алмайтын жерлері, өзендер мен көлдердің маңайы еді. Мыңғырған мал, жайқалған егін. Су бар жердің айналасынан табылған.

Дені мал бағып, азы егін егіп, көшіпконып ен даланы жайлаған қазақ халқы үшін, әсірссе, судың қадірі қымбат еді. Бірақ олар аққан өзен мен көл, бұлақ, суларын ешкімнің меншігіне жатпайтын қасиетті дүние санаған. Әркім өз ыдысына құйып алған суды ғана қажетіне ғана айдалаға құдық қазып, қалың елді мал-жанымен шөлден аман алып қалған, немесе күн көрісіне себеп болған жекелеген адамдарды, батырларды, аңызға айналдырып, олардың бейтінің басына барып тағзым етіп бас иетін, дастан, жыр етіп айтып жүретін болған.

Қазақтың ежелгі дәстүрлерінде суға дегсн көзқарасоны бүлдіру, былғау, ластау емес, қайта оны қадірлеу, қасиеттеу, аса жоғары бағалау болған.
Табиғат қорғау және экология проблемаларын дер кезінде және тиімді шешу үшін, әрине маман кадрлар керек, Халық шаруашылығы салаларында табиғат байлықтарын пайдалану процестеріне тікелей қатысатын, басқаратын адамдардың экология және табиғатты қорғау жүйелерінен хабары, тиісті білімі болуы керек.

Табиғатқа жанашыр болуадамзат қоғамына оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Сондықтан табиғат қорғау және экология мәселелерін негізінен мектептен бастап, жоғарғы оқу орындарын бітіріп халық шаруашылығына жолдама алатын мамандардың өзі мен бірге ала жүретін төл ісіне айландыру керек.

Қазіргі кезде халықаралық табиғат қорғау және экология қоғамы жер жүзіндегі әрбір халықтың ежелден бері қарай, сонау алыс дәуірлерден бастап, өз өмірінде қолданып келе жатқан табигатты қорғау экология мәселелерін шешу дәстүрлерін жинауға кірісті. Әрбір халықтың халық болып тарихта белгілі бола бастауына, олардың географиялық орналасуына, әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, кәсіп етіп келген шаруашылығына байланысты әр халықтың табиғатты қорғауға және экологияға деген көзқарасы бұрын да әр түрлі болғаны, қазіргі кезде әр түрлі екені белгілі бола бастады.

Жер шарында табиғи ресурстар мол болғанымен ол сарқылмайтын дүние емес. Адам өмірі үшін шикізат күннен күнге көп керек. Тіпті жекелеген адамдардың табиғатқа немқұрайлы, селқос қарауы қаншама зиянды екенін әрбір адам борышындай сезінуі керек. Қазақ жерінің биосферасын пайдалануға біздің ғана емес, кейінгі ұрпақтардың да мүмкіндігі болуға тиіс екенін ұмытпауға міндеттіміз.

Халықтың табиғатты қорғауға және экологияға деген дәстүрлерін жинақтау, оны кеңінен тарату адамдарды табиғатты сүюгс ғана емес, оны сақтауға, қорғауға тәрбиелеуаса маңызды мәселе. Табиғатты сүюОтанды, туған елді, жерді сүю деген сөз, оның барлық табиғатын еселендіріп көбейту, байлығын тасыту деген сөз.

Бұрынғы ата-бабаларымыз өз елінің табиғатына қалай қарады, біз ата-баба жақсы дәстүрін, қалдырған мұрасын орындап жүрміз бе, жоқ па деген сұрақты әркім өзіне ғана қоймай, басқаға да, әсіресе жастарға үйрете білсе, туған жер табиғаты бұрынғыдан да бетер жайнай түсуіне, байи түсуінде көбейе беруінде күмөн жоқ.

Саялы орман-тоғайсыз, айдынды шалқар келсіз, бітік шыққан егінсіз мыңғырған төрт түлік малсыз адамзат қоғамының шарықтап өсуі мүмкін емес. Сондықтан да табиғи ресурстарды үнемді пайдалану кезек күттірмейтін мәселе.

Өмірлік тәжірибесі мол, ересек адамның жастарға үлгі-өнеге болуы занды десек, кейде керісінше, жас адамның да өзінен үлкен кісіге ықпал етуі мүмкін. Мысалы Шоқан Ф.М.Достоевскийден көп нәрсені үйренумен қатар, оған да ерекше қабілеттілігімен ықпал етті. Сондықтан да Ф.М.Достоевский Шығыс мәдениеті жөнінен Шоқанға тәнті болды. Оның «Шоқан табиғаттың өзі тудырған дара тұлға» деп бағалауы да тегін емес. Шоқан туралы Г.Потанин «біздің жасымыз одан үлкен болса да, ол білім жағынан бізге аға сияқты еді, біз оның қасында жалаңаяқ бала сияқты едік, … ол біздің жолдастарымызға және маған да білім жағынан «Европаға қарайтын терезе сияқты еді…. Деген болатын.

Адамның жан-жақты үйлесімді жетіліуіне, яғни біліміне, кәсіптік ебдейлігіне, өндірістік дағдысын дамуына, творчестволық қажеттілігінің өсуіне халық дәстүрлерінің тигізетін әсері ерекше. Кадрлар даярлауда, және олардың біліктілігін арттыруда халық дөстүрлері айрықша роль атқарады. Үздіксіз экологиялық білім беруде де қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін естен шығармауымыз керек. Сондай-ақ, жастарға белгілі бір немесе бірнеше мамандықтарға ие болуға, оларды меңгеруге, еңбек дағдыларын қалыптастыруға халық дәстүрлерінің атқаратын ролі орасан зор.

Осы айтылғандардың бәрі казақ халқының дәстүрлерінің барлық салаларын педагогикалық, психологиялық, экономикалық және философиялық тұрғыдан комплексті түрде зерттеуді қажет ететіні өзінен-өзі белгілі.

Жеке адамның үйлесімді дамуы мен қабілеттілігі, әртүрлі кәсіби мамандықтардың ебдейліктері мен дағдыларының жүйесі, өндірістік шеберлігі туралы теориялық және практикалық мәселелерді қазіргі заман талабына сай шешіп береді және халық шаруа-шылығына үлкен экономикалық пайда келтіретініне сеніміміз мол.

Демократияны жетілдіру, яғни өндіргіш күштердің өрге басуы еңбек өнімділігінің өсуі, өндірісті ұйымдастыруды жақсарту, қоғамдық белсенділіктің артуы, халықтың әл-ауқатының жақсаратыны т.б. ұлан-байтақ міндеттерді жүзеге асыру үшін жастарға қабілеттілік, ебдейлілік, кәсіби шеберлік сияқты іскерлік қасисттерді меңгерудің ғылыми негізі халықтық дәстүрлерінде жатқанын әрқашанда еске алып отырған жөн.

Сондықтан да осы еңбекте халық дәстүрлерінің жастардың қабілеттілік, дағды, ебдейлік және шеберлік мәселелерін жетілдіруге тигізетін пайдасын арнайы қойып, зерттеп, зерттеулердін нәтижелерін баяндауым осы тараудың (‘Теориялық жағдайы мен практикалық»), актуалдылығының негізгі мақсаты болды. Әрбір жастың жан-жақты үйлесімді дамуы мен өзінің дарындылық қасиеттерін жетілдіре түсутс қазақ елінің салт-саналары, әдст-ғұрыптары мен дәстүрлерінің педагогикалық, психологиялық, философиялық және эконоимкалық ғылым саналарының дамуына қосатын ролі орасан зор.













ХАЛЫҚТЫҚ ТӘЛІМ ТАҒЫЛЫМЫ