Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / ЭТНОТОЛЕРАНТТЫ ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ-ЕРТЕҢГІ ЕЛІМІЗДІҢ, ОНДАҒАН ЖҮЗ ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫН ТӘРБИЕЛЕУ.

ЭТНОТОЛЕРАНТТЫ ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ-ЕРТЕҢГІ ЕЛІМІЗДІҢ, ОНДАҒАН ЖҮЗ ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫН ТӘРБИЕЛЕУ.

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


СВИДЕТЕЛЬСТВО СРАЗУ ПОСЛЕ ПРОСМОТРА ВЕБИНАРА

Вебинар «Подростковая лень: причины, способы борьбы»

Просмотр и заказ свидетельств доступен только до 22 января! На свидетельстве будет указано 2 академических часа и данные о наличии образовательной лицензии у организатора, что поможет Вам качественно пополнить собственное портфолио для аттестации.

Получить свидетельство за вебинар - https://infourok.ru/webinar/65.html

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

ЭТНОТОЛЕРАНТТЫ ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ-ЕРТЕҢГІ ЕЛІМІЗДІҢ, ОНДАҒАН ЖҮЗ ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫН ТӘРБИЕЛЕУ.


Жаменкенова Н.З.,Қазақстан, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі»ММ, жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі


Бүгінгі таңда әлемдік қоғамдастықта толеранттылық дегеніміз- мемлекетаралық, ұлтаралық, тұлға аралық қарым-қатынастың мөлшері болып табылады. ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығы БҰҰ « Халықаралық әлемдік мәдениет пен планетадағы жеткіншек балаларға қарсы зорлықты болдырмау онжылдығы» болып жарияланған болатын. Біздің қоғам мен білім беру мекемелерінің алдында тұрған зор міндеттердің бірі-толерантты тұлға тәрбиелеу. "Тәрбиелеу- бұл қоғамның қызметінің бірі болып саналады, ол дегеніміз-мемлекет тарапынан басқарылуына қарасты емес, әр адамның өз бетімен сана-сезіміне, адамгершілік пен игілік бастауынан басталып, содан күллі қоғамға тарауы заңды құбылыс». Тәрбиелеудің негізгі түпкі тамырын қоғамнан іздеу керек деген болатын Платон.

Талай ғасырлар бойы қазақ елінің жері- жүздеген мәдениеті мен діні дәстүрлері сан қилы ұлттардың тағдыры тоғысып шоғырланған құтты мекені болып келген. Осындай дархан жердің киесінен біздің республикамызда 140 этнос пен 40 конфессия мүшелері тату-тәтті өмір сүрып келеді. Әрұлтты қоғам-тұтастықты, тұрақтылықты, әлеуметтік қолдау мен ынтымақтықты қалайды. Осындай көркейген тыныштықтың мекеніне сай төзімділігі мықты, зиялы болашақты тәрбиелеу-ұстаздардың еншісіне тиіп отыр.

Ұлтаралық ынтымақтықты сақтау және нығайту жөнінде Ел Перзиденті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында өте айқын және нақты айтылған. Оқу-тәрбиелеу үрдісінің ең негізгі құрамдас бөлігі-ұлттардың тұтастығын сақтау, этнотолеранттылық құзырлықты қалыптастыру. Мұғалімдер бастаған қоғам- өскелең ұрпақты достық рухында өзара түсіністіктің, төзімділіктің әліппесін бала бойында дарытуда. Әсіресе, бұндай қасиеттерді көптеп жоғарғы сынып оқушыларының бойына құю керек. Себебі, олардың осы кезде қоғамның көп ағынында өз орнын, өз ойын іздей бастайтын шағы. Осы кезде оларға қоршаған ортада өздерін адамдық нормаға сай ұстай білулерін айтып үйреткен дұрыс.Дәл осы жас ерекшеліктерінде олардың тұлғалық келбеті, әр түрлі әлеуметтік дамуы басталады. Мектеп пен ұстаздардың оқушылардың өзіндік дамуында ата-аналармен бірлесіп, қоғамның ағынына сай, жан-жақты дамыған төзімді тұлға тәрбиелеуі-ертеңгі еліміздің, ондаған жүз ұлттың болашағын тәрбиелеу деген сөз. Сондай-ақ, оқушыларға кез келген этномәдениет:

- баға жетпес байлықтың көзі;

  • адамның жан-жақты дамуын кеңейтетін;

  • өткеннен үйреніп-болашаққа бағдар беруші;

  • басқа да мәдениеттердің элементтерін құраушы;

  • еліміздегі барлық этномәдениеттер- адами мұралардың тұтастығы;

  • халықтардың мәдениеті өзара байланыс, достық қарым-қатынаста күшейе түседі;

  • бір-бірінің дәстүрлері мен діні және ділін сыйлағанда ғана еліміздің тұтастығы сақталатыны жайлы;

  • мәдениетті дегеніміз- өзара татулық, қарым-қатынас кілті, яғни

диалог екенін білдіретінін айта отырып, өздігінен өз бойларына осындай бағыттарда саналы түрді идеяларды жинақтап, қоғамның толық қанды және төзімді тұлғасы екендеріне көз жеткізіп, өздерін өзгелермен тең санауына , басқаның ойы мен көзқарасына түсіністікпен қарай білуге жетелеу. Оқушылардың бойына әр ұлттың өз мәденитетін, тілін, құндылықтарын сақтауға және қорғауға құқылы екенін сіңіру.

Өскелең ұрпақты ұлтаралық қарым-қатынастың мәдениетіне тәрбиелеу этнотолеранттылықтың принциптеріне негізделген мәселелері ғалымдардың ертеден назарында келе жатқан, талай еңбектері мен ұсыныстары жазылған болатын. Ғылымда теориялық және практикалық міндеттерді шешуде, оқушыларды тәрбиелеудің этнотолерантты бағыты да анықталған бірталай еңбектер жинақталған.

Индивид пен қоғамның мәдениетінің даму деңгейінің сипаттамасы ретінде, адамның өзімен және өзгелерімен үйлесімді қатынаста өмір сүруін сипаттайтын мәселе – толеранттылық болып табылады. Қоғамның еркін дамуы мен жалпы өмір сүруіне деген күреске қажетті принциптер мен құндылықтарды алға қою бүгінгі таңда толеранттылыққа тәрбиелеу мәселелерімен тікелей байланысты.

Астанада өткен Қазақстан халқының Ассамблеясының 15-ші сессиясында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қоғамда білім беру жүйесі мен тәрбие арқылы азаматтық сәйкестендіру, толеранттылықты дамыту қажеттілігі жайында сөз айтып республикамыздың мектептеріне толеранттылық негіздері атты курстар енгізуді ұсынды.

Саяси мәдениеті жаңа қалыптасып келе жатқан біздің мемлекетімізде саяси толеранттылық орнығып болды деу қиын. “Бізде демократиялық мәдениеттің терең дәстүрлерінің жоқтығы, еркіндікті ойыңа келгенді істеуге болады деп түйсіну елді тұрақсыздыққа ұрындыруы, біздің болашаққа арналған барлық жоспарларымызды белінен басып, өзімізді алысқа кері серпіп тастауы әбден мүмкін екенін мойындауымыз керек”, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында [1]. Тағы да болашаққа арналған кейбір нақты міндеттер туралы айтқан Елбасымыз:-Этносаралық келісімнің әлеуетін нығайта түсу үшін төмендегідей бағыттарда бірқатар шараларды жүзеге асыру керек.

Бірінші. Ең алдымен білім мен тәрбие беру жүйесі арқылы, БАҚ-тарда этносаралық қарым-қатынастар тақырыбын әдепті жазу арқылы, қазақстандықтардың құқық­тық мәдениетін арттыру арқылы азаматтық біртектілікті, қазақстандық қоғамдағы толеранттылықты дамыту қажет. Осы міндетті іске асыру мақсатында тек арнайы курстарда ғана емес, кез келген мұғалім өз пәнінің тәрбиесін, сыныптың іс-шараларының кезеңдерін осы толеранттылыққа әкеп тіресе, ертеңгі болашағымыз үшін қорықпайтын боламыз, олардың өзін ғана сыйлатып қоймай өзге ұлттың да бар қадір-қасиетіне, салт-дәстүріне, тіліне сыйлы көзқараспен қарайтынына жол ашамыз.

«Толеранттылық» (лат. «tolerantia» – шыдам, төзім) терминіне шет тілдері сөздігінде екі мағынада түсініктеме беріледі: 1) бір нәрсеге, біреуге төзімділік, төзу, шыдау; 2) биологиялық, медициналық тұрғыда – иммундық реакцияның жартылай немесе толықтай болмауы, яғни организмнің ауруға қарсы тұратын антиденелер шығару қабілетінің болмауы. Ал педагогикалық сөздіктерде бұл ұғымға «қайсыбір жағымсыз факторға жауап әрекеттің болуы не бәсеңсуі; оның әсерінен сезгіштіктің төмендеуінің нәтижесі» деген анықтама беріледі [6].

Этнотолеранттылық – басқа ұлт өкілдерінің сыртқы түрін, ойлау жүйесін, өзіндік ұлттық, мәдени ерекшеліктерін, іс-әрекетін принципті түрде қабылдай алуда. Этнотолеранттылық адамның тұлғалық қасиеті болып табылатынын мектеп оқушыларына жеткізу. Сондықтан, философиялық,педагогикалық-психологиялық тұрғыда этнотолеранттылық феноменін және тұлғааралық қарым-қатынаста оны іске асыру механизмдерін талдау бізге оқушылардың қажетті қасиеті ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мұғалім өз сабағында осы құбылысты оқып-үйренудің ерекшеліктері, толеранттылық проблемасының дамуы мен қалыптасуы туралы білімдерін жетілдіру, оқушыларда құндылық бағдар қалыптастыру. Оқушыларға өз мәдениетімен ғана шектеліп қалу әлемдік масштабта ұлы істерге апармайтыны аксиома екенін ешкім жоққа шығара алмайтынын жеткізу шарт.

Мемлекет басшысы Назарбаев Университетінде өткізген интерактивті дәрісінде халқымыздың игілігі болып табылатын қазақстандық табыстың үш кілтін еске салды.

Бірінші. 140 этностың басын құрайтын барлық қазақстандықтардың бірлігі – бұл ғаламат құндылық. Біздің міндетіміз – оны қорғау, сақтау және байыту”. Ол үшін этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясаттың артықшылығы туралы өзінің мазмұны бойынша бірегей идеологиялық құжат – Ұлттық бірлік доктринасы қабылданып, жүзеге асырылып жатыр.

Екінші. Біздің барлығымызға және әрқайсымызға тән тағаттылық. Этностық және діни айырмашылықты байыппен түсіну және құрметпен қабылдау” қоғамдық адамгершілік императивінің бөлінбес бөлшегі болып табылады. “Осының арқасында біздің әр алуандығымыз біздерді бөлмейді, қайта біріктіреді”. Бұл – қоғам мен мемлекеттің стратегиялық қоры.

Үшінші. Бұл тарихи тағдырымыздың ортақтығы. Ол оның қандай дінге жататындығына қарамастан, әркім үшін құндылықтар мен болашақтың жалпы жүйесін қалыптастыратын Ұлттық бірлік доктринасының “Бір ел – бір тағдыр” атты алғашқы ұстанымы.

Жаңа көзқарастағы ұстаз үшін – бүгінгі заманға сай “БІР ХАЛЫҚ – БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР” рухындағы оқушыларды тәрбиелеу мақсатымыз. Оқушыларды мектеп қабырғасынан тәрбиелеу, толерантты тұлға болып қалыптасуы ертеңгі еліміз үшін және оның дамуы жолында ұлтаралық бейбітшілікті сақтауға ықпал жасайды, қоғамдағы тұрақтылықты қолдау мен демократиялық қайта құруларды қамтамасыз етеді. Толерантты тұлға көпұлттар арасындағы қоғамның бірігуіне әсерін тигізеді. Этносаралық және конфессияаралық келісім әр кезде де жалпыхалықтық жетістік болып қала беретінін әр сабақта, кез келген пікірталаста оқушыға айтып отыру арқылы ертеңгі даму жолында осындай көпұлтты еліміздің көркейіп, ынтымақтастық пен келісім аясында, бейбітшілік пен тұрақтылықты серік етіп, еліміздің құндылықтарын әлем елдеріне паш еткен мемлекетіміздің болашағы зор екенін әр жеткіншектің бойына дарыту мектептің, ұстаздың алдындағы зор міндет.

































Пайдаланған әдебиеттер

1. Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауы. Астана, 2012.

2. Концепция Этнокультурного образования в Казахстане // Казахстанская правда, август, №7. 1996

3. С.Қалиев. Қазақ этнопдагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы. Білім, 2003.

4. Поштарева Т.В. Формирование этнокультурной компетентности //Педагогика, 2005. №3. –с.35-42.

5. Формирование толерантной личности в полиэтнической образовательной среед /Под ред. В.Н.Гурова и др. – М.: Педагогическое общество России, 2004.

6. Идентичность и толерантность /Под ред. Н.М.Лебедовой. - М.: Институт этнологии и антропологии РАН, 2002. С. 10-34.

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Краткое описание документа:

Бүгінгі таңда әлемдік қоғамдастықта толеранттылық дегеніміз- мемлекетаралық, ұлтаралық, тұлға аралық қарым-қатынастың мөлшері болып табылады. ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығы БҰҰ « Халықаралық әлемдік мәдениет пен планетадағы жеткіншек балаларға қарсы зорлықты болдырмау онжылдығы» болып жарияланған болатын. Біздің қоғам мен білім беру мекемелерінің алдында тұрған зор міндеттердің бірі-толерантты тұлға тәрбиелеу. "Тәрбиелеу- бұл қоғамның қызметінің бірі болып саналады, ол дегеніміз-мемлекет тарапынан басқарылуына қарасты емес, әр адамның өз бетімен сана-сезіміне, адамгершілік пен игілік бастауынан басталып, содан күллі қоғамға тарауы заңды құбылыс». Тәрбиелеудің негізгі түпкі тамырын қоғамнан іздеу керек деген болатын Платон.

Автор
Дата добавления 13.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров119
Номер материала ДВ-450652
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх