Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / География / Другие методич. материалы / 15 Еуразия жағалауыындағы мұхиттар мен теңіздер
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • География

15 Еуразия жағалауыындағы мұхиттар мен теңіздер

библиотека
материалов

География пәнінен видео-сабақ жоспары

Сынып:7

Сабақ тақырыбы: 15 Еуразия жағалауыындағы мұхиттар мен теңіздер.


Сабақ мақсаты: 1.Оқушыларға Еуразия жағалауындағы мұхиттар теңіздер, мұхиттардың материкке тигізіп жатқан әсері,жағалауындағы ағып жатқан ағыстар,мұхит пайдалы қазбалар,тіршілік дүниесі,мұхиттардың ластану деңгейі туралы мағұлмат беру.

2.Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға,сақтауға үйрету. Өзендердің суын қорғауға,сақтауға өз үлестерін қосуға дағдылау,бағыттау.

3.Балалардың өзіндік ойлана білуіне,сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне,т.б. үйрету.

Сабақ түрі:аралас

Сабақ әдісі:сұрақ-жауап,картамен жұмыс, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс, топпен жұмыс,карточкамен жұмыс;

Құрал-жабдықтар: ҚР физ картасы,ҚР әкімшілік картасы, дүние жүзі физикалақ картасы,мектеп атласы,кескін карта,карточкалар,интерактивті тақта;

Кездесетін терминдер:

Барысы: I.Ұйымдастырушылық кезең

1.Сәлемдесу

2.Балаларды түгендеу.

3.Балалардың назарын сабаққа аудару

II.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мұғалім:алдыңғы сабақта не өтілгенін сұрайды.

1.Балалар.Ең әуелі Еуразия материгі туралы қысқаша айтып кетеді.


Мұғалім: «Дүние жүзілік мұхит деген не?»Сұрайды.

Балалар жауап береді.

Видео-фильм көрсетіледі.

Видео-фильм көрсетіліп жатқанда осы өлең жолдары оқылады.


Еуразия өлеңі

1.Қашаннан бесік болған адамзатқа,

Бұл материк аталған Еуразия.

Таңғажайып табиғатты таңдандырған,

Екі бөліктен тұрады:

Еуропа мен Азия.


2.Материк жағалауын шайып жатыр,

Төрт мұхит және оның теңіздері.

Әсер етіп жылы,суық ағыстары,

Құрлықтың климаты түрленеді.


3.Байлығы,берері көп мұхиттардың,

Қойнауы мұнай менен газға толған.

Осы алып материктің тұрғындары,

Балығын қорек етіп,кәсіп қылған.

Бұл материк Еуразия.

Еуразия материгі жағалауына саяхат жасайық: «Қандай мұхиттар Еразия жағалауын шайып жатыр?»


2.Балалар жауап береді,тақтаға шығып,бір-бірден Еуразия материгі жағалауындағы мұхиттары көрсетеді:

1.Тынық мұхиты

2.Атлант мұхиты

3.Солтүстік мұзы мұхиты

4.Үнді мұхиты

Мұгалім:Теңіз дегеніміз не?Сұрайды.

3.Балалар жауап береді,бір-бірден Еуразия материгі жағалауындағы

1.Тынық мұхиты

2.Атлант мұхиты

3.Солтүстік Мұзды мұхитының теңіздерін көрсетеді.

Презентацияда мұхиттардың Еуразия материгіне тигізетін әсері туралы айтады.

Тақырыпқа түсінгендігі-түсенбегендігін сұрайды:

-Балалар,жаңа сабаққа түсіндік пе?

Олай болса,қазір біз Еуразия материгінің жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерге саяхат асаймыз.


III.Бекіту.


Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

1-топ. «Атлант мұхиты»

2-топ. «Үнді мұхиты»

3-топ. «Солтүстік Мұзды мұхит»

4-топ. «Тынық мұхиты»


1-тапсырма. «Ең, ең, ең...» ойыны. (Әр сұрақ 1 ұпаймен есептелінеді)

Ең,ең,ең ...

Жауаптары

1.

Ең суық мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит

2.

Ең таяз мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит

3.

Ең жылы мұхит

Үнді мұхит

4.

Ең терең мұхит

Тынық мұхиты

5.

Ең үлкен мұхит

Тынық мұхиты

6.

Ең кіші мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит

7.

Ең енді мұхит

Тынық мұхиты

8.

Тек солтүстік жарты шарда жатқан мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит

9.

Ең тұзды мұхит

Үнді мұхит

10.

Ең тұздылығы аз мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит

11.

Ауданы жөнінен 2-орын алатын мұхит

Атлант мұхиты


2-тапсырма. «Сандар сөйлейді» ойыны.(Әр сан 1 ұпаймен есептеледі)

4-топқа сандар беріледі.Сол сандардың нені білдіретін табу керек.


361 млн 91,7 млн 11022 8742 178,6 млн 5527 76,2 млн 7729 14,8 млн




3-тапсырма. «Мені анықта»ойыны.(Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі)

Кескін картада сандармен көрсетілген теңіздер беріледі. Сол теңіздерді анықта.



4-тапсырма. «Түрлі түсті теңіздер»ойыны. (Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен есептелнеді)

Теңіз атаулары әртүрлі түсті білдіреді. Мәтінде жасырылған қай теңіз туралы айтылып тұрғаның табындар.

1-топ.Бұл теңіз Солтүстік Мұзды мұхиттың ең кішкентай теңізі.Бұл қай теңіз?

(жауабы:Ақ теңіз)

2-топ.Бұл теңіз Еуразия мен Африка аралығында, литосфералық плиталарың түйісу аймағында орналасқан.Мұнда дүние жүзілік мұхиттағы ең жоғары тұздылық байқалады.Бұл қай теңіз?

(жауабы:Қызыл теңіз)

3-топ.Бұл теңізге мұхиттан оқшауланып,Еуразия материгіне ішкері кіріп орналасқан.Осы теңіз жағалауындағы сауықтыру-демалыс орындары,табиғи-климаттық жағдайлары қолайлы ұштасқан курорттары айрықша көзге түседі.Бұл қай теңіз?

(жауабы:Қара теңіз)

4-топ.Бұл теңізге Азиядағы қытай тілін аударғанда «сары өзен» деп аталатын Хуанхэ өзені құяды. Сазды шөгінді жынычсты жазықпен ағатындықтан суы лайлы болды. Өзен осы теңізге жыл сайын көлемін ұлғайтып отыратын кең атырау жасап құяды.Бұл қай теңіз?

(жауабы:Сары теңіз)


5-тапсырма. «Теңізде жүзу саяхаты»ойыны.(Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді)

Балалар шығармашылық жұмыспен айналысады.Топ ақылдасып,бір адам келеді.Топбасшы топтық жұмысты қорғайды.


1-топ. Норвегия мемлекетінің азаматтарысындар.Норвегия астанасынан шығып,Жапонияға теңіз жолы арқылы келу керек.Жол бойында кездескен аралдарды,бұғаздарды,ағыстарды атаңдар.Қандай тура бағытты ұсынар едіндер?

2-топ.Қытай елінің астанасына саяхатқа келдіндер.Саяхатты әрі қарай Шри-Ланка аралына дейін теңіз жолы арқылы жалғастыру керек.Жол бойында кездескен аралдарды,бұғаздарды,ағыстарды атаңдар.Қандай тура бағытты ұсынар едіңдер?

3-топ. Сауд Арабиясы елінен шыққан мұнай тиелген танкер-кеме Францияға қарай сапар шекті.Сендер ол кемеге қандай көмек берген болар едіңдер? Жол бойында кездескен аралдарды,бұғаздарды,ағыстарды атандар.Қандай тура бағытты ұсынар едіңдер?

4-топ.Сауд Арабиясы елінен шыққан мұнай тиелген танкер-кеме Бразилияға қарай сапар шекті.Сендер ол кемеге қандай көмек берген болар едіңдер? Қандай тура бағытты ұсынар едіндер?


6-тапсырма. «Сәйкестігін табындар»ойыны.(Әр жауап 1 ұпаймен есептелінеді)

Алдарында тапсырма таратыады.Болған соң,интерактивті тақтадан тапсырма жауаптарын балалар өздері тауыпі,сәйкестендіреді.

1. Солтүстік теңізбен Жерорта теңізінен алынатын пайдалы қазба түрі


2.Асыл тастар (інжу-маржан)қай мұхиттан алынады?


3.Бұл аймақ мұнай мен гақъздың қоры және олардың өндіру жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орынды иеленеді.


4.Жаздың аяғы мен күздің басында жиі байқалатын құйын тәріздес жойқын дауылдар


5.Итбалықтар,морждар,жағалауларда ақ аю тіршілік етеді.


6.Ең ластанған теңіз


а)Парсы шығанағы

в)мұнай

с)Солтүстік Мұзды мұхиты

д)Тайфундар

е)Үнді мұхиты

ғ)Жерорта теңізі


7-тапсырма.

Кескін картамен жұмыс.

Кескін картаға мүхиттар мен олардың Еуразия материгі жағалауындағы теңіздерін түсіндір.


Сергіту сәті

Бағалау парағы


Тапсырмалар

Жинаған ұпай саны

Болу керек.

1-тапсырма. «Ең,ең,ең...» ойыны.


11

2-тапсырма. «Сандар сөйлейді»ойыны.


9

3-тапсырма. «Мені анықта» ойыны.


5

4-тапсырма. «Түрлі-түсті теңіздер»ойыны.


5

5-тапсырма. «Теңізде жүзу саяхаты»ойыны.


10

6-тапсырма. «Сәйкестігін табындар»ойыны.


6

Барлық ұпайлар саны


46


Бағалану ережесі


Жинаған ұпайлары

Бағалары

40-46

«5»

35-39

«4»

29-34

«3»



Y.Бағалау.

YI.Үйге тапсырма: 15 Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.02.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров285
Номер материала ДВ-448591
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх