Для всех учителей из 37 347 образовательных учреждений по всей стране

Скидка до 75% на все 778 курсов

Выбрать курс
Инфоурок Биология ПрезентацииЭволюциялық идеялардың даму тарихы

Эволюциялық идеялардың даму тарихы

библиотека
материалов
Эволюциялық идеялардың даму тарихы Орындаған: Хамитова Н. Елтаева А. БҚ-411 т...

Описание презентации по отдельным слайдам:

1 слайд Эволюциялық идеялардың даму тарихы Орындаған: Хамитова Н. Елтаева А. БҚ-411 т
Описание слайда:

Эволюциялық идеялардың даму тарихы Орындаған: Хамитова Н. Елтаева А. БҚ-411 тобы

2 слайд Жоспары: Эволюция жайлы жалпы түсінік; Дарвинге дейiнгi тірі табиғаттың дамуы
Описание слайда:

Жоспары: Эволюция жайлы жалпы түсінік; Дарвинге дейiнгi тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашқы идеялар; Метафизикалық кезең. Креацинизм көзқарастарының  таралуы; Қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар; Тірі табиғаттың тұтастығы және дамуы жайлы көзқарастардың қалыптасуы.; Преформизм және эпигенез; Эволюциялық идеяның туылуы. (трансформизм); Орта ғасырлардағы Орта Азиядағы эволюциялық идеялардың қалыптасуы; Ресейде эволюциялық идеялардың дамуы;

3 слайд "Эволюция" деген сөз латынша "evolutio" – "тарихи даму, өзгеру, өрлеу" деген
Описание слайда:

"Эволюция" деген сөз латынша "evolutio" – "тарихи даму, өзгеру, өрлеу" деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде эволюция терминін көптеген ғылым салаларында геология, география, астрономия, т.б. кеңінен қолданады. Эволюция ұғымы – уақыттың өтуіне байланысты дамудың бастапқы қалпынан бірте-бірте күрделене түсуі деген ойды білдіреді.

4 слайд Бұл терминді биологияға алғаш рет 1677 жылы М.Хейл енгізеді, ал Швейцария жа
Описание слайда:

Бұл терминді биологияға алғаш рет 1677 жылы М.Хейл енгізеді, ал Швейцария жаратылыс зерттеушісі (натуралисі) Ш.Бонне (1720-1793жж.) оны ғылымға кеңінен пайдаланды. Эволюциялық ілім тіршіліктің пайда болғанынан бастап қазіргі кезге дейінгі және келешектегі тарихи даму бағыттары мен заңдылықтарын зерттейді.

5 слайд Органикалық дүниенің тарихи дамуы туралы ғылым бiрден пайда болған жоқ. Тiрi
Описание слайда:

Органикалық дүниенің тарихи дамуы туралы ғылым бiрден пайда болған жоқ. Тiрi табиғаттың дамуы, басқаша айтқанда эволюциясы туралы түсiнiктер, екi кезеңге: 1. Дарвинге дейiнгi; 2. Дарвиннен  кейiнгi болып бөлiнедi.

6 слайд Дарвинге дейiнгi тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашқы идеялар Месопотамияның,
Описание слайда:

Дарвинге дейiнгi тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашқы идеялар Месопотамияның, Қытайдың, Үндістанның, Египеттің, Грецияның ертедегі материалистерінің еңбектерінде байқалады.Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы барлық зат қозғалыста, өзгерісте болады және де біреуінен екіншісі дамып жаңа зат пайда болады, нәтижесінде қарапайымдардан күрделі формалар қалыптасады делінген.

7 слайд Гераклит – Эфис ойшылы (б.э.д. 530-470 ж.) оның түсінігіше табиғатта барлық
Описание слайда:

Гераклит – Эфис ойшылы (б.э.д. 530-470 ж.) оның түсінігіше табиғатта барлық нәрсе ықпалды, барлығы өзгередi. Галактиканың алғашқы элементтерi: от, су, ауа, топырақ үздіксіз қозғалыста болады және олар өзара әрекеттесіп, материя дамуының бастамасы болғанын,  оның аяғы жоқ шексіз әрекет екенiн айтады.

8 слайд Ион материалистiк  философиялық мектептiң iрi өкілдері Фалес, Анаксимендр, А
Описание слайда:

Ион материалистiк  философиялық мектептiң iрi өкілдері Фалес, Анаксимендр, Анаксимен - әлемнiң шығу тегiн табиғаттың өзiмен байланыстырды. Фалес, барлығы табиғи дамудың нәтижесiнде судан пайда болды деп есептедi. Анаксимандр, тiршiлiк судан және топырақтан жылудың әсерiнен пайда болады дедi. Анаксимен, негiзгi элемент ауа, ол сиректенедi және тығыздалады, ол заттардың әр түрлiлiгiн сол әрекеттердiң әсерiнен пайда болатынын түсiндiредi. Ол адам мен жануарлар жер кiлегейiнен пайда болды  деп санады.

9 слайд Механикалық материализмнiң өкiлдерi саналатын философтар - Демокрит және Эмп
Описание слайда:

Механикалық материализмнiң өкiлдерi саналатын философтар - Демокрит және Эмпедокл болды (б.э.д. 460- 370 ж.). Демокрит бойынша әлемнiң барлығы көптеген бөлiнбейтiн атомдардан тұрады. Грецияның философы Эмпедокл (490-430) алғаш рет тiршiлiктiң пайда болу механизмiн  түсiндiрмекші болды. Атомдардың жеңілдері бетіне көтеріліп одан  ауа,  ауырлары астына түсіп одан топырақ пен су пайда болған, ал олардың камбинацияларынан бiр тұтас ағзалар құралады  деп жорамалдады. 

10 слайд Аристотель
Описание слайда:

Аристотель

11 слайд Биологияның ғылым ретiнде пайда болуы Грецияның ұлы ойшылы Аристотельмен  ба
Описание слайда:

Биологияның ғылым ретiнде пайда болуы Грецияның ұлы ойшылы Аристотельмен  байланысты. Ол өзiнiң еңбектерiнде жануарларды салыстыра зерттеп, салыстырмалы анатомияның, морфологияның,  ежелгi эмбриологияның негiзiн салды. «Жануарлар тарихы» атты еңбегiнде.  Аристотель ағзалардың жiктелуiн салыстырмалы  морфологиялық және физиологиялық зерттеулердiң негiзiнде құрды. Жануарларды ол екi үлкен топқа «қаны бар жануар» және  «қансыз жануарлар» деп бөлдi, ары қарай бұл топтар одан майда таксондарға бөлiнедi. Ең бiрiншi рет «туыс»  және  «түр» деген түсiнiктердi енгiздi.  Аристотель  өзi құрған жiктеу әдiсiн қолданып  жануарлардың 500 түрiн сипаттап берген.  «Жануарлардың бөлiктерi» атты еңбегiнде  мүшелердiң өзара байланыстылығы (корреляциясы ) туралы ой келтiредi. Мұнда бiр мүшенiң өзгеруi басқа да мүшенiң қызметiнiң өзгеруiне әкеледi дейді. Осы еңбегiнде Аристотель  табиғаттың жалпы заңы ретiнде материялы объектiлердiң сатылы дамуын көрсетті: төменгi сатыға - минералдар, өсiмдiктер, зоофиттер ( өсiмдiк жануарлар) және төменгi сатыдағы жануарлар, жоғарғы сатыға - жануарлар мен адамды орналастырды. Бiрақ Аристотель осы сатының баспалдақтары  арасында байланыс жоқ деп есептедi. «Жануарлардың шығу тегi» деген еңбегiнде  Аристотель салыстырмалы  анатомиялық әдiстi  жетiлдiрдi  және эмбриологиялық  зерттеулердi қолданды. Әр түрлi жануарлардың эмбриондарын зерттеу барысында, Аристотель олардың ата тегi бiр болуы мүмкiн деген ойға келдi.

12 слайд Сонымен, ежелгi заман философтарының  көз-қарастарында  эволюцианизмнiң маңы
Описание слайда:

Сонымен, ежелгi заман философтарының  көз-қарастарында  эволюцианизмнiң маңызды элемент-терi болды:  Тiршiлiк табиғат жолымен пайда болды және олар қарама-қайшылықтың күресi нәтижесiнде өзгередi, сәттi түрлерi тiршiлiк етедi.  Тiрi табиғаттың  сатылап, бiрте- бiрте  күрделенуi туралы идеялары. Ағзалардың  бiртұтастығы (корреляция  принци-пi) және эмбриогенез,  жаңа құрылымдық әрекет-тер туралы түсiнiктер  пайда болды.

13 слайд Метафизикалық кезең. Креацинизм көзқарастарының  таралуы. Заманындағы осындай
Описание слайда:

Метафизикалық кезең. Креацинизм көзқарастарының  таралуы. Заманындағы осындай  материалистік бағыттағы ой – пікірге қарсы метафизикалық көзқарастар қалыптаса бастады. ҮІ – ХІҮ ғасырлар аралығында Еуропа елдерінде «жаратылыстану» ғылымында ұзақ уақытқа созылған тоқырау заманы туды. Батыс Еуропада дамып келе жатқан феодалдық қоғам жағдайында шіркеу, ең алдымен католик шіркеуі ірі экономикалық және саясаттық күшке айналды. Шіркеу діни идеологияны насихаттап, қанауды жақтап феодалға бас июге шақырды. Табиғатты танудың орнына аруаққа табыну, кереметке сену уағыздалды, ғылымның орнына схоластика және діни кітаптарды мадақтады. Ғылыммен айналыспақ түгілі «табиғат жайлы» кітап оқығандарды да жазаға тартып, тірідей отқа өртеп, қорқытты. Шіркеу догматының  шектен  тыс      уағыздалуы, озық ойлы ғалымдардың да қателесуімен жалғасып жатты.

14 слайд Қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар. Сауданың дамуы, теңізде жүзуд
Описание слайда:

Қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар. Сауданың дамуы, теңізде жүзудің кең  етек алуына байланысты жаңа елдердің ашылуы ХҮІ ғасырдың басында жаратылыстану ғылымдары – астрономия,геология, ботаника, зоологияның дамуына себеп болды. ХҮІ – ХҮІІ ғасырлар аралығы биологияның даму саласында «сипаттау кезеңі» болып есептеледі. Ағылшын философы Ф.Бэкон индукция әдісін ойлап шығарып, ғылыми зерттеулер тек тәжірибе жүзінде жүргізілуі тиіс деген ұсыныс жасады.Бұл үндеу табиғат зерттеушілерінің арасында кең қолдау тауып, нәтижесінде түрлі ғылыми салаларда көптеген жаңалықтар ашыла бастады.Мысалы, 1543 жылы А.Везалий адам денесінің құрылысын зерттеп, оған сипаттама берсе, М.Мальпиги 1661 жылы қылтамырлардағы қанның қозғалысын анықтады.  1628 жылы У.Гарвей қан айналымы жөніндегі ілімін жариялады.  Р.Гук 1665 жылы өзінің ұлғайтқыш құралын жасап, өсімдік жасушасының құрылысын ашты. А.Левенгук 1683 жылы ұсақ ағзалар дүниесін, эритроциттер мен сперматозоидтың құрылысын жан – жақты зерттеді.

15 слайд Тірі табиғаттың тұтастығы және дамуы жайлы көзқарастардың қалыптасуы. Географ
Описание слайда:

Тірі табиғаттың тұтастығы және дамуы жайлы көзқарастардың қалыптасуы. Географиялық саяхатттардың дамуына байланысты, өсiмдiктер мен жануарлар әлемi туралы мәлiметтер көптеп жиналды.  Барлық белгiлi өсiмдiктер мен жануарларды бiр жүйеге  келтiру үшiн белгілі бiр жүйелер  бiрлiгi керек болды. Мұндай  бiрлiк  «түр» деп  аталады. Оның алғашқы анықтамасын ағылшын ботанигi Дж. Рей (1628-1705) бердi. Ол «Өсімдіктер тарихы» атты еңбегінде 18600 өсімдік түрлерін сипаттап жазды.

16 слайд Өсiмдiктер систематикасында көптеген жаналықтар   енгiзген көрнектi  ғалым К.
Описание слайда:

Өсiмдiктер систематикасында көптеген жаналықтар   енгiзген көрнектi  ғалым К. Линней  (1707-1778)  болды.

17 слайд Ол барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығының саны, пішіні, көл
Описание слайда:

Ол барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығының саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа бөлді. Оның 23 класы гүлді өсімдіктер және 1 класы құпия некелілер, бұған папортниктер, мүктер, балдырлар және саңырауқұлақтар жатқызылды. Ал жануарларды тыныс алу және қанайналым мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа топтастырды. К. Линней біріншіден, сол уақытта  белгiлi өсiмдiктердiң  ситематикасын құрастырды. Екіншіден, бұрынырақ К.Баунинг құрастырған бинар номенклатурасын (қос ат беру, түр және туыс)  тәжірибеге енгiзіп, оны жүйелеуге негіз етіп алды. Үшіншіден, К. Линнейдiң iрi жетiстiктерiнiң бiрi  таксондар  иерархиясын анықтау болды. Жақын түрлер туысқа, туыстар отрядқа, отряд класқа біріктірілді. Бiрақ К. Линней эволюциялық көзқарасты жақтамады. Оның ойы бойынша  «басында қанша түр болса, нетижесiнде сонша қалады», түрлер өзгермейді олардың саны құдірет жаратқаннан аспайды деген сенімде болды. Оның концепциясы креациоизмге тән сипатта жазылды. Сонымен, түрдiң тiрi табиғаттың негiзгi құрылымдық  бiрлiгi болуы мен ситематика  биология  саласында  дарвинизмге  дейiнгi  кезеңде басты орынға ие болды.

18 слайд Преформизм және эпигенез А. Левенгук жыныс жасушаларды, ал  У. Гарвей жұмыртқ
Описание слайда:

Преформизм және эпигенез А. Левенгук жыныс жасушаларды, ал  У. Гарвей жұмыртқа  жасушасын табуы және ағзалардың жеке дамуы белгілі бір жоспарлы түрде  жүретіндігін көрсеттi. Онтогенездiң iштен  жоспарлануы  преформизм  концепциясының негiзi болды. Көптеген белгiлi ғалымдар жыныс жасушаларында  миниатюра түрiнде  дайын ағза қалыптасқан деп  санады. Мысалы, немiс биологы Р. Ганнердiң ойынша  тауық жұмыртқасында дайын  шөже бар.  Преформистердiң  көзқарастарының негiзi  онтогенез әрекетінiң барысында жаңа туындылар пайда  болмайды дедi. Преформизм концепциясына  қарама-қарсы жаңа көзқарасты ағылшын эмбриологы  У. Гарвей  эпигенездi енгiздi.  Гарвей  бойынша эпигенез  дегенiмiз -  материяның даму тәсiлi және ол  бiрден пайда болады  әрі дамиды. Сонымен, эпигенз концепциясы бойынша, алғашқы бiркелкі  материалдан даму нәтижесінде дененің жаңа бөлiктері пайда болады және жүйелi түрде бiртұтас ағза қалыптасады. Орыс ғалымы  К. Вольфтың  классикалық еңбегiнде эпигенез концепциясын тауық эмбрионының дамуы арқылы түсіндірілді. Вольф жұмыртқада ешқандай  дайын тірі ағза жоқ екенiн,  iштегі эмбриональды даму барысында  бiртiндеп  жаңа бөлiктер және мүшелер дамитынын  көрсеттi. Бұл метафизикалық көзқарасқа қарсы жақсы соққы болды. Бiрақ, өзi түрдiң тарихи өзгередi деген идеядан аулақ болды. «Ұрықтың iштей салыну» гипотезасы. Өсiмдiк бетiнiң көбеюiн зерттеп, Ш Боннэ  партеногенез құбылысын ашты, бiрақ бұл әрекеттi   материя әдiсiмен ғана түсiндiре алды. Оның гипотезасы бойынша тірі ағзалардың аналықтарында ұрпақтары бірінің ішіне бірі матрешка сияқты салынып қойған. Боннэ «даму процесi алдын ала анықталған»  деген ұғымды ұстанды.

19 слайд Эволюциялық идеяның туылуы. (трансформизм) Биология саласында  XVII – XVIII ғ
Описание слайда:

Эволюциялық идеяның туылуы. (трансформизм) Биология саласында  XVII – XVIII ғ. дейін жеткен әр түрлi жетiстiктерi түрлердiң  өзгеруi (трансформизм) туралы түсiнiктiң пайда болуына алғы шарттар тудырды. Трансформизм идеясын алғаш енгізген  француз ғалымы Ж. Бюффон  болды. Тірі ағзалардың сыртқы орта жағдайына қарай өзгеретіні жөніндегі эволюциялық мазмұндағы идеяны трансформизм деп атайды. Климат әсерi, қоректiң асқазан құрылысына әсерi ( күйiс қайтаратын  жануарлардың күрделi асқазаны ), адам әрекетімен  жабайы түрдi, үй жануарларына  айналдыру  т.б. пiкiрлер арқылы түрлердiң эволюциясы әр түрлi  бағытта жүредi (прогрессивтi өзгерiстер  және дегенерация). Бюффон эволюциялық түсiнiкке жаңа бағыт бердi. Философтардан Голбах, Дидро, Мапертюларды атауға болады.

20 слайд Орта ғасырлардағы Орта Азиядағы эволюциялық идеялардың қалыптасуы.
Описание слайда:

Орта ғасырлардағы Орта Азиядағы эволюциялық идеялардың қалыптасуы.

21 слайд Ахмед ибн Насыр Жайхони  Еуропа мемлекеттерінде Христиан дінінің дамуына байл
Описание слайда:

Ахмед ибн Насыр Жайхони  Еуропа мемлекеттерінде Христиан дінінің дамуына байланысты, жаратылыстану ғылымында тоқырау басталды. Ал, Орта Азия мемлекеттерінде жаратылыстану ғылымының жандана түскен кезеңі болатын. Орта азия оқымыстылары жаратылыстану ғылымына, әсіресе биология саласына көп үлестерін қосты. Ахмед ибн Насыр Жайхони ( б.з.д. 870-912) Үндістаннан, Қытайдан және Орта Азия жерлерінен өсімдіктер мен жануарлар туралы өте құнды мәліметтер жинады. Оның еңбектерінде өсімдіктер мен жануарлардың таралу аймақтары, табиғаттағы маңызы және жергілікті тұрғындардың пайдаланып жүрген түрлері туралы жазылған.  

22 слайд Әбу Насыр әл-Фараби  ( б.з.д. 873-950) Ботаникаға, зоологияға және адам анато
Описание слайда:

Әбу Насыр әл-Фараби  ( б.з.д. 873-950) Ботаникаға, зоологияға және адам анатомиясына қатысты өз пікірлерін жазып қалдырған. Ол жаны бар тірі ағзаларды ойлай алатындар және ойлай алмайтындар деп бөлді. Ойлай алатын жоғарғы сатыға адамды қойды. Адамның шығу тегін жануарлармен байланыстырады. Адам ағзасының ауру себептерін дұрыс тамақтанбаудан деп көрсетеді. Табиғатта өздігінен табиғи сұрыпталудың бар екендігін айта келіп, халық өзіне қолайлы түрлерді алу үшін қолдан сұрыптау әдісдерін жүргізіп отыратынын айтады.

23 слайд Абу Али ибн Сина (Авиценна)  (980-1037) Жаратылыстану ғылымына көп қызығушылы
Описание слайда:

Абу Али ибн Сина (Авиценна)  (980-1037) Жаратылыстану ғылымына көп қызығушылық танытқан Орта Азияның жаратылыстанушы-философ ғалымы. «Медицина қағидалары» атты бес кітаптан тұратын еңбегін зерттеу негіздеріне сүйене жазған болатын. Бұл еңбегінде адам мүшелерінің қүрылысы мен онда кездесетін аурулардың түрлері мен пайда болу себептерін түсіндіреді, ауруды емдеу үшін қолданылатын қарапайым және күрделі қосылысты дэрі-дәрмектерді дайындаудау жолдары мен пайдалану кеңестерін ұсынады. Ғалым адамда кездесетін кейбір жүқпалы аурулардың ( осапа, холера, туберкулез) қоздырғыштары көзге көріне бермейтін микроағзалар екенін айтты. Денсаулықты нығайтудың ең тиімді жолы - дұрыс тамақтану мен ағзаны шынықтыру екенін баяндайды. Ғалымның пікірінше Жер өте баяу өзгеріске ұшырап отыратынын, өзендер мен теңіздер біртіндеп тартылып кеуіп отырады. Ол жерлерден тек кезінде суда тіршілік еткен ағзалардың жақтаулы қақпақшалары мен қаңқаларын кездестіруге болады. Ол өсімдіктердегі, жануарлардағы және адамдардағы ұқсастықтарға қоректену, даму-өсу және көбею әрекеттерін жатқызады. Тірі ағзалар арасындағы байланыстың бар екенін көрсетеді.

24 слайд Абу Райхан Беруни  (973-1051) Орта Азияның жаратылыстану ғылымына көп үлесін
Описание слайда:

Абу Райхан Беруни  (973-1051) Орта Азияның жаратылыстану ғылымына көп үлесін қосқан ғалым. Оның еңбектерінде Орталық Азияда, Иранда, Индияда және Ауғанстанда кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың түрлері сипаттап жазылып, емдік қасиеттері көрсетіледі. Ғалым жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты, өсімдіктер мен жануарларда да болатын өзгергіштікті жазады. Егер жер бетінде бір ғана түрдің саны артатын болса, онда басқа түрлер көбейе алмаған болар еді деп көрсетеді. Сондықтан да бағбан егістігіндегі арам шөптерді тазартып отырады. Омарташылар трутеньдерді емес, аналық араны сақтап қалады. Табиғат бір түрдің көбейіп кетпеуін өзі реттеп отырады, біріншісімен екіншісі қоректеніп теңесіп отырады. Жер бетінің өзгеруі сол айналадағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлады да өзгертеді, дейді Беруни. Ол Қарақұм мен Қызылқұм жерлерінде өзінің палеонтологиялық ізденіс жұмыстарын жүргізіп, Жердің өзгеру тарихымен ондағы организмдердің де өзгеретінін қортындылайды. Беруни 1116 емдік қасиеті бар заттарды, оның ішінде 750 өсімдіктер және 101 жануарларға тән қасиеттер. Үндістанға сапар шегіп, жергілікті жердегі өсімдіктер мен пілдердің тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерін сипаттап жазды. Адамдардың терісінің түсінің әр түрлі болуы сол жердің табиғатына сәйкес екенін, ол белгілер ұрпақтан-ү_рпаққа берілетінін айтты.

25 слайд Захириддин Мухаммад Бабур  (1483-1530) Ұлы ел билеуші қызметші ғана емес, ақы
Описание слайда:

Захириддин Мухаммад Бабур  (1483-1530) Ұлы ел билеуші қызметші ғана емес, ақын және көрнекті жаратылыстанушы ғалым да болды. Оның «Бабур тағылымы» еңбегінде тарихижәне географиялық Орта Азиялық, Үндістандық, Ауғаныстандық жерлерден қызықты мэлімдемелер беріледі. Ол жерлердегі халықтың қоныстануы мен тұрмыс-салттары жазылған. Бабур өз деректерін нақты іс жүзінде өзі саяхаттаудың нэтижесі бойынша берді. Өсімдіктер арасында кездесетін ұқсастықты, жануарлар арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарды, әртүрлі аршалар мен бүталы өсімдіктерді сипаттайды. Үндістанның эндемді өсімдіктері туралы жазды. Басқа елдерден экелінген жануарларды жерсіндіруге көп еңбек етті. Мысалы, тоты құсын, тауықтарын, маймылдарын, үйректерін, еліктерін т.б. әкелді. Бабур жануарлар дүниесін төртке бөлді.

26 слайд Ресейде эволюциялық идеялардың дамуы
Описание слайда:

Ресейде эволюциялық идеялардың дамуы

27 слайд Ресейде табиғат туралы эволюциялық идеялар XVIII ғасырдың екінші жартысында
Описание слайда:

Ресейде табиғат туралы эволюциялық идеялар XVIII ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастады. Жер қыртысының тарихы туралы еңбектерінде М. В. Ломоносов өлі табиғаттағы өзгерістердің тірі табиғаттағы өзгерістерге тікелей байланысты екенін айтса, Санкт-Петербург академигі К.Ф.Вольф алғашқылардың бірі болып, үрықтық дамуы жөнінде дұрыс пікір үсынды. А.Н.Радищев табиғатты бір түтас деп тауып, оның дамуы қарапайымнан күрделі қүрылысты ағзаларға қарай жүреді деген пікірде болды. Зоолог К.Ф.Рулье түрлердің тұрақтылығы жайлы мета-физикалық көзқарасты қатты сынап, ағзалардың қай қайсысы болса да, айналадағы ортаның әсерінен өзгереді, ал өз кезегінде ағзалар сыртқы ортаны өзгертеді деді. Аса құнды эволюциялық идеяны А.Н.Герценнің еңбектерінен де кездестіруге болады. Ол қүрылысы мен физиологиялық ерекшеліктері жақын ағзалар арасында міндетті түрде туыстық байланыстар бар, яғни олардың шығу тегі бір деп жазды.

28 слайд  Назар аударғандарыңызға рахмет!
Описание слайда:

Назар аударғандарыңызға рахмет!

Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Учитель биологии
Курс профессиональной переподготовки
Учитель биологии и химии
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Номер материала: ДБ-592127

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация и руководство учебно-исследовательскими проектами учащихся по предмету «Биология» в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии»
Курс повышения квалификации «Медико-биологические основы безопасности жизнедеятельности»
Курс повышения квалификации «Методические аспекты реализации элективного курса «Антропология и этнопсихология» в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии»
Курс повышения квалификации «Основы биоэтических знаний и их место в структуре компетенций ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Гендерные особенности воспитания мальчиков и девочек в рамках образовательных организаций и семейного воспитания»
Курс профессиональной переподготовки «Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Организация производственно-технологической деятельности в области декоративного садоводства»
Курс повышения квалификации «Составление и использование педагогических тестов при обучении биологии»
Курс повышения квалификации «Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и выполнение работ по производству продукции растениеводства»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.