Инфоурок Начальные классы Конспекты"Ей, Астана" (2 класс)

"Ей, Астана" (2 класс)

Скачать материал

      18.11.15

Әдебиеттік оқу 2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Н. Домбай Ей,Астана!

Жалпы мақсаты:

Елорда туралы түсініктерін кеңейту,мәтінмен жұмыс жасай отыра,оқушылардың сөйлеу дағдыларын арттыру,Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері:

Жаңа сабақты түсініп, топтық және жеке жұмысты жасауды үйренді.

Әдістер:

АКТ, кері байланыс, дарынды балалармен жұмыс, топтық жұмыс, СТО стратегиялары.

Көрнекілігі:

Астана суреттері,бейнеролик,топтық тапсырма түрлері,сөзжұмбақ,АКТ,постер,дарынды,орташа және төмен оқушылар тапсрмалары, ребус,жұмбақ.

Сабақ кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әреккеті

Ресурстар

Кіріспе

10мин

Бүгінгі күнімізді бір – бірімізге жақсы тілек айтудан бастайық.
Психологиялық дайындық.
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек?
Туған жерде жүру үшін!-

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Интерактивті тақта

Сыныпты топтарға бөлу.

Сыныпты төрт топқа бөлу.

1-топ Ақ Орда

2-топ Бәйтерек

3-топ Хан Шатыр

4-топ Пирамида

Оқушылар топтасты.

Топтар жазылған парақша

Үй тапсырмасын тексеру

Әр топтан өлеңді бір оқушыдан оқу талдау.

Үй тапсырмасын айтады.

 

Жаңа сабаққа даярлық кезеңі. Қызығушылық ояту

Ой қозғау

5мин

«Ой қозғау» әдісі
- Балалар, бүгін біздің сыныпқа бірнеше билет алып келгенін білесіңдер. Бүгін біз саяхатқа шығамыз. Қай қалаға саяхаттайтынымызды сабақ барысында біле жатармыз. 
- Қандай қала атауларын білесіңдер?

 

 

 

 Оны қазір сөзжұмбақ шешу арқылы анықтаймыз

 

 

 

 

 

Алматы,Астана,Ақтөбе,Ақтау,Атырау,т.б.

 

сұрақтар

 

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Мағынаны таныту

15мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

«Мағынаны тану» 
Оқушыларға Астана қаласы туралы бейнебаян көрсетіледі.
- Иә, балалар, сонымен қай қалаға саяхатқа шығамыз?
- Астана.

Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің оң және сол жағалауында орналасқан. Тарихи тұрғыдан алсақ, Еуропа мен Азияны байланыстыратын мекен болып табылады. Астана – ең ірі көлік торабы, автомобиль, теміржол және әуе көлігінің орталығы. Ауа райы– континенттік күрт өзгермелі. Қысы – суық, ұзақ, әдетте қары аз, кей жылдары қатал. Жазы – қоңыржай құрғақ, ыстық, әдетте құрғақ.

 Қазақстан символы мәртебесін айтарлықтай тез иеленген «Астана-Бәйтерек» мұнара-монументін; жұмыртқа тәріздес мемлекеттік мұрағат ғимаратын және «Нұр-Астана» әсем алып мешітін; керемет бағыт алған Дөңгелек алаң мен Министрліктер үйімен көмкерілген Негізгі алаңды; мәңгі жаз идеясын жүзеге асыратын және қыс суығынан алып шатырмен жабылған «Хан Шатыры» кешені - ағылшын Норман Фостер туындысын; айтарлықтай ерекше пішінде салынған концерт залын; көркі жағынан қайталанбас көк тіреген ғимараттар мен қарасаң көз тоймайтын құрылыстарды, сондай-ақ, әрине, сәулеті жағынан еліміздің ең басты көрікті ғимараты «Ақорда» президент сарайын атауға болады.

- Дұрыс айтасыңдар, әуелі оқулықтарыңды ашып, Нұрперзент Домбайдың «Ей, Астана!» өлеңімен таныс болайық.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
Нұрперзент Домбай ҚазҰУ-дің журналистика факультетін 1980 жылы бітірген. Еңбек жолын бұрынғы Жезқазған облысы, Ұлытау аудандық газетінде бастап облыстық «Жезқазған туында» жалғастырады. «Егемен Қазақстанның» облыстағы меншікті тілшісі, Жезқазған аймақтық «Мысты өңір» газетінің бас редакторы болды. 2008 жылдан бастап республикалық «Ана тілі» газетінде қызмет атқарады. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Журналистер арасында өткізілген байқаулардың жүлдегері. Еңбек өтілі 35 жылға жуықтаған Нұрперзент Домбайдың көңілге түйгені мол. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, мәдениет қайраткерінің айтары да жетерлік.
Ей, Астана! 
Сен деген туған елдің жүрегісің, 
Өзіңнен бастау алар өрелі ісім. 
Шаһарлар толып жатыр, бірақ та сен, 
Бәрінен бірегейі, бөлегісің. 
Астанам – асқарымдай көрінесің, 
Өлең боп көкірегімнен өрілесің, 
Бойыма рух беріп тұрғаннан соң, 
Анық-ау ұтылмасым, жеңілмесім 
Домалап қазағымның өрге тасы, 
Думанмен дүрілдесін аспан асты. 
Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп, 
Асқақтай бер, елімнің Астанасы! 
(Нұрперзент Домбай)
Сонымен қатар дарынды оқушыларға мынадай жекелеме тапсырмалар беріледі: 
1.Астана қаласы туралы төрт жол өлең шығару.
2. «Астана» сөзінің әр әрпіне теңеу жазу.

А – 
С – 
Т – 
А – 
Н – 
А – 

Ынтасы төмен оқушыларға төмендегідей тапсырмалар беріледі.
Берілген сөздерге сөйлем құрау.

Бас қала       Бәйтерек             Сұлу.

 

 

 

 

Сұрақтар

 

Мен сендерден сұрақ күтемін тәсілі

  Бұл тәсіл бойынша балалар өзара өлеңнен  сұрақтар қояды.Топтағы оқушылар өзара келісіп, ауызша сұрақ қою.

1.Ақын Астананы қандай көңіл күймен жырлайды?

2. «Астана –туған жердің жүрегі дегенді қалай түсінесің?

3.Астана қаласына барған болсаң,оны қалай мақтар едің?

4. Ақын өлең шумағындақалаға  қандай тілек сөзін айтқан?

 Оқушылар сұрақ

дайындайды.

Оқушылар топтық тапсырмаға жауап берді.

Сұрақтар

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

 

 

Оқушылар сергіту сәтін қимылдар арқылы көрсетеді.

 

 

Сұрақтар

Ой толғаныс

 

Топтық

тапсырма

«Астанаға саяхат» 
Әр аялдамаға тоқтап таныстырып өтемін. Және де әр аялдаманың тапсырмаларын орындау.
1 – аялдама 

Тапсырма: Ребусты шеш.

      , , , ,           , ,    , , , , , , ,

Ақтөбе     Орал    Қызылорда Қандай сөз шықты?
Демек,«Ақ Орда» Қ.Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш.м құрайды.Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты,ҚР министрліктер үйі орналасқан. 
2 – аялдама 

Жұмбақ
Астана қаласының сол жағалауында «Астана-Бәйтерек» монументі орналасқан.Мұнда Өмір ағашы-Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі-97 метр. «Астана-Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы- Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаев. 97 саны кездейсоқ емес, ол Астананың Алматыдан Астанаға ауысуын білдіреді. 
«Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.

3 – аялдама
Тапсырма: «Кубизм» әдісі
Оқушыларға текшені лақтыру арқылы, текше қай жағымен түссе, соған байланысты сұрақтар қою.
1. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
2. Қазақстан Республикасының рәміздерін және авторларын ата?
3. Қ.Р. Мемлекеттік туының ұзындығы мен ені неше метр?

4. Жұмекен Нәжмеденов Қай күні,айы,жылы өмірге келді? Биыл неше жылын тойлаудамыз? 
5. Тәуелсіздік қай күні,айы,жылы қабылданды?

6. Ел Ордамыз қалай аталады? 

Астана символының бірі – «Хан шатыры»

Бұл Орталық Азиядағы ең үлкен сауда-ойын-сауық орталығы және шатыр пішінінде салынған әлемдегі ең биік ғимарат.
Атақты Норман Фостер туындыларының бірі.
Бұл кешеннің биіктігі 200 метрді құрайды. “Хан Шатырдың” ішкі көлемі 110 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Бұл сауда және ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орта­лық­тары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен бірге ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар. Балалардың тамаша демалысы үшін биіктігі 7 және 4 метрді құрайтын су сырғанақтары жабдықталған.

4 – аялдама:

Астана тақырыбына сурет салу.

Оны әлемнің сегізінші кереметі деп атайды. Бейбітшілік пен Келісім сарайы биіктігі және ені 62 м дұрыс пирамида пішінінде салынған.Имарат он бес метрлік жасанды үйінді үстіне орналасқан. Аты шулы мэтр, ағылшын сәулетшісі Норман Фостер өз жобасы үшін арнайы діни қалыпқа ұқсамайтын пішінді таңдаған.Пирамида барлық әлемдік дәстүрлі дін өкілдерінің конфессияаралық қарым-қатынасқа түсу ортасы ретінде қызмет етеді. Бейбітшілік пен Келісім пирамидасы – толеранттылық идеясының апофеозы, Қазақстан халқы бірлігінің, оның үндестікке және гуманитарлық құндылықтарға талпынысының ескерткіші. Әлемдік дәстүрлі түрлі дін өкілдері жиналатын жерде Мәдениет мұрағатының, Өркениет университетінің, 1500 орындық Опера театрының орналасуы қисынды.

 

 

 

 

 

Ақ Орда.

 

Дворец Президента, Астана, Казахстан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бәйтерек

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/e/e2/%D0%91%D3%99%D0%B9%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA.jpg/200px-%D0%91%D3%99%D0%B9%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хан шатыр

 

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTG9OfZgLZxwRGgMjuhtNnkY_0yA1SI1sqwvPIb8YX5CFGiCSRz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пирамида

Бейбітшілік және Келісім сарайы

7de8764ac9ced69e02e9a172568f16b7.jpg

Оқулық ,дәптер

 

 

 

 

 

Рефлекциялық бағалау кезеңі

5мин

Туған жерді сүю парыз.
Сүю үшін білу – парыз,
Қасиетті білу - парыз.
Күзетінде тұру – парыз,-демекші бүгін қандай тақырыппен таныс болдық?

Олай болса,

Тест орындып жіберейік . Ауызша

1. Біздің қаламыздың  аты?
А. Атырау    Ә. Алға   Б. Көкшетау

2. Қай обылыста тұрамыз?
А.Алматы  Ә. Астана   Б. Ақтөбе  

3. Қай Республикадамыз?
А. Қырғызстан   Ә. Түркіменстан   Б. Қазақстан

4. Біздің астанамыз?
А. Ақтөбе    Ә. Ақтау    Б. Астана

Қане тақтаға шыға отырып,Астана қаласына постер құрастырайық.

 

 

Балалар туған жеріміздің ыстық екенін ұмытуға болады ма?
Сондықтанда әр қашан туып өскен жерімізді,бас қаламызды құрметтеп, аялап,қорғап  Астанаға тілек  тілеп өтейік. Тілегімізді көгершінге жазып,іліп қояйық.

Астана
Сабақты түсінгендерін бағдаршам әдісі арқылы анықтау.
Қызыл – ешнәрсе түсінбедім
Жасыл – жақсы түсіндім
Сары – орташа деңгейде түсіндім.

Фармативті бағалау, өзін – өзі смайликтерін санау арқылы бағалау

 

 

 

 

Астана

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана

Ел Орда,Н.Ә Назарбаев,Бәйтерек, Нұр Мешіті,Парламент үйі,т.б.

Астана көркейе берсін!

Жас қала болып жүре берсін!

Мәңгілік жасасын! Әрқашан биіктен көрінсін!

 

 

 

 

Тақта,плакат,

стикер

Бағалау

Оқушыларды  мадақтау,бағалау.

 

 

2 жұлдыз,1 тілек арқылы бағалау.

Үйге тапсырма

58-59 б мәнерлеп оқу. Астана қаласына арнап альбом жасау.

 

Күнделіктеріне тапсырмаларын жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ей, Астана" (2 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 189 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.03.2016 1082
    • DOCX 157 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жуманиязова Жулдыз Дуйсенгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5927
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 306 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 611 человек

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1707 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 161 человек

Мини-курс

Техники визуализации в учебном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек