Инфоурок Литература Научные работыЕжелгі дәуір әдебиеті Ясауи ілімінің маңызы

Ежелгі дәуір әдебиеті Ясауи ілімінің маңызы

Скачать материал

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

филология факультеті

 

 

                      

 

   Реферат

 

Пәні: Ежелгі дәуір қазақ әдебиеті

Тақырыбы: А. Ясауи еңбегін оқытудың маңызы

 

 

 

 

 

Орындаған: Жанарбек  Қарақат

Факультеті: Филология

Тексерген:  Сағындық Н. Б.

 

 

 

 

                                 Алматы 2022 жыл

 

Жоспар:

 

I.Кіріспе........................................................................................

II.Негізгі бөлім

1.1. Ясауидің жасұрпаққа құтты болған «Диуани хикіметі» және ондағы діни ойларды оқытудың маңызы........................

1.2. Ясауи бабамыздың философиялық ойларының (нақыл сөздерінің) жас ұрпаққа берері..................................................

III.Қорытынды………………………………….......................

IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………...........

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I.Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді демекші біздің қарастырғалы отырған дара да, дана жан Қожа Ахмет Ясауи бабамыз. Бұл данамыз тек хаты ғана өлмей қалған ғалым емес, сол дәуірде бүкіл дүйім жұртқа жақсылығымен мейірімі өткен жақсылардың шыңындағы баға жетпес қазына. Ал бүгінгі күні адами қасиеттерден жұрдай қалған адамзаттың рухани жанын емдер дәрігері болуға лайықты тұлға. Қазіргі шарықтап дамып бара жатқан заманда адам баласыныңда құлқыны, ойы, түсінігі өзгерген. Қоғамда тәрбие, салт –дәстүр, ата –бабамыздың мұрасы, ырымы, тыйымы, ұят болады деген құндылықтары жоғалып бара жатыр. Адамдардың бір-біріне деген байланысы кері қарай домалаңдап жерге түсуде. Басшы өзінің кім екендігін білмейтін, тек қара басының қамы үшін басын алып жүрген заманға жеттік. Айналамызда туа салып ішсем, жесем, алсам деушілер көбейіп, білсем, үйренсем деушілер жоқтың қасына айналған. Міне осынау, шайтанның жолына түскен, бұзылған заманның жүрегіне тура жол салатын, хақ жолына қолыңнан жетектеп отырып жеткізетін бірден – бір дәрумен, менің ойымша, кешегі ғұлама хәкімдеріміздің ішіндегі сопылық жолды дәріптеген Ясауи ілімі болмақ. Шындығына келгенде де тура солай, бүгінде асып төгіліп, шарасынан шығып, кітап сөрелерінен түспей тұрған  «МОТИВАЦИЯЛЫҚ» парақтардың барлығы дерлік сонау байырғы заманда қаланып, тек біздің ғасырда өз құндылығын жоғалтып, әбдіре түбінен орын алған. Ал, біздер, жастарға осы мүкәммалды жаңғыртып, насихаттайтын, сол игіліктің маңызына тереңінен бойлайтын замана туған сияқты. Сондықтанда дәп қазіргі  сәтте берілген тапсырманы пайдалана отырып, Ясауи бабамыздың хикметтерін оқудағы маңызын барынша ашып, көрсеткім келеді....

Тақырыптың мақсаты: Оқырманға Қожа Ахмет Ясауидай ғұлама ғалымның еңбектерін не үшін оқу керектігін, бұл туындылардың адам баласын жеке тұлға деңгейіне дейін жеткізе алатындығын дәлелді түрде түсіндіру.

Тақырыптың міндеті:

Ø Ясауидің жасұрпаққа құтты болған «Диуани хикіметі» және ондағы діни ойларды оқытудың маңызын қарастыру

Ø Ясауи бабамыздың философиялық ойларының (нақыл сөздерінің) жас ұрпаққа берерін талдау

Жұмыстың тарихнамасы(әдебиетке шолу). Дереккөздер мен пайдаланған әдебиеттер тізімі екі бағыт бойынша қарастырылған.

Дереккөздердің алғашқы бағыты: 2-т.Ежелгі дәуір және орта ғасыр әдебиеті кітабы; Ясауи Қожа Ахмет. Даналық кітабы. Аударған Ж.Әбдірашев. Қ.А. Яссауи еңбектерінің философиялық және тәлім-тәрбиелік мәні\ Ұ.Т. Ташкенбаева

Дереккөздердің екінші бағыты: аналитикалық деректер жинау мақсатында және жан-жақты тұрғыдан негізделген ақпараттардан хабардар болу үшін https://bilimdinews.kz/, https://adebiportal.kz/kz, https://egemen.kz/,  ғаламторлық ресми, сенімді сайттарды қолдандық.

 

II.Негізгі бөлім

1.1.          Ясауидің жасұрпаққа құтты болмақ «Диуани хикіметі» және ондағы діни ойларды оқытудың маңызын қарастыру

Қожа Ахмет Ясауи өз хикметтерінде жарық дүниедегі өмірдің мән-жайын ашып сипаттаудың басты бір тәсілі ретінде Мұхаммед пайғамбар мен оның шаһарияларының салған жолы мен үлгілі істерін, өсиеттері мен өнегелі ойларын жұртқа жайып насихаттауды басты мақсат етіп қойды. Ең алдымен, Алла Тағаланың қамқорлығын, кешірімділігін алға тарта отырып, баянсыз бұл дүниенің адам баласын сынау үшін берілгенін, осыған орай адамшылдық пен әділдік, адалдық, имандылықтың бұл өмірдегі басты шарт, негізгі ұстаным болуын бұлжымас қағида ретінде ұсынды. Осы ұлы мүддені іске асыру үшін, ол құдайға құлай құлшылық ету мен оның жердегі соңғы уәкілі Мұхаммед ( с.ғ.с) пайғамбарды ол кісінің сүйікті шаһариярларын, сан алуан шайых, машайых, әулиелердің үлгілі іс, мінез-құлықтарын насихаттай отырып, Алланың уәкілі Мұхаммед пайғамбардың толыққанды да асқақ бейнесін жасауға талпынады. [1] Ал осынау насихаттап жазған  сөздері қазіргі күннің жастарына бұл фәнидің уақытша екендігін, сол уақытты тек адамгершілік, имандылық қасиеттеріне арнау керектігін көрсетеді. Әулие бабамыздың айтуынша, әр іске төзімділік, шүкірлік етіп Құдайға жалбарыну, одан шапағат күту, дүние-мүлік, байлық үшін жанын жалдап, өтірік-өсекке ұрынбау тәрізді мәселелер күнәдан арылудың басты-басты талаптары делінеді. Сондай-ақ, ол адамның Аллаға деген сенімінің, ой-пиғылының тазалығына баса назар аударады. Осыдан барып Құдайға деген ықылас артып, мұның ақыры оған қалтқысыз берілген шын сүйіспендікке ұласады деп көрсетеді. Шын ғашықтықтың ұшына шыққандарын Алланың сүйген құлы – жарандар деп жүйелейді. Құдай жолына біржола бет қойған, соның азап-қиыншылықтарына бас қойған ғашықтықты ол ең қиын, машақаты мол жол деп бейнелейді.

Ғашық дертіне дауа iздеген болар делбе,

Iшi-сырты жалған жанға әсте сенбе.

Арың таза болса, әр кез жеңiс сенде,

Ғашық дертіне рахым қылса Алла қылар.

Кiмдi көрсең бұл жолдарда жалған ғашық,

Iшi таза болмайды көңiлi ашық.

Қараңызшы қандай келіскен, мәні мен мағынасы бірден тайға таңба басқандай ашылып көрсетілген. Тура осы үзіндіде айтылған ар мәселесі Ислам ғұламаларының сөзерінде де кездеседі, үндестіктері үзілмегені белгілі. «Кім маған тілі мен ар-намысын (ұятын) қорғау жайында уәде беретін болса, мен оған жәннатты уәде етемін» деген хадистен осыны байқауға болады. (Бухари, Риқақ 23) Оған қоса, Қожа Ахмет Ясауи кешірімділік, төзімділік туралы ой-пікір, тұжырымдарын жүйелі әңгіме еткен. Ол қай пайғамбардан нендей үлгі қалды деген мәселеге орай былай дейді: «Тәуба қылу Адам пайғамбардан, ғибадат қылу Ідірістен, зікір-сабыр Аюбтан, зікір ғаріптік Мұхаммедтен (с.ғ.с.) қалды, ал сыпайылық хазірет Сүлейменнен қалды», – деп жазады. Сонымен бірге, Ясауи ұстазымыз адамның рухани кемшілігіне қатты мән береді. Батыл әшкерелеп, бел шешіп күрескен бітіспес жауы- надандық, рухани жанның төмен болуы. Ұстаз барлық бәленің қайнар көзін надандықтан деген қорытындыға келіп, одан аулақ болуға шақырады. Надандықтан әрімен қарай зұлымдық, арсыздық, менмендік, бәлеқорлық туады деп, бұдан арылудың бір-ақ жолы оқу, білім екендігін баса айтады

Жер астына қашып кiрдiм надандардан,

Қолым жайып дұға тiлеймiн жомарттардан.

Ғарып жаным мың садаға даналардан,

 Дана таппай жер астына кiрдiм мен-о.

Табалама надандарда қадыр болмас.

 Қараңғыда адассак, жолға салмас.

Міне қазіргі бойымыздағы рухани құлдырауды, надандықты тамырымен жою үшін Ясауи бабамыз айтпақшы нағыз даналардың бірі болған сол Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінен іздеуіміз керек. Білім мен ілімді осы хикметтерден жинауымыз керек. [2] Kazislam.kz Қожа Ахмет Ясауи хикметтері – тәрбиелік құрал | Қазақстандағы Ислам

1.2. Ясауи бабамыздың философиялық ойларының (нақыл сөздерінің) жас ұрпаққа берерін талдау

«Ынтасыздың күні қараң. Кекірейген кердеңдерден қаш. Нәпсіне ерген адам адасады. Енді жатса да, тұрса да оның жолдасы шайтан болады. Әділ сөйлеп, адал жүр. Құштарлықсыз жаратқанды да тани алмайсың.  Арыңды сақта, болсаң да малға кедей. Не болса да - сабыр қыл. Көзі жанып тұрмағанның ғашық болдым дегені бекер. Кісі малын қымқырып, ары азғандар оңбайды» Бұл жіпке тізген моншақтай нақыл сөздердің барлығы дерлік Ясауи ұстаздың келелі ойлары. Осы сөздер қазіргі адасқан қоғамға ең бір керек дәрумен тәрізді. Нәпсісіне ерген адам адасады дейді, бұл өмірде өз нәпсісін өз тұрақтай алмаған, өз еркіне өзі жегізген адамнан артық ынжығы жоқ шығар. Шыныменде ол ынжықтың қасында шайтан жүрері анық. Не болсада сабыр да, төзімділікте болу, әділ сөйлеп, дұрыс баспалдақтарға қадам басу, қанша қиналып тұрсаңда, кедейшілік жаныңды жеп бара жатса да, адал жолмен мал табу, ар сақтау біздерге ең керекті мәселелер екені белгілі. Тек осыны бүкіл халықтық етіп дәріптеп, жас жеткіншектің санасына құя алсақ нұр үстіне нұр болмақ.

Бұдан бөлек, Ахмет Яссауи хикметтерінде Құдай рақымды, кешірімді, құлы қанша күнә жасап жатса да, тіпті иесін танымай жатса да, әмірге бағынбаса да, бұзақылық жолға түссе де, рақымымен кешіруге дайын. Алла тағала адасқанның жақсылыққа, адамгершілікке қайтып келгенін күтеді. Ал адам баласы жаратушының бір бөлшегі болғаннан кейін, оның мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерінің уәкілі, жаршысы болуға міндетті. Адам баласы жан-жағына рақымды болып, мейріммен қараса, Хақ оған сондай рақымшылық танытатын болады. Мейірімді адам басқалардың қайғы-қасіретіне ортақ болып, шер бөлісе алады. Жүрегі махаббатқа толы жылытар, көңіл қуантар. Содан болар Яссауи еңбектерінде адамгершіліктің биік үлгісі бола білген пайғамбар жетім басын сыйлаушы, ғаріптерге медет болушы тұлғасында көбірек сипатталады. Мейірімді болу, рақымды болу пенденің сезімталдық сынды ең нәзік деген сезімдерінен құралған. Адам баласы қаншылықты момын, жүрегі жұмсақ, көңілі жібіген сайын, бұл дүниеде соншалықты дәрменсіз, бейшара болады мыс. Олардың жауға, қорлыққа, зорлыққа қарсы тұрар хәлдері жоқтың қасы. Ахмет Яссауи өз хикметтерінде сопы-дәруіштерді мәңгүрт кейіпінде, бейшара образында бейнелеп көрсеткен. Ал бұлардың мұсылмандық қаруы, яғни осы өмірдегі амалсыздық белгісі жылау, көз жасын көл қылу түрінде сипатталып, мейірім, махаббат, рақымдылық, кешірімді болу, қайырымдылық қасиеттерінің ұғымын жылауда көрсеткен. Тегінде шынайы жылау, адамның жан жүрегінен шыққан аяушылық сезімнің көз жасы сауап. Пәк жүрек пен көңілде бүршік жарып тұрған көз жасы адамның ішкі жан дүниесін шынайы көрсете алмақ деген сынды дүниелерді жырға қосып өткен. Имандылықтың басты шарты деп: адал болу, шынайлық, садиқ болу сынды жолдарды А.Яссауи еңбегінде атап көрсеткен. [3] Сонымен осынау айтылған сөздің барлығын дерлік қазіргі шатасқан адамдар оқып, маңызын түсінетін болса, кішігірім қоғамымыз жайқалған жақсылыққа, жұмаққа, Асан қайғы бабамыздың аңсаған жерұйығына айлар ма еді? Адам баласының барлығы рухани жағынан тек тазалыққа құштар болар ма еді? Қоғамда үлкен, кіші демей силастық орнап, діни сауатты адамдар, жүрегі пәк жандар, білімді ұлылар көбейер ме еді?

 

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні демекші, менің пікірімше, бұл айтылған әрбір сөз бүгінде тек мектеп қабырғасында ғана емес, әлеуметтік орындарда да, отбасы институтында да кеңінен әңгімеленуі керек. Сонымен қатар бұндай сөз жауһарларын мектепте 9 сыныптан бастап оқытқан дұрыс сияқты. Себебі бұл сыныпта оқитын жас жеткіншектердің ойлау қабілеті Ясауидің хикметтерін түсінетіндей жағдайда болады. Әрі бұндай өтпелі кезеңдегі, яғни, 15-17 жас аралығындағы жеткіншектердің бойында сыртқы қоғам арқылы пайда болатын арам ойларды, жағымсыз қасиеттердің орнына хикметтегі асыл қасиеттердің шуағын шашу, әр сөзін солып тұрған бұтаққа су құйғандағы  тамшы ретінде бағалау дөп тигізген нысанадай болар.

 

 

 

IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.     2-т.  Ежелгі дәуір және орта ғасыр әдебиеті. – 332-387 бет

2.     Kazislam.kz Қожа Ахмет Ясауи хикметтері – тәрбиелік құрал Қазақстандағы Ислам

3.     Қ.А. Яссауи еңбектерінің философиялық және тәлім-тәрбиелік мәні\ Ұ.Т. Ташкенбаева

4.     Ясауи Қожа Ахмет. Даналық кітабы. Аударған Ж.Әбдірашев. Шымкент, 1993 жыл.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ежелгі дәуір әдебиеті Ясауи ілімінің маңызы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 042 материала в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

План работы школьного музея
  • Учебник: «Литература. Учебник в 2 частях», Под ред. Журавлева В.П.
  • Тема: Сороковые годы как этап осмысления Великой Отечественной войны, предшествующий «оттепели»
  • 29.10.2022
  • 193
  • 4
«Литература. Учебник в 2 частях», Под ред. Журавлева В.П.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.10.2022 322
    • DOCX 58.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жанарбек Қарақат Жанарбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жанарбек Қарақат Жанарбекқызы
    Жанарбек Қарақат Жанарбекқызы
    • На сайте: 1 год и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 354
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Общие вопросы психотерапии

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы копирайтинга: техники работы с рекламным текстом

108 ч.

2070 руб. 1240 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Курс повышения квалификации

Технология производства и характеристики нефтепродуктов

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционная деятельность и проектный менеджмен

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе