Инфоурок Математика Другие методич. материалыЕжелгі ереже есептер туралы

Ежелгі ереже есептер туралы

Скачать материал

Ежелгі  ереже  есептер

    Оқушыларды  өз  ата-бабаларының  есеппен  қалай  шұғылданғаны  жайлы  хабардар  ету  мақсатында  ежелгі  ереже  есептерге  ерекше  көңіл  бөлген  дұрыс.  Қазақ  есепшілері  жыл  қайыру  есептерін,  жыл  маусымдарының  уақыттарын,  мал  төлдеуінің  басталуын,  аяқталуын,  балалардың  өмірге  келген  күндерін,  мүшел  жастарын  анықтаумен  шұғылданған. 

      Мүшел – қазақша  жыл  қайыру  есебінің  бірлік  өлшемі.  Бұл  есептеме  бойынша  әрбір  12  жыл  бір  мүшел  деп  алынады.  Мұнда  бастапқы  бірінші мүшелді  13  жыл  деп  санайды.      Ежелгі  есепшілер  адам  ғұмырының  басы  бала  бойға  біткен  күннен  басталады  деп  пайымдаған.  Сондықтан  адам  жасы  туралы  жылнамаларда  алғашқы  мүшелге  «аты  жоққа» (яғни  «нөлдік»)  әр  жылды  қосып  есептейді.  Сол  себепті  бірінші  мүшел  13  жастан  тұрады  деп  алынған. 

Қазақтың  мүшелдеп  жыл  қайыру  ережесі

1-қадам.  Берілген  а  жыл  санына  9-ды  қосыңыз:  ba + 9.

2-қадам1-қадамда  табылған b қосындыны  12-ге бөлгенде  шығатын  қалдықты  табыңыз:    b = 12·n + r.

3-қадам.  2-қадамда  табылған  r  қалдық  бойынша  мүшелдегі  жылдар  тізбегіндегі  жылдың  рет  санына  сәйкес  жылдың  атын  жазыңыз.

Мысалы:  Абай  1845  жылы  туған,  а = 1845.  Осы  дерекке  сүйеніп,  мүшел  есебі  бойынша  Абайдың  туған  жылы  былай  анықталады.

1-қадам.  b = 1845 + 9 = 1854

2-қадам.  1854 = 12 · 154 + 6

3-қадам.  r = 6,  демек  Абай  мүшел  есебінің  6-шы  жылында,  яғни  Жылан  жылы  дүниеге  келген.

    Қазақтың  мүшелдеп  жыл  қайыру  есебінің  басты  тірегі  санды  12-ге  бөлуден  шығатын  r  қалдық  болып  табылады.  Бақсақ,  тең  қалдықтар  жылдас  адамдардың  туған  жылына  сәйкес  келеді.  Осыған  қарап  былайша  тұжырым жасауға  болады:  Жылдас  жандар – тең  қалдықты  сандар.

      Ескі  кітаптарда,  көне  қолжазбаларда  адамдардың  туған,  қайтыс  болған  жылдарын,  сондай-ақ  тарихи  оқиғалар  хижра  жыл  есебімен  белгіленеді.  Осы  жылды  сіз  бен  біз  пайдаланып  жүрген  Григорян  жыл  есебіне  қалай  айналдыруға  болады?  Ол  өте  оңай.  Ол  үшін  хижра  жылын  33  санына  бөлу  керек (33  саны  хижра  жылымен  Григорян  күнтізбесінің  бір-біріне  тең  келетін  мезгілін  көрсетеді).  Бөлуден  шыққан  санды  хижра  жылынан  алып,  одан  қалған  санға  622-ні  қосу  керек.  622  саны,  өздеріңіз  білетіндей,  Мұхаммед  пайғамбардың  Меккеден  Мәдинә  шаһарына  көшкен  жылын  білдіреді.  Формула  бойынша  көрсетсек,  төмендегідей  болады: Г =  + 622

Бір ескеретін  жәйт:  әуелгі  санды  33-ке  бөлгенде  нәтиже  қалдықпен  шығады.  Егер  осы  қалдық  33-тің  жартысынан,  яғни  17-ден   артық  болса,  шыққан  нәтиже  бүтін  санға  айналдырылады.  Егер  қалдық  16-дан  кем  болса,  онда  нәтиженің  тек  бүтін  бөлігі  ғана  алынады.

     Мысалы,  қазақ  топырағынан  шыққан  данышпан  перзент  Әбу-Насыр  әл-Фараби хижра  жыл  санауының  255  жылы  туған.  Бұл  қазіргі  жыл  санауымен  қай  жыл  екенін  табайық.  255 : 33 = 7,        255 – 7 = 248,    248 + 622 = 870.   Яғни  әл-Фараби  870  жылы  дүниеге  келген  екен.

     Ал  енді  григорян  жылын  хижра  жылына  қалай  айналдырамыз?  Ол  үшін  осы  жылдан  622-ні  аламыз.  Нәтижесін  33-ке  бөлеміз  де,  бұдан  шыққан  санды   алдыңғы  азайтындыға  қоссақ,  керек  есебіміздің  шыққаны.  Мысал  үшін,  сіз  1985 жылы  туылғансыз.  Бұл  хижраның  қай  жылы  болмақ?

   1985 – 622 = 1363,         1363 : 33 = 41,    1363 + 41 = 1404.

   Демек,  сіз  хижраның  1385  жылы  туылған екенсіз.

     Осы  ережелерді  пайдаланып  кез  келген  адамның  туған  жылын  немесе  тарихи  оқиғаның  қазақ  жыл  қайруының,  мұсылман  және  григорян    күнтізбелерінің  қай   жылы   болғанын   кез   келген   оқушы  есептей  алады.     

     Тарих  пен  қатар  оқушылаға  батырлар  жырынан,  лиро-эпостық  жырлардан   есептер   құрастырып,  олардың  бірнеше  шешу  тәсілдерін  үйрету  де  олардың  пәнге  қызығушылықтарын  арттырады  және  ғылымға деген  көзқарастарын  қалыптастырады.  Сонымен  қатар  оқушылардың  күнделікті  тұрмысында  кездесетін  тәжірибелік  есептердің  де ықпалы  зор.  Мұндай  мазмұндағы  есептер  шығару  және  баяндамалар  мен  әңгімелер  тыңдау  оқушыларға  пәннің,  ғылымның   сырын  қарапайым  жолдармен  ұғынуына  мүмкіндік  береді. 

              Сыныптан  тыс  жұмыстарда  қазақтың  ұлттық  ойындары,  сол  сияқты  есептер  құрастыру,  шешу  барысында  қазақтың  байырғы  өлшем  бірліктері   кеңінен  наихатталуы  керек.

Қазақша  жыл  жаттау  ережесі

1- қадам.  Әр  жолы  үш  сөзден  тұратын  мына  бір  шумақ  өлеңді бұлжытпай  жаттап  ал.

Түйе (1)   Сеніп (2)   Бойына (3),

Ұмыт (4)  Қалған (5) Жылдардан (6).

Жатпа (7)  Қорқып (8)  Мойыма (9),

Тайма (10)  Именіп (11)  Ділмардан (12).

2-қадам.  Өлең  жолдарындағы әр  сөздің бастапқы  әрпін  және  сол  сөздің  тұрған  орнын  еске  берік  сақта.  Мәселен,  «мойыма»  сөзі  «М»  әрпімен  басталатынын  және  бұл  сөздің  өлеңде  9-шы  орында  тұрғанын  жатқа  білу  керек.

3-қадам.  өлең  сөзіндегі  бастапқы  әріп  мүшел  жылының  бірінші  әрпіне  сәйкес  келеді,  ал  сөздің  тұрған  орны  жылдың  мүшелдегі  рет  санын  көрсетеді.  Мәселен,  «мойыма»  сөзі  «мешін»  жылының  9-шы  жыл  екенін  еске  салады.

Кеңесші  кесте

 

Мүшел  жылдары

Мүшел  есептеу  ережесі

0-                 Іштегі  жыл

1-                 Тышқан  жылы

2-                  Сиыр  жылы

3-                  Барыс  жылы

4-                  Қоян  жылы

5-                  Ұлу  жылы

6-                  Жылан  жылы

7-                  Жылқы  жылы

8-                  Қой  жылы

9-                  Мешін  жылы

10-    Тауық  жылы

11-     Ит  жылы

12-     Доңыз  жылы

Бір  мүшел = 13 + 0 · 12 = 13 (жас)

Екі  мүшел = 13 + 1 · 12 = 25 (жас)

Үш  мүшел = 13 + 2 · 12 = 37 (жас)

-----------------------------------------

------------------------------------------

------------------------------------------

n  мүшел = 13 + (n - 1) · 12 = 12n + 1 (жас)

 

 

Қазақтың  байырғы  ұзындық  өлшем  бірліктері

 

Елі – бір  саусақтың  жуандығына  тең,  яғни, 1,5 – 2 см.

Тұтам – жұдырықтың  биіктігі  немесе  4  елі.

Сүйем – бас  бармақ  пен  бүгілген  сұқ  саусақтың  арасы.

Қарыс – бас  бармақ  пен  сұқ  саусақтың  арасы,  20  см  шамасында.

Шынтақ – жұдырығы  түюлі  қолдың  басынан  шынтаққа дейінгі  қашықтық.

Кез – қолдың  ұшынан  иыққа  дейінгі  қашықтық.  1  аршин  немесе  1К = 28  дюйм = 71,12 см.

Адым – аяңдап  жүргендегі  қадамның  ұзындығы,  шамамен  70-80 см.

Құлаш – Қолды  екі  жаққа  жайғандағы  екі  қол  ұштарының  ара-қашықтығы,  2  аршин + екі  иықтың  ара-қашықтығы.

Шақырым – көз  көріп,  адам  дауысы  анық  жететін  жер,  шамамен  800-1000 м.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ежелгі ереже есептер туралы"
Смотреть ещё 6 054 курса

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

     Бұл  жерде  қазақ  халқының  мүшелдеп  жыл  қайыру  ережесі,  жыл  аттарын  жаттау  ережесі  келтірілді.  Сол  сияқты  хижра  жыл  санауын  григорян  жыл  санауына  ауыстыру  және  керісінше  есептеулерді  қалай  жүзеге  асыруға  болатыны  туралы  жазылды.  Есептеулердің  қарапайым  ережелері  мен  формулалары  келтірілді.

     "Тарихи  тағылымдар  математика  беттерінде"  тақырыбында  жарияланған  мақаламда  тарихи  есептерге  мысалдар  келтірілген  болатын.  Сол  есептерді  осы  ережелердің  көмегімен  оңай  шығаруға  болады.  Математика  мұғалімдері  мен  математикамен  терең  шұғылданатын  оқушыларға  тілегім:  қазақ  тарихын,  мәдениетін,  әдебиетін  насихаттайтын  есептерді  өз  беттеріңізбен  құрастырып,  қазақ  математикасының да  дамуына  өз  үлестеріңізді  қоса  аласыздар. Мысал  және  үлгі  ретінде  "Тарихи  тағылымдар  математика  беттерінде"  атты  жарияланымды  оқуға  кеңес  беремін.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 364 714 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 09.01.2015 990
    • DOCX 48.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Смагулов Досжан Мелсович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Смагулов Досжан Мелсович
    Смагулов Досжан Мелсович

    учитель математики

    • На сайте: 10 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 49728
    • Всего материалов: 8

    Об авторе

    Ө М І Р Б А Я Н Смағұлов Досжан Мелсұлы 1976 жылы 31-ші желтоқсанда Аягөз ауданы, Бозай ауылында дүниеге келдім. 1983-1986 жылдар аралығында Бозай аулындағы бастауыш мектепте оқыды. 1986-1988 жылдар аралығында С.Ғаббасов атындағы мектепте оқып, 1988 жылы Бозай аулындағы Сергиополь орталау мектебіне ауыстым. 1993 жылы Сергиополь орта мектебін аяқтап, №6 Семей кәсіптік техникалық училищесіне оқуға бардым. 1995-1996 жылдары әскер қатарында болдым. 2003 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемелекеттік университетіне оқуға түсіп, 2008 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық интитутын «Математика пәні мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтадым. 2003-2005 жылдар арасында Сергиополь орта мектебінде лаборант қызметін атқардым. 2005-2006 оқу жылында Ақшәулі орта мектебінде математика пәні мұғалімі болып жұмыс атқардым. 2006-2007 оқу жылынан бастап Бозай аулындағы Сергиополь жалпы қазақ орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім. 2013-2014 оқу жылында Өскемен қаласындағы Назарбаев интеллектуалдық мектебінде математика пәні мұғалімі болып жұмыс істедім. Қазір өзім туған ауылдағы «Сергиополь жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-інде мамандығым бойынша қызмет атқарамын.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 352 033 материалы из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Цифровая среда и психическое здоровье

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Анализ рынка для успешного бизнеса: исследование конкурентов и потребителей

5 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологии межличностных отношений и личностного благополучия

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 6 054 курса