Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / "Ежелгі Парсы патшалығы" сабақ жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

"Ежелгі Парсы патшалығы" сабақ жоспары

библиотека
материалов

Сыныбы: 6 сынып. Пәні: Ежелгі дүние тарихы. Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі парсы патшалығы

Мақсаты: Парсы тайпаларының одағын күшейткенін, оның басқару жүйесін жетілдіргенін және  парсылардың ежелден жылқы шаруашылығымен айналысқан, ат құлағында ойнаған ержүрек, жауынгер ел болғанын баяндау.

 Күтілетін нәтиже: Парсы тайпаларының одағын күшейткенін, оның басқару жүйесін жетілдіргенін және  парсылардың ежелден жылқы шаруашылығымен айналысқан, ат құлағында ойнаған ержүрек, жауынгер ел болғаны туралы мағлұмат алады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: Сайыс сабақ.

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, диалогтық әдіс, сто элементтері.

Көрнекіліктері: Карта суреттер, парақшалар.

Сабақтың барысы 

Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды 2 топқа бөлу. 1 топ Финикия кемесі 2 топ Палестина кемесі.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(15 мин)

1 тапсырма. Табиғатына сипаттама беру.

2 тапсырма. Сандар сөйлейді.

3 тапсырма. Анықтама бер.

4 тапсырма. Әңгімеле.

5 тапсырма. Сөзжұмбақ шешу.

Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. Сөзжұмбақты шешу.

3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.

(10 мин)

Жаңа сабақ жоспары:
1. Табиғат жағдайы
2. Парсы патшалығының құрылуы
3. І дарий, оның ішкі және сыртқы саясаты.
Табиғат жағдайы оқулық көлемі бойынша баяндалады.
«Кейбір аңыздар бойынша, Кирді кішкентай кезінде  бір ерекше аң емізіп, асырапты. Одан соң сал бағып жүрген малшы тауып алып, тәрбиелеп өсіріпті».  Сабақты аңыздан  бастау оқушылардың білім алуға деген құлшынысын арттыра түседі.  Одан әрі  Вавилонның  солтүстік-шығысында Мидия мемлекеті пайда болғанын, мидиялықтар Вавилонмен одақтаса отырып, әлсіреген Ассирия мемлекетін талқандағанын айтамын. Бірақ Мидияның Вавилонмен одақтастық, достық қатынасы ұзаққа бармай, екеуінің арасындағы қанды соғысқа ұласқаны баяндалады.  Одан әрі Кирдің жаулаушылық саясатын түсіндіремін. Балалар картадан Парсы патшалығының жаулап алған жерлерін өз карталарына түсіреді.
    Парсы патшалығы І Дарий өзінің жазбаларында «жерді, аспан мен адамды жаратқан, құдіреті күшті құдай тағаланың өзін патша етіп тағайындағанын  мақтан ететінін   оқушыларға айта кетемін. Өздерін осылайша дәріптеген патшалар болғанын түсіндіремін.
   Әрбір аймақты патша тағайындаған әкім басқарады.   І Дарий кезінде әлемдегі ең таза алтын  теңге шыққанына, көптеген басқа елдерде оны құнды ақша ретінде пайдаланғанына тоқталып өтеімін.
     Елде сауданың дамуы, әрбір аймақтар арасындағы байланыстың нығаюы үшін жол жасалып,  сонау Сарды қаласынан басталған олжолдың бүкіл Кіші Азияны басып өте отырып, Тигр өзенінің бойымен оңтүстікке қарай Вавилон мен Сузы қалаларына дейін созылғанын картадан көрсетемін.
     «Патша жолының» сол кездегі рөлін ашып көрсетеді, сол жолдар арқылы патша жорықтары елдің орталығынан шеткері аймақтарға дейін жеткені туралы, осы тәжірибені кейін римдіктердің де пайдаланғанын баса айта кетемін. «Патша жолын» тақтаға сызып көрсетіп немесе бөлек карта жасап, сырттай  саяхат жасатамын.
    Сақ сарбазы Шырақтың  ерлігі жөнінде әңгіме өткіземін.  «Өз жерлестерін шапқыншылықтан құтқару үшін Шырақ қандай ерлік жасады? Сен өз елің үшін осындай ерлікке дайынсың ба?»
     Оқушылар жауабын тыңдап, қорытындылаймын.
    Парсы әскерлерінің ерлігіне тоқталамын. Олардың әскери құрамы негізгі 10 мың  «өлімге бас тігушілерден» тұрған, егер ұрыс даласында жаңағылардың жартысы өлсе, тез арада олардың орнын басқалары толтырып отырған. Сондықтан «өлімге  бас тіккендердің» саны бастапқы қалпын сақтап отырған.
   Парсылардың ең көрнекті әдеби мұрасы- «Авеста».
Бұл шығармада уағыздалатын діни ілімді алғаш Заратуштра ілімі деп атады. Ол ілімнің мәні – жақсылық, қайырымдылық құдайы Ахурамазда мен жамандық пен қатыгездік құдайы Анхра Манью арасындағы рүрес әлемдік дамудың негізі болып  саналады.
    Заратуштра ілімінің бір ерекшелігі болды. Ол бойынша өлген адамның денесін жерге көмуге де, отқа жағуға да рұхсат етілмеді. Өлі дене жерді де, отты да ластайлы. Олар өлгендердің денесен жабайы құстарға тастау керек деп есептеді.

Оқушылар тапсырмаларды орындайды.

Сұрақтарға жауап береді.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі  (10)

1. І Дарий өзін қандай адам ретінде көрсетуге тырысады? Неге? Ол адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді айтады?
2. Билеуші болу үшін тағы қандай қасиеттер қажет деп ойлайсың?
3. Неге ол Ахурамазданы дәріптеді?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

Қатесін тап . ойыншыларға Парсы патшалығының аумағын кеңейтуі туралы мәтін беріледі. Мәтінмен мұқият танысқаннан кейін, ол парақ алынып, қателіктер жіберілген мәтін беріледі. Оқушылар қатені тауып, мәтінді түзету қажет.

Мәтінді оқып қатесін табады.

6. Бағалау кезеңі

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі(1 мин)

§ 10 оқу,

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.



Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров324
Номер материала ДВ-565767
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх