Инфоурок Начальные классы Рабочие программыФакультатив "Көркем жазу" 2-сынып

Факультатив "Көркем жазу" 2-сынып

Скачать материал
библиотека
материалов

Түсінік хат.


Қазақстан Республикасының дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі , қоғам дамуындағы


жаңа бағыттар еліміздің болашағы, бүгінгі мектеп оқушыларын оқытуға жаңа міндеттер


қойып отыр. Мұның өзі әрбір мұғалімнен оқу үрдісін қайта қарауды , сонымен қатар


қалыптасқан әдістер мен технологияларды жаңа өмір талабына сай өзгертілген түрлерімен


ұтымды ұштастыруды қажет етеді .Жана үрдістерді әр сабақтың мақсат- міндетіне сәйкес


тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты .


Сауатты және көркем жазу оқушыларды нақтылыққа баулиды. Оқушы қабілетінің


ерекшелігіне, психологиялық жағдайына жазу тікелей байланысты. «Көркем жазуды»


оқытудың басты мақсаты – оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру,


әріп әлементтерін дұрыс жазу, сөздерден сөйлем құрастыра білу, грамматикалық мағлұ-


маттарды меңгерту.


«Көркем жазу» дәптері 34 сабаққа негізделіпжасалынған, 5 бөлімнен тұрады . Әр


сабаққа тақырыптың деңгейіне қарай 4-5 жаттығудан берілген.


Бірінші жаттығуда – үлгідегі әріп элементтерін және сөздерді көркем жазуға негізделген.


Бұл тапсырманы оқушы өз бетімен орындайды.


Екінші жаттығуда – өлеңдерді, мақал-мәтелдерді, жұмбақ-жаңылтпаштарды жаттай


отырып, қатесіз әрі көркем етіп көшіруге негізделген.


Үшінші жаттығуда – Сауатты, көркем етіп көшіріп жазуға ынталандыру мақсатында


ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастыру, сөздерге дыбыстық талдау жасау,


сөздерді буынға бөліп жазу жаттығулары ұсынылған.


Төртінші, бесінші жаттығуларда – оқушының шығармашылық қабілетін ашуға,


танымдық ойлау шеберлігін шыңдауға бағытталған. «Венн диаграммасы», «Топтастыру»,


«Ішіне-сыртына», «5 минуттық эссе жазу» әдіс-тәсілдері, сонымен қатар «Сөз терім»,


«Оқиық, ойланайық» ойындары, ой әсемдігін мәнерлі жазбаша тілде жеткізуге, қысқаша


мәтін құруға, сурет бойынша әңгіме жазуға негізделген.


Жыл аяғында оқушылар көркем жазуды, қатесіз көшіріп жазуды сапалы және нақты

орындауға үйренеді.



Оқу пәнінің мақсаты :




Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, әріп элементтерін дұрыс


жазуын, әдеби сауаттылығын, көркемдік эстетикалық талғамын арттыру, грамматикалық


мағлұматтарды меңгерту.





Міндеттері :

1. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына, ақыл –ойының дамуына, интеллектуалдық

және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндіктерін туғызу .

2 .Зерделеу, есте сақтау, түсіну дағдыларын дамыту. Өзіне деген сенімін арттыру.

3. Оқушыны белгілі бір тақырып көлемінде ой жүйесін құруға, образға ену, топпен

талқылауға бағыттау.

4.Әріптерді қосып, буын, сөз жазу машықтарын жетілдіріп, жазу жаттығуларын ұдайы

жүргізу .

5. Жеке сөздерді,сөйлемдерді қатесіз көшіруге және айтылуы емес жазылуы бойынша

дұрыс жазуға машықтандыру
























Күтілетін нәтиже :


1. Әріп әлементтерін, әріптерді көркем жазуға қалыптасады


2. Оқушылар көшіріп жазу әдісі, сызықтық әдіс, генетикалық әдіс, теріп жазу әдістерін


саналы түрде және нақты орындауды меңгереді.


3. Мәтінді көшіріп жазу, өлеңдерді , мақал – мәтелдерді, жұмбақ – жаңытпаштарды


жатқа жазу, ойдан әңгіме құрастыру біліктіліктері дамиды .


4. Таным белсенділігі артып,шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктері

дамиды.

5. Оқушы өздігінен ізденуге үйренеді, көркем жазуға қалыптасады

6. Оқушының өзін-өзі тану қабілеті дамып, оқу әрекеті және оның нәтижелері бойынша

өзіне-өзі ұдайы талдау жасауға, өзіне баға беруге қалыптасады.

7. Жазбаша тапсырмаларды орындау арқылы шығарма, эссе немесе хат жазу, өлең

құрастырады, сұрақтарға жазбаша жауап береді. Қатесіз, көркем жазуға дағдыланады.









Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары:



1. «Көркем жазу» сабағында үйрету жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу;

2. Пәннің мақсаты комплексті түрде ескерілуі тиіс.

3. Берілген тапсырмалар жоспарлы түрде,белгілі бір жүйемен,оқушылардың басқа

пәндерден алған білімдерінің негізінде жүргізілуге тиіс.

4. Психологиялық,педагогикалық және гигиеналық талаптар ескерілуі тиіс.

5. Берілген жаттығулар оқушы дайындығының деңгейіне сәйкес болуы және

денсаулығын сақтауға бағытталуы тиіс.

6. Оқушының өзіндік жұмысына құрметпен қарау.

7. Оқушы шығармашылығына дұрыс бағыт-бағдар беріп отыру.




Таңдау сабағының тақырыбының мазмұны.


Оқушыларға жазу дағдыларын меңгертуде алдымен сөздерді, сөйлемдерді, мәтінді,


өлең жолдарын мән беріп оқығанын, жете түсінуін қадағалау. Әрбір сөзді қатесіз , көркем


жазу үшін мәтіндегі, өлеңдердегі түсініксіз сөздерге түсініктеме берілуі қажет.


Оқушының көшіріп көркем жазуға , жатқа жазуға қызығушылығын арттыру мақсатында


қызықты өлең жолдары , жұмбақтар , жаңылтпаштар , мазмұнды мәтіндер енгізілген.


«Көркем жазу» дәптерінің соңғы жаттығуларында оқушыны ынталандыру үшін мәтін


құрастыруға, эссе жазуға, сурет бойынша сөйлем құрастыруға тақырыптардың атына


сай суреттер енгізілген. Тақырыпқа сай берілген суреттер оқушыны жан- жақтылыққа,


танымдық ойлау шеберлігінің шыңдалуына, ой әсемдігін көркем жаза білуіне жетелейді.


Оқу пәнінің мазмұны 5 бөлімнен тұрады.


Бірінші бөлімде -- жуан айтылатын дауысты дыбыстар.


Екінші бөлімде -- жіңішке айтылатын дауысты дыбыстар.


Үшінші бөлімде – қатаң дауыссыз дыбыстар.

Төртінші бөлімде – ұяң дауыссыз дыбыстар.

Бесінші бөлімде – үнді дауыссыз дыбыстар.

Әр бөлімде дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылуы мен жазылуы туралы мағлұмат

беріледі.

Оқушы дыбыстық талдауға, көп нүктенің орнына әріптерді қоя білуге, сөздерді буынға бөліп

жазуға, өлең жолдарын, мәтіндерді қатесіз, көркем жазуға үйренеді.

Осындай жаттығулар арқылы оқушының жазба тілі қалыптасып, жазуға деген ептілігі арта

түседі.

Оқушы мәтін құрастыруға, сөзжұмбақтар шешуге, сурет бойынша әңгіме құрастыруға

қызығушылық қабілеті артады.













Білімді меңгеру деңгейін тексеру

1 . Оқушылар жаттығуды тиянақты орындауға тырысады.

2 . Сабақта өтілген тапсырмалар қорытындыланады.

3 . Сұрақ – жауап әдісі арқылы білім бекітіледі .

4 .Оқушылар мазмұнды сұрақ қоюға дағдыланады.

Оқушылардың сабақ барысында алған білім мен біліктіліктерін байқау және бекіте түсу

мақсатында оқыған өлеңдері , жаттаған жұмбақ , жаңылтпаштары, сөздерден сөйлем

құрап жазуы , топтастыру жұмыстары қамтылған.

Ұсынылып отырған «Көркем жазу» бағдарламасының әрбір сабағы оқушының

қызығушылығын оята білсе, жазуға ынталандырса,оның мақсаты толық орындалған болып

есептеледі.



Әдістері:

1. Көркем жазу

3. Ойын әдістері

4. Топтастыру

5. Мағынаны білу

6. Ситуациялық сұрақтар

7. Сұрақ-жауап

8. Ой толғанысы

9. Ой шақыру

10. Салыстыру





















Мұғалімдерге арналған әдебиеттер тізімі.


1. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Г. Ж. Тұрдалиева


2. Бастауыш сынып журналдары 2003 жыл, 2005 жыл, 2010 жыл


3. Кіші жастағы оқушылардың жазба тілін дамыту. С.Р. Рахметова


4. Озық тәжірибе журналдары 2013 жыл. 2014 жыл


5. «Қазақ тілінің мәдениеті» Алматы 1995 жыл М.Болоқаев


6. Көркем әдебиет. 2003 жыл . К.А. Сатыбалдиев. К. Т. Байғабылова


7. Әдебиеттік оқу хрестоматиясы 2003 жыл. Бидана Қабатаева. Бижан Игенбаева.


8. Қазақ тілі оқулығы 2 сынып « Атамұра» 2013 жыл

9. Әдебиеттік оқу 2 сынып «Атамұра» 2013 жыл. Б. Т. Қабатай. С.Р. Рахметова


10. «Мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру» Алматы 2012 жыл. М.А. Ускенбаева .



Оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі


1. Халық даналығы Алматы 1976 жыл. Б. Адамбаев.


2. « Ел аузынан» Алматы 1995 жыл. Б. Адамбаев.


3. Қуырмаш журналдары 2011. жыл , 2013 жыл.


4. Мөлдір бұлақ журналы 2010 жыл.


5. Ана тілі оқу хрестоматиясы 2003 жыл. Б. Қабатаева. Б. Игенбаева.


6. «Асыл сөз» Жалын 1987 жыл. Б. Ысқақов.












2-сынып

(Барлығы 34 сағат,аптасына 1 сағат)


Дауысты дыбыстар
  1. Жуан дауысты дыбыстар

І-тоқсан 9 сағат

1

Дауысты А а дыбысы

1

Көркем жазуға төселдіру.

Эссе жазу


2

Дауысты О о дыбысы

1

Әріп элементтерінің емлесін дұрыс салу.


Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазу


3

Дауысты Ұ ұ дыбысы

1

Көшіріп жазу кезінде әріп элементтерін дұрыс жаза білу.

Өлеңнің мағынасын ашу.


4

Дауысты Ы ы дыбысы

1

Әрбір әріп элементтерінің емлесін дұрыс салу

Көп нүктенің орнына әріпті қойып жазу



  1. Жіңішке дауысты дыбыстар

5

Дауысты Әә дыбысы

1

Әріп элементтерінің емлесін дұрыс салу.


Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, көшіріп жазу.


6

Дауысты Ее дыбысы

1

Әріптерді қол үзбей, тұтастыра, көркем жазу.

Жеті қазынаға қатысты сөздер

ді теріп жазу.


7

Дауысты Ии дыбысы

1

Жазу кезінде әріп ұқсастықтарына көңіл бөлу.

Өлең жолын құрастыру .


8

Дауысты Өө дыбысы

1

Сауатты және таза, көркем жазуға төселдіру.

Мәнерлеп оқу. Кестені толтыру





9

Дауысты Үү дыбысы

1

Сауатты, көркем жазу.

Мақал- мәтелдердің жалғасын табу.


ІІ-тоқсан 7 сағат

10

У у дыбысы

1

Әрбір әріп элементтерінің емлесін дұрыс салу.

Күн аттарын жазу


11

Дауысты Э э дыбысы

1

Әрбір әріп элементтерінің емлесін дұрыс салу.

Тақырыпты ашу. Жұмбақты шеше білу.


12

Дауысты Юю дыбысы

1

Сауатты, көркем жазу.

Мағынасын ашу,мақалдар жаттау.


13

Дауысты Яя

Дыбысы

1

Көшіріп жазуға төселдіру

Сөзжұмбақты шешу.



Дауыссыз дыбыстар.

  1. Қатаң дауыссыз дыбыстар

14

Дауыссыз Кк дыбысы

1

Көшіріп жазу кезінде әріп элементтерін дұрыс жаза білу.

Өлеңнің мағынасын ашу.


15

Дауыссыз Ққ дыбысы

1

Әрбір әріп элементтерінің емлесін дұрыс салу

Жаңылтпашты жатқа жазу.


16

Дауыссыз Пп дыбысы

1

Сөздер арасындағы қашықтықты сақтап көшіріп жазу.

Буындардан сөз құрап жазу.



ІІІ-тоқсан 10 сағат

17

Дауыссыз Сс дыбысы

1

Әріп элементтері арасындағы қашықтықты сақтап жазу.

Жұмбақтың шешуін табу.


18

Дауыссыз Тт дыбысы

1

Көркем жазуға төселдіру.

Тест жұмысына дайындық.


19

Дауыссыз Фф дыбысы

1

Әрбір әріп элементтерінің емлесін дұрыс салу.

Жұмбақты шеше білу.


20

Дауыссыз Хх дыбысы

1

Әріп элементтерінің емлесін дұрыс салу.

Кейіпкерге хат жолдау.


21

Дауыссыз Һһ дыбысы

1

Әріп емлесін үлгі бойынша орындау

«Сөз терім» ойынын ойнау.


22

Дауыссыз Шш және Щщ дыбыстары


Жазу кезінде әріп ұқсастықтарына көңіл бөлу.

Өлең мағына

сын түсініп оқу.



2. Ұяң дауыссыз дыбыстар

23

Дауыссыз Б б дыбысы

1

Әрбір әріп элементтерінің емлесін дұрыс салу.

Тақырыпты ашу. Жұмбақты шешу


24

Дауыссыз Вв дыбысы


1

Қол үзбей, тұтастыра жазу.

Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрау.


25


Дауыссыз Г г дыбысы

1

Әріптерді салу ережесіне көңіл бөлу.

Өлеңнің мағынасын ашу.


26

Дауыссыз Ғ ғ дыбысы

1

Сауатты, көркем жазу.

Өлеңдер жаттау.


ІҮ-тоқсан 8 сағат

27

Дауыссыз Д д дыбысы

1

Әріптердің әрқайсысының жазылу емлесін білу.

Сурет бойынша әңгіме құрау.


28

Дауыссыз Ж ж дыбысы

1

Әр әріпті өз емлесімен салуды үйрету.

Сурет бойынша мәтін жазу


29

Дауыссыз З з дыбысы

1

Партада отыру, дәптерді қою ережелерін еске түсіру.

Өз ой-пікірін жазу



3. Үнді дауыссыз дыбыстар


30

Дауыссыз Лл дыбысы

1

Сөздер арасындағы қашықтықты сақтап көшіріп жазу.

Сипаттау мәтінін құрау.


31

Дауыссыз Мм дыбысы

1

Әріптерді салу ережесіне көңіл бөлу.

Сурет бойынша сөйлем құрау.


32

Дауыссыз Нн және ң дыбысы

1

Сөздерді қатесіз, көркем етіп жазу.

Әңгіме құрастыру.


33

Дауыссыз Рр дыбысы

1

Сөздерді байланыстырып жазуға үйрету.

Дыбыстық талдау жасау.


34

Көркем етіп жазайық.

1

Әріп емлесін үлгі бойынша жазып шығу.

Сурет бойынша әңгіме құрастыру.



Барлығы:


34 сағат


































2 сыныпқа арналған

«Көркем жазу» таңдау сабағы






















hello_html_m6630769c.png1 сабақ Дауысты А а дыбысы


1 – жаттығу. Аа әрпін сөздерді көркем етіп жаз.

hello_html_m476b84ae.jpg


2 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, көшіріп жаз.

Ұнатамын көркем жазу сабағын,

Әріптерді әп-әдемі жазамын.

Жаңылтпаш, жұмбақ, өлеңдерді,

Қызыға жаттап аламын.


3- жаттығу. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп , көшіріп жаз.

1. Ақыл- тозбайтын тон,

Білім – таусылмайтын кен.

2. Ақыл жастан , асыл тастан шығады.

3. Ақылы көпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды.












4 – жаттығу. «Алғашқы ұстазым» тақырыбына шағын эссе жаз.


hello_html_m3f6a278.jpg



hello_html_m6630769c.png2 сабақ Дауысты О о дыбысы


1 – жаттығу. О о әрпін және сөздерді көркем жаз.


hello_html_m32beb8fc.jpg


hello_html_m54a21aa.jpg


2 жаттығу. Өлеңді жатқа жаз.


Отан

Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер.

Отан – ана,

Отан үлкен.

Қазақстан – туған ел!



3 – жаттығу Сөзжұмбақтың шешуін тауып , аттарын жаз



о





р




м








а








н







  1. Тіп – тіке құлағы 4. Ағаштың аты

Елеңдеп тұрады. 5. Қай жәндікке қарап

  1. Бал беретін жәндік тікұшақ жасауды үйрендік?

  2. Ара бағушы адам



4 жаттығу. Мына сөз тіркестерін қолдана отырып, «Туған жер» тақырыбына әңгіме жаз.


Выноска-облако 5Пятно 1 4Выноска-облако 6




24-конечная звезда 3

24-конечная звезда 2










hello_html_m6630769c.png3 сабақ Дауысты Ұ ұ дыбысы


1-жаттығу. Ұ ұ әрпін және сөздерді көркем етіп жаз.


hello_html_m78e3e9cf.jpg


2 – жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз.

Бұл - бұлбұл, Бұлбұл - құс,

Бұл - дүлдүл. Дүлдүл - ат.

3 жаттығу. Мына сөздерге тиісті әріптерді қойып, көшіріп жаз.


Ұ ма? Ү ма?

Б...лб...л, к...рек, қ...стар, қ...рт, т...лкі, ...йрек, т...йме, ...шқыш.


Ұ Ү Горизонтальный свиток 67Горизонтальный свиток 68










4 – жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.

Көлдің мұзын күн тесті,

Аппақ тонын жер шешті.

Жан-жақтан күн күркіреп ,

Жаңбыр жауды сіркіреп.



5hello_html_m226098ae.png– жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастырып жаз.








hello_html_m6630769c.png4 сабақ Дауысты Ы ы дыбысы


1 – жаттығу. Ы ы, І і әріптерін және сөздерді көркем етіп жаз.


hello_html_m77086a55.jpg


2- жаттығу. Көп нүктенің орнына ы әрпін қойып, сөздерді көшіріп жаз.

hello_html_4b4874b9.gifhello_html_4b4874b9.gif

... стық ... лди

... дыс ... нтымақ

... рыс ... қылас




3-жаттығу. Дұрыс жазылған сөздерді көшіріп жаз.


Тоқу-тоқыу жібу-жібүу жону- жоныу

Оқу-оқыу жүру-жүрүу ору- орыу

Тору-торыу күлу-күліу алу-алыу




4-жаттығу. Күн аттарын толықтырып жаз.



БПрямая соединительная линия 66hello_html_m386fa0b9.jpgірінші күн -

ЕПрямая соединительная линия 69кінші күн -

ҮПрямая соединительная линия 71шінші күн -

ТПрямая соединительная линия 72өртінші күн -

БПрямая соединительная линия 73есінші күн -

АПрямая соединительная линия 74лтыншы күн -

ЖПрямая соединительная линия 75етінші күн -



5 – жаттығу. Мына сөздердің ішіндегі сандарды сөздермен толықтырып жаз.


К2-лік, 7қарақшы, 6ауыз, 6бақан, 5ік , 7ген




hello_html_m6630769c.png5 сабақ Дауысты Ә ә дыбысы


1 – жаттығу. Әә әрпін және сөздерді көркем жаз


hello_html_m476b84ae.jpg

2- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, көшіріп жаз.

Жұмбақ


... рі шешен, ... рі ... нші, ... рі күйші ,

... р үйде бар, тапқышым, к ... не, тапшы ?

3- жаттығу Өлеңді көшіріп жаз.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

4- жаттығу Мына сөздерді буынға бөліп көшіріп жаз.

Әтеш, әлем, әнші, әскер, сәукеле, әжей, дәрігер, әліппе, әріп

5-жаттығу. «Менің әжем» Өзіңнің әжең туралы жаз

hello_html_55c09b62.jpg



hello_html_m6630769c.png6 сабақ Дауысты Е е дыбысы


1 –сабақ Ее әрпін көркем жаз.


hello_html_mc8e1eff.jpg


2 – жаттығу. Жұмбақтың шешуін тауып, жатқа жаз.


Екеуі тыңдап, Біреуі сөйлеп,

Екеуі көреді, Екеуі оларды көтеріп келеді .



3hello_html_m5a9deae6.jpg –жаттығу. Жемістердің атын 1- қатарға, көкөністердің атын 2 – қатарға көркем етіп жаз.














4- жаттығу. Жеті қазынаның мағынасын түсініп, жеті қазынаға қатысты сөздерді теріп жаз.

1. Жүйрік аты – 5. Қақпан – тұзақ -

Жігіт қаны, қанаты. Ау жылымы, әдісі

2. Қыран құсы - 6. Өнер - білім,

Қарым күші қуаты. Байлығының мәндісі.

3. Алғыр иті - 7. Қазан – ошақ,

Бастан берік сенімі. Берекесі тірліктің.

4. Берен мылтық, Осы жеті

Сөнбес оты, серігі Қазынасы жігіттің.




hello_html_m6630769c.png7 сабақ Дауысты И и, дауыссыз Й й дыбыстары


1 – жаттығу. Ии және Йй әріптерін көркем жаз.

hello_html_2b85e629.jpg


2 жаттығу. Оқиық, ойланып жауап жазайық .


«И» мен «й» - ді

Күніне,

Неше үйретем ініме.

«И» - ді неге қысқа «й» деп,

Түсінбейді түгіне.

Қайтем оны,

Білмеймін?

Нендей амал іздеймін?


и және й әрпі кездесетін сөздерді жаз.



3 – жаттығу. Жұмбақтың шешуін тауып көшіріп жаз.

Өзі төрт қанатты,

Және алты аяқты.

Сонда да тікұшақ,

Моделі сияқты



Шешуі: ( )



3 жаттығу. Мына сөздерді буынға бөліп жаз.


Қайың, мойын, үйрек, қайың, ойын, түйе, жайын, айна, ине, илеу, итмұрын, ителгі, киік, икемді.




4 – жаттығу. Өлең жолын құрастыру .


сhello_html_344d3800.gifыйлаймын,

тhello_html_344d3800.gifыңдаймын.

аhello_html_344d3800.gifhello_html_344d3800.gifламын,

баламын.




hello_html_m6630769c.png8 сабақ Дауыссыз Ө ө дыбысы


1 – жаттығу. Өө әрпін және сөздерді көркем етіп жаз.

hello_html_m372e0772.jpg


2 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, көшіріп жаз.

hello_html_m70159610.jpg

Әлди, әлди, бөпешім,

Әлпештейін, көкешім.

Тербетейін, жата ғой,

Тәтті ұйқыға бата ғой.


3- жаттығу. Түбір сөздерге қосымшаның тиістісін жалғап жаз.


Өнер ...ші

өрмек ...шік

қой ...дық

көл ...паз

орын ...шы





4 – жаттығу. Сурет бойынша «Біздің көл» тақырыбында мәтін құрап жаз.

hello_html_m7fa97775.png













hello_html_m6630769c.png9 сабақ Дауысты Ү ү дыбысы


1-жаттығу. Үү әрпін және сөздерді көркем етіп жаз.


hello_html_m24ca681c.jpg


2 – жаттығу . Бөліктердің ортасына ү дыбысын қойып, мағыналы сөздерден сөйлем құрап жаз.

Пятно 2 3Пятно 2 2



ү

3– жаттығу. Өлеңді жатқа жаз

Ана -- біздің күніміз

Ана -- біздің күніміз,

Ана -- біздің гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз!

4– жаттығу . Мақалдардың жалғасын тауып, көшіріп жаз.


  1. Ел іші - ...

  2. Жері байдың...

  3. Өз елім - ...

  4. Отансыз - ...

Ормансыз - ...


hello_html_m6630769c.png10 сабақ Дауыссыз У у дыбысы


1 – жаттығу. Уу әрпін және сөздерді көркем етіп жаз.


hello_html_m7f152c0b.jpg

2hello_html_m7bb42955.png – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жаз .


Уhello_html_m6a0f1038.jpgықтардың барлығын,

Уыққапқа сал күнім.

Уыққапқа салған соң,

Уыздан жеп ал күнім.


3 – жаттығу. Дауысты у дыбысы бар сөздерді күннің қатарына, ал дауыссыз у дыбысы бар сөздерді айдың қатарына жаз.


Тау, қауын, жуан, ауыл, ту, тулақ, қуаныш, науа, Дәурен, дауылпаз, қауынғақ, алуан, хайуанат, тауық.

Солнце 53









4 – жаттығу . Мәтінді көшіріп жаз. Уу әрпінің сөздің басында, ортасында, соңында жазылуына назар аудар.


Менің атым - Уәли. Мен сурет салғанды жақсы көремін. Әкем маған түрлі бояу, қылқалам, қарындаштар әкеліп берді. Мен әдемі сурет салдым.




hello_html_m6630769c.png11 сабақ Дауысты Э э дыбысы


1 – жаттығу. Ээ әрпін және сөздерді көркем етіп жаз.


hello_html_32ca5b01.jpg


2 – жаттығу. Көшіріп жаз және есіңе сақта.


Экран, аэроклуб, элеватор, аэроплан, экспедитор, экскаватор, эстрада, экология.



3 – жаттығу. Электр шамы туралы сөз ұйқасын құрастыр.

hello_html_566d19cd.jpg

Сөз ұйқасы


... алмұрт

... барша жұрт.



4 – жаттығу. Бос торкөздерді э дыбысынан басталатын сөздермен толықтыр.


э





э






э







э








э








hello_html_m6630769c.png12 сабақ Дауысты Ю ю дыбысы

1 – жаттығу. Ю ю әрпін және сөздерді көркем етіп жаз.


hello_html_m7ff70e5e.jpg


2 – жаттығу. Жаңылпашты жатқа жаз.


Жhello_html_m2c0550c6.jpgаңылпашты

Оюшы ою ойды,

Оюды ойша ойды.

Оюшы оюын

Ойынан ойлап ойды.



3-жаттығу. Сөздерді дұрыс байланыстырып, көркем етіп жаз.

hello_html_m6e49468a.gif

Бұлбұл қарқылдайды

Шымшық қаңқылдайдайды

Қарға сайрайды

Қаз шықылықтайды


4 – жаттығу. Жұлдызша ішіндегі дұрыс жазылған сөздерді теріп жаз.

7-конечная звезда 57-конечная звезда 107-конечная звезда 117-конечная звезда 62



7-конечная звезда 9

7-конечная звезда 77-конечная звезда 87-конечная звезда 63




5 – жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз .


Салды, әжем, ою, сырмаққа.

Үлкен, мектепте, бар, кітапхана.

Аю жүгіре, қорбаңдаған, жөнелді.


hello_html_m6630769c.png13 сабақ Дауысты Я я дыбысы


1 – жаттығу. Я я әрпін және сөздерді көркем етіп жаз.


hello_html_1324b30b.jpg


2 – жаттығу. Мына сөздердің жазылуын есте сақтап, көшіріп жаз.


Дияр, қоян, бояу, Аягөз, Сырдария, сия, қияр, тақия, таяқ, саяз.


3 – жаттығу. Өлеңді жатқа жаз.

Ұмытпай күнде,

Су құям гүлге.

Жайнайды гүлім,

Құлпыртып түрін.



hello_html_m6630769c.png14 сабақ Дауыссыз К к дыбысы


1 – жаттығу. Кк әрпін көркем жаз.

hello_html_405db0ad.jpg


2 жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, көркем етіп жаз.


32-конечная звезда 13hello_html_m50364d76.gif






.





3Группа 1- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жаз.

Көбелек

Көбелектер көбейді, көлбеңдейді

Ақырындап ұшады көлден бері.

Біздер еккен гүлдерге қонып жатыр,

Бақшамызға асығып келгендері.




4 –жаттығу . «Көңілді санамақтағы» санды тауып, сөзбен жаз.


Көңілді санамақ

hello_html_m7bdbc9df.jpg

Баласына ж2 – ріп

Ұрысып жатыр к2 –лік

2-леніп, с2-ріп,

Алып қапсың 2-лік ,

2-ншілей 2–ңді,

Көрсетпе деп ж2-ді.



hello_html_m6630769c.png15 сабақ Дауыссыз Қ қ дыбысы


1 – жаттығу. Қ қ әрпін және сөздерді көркем жаз.

hello_html_cccd1d.jpg


2 – жаттығу . Кім жаңылмайды? Жаңылтпаш жаңылдырады .

Жаңылтпашты жатқа жаз.

hello_html_m7017cb9b.jpg



Қыс қатты – ақ

Қыспаққа ап.

Құс тоңып жүр,

Қыстап қап


3 – жаттығу. Мына сөздерге қ және ғ әріптерінің тиістісін қойып көшіріп жаз.


Қала..., пара...ы, шал... ы, жары...ы, тауы..., халы..., жасты...ы, ынтыма..., қас...ыр, ...ұрт, қарлы...аш, досты...ы.


4 –жаттығу. Венн диаграммасын толықтыр.

қыс ортақ қасиеті көктем

hello_html_437be4ff.gif

hello_html_m26f638f8.gifhello_html_54f90b19.gif


hello_html_m23eafc60.gifhello_html_m49cb8063.gif









5 –жаттығу. Мәтінді оқып, тыныс белгілерін қоя отырып, көшіріп жаз.


hello_html_m658fe653.jpg


Қыста

Қайрат пен Қали киінді олар шаналарын алып сыртқа шықты қар жапалақтап жауып тұр аздап аязды жел соғады мұзды алаңда бір топ бала шанамен сырғанап жүр қарлы далада ойнаған қандай қызық!





hello_html_m6630769c.png16 сабақ Дауысты П п дыбысы


1 – жаттығу. Пп әрпін және сөздерді көркем етіп жаз.


hello_html_mccd0808.jpg


2- жаттығу. «Адасқан буындар» берілген буындардан сөз құрастырып жаз.

Выноска-облако 17Выноска-облако 18Выноска-облако 19Выноска-облако 20Выноска-облако 21



Выноска-облако 25Выноска-облако 22Выноска-облако 23




3- жаттығу. Жаңылтпашты жылдам оқып, көшіріп жаз.

hello_html_m2b84b346.jpg

Пеш үстінде бес мысық,

Бес күзетші, бес пысық.

Тышқан ұстап жемесе,

Бола қоймас еш қызық.



4-жаттығу . Көп нүктенің орнына п, б әріптерінің тиістісін қойып жаз. Жазылуын есіңе сақта.


бап—ба...ы топ—то...ы

қап— қа...ы шөп—шө...і

сап—са...ы доп—до...ы



hello_html_m6630769c.png17 сабақ Дауыссыз Сс дыбысы


1 – жаттығу. Сс әрпін және сөздерді көркем етіп жаз.

hello_html_m43a4e99.jpg


2- жаттығу. Жұмбақтардың шешуін тауып, көшіріп жаз.

Жұмбақ

Уақыт озады.

Жылғалардан өтеді.


3 – жаттығу. Мына сөздерге жұрнақ жалғап жаз.


Оқу, талап, сый, бала, қой, еңбек, дәрі, жазу, көл, талап.



4 – жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, көркем етіп көшіріп жаз.


Су — тіршілік нәрі. Біздің өмірімізде, тіршілігімізде судың маңызы аса зор. Адам тамақсыз бір айға дейін шыдай алады. Ал сусыз үш күнге ғана шыдайды екен.



hello_html_m6630769c.png18 сабақ Дауыссыз Т т дыбысы

1 – жаттығу. Тт әрпін және сөздерді көркем етіп жаз.

hello_html_m1043d3d6.jpg



2hello_html_4a5d9f0f.jpg – жаттығу . Өлеңді жатқа жаз.


Тазалықты іздесең,

Мөлдір судан аласың.

Жиі-жиі жуынсаң,

Аппақ таза боласың.


3– жаттығу. Жұмбақты шешуін тауып, көшіріп жаз.


Аузы жоқ, көзі жоқ,

Тілі жоқ, сөзі жоқ.

Бірақ та тісі бар,

Басыңмен ісі бар.




4– жаттығу. Дұрыс жауапты қызыл түспен боя. Бояуды сызықтан шығармай біркелкі орындауға үйрен.



1Двойная стрелка влево/вправо 14Двойная стрелка влево/вправо 15Двойная стрелка влево/вправо 16.Зат есім сөзді тап:




2Двойная стрелка влево/вправо 24Двойная стрелка влево/вправо 26Двойная стрелка влево/вправо 27.Қимылды білдіретін сөзді тап:





3.Жалқы есімді тап:

Двойная стрелка влево/вправо 28Двойная стрелка влево/вправо 29Двойная стрелка влево/вправо 30



4.Сан есімді тап:

Двойная стрелка влево/вправо 60Двойная стрелка влево/вправо 59Двойная стрелка влево/вправо 58




hello_html_m6630769c.png19 сабақ Дауыссыз Ф ф дыбысы


1 – жаттығу. Ф ф әрпін және сөздерді көркем етіп жаз.


hello_html_71876d0e.jpg


2- жаттығу. Жұмбақтардың шешуін тауып, көшіріп жаз.




Жұмбақтар

а) Қыста дем алып, жазда тынбайды,

Көкке атылып, жерге құлайды.

Шешуі: (..........................)

ә) Өңкей сығай екі топта,

Таласып жүр бір допқа.

Шешуі: (..........................)

3- жаттығу Зат есім мен етістік сөздерінен сөз тіркесін жасап, көркем етіп жаз.

Фархат, телефон, футбол, фанар, фабрика.


4-жаттығу. Сурет бойынша мәтін құрап жаз.

hello_html_m29438033.jpg








hello_html_m6630769c.png20 сабақ Дауыссыз Х х дыбысы


1 жаттығу . Х х әрпін және сөздерді көркем етіп жаз.

hello_html_m73088662.jpg




2hello_html_m5a4841ee.jpg жаттығу. Батаны жатқа жаз.

Бата

Өзіңе-өзің кәміл бол,

Халқыңа әділ бол.

Жауыңа қатал бол,

. Досыңа адал бол.



3 – жаттығу . Мақалдың сыңарын оң жақтан тауып жаз.

Прямая соединительная линия 6Прямая соединительная линия 13

  1. Ел басы біреу Мысыр шахары.

  2. Әркімнің өз туған жері ғалымның хаты өлмейді.

  3. Жақсының аты өлмейді, халқы оған тіреу.



4- жаттығу. Өлеңді түсініп оқи отырып, көшіріп жаз.

hello_html_165308d1.gif


Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге




5 – жаттығу. Ата-әжеңе арнап хат жаз.

hello_html_m6630769c.png21 сабақ Дауыссыз Һ һ дыбысы


1 – жаттығу. Һ һ әрпін және сөздерді көркем етіп жаз.

hello_html_5f6f64e4.jpg

2- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, көшіріп жаз.


Кітапқұмар Қа...арман

Таппай бүкіл ша...ардан,

Аттай қалап «Қа...арды»

Сұрап алды Гау...ардан.


3- жаттығу. Мына сөздерді буынға бөліп жаз және жазылуын есіңе сақта.


Айдаһар, қаһарман, жиһаз, Гүлжауһар, жиһангер, жиһангез.

4 – жаттығу. Қанша сөз құраймыз: «Қаһарман» сөзінен мағыналы сөз теріп жазу.


hello_html_m6630769c.png22 сабақ Дауыссыз Шш, Щщ дыбыстары


1hello_html_m34bee043.jpg-жаттығу. Шш, Щщ әріптерін және сөздерді көркем етіп жаз.

2- жаттығу. Мақалды жатқа жаз.


Алыс пен жақынды жортқан білер,

Ащы мен тұщыны татқан білер

3 – жаттығу. Щ әрпі бар сөздерді ішіне, ш әрпі бар сөздерді сыртына жаз.

Шеге, щётка, шалқан, борщ, шапан, тұщы, шашу, плащ, шақпақ, ащы, бұршақ, шаңғы.

Ішіне сыртына

Вертикальный свиток 70


4 - жаттығу. Өлеңді түсініп оқы. Ащы сөздерін қатыстырып, сөйлем құрап

жаз.


Пиязды ашшы дейміз бе,

Әлде ащы дейміз бе?

Есікті ащы дейміз бе,

Әлде ашшы дейміз бе?

«Ашшы», «ащы» дегеннің

Мәнін ашып берер кім?

«Құйрықты щ» жөнінде

Көңіл қой да, мынаны ұқ:

«Ащы», «тұщы» сөзінде

Қолданылар бұл әріп.



hello_html_m6630769c.png23 сабақ Дауыссыз Б б дыбысы


1 жаттығу . Бб әрпін және сөздерді көркем жаз


hello_html_m476b84ae.jpg

hello_html_315d26b3.jpg

2 жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз .


Жаңылтпаш

Бүлдір, бүлдір, бүлдіршін ,

Бұл бір қызық бүлдіршін .

Білгірлігін білдірсін.



3 – жаттығу . Мына сөздерге дыбыстық талдау жаса


Бал, бата, балық


Үлгі : б – дауыссыз, ұяң. а- дауысты, жуан. л- дауыссыз, үнді


4 – жаттығу. Орны ауысып берілген сөйлемдерден мәтін құрастырып жаз.

Ел егінін жинай бастады. Жиі – жиі салқын жел тұрады. Құстар жылы жаққа ұшып барады. Қоңыр күз айы келді. Күн салқындады. Қамбамыз астыққа толды. Күз – молшылық айы.



hello_html_m6630769c.png24 сабақ Дауыссыз В в дыбысы


1 – жаттығу. Вв әрпін және сөздерді көркем жазу


hello_html_m476b84ae.jpg

hello_html_m244aa7a6.jpg

2- жаттығу. Өлеңді жатқа жаз

Волейбол

Допты жерге түсірмей

Қағып ал да, досқа бер.

Ол өзіңе қайырып :

«Қарсы жаққа таста», - дер –



3 – жаттығу. в әрпі бар сөздерді ішіне , ф әрпі бар сөздерді сыртына жаз .


фабрика, завод, волейбол, фонтан, фамилия, трамвай


Ішіне сыртына

Вертикальный свиток 70


4 – жаттығу. Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрастыр


Автобус, қария, көмектесу, отырды, бала, алғыс






hello_html_m6630769c.png25 сабақ Дауыссыз Г г дыбысы

1 – жаттығу. Гг әрпін және сөздерді көркем жазу



hello_html_3ec2b057.jpg



2 – жаттығу. Жұмбақтың шешуін тауып ,көшіріп жаз


Жұмбақ

Өзі сондай нәзік

Су құйсаң кетеді,

Алақанын жазып.



3hello_html_23629260.jpg – жаттығу. Өлеңді жатқа жаз және үш буынды сөздерді буынға бөліп жаз.


Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір – бірден

Анаға сыйлаймыз.



4 – жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз .


Гүл, ектік, аулаға, біз .

Әлихан, жасады, үйшік, құстарға.

Көк, бастады, жерге, қылтия.




hello_html_m6630769c.png26 сабақ Дауыссыз Ғ ғ дыбысы

1 – жаттығу. Ғғ әрпін және сөздерді көркем жаз

hello_html_2fc26659.jpg


2hello_html_1cd9a119.jpg – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жаз .

Мен ғарышкер боламын

Аспан, аспан, арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын,

Мен ғарышкер боламын.

Ғарышкер мен де боламын ,

Боламын десем боламын .


3 – жаттығу. Мына сөздердің жазылуын есте сақтап , көшіріп жаз.


Тоғжан, қолғап, сағым, дағдарыс, бағлан, ағым, лағыл, ғарыш.


4 – жаттығу. Нүкте орнына тиісті әріптерді қойып, мәтінді көшіріп жаз.

...айша мен ...алым жазда на...ашыларына барды. На....ашылары қатты қуанды. Балалар да мәз – мейрам. Олар на...ашыларының егіндерін суару...а көмектесті.





hello_html_m6630769c.png27 сабақ Дауыссыз Д д дыбысы


1-жаттығу. Дд әрпін және сөздерді көркем жаз.

hello_html_m6b8f6893.jpg

hello_html_6c13d78f.jpg

2 – жаттығу. Өлеңді жатқа жаз.

Добым менің

Добым менің, добым менің,

Өзің неткен көңілді едің.

Зымырайсың, қутыңдайсың,

Бірақ менен құтылмайсың.




3 жаттығу. Мына бұлттардың ішіндегі табиғат тілашарына жататын сөздерді көк түспен боя.


Выноска-облако 19Выноска-облако 18Выноска-облако 20




Выноска-облако 17Выноска-облако 16Выноска-облако 15

Выноска-облако 14








4 – жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.


hello_html_3bb8bb70.jpg










hello_html_m6630769c.png28 сабақ Дауыссыз Ж ж дыбысы


1-жаттығу. Ж ж әрпін және сөздерді көркем жаз.


hello_html_51805623.jpg


2- жаттығу . Жыл мезгілдеріне байланысты ай аттарын және өлеңді көшіріп жаз.




Жаз айлары :



Күз айлары :


Маусымдар

Қыс құнар береді, Жаз баптап өсірсе ,

Көктем дән себеді. Күз жинап тереді.


3- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, көркем жаз.


Жау, жау жаңбыр, жау жаңбыр,

Жау егіннің көгі өссін.

Сұлудай бұраң құрақты,

Айдын шалқар көл өссін!



4 – жаттығу. «Жау, жаңбыр» тақырыбы бойынша мәтін жаз.

hello_html_5fdba480.jpg

















hello_html_m6630769c.png29 сабақ Дауыссыз З з дыбысы


1 – жаттығу. Зз әрпін және сөздерді көркем жаз.


hello_html_6b1dd892.jpg


2- жаттығу. Жұмбақ өлеңнің шешуін тауып, көшіріп жаз.


Жұмбақ өлең.

Көлден ұшты он бір қаз,

Қайтып қонды екі қаз.

Қонбады оның нешеуі?

Қане, кім тез шешеді?



3hello_html_6ec1cc58.jpg – жаттығу. Өлеңді жатқа жаз.


Мен жүзіммін , жүзіммін,

Күзде пісіп жетілдім.

Пісіп тұрған шағымда,

Алар екен үзіп кім ?



hello_html_m6630769c.png4 – жаттығу. Өлеңді оқып, өз ой-пікірді жаз.


Кhello_html_16eb10fd.jpgішіге қамқор бол!


Келеді сәби көшеде,

Итеріп оны қалма, сен!

Ойыншық, кәмпит, кесе ме-

Қолынан тартып алма, сен!

Кішіге күшің көрсетіп,

Жәбірлеп оны ұрма сен!

Кіші өсер ер жетіп.

Үлкендік оған қылма сен!




hello_html_m6630769c.png30 сабақ Дауыссыз Л л дыбысы


1 – жаттығу. Лл әрпін және сөздерді көркем жаз.

hello_html_6f60c8ca.jpg


2 – жаттығу. Мына сөз тіркестерінен жұмбақ құрастырып, көшіріп жаз .

16-конечная звезда 1216-конечная звезда 11

16-конечная звезда 10








3- жаттығу Сөзжұмбақты шеш ,табылған сөздерді көшіріп жаз, алғашқы сөзге дыбыстық талдау жаса .



л




л





л





л




1.Албырап піскен жемістің аты

2. Бір таңбалы сан

3. Бағалы тас

4. Тапқыр сөзіне мағыналас сөз







4hello_html_m52a3f39a.jpg – жаттығу. «Көк лағым» тақырыбына сипаттау мәтінін жаз.









hello_html_m6630769c.png31 сабақ Дауыссыз М м дыбысы


1 – жаттығу. Мм әрпін және сөздерді көркем жаз.


hello_html_m87abb79.jpg



2 –жаттығу. Адасқан дауыссыз дыбыстардың орнын тауып, көркем жаз.


Пятно 1 9

Пятно 1 7Пятно 1 8









Қатаң дауыссыздар :




3- жаттығу. Адамгершілікке арналған үш сауаптың мағынасын мұғалімнің көмегімен түсін және көшіріп жаз .

1. Шөлге құдық қазған сауап.

2. Өзенге көпір салған сауап.

3. Жолға ағаш еккен сауап.




4 – жаттығу. «Менің мектебім» тақырыбына мәтін құрастыр.





hello_html_m6630769c.png32 сабақ Дауыссыз Н н және ң дыбысы


1 – жаттығу. Н н және ң әріптерін және сөздерді көркем жаз.


hello_html_m16ff2ce1.jpg


2- жаттығу. Сөздерді буынға бөліп , көшіріп жаз.

Жауынгер, теңбіл, кемеңгер, жаңылтпаш, көңілді, алтын, мөңіреді, аңдар, дихан, үзеңгі, қаңбақ, жаңбыр, маңырады.




3- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып , көшіріп жаз.

hello_html_1c34b8b3.gif

Нан ардақты адал ас ,

Кәрі- жас оны аттамас.

Ақ дастархан үстінде,

Қол жумай оны ұстамас.





4 жаттығу. ­­ Өлеңді жаттап ал.


Нан анасы- бидаймын

Елге астық сыйлаймын.

Дәнім төмен піскенде,

Қауызыма сыймаймын.



5- жаттығу. «Нан еңбекпен келеді» тақырыбы бойынша шағын мәтін жаз.


Тірек сөздер : тұқым, диханшылар, дастарханға, бидайдан, еңбек, орады, нан, молшылық.



hello_html_m6630769c.png33 сабақ Дауыссыз Р р дыбысы


1- жаттығу . Рр әрпін және сөздерді көркем етіп жаз.


hello_html_m2655d6.jpg

hello_html_m411ca2e7.png

2- жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз.


Ара барда - бал бар,

Бал барда – ара бар,

Балалар, арадан бал ал!




3 – жаттығу. Мына сөздерге дыбыстық талдау жаса.


Қар, арпа, нар, гүл.


Үлгі: қ – дауыссыз, қатаң. а- дауысты, жуан. р- дауыссыз, үнді


4 – жаттығу. Көп нүктенің орнына төлдердің атын қойып, көшіріп жаз.


Қой баласы ... .

Сиыр баласы ... .

Жылқы баласы ... .

Түйе баласы ... .

Ешкі баласы ... .


hello_html_m6630769c.png34 сабақ Көркем етіп жазайық


1 – жаттығу. Қазақ әліпбиін ретімен көркем етіп жаз .

2-жаттығу. Мақалдардың жалғасын тауып, көшіріп жаз.


1. Туған жер - алтын ... .

2. Отан - оттан да ... .

3. Отан үшін отқа ... ... .


3 – жаттығу.

«Білімді» деп аталатын күннің сәулесіне сөздер жаз. Білімді күннің көңіл- күйін көрсет. Түсін қандай бояуға бояр едің?

«Білімсіз» деп аталатын күннің сәулесіне сөздер жаз. Білімсіз күннің көңіл- күйін көрсет. Оның түсін қандай бояуға бояр едің?

Саған қай күннің шуағы ұнайды?

Не үшін?

Білімді Білімсіз

Солнце 92Солнце 102







4 – жаттығу. «Жайдары жаз» тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрап жаз.


hello_html_m2acf7d07.png



  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Проверен экспертом
Общая информация
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-воспитателя группы продленного дня»
Курс повышения квалификации «Актуальные проблемы обучения детей с нарушением слуха в образовательных организациях общего и среднего профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Система работы учителя-дефектолога при обучении и воспитании детей с особыми образовательными потребностями (ООП) в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»
Курс повышения квалификации «Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Инклюзивное образование в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Оказание психолого–педагогической помощи лицам с ОВЗ»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.