Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Факультатив сабақ "Әдебиет әлемі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Факультатив сабақ "Әдебиет әлемі"

библиотека
материалов

10 Аманггелді атындағы жалпы орта білім беретін мектеп





hello_html_46b30307.jpg










































Атырау облысы Жылыой ауданы

10Амангелді атындағы жалпы білім беретін мектеп



«Бекітемін» «Келісемін» Әдістемелік бірлестік отырысында

10 ж. о. м. Директоры: Оқу әдістемелік меңгерушісі қаралды:

___________ Қарасаев А ____________ Ашықбаева А ________________Шоланова Г

______________ 2015 ж. _______________2015 ж. _______________2015ж.











Факультатив сабақтың тақырыбы: « Әдебиет әлемі»



Сыныбы: 2-сынып



hello_html_6c07d0b.jpg





Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі:Шоланова Г.А.



2015-2016 оқу жылы

hello_html_m35001b39.jpg




















Мазмұны


1. Түсінік хат.....................................................................


2.Авторлық бағдарламаның әзірлеу технологиясы............


3. Факультатив сабақтың күнтізбелік жоспары...................


4. Факультатив сабақтың күнделікті жоспары.....................


5. Қорытынды............................................................................


6.Пайдаланған әдебиеттер.......................................................















Түсінік хат

Бұл кітапша – 2-сыныптың жаңа сипаттағы «Әдебиеттік оқу» оқулығына қосымша оқу құралы ретінде, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, құрастырылды. Бұл ретте бастауыш сыныптың оқу бағдарламасы басшылыққа алынды. Кітап бағдарламадан, әдістемелік құралдан және дидактикалық материалдардан тұрады.

Қазіргі кезде мектептің алдына қойылатын мақсат – бастауыш сыныптарда қолданылатын технология жеке тұлғаның ойдағыдай қалыптасуына ықпал етіп, баланың өзімен - өзі ,айналадағы адамдармен, отбасымен, құрбы – құрдастарымен дұрыс қарым – қатынас жасай білуге тәрбиелеуді іске асыратындай болуға тиіс.

Жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті өлшемдер: бала өзгермелі жағдайларға үнемі икемделіп, өзінің бойында бар мүмкіндіктерін, туғаннан берілген нышандарын толық жарыққа шығара алатындай болғаны дұрыс.

Бағдарлама төмендегідей тараулардан тұрады. Мұнда халық ауыз әдебиеті үлгілері, жерлес ақын-жазушылардың шығармалары ,еңбектері, елге сіңірген еңбектері енгізілді. Соның нәтижесінде жас шәкірттің ой-өрісін оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес дамыту ескерілді.

1.«Білім –керек бәріне» тарауында, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ екенін, білімді адам- күшті, ақылды, тапқыр болатыны түсіндіріліп, оқушы білімінің сапасын арттыру арқылы өзіндік тұжырымын, көзқарасын ұғындыру.

2.«Атадан қалған асыл сөз» тарауында «Өнер алды – қызыл тіл» дегендей, халқымыз ежелден сөз ұстаған шешендерін қадірлеп, олардың ұлағатты сөздерін еске сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жатқа айтып жеткізіп отырғанын ұғындыру арқылы, жүйелі сөз, ақылды ой айта білуге үйренеді.

3.« Неткен сұлу ,неткен көркем, осы менің туған өлкем » тарауында, оқушыларды туған жерін сүюге, оны қадірлей білуге үйрете отырып, өз ауылымыздан шыққан, Атырау өңірінің күйші, ақын, майдангер аға - апаларымыздың өмір тарихтарымен оқып, танысады.

4.«Қыста талай қызық бар » тарауында «Табиғат - алтын бесік» Абайдың жыл маусымдарына жазған өлеңдері арқылы табиғатты сүйе білуге, қорғауға, экологиялық тәрбие беруге үйретіліп, дүниетанымын жетілдіруге машықтанады.

5. «Бабалар өмірі ұрпаққа өнеге» тарауында ұлтымыздың ұлы тұлғаларының ұлағатты сөздерін, ұлтжанды, ұлылық ұстанымдарын жас ұрпақ бойына сіңіру арқылы ізденуге, көп білуге үйрету.

6. «Адам болам десеңіз» тарауында «Бейнетсіз рақат жоқ », «Ердің атын еңбек шығарар » дегендей елге еңбегі сіңген аталарымыз бен ағаларымыздың еңбек жолдарымен таныстыру арқылы жас ұрпаққа кәсіптік бағдар беруге , мамандық таңдай білуге баулу.

Бағдарламаның мақсаты: Оқушылардың ана тіліне қабілетін,қиялын, ойлауын, есте сақтауын, шығармашылық дағдыларын дамыту.

Бағдарламаның міндеті: Оқу сапасын ( дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;

ақын –жазушылардың балаларға арналған шығармаларының атын, жетекші тақырыбын, басты кейіпкерлерін , негізгі мазмұнын білгізу;

Оқушы қиялын, тіл байлығын, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін ұштау;


Бағдарламаның өзектілігі:

1. Білім беру процесінде жауапкершіліктің бір бөлігін оқушылардың өздеріне жүктеу.

2. Баланың білім мен білігін қалыптастыру үшін - айналадағы адамдар мен әлеуметтік қарым – қатынасқа түсу.

Оқушыларды әдебиетке баулуда оқушы мен мұғалім, оқушы мен ата – ана арасында байланыс нығайып, көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығып, танымдық, шығармашылық қабілеттері артты. Ал, тәжірибе көрсеткендей, шығармашылықпен жұмыс жасаған оқушының дүниетанымы артады.

Күтілетін нәтиже:

1. Оқушылардың пәнге деген танымдық, шщығармашылық қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ынтасы дами түсті.

2. Білуге , үйренуге деген қызығушылықтары артты, ата-ана тарапынан баласына керекті кітаптарды тауып беріп, көмек көрсету жақсарды.

3. Кітапханамен тығыз байланыс орнады.

4. Оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, сөздік қоры , ойлау қабілеті артты.

5. Оқушылардың ізденімпаздығы артып,шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыланды.

6. Әр тақырып бойынша қосымша ізденіп оқу керектігіне дағдыланып, шапшаңдыққа, жинақылыққа , бәсекелестікке қабілеттілігі артты.

7. Республика, облыс, аудан көлемінде танымал , белгілі жерлес қайраткерлеріміз туралы кеңірек тани отырып, сөз маржанын теріп, мағынасына терең бойлап, жүйелі сөз , ақылды ой айта білуге үйренді.

8. Оқушыларда өздеріне деген сенім, үлкен жауапкершілік пайда болды. Өздерін дара тұлға ретінде сезініп, көп білуге ізденеді, қиялдары артады.

Оқушының идеал бейнесі:

1. Тақырыптың мазмұнын ашуда бір-бірімен ұжымдық қарым- қатынас жасайды.

2. Сауатты жазуға үйренеді.

3. Жүйелі сөйлеуге;

4. Әсерлі баяндауға;

5. Ауызша сөйлеуге дағдыланады.

6. Өз ойын дұрыс жеткізеді

7. Қажетті ақпаратты қолданады.

8. Оқушыларда өзіндік көзқарас қалыптасады.

Жоспары:

1.Бағдарлама

2.Сабақ жоспарлары

3.Күтілетін нәтиже

4.Оқушылар шығармашылығы

5.Қорытынды


Таңдау пәнінің бағдарламасы. 2 -сынып.

/барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат/

Оқу материалы төмендегі көрсетілген тарауды құрайды:

1.Білім –керек бәріне 2.Атадан қалған асыл сөз 3.Неткен сұлу ,неткен көркем, осы менің туған өлкем 4.Қыста талай қызық бар

5. Бабалар өмірі ұрпаққа өнеге 6. Адам болам десеңіз

Көркем шығармалар бөлімі балалар әдебиетінің 2 саласын қамтиды.

1. Ауыз әдебиеті үлгілері

2. Жазба балалар әдебиеті үлгілері

Ауыз әдебиеті үлгілерінен : * Төрт түлік жыры * Аңыз әңгімелер * Батырлар жыры

* Айтыс үлгілері * Шешендік сөздер * Ұлттық дәстүрлер

Жазба балалар әдебиеті үлгілерінен:

* Өлеңдер * Мысалдар * Әңгімелер * Мақала, очерк


Әдебиеттік оқу пәнінен оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Шығармаларды оқу:

- Орфографиялық талаптарға сай оқу

- Дыбысты, буынды, сөзді түсірмей анық айту.

Түсініп оқу:

- Сөз, сөйлем мәнін ұғынып оқу

- Дауыс ырғағын сақтап оқу

Шапшаң оқу:

- Бірінші жарты жылдықта 30 – 35 сөз оқу

- Екінші жарты жылдықта 40 – 50 сөз оқу

Мәнерлеп оқу:

- Әуезді сазды ерекшелігін сақтау

- Сөз екпіндісін дұрыс қойып оқу

- Ой екпіндісін дұрыс қойып оқу

- Кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқу

Берілетін білім:

- Ауыз әдебиеті үлгілерін білу

- Қазақ балалар әдебиетінің поэзиялық және прозалық шығармаларын

білу.

- Әлем балалар әдебиетінің көрнекті шығармаларын білу

- Оқыған шығарманың авторын білу

- Жанрлық ерекшелігін білу /өлең, мысал, әңгіме/

- Бастапқы әдеби түсінікті білу /пейзаж, сюжет, тақырып, негізгі ой, портрет, мінездеме, юмор, монолог, диалог)

- Әдеби тілдің бейнелегіш-көркемдегіш, құралдарын пайдалана білу

- Кейіпкер іс-әрекеті туралы көрсете алу

- Оқығаннан алған әсерін көрсете алу

- Жоспар құра білу

- Шығармадағы оқиғаны сақтап айта білу

- Шағын шығарманы толықтырып құрастыра білу

- Сынып бойынша белгіленген 4-5 үзінді, 6-9 өлеңді жатқа айта білу

- Жыл бойына 6 мазмұндама, 5 шығарма жазу

- Балаларға арналған басылымдарды пайдалана білу

- Сахналық көріністі көрсете білу.
























2- сыныпқа арналған «Әдебиет әлемі» факультатив сабақтың жоспары


Сағат

саны

Оқушы әрекеті



1.



Iтоқсан (9сағат)

I Білім –керек бәріне

Қазақстан -біздің Отанымыз.

Өз Астанам –өз Ордам




1




Шығарма жазу

2.

Оқуға құштарлық. Керемет баға.


1


Мәтін құрастыру

3.

Жалқаудың жауабы.

1

Мақал жазу

4

Киелі мекен –Ақкиізтоғай (Ауылдан шыққан ақындар туралы түсінік беру)


1

Ақын жазушылар туралы мәлімет жинақтау


5

II.Атадан қалған асыл сөз

Асыл сөз. Ел аузынан.


1


Нақыл сөздер жазу

6

Алтын мүйіз ертегісі

1

Ертегі құрастыру

7

Ыбырай. Алғыр Шоқан

1

Өлеңдерін жаттау

8

Ғажайып дәптер

1


9

Күш –білімде мақал -мәтелдер

1

Мақал –мәтел жазу





10

II тоқсан 7сағат

III Неткен сұлу ,неткен көркем, осы менің туған өлкем


Жазғы дала. Жайлау түні





1





Сурет салу

11

Кім қадірлі

1


12

Табиғат- ана

1

Эссе


13

IVҚыста талай қызық бар

Туған ел


1


Өлең шығару

14

Жаманқұмақ жалында ...

1

Шығарма

15

Көкжиегім келешегім А.Ершуов

1

Өлеңдерін оқу

16

Екі лақ

1





17

III тоқсан (10 сағат)

V Бабалар өмірі ұрпаққа өнеге


Жиренше шешен




1




Сөзжұмбақ құрастыру

18

Майдангер ата ерлігі.Бауыржан

1

Шығарма

19

Жақсы мен жаман

1

Әңгіме жазу

20

Ақындар шыққан талай бір...

1

Өлеңдер жинақтау

21

Өсиеті Абайдың. Сыйлық

1


22

Ақмешіт .Бекет Ата

1

Танымжорық

23

Ел қорғаған –ер бабам

1


24

Ержүрек Әлия мен Мәншүк

1

Өлеңдер жаттау

25

Құмға салған сурет. Суретші ата

1

Сурет салу

26

Шал мен бала

1

Әңгіме құрастыру



27

IV тоқсан (8сағат)

VI Адам болам десеңіз

Жақсылыққа жақсылық



1




28

Таза бұлақ

1

Әңгіме

29

Көктем сәні. Сәуір

1

Сурет салу

30

Жаңаша жыл санау

1

Сурет салу

31

Еңбекті сүйсең. Еңбекпен тапқан тиын

1

Мақал-мәтелдер

32

Мейірімді қыз . Жан -ана

1


33

Мақтаншақ қоян

1

Ертегі құрастыру

34

Тест жұмысы

1

тест



Оқушы жетістігі:

Оқушылардың басылым беттеріне жарияланған шығармалары

Білім беру ұйымдары арасында өткізілген «Кім болам? «Қандай болам?» республикалық интернет байқауына қатынасып «Сертификат» иеленген 2-сынып оқушысы Бауыржан Мединаның шығармасы:


Мен өскенде кім болғым келеді?


Иә, әр адамның арманы болады ғой, менің де балалық армандарым өте көп. Армансыз адам болмайды. Арман адамға қанат бітіреді. Мектепте оқып жүрген әрбір оқушының өзіндік бала қиялында «Болашақта кім болам?» деген сұрақтар мазалайды. Мен 2-сыныпта оқимын . Болашақта дизайнер болғам келеді. Өзімнің алдама үлкен мақсат қойдым. Ол үшін сабағымды беспен оқуым керек. Кішкентай кезімде қуыршақпен ойнайтын болдым.Оған киімдер тіккенді ұнататын едім. Ол көйлектерді моншақтармен сәндеп әшекейлейтінмін.Апам іс тіккенде қасында отырамын. Теледидардан дизайнер Құралай Нұрқаділова апамды көргенде сол кісіге ұқсағым келді. Дүкеннен қымбат көйлектер алғанша . арзан матадан өзім көйлек тігіп кисем жақсы емес пе деп ойладым. Бұл іс қолымнан келеді. Ол үшін өзімде еңбекқорлық болу керек деп ойлаймын.Үлкендер еңбек етіп қуаныш тапса , шабыттары арта түседі ғой. Сол сияқты мен өз таңдаған мамандығыма жетемін , өзіме сенемін...


Бауыржан Медина



Баспасөз бетіне шыққан 2-сынып оқушысы Нұртасұлы Тұрардың шығармасы:

Менің ауылым


Көктем. Жылдың төрт мезгілінің бірі көктемде келіп жетті. Ауыл адамдары көктем мезгілін қуанышты көңілмен қарсы алады.Себебі күн жылынып , мал төлдеп , Жем өзені арнасына толады. Менің ауылым Ақкиізтоғай осы Жем өзенінің жағасында орналасқан. Менің ауылым, менің тұрған жерім. Мен өз аулымды жақсы көремін, әсіресе таң ата мамам екеуміз далаға шыққанда,ауылдың таза ауасы , адамдары түйе –сиырларын, қой –ешкілерін жайылымға шығарады. Осы көрініс көз алдымнан кетпейді.Менің жақсы көретін журналым «Мөлдір бұлаққа» «Ауылым» атты өлеңім басылып шықты. Қызық еді ауылда, Тойып едім қауынға. Сағындым мен ауылды, Күнге піскен қауынды. Жемге түсем қызыға, Сары құмға көміліп. Құмнан үйшік жасаймыз, Ауыл жаққа қараймыз.

Нұртасұлы Тұрар



Қорытынды


XXI ғасырда ұстаз қандай болу керек? Бұл сұрақ тереңнен ойланып жауап беруді қажет етеді. Себебі, XXI ғасырдың жан- жақты зерделі, білімді, талантты, дарынды адамынқ алыптастыру мұғалімнің білімділігі мен іскерлігінде. Қазіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін заман талабына сай үйлестіру, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап, білімге , бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніңіз мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз.

Сонау XX ғасырдың басында Ж. Аймауытов: « Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңаны табатын өнер» деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын пән ерекшеліктеріне сай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден – бір жолы. Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым - баланың қызығушылығын оятып, қабілетін арттыратын, өз бетімен ізденісін жаттықтыратын жағдай туғызу. Оның бастысы сабақ үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс - әрекеттері арқылы білім, білік, дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үрдісінде бірлесе әрекет ету. Мақсатқа жету оқушылардың өздері арқылы жүзеге асады. Мұғалім - ұйымдастырушы, бағыт беруші.

XXI ғасыр компьютерлік ақпараттар заманы. Жер – жердегі болып жатқан хабарлар туралы интернет арқылы мағлұмат алып отырған балаларды бір нәрсемен таңқалдыру, тек ұстаздың қолынан келетін іс.

Әр сабақ сапалы да нәтижелі өткізілсе, ол мұғалімнің тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

Мұғалімнің басты міндеттерінің бірі - әрбір оқушының өз мүмкіндігін, қабілетін және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау. Осы міндетті орындау үшін өзіме мынадай сұрақтарды белгіледім.

а) Оқушылар өз бетінше білімін қалай тереңдете алады?

ә) Білімді өмірмен байланыстыру дағдысын дамыту жолдары қандай?

Алдыма қойылған сұрақтарды шешу үшін топпен жұмыс жасау жолын таңдап алдым.

Топта жұмыс жасау оқушыға ой еркіндігін, жауапкершілік, ізденуге және ойын ортаға салуға мүмкіндік беретінін байқадым. Әрине, алғашында оқушылар бірден белсенділік танытып, ойын ортаға сала алмады. Оқытудың негізгі мақсаты өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан оқушылар өз бетінше танымдық әрекететудің әдістері мен дағдыларын меңгеруі керек. Сабақ барысында , сабақтан тыс мезгілде оқушыларға тапсырманы өз бетінше орындатуға дағдыландырдым. ( Мәтінмен жұмыс, қосымша әдебиеттермен, интернет материалдарымен, еркін жазу т.б).

Оқушыларға еркіндік беріліп, бір топтан екінші топқа ауысып, ақпаратты жинап, ой бөліседі, салыстырады, ортақ пікірге келіп, көпшілікке жариялауға үйренеді. Жұмыс нәтижесінде жаңаны тез игеріп, дұрыс түсінетін, практикада жүзеге асыра алатын, болжам жасай алатын оқушылар қалыптасты. Сыныпта мұндай оқушылардың болуы менің жұмысыма оң әсер етті.

1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты.

2. Қосымша әдебиеттер, материалдар іздей бастады.

3. Ой - өрістері кеңейді, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға көмегін тигізді.

Ал, оқушылармен топтық жұмыс мынадай нәтиже көрсетті:

1. Мұғалімнің нұсқауы бойынша оқушылар өз бетімен білім алады.

2. Ой бөлісті, пікір таластырды.

3. Ойларын басқалармен салыстырды.

4. Қорытынды жасап, ойын еркін баяндауға үйренді.

5. Пәнге деген қызығушылығы артты.

6. Өздеріне үлкен жауапкершілік жүктеді.

Жыл бойы жүргізілген осы бағдарлама бойынша жасалынған жұмыстың арқасында сыныптағы 17 оқушының әдебиеттік оқудан білім сапасы-

89 % болды.

Бастауыш сыныпта көбіне түсіндірмелі оқу әдісін қолданған дұрыс.Бұны сапалы оқу десе де болады.Түсіндірмелі оқу негізінен үш түрлді жолмен жүзеге асады.

1. Мәтінмен танысу.

2. Мәтінді өз сөзімен әңгімелеу.

3. Оқыған мәтінді талдау.

Мәтіндегі ұғымдарды көбінесе жалпыдан жалқыға қарай,ал бастауыш сыныпта жалқыдан жалпыға қарай оқытамыз.Бұл талдау-жинақтау әдісі деп аталады.Әңгіме немесе сұрақ-жауап әдісі кейде эвристикалық әдіс деп те аталады.Төменгі сыныптарда өтілген мәтінді әңгіме әдісі бойынша талдайды.Бұл әдісті әңгіме әдісі деп те атауға болады.Сұрақ-жауап әдісін диалог әдісі деп те атайды. Талдауды «жалқылау» деп, жинақтауды «жалпылау»деп атауға болады.Бүгінгі қолданылып жүрген әдістерде көркем сөздерге ерекше мән беріледі.Қандай сабақта болмасын құрғақ сөз аз болып,жаттығу арқылы оқушыларды оқу ісіне дағдыландыруға көбірек көңіл бөлінуі тиіс.

Мәтінмен жұмыс кезінде сурет салу, ән айту сияқты қосымша тәсілдерді де пайдаланып отыру керек.Себебі,бұл баланың ерекше дарынын оятып, эстетикалық талғамын арттырады.

Бағдарлама төмендегідей тараулардан тұрады. Мұнда халық ауыз әдебиеті үлгілері, Қазақстан Республикасы және жерлес ақын – жазушылардың шығармалары, еңбектері, елге сіңірген қызметтері енгізілді. Соның нәтижесінде жас шәкірттің ой - өрісін оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес дамыту ескерілді,белсенділігін арттыруға болады.




Сабақ жоспарларының үлгілері:

Сабақтың тақырыбы: Көкжиегім – келешегім А.Ершуов

Сабақтың мақсаты: Ардақты ақын Аманқос ағамыздың өлеңі мен өмірі туралы оқушыларға кеңірек таныстыру.

Тәрбиелілігі: Қазақ поэзиясының шаңырағының биік болуына үлес қосқан және қазақ поэзиясында өзіндік орны бар талантты ақын, қарымды қаламгердің жыр шумақтарымен таныстыра отырып,оқушыларды ұлтжандылыққа, сыйластыққа , адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: талантты ақынның ырым-тыйым сөздері және ақынның өмірінен сурет – шежіре

Мұғалім сөзі :

Ақкиізтоғайлық ақын Аманқос Ершуовты оқушыларға таныстыру. Аманқос сөз жоқ, сөз химиясын игерген шынайы қаламгер. Ол қазақ поэзиясының шаңырағының биік болуына үлес қосқан және қазақ поэзиясында өзіндік орны бар талантты ақын, қарымды қаламгер. 1974 жылы оның тұңғыш жинағы «Көкжиегім-келешегім» жарық көрді. Ақынның тұңғыш жинағы оның болашақ асуларына еркін бағытталған туынды еді. Жинақ оның кім екенін танытты.

« Сенімнің сексен теңін арқаладым,

Ат басын енді қалай тарта аламын.

Ақтарып отырған соң қариялар

Келешек күндерімнің әр парағын.» Бұл бәйгеге қосылған тұлпардың мінезі. Осы жинақтағы мына бір шумақ ақынның халық алдындағы антындай естіледі.

«Тамшыдан жатса да әзір көл құралмай,Аумайды күн жолынан енді маңдай.Мен жоқпын мынау жайсаң дүниедеСендерді қалар болсам сендіре алмай» Қазақстанның қай өлкесінен астанаға әуестік ,Алматыға үйілу, бір жинағы шықса ұлылық ұялағандай ,ақындық сапарына қосылдым деп кеудесіне нан піскендей ,үй жалдап тұрса да кейбіреулер Алатаудың маңына ұмтылды. Алматы дарындылықты сонда тұрсаң ғана беретіндей. Бірақ , Аманқос туған жеріне терең тамырланған талант екенін ауылда тұрып-ақ мойындатты» -дейді филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Жүсіп.

* А.Ершуовтың өлеңдерінен үзінді оқу

А. Ершуов «Ақ бұлттар атын шығарған» - Наркиза

А. Ершуов «Жайым жоқ ақындықтан жалтаруға...»-Назира

А. Ершуов «Меңдекеш Сатыбалдиевке»- Бекнұр

Аманқос Ершуовке жерлесі, ақын Қаржау Оразбаевтың арнау өлеңі- Гүлжайна

... Ақкиізге түледің,

Жыр боп соғып жүрегің,

Ақмешіттің сорына,

Аунап өскен ұл едің.

Елге ақын боп елендің,

Марапатқа кенелдің.

Ортанқолдай әулеттің,

Ортасында көп елдің.

... Өткен өмір, ол – есте,

Бес перзенті белесте.

Жақсылардың кеудесі,

Алтын сандық емес пе?!

Сексенге жет, сергек боп,

Тоқсанға да өрлеп кет!

Тойлап жатсын дүйім ел,

Қаулап жатсын жыр көктеп.

Ардақ тұтқан бір кезден,

Арда ақын ең, жыр-безбен.

Баптап ұдай, беу, Муза,

Сақта, Құдай, тіл-көзден!

. Ән шашу

1. «Алтыным» - әні Б.Қоқаманов, сөзі А.Ершуов

2. «Бөбек» әні – сөзі Маржан Ершу

3. «Атырау- арман» әні - сөзі М.Ершу

ІV. Сурет – шежіре

1. Ақын, әрі ұстаз

6. Ақынның жолын қуған ақын қызы Маржан Ершу

Қорытынды сөз.

Ақынның «Келешегім –көкжиегім», «Шырқау», «Шопан баласы», «Жылқышының ұлы», «Ойсылқара», «Алтын босаға», «Шұғылалы шақтар», «Пір Бекет пен жыр зекет», «Оғыланды» жыр кітаптары мен «Жаралы жылдар», «Мәңгілік махаббат» драмалық шығармалары оқырмандардың ыстық ықыласына бөленуде. Ақын «Құрмет Белгісі» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, республика халық ағарту ісінің үздігі.




Әдебиеттік оқу ( таңдау)

Сабақтың тақырыбы: 1001 мақал, 101 жұмбақ.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері туралы түсініктерін кеңейте түсу. Тақырыпқа қарай мақалдарды топтастыра білуге дағдыландыру.

ә) Дамытушылығы: Мақал мазмұнын аша білуге,жұмбақтарды шеше білуге, сайыс барысында шапшаң жауап беруге үйрету.

б) Тәрбиелігі: Туған тілін, салт-дәстүрін білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: Көрнекілік әдісі. Жарыс. Топтық тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыптық бүктеме. Тірек сызба. Мақалдар тақырыптары.

Сабақтың барысы: а) ұйымдастыру.

І. Кіріспе.

Топтастыру «Қазақ ауыз әдебиеті үлгілері» Ертегі, аңыз, жұмбақ, мақал, батырлар жыры т.б.

ІІ. Сабақ түрін түсіндіру:«1001 мақал, 101 жұмбақ»

1) Тақырып бойынша мақалдар айтқызу:«Еңбек» «Туған жер» «Денсаулық» «Оқу, өнер - білім»

2) «Мен бастаймын, сен аяқта» Ойын ойнату.

Жері байдың ....Досы көпті ....Жаман аттан....Ер есімі....

3) Жұмбақ шешу.

4) Жұмбақ құрастыру.

5) Сандары бар мақалдарды айтудан жарыс

6-у ала болса, ауыздағы кетеді,4-у түгел болса, төбедегі келеді. т.б.

ІІІ. Қорытынды.

Халық ауыз әдебиеті үлгілеріне жататын мақалдар, жұмбақтар туралы бар білетінімізді ортаға салдық. Әр тақырыпта шығарма жазсақ та, ауызша әңгіме құрасақ та, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіретін мақалды қолдана білу үшін көп оқу керек.

ІV.Мадақтау.

V.Мақалдар жаттау. Жұмбақтар шешу.



Әдебиеттік оқу ( таңдау)

Сабақтың тақырыбы: «Туған жер – тұғырым»

Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ

Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Қазақстан Тәуелсіздігінің 25

жылдығына орай өз елінде болып жатқан жақсы істерді көре, бағалай білуге, өз сөзімен жүйелі жеткізе білуге үйрету.

Сабақтың әдістері: Көрнекілік әдісі. Реферат жазу. Қосымша әдебиеттер.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыптық сурет. Бүктеме. «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25ыл!» Ребус.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру

І. Кіріспе. Қызығушылығын ояту.

Ребус шешу «Туған жер – алтын бесік»

ІІ. Топтық жұмыс:

І топ.Мәтін құрастырады. Бір айналым сөйлесу. «Туған жерім»

ІІ топ.Бес жол өлең құрастыру. «Қазақстан»

ІІІ топТоптастыру. Қазақстан елінің тәуелсіздік алғаннан бергі жетістіктерін топтастырады

ІІІ. Жоспар құру. Реферат тақырыбы «Туған жер – тұғырым!»

Жоспары: ІІІ. Қорытынды. «Мен Отаныммен мақтанамын!»


І. Кіріспе. «Менің Отаным – Қазақстан»

ІІ. Негізгі бөлім: Тәуелсіз Қазақстан, өркендей бер!

ІV. Ой – толғаныс: «Тәуелсіздік – ата – бабам арманы»

Ақкиізтоғай ауылындағы жетістіктерге тоқталу.

Жаңа балабақша , балалар стадионы, таза су, телефон байланысы, интернет жүйесі т.б.

V. Мадақтау.

VІ. «Туған жер - тұғырым» реферат жазу




Әдебиеттік оқу (таңдау)

Сабақтың тақырыбы: Майдангер ата ерлігі. Бауыржан Сабақтың түрі: Түсіндіру , таныстыру. талдау сабағы

Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Ұлы Отан соғысының ардагерлері, куәгерлерінің өмірі туралы түсінік қалыптастыру.

ә) Дамытушылығы: Мәтінді түсініп оқу, диалогты рөлге еніп оқу, мәтіндегі негізгі ойды таба алуға дағдыландыру.

б) Тәрбиелігі: Ұлтжандылыққа, Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: Көрнекілік әдісі. Жарыс. Мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме «Жауынгер жазушылар» Суреттер. Әдеби кітаптар.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру.

І Кіріспе.

Дәйек сөз: «Кімде-кім өзінің елі, дәстүрі, тілі үшін мақтана алмаса, ол-сорлы адам» Бауыржан Момышұлы.

ІІ. Бір айналым сөйлесу «Ұлы Отан соғысы туралы не білеміз?»

ІІІ. Жарыс: І топ ІІ топ ІІІ топБауыржан Момышұлы .(Ауыл ардагері Наурыз Қатқылбаев)

а) Шығармалары. Берілген мәтіндерді еске түсіру.

ә) Бес жол өлең құрастыру. «Қаһарман»

б) Көркем сөзді мәнерлеп оқу.«Әлия» «Мәншүк» «Нүркен»

в) Ойын: «Жалғасын тап» Ерлік туралы мақалдардың басын айту.Оқушылар жалғастырады. Мағынасын ашады.

(Ардагер Наурыз атаның әңгімесі-оқушылар үйіне барып жазып әкелінген)

ІV. Қорытынды.

Ер есімі – ел есінде! Ұлы Отан соғысы туралы, қазақ халқының ержүрек

ұл-қыздары туралы еш уақытта ұмытпаймыз.

V. Мадақтау.

VІ. Сөзжұмбақ құрастыру. «Бауыржан»



















Пайдаланған әдебиеттер:


1. Б.Қабатай С.Рахметова. Әдебиеттік оқу кітабы 2013 жыл

2. З. Бейсембаев Б.Игенбаева Г. Әріпова Әдебиеттік оқу хрестоматиясы

2013 жыл

3. Ақкиізтоғайдан шыққан ақындардың кітаптары

А.Ершуов , М.Сатыбалдиев , М.Ершу , Қ.Сыдиықов т.б


4. Баспасөз материалдары


5. Ақпарат құралдары


6. Білім стандарты 1-4 сыныптарға арналған






























Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылы

10 Амангелді атындағы жалпы орта

білім беретін мектептің I санатты

бастауыш сынып мұғалімі

Гүлжамиға Шоланова Амалбайқызына




Пікір

Өз ісін терең меңгеріп, шәкірттерінің табысымен көпшілікті қуантып жүрген ұстаздардың бірі – бастауыш сынып мұғалімі Гүлжамиға Амалбайқызы. Оның бұл қызметте жүргеніне 30 жылдан астам уақыт өтті. Бүгінде Гүлжамиғаның шәкірттері түрлі салада жұмыс жасап жатыр. Ұстаз еңбегі бағаланып, мектеп әкімшілігі атынан бірнеше Алғыс хат алды. Сонымен қатар, облыстық ,аудандық білім бөлімінің мақтау гармотасымен марапатталды. Биыл Жылыой аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Наурыз – жыл басы» атты ашық шарадан І орын алды.

Гүлжамиға Амалбайқызы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытында мектепте үйірмелер жүргізеді. Оқушылары – аудандық олимпиада жүлдегерлері. 2011 жылы математика пәнінен Таубаева Ақырыс ІІІ орын, 2015-2016 оқу жылында шәкірттері Бауыржан Медина мен Талғатова Асылжан «Ақбота» республикалық интеллектуалды олимпиадаға қатысып жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

Гүлжамиға Амалбайқызы – қайрат-жігері, күш-қуаты мол ұстаз. Ұзақ жылдардан бері әріптес ретінде байқағаным, Гүлжамиға қай шаруаға болса да енжар қарамайды, ескерусіз қалдырмайды. Білім беру кабинеті жақсы жабдықталған. Ол күнделікті сабақтарын жаңа технологияның әдіс-тәсілдерімен түрлендіріп өткізеді.

Гүлжамиға Амалбайқызы – көп жылдардан бері әдістемелік бірлестіктің жетекшісі.

Ұстаз болу жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту дейтін болсақ, Гүлжамиға Амалбайқызы – жас ұрпаққа үлгі беруден, үйретуден жалықпаған нағыз педагог.






Мектеп директоры: А.К.Карасаев






hello_html_2bdca538.png




Аты-жөні : Шоланова Гүлжамиға Амалбайқызы

Туған жылы, айы ,күні : 20. 01. 1964ж

Бітірген оқу орны: АГУ фак. ПиМНО

Мамандығы : Бастауыш сынып мұғалімі

Санаты: I

Еңбек өтілі: 30 жыл







Автор
Дата добавления 26.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2781
Номер материала ДБ-054877
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх