Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Факультатив жоспары "Қолөнер" 7сынып

Факультатив жоспары "Қолөнер" 7сынып

  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

«Келісілді» «Тексерілді» «Бекітілді»

Аудандық әдістемелік Мектеп директорының оқу ісі Мектеп директоры:

кабинетінің меңгерушісі: жөніндегі орынбасары

_____Жанекенова Б.Ж Г.Ю.Турганалиева______ Дуйсенов А.С_______















Жалпы білім беретін Шипов орта мектебі

«Қолөнер»

(7сынып қыздарына арналған факультатив сабағы)














Мұғалімі: Э.Б. Куанова
























2014-2015оқу жылы


Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы
Балалар шығармашылық үйінің

бағдарлама жетекшісі
Буранбаева Куралай Неткалиевна



Түсінік хат

 Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген.   Елімізді-2030 жылы «Ақ барысқа» айналдыратын күш - бүгінгі оқушы балалар екені де анық. 

Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу,  үйрету аса қажет. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын.

Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман  ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан  бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу.

Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен  қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның  адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету.

Бұл авторлық бағдарлама, бұл бағдарламаны жасауда өзімнің жылдар бойы жасаған тәжірибемді пайдаландым. Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты  5– 9 сыныпта оқитын оқушыларға арналған. Сабақтың түрлері: баяндама, пікірталас, әңгімелесу, талдау, теориялық, машықтық, жеке, топтық, сауалнама, кездесулер түрінде, технологиялық нұсқау карталар, үлгі суреттер арқылы орындалуы жүзеге асырылады. Күтілетін нәтижелер:  оқушылар өздерінің бағдарламаға сай жасаған туындыларының нәтижесін мектепішілік, аудандық көрмеде көруі.

















Бағдарламаның мақсаты:

Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін  көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.

Бағдарламаның міндеті:

Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан  өнері тамған баланы тәрбиелеу.  Шәкіттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету.

 Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.



























Күнтізбелік жоспар

Өтілетін  тақырыбы

Барлық сағаты

Осының ішінде

Күні

Теориялық жағы

Тәжірибелік жағы

 1

2

3

4

5

6

 1.

Техникалық еңбек  кіріспе ұйымдастыру жұмыстары. Технологиялық мәліметтер.Мақсаты, маңызы, қолданылуы, әдіс-тәсіл жұмыс түрлері. Қажеттілік материал әзірлеу, жұмыс орны ережелерімен таныстыру.

2

 

1

1

 


  2.

Көркем еңбек. Қолданбалы еңбек. Шеберлер, туынды жұмыстарымен, еңбектерімен таныстыру, ұлттық безендіру, бедерлер көркемдік өнер бейнелерді киіндіру картон қағаз, түрлі материалдардан. Тігіс, жапсыру, есу әдіс-тәсілдері ұлттық қуыршақ үлгісімен жасау.

3

1

2


  3.

Тұрмыстық еңбек. Қолданбалы сәндік, көркем өнер, бұйым, әйнектен жапсырма және ыдыстарды мүсіндеу немесе қалыптау. Ыдыстарды әр түрлі материалдан құрастырма жапсыру.

1


1


  4.

Жұмсақ бейне ойыншықтар жасау. Жануарлар, құстар, адам, жәндіктер түрлерін жасау, сызба тігу.

10

4

6


  5.

Жапсырмалау жұмысы. Апликациялық қиылыстыру арқылы «Ертегілер елінде». Мата, былғары, фальга, өсімдік түрлерімен композициялау, көрініс жасау.

4

2

2


  6.

Былғарымен жұмыс. Былғары өңдеу туралы түсінік беру, тазалау, пішу, бояу. Жұмыс жүргізу құрал-жабдықтармен таныстыру. Әдіс-тәсілдерін меңгеру.

2


2


  7.

Ою-өрнек жұмысы. Ою-өрнек туралы тарихи мәлімет беру. Шығу тарихы.Қазіргі қолданыста ою-өрнек ерекшелігі, ою-өрнек сән үлгілерін жасау; (қалауынша) жұмыс )киіз үй, тұмарша).

4


4


  8.

Сәндік қолданбалы өнер. Көркем қолөнер элементтерінің қолданыста пайдалану технологиясы.Тұмарша, қобдиша, қоржын бұйымдар жасау.

3

1

2


  9.

Адамгершілік тәрбиесіне саяхат. «Салауаттылық,жарқын болашақ», «Жаман әдет кесірі көп», ( Жол қауіпсіздік шарасымен танысайық», «Әдепті сөйлеу мәдениеті», «Отбасындағы тәрбие», «Мамандыққа саяхат».

1

1



  10.

Су моншақпен жұмыс.Моншақ туралы түсінік. Қолданылуы су моншақпен бұйымдар бедерлеу,кестелеу.

2


2


  11.

Тоқыма өнері. Тоқу өнері туралы түсінік беру, керекті құралдармен танысу.Тоқылу әдіс-тәсілдерін технологиясын меңгеру, үйрену, жұмыс жүргізу.

2


2




34

10

24


 
















Техникалық еңбек — 2 сағат.

Ұйымдастыру жұмыстары, техникалық мәліметтер, балаларға үйірменің мақсатының маңызын түсіндіру. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Қағаздың маңыздылығы, қасиеттері, ерекшеліктері, қолданылуы, түс үйлесімділігі, желімнің түрлері, қажетті материалдар әзірлеу, эскиздер жасау.

Көркем еңбек — 3 сағат.

Қолданбалы еңбек халық шеберлерінің еңбек ж

ұмыстарымен танысу. Ұлттық киім түрлері. Әйелдер мен ерлер киімдері. Түрлі материалдан киімдерді қиып жапсыру.

Тұрмыстық еңбек — 1 сағат.

Қолөнер көркемдік бұйым материалдарынан әшекейлік, тұрмыстық бұйымдар құрастыру, ыдыс-аяқтарды мүсіндеу, безендіру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Жұмсақ бейне ойыншықтар — 10сағат.

Әр түрлі бұйымдар жасау (жануар, құстар, адам, жәндіктер) технологиясымен таныстыру. Сызба, пішу, құрастыру, тігу, безендіру.

Жапсырмалау жұмысы — 4 сағат.

Қағаз, мата, былғары, түрлі-түсті қағаздан құрастыру. Ертегілер әлеміне көрініс жасау. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Былғарымен жұмыс жасау — 2 сағат.

Былғары өңдеу туралы түсінік беру, тазалау, бояу, пішу, онымен жұмыс жасалатын құрал-жабдықтармен таныстыру және қолдана білу. Әр түрлі бұйымдар жасау.

Ою-өрнек бастырмалар — 4 сағат

Ою-өрнектің шығу тарихы, қолданылуы. Ою-өрнектің үлгілерін жасау, ою жиегін кестелеу әдістері. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сәндік қолданбалы өнер элементтері — 3 сағат.

Көркем қолөнер технологиясына түсінік. Шолпы, алқа, білезік, тұмарша, бұйымдар жасау.

Адамгершілік қасиеттер — 1 сағат.

Шыншылдық, абырой, салауаттылық, жаман әдеттер, жол және өрт қауіпсіздігі, сақтық шаралар, электр құрал-саймандарын пайдалану жөнінде түсініктер. Ата-баба тәрбиесі әлеміне саяхат. Әдеппен сөйлеу дәстүрі. Отбасындағы әдеп. Қонақ күту салттары. Табиғат аясына серуен. Табиғи материалдармен жұмыс жасау. Табиғи материалдарды жинақтау, жапсырмалау.

Су моншақ тоқып үйрену — 2 сағат.

Моншақ туралы жалпы мағлұмат, моншақпен бұйымдар кестелеу, моншақпен маталар кестелеу.

Тоқыма өнері — 2 сағат.

Тоқу өнері туралы түсінік беру. Көрнекті материалдармен, құрал-жабдықтармен таныстыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Тоқу әдістерін үйрету, дайындау, соңғы өңдеу жұмыстары.

Құрал-жабдықтар пайдалану барысында оқушылар:

  • ине, қайшы, бізбен жұмыс жасауды; 

  • қол тігістерін орындап, техникалық қауіпсіздік ережені сақтауды;

  • қиып, қосып біріктіру тігістерін орындай білуі;

  • жапсырма жұмыстарға желімді пайдалануды;

  • құрал-жабдықтар мен өлшем таспаны қолдана білуі;

  • түстерді дұрыс сәйкестендіре білуі;

  •  сурет сала білуі;

  • бұйымды эскизін орындай білуі;

  • ине жіптерді әр түрлі бұйымдарға қолдана білуі;

  • шаблон үлгілерін дайындауды білуі;

  • технологиялық карталармен жұмыс істей білуі;

  • үтікпен жұмыс жүргізуді білуі.

Еңбек қауіпсіздік ережелері, инемен жұмыс істеу тәртібі:

  1. Инені ине түйрегішке ғана түйреп салу керек;

  2. Инені киімге түйреуге, ауызға салуға болмайды;

  3. Жіпті тістеп кесуге болмайды;

  4. Инені алушыға сабақталулы жағымен беру керек;

  5.  Сынған инені жерге тастауға болмайды.

 

Үтікпен жұмыс істеу тәртібі:

  1. Үтіктер алдында өткізгіштің үзілген жерін тексеру керек;

  2. Ылғалды қолмен токқа қосылатын үтікті ұстауға тыйым салынады.

  3. Үтікті мата түріне қарай қыздыру керек.

Қайшымен жұмыс істеу тәртібі:

  1. Қайшыны жолдасыңа үшкір жағын өзіңе қаратып бер;

  2. Қайшының жүзін жабық түрінде келтіріп, партаның оң жағына қой.

Желіммен жұмыс істеу тәртібі:

  1. Желім құйылған ыдыстың аузын нығыз жабылуы керек;

  2. Желіммен жұмыс жасап болғаннан кейін, міндетті түрде қолыңды жууың керек;

  3. Жұмыс кезінде арнайы сүлгі ұстауың керек.





































Пайдаланылған әдебиеттер: (Оқушларға)

  Аруана баспасы «Сен білесің бе?» атты тарихи этнографиялық кітаптар топтамасы.

Салт-дәстүрлер

«Асыл сөз аталары»

Автор: З. Сейітжанов.

Автор: К. Матажанов.

Автор: Ж.Ш. Барымбеков.

Балаларға арналған «Бала би» танымдық журналы.

Бас редакторы: Гүлсім Мұқышева.

Ай сайын шығатын Республикалық әдістемелік журналы. 2007 №3, 2007 №7, 8.

Бас редакторы: Әбиева Фарида Бейбітқызы.

Пайдаланылған әдебиеттер: (Мұғалімдерге)

Ай сайын шығатын  «Технология» Республикалық әдістемелік журналы.

Бас редактор Әбиева Фарида Бейбітқызы 2006, 2007, 2008, 2009.

Ай сайын шығатын қоғамдық-саяси, әдеби- көркем және суретті «Қазақстан әйелдері» журналы. 2004, 2005, 2008, 2009 ж

Бас редактор: Баққожа Мұқағали.

Маргулан А.Х. Казахское народное  Прикладное искусство- Алма-Ата: Өнер 1986,256 бет.

Шоқпарұлы .Д. Тері өңдеу өнері, Мектептегі технология

 


Краткое описание документа:

 Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген.   Елімізді-2030 жылы «Ақ барысқа» айналдыратын күш - бүгінгі оқушы балалар екені де анық. 

Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу,  үйрету аса қажет. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын.

Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман  ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан  бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу.

 

Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен  қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның  адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету.

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1867
Номер материала 532516
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх