Инфоурок Химия Другие методич. материалыФакультативті курсының тақырыбы «Химия тұрмыста» (10 класс)

Факультативті курсының тақырыбы «Химия тұрмыста» (10 класс)

Скачать материал

                                 Ж.Кереев атындағы орта мектебі

 

 

 

 

 

           Факультативті курсының тақырыбы

 

 

        «Химия тұрмыста»

                                          (10 класс)

 

 

                                            

 

 

 

 

 

                              Химия және биология пәнінің мұғалімі: Нурмаганбетова Ж.Ж

 

 

 

 

                  

 

 

 

  

 

                                  Түсінік хат

Адамзат қоғамы бұдан мыңдаған жылдар бұрын кейбір табиғи шикізаттарды мұқтажына сай өңдеп, қажетіне пайдалана білген.Қазақ халқы да тұрмыс химиясын ерте уақыттан өз қажетіне жарата алған. Мысалы, өсімдік клеткаларынан бояғыш құрауыштарды бөліп алып: мақта-мата, жүн және ағаш бұйымдарын бояу, сабын, былғау, тері илеп, оны бояу, айранның сары суымен шашты жуып, оған жұмсақтық қасиет беру, т.б. химиялық процестерді күнделікті қажеттіліктеріне пайдаланған.

Бүгінде химия шаруашылықтың барлық салаларында, күнделікті тұрмысымызда кеңінен қолданылады.Қазіргі уақытта ғылым мен техника жетістіктері нәтижесінде тұрмыс химиясы зор қарқынмен дамуда, сондықтан әлемнің басқа елдеріндегідей, қолданылу сипатына қарай оларды былайша топтастырып, жіктейді: жуғыш заттар, тазартушы, залалсыздандырушы заттар, үй жиһаздары мен еденді сүртуге, зиянды жәндіктер мен өсімдіктерді жоюға арналған препараттар, ағартушы және рең беруші заттар, желімдер, бояулар мен лактар,т.б.

Ерте заманнан бері адамдар күнделікті тұрмысында химиялық құбылыстармен кездесіп отырды. Қоршаған табиғат көптеген химиялық реакциялардан тұрады. Тіршілік барысында адамзат баласы қоршаған ортадағы көптеген химиялық реакциялармен және химиялық жолмен жасалынған бұйымдармен кездесіп отырады. Тұрмыста кең қолданылатын, химиялық жолмен жасалынған немесе химия ғылымына қатысы бар біраз заттарға химиялық көзбен қарайық.

Қазіргі кезде химия өнімдері біздің өміріміздің барлық салаларына, күнделікті тұрмысмызға кеңінен еніп отыр. Бізді қоршаған орта химия саласымен тығыз байланысты, сондықтан да химия күннен күнге, жылдан жылға тез қарқынмен дамуда, үнемі химияға байланысты жаңа заттар пайда болып отыр. Жедел қарқынмен дамып келе жатқан салалрдың бірі – ол күнделікті өмірде қолданылып жүрген – тұрмыс химиясы.

Тұрмыс химиясының негізі – ол үй іші жиһаздарын, киім-кешектерді, қабырғаларды тазалайтын заттар, ыдыс жуатын құралдар, косметикалық опа-далаптар, құрылыс материалдарын, синтетикалық жуғыш заттар даярлап шығару, олардың тұрмыста қолданылуын, әдіс-тәсілдерін оқушыларға кеңінен үйрету жағдайы қарастырылады.

«Химия тұрмыста » арнайы курсы 10 сынып оқушыларына арналған. Ол «бейорганикалық химия» және «органикалық химия» пәндеріне қосымша курс болып табылады.

Аптасына 1 сағатқа, жылына 34 сағатқа  есептелініп жасалған. Курсты оқыту барысында бейорганикалық та, органикалық та қосылыстар қарастырылған.

Бағдарламаның  мақсаты: Оқушылардың күнделікті өмірде жиі қолданылатын әр түрлі заттар туралы білімдерін кеңейту, оларды тұрмыста қолданылудың әдіс –тәсілдерін үйрету.

Бағдарламаның міндеттері:

1.     Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, әртүрлі заттардың күнделікті өмірде қолданылуын эксперимент жүзінде дәлелдеуі, ойын жинақтауды, өз бетімен ізденуін қалыптастыра отырып дамыту.

2.     Оқушылардың интеллектуалды және практикалық білімі мен дағдысын қалыптастыру.

3.     Оқушылардың ғылыми- зерттеу ізденісін, коммуникативті дағдысын, топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту.

4.     Оқушылардың керек материалдарды өз бетімен іздеп, қорытындылауға дағдыландыру.

Мамандыққа бағдар беру: Химия пәндік мүмкіндіктерін пайдаланып, оқушыларға кәсіптік бағдар беру қажет, өз жерінде сұраныс туғызатын мамандыққа баулуға жағдай жасау керек

Курсты жүзеге асыру формалары. «Химия тұрмыста »  курсында химия пәні бойынша білімдерін одан әрі меңгеру, оны оқыту үрдістерін түрлендіру арқылы жүзеге асырылады. Сабақ процесі лекция, семинар ,өздік жұмыс, лабораториялық және сарамандық жұмыстар арқылы талқылау, эксперименттік жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

 Курсты оқытуды аяқтау формалары:  Курсты қортындылау барысында оқушылардың жұмыс нәтижелерін бақылау үшін түрлі формалар қолданылады. Атап айтқанда рефераттар жазу, баяндамалар мен хабарламалар, буклеттер әзірлеу және т.б.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылдатын талаптар:

Химия пәні бойынша алдымен техникалық қауіпсіздік еске сақтау.

1.     Химиялық терминдерді дұрыс атау.

2.     Химиялық теңдеулер мен формулаларды дұрыс жазу.

3.     Лабораториялық жұмыстар жасау кезінде приборлар мен заттарды дұрыс ұстай білу.

4.     Заттарды аз мөлшерді құйып алу.

5.     Әр заттың құрамын анықтай білу.

6.     Құймалардың құрамын анықтай білу.

7.     Қарапайым судан кермек суды ажырата білу.

8.     Кез -келген химиялық заттардың қолданылу жолын білу.

9.     Химиялық заттардан уланған кезде алғашқы көмек көрсете білу.

10. Құрылыс материалдарын ажырата білу.

11. Дақтарды кетіру үшін дақ кетіретін заттарды дұрыс пайдалана білу.                               

                                             

                                               

 

 

 

 

 

 

 

                                               Мазмұны

 Кіріспе.Химия өмірде және тұрмыста.

І. Тақырып: Химиялық улы заттар. Химиялық заттардан улану. Газдардан, қышқылдардан, сілтілерден, фосфорлы заттардан т.б. улану.Алғашқы көмек көрсету.

ІІ.Тақырып: Химия және тамақ .Тамақ өнеркәсібі.Жасанды тағамдар.   Тағамнан улану.   Витаминдер.

ІІІ.Тақырып: Химиялық тазалау үйде Дақтарды кетіру.Майлы заттар, жеміс-жидек, қан дақтарын кетіру.Пальто, тері киімдерін тазалау.Кілем және мехтарды тазалау.

ІV.Тақырып:Талшықтар . Синтетикалық   және  жасанды    талшықтар.   Капрон, кеврал, лавсан, акрил,   ацетатты    т.б. талшықтар.

V.Тақырып:Синтетикалық жуғыш заттар: Сабын және ағартқыш заттар.Кермек су, тұзды су, олардың құрамы.Коррозия.Дақтар мен қақтар, оларды кетіру жолдары. Құймалар.

VІ.Тақырып:Химия сәндік үшін. Косметикалық заттар, олардың түрлері.Тісті күту.Тіс жуғыш заттар.Шаш, аяқ  киім т.б.  күтімі.

VІІ.Тақырып:Құрылыс материалдары. Лак, клей, гипс, краска, цемент, колер, алинекс т.б. Силикат өнеркәсібі. Шыны, оның түрлері.

VІІІ. Тақырып. Бау – бақша.Топырақ, оның құрамы.Минералды тыңайтқыштар, олардың жемістерге әсері. Бақшаларды күту.

ІX. Тақырып.    Синтетикалық    жоғары    молекулалы    қосылыстар

Пластмассалар.

Х. Тақырып: Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             Күнтізбелік жоспар  «Химия тұрмыста» 10класс

                      Барлық сағат саны 34, аптасына 1 сағат

 

Тақырыбы

Сағат саны

 

уақыты

 

Сабақтың түрі

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері

 

Зертханалық жұмыс, топсеруен, өзіндік жұмыс

 

1Кіріспе. Химия өмірде және тұрмыста

 

 

 

1

 

 

дәріс

 

Оқу,баяндау

 

 

2Химиялық улы заттар.

1

 

дәріс

 

Оқу,баяндау

 

 

 

 

3Химиялық заттардан улану. Алғашқы көмек көрсету.

 

 

1

 

ізденіс

пікірталас

 

4Химия және тамақ. Тамақ өнеркәсібі.

1

 

ізденіс

 

 

5-6Жасанды тағамдар.   Тағамнан улану.  

2

 

шығармашылық

Зерттеу әдістері

Өзіндік жұмыс

7.Дәрумендер.

 

1

 

конференция

пікірталас

Өзіндік жұмыс

8Химиялық тазалау үйде Дақтарды кетіру

1

 

семинар

пікірталас

Өзіндік жұмыс

9Майлы заттар, жеміс-жидек, қан дақтарын кетіру.

1

 

шығармашылық

Зерттеу әдістері

Өзіндік жұмыс

10Пальто, тері киімдерін тазалау.Кілем және мехтарды тазалау.

 

1

 

 

пікірталас

Өзіндік жұмыс

11Талшықтар . Синтетикалық   және  жасанды    талшықтар.

1

 

дәріс

Оқу, баяндау

Өзіндік жұмыс

12Капрон, кеврал, лавсан, акрил,   ацетатты    т.б. талшықтар.

 

1

 

Ізденіс.

пікірталас

 

13Синтетикалық жуғыш заттар: Сабын және ағартқыш заттар

1

 

семинар

пікірталас

 

 

14Кермек су, тұзды су, олардың құрамы.

1

 

 

 

Өзіндік жұмыс

15Дақтар мен қақтар, оларды кетіру жолдары.

1

 

шығармашылық

Зерттеу әдістері

Өзіндік жұмыс

16Химия сәндік үшін.

1

 

дәріс

Оқу, баяндау

 

17Косметикалық заттар,олардың түрлері.

1

 

семинар

пікірталас

Өзіндік жұмыс

 18Тісті күту.Тіс

Жуғыш заттар.Шаш, аяқ  киім т.б.  күтімі.

 

1

 

ізденіс

пікірталас

Өзіндік жұмыс

19Химиялық бояулар

1

 

дәріс

Оқу, баяндау

 

20-21Құрылыс материалдары

2

 

дәріс

баяндау

 

22Силикат өнеркәсібі. Шыны, оның түрлері

1

 

 

 

 

23Бау бақша.Топырақ, оның құрамы.

1

 

дәріс

Оқу, баяндау

 

24Минералды тыңайтқыштар, олардың жемістерге әсері.

1

 

семинар

пікірталас

 

25Бақшаларды күту.

 

1

 

дәріс

Оқу, баяндау

 

26-27Әшекей бұйымдар.Құймалар

2

 

конференция

пікірталас

 

28Дәрі-дәрмектер.

1

 

 

 

 

29Таза бұйымдар.

1

 

семинар

пікірталас

 

30Синтетикалық    жоғары    молекулалы    қосылыстар

 

1

 

дәріс

Оқу, баяндау

 

Мастиктер,желімдер.

1

 

шығармашылық

Зерттеу әдістері

Өзіндік жұмыс

32Пластмассалар.

1

 

конференция

пікірталас

 

33Қорытынды

1

 

дәріс

Оқу, баяндау

 

34Тест жұмыстары

1

 

 

 

 

 

                                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. М. Қазбеков.  Химия тұрмыста. Алматы, 1989ж.
  2. А.П. Козловский “Химия в быту” М., 1974г.
  3. В.Д. Корнеев. Окраска волос и прическа. М., 1982г.
  4. Н.В. Одноралов. “Полезные советы по прикладной химии” . М.,1967г.
  5. В.А. Войтович. Краска для дома. М., 1986г.
  6. П. Миладинов. Полезные советы и рецепты для всех. М., 1987г.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.(оқушылар үшін)

1.Шоқпарұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматы «Алматы кітап» 2007. 272 бет.

2.Гульмирова О. Қазақстан елімен сиқырлы саяхат. Шымкент: «Шикула и К» 2003. 192 бет

3.Сәулетбекова М.С Химия анықтамасы 8-11 сыныптар. «Арман-ПВ», 2005. 304 бет

4. Усманова М.Б. Химия.Алматы.»Атамұра», 2005. 239 бет

5.Т.С.Назарова, В.Н.Лаврова. Карты-инструкции для практических занятий по химии.

М.Гуманитар. изд. центр ВЛАДОС, 2005. 95 с

6.Қазбеков М.Химия тұрмыстаАлматы.Қазақстан. 1989, 208 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Факультативті курсының тақырыбы «Химия тұрмыста» (10 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 852 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.11.2015 3894
    • DOCX 29.2 кбайт
    • 156 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурмаганбетова Жадыра Жаксылыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20077
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 324 человека из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 138 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия")

Учитель химии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Курс повышения квалификации

Методика реализации образовательного процесса и мониторинг эффективности обучения по дисциплине «Химия» в соответствии с требованиями ФГОС СПО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 574 человека

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Личностное развитие и отношения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе