Инфоурок Информатика КонспектыФайлдар бумалар және белгішелер

Файлдар бумалар және белгішелер

Скачать материал

 

Сабақтың тақырыбы:   Файлдар,бумалар және белгішелер.Бумалар мен белгішелерді құру.Атын өзгерту.Объектілерді

                                               іздеу. Объектілерді көшірмелеу,орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері.

Сабақтың  мақсаты:  

Білімділігі: Оқушыларға файлдар,бумалар белгішелермен таныстыру және оларды қалай құру керектігін түсіндіру. Объектілерді іздеуді, көшірмелеуді, кірістіруді жылжытуды,орындарын аусытыруды үйрету. Объектілерді жойып қайта қалпына келтіруді, алмасу буферінің не екенін түсіндіру.

Тәрбиелігі:  Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, эстетикалық тәрбиеге бейімдеу. Жаңа сабақты ашу мақсатында ақыл-ой тәрбиесіне тәрбиелеу.

Дамытушылығы:  Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Шығармашылық қабілетін арттыру

Сабақтың типі:    Аралас сабақ

Оқыту  әдістері:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі:  интерактивті тақта,  компьютерлер,таратпа материалдары

Оқыту формалары:   жеке, ұжымдық

Сабақтың барысы:    

                          а) ұйымдастыру кезеңі

                            ә) үй тапсырмасын сұрау

                          б) жаңа  сабақ

                          в) жаңа сабақ бойынша шығармашылық жұмыс

                          г) бекіту

                          ғ) үйге тапсырма

                          д) қорытынды

а) ұйымдастыру кезеңі

Сыныппен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеу. Сабаққа назарларын аудару. Оқу кұралдарының толықтығын қадағалау.

ә) үй тапсырмасын сұрау

§9 тақырыпта сабақ сұрау.  Бақылау сұрақтарына жазған жауаптарын қарап шығу

Жаңа  сабақ

Компьютердегі барлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп аталатын арнайы жүйенің көмегімен қамтамасыз етіледі. Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар, бумалар және жарлықтар.

                Файл – байттардың әлдебір атауы бар тізбегі. Windows операциялық жүйесінде файл атының ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін. Файлдың атын жазу үшін мына символдарды қолдануға болмайды: \ / : < > |

Бума ақпаратты реттеу үшін құрылады.  Бума қайсыбір тәсілмен ақпаратты және файлдар мен бумаларды реттеу үшін  құрылады. Буманың файл сиқты аты және мөлшері бар. Бумалардың түрлері: Жүйелік бумалар. Буманы Файл - Создать - Папка командасын құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің бумалары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа бума белгішесі болады. Буманың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл» аты меншіктеледі.Windows операциялық жүйесін өзі құрып, тұтынушыға жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа терезеге орнын алмастыруға болмайды. Олар суреті бар белгішемен жабдықталады,мысалы  осы суреттегідей белгішеде болады. Жұмысшы бумалар. Тұтынушылардың өздері құрады. Оларға  Windows-те рұқсат етілген амалдардың бәрін қолдануға болады. Мұндай бумаларды олардың белгішелерін екі рет шерту арқылы ашады.

                Файлдар мен бумалардан басқа жарлықтарды да қөре аласыңдар. Жарлық – нысанға қолжетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші. Жарлық  программаны тез іске қосуға немесе файл мен буманы тез ашуға арналған. Мысалы, Microsoft Word мәтіндік редакторы сияқты программаны қарастырайық. Бұл программаның орындалатын файлы С:\ Progoram files\Microsoft Office\ (С-дискі, Progoram files ,бумасының ішкі Microsoft Office бумасында) мекен жайында орналасқан. Яғни, бұл программаны іске қосу үшін бірнеше терезе ашып, орындалатын файлды табу керек. Әрине, ешкім бұлай   істемейді. Себебі әрбір программа орнатылған кезде оның жарлығы жұмыс үстеліне және бас мәзірге орналастырылады. Бұл жағдайда программа жарлықты тышқанмен екі рет шерту арқылы іске қосылады.

Жарлықтың төменгі сол жақ  бұрышында сілтеменің суреті салынған. Қарапайым файлда немесе бумада мұндай сілтеменің суреті жоқ. Егер орындалатын файлды жойсақ ,онда программа жұмыс істеуін тоқтатады. Программаға ештеңе болмайды. Сендерге тек жаңа жарлық құру немесе программаны орындалатын файл арқылы ашу керек болады. Жарлықты кез келген нысан үшін оның түрінен тәуелсіз, программа ма әлде мәтін бе, болмаса бума ма, бәрібір,құруға болады.  Естеріңде болсын! Егер сендер тасығышқа, мысалы, флешкаға, жарлықты көшіресіңдер, онда басқа компьютерде  файлдарың  ашылмай  қалады. Ақпаратты тасымалдау үшін жарлықты емес файлдың өзін көшіру керек. Бумалар бірінің ішіне бірі кіруі мүмкін. Ақпаратты сақтаудың мұндай құрылымы бұтақталуы (иерархия) деп аталады.

                Компьютерде С:,D:, Е:, және т.б. латын әріптерімен белгіленген дискілер бар. Әр дискіде  өздерінің жаңа файлдары мен бумалары бар. Бұтақталған файлдық құрылымнан файлды табу үшін осы  файлға дейінгі жолды дұрыс көрсету үшін оның өзі кіретін дискі мен бумаларды тізбектеп көрсету жеткілікті. Файлдың атымен бірге жазылған файлға дейінгі жол файлдың толық аты деп аталады. Жаңа буманы құру қиын емес. Осы буманың ішіне өз қалауларыңша файлдар мен басқа бумаларды орналастыруларыңа болады. Жаңа буманы құру бұйрығы экранның  кез келген бос жерінде шақырылатын контекстік мәзірдің ішінде де бар.

Қызықты ақпарат Файлды немесе буманы қалай жасырамыз?

  1. Қажет нысан үстінде контекстік мәзірді шақырып, қасиеттер бұйрығын таңдаңдар.
  2. Жасырын (скрытый) атрибутын қанатшамен белгілеп, ОК батырмасын басыңдар. Файл немесе бума жоғалады. Шындығында ол компьютерде қалады, жай көрінбейтін файлға айналады. Көптеген тұтынушылар жасырын файлдар мен бумаларды аша алады. Сондықтан «Жасыру керек пе, жоқ па, соны ойланып алыңдар».

Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға (файлдарға,бумаларға және жарлықтарға) көбіне мынадай амалдар қолданылады:

·         Көшіру(нысанның көшірмесі дискінің басқа жеріне орналастырылады.) ctrl+c

·         Орын алмастыру(нысанның өзі дискінің басқа жеріне орналастырылады);

·         Жою;

·         Атын алмастыру (нысанның атауы өзгереді.)

Қатар орналасқан нысандар шектес нысандар деп аталады.  Қатар тұрған аралас нысандарды еркешелеу арқылы белгілеп алуға болады. Осы нысандарды Shift пернесін жібермей басып тұрып та ерекшелеуге болады. Әрқашан шектес нысандарды ғана ерекшелеу керек емес. Егер нысандар экранда бір-бірінен алшақ орналасса(олардың арасында басқа нысандар болса), онда оларды ерекшелеу үшін ctrl пернесін қолданады. Терезедегі барлық нысандарды ерекшелеу үшін Упорядочить – выделить все бұйрығы немесе ctrl+A пернелерінің тіркесімдері қолданылады. Нысандарды жылжыту және көшіру амалдары.

Алмасу буфері дегеніміз – компьютер жедел жадының Windows нысандарын уақытша сақтауға болатын арнайы аймағы.

Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін сендерге екі бұйрық: көшіру(копировать) және кірістіру (вставить) керек болады.Алмасу буфері көмегімен ныандарды жылжыту көшіру тәсілдері.  Бұйрықтарды пернетақтадағы пернелерді басып тұрып орындау керек:

Ctrl+C – көшіру

Ctrl+X – қиып алу

Ctrl+V – кірістіру (вставить)

Нысандарды жою және қайта қалпына келтіру тәсілдерін түсіндіру. Shift+Del

Жаңа сабақ бойынша шығармашылық жұмыс

Сұрақ – жауап әдісі

  1. Байттардың әлдебір атау бар тізбекті не дейміз? файл
  2. Файл атауының ең үлкен ұзындығы неше символ болады? 255
  3. Ақпараттарды реттеу үшін не құрылады? Бума
  4. Файлдың атауындағы шектеулерді атаңдар? \ / : < > |
  5. Нысанға қолжетімділікті  жеңілдететін нысанның сілтеме көрсеткішін не деп атаймыз? Жарлық
  6. Ctrl+C қызметі көшіру
  7. Ctrl+X қызметі қиып алу
  8. Ctrl+V қызметі кірістіру (вставить)
  9. Қатар орналасқан нысандарды не деп атаймыз?  Шектес насандар
  10. Барлық нысанды ерекшелеу үшін пернетақтада қай пернелерді басамыз? ctrl+A

Қосымша

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

1.      Белгілі бір объектіні іздеу аймағын табыңдар?

2.      Жұмыс үстеліндегі кез-келген буманың немесе файлдың атын өзгертіп көріңдер

3.      Объектілерді көшірудің жолдарын орындап көріңдер

4.      Жаңа бума немесе файлды құрып қайта өшіріп көріңдер

5.      Файлды немесе буманы бірінші жерден Ctrl+X – пернелері арқылы қиып алып  Ctrl+V – кірістіру (вставить) пернелері арқылы екінші жерге орналастырып көріңдер

 

Жаңа сабақты бекіту.

  1. Файлдың немесе буманың атын қалай өзгертеміз?
  2. Жүйелік бумаға қандай бумалар жатады?
  3. Жарлықтың белгішесі қандай болады?

Үйге тапсырма.

§11,12 тақырыптың түйіндерін жаттау және өзіңді тексер тесттерін орындау.

Қорытынды.  Сабақта  жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау

Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды тапсырмаларды дұрыс орындаған оқушыларды бағалаймын.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Файлдар бумалар және белгішелер"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-психолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 797 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.12.2015 2815
    • DOCX 1.4 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ильясова Гульмира Абдуалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ильясова Гульмира Абдуалиевна
    Ильясова Гульмира Абдуалиевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10940
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 40 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 94 человека из 34 регионов

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы преподавания информатики с учётом требований ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 51 региона

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 29 регионов

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе