Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту. Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері.

Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту. Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері.


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту. Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.

Қапшықтар-бұл қандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы тақырыптық белгісі бойынша: бір ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Басқа сөзбен айтқанда, қапшық-бұл аты аталған файлдар тобы.Windows 98- дің қапшықтары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде қапшықты кәдімгі ішіне қағаз беттерін- файлдарды салатын қапшықпен салыстыруға болады.Windows 98- дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар қапшықтарда сақталады. Қапшықтың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады.

Қапшықтың пиктограммасы болуы мүмкін. Қапшықтарда таңбашалар, файлдар және басқа қапшықтар да болуы мүмкін. Қапшық бос болуы да мүмкін. Қапшықта аты бірдей объектілер болмауы керек. Қапшықтың ішіндегісін қарап шығу үшін, маустың батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.

Қапшықтар екі түрлі болады:

-кәдімгі қапшық-каталогтар;

- арнайы қапшықтар (Менін компьютерім, принтерлер және т.б.)

Қапшықтарды құру оның құрылымы:

Қапшық элементтері: тақырып,меню,терезені басқару батырмалары,айналдыру жолағы,құрал саймандар тақтасы,қалып күй жолы.Қажет элементтер жиынын Бұл мына жолмен тандауға болады:Түр- Құрал -Саймандар және Түр Қалып күй жолы.

Терезеде жаңа қапшық құру:

Қапшықты ФайлСоздатьПапка командасын құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің қапшықтары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа қапшық белгішесі болады.Қапшықтың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады.Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл» аты меншіктеледі.

Жұмыс үстелінде жаңа қапшық құру:

Жұмыс үстелінің жаңа қапшықты орналастырмақшы болған жерінде маустың оң жақ батырмасын басу-контексті меню пайда болады.

СоздатьПапка комадасын орындау. Жұмыс үстелінде қапшық белгішесі пайда болады.

Қапшықтың атын енгізіп,енгізу пернесін басу.

Танбаша- бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиетібар пиктограмма,Объектінің тамғасы,компьютер үшін объектіге жол нұсқайтын командалық файл,ал пайдаланушы үшін жұмыс үстеліндегі

Немесе терезедегі жай белгіше,ол Windows98-дегі қандай да бір объектіге:файлға,қапшыққа,дискіге,компьютерге,принтерге т.б сәйкес келеді.

Танбаша жеке бір обьект емес,ол файлға сілтымы ғана.Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды.Танбашада мауспен екі рет шерту,файлға немесе қапшықтың белгішесіне екі рет шерту әсерімен бірдей.

Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды жылжыту мен көшіру

Windows объектілерімен жұмыс істегенде, оларды көшіру немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту қажет болады.

Объектілерді көшіргенде, объект бұрынғы орында қалады, ал көшірмесі жаңа орынға орналастырады. Қанша көшірмеқажет болса, сонша алуға болады. Объектіні жылжытқанда, ол жаңа орынға орналастырылады да, бұрынғы орыннан жоқ болып кетеді.

Объектілердіжылжыту мен көшірудің бірнеше жолы бар. Соларды қарастырайық:

  1. Тышқанның оң жақ батырмасының көмегімен.

Объектіні қапшықтың терезесінде жылжыту немесе көшіру үшін, тышқан нұсқағыш объектінің үстіне орналастырып, оның оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орын жылжытады да, батырманы босатады. Бұдан кейін экранда динамикалық меню пайда болады . Онда келесі: егер көшіру қажет болса, Копировать, жылжыту қажет болса, Переместить, таңбаша қажет болса, Создать ярлык командаларының бірін таңдауға болады.

  1. Тышқанның сол жақ батырмасының көмегімен.

Тышқанның сол жақ батырмасымен объектіні жылжытқанда, Ctrl немесе Shift пернелер қолдануға болады.

  1. Жылжыту кезінде Ctrl пернесі басулы тұрса, онда таңдалған объектілер файлдың типі және оның тағайындалған орнына қарамастан көшіріледі.

  2. Shift пернесі басулы болса, Windows объектіні жылжытады.

Объектілерді жабық қапшыққа көшіру және жылжыту

Объектілерді басқа қапшықтарға бұл қапшықтарды ашпай-ақ көшіруге немесе жылжытуға (ауыстыруға) болады. Ол үшін жабық қапшыққа орналастыратын файл белгішесін тышқанмен іліп алып, оны файлды орналастыратын қапшық белгішесіне тасымалдап, маустың батырмасын босату керек.

Меню командалары арқылы көшіру және жылжыту

Объектілерді жылжытуда ’’апарып қою’’ әдісі үнемі қолайлы бола бермейді. Сондықтан Правка менюінің Көшіру (Копировать), Қию (Вырезать) деп аталатын кандаларын пайдалануға болады. Бұл командаларды пайдаланғанда, ақпарат алдымен алмасу буферіне орналастырылады. Алмасу буферін пайдалану негізі Windows’98-дің барлық жүйелері мен қолданбалары үшін бірдей.

Алмасу буфері –жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі. Алмасу буферіндегі ақпарат оған жаңа ақпарат бөлігі келіп түскенше сақталады, ал содан кейін алдыңғы ақпарат жойылады.

Алмасу буферінің көмегімен деректерді әр түрлі құжаттар мен қолданбалардың арасында алмастырып отыруға болады. Алмасу буферін пайдалану үшін, алдымен деректерді оған орналастырып (сақтап) қояды да, содан кейін одан алып қажетті құжатқа кірістіреді. Бұл процедураны қиып алып кірістіру немесе көшіріп алып кірістіру процедурасы деп атайды.

Көшіру деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың Алмасу буферіне осы деректердің көшірмесі түрінде орналастырылуын айтады.

Қиып алу деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың берілген құжаттан алынып, алмасу буферіне орналастырылуын айтады.

Кірістіру деп қазіргі кезде алмасу буферінде бар ақпараттарды құжаттың қажетті жеріне кірістіруді айтады.

Алмасу буферіндегі ақпараттар компьютерді өшіргенше немесе онда басқа ақпараттар жіберілгенше сақталады. Алмасу буферіндегі ақпараттарды осы құжатқа, сондай-ақ Windows-тың басқа да қолданбаларына кірістіру үшін бірнеше рет қолдануға болады.


Копировать Вырезать және Вставить командаларын

пернетақтаның көмегімен объектілерді көшіру үшін Ctrl+C,

қиып алу үшін Ctrl+X, қажетті орынға кірістіру үшін Ctrl+V

пернелерін басып шақыруға болады.





Қапшықтардың, файлдардың немесе таңбашалардың аттарын өзгерту

Объектілердің аттарын өзгертудің бірнеше әдістері бар:

  1. Объектіні белгілеп тышқанның оң батырмасын басу, қосымша менюден Переименовать командасын орындау

  2. Белгіленген объектінің қапшық терезесінің менюдегі Файл – Переименовать командасын орындау

  3. Объектіні делгілеп оның атында тышқанның батырмасын шерту, жаңа ат жазу

  4. Объеектіні белгілеп Ғ2 пернесін басу, жаңаат жазу

Қапшықтарды, файлдар мен таңдашаларды жою

Объектіні немесе объектілер тобын жоюдың бірнеше жолы бар:

1.Объектіні белгілеп, Delete пернесін басу

2.Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Файл командасын басу

3. Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Файл - Удалить командасын басу

4.Объектіні немесе объектілер тобын белгілеп, тышқанның сол батырмасын басып тұру арқылы Себет (Корзина) белгішесіне апару

Өшірілген объектілер Себетте (Корзинада) оны жойғанша немесе қалпына келтіргенше сақталады. Себеттегі объектіні қалпына келтіру үшін, оны белгілеп Файл – Востановить командасын орындау керек немесе тышқанның оң батырмасын шертіп қосымша менюден Востановить командасын орындаймыз.

Себетті тазалау

  1. Себетті ашу, файлдарды белгілеп Delete пернесін басу.

  2. Себет белгішесінде тышқанның оң батырмасын шертіп, қосымша менюден Очистить корзину командасын орындау.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Объектілерді көшіру мен жылжыту дегеніміз не?

  • Объектілерді көшірудің қандай жолдары бар?

  • Объектілерді жылжыту әрекеті қалай орындалады?

  • Алмасу буфері дегеніміз не?

  • Объектілерді жоюдың қандай жолдары бар?

Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар, бумалар және жарлықтар

Файл- байттардың әлдебір атауы бар тізбегі

Жарлық- нысанға қолжетімділікті жеңілдететін, нысанның Сілтеме көрсеткіші

Файлдың атауы екі бөліктен тұрады. Сол жақ (аты) және оң жақ (кеңейтілімі) бөлімдерінен тұрады

Жарлықтың төменгі сол жақ бұрышында сілтеменің суреті салынады.

Бумалар бірінің ішіне бірі салынуы мүмкүн. Ақпаратты сақтаудың мұндай құрылымы иерархия деп аталады.

файлдар

қапшықтар

hello_html_5c66e5c4.png


Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға көбіне мынадай амалдар қолдануға болады:

  • көшіру

  • орын ауыстыру

  • жою

  • атын ауыстыру

Кез –келген амалды Windows терезесінде бірнеше тәсілмен орындауға болады. Ең жылдам орындалатын пернетақталық тәсіл.

Windows-тің алмасу буфері дегеніміз-компьютер жедел жадының Windows нысандарын уақытша сақтауға болатын арнайы аймағы.

Көшіру-Ctrl + C

Қиып алу- Ctrl + X

Кірістіру- Ctrl + V

Қоржынға жойылған нысанды қайта қалпына келтіруге болады.

Оқулықтың 107 бетіндегі бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау

Үй тапсырмасы: № 11-12 тақырыптарды оқу








Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту. Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері.

Сабақтыңмақсаты:

а)Білімділігі:білімділікке,сауаттылыққа,ойлауұшқырлығындамыту

ә)Тәрбиелігі:икемділікқасиетіменшабыттыболуғақалыптастыру

б)Дамытушылығы:оқушылардыңойлауқабілетіменқызығушылығынарттыру

Сабақтыңтүрі:Аралассабақ

Сабақтыңкөрнекілігі: компьютерлер,топтамалар, тестсұрақтарыт.б.

Қапшықтар-бұл қандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы тақырыптық белгісібойынша: бір ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Басқа сөзбен айтқанда, қапшық-бұл аты аталған файлдар тобы.Windows 98- дің қапшықтары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде қапшықты кәдімгі ішінеқағаз беттерін- файлдарды салатын қапшықпен салыстыруға болады.Windows 98- дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар қапшықтарда сақталады. Қапшықтың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсетеалады.

Қапшықтың пиктограммасы болуы мүмкін. Қапшықтарда таңбашалар, файлдар және басқа қапшықтарда болуы мүмкін. Қапшық бос болуы да мүмкін. Қапшықта аты бірдей объектілер болмауы керек. Қапшықтың ішіндегісін қарап шығу үшін, маустың батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.

Қапшықтар екі түрлі болады:

-кәдімгі қапшық-каталогтар;

- арнайы қапшықтар (Менін компьютерім,принтерлер және т.б.)

Қапшықтарды құру оның құрылымы:

Қапшық элементтері: тақырып,меню,терезені басқару батырмалары,айналдыру жолағы,құрал саймандар тақтасы,қалып күй жолы.Қажет элементтер жиынын Бұл мына жолмен тандауға болады:Түр- Құрал -Саймандар және Түр Қалып күй жолы.

Автор
Дата добавления 30.04.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров424
Номер материала 259864
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх