Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Файлдар, бумалар және жарлықтар

Файлдар, бумалар және жарлықтар


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Мектеп: ММИ Жамбыл атындағы мектеп

Пән мұғалімі: Октябрь Наурызгүл

Пән: Информатика

Сынып: 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары туралы оқушыларға түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, білім білік дағдыларын жетілдіріп, белсенділігін дамыту, пәнге деген қызушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Білім мен икем дағдыны бекіту сабағы

Сабақ түрі: Жаңа сабақты түсіндіру

Көрнекілігі: Оқу құралдары, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезең.( 2 мин )

II. Үй тапсырмасын тексеру.( 2 мин )

III. Өткен тақырыпты қайталау. (Ауызша-Ғажайып алаңы) ( 6 мин)

IV. Жаңа сабақты меңгерту. ( 5 мин )

V. Жаңа тақырыпқа арналған тапсырмалар (15 мин)

VІ.Жаңа сабақты қорытындылау. (Тест) (10 мин)

VІІ. Үйге тапсырма. (1 мин)

VІІІ. Бағалау. ( 2 мин )

ІХ. Қортындылау. (Түйіндеме) ( 2 мин )


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыны түгендеу, сабаққа даярлау. Оқушыларды екі топқа бөлу:

1. «Ақпарат» тобы (І қатар оқушылары)

2.«Компьютер» тобы (ІІ қатар оқушылары)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

(10-шы тақырып бойынша №10 тест.)

ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау.

«Ғажайып алаң» ойыны (ауызша сұрақтар).

Сұрақтар:

1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

(Операциялық жүйе компьютердің жұмысын басқаратын басты программа)

2. Сіздер қандай ОЖ-ны білесіңдер?

(Windows XP, Windows 7, Windows 8 т.б.)

3. Терезе дегеніміз не?

(Терезе – экранның қоршауларымен шектелген тікбұрышты аймағы)

4. Терезелердің түрлерін атаңыздар?

(бумалар терезесі, қосымшалар терезесі, сұхбаттық терезелер, анықтама терезелері)

5. Білім туралы мақал-мәтел айт

6. 2,4,8, - қандай сандар ? ( жұп)

7. 3,5,7, қандай сандар ? ( тақ )

8. Мәтінді шығару құрылғысы (принтер)

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Файл дегеніміз не? Файл – аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама, не құжат болуы мүмкін. Windows операциялық жүйесінде файл атының ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін. Файлдың атын жазу үшін мына символдарды қолдануға болмайды: \ / : * < > |

Бумалар (папка) ақпаратты және файлдарды реттеу үшін құрылады. Буманың, файл сияқты аты және мөлшері бар.

Бумалардың түрлері:

1. Жүйелік бумалар. Windows операциялық жүйесін өзі құрып, пайдаланушыға жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа терезеге орнын алмастыруға болмайды. Олар суреті бар белгішелермен жабдықталады, мысалы: hello_html_m2ea66afe.png hello_html_m2ea66afe.png - жүйелік бумалар белгішелерінің үлгісі

2. Жұмысшы бумалар. Пайдаланушылардың өздері құрады. Windows-те рұқсат етілген амалдардың бәрін қолдануға болады. Олар келесідей стандартты белгімен жабдықталады: hello_html_2e3be358.png

Мұндай бумаларды олардың белгішелерін екі рет шерту арқылы ашады.

Жарлықтар (ярлык)– нысанға қолжетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші.

Ол келесідей түрде hello_html_m6103bcb9.png белгіленеді.

V. Жаңа тақырыпқа арналған тапсырмалар

1. Сәйкестендіру

І топ -«Ақпарат» тобы ІІ топ-«Компьютер» тобы


Прямая со стрелкой 11Ақпарат латынның қандай сөзінен шыққан

процессор


Прямая со стрелкой 15Прямая со стрелкой 18Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылысы

255

Прямая со стрелкой 10Прямая со стрелкой 14hello_html_6c7a8c11.jpg

255

Прямая со стрелкой 16Прямая со стрелкой 20hello_html_m6103bcb9.png

колонка

Прямая со стрелкой 13Компьютердің миы

терезе

Прямая со стрелкой 17Компьютерден өшірілген құжаттар қайда сақталады?

монитор

Прямая со стрелкой 12Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым

бума

Прямая со стрелкой 19Файл атының ұзындығы неше символ ға дейін болуы мүмкін

бит

Windows сөзінің қазақша атауы

informatio

Ақпараттың ең кішкентай өлшем бірлігі

жарлық

Файл атының ұзындығы неше символ ға дейін болуы мүмкін

информатика

Дыбыс шығару құрылғысы

корзина


2. Суреттерді сәйкес папкаға сал: Файлдар, Жарлықтар, Бумалар

hello_html_6c7a8c11.jpghello_html_m49c7df5c.pnghello_html_m6103bcb9.pnghello_html_m49c7df5c.pnghello_html_2e3be358.pnghello_html_2e3be358.pnghello_html_2e3be358.pnghello_html_m113fcece.pnghello_html_m49c7df5c.pnghello_html_m113fcece.png

3Group 171. Ребусты шеш (І топ)








Ребусты шеш (ІІ топ)

hello_html_6370654d.gif








VІ. Жаңа сабақты қорытындылау.

Тест

1. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады?

А) файл

B) бума

C) программа

D) құжат

2. Жарлық – ол:

А) Нысанға көрсететін, оған қол жеткізуді жеңілдететін сілтеме

B) Нысанға қол жеткізуді жеңілдететін бума

C) Арнайы түрде құрылған файл

D) Мәтіні бар файл

3. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны:

А) 100

B) 200

C) 50

D) 255

4. Буманы ашу үшін не істеу керек?

А) Осы буманы тышқанның сол жақ батырмасымен бір рет шерту

B) Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен бір рет шерту

C) Осы буманы тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шерту

D) Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен екі ретшерту

5. Басқа буманың ішіндегі бума қалай аталады?

А) ішіне салынған

B) ата-аналық

C) каталог

D) түпкі

6. Белгіше hello_html_6c7a8c11.jpg игры – ол:

А) файл

B) бума

C) жарлық

D) компьютер

7. Белгіше hello_html_m6103bcb9.png игры – ол:

А) файл

B) бума

C) жарлық

D) компьютер

8. Белгіше hello_html_33054592.png – ол:

А) жүйелік бума

B) жұмысшы бума

C) жарлық

D) файл

9. Файлға дейінгі толық жол: C: \кітап\әңгіме.txt. Файлдың аты қалай?

А) \кітап\әңгіме

B) \кітап\әңгіме.txt.

C) txt.

D) әңгіме.txt.

10. Отправить→Рабочий стол (Создать ярлык) бұйрығы:

А) Бумада көрсетілген нысан үшін жарлық құрады

B) Бумада көрсетілген нысан үшін жарлық құрады және оны Жұмыс үстеліне жөнелтеді

C) Көрсетілген нысанды жарлыққа ауыстырады

D) Жаңа бума құрып, оның ішіне жарлық құрады.


Тестті бағалау парағы

Бағасы

9-10

5

7-8

4

5-6

3


VІІ. Үйге тапсырма.

&11, бақылау сұрақтарына жауап беру, тапсырмаларды орындау (94-ші бет).

«Информатика» сөзінен сөз құрастыру.


VІІІ. Қортындылау. Түйіндеме.

ХІ. Бағалау.

Бағалау парағы

Оқушылардың тізімі

Үй

тапсырмасы

Өткенді қайталау (ауызша)

Тапсырмалар

Қорытындылау (тест)

Бағалау

1

Әліқұл Құралай






2

Байдалин Темирлан






3

Боранбаева Майра






4

Ерсін Диас






5

Жақсылықова Феруза






6

Нүрпейіс Томирис






7

Каримжанова Асель






8

Мұратова Ақтұрсын






9

Тұрғанбай Болат






10

Умарова Фатима






11

Умарова Зухра






12

Саматова Гүлсая






13

Сейдакпар Керімбек






14










Автор
Дата добавления 27.09.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров244
Номер материала ДБ-216752
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх