Инфоурок Физика Научные работы«Физика пәні сабақтарында топтық жұмыс технологиясын пайдаланып, студенттердің оқу- танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру»

«Физика пәні сабақтарында топтық жұмыс технологиясын пайдаланып, студенттердің оқу- танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру»

Скачать материал

Физика пәні сабақтарында  топтық жұмыс  технологиясын  пайдаланып,  студенттердің  оқу- танымдық құзыреттіліктерін  қалыптастыру

 

Бүгінгі күні барлық педагогтардың алдында жан-жақты дамыған, құзыретті тұлға қалыптастыру міндеті қойылған. Сондықтан, білім беру жүйесінде түрлі елдердің озық тәжірибелері мен инновациялық технологиялары ұсынылып келеді. Пәндік білім беру кезінде біз өз тәжірибемізде осы технологияларды түрлі әдіс-тәсілермен жүзеге асырып жатырмыз. Барлық технологияның түпкі мақсаты бір: бүкіл сыныпты оқыту мәселелеріне тартып, топтық, өзіндік және жеке жүргізілетін зерттеулерге қатысты жұмыстарды дамытуға бағытталған. Жаңа технологиялардың түрлері өте көп. Тек педагог мамандар білім беру технологиялары саласында мықты дағдыларды игеріп, оқытудың тиімді құралы ретінде оларды қалай пайдалану әдістемелерін меңгерулері тиіс.

Өзімізге белгілі педагогтарға жылдан-жылға балалардың психолгиялық ахуалына мән беру қажеттілігі артып, олардың өзіндік пікірімен санасуға, құзыреттілік қажеттіліктерін ескеруге тоқталу керек болып отыр. Бұл тұста көпшілік балалардың өзара әрекеттесуі арқылы кез-келген ақпаратты тез әрі жылдам, ең маңыздысы түсінікті етіп қабылдауы топтық жұмыс жүргізудің негізі болып отыр. Соңғы уақытта көпшілік педагогтар сабақтарында балаларды топтастырып өткізуді жиі қолдануда. Мұны сабақта қолданатын әдіс-тәсіл ретінде қарастырғанға қарағанда тұтас құрылым, технология түрінде қарастырған  жөн деп ойлаймын. Себебі: топтастырудың өзіндік түсінігі, маңызы, ережелері, оқытушы мен оқушының ролі, топтағы әрбір мүшенің қызметі, нәтижесі болады.

Назарларыңызға өз тәжірибемде қолданылып жүрген топтық жұмыс технологиясының мүмкіндіктерін ұсынғым келеді. Өзге технология түрлері секілді топтық жұмыс технологиясы белсенді оқу ортасын қалыптастыруға негіз болады.

Өзектілігі: жеке тұлғаны дамыту мен қалыптастыру үдерісінде топтық жұмыс технологиясының тиімділігін байқау. 

Мақсаты: пәндік білім игертуде белсенді оқу ортасын құру; жеке тұлғаның құзыреттілігін дамытуда анағұрылым жақсы нәтижеге қол жеткізу; топтық жұмыс технологиясының маңыздылығын аша түсу.

Міндеттері: топты ұйымдастыру, олармен жүйелі жұмыс жасау ережелерін білу; пәндік білім беруде топта жұмыс істеу қажеттілігін түсіну; топтық жұмыс технологиясын қолданудың нәтижесін ұсыну.

Зерттеу объектісі: топтық жұмыс

Күтілетін нәтиже: 1. Әлеуметтік: тәжірибемен және идеялармен алмасады; мәселені бірлесіп шешудің амалын табады; барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізеді. 2. Танымдық: жұмыстың баламалы амалдары туралы идеяларды ұсынады, пікір алмасады; маңызды дағдылар мен түсініктерін дамытады. 3. Эмоционалдық: топтың жекелеген мүшелерінің білімі мен тәжірибесіне сүйенеді; күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы орта қалыптасады.

Топтық жұмыс технологиясының теориялық сипаттамасына тоқталып кетейін.

Топтарда жұмыс жүргізу жоғарыда айтып кеткендей белсенді оқу ортасын құруға негізделеді. Белсенді оқу – пәндік білім игерудің маңызды тұсы. Ол оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір–бірімен әңгімелеседі, осы әңгімелесу арқылы оқуды жүзеге асырады.

Топтарда қалай жұмыс істеуге болады? Топтық жұмыстың артықшылығын барынша күшейту үшін, оқытушылар және олардың студенттерді қадағалау жүргізудің және қарым­ – қатынас жасаудың жеке тұлғалық ерекшеліктерін, өзінің пікірін білдіру және басқаларға қолдау көрсету дағдыларын біліп, оларды дамыта алғандары маңызды. Бұл дегеніміз: аудиторияның психологиялық ахуалын назарда ұстай отырып, топтық жұмыстың ережелеріне сәйкес ұйымдастыра алу.

 Топты ұйымдастырудың түрлі тәсілдері бар. Кездейсоқ іріктеп алынған топтар, жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай топтастыру, жақын жостар топтарын біріктіру т.б. Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан құрылған кез-келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стиліне икемделіп, бейімделуге уақыт талап етіледі. Табысты топтар белгіленген мақсат, міндеттерді тез анықтауға ұтымды әрекет жасайды. Керісінше болған жағдайда жұмыс мазмұнын түзетуге дайын болу керек.

Топ мүшелерінің саны да тапсырманы орындауда маңызды болып табылады. Шағын топтар (4-6 адам) шектеулі қысқа уақыт аралығында тиімді жұмыс істей алады. Үлкен топтарда студенттердің көңілі басқаға ауып, тәртіптерінің бұзылуына ікелуі мүмкін. Оқытушы нақты тапсырманы ұтымды орындату үшін топтың қандай көлемі қажет екенін анықтап алуы қажет.

Оқытушының рөлі. Топтық жұмысты оқытушы ұйымдастырады және қолдау көрсетіп отыруы тиіс. Тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беруі қажет. Топпен ақылдасып, бірлесіп ұсынылған жұмысқа бағалау жүргізілетінін және оны өздері жасайтынын түсіндіру керек. Көпшілікке ұсынылмас бұрын топтағы жұмыстарға бағдар жасап, түзету енгізу, дұрыс нұсқаға жақын жауап түрлерін ұсыну, әлі де талқылау қажеттілігін ескеру секілді дамыту жұмыстарын қадағалап отыру маңызды. Себебі, ортаға ұсынылатын жұмыстан өзге топтардың жаңа  ақпарат алулары көзделеді. Бір топты бірнеше топтарға топтастыру кезінде олардың өзара жарысуын емес, тиімді ақпарат алмасуын қамтамасыз етуді қадағалап отыру қажет.

Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыстың дағдыға айналуы барысында сабақ мақсатын өздері құруға, бағалау критерийлерін құрастыруға қол жеткізуге болады. Бұл көрініс нақты жүзеге асқанда сіздің пәндік миссияларыңыздың дұрыс орындалып жатқаны деп айтуға толық негіз болады. Стандартта бекітілген тақырыпты меңгертуде топтық жұмысты күнде жүргізу тиімсіз деп есептесеңіз жиі қолданып көру ұсынылады.

Тәжірибеден мысал келтіре кетсем. Топ студенттерінің топтық жұмысты қалайтын, қаламайтындығын анықтау – осы технологиямен жұмыс жасаудың алға шарты. Сондықтан балалардың пікірін назарға алдым. Оқу жылының басында бірінші курсқа келген студенттерден сауалнама алу арқылы тақырыпты түсінуде өздері ұсынатын тәсілді белгілеуді ұсынған болатынмын.

Төменде берілген тәсілдердің қайсысын қолданғанда сізге жаңа тақырып түсінікті болар еді?

 

(Үш нұсқаға дейін көрсетуге болады)

Р\с

Тәсілдер

Себебін жазыңыз

1

Лекция оқығанда

 

2

Өзіңіз оқығанда

 

3

Аудио-видео материалдармен түсіндіргенде

 

4

Презентациямен түсіндіргенде

 

5

Оқытушымен талқылағанда

 

6

Практика жасап көргенде

 

7

Достарыммен талқылап, талдап, қорытындылағанда

 

Нәтижесінде 3,5,7 – тәсіл көп белгіленген және түсінік жазған.

Физика пәнінде теориялық тақырыптарды, практикалық тақырыптар мен еспетерді шешкенде бірлескен достардың әрекеті, шешімдері жекелей тапсырмалардың дұрыс орындалуына айтарлықтай әсерін тигізеді. Құбылыстың пайда болуын, оның күнделікті өмірде қай жерде кездестіретіндерін, ондағы негізгі түсініктер мен формулаларды, тақырып арқауы болатын автор туралы мәліметті әр топ құрамында жекелей қарастырып, бір ортада талқылайтын болса нәтиже көзге көрінердей -ақ байқалады.

«Деформацияның» түрлерін екі-екіден топтарға бөліп, түсіндіруін тапсыру, оны топтар арасында талқылау жақсы нәтиже көрсетті. «Идеал газ» тақырыбында идеал газ, молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі деген түсініктерді топ арасына талқылату, өзара бағалау жүргізу, оған интерпретация жасау–бұл бір-бірінен ажырамас топтық жұмыстың нәтижеге бағыттайтын құрылымы. Тағы бір мысал: «Кулон заңы» тақырыбында сын тұрғысынан ойлауға бағытталған тапсырмалар құрастыруға болады. Оң, теріс зарядқа мысал болатын заттарды болмаса макетін (электорметр, қағаз, тарақ, янтарь таяқшасы, мата т.б) қолдарына ұстата отырып, тақырыпты ашамыз деген тапсырма берілді. Балалардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктеріне назар аударатын болсаңыз кинестетиктер бұл тақырыпты заттармен түсіндіру арқылы тез қабылдайды және өзге достарына ақпаратпен алмасуға құштарлық білдіреді. Өйткені оны өз қолымен ұстап, көріп, сезіне отырып қорытынды жасап тұр.

Физика пәнінде топтық жұмыс технологиясын қолдануда жеңілден – қиынға өту бағытын ұстану өте тиімді. Себебі, топтық жұмыстың сабақ уақытының көп бөлігін алмауы басты қағида. Балалар бірте-бірте тез әрекет жасап, нақты шешім қабылдауға бағытталуы қерек. Қиынға өту бөлігінде нақты мәліметтерге ұқсас өзге де ақпараттар (оқулықтан тыс) ұсынуға қалыптасыру қажет. Бұл тұста ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланған абзал.

Қорытындылай келе топтық жұмыс технологиясын өз пәнімде қолдану арқылы төмендегідей көзге көрінетін нәтижелерге қол жеткіздім.

1. Студенттер тарапынан тиімді топтық қарым-қатынас белгілері көрінді. Атап айтар болсам: балалар кезепен сөйлеуді, белсенді тыңдауды, сұрақ қоюды, ұсыныс жасау мен өз ойларын айтуды, көмектесу, топтық шешімдер қабылдауды, талқылаудың қорытындысын шығарып дәйекті айғақтар келтіруге бағытталды.

2. Өзімнің оқыту бағытымнан уақытты ұтымды жоспарлау, инновациялық көзқарастар мен идеяларды әріптестеріммен талқылау, топтағы жұмысқа қандай да бір жеке-дара қызмет немесе ойластыру қажет пе екендігін анықтау, топтарға тапсырманы дұрыс бөліп беруді ұйымдастыру сияқты өзгерістерді байқадым.

Жұмысымды қорытындылай келе педагог ғалымдармен ұсынылған «Оқуды үйрететін» білім ортасын құруда ұстанатын сегіз тезисті әрбірімізге қолдануды және нәтижесін байқап көруді ұсынамын.

1. Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланысты.

2. Оқыту студенттің бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады.

3. Осы байланыстарды дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешу үдерісін толыққанды қатыстыру қажет.

4. Студенттерге гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт беріңіз.

5. Студенттердің бірін-бірі оқытуына мүмкіндік беріңіз.

6. Белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемі шектеулі болуы керек.

7. Оқытуышар студенттерге рефлексияны ынталандыру және өз идеяларын ойластыру арқылы алған білімдерін қорытындылап талдауға көмектесуі тиіс.

8. Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы тиіс.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Физика пәні сабақтарында топтық жұмыс технологиясын пайдаланып, студенттердің оқу- танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 297 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.02.2017 1176
    • DOCX 22.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Уйсембаева Нургуль Мусакановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2070
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Курс повышения квалификации

Информационные технологии в деятельности учителя физики

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 866 человек

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Уникальный образ как педагога: основные принципы позиционирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек