Инфоурок Физика СтатьиФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Скачать материал

ФИЗИКА  ПӘНІН ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА  ЭЛЕМЕНТТЕРІН  ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

 

П.С.Күздеубаева,

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы

техникалық колледжінің оқытушысы

 

Халық педагогикасымен ұзақ жылдар бойы айналысып, зор үлес қосқан көрнекті ғалым Г.Н.Волков педагогикалық әдебиеттерге тұңғыш рет «этнопе-

дагогика»деген ұғымды енгізді.«Этнопедагогика- халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым. Халық педагогикасы- халық ауыз әдебиетінде, салт- дәстүрлерінде, ырымдарында, ойындарында кездесетін педагогикалық мағлұматтар мен тәр-биелеу тәжірибесінің жиынтығы. Этникалық педагогика тарихи жағдайда

қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді. Онда- халыққа қажетті қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, әдіс- құралдардың, тәсілдердің жиынтығы мен өзара байланысы қарастырылады» -дей келе, оның зерттеу тақырыбы- тәрбие,ал тәрбие обьектісі- адам, «тұлға»,- дейді Г.Н.Волков.

 Этнопедагогика пәнінің мақсаты- халықтық салт-дәстүрді, ұлттық өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қастерлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін жан-

жақты жетілген, саналы, намысқой азамат тәрбиелеу.

Этнопедагогиканың зерттеу обьектісі – халық педагогикасы. Халық педаго-

гикасы халықтардың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген

бай тәжірибесінің эмприкалық жиынтығы.

  Бұл пәннің көздейтін мақсаты- халықтық тәрбие түрлерін жастар бойына сіңіріп , білім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, нарықтық бәсекелестік жағдайында өмір сүруге икемді, жан- жақты жетілген азаматтарды  тәрбиелеп шығару.

  «Қазақстан Республикасының 12 жылдық оқыту мерзіміндегі жалпы орта

білім беру тұжырымдамасында» қазіргі мектеп білім берудің тұлғалық – бағдарланған стратегиясының негізгі мақсаты оқушыларға деңгейлік түрде білім беру емес, олардың табиғи қабілеттері мен әлеуметтік мүдделеріне баса назар аудара отырып, өмірлік жоспарларын жүзеге асыруларына кең мүмкін-

діктер жасайтын білім кеңістігін құру екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты жаратылыстану пәндерін оқыту барысында халықтық педагоги-

 ка элементтерін пайдалану оқушылардың танымдық іс- әрекеттерін дамыту-

ға зор септігін тигізері сөзсіз.

Халықтық педагогика элементтерін жаратылыстану пәндері сабағында қолда-

нудың маңыздылығы – білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырып, оқушының өмірге өзіндік көзқарасын, өзін қоршаған ортада-

ғы әр түрлі қоғамдық ой- пікір, ұлттық құндылықтарды оқушы санасында байланыстыра білу негізінде ұлттық мәдениет пен рухты сақтауға тәрбиелейді.

 Халықтық педагогика- дана ғылым. Ол ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрле-

рінің , мәдени ойлау процесінің озық үлгілерінің жиынтығы. Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай «Ұлттық мәдениеттен жұрдай таза

тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» деген болатын. Біздің қоғамымыздың ертеңгі болашағы- жастар. Сондықтан қазіргі таңда қазақ мектептерінің алдында ұлттық сана- сезімін оятып, тәрбиелеп қана қоймай, халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тіл, дін, тәрбие, ұлттық салт -дәстүрлер, үлгі- өнегені үйретіп, адам  бойына сіңіріп, күнделікті тіршілікте пайдалана білуге үйрету міндеттері тұр.

  Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбек сүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халықтық педагогиканың негізгі мақсатын оқу- тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті.

Жаратылыстану- кең өрісті ғылым.Соның ішінде физика пәні қазіргі замандық оқыту жүйесіндегі іргелі пәндердің бірі. Әрбір жасөспірімдердің қалыптасып дамуында өздері күнбе- күн өмірден сезінетін, еститін, көретін заттар мен құбылыстар үлкен орын алады. Сол себепті бұл  пәнді оқыту барысында мысалдарды алыстан іздемей- ақ халықтың пайдаланып келген ұлттық құрал- саймандарын, ұлттық атаулары мен жәдігерлерін қолдануға болады.

     Халықтық  педагогика мен халықтық психология тағылымдарын пайдалану,

физика пәнінің әр тарауынан өткізілген сабақ түрлері оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, материалды толық меңгеруге көмектеседі. Сонымен бірге оқушылардың ой- өрісін дамытып, өзіндік пікір айтуға үйретеді.

  Енді біз қазақтың әдет- ғұрып, салт- санасында кездесетін кейбір элементтерді  физика сабағында қолдануға мысалдар келтірейік. « Молекулалық физика және жылу құбылыстары» физиканың негізгі бөлімдерінің бірі. Молекула  кинетикалық теорияның негізгі қағидаларының тәжірибелік  дәлелдемелері «Броундық қозғалыс» және «диффузия» құбылыстары арқылы түсіндіріледі. Диффузия құбылысын түсіндіру барысында айран ұйыту, құрт қайнату, нан ашытудың қалай орындалатынын айтып кеткен орынды. Айран ұйытқанда немесе нан ашытқанда судың жылы болуы, температура  жоғарылаған сайын молекулалардың бір заттан екінші затқа өтуі шапшаң жүретінін көреміз.

  «Броундық қозғалыс» тақырыбын тартымды етіп өткізу үшін денедегі молекулалардың хаосты қозғалысын 1827 жылы ағылшын ботанигі Р. Броун

тұңғыш рет бақылағандығын түсіндіре келе, күбіге айран піскенде майдың түсуі, қатты дене бөлшектерінің сұйықта қалықтаған қозғалыс екенін жатық тілмен әңгімелейміз.

   Ал «жылуөткізгіштік» тақырыбын оқытқанда малдың, аңның терілерінен тігілген киімнің жылуды жақсы сақтайтынын түсіндіре отырып, қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктерін айтып өткен жөн. Осы тарау барысында

оқушыларды шығармашылыққа баули отырып олардың ой- өрісін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында халқымыздың ұрпақтан- ұрпаққа мирас болып келе жатқан бай қазынасы -  киіз үй туралы түсінік беріледі.

 Киіз үй - ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы.

Оның  ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, төбесі жадағай емес күмбез болып келгендіктен жаңбыр өтпейді. Салқын болуы конвекцияға байланысты.Киіз үйдің шаңырағын жауып тұрған түндік қазіргі кездегі терезенің ашпалы көзін және мұржаның ролін атқарады.Түндіктен кірген салқын ауа төмен түсіп жылы ауа мен суықта жағылған оттың түтіні сол арқылы сыртқа шығады. Киіздің жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан  киіз аптап шілдеде сая, ызғырықта жылы баспана болуын қамтамасыз етеді.

 Қатты денелерде болатын деформацияның түрлерін( иілу, бұралу, майысу) қарастырғанда киіз үйдің сүйегін, яғни уық, кереге, шаңырақ, табалдырық, маңдайшаларын қандай ағаштан иіп, майыстырып жасайтынын түсіндіру  оқушылардың пәнге деген ынтасы мен қызығушылығын арттыруға себеп болады.

 Физика пәнінен белгілі бір тақырыпты өткен кезде мысал ретінде мақал-мәтелдерді дұрыс қолдану тақырыптың тәрбиелік және физикалық мәнін ашуға септігін тигізеді.Мақал-мәтелдер ауызша халықтық поэтикалық шығармашылықтың ең белсенді және кеңінен тараған ескерткіштерінің бірі.

 Көптеген мақалдар табиғат көріністерін бейнелеп, оларды өмірмен, түрлі тұрмыстық жағдайлармен тығыз байланыстырып отырады. Әрбір мақал-

мәтелдің физикалық мәні және табиғат құбылыстарына сүйенген моральді

астарлары бар. Мысалы: «кебу және конденсация» тақырыбын өткенде «аузы

күйген үрлеп ішеді» деген мақалды айту керек. Бұл мақалдың тәрбиелік мәні,

жіберген қатені екінші рет қайталамай дер кезінде қорытынды жасауға меңзесе,физикалық тұрғыда  ыстық нәрсені үрлесек, кебу процесінің  тездетіліп, оның температурасының төмендейтінін ұғынуға болады.

  Халықтық педагогиканың бір саласы- ұлттық ойындар. Заманымыздың заңғар жазушысы М.О.Әуезовтің мына бір пікірін еске ала кетейік: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ  жолында, өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған»

Ойынға қатысу үшін оқушылар өз білімдерін толықтырып отырса, екіншіден

ойын сергіту сәті әрі өтілген материалды қайталау  болып табылады.Пәнге деген ынтасын арттыруда, белсенділіктерін дамытуда пайдаланылып жүрген

ойын түрлеріне «сақина салу, соқыр теке, арқан тарту, теңге алу, қыз қуу» ойындары мысал бола алады. Ойынның уақыты 5-10 минуттан аспауы керек.

Сондай- ақ, бұл ойындар оқушылардың білім деңгейін көтеріп қана қоймай,

оларды бір- бірімен жақындастырып, достыққа, жолдастыққа, адамгершілік-

ке тәрбиелейді, ұлтына деген ыстық ықылас пен сезімін оятады. Ғасырлар бойы

күнделікті тұрмыста қазақ халқы физика ілімінің атауларын, салт- дәстүрін қолданып келген, қолдана береді де.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Жаратылыстану пәндерін оқыту үрдісінде халықтық педагогика

    арқылы оқушылардың танымдық іс- әрекеттерін қалыптастыру»

    Б.С.Желдыбаева.  Алматы-2010

2. «Шаңырақ» үй- тұрмыс энциклопедиясы. Р.Н.Нұрғалиева

3. «ИФМ» ғылыми әдістемелік журнал №2,2011

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Интернет-маркетолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 076 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2016 1449
    • DOCX 47 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем КУЗДЕУБАЕВА ПЕРИЗАТ САЙФУЛЛАЕВНА. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 51891
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 541 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 132 человека

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов физики в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 660 человек

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 134 человека из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 81 человек