Инфоурок Физика Другие методич. материалыФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢТИІМДІЛІГІ.

ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢТИІМДІЛІГІ.

Скачать материал

ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ.

Ахметова Ләззат Шәкиқызы.

Рудный қаласы әкімдігінің

«№7 орта мектебі»КММ

 Рудный қаласы,Қостанай облысы

    Мектептегі оқушыларға физика пәнін оқытуда білім берудің сапасы мен деңгейін көтеруде жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын қолданатын ұстаздардың ізденісі мен кәсіби шеберлігі нәтижеге бастары сөзсіз. Заманауи мұғалімі- ақыл – парасатты, өрісі биік, өз Отанын сүйетін азаматтарды тәрбиелеудегі жемісті еңбегімен, шығармашылық жұмыстарымен ерекшеленетін  тұлға. Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – сабақ. Физика  пәнін оқыту әдістемесін, заманауи технологияларды тиімді пайдаланып  жоспарланған әр сабақта, әр сабақтан тыс өтілетін іс-шараларда негізгі құзыреттілікті қалыптастыру пән мұғалімінің шеберлігіне байланысты.

           Оқу үрдісін ұйымдастыруда негізгі құзыреттілікті дамыту мақсатында әр түрлі  технологияларды пайдалануға болады. Солардың бірі ұжымдық оқыту технологиясы. Ұжымдық өзара оқыту технологиясы жағдайында әрбір оқушы өзін еркін ұстайды, жекеше түрде жұмыс істейді.  Онда тек қана өзінің жетістіктеріне жауап бермей, сонымен қатар ұжымдық еңбек қорытындысына да жауапкершілігі жоғарлайды, тұлғалық өзін-өзі бағалау, өзіндік мүмкіншіліктері мен қабілеттері бағалау қалыптасады.

Сол сияқты сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыда қарап, екі ұйғарым  пікірдің біреуін таңдауға мағыналы шешім қабылдауға сабақтарда үйретеді. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт: 1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек. 2.Оқушыларға ойланып – толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру. 3.Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.  4.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс – әрекетін қолдау. 5.Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау. 6.Оқушылардың бір – бірінен жауабына, жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету. 7.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.Оқушы бойында белсенділік, шешім табу, бір-бірімен қарым–қатынас, байланыс жасау икемділіктері дамиды.

Физика сабағында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сызба нұсқалары арқылы береді. Оқулықтың ерекшелігі әрбір тақырып қажетті суреттермен көркем безендірілген. Электрондық оқулықта тест тапсырмасын орындаған соң оқушы өзі қателескен сұрақтарды тексеріп көре алады және білімі автоматты түрде бағаланады. Зертханалық жұмыстарды орындау барысында оқушылардың өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне, әсіресе құбылыстарды зерттеуге, басқаруға мүмкіндік береді,басқа пәндерден алған білімін бекітуге көмектеседі,табиғи жағдайда көзге көрінбейтін кейбір құбылыстарды экранда көруге мүмкіндік береді

       Физика сабақтарына  шығармашылық тапсырмалар мен ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру оқушылардың бойында ғылыми білімдер мен зерттеу жұмысына деген қызығушылықты дамытады. 8-сыныпта  «Өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғау» деген зертханалық жұмыс орындау кезінде техникалық шығармашылыққа қабілеттігін арттыру көзделеді. Оқушылар ток тұтынушыларының аралас жалғанған электр тізбегіндегі жұмысын оқып-үйренеді, сурет бойынша электрлік сұлбаны жинайды, шамдар мен резисторларды бір-бірімен жалғайды, реостаттың реттегішін қозғай отырып, шамның жарықтылығының өзгеру себебін түсіндіреді, содан кейін дұрыстығын тәжірибеде тексереді. Оқушылар зерттеуші ролін атқарумен қоса физикалық құралдармен үлкен ынтамен жұмыс жасайды. Аспаптар жасау оқушыларды физика мен техникаға қызықтырады, олардың ізденгіштігін, табандылығын, тапқырлығын арттырады. Қолдан жасалған аспаптардың барлығы да, олардың қай мақсатта қолданылатынына қарамастан, оқушылардың техникалық қабілетін дамытуға үлкен септігін тигізеді. Осындай жұмыстар арқылы оқушының нақты білімі мен ой-өрісінің ауқым кеңейеді және оқушыда басқа балалармен, мұғаліммен қарым–қатынас жасай алатын икемділіктер қалыптасады. Оқушылардың зерттеу мен өзіндік оқу танымдық үдерісін дамытуда үйде орындалатын эксперименттік тапсырманың орны ерекше. Мысалы: 8 сыныпта «Металл мен шынының, су мен ауаның жылуөткізгіштігін салыстыру», «Тұрғын үйдегі конвекцияны бақылау», «Қарапайым электроскоп дайындап, оның көмегімен әр түрлі денелердің электрлену құбылысын зерттеу»  сияқты эксперименттік тапсырмалар орындау кезінде бақылап салыстырады, талдау жасайды, өздері бақылаған құбылыстардың себебі мен салдарын анықтайды, қорытынды шығарады. Бұл оқушылардың білімін тереңдетуге, толықтыруға, бекітуге, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді.

 Осындай жұмыстарды жүргізу арқылы әлеуметік жауапкершілігі мен кәсіби деңгейі жоғары, ой-өрісі кең,  сауатты, танымдық әрекетке қызығушылығы мол оқушы тәрбиелеуге болады деп білемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢТИІМДІЛІГІ."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 291 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2016 917
    • DOCX 20.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Ляззат Шакиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметова Ляззат Шакиевна
    Ахметова Ляззат Шакиевна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 72449
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Коррекционно-развивающая работа и оценивание в образовании для детей с ОВЗ

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек