Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Презентации / Физика пәнінен ашық сабақ: "Математикалық және серіппелі маятник тербелісі" (9-сынып)

Физика пәнінен ашық сабақ: "Математикалық және серіппелі маятник тербелісі" (9-сынып)


  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Маятниктердің түрлерімен таныстырып, олардың периодын, жиілігін анықтау...
1. Білімділік: Оқушыларды модельдер арқылы математикалық және серіппелі маятн...
Эксперименттік тапсырмалар 1-тапсырма. Ұзын жіпке массалары әр түрлі жүктерді...
Сабақ барысы
Маятниктің тербеліс периодының еркін түсу үдеуіне тәуелді болатын- дығы тәжір...
Жіпке немесе серіппеге ілінген жүктің тер- беліс периодының тербеліс амплиту...
Математикалық маятник тербеліс периодының формуласын қорытып шығарайық . 	Мая...
Ал маятник вертикаль күйінен шамалы ғана ауытқитын болса, амплитуда аз болға...
Математикалық маятниктің жібінің ұзындығы мына өрнек арқылы есептеледі: болға...
Енді серіппеге ілінген жүктің тербелісін қарастырайық. Мұндай қарапайым тербе...
Серіппелі маятниктің тербеліс периоды тек жүк массасы мен серіппенің қатаңдығ...
Маятник тербелісінің графигі синусойда немесе косинусойда түрінде болады. Сер...
Кестені толтыр: Дидактикалық материалдар Физикалық шама	 Белгіленуі	 Өлшем бі...
1-сұрақ Математикалық маятниктің жиілігін қалай өзгертуге болады? A) Жіптің ұ...
2-сұрақ Айдың бетінде математикалық маятниктің периоды қалай өзгеретін еді? A...
3-сұрақ Математикалық маятник жібінің ұзындығы арттырса, не болады? A) Маятни...
4-сұрақ Маятниктің тербеліс амплитудасы уақыт өтуімен не істейді және нелікте...
5-сұрақ Егер серіппелі маятник жүгін массасы 4 есе артық жүкпен алмастырса пе...
Математикалық маятниктің тербеліс периоды 1 секундқа тең болуы үшін оның жібі...
2. Маятник Жер бетінде 2 с периодпен тербеледі. Осы маятниктің Ай бетіндегі т...
3. Егер серіппеде ілулі тұрған жүктің массасы 100 г, ал серіппенің қатаңдығы...
4. Егер серіппеге бекітілген массасы 30 г дене 1 минутта 300 тербеліс жасайты...
5. Бірдей уақыт ішінде математикалық маятниктердің біреуі 10, ал екіншісі 30...
Үйге тапсырма беру 	Тербеліс периоды арқылы математикалық маятник жібінің ұзы...
1 из 27

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2
Описание слайда:

№ слайда 3
Описание слайда:

№ слайда 4 Маятниктердің түрлерімен таныстырып, олардың периодын, жиілігін анықтау
Описание слайда:

Маятниктердің түрлерімен таныстырып, олардың периодын, жиілігін анықтауды үйрету.

№ слайда 5 1. Білімділік: Оқушыларды модельдер арқылы математикалық және серіппелі маятн
Описание слайда:

1. Білімділік: Оқушыларды модельдер арқылы математикалық және серіппелі маятниктермен таныстырып, периодының формуласын қорытып шығару арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту; 2. Дамытушылық: Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістерін компьютерлік модельден бақылау арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту; 3. Тәрбиелік: Оқушыларды нақты қоршаған орта құбылыстарын танып білуге тәрбиелеу.

№ слайда 6 Эксперименттік тапсырмалар 1-тапсырма. Ұзын жіпке массалары әр түрлі жүктерді
Описание слайда:

Эксперименттік тапсырмалар 1-тапсырма. Ұзын жіпке массалары әр түрлі жүктерді іліп, тербеліс периодын анықта. 2-тапсырма. Ұзын жіпке жүкті іліп, оны әртүрлі бұрыштармен ауытқығандағы тербеліс периодын анықта. 3-тапсырма. Ұзын және қысқа жіпке ілінген шардың тербеліс периодын анықта.

№ слайда 7 Сабақ барысы
Описание слайда:

Сабақ барысы

№ слайда 8 Маятниктің тербеліс периодының еркін түсу үдеуіне тәуелді болатын- дығы тәжір
Описание слайда:

Маятниктің тербеліс периодының еркін түсу үдеуіне тәуелді болатын- дығы тәжірибеде жер бетінің әр түрлі нүктелеріндегі еркін түсу үдеуін дәл өлшеу үшін пайдаланылады. Мұндай құралдардың негізгі тетігі маят- ник болғандықтан, оларды маятникті құралдар деп атайды. Жер бетінің қажет аймағындағы еркін түсу үдеуін өлшеу үшін сол жерге маятникті құралдарды орнатады да, маятниктің Т тербеліс периодын өлшейді. Периодтың алынған мәні мен маятниктің белгілі ұзындығы бойынша сол жердегі еркін түсу үдеуі есептеледі. Еркін түсу үдеуін есептеу нәтижелері бойынша пайдалы қазба байлықтар қоры жатқан аймақты анықтауға болады.

№ слайда 9 Жіпке немесе серіппеге ілінген жүктің тер- беліс периодының тербеліс амплиту
Описание слайда:

Жіпке немесе серіппеге ілінген жүктің тер- беліс периодының тербеліс амплитудасына тәуелді болмайтындығын 1583 ж. итальян- дық ұлы физик әрі астроном Галилео Галилей ашқан болатын. Бұл жаңалық де- нелердің механикалық тербелістерінің ал- ғашқы негізгі заңдарының бірі болып табы- лады. Аңыз бойынша Галилей бұл жаңа- лықты шіркеудегі шырақтың шайқалуын бақылай отырып ашқан екен. Галилей ма- ятниктің тербеліс периодының оның амплитудасына тәуелді болмайтынын тәжірибе жүзінде дәлелдей отырып, маят- никтерді уақыт өлшеуіші ретінде сағат- тарда пайдалануды ұсынды. Алайда тек 70 жылдан астам уақыт өткенде, 1656 ж. X. Гюйгенс осы идеяны жүзеге асырып, ал- ғаш рет маятникті сағат құрастырып шығарды.

№ слайда 10 Математикалық маятник тербеліс периодының формуласын қорытып шығарайық . 	Мая
Описание слайда:

Математикалық маятник тербеліс периодының формуласын қорытып шығарайық . Маятник тербеліп тұрғанда жүк АВ доғасының бойымен Ғқ кері қайтарушы, яғни қорытқы күштің әрекетінен үдеумен қозғалады. Бұл күштің шамасы қозғалыс кезінде өзгеріп отырады. Дененің тұрақсыз күштің әрекетінен қозғалысын есептеу өте күрделі. Сондықтан есепті жеңілдету үшін маятникті бір жазықтықта тербелтпей, жүк шеңбер бойымен қозғалатындай етіп, оны конус сызуға мәжбүр етеміз. Маятниктің айналу периоды оның тербеліс периодына тең болады. Тайн.=Ттер=Т. Конустық маятниктің айналу периоды жүк сызатын шеңбердің ұзындығын сызықтық жылдамдыққа бөлгенге тең:

№ слайда 11 Ал маятник вертикаль күйінен шамалы ғана ауытқитын болса, амплитуда аз болға
Описание слайда:

Ал маятник вертикаль күйінен шамалы ғана ауытқитын болса, амплитуда аз болғанда, қорытқы күш шеңбердің ВС радиусы бойымен бағытталады деп есептеуге болады. Бұл жағдайда қорытқы күш центрге тартқыш күшке тең: ОВС және ВDE үшбұрыштарының ұқсастығынан: ВЕ:ВD = СВ:ОС немесе Ғ:mg = R:l, бұдан Ғ күшінің осы екі өрнегін теңестіре отырып алатынымыз: немесе Осыны Т периодтың өрнегіне қойып, мынаны аламыз:

№ слайда 12 Математикалық маятниктің жібінің ұзындығы мына өрнек арқылы есептеледі: болға
Описание слайда:

Математикалық маятниктің жібінің ұзындығы мына өрнек арқылы есептеледі: болғандықтан, математикалық маятниктің жиілігін мына өрнек арқылы шығара аламыз:

№ слайда 13 Енді серіппеге ілінген жүктің тербелісін қарастырайық. Мұндай қарапайым тербе
Описание слайда:

Енді серіппеге ілінген жүктің тербелісін қарастырайық. Мұндай қарапайым тербелмелі жүйені серіппелі маятник деп атайды. Егер серіппе l ұзындыққа созылса немесе сығылса, онда денені тепе-теңдік күйіне қайтаратын Ғ күші туындайды. Ұзару шамасы азғантай болған кезде бұл күш серіппенің ұзаруына пропорционал болады, яғни Гук заңы бойынша: Ньютонның 2-ші заңын пайдалансақ, дененің қозғалыс теңдеуін мына түрде жазуға болады: бұдан, Гармоникалық тербелістердің жиілігі 1с ішіндегі тербелістер санын көрсетсе, циклдік жиілік секундтағы тербелістер санына тең болады, яғни:

№ слайда 14 Серіппелі маятниктің тербеліс периоды тек жүк массасы мен серіппенің қатаңдығ
Описание слайда:

Серіппелі маятниктің тербеліс периоды тек жүк массасы мен серіппенің қатаңдығына тәуелді болады. Серіппелі маятниктің жиілігін мына өрнек арқылы шығара аламыз:

№ слайда 15 Маятник тербелісінің графигі синусойда немесе косинусойда түрінде болады. Сер
Описание слайда:

Маятник тербелісінің графигі синусойда немесе косинусойда түрінде болады. Серіппелі маятниктің қатаңдық коэффи- циенті мына формуламен анықталады: Серіппелі маятникке ілінген жүктің массасы мына өрнек арқылы есептеледі:

№ слайда 16 Кестені толтыр: Дидактикалық материалдар Физикалық шама	 Белгіленуі	 Өлшем бі
Описание слайда:

Кестені толтыр: Дидактикалық материалдар Физикалық шама Белгіленуі Өлшем бірлігі Формуласы Т [Гц] Циклдік жиілік

№ слайда 17 1-сұрақ Математикалық маятниктің жиілігін қалай өзгертуге болады? A) Жіптің ұ
Описание слайда:

1-сұрақ Математикалық маятниктің жиілігін қалай өзгертуге болады? A) Жіптің ұзындығын өзгерту керек. Б) Шардың массасын өзгерту керек. В) Маятниктің амплитудасын өзгерту керек. Г) Ешқайсысы маятниктің жиілігін өзгерте алмайды.

№ слайда 18 2-сұрақ Айдың бетінде математикалық маятниктің периоды қалай өзгеретін еді? A
Описание слайда:

2-сұрақ Айдың бетінде математикалық маятниктің периоды қалай өзгеретін еді? A) Кемиді, себебі тартылыс күші Айда төменірек. Б) Артады, себебі тартылыс күші Айда төменірек. В) Артады, себебі тартылыс күші Айда жоғарырақ. Г) Өзгермейді, себебі тартылыс күші периодқа әсер етпейді.

№ слайда 19 3-сұрақ Математикалық маятник жібінің ұзындығы арттырса, не болады? A) Маятни
Описание слайда:

3-сұрақ Математикалық маятник жібінің ұзындығы арттырса, не болады? A) Маятниктің периоды да, жиілігі де артады. Б) Маятниктің периоды да, жиілігі де азаяды. В) Маятниктің периоды артады, ал жиілігі азаяды. Г) Маятниктің периоды азаяды, ал жиілігі артады.

№ слайда 20 4-сұрақ Маятниктің тербеліс амплитудасы уақыт өтуімен не істейді және нелікте
Описание слайда:

4-сұрақ Маятниктің тербеліс амплитудасы уақыт өтуімен не істейді және неліктен? A) Ол үйкеліс әсерінен кемиді. Б) Ол ауырлық күші әсерінен артады. В) Ол энергияның сақталу заңына сәйкес тұрақты күйінде қалады. Г) Ол Ньютонның бірінші заңына сәйкес тұрақты күйінде қалады.

№ слайда 21 5-сұрақ Егер серіппелі маятник жүгін массасы 4 есе артық жүкпен алмастырса пе
Описание слайда:

5-сұрақ Егер серіппелі маятник жүгін массасы 4 есе артық жүкпен алмастырса период қалай өзгереді ? A) 2 есе кемиді. Б) 4 есе кемиді. В) 2 есе артады. Г) Өзгермейді.

№ слайда 22 Математикалық маятниктің тербеліс периоды 1 секундқа тең болуы үшін оның жібі
Описание слайда:

Математикалық маятниктің тербеліс периоды 1 секундқа тең болуы үшін оның жібінің ұзындығы неге тең болуы тиіс? Шығармашылық тапсырмалар

№ слайда 23 2. Маятник Жер бетінде 2 с периодпен тербеледі. Осы маятниктің Ай бетіндегі т
Описание слайда:

2. Маятник Жер бетінде 2 с периодпен тербеледі. Осы маятниктің Ай бетіндегі тербеліс периоды қандай? Айдағы еркін түсу үдеуі 1,6 м/с2.

№ слайда 24 3. Егер серіппеде ілулі тұрған жүктің массасы 100 г, ал серіппенің қатаңдығы
Описание слайда:

3. Егер серіппеде ілулі тұрған жүктің массасы 100 г, ал серіппенің қатаңдығы 40 Н/м болса, онда оның тербеліс жиілігі неге тең?

№ слайда 25 4. Егер серіппеге бекітілген массасы 30 г дене 1 минутта 300 тербеліс жасайты
Описание слайда:

4. Егер серіппеге бекітілген массасы 30 г дене 1 минутта 300 тербеліс жасайтын болса, осы серіппенің қатаңдық коэффициенті неге тең?

№ слайда 26 5. Бірдей уақыт ішінде математикалық маятниктердің біреуі 10, ал екіншісі 30
Описание слайда:

5. Бірдей уақыт ішінде математикалық маятниктердің біреуі 10, ал екіншісі 30 тербеліс жасайтын болса, олардың ұзындықтарының қатынасы қандай?

№ слайда 27 Үйге тапсырма беру 	Тербеліс периоды арқылы математикалық маятник жібінің ұзы
Описание слайда:

Үйге тапсырма беру Тербеліс периоды арқылы математикалық маятник жібінің ұзындығын есепте. Шыққан нәтижені жіптің сызғыш арқылы өлшенген мәнімен салыстыр. Ғаламтордан математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістерін сипаттайтын анимациялар іздеу.


Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Физика
Подраздел Презентации
Просмотров337
Номер материала ДВ-413178
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх