Инфоурок Физика Другие методич. материалыФизика пәнінен оқушыларды ҰБТ-ге дайындаудағы ізденістерім.

Физика пәнінен оқушыларды ҰБТ-ге дайындаудағы ізденістерім.

Скачать материал

Физика пәнінен оқушыларды ҰБТ-ге

дайындаудағы ізденістерім.

 

Орта мектеп физика курсын тиянақты меңгерудің қажетті шарты – оқушының есептерді жүйелі шығарып отыруы. Есептер шығару құбылыстардың физикалық мәнін түсінуге, формулаларды есте сақтауға көмектеседі, теориялық білімді практикада қолдана білуге үйретеді.

   Мектепте физика пәнін таңдаған оқушыларды ҰБТ-ге дайындау үшін оқушының өзі жоғарыдағы шартқа сәйкес дайындыққа ие болыуы тиіс. Оқушыларды осындай дайындық күйіне жеткізу үшін тест тапсырмаларын шығару барысында мұғалімнің өзінің бірқанша шығармашылық ізденістер жасауына тура келеді.

   Өзімнің жеке іс тәжірибем негізінде оқушының ҰБТ-де жақсы нәтижеге жетуі үшін оқушы мұғалім берген білім негізінде төмендегідей дағдыларды білуі тиіс:

1.     Физикалық шамалардың қандай әріппен белгіленуі.

   Бірқанша физикалық шамалар бірдей әріптермен белгіленеді:

-         Уақыт және температура – t,

-         Период, абсолют температура – Т,

-         Жиілік, зат мөлшері – υ,

-         Серіппенің қатаңдығы, Кулон заңындағы тұрақты, Больцман тұоақтысы – k,

-         Аудан, жол – S,

-         Тығыздық, меншікті кедергі – ρ, ж.т.б.

2.     Негізгі физикалық заңдар мен шамалардың формулаларын жаттан білу, бұл заңдар мен шамалардың тұжырымдамасын сөз жүзінде айта білу, формулаларды жазғанда пайдаланылатын белгіленулерін нақ білу. Формулалардағы кез келген шаманы, егер дербес жағдайларға арналған формула қолданылатын болса, онда оны қорытып шығару. Мысалы: формуласынан кез келген шаманы қорытып шығара білу, немесе m0 беріліп М белгісіз болғанда жоғарыдағы формуланы  Түрінде жаза білу.

3.     Есептердің мазмұнын түсіндіретін кескіннің мүмкін болғанша  масштабын сақтап, ұқыпты сала білу.

   Есептерде түзу немесе қисық сызықты қозғалыстар траектоиясын салу, өткізгіштерді, конденсаторларды тізбектей немесе параллель жалғау схемаларын сызу, линзаларда кескін салу ж.т.б. көптеп кездеседі. Осыларды дұрыс сыза білу.

4.     Есепті жалпылама түрде шығару, яғни ізденіліп отырған физикалық шаманы есеп шартында берілген және берілген тұрақты шамалар арқылы өрнектеп, ақырғы формуланы алу.

   Мысалы, зарядталған бөлшектердің бір қалыпты магнит өрісінде шеңбер бойынша қозғалысындағы шеңбер радиусын анықтауда дайын формула жоқ. Оның үшін зарядқа әсер ететін центрге тартқыш күш пен Лоренц күшін теңдестіріп: осы формуладан табылады. Мұндағы зарядталған бөлшектің массасы мен заряды тұрақты шама ретінде есеп шартында беріледі.

5.     Ақырғы жұмысшы формулаға енетін шамалардың өлшем бірліктерін  Халықаралық өлшем бірліктері (СИ) жүйесіне келтіру.

   Тест есептерінде берілетін физикалық шамалар ондық еселіктерде немесе бірлік үлестерде берілуі көптеп кездеседі. Масса граммда (г), миллиграммда (мг), тоннада (т); жол километрде (м), сантиметрде (см), миллиметрде (мм); сыйымдылық микрофарадта (мкФ), пикофарадта (пФ) ж.т.б. берілуі мүмкін. Сондықтан оқушыға осы бірліктерден СИ жүйесі бірліктеріне өту нақты үйретілуі тиіс (к(кило)=103; м(милли)=10-3; мк(микро)=10-6; н(нано)=10-9; п(пико)=10-12 ж.т.б.).

   Тест есептері жауаптары СИ жүйесінде берілмеуі мүмкін. Сондықтан СИ жүйесінде табылған жауапты оқушы тест жауаптарындағы ондық немесе еселік үлестегі жауапқа сәйкестендіріп дұрыс жауапты таба білуі тиіс.

6.     Есеп шығару барысында көп немесе аз сандарды дәрежелеп жаза білуі керек. Мысалы: 3520-ны 3,52·103 түрінде, ал 0,00129-ды 1,29·10-3 түрінде жазу және т.б.

7.     Механика, термодинамика және фотоэффект құбылыстарында көптеген есептер энергияның сақталу және айналу заңын қолдану арқылы оңай шығарылады. Оқушы осы заңға лайық теңдік түзіп білуі тиіс.

   H биіктікте тұрған болат шардың 400 Дж потенциалдық энергиясы бар. Оның Жерге түскен мезеттегі кинетикалық энергиясы 350 Дж болды. Сонда энергияның сақталу заңы бойынша 50 Дж энергияның Q=cm∆t формуласы бойынша шардың ауамен үйкелісі себебінен жылуға айналғанын оқушы білсе, дұрыс тұжырымды теңдеу түзе алады.

8.       Тест есептерін шығару барысында тұрақты сандар көбейтіндісі өте көп кездеседі. Оларды әр жағдайда қайта есептеп отырмау үшін оқушыны оларды есте сақтап қалуға үйреткен дұрыс. Мысалы: π2=10;  hc≈20·10-26 Дж·м;  2π=6,28; 4π2=40;

   Сондай-ақ дөңгелектің ауданын есептеуде оқушылар көбінше S=πR2 формуласына дағдыланған. Ал, есептерде дөңгелектің диаметрі беріледі. Осындайда оқушының  S=формуласын қолданғаны ыңғайлы.

9.     Тест есептерін шығарудың күрделіде, оңайда әдістері бар. ҰБТ-де берілетін уақыт шектеулі болғандықтан оқушы есептің аз уақытта оңай әдіспен шығарылатын мүмкіншілігін таңдай білуге дағдыланған болуы керек.

   Төмендегі есептің осы 2 әдіспен шығарылуын қарастырайық:

Есеп:  Қандайда бір Н биіктіктен дене құлайдыда (v0=0) соңғы секундында жолдың 4/3 бөлігін жүреді. Н-ты табу керек.

Күрделі әдісі:

 

Онда,                      

 

 

Жауабы: Н=20м.

 

Оңай әдісі:  Н= Осылардағы Н-тың  ке қатынасы: 4=   осыдан

2=t=2t-2; t=2c сонда Н=20 м.

 

Бұл есепті ауызша да шығаруға болады.

 

   Кейбір жағдайларда оқушы есеп жауаптарынан пайдаланыпта дұрыс жауап таңдай алады.

    Мысалы: Екі өткізгіш тізбектей жалғанса жалпы кедергі 27 Ом, параллель жалғанса 6 Ом. Әр бір кедергіні табу керек.

Жауаптары:

 А. 20;7;

 В. 7;20;

 С. 18; 9;

 Д. 19; 8;

 Е. 17; 10:

Оқушы Rт=R1+R2=27 Ом болатынын біледі. Демек жауаптың барлығы мұны қанағаттандырып тұр. Ал,  Rn=  бойынша  6 Ом шығуы үшін 6=  

 

 

 

 

 

 

болуы керек. Демек R1R2=6·27=162; онда жауаптардың қайсысы осыны қанағаттандырады.

   Көзбен көбейте салсақ жауап С немесе Д. Ауызша көбейту арқылы С жауабының дұрыстығын білуге болады.

   Егер осы есепте R2=27- R1 деп алып, оны Rn=   формуласына қойсақ квадрат теңдеу шығады. Ол арқылы R1 және R2 дискреминантты есептеу жолы мен күрделі табылады.

10. Оқушы алынған сандық жауаптың шындыққа сәйкестігін бағалай білуі тиіс. Кейбір жағдайларда мұндай бағалау алынған нәтиженің қәтелігін анықтайды. Мысалы: жылу қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициенті еш уақытта бірден үлкен емес, яғни η‹1, немесе электр заряды ешбір жағдайда электрон зарядынан кем бола алмайды, ваккумдағы жарық жылдамдығынан үлкен жылдамдық алатын дене табиғатта болмайды, Т‹-2730 болуы мүмкін емес, 3 литр бензинмен автобус  100 немесе 1000 км жол жүре алмайды және т.б.

   Оқушылардың физика пәнінен ҰБТ-ге дайындалуында, мен өз тәжірибем негізінде, оқушыларда жоғарыда атап өтілгендей негізгі деп саналған дағдылардың қалыптасуына ерісу ойдағыдай нәтиже береді деп ойлаймын.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Физика пәнінен оқушыларды ҰБТ-ге дайындаудағы ізденістерім."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 997 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.10.2015 908
    • DOCX 49.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Изимбетов Нурлан Орныкбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Изимбетов Нурлан Орныкбаевич
    Изимбетов Нурлан Орныкбаевич
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 81020
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Информационные технологии в деятельности учителя физики

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 865 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов физики в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 658 человек

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Современные вызовы педагогической профессии: развитие профессионализма педагогов в контексте улучшения качества образования

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Преодоление внутренних барьеров: убеждения, зависимости, и самооценка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 185 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека