Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Физика пәнінен сайыс сабақ "Физикалық кеш" тақырыбында
  • Физика

Физика пәнінен сайыс сабақ "Физикалық кеш" тақырыбында

библиотека
материалов

«Алғырлар» атты интеллектуалдық сайыс

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру. Оқушылардың танымы мен талғамын өсіру, дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту, физика пәніне қызығушылыңын арттыру.

Дамытушылық: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білімін бағалау, ой - өрісін кеңейтіп, танымдық қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: плакаттар, үлестірме қағаздар

1- жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар физика пәнінен « Алғырлар» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

2- жүргізуші:Мінеки залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қоштаймыз

Кешіккендерді тоспаймыз

Ғылымдардың ғылымы

Физика жайында

Кешімізді бастаймыз

1-жүргізуші:Жас достарым мұны жақсы ұғайық

Физика құрметтеуге лайық

Дүниедегі құбылыстың мәнін де

Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де

Мүмкін емес физикасыз түсіну,

Физика дүние кілті бүгінде., -дей отырып «Алғырлар» атты интеллектуалдық шоу ойынын ашық деп жариялаймыз.

2- жүргізуші: Физиканың табиғатты танып білуге, қазіргі кездегі техниканы танып білуде, сонымен қатар, химия, биология, астрономияда алатын орны ерекше.бірнеше ғасырлар бойы физика математиканы тек өзінің есептеуін шешу үшін пайдаланып келсе, енді физиканы танып, пайдаланып математиканың сан-алуан есептерін шешетін информатика –электрондық техника өсіп жетілуде.

1- жүргізуші: Ойын барысында оқушылардың білімі мен біліктілігіне өздерінің әділ бағаларын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып кетейін: физика пәнінің мұғалімі – Хамитова Б. Д., Тоқбаева Г.Т., Ибраева Р.С.

1- жүргізуші: Бұл сайысқа 6 оқушы қатысады, алдымен сол оқушыларды таңдап алайық. Ол үшін мынадай сұрақтарға жауап берулеріңіз керек:

1. күштің өлшем бірлігі қандай? (ньютон)

2. диффузия деген не? (молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалысы салдарынан жаңасып тұрған заттардың бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуы)

3. жылдамдық қандай шама? (векторлық шама)

4. суға салсаң батпайды, отқа салсаң жанбайды. (мұз)

5. атом дегеніміз не? (заттың ең ұасақ бөлшегі)

6. заттың неше күйі бар? ( 3 күйі бар)

7. 1 кг неше граммға тең? (1000 гр)

1- сайыс. «Қалауың білсін!»

Тақтада 1-6 дейінгі цифрлар жазылған тік төртбұрыш бекітіледі. Әрбір қатысушы өздерінің қалауы бойынша тақтадағы цифрді таңдайды. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе, 10 ұпай беріледі.

1. сынапты барометрді ойлап тапқан кім? (Галилейдің шәкірті Торричелли)

2. ашық ыдыстағы су неге азаяды, қандай құбылыспен түсіндіріледі? (кебу)

3. рычаг заңын тағайындаған кім? ( грек ғалымы, физик, математик - Архимед)

4. атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал? (барометр)

5. қатынас ыдыстарға қандай ыдыстар жатады? (құмған, кофе қайнатқыш,шайнек т.б)

6. үйкеліс күші деген не? (бір дене екінші дене бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш)

2-сайыс. «Қателеспе!»

Бұл сайыста оқушылар формулаларды қателеспей табулары керек. Дұрыс жауапқа 15 ұпай беріледі.

1. ауырлық күшінің формуласы - hello_html_684f73dd.gif

2. заттың тығыздығы - hello_html_m2926f44b.gif

3. жылдамдық - hello_html_m4ec78d15.gif

4. үйкеліс күші - hello_html_m52bc47c.gif

5. Гук заңы - hello_html_m452c0b80.gif

6. қысымның формуласы - hello_html_m1a701dd6.gif

Ұпайлары аз 2 оқушы ойыннан шығады.

3-сайыс. «Қапы қалма!»

1-жүргізуші: сен, қалай ойлайсың, қазіргі заманда қандай тілді білген жөн?

2- жүргізуші: Алия, соны да білмейсіңбе? Әрине өз тіліңді, шет тілдерін, әсіресе ағылшын тілін.

1- жүргізуші:Бәрекелді , Динара, онда келесі сайысымызды бастайық. Бұл сайыс нағыз алғырлар сайысы «Қапы қалма!» деп аталады.

2- жүргізуші: Құрметті сайыскерелр, қазір сіздерге сұрақтар қоямыз. Сіздер сұрақтаржауабын тауып, сол сөздің орысша, ағылшынша аудармасын айтасыздар. Ойлануға 30 секунд ауқыт беріледі. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1-жүргізуші: Ал, сұрақтарды оқимыз. Сіздер мұқият тыңдаңыздар.

Сұрақтар:

1. қозғалыс жылдамдығын өзгертетін шама? (күш, сила, force, stendt)

2. жолдың жылдамдыққа қатынасы (уақыт, время, time)

3. суық ауа мен жылы ауаның араласуы (жел, ветер, wind)

4. кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады? (түзу, прямая, straight)

5. дененің қызулық дәрежесін сипаттайтын шама? (температура, температура, temperatura)

6. массаның көлемге қатынасы? (тығыздық, плотность)

Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.

4- сайыс. «Тоқтама!»

Дұрыс жауап бергенге 10 ұпай беріледі.

1. Алтын теңге кетеді, күміс теңге келеді. Бұл не? (Ай, Күн)

2. елеуішпен су әкелуге болады ма? (болады, мұз түрінде)

3. меганьютонда қанша ньютон бар? (106 Н)

4. ғарышкерлер күні қашан аталады? (12-сәуір)

5. едендегі суды қандай шүберекпен жинап алу жеңіл; дымқылмен жоқ құрғақпен ба? (дымқыл)

6. дене температурасын қандай құралмен өлшейді? (термометр)

7. қысымды өлшейтін құрал (манометр)

8. судың қатты күйі (мұз)

9. ареометр қандай құрал? (сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған құрал)

10. дене пішіндерінің немесе өлшемдерінің өзгеруі (деформация)

11. дене қандай шарт орныдалғанда батады? (егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен артық болса, hello_html_17863e1d.gif онда дене сұйыққа батады)

12. қысымды қандай шамамен өлшейді? (Паскаль)

Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.

5-сайыс. «Ойлан!»

Жеңген екі оқушы тәжірибе көрсетеді. Қажетті құрал-жабдықтар үстелге дайындалып қойылады. Ойлануға 5 минут уақыт беріледі.

1-жүргізуші: Оқушылар ойланған кезде, көрермендермен ойын өткізіледі. Сұрақтар:

1. Ол – қос қабырғадан және тығыннан тұратын қос ыдыс. Қабырғаларының арасындағы кеңістіктен ауа айдалып, шығарылып вакуум жасалған. Қабырға арасындағы ауасыз кеңістік жылу өткізбейді, тығыны да жылуды шығармайды. Бұл қандай ыдыс? (термос)

2. 0 мен 100 нүктелерінің аралығындағы шкаланы бірдей 100 бөлікке бөліп градус деп атаған. 0 градустан төмен температураға ”-'' таңбасы қойылады. Осы шкаланы ұсынған Швед ғалымы кім? (А. Цельсий)

Біздің сайыскерлер дайын болса, жауаптарын тыңдасақ. Сөз сайыскерлерге беріледі. Ұпай 5-20 аралығында беріледі, әділ – қазылар қояды.

Сонымен біздің бүгінгі өткізген сайысымыз өз мәресіне жетіп қалған сияқты, ұпай сандарын есептейік. Жеңген оқушы марапатталады. Ақтық сынға дейін келген оқушыға сыйлық ұсынылады.

1-жүргізуші: Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой

Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой

Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап

Артыңнан қалмайды екен тіріде ол.

2-жүргізуші: Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас

Ғарыштың кемелері, атылған тас,

Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр

Бәрінің бағынары физика ғой!

1- жүргізуші: Сондықтан табиғаттың сырын терең

Деушіге оқып, зерттеп, білем, көрем,

Демесең болсын егер еңбегім еш

Әуелі, физиканы оқы дер ем. – дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Көп рахмет, сау болыңыздар!

Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров149
Номер материала ДВ-441129
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх