Инфоурок Физика Другие методич. материалы"Физика пәнінен тәжірибелік жұмыстар" оқу-әдістемелік жинақ (инклюзивті оқу бағдарламасымен оқитын студенттерге арналған)

"Физика пәнінен тәжірибелік жұмыстар" оқу-әдістемелік жинақ

Скачать материал

Ақмола облысының білім басқармасының      

«Шортанды ауданы,. Бозайғыр ауылы,

№5 агротехникалық колледжі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Физика пәнінің тәжірибелік жұмыстары.

(Оқу-әдістемелік жинақ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 жыл.

Бозайғыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырғын:  жоғары дәрежелі физика пәнінің оқытушысы

 Нурсейт Бағдагүл

 

 

 

Бағдарлама әдістемелік кеңесте қаралды және бекітілді

Хаттама №  2 .  «8 » қараша 2016.

 

                                                            

 

 

Жинақтағы тәжірибелік жұмыстар колледждің

 1- курс студенттеріне (арнайы бағытта оқитын студенттер өздігінен орындауға) теориялық білімдерін нығайтуға арналған. Тәжірибелік жұмыстар студенттердің меңгерген білімдерін зерттеу және тәжірибе жасау барысында терең қалыптастыруға бағыттталған. Тәжірибелік жұмыстарды қарапайым қолдағы заттарды пайдалапып жасауға мүмкіндік беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

1.     Алғы сөз.                                            1-3

2.     Тәжірибелік жұмыстар:                

Молекула-кинетикалық теория негіздері.6- 13

Температура. Молекулалардың жылулық қозғалыс энергиясы ,                            14-21

Термодинамика негіздері                     22-30

Электродинамика                                  31-41

Электростатика                                     42-43   

Магнит өрісі

Электромагниттік индукция                 44-46

Тербелістер мен толқындар                  47-53

Механикалық тербелістер

Оптика                                                     54-71

    3.Қолданылған әдебиеттер.                        72

 

 

 

 

 

Картинки по запросу анимационные картинки для физики

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алғы сөз.

Ұсынылған әдістемелік жинақ физика пәнінің  бағдарламасы  бойынша оқытылатын тарауларға құрастырылды. Атқарылған жұмыстарда қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды түсіндіруге назар аударылды. Физика пәнін оқу барысында студент теориялық және тәжірибелік білімін ұштастыруға мүмкіндік беріледі. Осы өзара байланысты сезінуі  арқылы студенттер табиғатта және қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды  өздігінен түсіндіре білуіне жағдай жасалады. Бұл студенттің пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Тәжірибелік зерттеулік жұмыстарды орындау арқылы меңгерген білімдерін дәлелдеуге дағдыланумен қатар логикалық ой өрісі дамып,құбылыстарды зерттеуге деген қызығушылығы пайда болады. Тәжірибелік жұмыстарды орындау барысында студенттің өздігінен ізденісі,оқуға деген құлшынысы артады.

Физика пәнінің күрделі заңдарын қарапайым қолжетімді құралдар арқылы тәжірибе жасау арқылы меңгеріп, ғылыми көзқарасы қалыптасады.

Тәжірибелік жұмыстарды орындау нәтижесінде: құбылыстарды бақылау, тәжірибені жоспарлау, нәтижесін қорытындылау, шамалардың өзара байланысын көру,қортынды шығару т.б дағдылары қалыптасады.

Тәжірибелік жұмыстарды орындау арқылы меңгерген білімдерін қайталап, жаңа құбылыстармен танысады.. Табиғат құбылыстарын зерттеп, түсіндіріп, қорытынды шығаруды үйренеді. Тәжірибелерді жасау арқылы студенттердің ғылымға деген көзқарасы артып, ізденісі,шығармашылығы қалыптасады. Өз жұмысын қорғау үшін презентациялар құрастырып, өз ойын толық жеткізуді үйренеді.

Сонымен қатар жұмыстарды қарапайым үй жағдайында орындауға толық мүмкіндіктері бар.

Тәжірибелік жұмыс тапсырмасы сыпайылылыққа назар аударту, сенімділікті қалыптастыруды көздеп «сіз» деп жазылды.

Тәжірбелік жұмыстарды орындағанда төменгі ережелерді ұстану қажет.

1.Тәжірибелік жұмысардың тақырыптарын өздігіен таңдау

2.Жұмыстың мақсатын өздігінен қалыптастыру. Мақсаты нақты,іздеген сұрақтың жауабына бағытталуы қажет.

3. Қолданылатын құрал жабдықтар тізімі

4.  Жұмыстың орындалу барысы нақты көрсетілу.Зерттеу нәтижелерін белгілейтін кесте .

Іс-әрекет

бақылау

Сурет

 

 

 

 Кейбір жұмыстың нәтижелері график түрінде де көрсетіледі.

5. Есептеу нәтижесіне байланысты әдіс-тәсілдер қолданылады.

6. Қорытынды: Мысалы:Тәжірибе барысында анықталғандай төмендегідей қорытынды шығарылады.(Қайдай нәтижелердің негізінде қорытынды шығарылғандығын тізіп жазу)

Қорытындыны студенттің қалауынша жазбаша, шығарма түрінде, кластер, тақпақ,сурет, сызба т.б түрінде шығаруға мүмкіндік беріледі.

Волна: Молекула-кинетикалық теория негіздері.

 

 

 

 


Тәжірибелік жұмыс №1 .

Беттік керілу коэффициентін анықтау.

Құрал жабдықтар: Салқын және ыстық су құйылған екі  шыны ыдыс.(стақан), дәргерлік тамызғыш, бір кесек саз балшық,сымнан жасалған диметрі 3-4 см  шығырық,сабын көпіршігі ,кішкене сабын, ұнтақ (тальк), аздаған тұз және қант,жіп.

      Жұмысты орындау барысы:

      1.Сазбалшықты шармен

а)Сазбалшықтан 2-3мм диаметрлі домалақ шар жасау.Сымнан жасалған шығырықтың көмегімен судың бетіне жасалған шарды абайлап салып, шардың айналасындағы су пішінін сызу қажет. Шардың айналасында болып жатқан құбылысты бақылап,су пішінін сызыңыз. Судың бетінде орналасқан шарға қандай күш әсер етеді? Шар неге судың бетіне ұсталып тұрады.

ә)Шарды ақырын суға батыру. Батырғанда қандай құбылыс байқадыңыз? Не себепті шар суға батады?

б)Шығырықтың көмегімен шарды судың бетіне орналастырып,дәргерлік тамызгышпен сабын көбігін тамызып, құбылысты мұқият бақылап, шардың батып кету себебін  анықтап, қандай құбылысқа негізделгенін жазыңыз. Шар неге батып кетті?

2.Сымнан жасалған шығырық.

а)Сабын көбігі бар   стаканға сымнан жасалған шығырықты   салып, шығырықта сабын көбігі тұратындай етіп абайлап судан шығару.

ә)Шығырықтың жарты бөлігіне жіппен бөліңіз.. Құбылысты бақылап,қорытынды жазыңыз.

3. Тамызғышпен бақылау

а) Тамызғышқа су толтырыңыз. Оны стақанның үстіне ұстап, тамызғыштың резеңкесіне қысып, тамшы тамызыңыз.

ә)Тамшы қалай пайда болатынын бақылаңыз. Бұл құбылысты бақылап,суретін салыңыз. Тамшының бөлініп, құлап түсуіне неге уақыт қажет?

 

4. Сұйықтың беттік керілу күшінің  сұйықтың температурасына және түріне тәуелділігін анықтау

1.Ермексаздан диаметрі   2-3см болатын шарды дайындаңыз. Сымнан жасалған  шығырықтың көмегімен шарды  суық суға, сосын ыстық суға салыңыз.

Тәжірибе нәтижесін салыстырып, түсіндіріңіз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

·        Судың беттік керілу коэффициенті температураға тәуелді ме? Қандай белгісіне қарап дәлелдей аласыз.

2. Стақандағы суық судың бетіне ұнтақты себіңіз.Ол  үшін сүзгі мен жауып, су үстіне себу керек.

3. Судың бетіне сабынды тигізіп, қантты, содан соң тұз себіңіз Бұл құбылыстан нені бақыладыңыз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Сабынмен араласқан кезде судың беттік керілу коэффициенті қалай өзгереді?

2.Қантпен араласқан кезде судың беттік керілу коэффициенті қалай өзгереді

3. Тұзбен араласқан кезде судың беттік керілу коэффициенті қалай өзгереді

Қорытынды шығарып және мысал келтіріңіз.______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Тәжірибелік жұмыс №2.

Қажетті құралдар: суы бар стақан, су сорғыш қағаз,мата қиындысы,сызғыш, «Сұйықтың беттік керілу коэффициентін» кестесі.

Жұмысты орындау барысы:

1.     Сорғыш қағаз бен матаға бір-бірінен  0,5-1 см аралықта белгі қою. Бірдей уақытта белгі қойған жерге дейін суға батырып, екеуіндегі судің көтерілуін бақылаңыз?

2.     Судың көтерілуі тоқтаған кезде қай заттағы судың диаметрі үлкен екенін анықтаңыз.

3.     Қажетті мәліметтерді кестеге толтырып,екі заттағы сұйықтың ортаға жайылу диаметрін есептеңіз.

Сұйықтың жайылу диаметрін есептейтін  формула: 

*    -беттік керілу коэффициенті

*     -су тығыздығы

*              -Еркін түсу үдеуі

*     -Сұйықтың көтерілу биіктігі

 

 

 

4.Өлшеу нәтижесін кестеге толтырыңыз

Затттар

Белгіленген жерден төменгі көтерілу биіктігі

Сұйықтың диаметрі (мм)

Сорғыш қағаз

 

 

Мата

 

 

 

Бақылау сұрақтары:

1.Судың бетіне тамызылған май тамшысы неге дөңгеленіп тұрады?

2.Майлы  қағазға неге қалам жазылмайды?

3.Сулы көйлек неге денге жабысып тұрады?

4. Орамал қолдану қандай физикалық құбылысқа негізделген?

5.0,5 мм радиусты түтікте спирт қандай биіктікке көтеріледі?

Кейбір заттардың беттік керілу коэффициенттері.(200С тепмературада)

Заттар

Беттік керілу коэффициенті

10-3Н/м

Азот қышқылы 70%

59,4

Анилин

42,9

Ацетон

23,7

 Бензол

29,0

Су

72,8

Глицирин

59,4

Мұнай

26

Сынап

465

Күкірт қышқылы

57,4

Этил спирті

22,8

Сірке қышқылы

27,8

Эфир спирті

16,9

Судағы сабын көпіршігі

40

Қорытынды шығарыңыз:_________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәжірибелік жұмыс №3

Қажетті құрал жабдықтар: таразы, сорғыш (шприц), колба, суы бар ыдыс.

Жұмысты орындау барысы:

 Судың массасын өлшейтін таразы болмаса, дәргерлік шприцті қолдануға болады. Су тамшысы  үзілген  кезде тамшының ауырлық  күшін тамшыға әсер етіп, беттік керілу күшімен теңеседі.

 Тамшының диаметрі  тамызғыштың ішкі диметрімен бірдей деп есептесек:

        -бір тамшының массасы. кг

*     -тамызғыштың ішкі диаметрі. м

-тамшының саны                         өрнектесек   

*   -судың массасы. кг   .

Тәжірибе №

d, м

N

*  кг

* 

Н/м

 Н/м

1

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

Орташа мәні

 

-

-

 

 

 

1Әр жағдайда беттік керілу коэффициентін есептеу (формула 1)

2. Беттік керілудің орташа мәнін есептеу.  

3. Әр тәжірибенің абсолюттік қателігін есептеу.

4. Орташа мәнін есептеу.

5. Салыстырмалы қателігін есептеу.

6. Өлшеулер нәтижесін жазыңыз.    

                               

Бақылау сұрақтары:

1.Сұйықтың беттік керілуінің физикалық мағынасы қандай?

2.Сұйықтың беттік керілуі немен байланысты?

3.Температура өзгергенде сұйықтың беттік керілуі неге өзгереді?

Қорытынды жазыңыз:________________________________________

______________________________________________________________

Тәжірибелік жұмыс №4

Қажетті құрал жабдықтар: шыны, дәргерлік тамызғыш, май шам, су

Жұмысты орындау барысы:

1.Шынының жартысына май шамды жағыңыз.

2.Сорғышқв су сорғызып, шынының майланған бетіне абайлап тамызыңыз.

3.Екінші тамшыны шынының таза бөлігіне тамызыңыз.

4.Тамшылардың пішінін бақылаңыз, бақылаған құбылысты суреттеңіз.

5.Шыныны қыйсайтып құбылысты бақылаңыз. Өз бақылауыңызды  жазыңыз.

Сұрақтар:

1.Шынының бір бөлігіндегі тамшы неге ағып кетті,ал (майланған бөлігіндегі) тамшы шар тәріздес болып жиналған себебін түсіндіріңіз?

2.Осындай құбылысты табиғатта қайда кезіктірдіңіз?

3.Бұл құбылыстарды МКТ-ның қай қағидасына негіздеп дәлелдеуге болады?

 

Тәжірибелік жұмыс №5

Қажетті құрал жабдықтар: екі шыны ыдыс (стақан),ыстық суы бар ұзыншақ ыдыс,картон қағаз бөлігі (ламинатты емес) марганец ерітіндісі.

Жұмысты орындау барысы:

1.Екі жылтыр ыдысты алып,стаканның біреуінің ¾ бөлігін ыстық сумен толтырып, бетін картон қағазбен жабыңыз. Картонның үстіне бос ыдысты түбімен қойып бақылаңыз, бос стаканның қабырғасы терлегенін аңғарасыз.Өз бақылауыңызды жазыңыз және суреттеңіз. Бұл тәжірибеден нені бақылауға болады?

2.Бір стақанға суық су ,келесі стаканға ыстық су құйыңыз. Екеуіне де марганец ерітіндісі түйіршіктерін салыңыз. Өз бақылауыңызды жазыңыз және суреттеңіз.Сұйықтағы диффузия құбылысының жылдамдығы температураға тәуілді ме? Түсіндіріңіз? Сізді қоршаған ортадан диффузия құбылысына мысал келтіріңіз?

Волна: ТЕМПЕРАТУРА. МОЛЕКУЛАЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖЫЛУЛЫҚ ЭНЕРГИЯСЫ.

 

 

 

 

 


Тәжірибелік жұмыс №6.

Қажетті құрал жабдықтар: орташа ауа шары,жіп, ыстық су бар ыдыс (500С-600С), суық суы бар стакан.

Жұмысты орындау барысы:

1.Шарды үрлеп жіппен аузын байлаңыз.

2.Ыстық судың үстіне шарды біраз ұстап тұрыңыз.

3.Шардың үстіне суық су құйыңыз. Өз бақылауыңызды жазыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1.Шарды үрлеген кезде оның ішкі қысымы қалай өзгереді? Не себепті?

2.Суық суды құйғаннан кейін шардың пішіні неге өзгерді?

3.Түрлі қысымның әсеріне байланысты  құбылыстарға мысал келтіріңіз?

Қорытынды шығарыңыз:

____________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Тәжірибелік жұмыс №7.

Қажетті құрал жабдықтар: Шыны пластина, тамызғыш, екі стақан, аз мөлшерде сұйық май, аз мөлшерде спирт,термометр, секундомер.

Жұмысты орындау барысы:

1.     Шыны пластинаға бір тамшы су және  бір тамшы спирт тамызыңыз. Уақытты белгілеп, булану уақытын өлшеңіз. Нәтижесін жазыңыз.

2.     Шыны пластинаға бір тамшы су және  бір тамшы спирт тамызыңыз. Тамшыны үрлеңіз және булану уақытын өлшеңіз.

3.     Шыны пластинаға бір тамшы  суық су және  бір тамшы ыстық су  тамызыңыз. Булану  уақытын белгілеп,нәтижесін жазыңыз.

4.     Екі стаканға бірдей мөлшерде ыстық су құйыңыз.Бір стакандағы суға 4-5 тамшы сұық май тамызыңыз. 4-5 минуттан соң екеуінің де температурасын өлшеңіз. Тағы 3-5 мин тағы күтіп, тағы өлшеңіз. Тағы бірнеше рет өлшеңіз. (5-6)

5.     Жасалған тәжірибе нәтижесі бойынша судың және майы бар судың булану жылдамдығының уақытқа тәуелділік графигін сызыңыз. Сұйық буланған кезде неге салқындайды?

 Табиғатта булану құбылысы қандай маңыз бар? Мысал келтіріңіз, қорытынды жазыңыз.

___________________________________________________________________________________________________________________________

 

Тәжірибелік жұмыс №8

Қажетті құрал жабдықтар.

стол шамы (қызғырғыш шамы болу керек), термометр, ақ және қара қағаз.

Тапсырма: бірілген құралдарды пайдаланып ішкі жағдайға термометр көрсеткішінің тәуелділігін зерттеңіз.

Жұмысты орындау барысы:

тәжірибе 1. Термометр алыңызда күн түсіп тұрған жердегі және көлеңкедегі температураны өлшеңіз. (сурет 1)Күннің орнына шамды қолданыңыз. Бірінші рет  шамнан 15-20 см қашықтықтықта қойыңыз, екінші рет термометрді қозғалтпай қара қағазды шамға жақындатып көлеңке жасаңыз. Термометр көрсеткішін жазыңы з(1сурет)

1-сурет

тәжірибе 2. Ақ және қара қағаздың үстіндегі температураны өлшеңіз. Бірінші ақ қағаздың үстіне термометрді қойып, екінші рет қара қағаздың үстіне термометрді қойып өлшеңіз. Термометр көрсеткішін жазыңыз .(сурет 2)

2-сурет

тәжірибе 3. Термометрдің үстіндегі шамды ақ қағазбен жауып температураны өлшеп жазыңыз. Ақ қағазды қара қағазбен алмастырып тәжірибені қайталаңыз.(сурет 3)

3-сурет

 Жасаған тәжірибе негізінде ойланып қорытындылаңыз. Даладағы ауаның температурасын өлшеу үшін термометрді қайда орналастыруға болады?

Қосымша тапсырма:Термометрдің көрсеткіші бөлмеде орналасқан орнына тәуелділігін зерттеңіз? Бөлмеде термометрді қай жерге орналастыру тиімді?

Тәжірибе нітижесін түсіндіріңіз және қорытындылаңыз:___________________________________________________________________________________________________________________

 

Тәжірибелік жұмыс №9

Қажетті құрал жабдықтар:

Термометр,  біраз мақта немесе мата  , бөлме температурасындағы суы бар аласа стакан, психрометриялық кесте.

Жұмысты орындау барысы:

1.     Бөлме ауасының температурасын өлшеңіз. Нәтижесін дәптерге белгілеңіз.

2.     Мақта немесе матаны суға матырып, термометрдің төменгі бөлігін орап қойыңыз. Ылғалды термометрді ауада біраз уақыт (5-10 мин) ұстаңыз. Терометр көрсеткіші төмендеуін тоқтатқан кездегі термометр көрсеткішін белгілеңіз.

3.     Құрғақ және ылғалды  температуралар айырмасын есептеңіз,кестені пайдаланып ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтаңыз.

4.     Өлшеулер мен есептеулер нәтижесін кестеге жазыңыз.

tқұрғақ 0С

tылғал 0С

t0С

 Ауа ылғалдылығы

                %

 

 

 

 

 

5.     Сұрақтарға жауап жазыңыз.

1.     Ылғалды термометр көрсеткіші, құрғақ термометр көрсеткішінен неге төмен?

2.      Екі температуралар айырмасы неге тәуелді?

3.     Қандай жағдайда құрғақ және ылғалды термометрлер көрсеткіші тең болады?

4.     Екі температураның айырмасының ауадағы су буының қысымына қандай тәуелділігі бар?

5.     Қанықпаған будан қандай әдіспен қаныққан бу алуға болады?

6.     Температура жоғарлаған кезде идеал газдың қысымына қарағанда қанықпаған будың қысымы  тез жоғарлайтын себебі неде?

7.     Ыстықта жоғары ылғалдылықты көтеру өте қиын болатын себебі неде?

8.     Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшейтін құралдардың құрылымын, жұмыс жүйесін сызыңыз. Түсіндіріңіз.

Қорытынды жасаңыз.____________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Картинки по запросу анимационные картинки для физики

 

 

 

 

 

 

 

 

Волна: ТЕРМОДИНАМИКА
.

 

 

 

 


Тәжірибелік жұмыс №10

Қажетті құрал жабдықтар:

Шыны түтік, ыстық су, текше мұз, қара көк немесе қара қағаз.

Жұмысты орындау барысы:

1.Бөтелкені  ыстық сумен абайлап толтырыңыз.

2.3 муниттан соң ең түбіне кішкене су қалдырып,қалғанын төгіңіз.

3.Бөтелкенің аузын жауып тұратындай етіп, мұзды үстіне қойыңыз.

4. Бөтелкенің артына қара қағаз қойыңыз.

5. Бақылаған құбылысыңызды жазыңыз.

6. Табиғаттағы конденсация құбылысына мысалдар келтіріңіз.

Қорытынды жазыңыз:_____________________________________________________

_______________________________________________________________

 

Тәжірибелік жұмыс №11

Қажетті құрал жабдықтар:

Термос, шыны мензурка, (өлшемі бар ыдыс),термометр, ыстық су (АБАЙЛАҢЫЗ!).

Жұмысты орындау барысы:

1.Термос пен шыны ыдысты бірдей көлемде ыстық сумен толтырыңыз. (Тәртіпті мұхият сақтаңыз!)

2.Термос пен шыны ыдыстағы судың температурасын 10 мин, 15 мин,30 мин сайын өлшеңіз.

3. Температураның уақытқа тәуелділік графигін салыңыз.

Сұрақтар:

1.     Графиктердің айырмашылығын түсіндіріңіз.

2.     Бұл жерде жылу берілудің қандай түрін байқадыңыз?

Қорытынды жазыңыз: ___________________________________________________________________________________________________________________________

 

Тәжірибелік жұмыс №12

«ҚҰМ ЖӘНЕ МҮКПЕН ТӘЖІРИБЕ»

Қажетті құрал жабдықтар:

Екі  шыны  түтік, ыстық суы бар стақан (АБАЙЛАҢЫЗ!), құм, ағаш мүгі,термометр,секундомер.

Жұмысты орындау барысы:

1.     Шыны түтіктің біріне ағаш мүгін ,екіншісіне құмды себіңіз.

2.     Екі шыны түті  де ыстық суы бар стаканға  салыңыз.

3.     Термометр мен секундомер пайдаланып мүк пен құмның жылу өткізгіштігін салыстырыңыз.

4.     Тығыз жағдайда ағаш мүгі мен құмның жылу өткізгіштігін салысырыңыз.

« ҚАСЫҚПЕН ЖӘНЕ МҰЗБЕН»

Қажетті құрал жабдықтар: мұз, қағаз, фольга, мақта, қасықтар, ыстық суы бар саптыаяқ секундомер.

 

Жұмысты орындау барысы:

1 тәжірибе: Бірдей үш кесек мұзды дайындаңыз. Бір кесегін фольгаға ,екіншісін қағазға. үшіншісін мақтаға  ораңыз.Толық еріген уақытын анықтаңыз. Айырмашылығын түсіндіріңіз.

2 тәжірибе: Түрлі материалдардан жасалған қасықтарды таңдап алыңыз.(алюминий, қалайы, ағащ, мельхиор т.б.) Оларды жартылай ыстық сумен  толтырылған ыдысқа  салыңыз.                    1-2 минуттан соң қасықтар бірдей қызды ма,жоқ па тексеріңіз. Нәтижесін анықтап, талдау жасаңыз.

Алған нәтижені жазыңыз. Түсіндіріңіз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Сұрақтар:

1.     Заттардың жылу алмасуы дегеніміз не?

2.     Бір заттың екінші заттан жылу өткізгіштігінің көп немесе аз болатын  себебі неде?

3.     Борпылдақ  жағдайдағы мүктің тығыз жағдайдағы мүктің жылу өткізгіштігі неге тәуелді.

Қорытынды жасаңыз:

________________________________________________________________________________________________________________________________

 

«СЫЙҚЫРЛЫ ҚАҒАЗ»

Қажетті құрал жабдықтар: жуан шеге, екі  қағаздың кесіндісі, спиртпен жанатын май шам .

Жұмысты орындау барысы:

1.     Жуан шегені қағаздың қиындысымен  қысып орап, шамның жалынына ұстаңыз.

2.     Қағаздан ұзыншақ түтікше шиыршықтап жасап алып оны да шам жалынына ұстаңыз. (АБАЙЛАҢЫЗ!   Қағаздан жасалған түтікше жана бастағанда суы бар  ыдысқа салыңыз.)

Сұрақтар:

1.     Шегеге оралған қағаз неге жанбайды?

2.     Қағаздан жасалған түтікше неге тез жанып кету себебі неде?

Қорытынды жасаңыз:

___________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

«ЗЫРЫЛДАУЫК»

Қажетті құрал жабдықтар:өшіргіш резеңкесі  ( ағаш кесегі, тығын кесегі), ине,  жеңіл қағаздан жасалған шаршы ( папирос немесе калька қағазынан)

 

Жұмысты орындау барысы:

1.            Резеңкеге ( ағаш кесегі, тығын кесегі),  инені  тік тұратындай ұшын жоғары қаратып кіргізіңіз, резеңкемен тік бұрыш жасайтындай орналастырыңыз. (перпендикуляр).

2.Текше қағазды диагналы бойынша бүктеңіз.  Аударып келесі диагоналымен бүктеңіз.

3. Қағазды қайтадан айналдырыңыз.

4.Диагоналдардың қиылысуында қағаздың орта   нүктесі орналасады.Қағаз аласа жайылған пирамида тәріздес  болуы тиіс. (қолшатыр)

5. Ине ұшына тығынды кіргізіп, оның үстіне қағаздан жасалған қолшатырды кигізіңіз. Бізде иненің үшіна ауырлық ортасымен теңістірілген текше қолшатыр пайда болды.

6.Алақаныңызды 5-10 рет қатты үйкелеп, қолшатыр қағаздан 2,5 см қашықтықта алақаныңызмен қоршаңыз. Байқаған құбылысты бақылаңыз,жазыңыз. Болған құбылысты дәлелдеңіз.

Қорытынды жасаңыз:__________________________________________

________________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәжірибелік жұмыс №13

Қажетті құрал жабдықтар:

Тығынмен жабылған 0,5 л пластикалық бөтелке немесе ыдыс , термометр, суық суы бар өлшегіш мензурка, парақ қағаз, « заттардың меншікті жылу сыйымдылығы» кестесі.

Жұмысты орындау барысы:

1.Бөтелкеге кішкене су құйып оның температурасын өлшеңіз.

2.Бөтелкнің тығынын жауып, қағазға орап, бөтелкедегі суды 30-40с уақыт бойы қатты шайқаңыз.

3.Бөтелкені ашып судың температурасын қайта өлшеңіз.

4.Судың ішкі энергиясының өзгерісін есептеңіз.

5. Өлшеулер мен есептеулер нәтижесін дәптеріңізге жазыңыз.

Сұрақтар:

1.     Тәжірибе кезінде судың ішкі энергиясы қалай өзгерді?

2.      Тәжірибеде судың ішкі энергиясын қандай әдіспен өзгертіңіз?

3.     Су бар ыдысты тәжірибе барысында қағазға орап алған себебі неде?

4.     Істеген жұмыспен  ішкі энергияның өзгерінің қандай байланысы бар?

Қоытынды жасаңыз:

___________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

 

 

Картинки по запросу анимационные картинки для физики

 

 

 

Волна: ЭЛЕКТРОДИНАМИКА НЕГІЗДЕРІ.
ЭЛЕКТРОСТАТИКА.

 

 

 

 


Тәжірибелік жұмыс №14

Қажетті құрал жабдықтар:

Екі пластмасса сызғыш, жіпке ілінген 0,5*0,5см шаршы пенопласт , ине, кішкене поролон, теннис добы, фольга қағазы, парақ қағаз.

Жұмысты орындау барысы:

1.      Төрт түрлі электр өрісінің өлшеу аспабын дайындаңыз.

Бірінші: - жіпке ілінген  кішкене пенопласт.

Екінші – фольгадан кішкене бағытты кескін кесіп (      ), оны иненің үшкір емес жағына орналастырып, оны  поролонга вертикаль орналастырыңыз. Дұрыс орналасуы үшін кескіннің ұшын ақырын бүктеп, инеге қоятын жерді қолмен шұңқырайту қажет. Бағытты кескін өз осьінде еркін айналатын болуы қажет.Осы өлшеу аспабы арқылы зарядталған денелердің өзара тартылу және тебілуін бақылауға болады.  

      Үшінші-  құрғақ жеңіл қағаздан екіншімен бірдей өлшеу аспабын жасауға болады. Ішкі өрістің әсерінен диэлектриктер де  поляризацияланады.

2.Зарядталған металл шар дайындаңыз. Ол үшін  фольга қағазынан шар домалатыңыз. Оны  графитпен жабуға болады (қарапайым жұмсақ қарындаш грифелімен бояуға болады). Тәжірибелік құралдарды 1-суреттегідей орналастырыңыз.

Пластмасса қаламды жүнге үйкелеп алып металл шарды зарядтаңыз.

 

     « Металл шар»                    Пенопласт                                                                                           

                                                              зарядталған                                                                                                                                                                  

                            +Q                  +q        шар             

 

 


                                                                     1-сурет

 


3.Бірінші өлшеу аспабын зарядталған шардың «экваторынан» бірдей қашықтықта  жылжытып, пенопластыда орналасқан жіпке ілінген оң зарядқа әсерлесу  кезіндегі иненің бағытын  суреттеңіз.

4.Шардың айналасында оның ортасынан «экватор» жазықтықта қалатындай өлшеу аспабын жылжыту. Екінші және бірінші жағдайда  күш векторларын сызыңыз. Электр өрісінің күш сызықтарын өткізіңіз.

5.Үшінші және екінші аспаптың көмегімен электр өрісінің күш сызықтары шардың айналасында араласқанда олар бағыттарын өзгертетініне көз жеткізіңіз.

6. «Экватор» жазықтығында өріс кернеулігінің векторы симметриялы қалатынына индикатордың көмегімен пороландағы шарды айналдыру көрінісі арқылы көз жеткізуге болады.

7.  Пластмасса шардың фольгасын шешіп,«экваторлық» жазықтық ішіндегі бір ғана шардың «нүктесін»  зарядтаңыз. Бұл жағдайда электр өрісінің суреттелуін зерттеңіз.Дәптерге суретін салыңыз.

8.Суретте көрсетілгендей сызғышты фольгага орап оны аспапқа қойып зарядттаңыз, одан соң сызғышқа өрістің әсер ету құбылысын бақылаңыз. Электр өрісінің күш сызықтарының суретін салыңыз.

9.Бірінші және екінші иөлшеу аспабына зарядталған пластмасса қаламды жақындатқанда бағытты кескін бағытыөлшеу аспабымен зарядтталған қаламның арасына парақ қағазды, жалпақ фольга қағазын, айна қойып кескіннің бағытын бақылап көріңіз.

10. Зарядтталған қаламды біреуге ұстатып өлшеу аспабының алдына мөлдір емес қағаз немесе мата қойып,экранның  қай бетінде  электр өрісі ең жоғары кернеулік сызықтар пайда болатынын бақылаңыз.

Қорытынды жасаңыз:

________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Тәжірибелік жұмыс №15

Қажетті құрал жабдықтар:

Полиэтиленді  пленка (2 дана),   қағаздың ұзыншақ кесіндісі

.

Жұмысты орындау барысы:

1.Екі полиэтилен пленканы бір-біріне параллель болатындай столдың үстіне қойыңыз. Пленкаларды ұшынан көтеріп, ақырын жақындатып, алшақтатып өзара әсерлесуін бақылаңыз.

2. Қолдарыңызбен үйкелеп,осы пленкалармен тәжірибені қайталаңыз. Пленканың өзара әсерлесу күші қалай өзгерді?

3. Полиэтиленді пленка және ұзыншақ кесінді қағаздың көмегімен тәжірибені қайдалап жасаңыз. Қағазға полиэтилен пленканы қойыңыз және қолыңызбен үйкелеңіз.(бірінші рет-ақырын, соңында -қатты). Оларды бір- біріне қосып және ажыратып өзара әсерлесуін бақылаңыз.

4. Сұрақтарға жакуап беріңіз.

·        Зарядталған денелердің өзара әсерлесуін қай белгісіне қарап дәлелдейсіз?

·        Зарядталған полиэтилендер өзара қалай әсерлеседі?

·        Зарядталған екі денеге де электр өрісі әсер ете ме?

·        Зарядталған денелердің өзара әсерлесу күші неге тәуелді?

·        Зарядталған делердің өзара әсерлесу күші зарядтардың мәні мен  олардың арақашықтығына қандай байланысы бар?

Қорытынды жасаңыз:

________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Тәжірибелік жұмыс №16

Қажетті құрал жабдықтар:

Пластмасса сызғыш.,бір үзім мақта.

Жұмысты орындау барысы:

1.Пластмасса сызғышты столдің үстіне қойып, оны қағазбен үйкелеңіз.

2. Кішкене мақтаны алып сызғыштың үстіне қойыңыз.

3.Электрленген сызғышты көтеріп, мақтаның мамық бөлігіне ақырын үрлеңіз.

4.Сызғышты тез төмен түсіріп,мақтаның талшықтарын көтерілуін, электр өрісінің мамыққа әсерлесуін бақылаңыз.( мамық сызғышқа жабысып тұрса оны  тағыда үрлеп сызғышты  тез қозғалтып тәжірибені қайталаңыз.)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

-Мамық  сызғышқа қатысты қандай зарядты болды. Бірдей ме? Қарама-қарсы ма?

-Мамыққа қандай күш әсер етеді?

-Мамық неге электр өрісінде құламайды?

Қорытынды жасаңыз:_____________________________________________

__________________________________________________________________

 

 

 

 

Тәжірибелік жұмыс №17

Қажетті құрал жабдықтар:

 Пластмасса қаламның сырты, шырша жылдырағы,  резеңке өшіргіш немесе «киндер сюрприз» қорабының жартысы., сызғыш, жүн кесегі.

Жұмысты орындау барысы:

1.Пластмасса қаламның негізгі бөлігіне шырша жылтырағын басына бекітіп,резеңкеге немесе «киндер-сюрприз» қорабына орналастырыңыз. Екі дана жасау керек.

2. Жүнге сызғышты үйкелеңіз.Сызғышты біреуіне жақындатып, құбылысты бақылаңыз.

3.Екі данасында зарядтаңыз.Ол үшін жүнге үйкелген сызғышты шырша жылтырағы тұрған орынға жақындатыңыз.

Сұрақтар:

·        Шырша жылтырақтары неге электрленген сызғышқа тартылады?

·        Электрлендіру әдісі қалай аталады?

4.Екі дана шырша жылтырақтарын бір-біріне жақындатыңыз. Не бақылағаныңызды жазып,суреттеңіз.

Сұрақтар: Электрлендірудің бұл түрі қалай аталады?

Теориялық біліміңізді пайдаланып ,құбылысты түсіндіріңіз.

5. Шырша жылтырақтарын қолмен ажыратыңыз?

6. Біреуін жүнге үйкелеген сызғышпен,екіншісін целлофан пленкамен үйкелеп зарядтаңыз. Бақылаңыз және нәтижесін сызып,жазып қорытындылаңыз.

Сұрақтар: Өз бақылауларыңызды теориялық білім негізінде дәлелдеңіз.

Қорытынды жасаңыз:

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

Картинки по запросу анимационные картинки для физики

 

Тәжірибелік жұмыс №18

Қажетті құрал жабдықтар:. Ине, фольга қағазы, парақ қағаз, пластмасса қалам, өшіргіш резеңке, кесек тері немесе целлофан,теннис добы.

Жұмысты орындау барысы:

1.Электр өрісіні сезгіш  аспабын дайындаңыз. Қағаздан орташа үшбұрыш қиып алып,  резеңкеге ұшы жоғары қарап бекітілген иненің ұшына орналастырыңыз.  Қағаздың ортасын қолмен шұңқырайтып,бұрыштарын ақырын еңкейтіп койыңыз.Орналастырылған үшбұрыш қағаз өз осьмен еркін айналатындай болуы қажет.

2.Теріге үйкелеу арқылы пластмаса шарды электрлеңіз. Оны өшіргішке тесік жасап орналастырыңыз.

3.Электр өрісін сезгіш аспабын зарядталған шардан бірдей қашықтықта қозғалтып, инедегі қағаз үшбұрыштың бағытын сызыңыз.

4. Электр өрісін сезгіш аспабын электрленген  шардан алыстау қашықтықта қозғалтыңыз.Электр өрісінің күш сызықтарын сызыңыз. Зарядтталған шардың күш сызықтарын бағытын сызып,қорытынды жасаңыз.

5. Целлофанға немесе теріге пластмасса қаламды үйкелеу арқылы электрлеңіз.

6. Электр өрісін сезгіш аспабын зарядталған қаламның айналасымен жылжытыңыз. Құбылысты бақылып,суретін салып,қорытынды жасаңыз. Зарядталған қалам және электр өрісін сезгіш аспабын  қашықтықта өзара әсерлесу күшін анықтап,жазыңыз.

7. Электр өрісін сезгіш аспабы мен зарядталған қаламның арасына қағаз немесе фольга парағын қойғанда инедегі үшбұрыш қағаз бағыты қалай өзгеретінін бақылаңыз. Бақылау нәтижесін жазыңыз.

Бақылау сұрақтары:

·         Электр өрісін сезгіш аспабы мен зарядталған шардың өзара әсерлесуі қалай жүзеге асады?

·        Электр өрісі дегеніміз не?

·        Электр өрісінің кернеулігі дегеніміз не?

·        Электр өрісінің күш сызықтары қалай анықталады?

·        Электр өрісінің күш сызықтары өзара қабаттасу немесе қыйылысуы мүмкін бе?

·         Оң және теріс зарядттардың электр өрісінің күш сызықтары қалай бағытталады?

·        Зарядталған денелердің өзара әсерлесуі қай заңда жазылған? Бұл заңды жазып,баяндаңыз.

 Қорытынды жасаңыз:

__________________________________________________________________________________________________________________________

 

Волна: ЭЛЕКТРОДИНАМИКА НЕГІЗДЕРІ.  МАГНИТ ӨРІСІ.


 

 

 

 

 

 


Тәжірибелік жұмыс №19

Құрал жабдықтар: Екі жалпақ магнит, темір үгіндісі салынған елегіш тесіктері бар ыдыс,қағаз бекіткіштер, әр түрлі металлдан жасалған заттар.(мысалы: кілттер)

Жұмыс барысы: 1. Столға әр түрлі кілттер, карындаш,резеңке, қағаз және басқа заттарды қойыңыз. Кезекпен магнитті жақындату арқылы оның магниті зат екенін анықта.

2.Магнитті жатқызып бекіткіштерді бір полюсіне тізбектеп, қаншалықты ұзын тізбек болғанша жалғастыру қажет.

3.Горизанталь жатқан магнитке бекіткіштің біреуін  тартып алып,  екінші магниттің бірдей полюсіне тигізіңіз.Құбылысты бақылап,нәтижесін түсіндіріңіз.

4.Магниттің магниттік әсері полюстерінде  күшті байқалатынына көз жеткізіңіз.

5.Столдың үстіне жалпақ  магнитті орналастырыңыз. Оның үстіне қағаз қойып, үгіндіні себіңіз. Астындағы магнитті жылжытыңыз.Магнит өрісінің әсерінен пайда болған құбылысты бақылап, суреттін сызыңыз.

6  Қағаздың астына екі  магнитті біртекті полюсымен, одан кейін әртүрлі полюсымен жылжытып магнит өрісінің күш сызықтарын қараңыз. Бақыланған құбылыстың суретін  сызыңыз.

7.   Алынған магнит өрісінің күш сызықтарының суретін салыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1.     Магнит тілшесі жердің белгілі бағытына сәйкес орналасытыны неліктен?

2.     Магнитке тартылып тұрған екі шеге, қарсы бағыттағы бос ұштарының  тебілетіні неліктен?

3.     Шегенің қалпақты жағына солтүстік полюсті  жалпақ магнитті жақындатсақ шегенің үш жағында қандай полюс пайда болады?

4.      Компостың құрылысна мыс, алюминий,пластмасса қолданады. Темірді қолданбайтыны неліктен?

 

Волна: ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ИНДУКЦИЯ.


 

 

 

 

 


Тәжірибелік жұмыс №20

Құрал жабдықтар: миллиамперметр,катушка-орам,магнит

Жұмыс барысы:

1.Тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсерін бақылау.

Суретте көрсетілгендей әр түрлі әсерлесу жағдайында тогы бар катушка және магнит жолағының өзара әсерін бақылау.

 Әр жағдайда магнит пен катушканың өзара қалай әсерлесетінін суреттеу.

2. Электромагниттік индукция құбылысын бақылау.

 

Катушканы миллиамперметрге қосып суретте көрсетілгендей (а,б,в,г) әсерлерді жасаңыз. Тәжірибе жасау барысында катушка ауыстырылмайды, магниттің полюстері суретке сай алмастырылып отырады.

Әр тәжірибе нәтижесі бойынша индукциялық токты алу әдісін анықтаңыз:

а)Катушка арқылы өткен магнит ағынының өзгерісі  ( бағыттың көмегімен  ).

б) Катушкадағы өрістің магнит индукция векторының бағыты .

в) катушкадағы индукциялық тоқтың магниттік индукциялық өріс векторының   бағыты.

г) Индукциялық токтың бағыты.

Бекітуге арналған сұрақтар:

1.Магнитті катушка жақындатып алыстатқан кезде магнит өрісінің ағыны қалай өзгереді?

2. Катушкадан   және  векторларының бағыты магнит ағыны өскенде және азайғанда  магнит ағыны   қалай өзгереді?

3. Катушкадан өткен магнит ағынының өзгеріс жылдамдығы индукциялық токтың күшіне тәуелділігі туралы не айтуға болады?

Қорытынды жасаңыз:

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

Картинки по запросу анимационные картинки для физики

Волна: ТЕРБЕЛІСТЕР МЕН ТОЛҚЫНДАР.
МЕХАНИКАЛЫҚ ТЕРБЕЛІСТЕР.


 

 

 

 

 

 


Тәжірибелік жұмыс №21

Құрал жабдықтар: жіп,  массасы  белгілі кішкене жүк, сағат, бір парақ қағаз, қағаз бекіткіштер.

 

Теориялық бөлімі:

1.Бір тербелістің  уақыты аз амплитудасы кезінде уақыт амплитудаға тәуелді болмайды.

2.Тербелістің белгілі бір уақытта қайталануы период Т деп аталады.

3.Тербелістің өшуі уақыт релаксациясы деп аталады.   Тербеліс амплитудасы  кемитін уақыт е=2,7есе

4.            -тербеліп тұрған дененің массасы.

 

     Жұмыс барысы:

1.     Ұзындығы бір метрдей жіпке жүкті іліңіз.(маятник)

2.     Маятниктің тепе-теңдік  қалпына 150 ,300, 450, 900 бұрыштар сызылған қағазды  бекіткішпен мықтап бекітіңіз.

3.     Жіпті  сызық бойынша 300-қа тартыңыз.

4.     Амплитудасы 2 есе азайған уақыттағы тербеліс санын анықтаңыз.

5.     Маятникті хmax қашықтыққа бұрып тәжірибені қайталаңыз

6.     Әр бұрышқа сәйкес амплитудасы 2 есе азайған уақыттағы тербеліс санын анықтаңыз.

7.     Өлшеу нәтижесін кестеге толтырыңыз.

Сұрақтар:

1.Тербеліс амплитудасының  уақытқа тәуелділігін анықтауға мұмкіндік болды ма?

2.Тербеліс саны  қандай шамаға тәуелді?

Қорытынды жасаңыз:

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Тәжірибелік жұмыс №22

Құрал жабдықтар: тарақ,картон қағаз, механикалық қоңырау, мақта,мата бөлігі,табақ,  әр түрлі 4 шыны бөтелке, капрон жіп (2м), металл қасық, екі сіріңке , жүн жіп (2м), екі қағаз стакан, пластмасса бөтелке (2л), ауа шары d=dбөтелке , шам.

1.Әнші тарақ.

Тарақтың түзімен картон қағазды немесе қалың қағазбен тез сосын ақырын жүргізіңіз. Әр түрлі тарақта тәжірибе жасаңыз. Қай жағдайда дыбыс ең жоғары болды?

Дыбыстың жоғарылығыі неге тәуелді? Дыбыс қалай пайда болады?

Қорытынды жасаңыз:_____________________

 

2. Дыбыстар үндестігі.

Столға механикалық қоңырауды қойыңыз. Сіз  1м қашықтықта тұрсаңыз оның сыртылы естілеме? Қоңыраудан сондай қашықтықта столға құлағыңызды төсеп тыңдаңыз. Бұл жағдайда дыбыс естілеме,салыстырыңыз? Қоңырауды қағаздың , мақтаның,матаның, табақтың үстіне қойып тәжірибені қайталаңыз? Әр түрлі денеде дыбыстың жеткізілуін салыстырып қортынды жасаңыз.

3. Бөтелкелер оркестрі.

Әр түрлі көлемді бос шыны бөтелкелерді  алыңыз. Оларды карындашпен соғыңыз. Қай бөтелке зор дыбыс шығарады? Қайсысы төмен дыбыс шығарады? Бұны қалай түсіндіре аласыз?

Бірнеше бірдей бөтелке алып,оны әр түрлі деңгейдегі сумен толтырыңыз.Оларды қарындашпен соғыңыз.Қай бөтелке жоғары дыбыс шығарды?  Қайсысы төмен дыбыс шығарады? Бұл құбылысты қалай түсіндіресіз?

Бірнеше бірдей бөтелке алып, әр түрлі деңгейде суға толтырыңыз. Оларды қарындашпен соғыңыз. Қай бөтелке жоғары дыбыс шығарды?  Қайсысы төмен дыбыс шығарады

Жасалған тәжірибеден қандай қорытынды шығаруға болады? Жаңалық ашуға тырысыңыз?

Қорытынды жасаңыз? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4.Қасықтан шыққан сыңғырлы дыбыс.

2м капрон жіпті алып,  асхана қасығының (алюминий емес ортасына байлаңыз) жіптің соңын бармақпен қысып,құлақты жабыңыз.

Қасық еркін айналатындай төмендетіп, столдың аяғына соғыңыз. Дыбыс неге естіледі? Дыбыс неге сонша қатты естіледі? Бұл тәжірибеде дыбыс қалай жеткізіленді?

Қорытынды жасаңыз? ________________________________________________________________

5.     Ең қарапайым телефон. Арзан телефон ,бірақ токпен жұмыс істемейді.

Дыбысты белгілі бір қашықтыққа жеткізетін телефонды жасауға болады. Ол үшін қалың емес  картон қағаздан екі кішірек стакан жасаңыз.(қағаз стакандарды алуға болады). Олардың түбін тесіп, суреттегідей бау өткізетіндей жасау қажет. А ғаш білеушемен стаканның түбіне бауларды бекітіңіз. Баудың ұзындығы 20м немесе одан да көп болуына болады.Екі қатысушы бау арқылы әңгімелеседі.

Баудың ұзындығына сәйкес екі жаққа  тұруы қажет.Біреуі сөйлесе екіншісі стаканға құлағын тосып, ақырын айтылған сөзді естуге мүмкіндік алады.Неліктен дыбыс жақсы естіледі?

    Қорытынды жасаңыз? ___________________________________________

7. Соғылған дыбыс толқынны.

Дыбысты сақина. Кейбір жағдайда шағын дыбыстың өзі  ауада арнайы  тербеліс тудырады. Бұл сақиналар өзінде ерекше қуаты болады.

Ауа шары мен пласстмасса бөтелкеден дыбыс генераторын жасаңыз.Бос бөтелкенің түбін кесіңіз,кесілеген жерін майдалау қажет.(шетін сіріңкемен тегіс күйдіріңіз). Ауа шарынан бөтелкенің түбін жауып, екі сантимердей асып тұратын қылып қиып алыңыз.Бөтелкенің түбін шармен жауып, резеңкемен мықтап бекітіңіз. Негізі барабан тәріздес болуы шарт. Енді абайлап тартылған шардың ортасынан шымшып алып, жоғары тартып  қайта жіберіңіз. Құбылысты бақылаңыз.

Жанып тұрған шамды үрлеп, дайындалған құралға бағыттап, мембранасын тартып,қайта жіберіңіз. Бөтелкеден түтін әсерінен пайда болған дыбыс сақинасын байқауға болады.  Бақылаған құбылысты түсіндіріңіз.

Қорытынды жасаңыз? ________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

Волна: ОПТИКА
.


 

 

 

 


Тәжірибелік жұмыс №23.

Безендіру талаптар: Жұмысты презентация түрінде безендіру қажет.

1-слайд. Жұмыс атауы, орындаған авторының аты-жөнін жазу

2-слайд. Жұмыстың барысы толық жазылады. Жұмыс барысын бірнеше нұсқада қарастыру (жарық жылдамдығын кім қашан ашқанын қысқаша әрі, тәжірибелік сызба негізінде). Кейбір деректер төмендегі кестеде көрсетілген. Осы тәжірибені жазған соң, жарық жылдамдығын анықтайтын өз әдісіңізді сипаттап жазыңыз. Өз суреттеріңізді міндетті түрде қосарластыру қажет. Есептеулерді толық жазып,қортынды шығаруды ұмытпаңыз..

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Құрал жабдықтар:қысқа толқынды пеш, пештің түпкі кемерасымен бірдей мөлшердегі картон қағаз,төртбұрышты шоколод немесе ірімшік, үккіш,сызғыш, калькулятор.

Теориялық бөлімі. Пеш камерасында қысқа толқынды электромагниттік толқын пайда болады. Ол толқын адам көзіне көрінбейді. Қысқа толқын коэффициенті жоғары жарықты шығарады да,  қыздыруға жұмсайды. Сондықтан кемераның ішінде  көлденең толқын пайда болады. (1 сурет).

 1-сурет

Көлденең толқынды анықтау үшін, бірнеше метр ұзын бауды алып, бір ұшын бекітіп, оны аздап қолмен серпіп,екінші ұшын тербелмелі қозғалысқа келтірсе,баудың бойымен толқын жүгіреді. Бауды неғұрлым  күштірек  қозғасақ толқынның жылдамдығы соғұрлым үлкен болады. Толқын бауды бекіткен нүктеге жетіп барып шағылады да кері қайтады. Мұнда толқын таралу кезінде баудың пішіні өзгереді.Толқын баудың бойымен тарағанда баудың жеке бөліктері толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта тербеледі. Осындай толқындар көлденең толқындар деп аталады

        Жұмыс барысы:

1.Үгілген шоколод (ірімшікті) картон қағазға жайыңыз.

2. Пештің айналатын бөлігін алып тастаңыз.

3. Картонды пешке қойып, 10 секундқа қосыңыз.

4. Шоколодтты пештен алғанда белгілі бөліктері ғана еріп кеткенін байқайсыз.(шоколадттың толық еріп кетуі,уақытқа тәуелді болуы мүмкін. Тәжірибені уақытты көбейтіп,азайтып бақылауға болады.)

5.Шоколодтың еріген бөлігінен орталық нүктесіне дейінгі қашықтықты сызғышпен өлшеңіз. Нәтижесін метрмен өрнектеңіз.Бұл сіздің электротолқынды пешіңіздің толқын ұзындығының жартысы болады.

6. Сіздің электротолқынды пешіңіздің қабырғасында электромагниттік кесте жазылған ақпаратты парақша болуы қажет. Көптеген пештердегі жиілік 2450МГц.   Ескерту: 1МГц=106Гц.

7.Төмендегі өрнекті пайдаланып жарықтың жылдамдығын анықтаңыз.

        Кестедегі бос орынды толтырыңыз.

Мерзімі

атауы

әдісі

нәтижесі.

XVII  ғасыр

Иогани Кеплер

Жарықтың таралуы туралы ұсыныс

 

1607 жыл

Галилео Галилей.

жарықтың айналардан қайта шағылуы

сәтсіз аяталуы

1676 жыл

Олаф Ремёр

Астрономиялық әдіс (Шолпан ғаламшары арқылы бақылау)

215000км/с

1862 жыл

 Леон Фуко

айналмалы айна әдісі

298000км/с

1927 жыл

Альберт Майкельсон

Айналып тұрған айналарды

299796км/с

 

 

 

 

             Қорытынды шығарыңыз: _________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Безендіру ережесі.

1.     Жұмысты 2 адам немесе топпен орындауға болады.

2.     Жұмыс тек электронды нұсқада презентация түрінде орындалады.

3.     Істеген жұмыстың нәтижесін фотосуреттер арқылы көрсету

4.     Презентация құрылысы:

5.     1-слайд. Жұмыстың тақырыбы. Кім орындағаны

2-слайд . Жұмыс мақсаты,қолданылатын құрал-жабдықтар.

3-және т.б .Жұмыс барысында фотосуреттер мен тәжірибенің сипаттамасын қосу қажет.

Соңғы слайдта: Тәжірибе қорытындысы, бақылау сұрақтарының жауабын жазу қажет.

 

 
Тәжірибелік жұмыс №24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 бөлім.

1.Бос қораптың қабырғаларын тесіңіз.

2. Бос қорапты электр шамына кигізіңіз. Қорап столдың бетіне тегіс жататындай болуы шарт.

3.Бөлмедегі шамды сөндіріп, кораптың ішіндегі шамды жағыңыз.

4. Кораптың тесігінен шашыраған жарықтың таралу бағытын бақылаңыз.

5. Бақылау нәтижесін жазыңыз.

2 бөлім.

1.Қабырғаға ватман немесе ақ парақ бекітіп қойыңыз. Бұл сіздің экраныңыз болады.

2.Столға қойылған шамды жағыңыз- бұл  жарық көзі болады.

3.Шамнан экранға дейінгі қашықтық 1 метрден аз болмауы қажет. Жарық көзінің орнына шамды алуға болады.

4. Экран мен шамның арасына үлкен емес бір затты қойып, көлеңкенің енінің өзгерісін арақашықтыққа сәйкес өзгеруін зерттеңіз.экрандағы жартылай және толық көлеңкені суреттеңіз.

5. Денеден экранға дейінгі арақашықтықты 5 рет өзгертіңіз. Нәтижесін кестеге жазыңыз.

Тәжірибе №

Шам мен экран арасындағы қашықтық, м

Зат пен экран арасындағы қашықтық

 ( L) ,м

Көлеңкенің ені 

 (d) м

1  

 

 

 

2

 

 

 

3

 

 

 

4

 

 

 

5

 

 

 

1.     Әр тәжірибе нәтижесі бойынша L  және d  шамаларының математикалық байланысын анықтап, есептеулер нәтижесін жазыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1.     Жердегі  адамның  көлеңкесінде аяғы нақты ал басы бұлыңғыр көрінетін себебі неде?

2.      Егер ай күннен 2 есе үлкен болса жерден бақылаған адам үшін күннің тұтылуы қалай көрінер еді?

3.      Адам өзінің көлеңкесінен жылдам жүгіруге бола ма? Жауапты дәлелдеңіз.

Қорытынды шығарыңыз:

________________________________________________________________

________________________________________________________________

 

Тәжірибелік жұмыс № 25

Қажетті құрал жабдықтар:. Ток көзі, тістері алыс тарақ, айна.

Жұмысты орындау барысы:

1.      Стол шамы мен  қатты ақ қағазды бірдей деңгейде ,аралары 2 метр қашықтықта  орналастыр.

2.     Жарық ағынының жолына ұлкен тісті тарақты орналастыр. Осы тістерден үзын паралелль қөлеңкелер түседі.

3.      Кішірек төртбұрышты айна алып қағаздың үстіне жарықтың жолына орналастыр.

4.      Қағазда ақ қара жолақтар пайда болады. Айнаны  қанша айналдырсақ та  айнаға түсетін жарық , шағылған жарық сызықтары өзара перпендикуляр болатынын бақылаңыз.

Сұрақтар:

1.     Жасалған тәжірибе қай заңды дәлелдейді.

2.     Бұл заңды  қайда қолданады. Мысал келтіріңіз?

3.     Қоршаған ортада бұл заңды қайда бақылауға болады?

Қорытынды шығарыңыз:

________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Тәжірибелік жұмыс № 26

      Қажетті құрал жабдықтар:. Әр түрлі ақ парақтар.

Жұмысты орындау барысы:  Бір парақ қағаз алып, жайып ұстаған  бұрышымен әйнекке қарау керек.(бұл тәжірибені күн ашық болғанда жасау ). Сіздің көз жанарыңыз қағаздың деңгейімен бірдей болу қажет.

 Сіз одан аспанның бұлыңғыр шағылуын, ағаш, үйлердің бұлыңғыр бейнесін байқайсыз. Қағаз мен көз жанарының арасындағы бағытталған бұрыш аз болған сайын шағылысу нақты болары анық. Қағазда шам немесе электр жарығының шағылуын нақты бақылауға болады. Тәжірибені әр түрлі  ақ қағазда қайталап жасап, қандай қағазда шағылу жақсы болатынын анықтаңыз.

Теориялық бөлімі: Қағаздар түрі түсі бетінің жылтырлығы  бойынша әр түрлі болады. Қағаздардың кейбірі өте майда болса да айна сияқты шағылдыра алмайды. Беті жылтыр қағазды үлкейткіш линзаны алып қарасақ оның бетінің кедір бұдыр екенін көруге болады. Бірақ қағаздан жарық сәулелерінің шашырауын болдырмай, шағылуын көруге болады.

Сұрақтар:

1.     Жарықтың шағылуының қандай  түрлерін атай аласыз?

2.      Әр түрлі жазықтықтан жарық сәулесінің шағылуын суреттеңіз.

3.     Қағаз бетіндегі суреттер неге өшкін көрінеді?

 

 

 

 

 

 

Тәжірибелік жұмыс № 27

Қажетті құрал жабдықтар:.  Суы бар жұқа қабырғалы цилиндр пішінді  шыны стақан. жиі түзі бар тарақ, жарық көзі.

Жұмысты орындау барысы: 

1.     Шай құятын стақан тығыз кіретіндей  қағаздан дөңгелектеп  тесік қиып алыңыз.

2.     Стакандағы су мен жарық шамының арасына 1,5-2 метр арақашықтыққа тарақты орналастырыңыз. Паралелль  сәулелер стакан арқылы өтіп, цилиндр линзадан өткен сәулелер фокусталып, қайта шашырап тарайтынын байқауға болады.

 

 

3.      Стақаннан өткен сәуле бір нүктеде қиылыспай, шашыраңқы түрде болары анық.(себебі бұл стакан цилиндр линзаның міндетін атқармайды.), бірақ цилиндр линзаның орнына қолданылады.

4.     Егер стақанның артынан цилиндр линзаның фокусына көзімізді тоқтатып жарық көзіне қарасақ, жарық кішірейіп көрінеді. Әр түрлі орында тұрып көз тоқтатып қараңыз.

Сұрақтар:

1.     Бұл тәжірибеде қандай құбылысты бақыладыңыз?

2.      Линзада пайда болған сәуле жолын сызыңыз.

3.     Қандай линзалар болады, оларды қайда қолданады?

Қорытынды шығарыңыз:

___________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәжірибелік жұмыс № 28

Қажетті құрал жабдықтар:.   Суы бар мөлдір стақан, аласа мөлдір емес стақан,карындаш,  тиын, қақпағы бар шыны ыдыс .(банка).

 

Жұмысты орындау барысы: 

а) карындашпен

1.Стаканның  2/3 бөлігін сумен толтырыңыз.

2. Карындаштың  ұшы стакан түбі мен су деңгейінің ортасында боларлықтай  тік төмен түсіріңіз.

3. Су бар стақанға жанынан қараңыз. Бақылаған құбылысты сызыңыз. Өз суретіңізді түсіндіріңіз.

ә) тиынмен

1.Тиынды бос аласа стақанға салыңыз.

2. Тиын  түбінен көрінбей қалғанша кейін шегініңіз.

3. Жаныңыздағы адам стақанға суды тиын көрінгенше құйсын. Бақылаған құбылысты түсіндіріңіз.

4.Есеп шығарыңыз.Бұлақтың түбінде тас жатыр.Ұл бала сол тасты қолындағы ағашпен итергісі келеді. Бала ағашты таяқшаны 450 бұрышпен ұстап тұруды жоспарлады. Егер бұлақтың тереңдігі 50см болса , бұлақтың түбіне тастан қандай қашықтықта салынады.

б) тиынмен-2.

1.Шыны ыдысқа  су қүйып қақпағын жабыңыз.

2.Тиынның үстіне шыны ыдысты қойыңыз.

3. Алыстау қашықтықа тұрыңыз.Тиын орнында тұр ма? Бақылаңыз? Тиын неге көрінбейді?

4.Жарық сәулелерінің таралуын суреттеңіз,біз неге тиынды көре алмаймыз?

Қорытынды шығарыңыз:

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

 

Тәжірибелік жұмыс № 29

Қажетті құрал жабдықтар:.   Суы бар  кең ыдыс,айна, айна қойғыш, жарық көзі, хрусталь ыдыс, тырнақ бояайтын лак, кішкене сүт, шыны ыдыс.

Жұмысты орындау барысы: 

а) айнамен

1. Кең ыдыстағы суды стол үстіне қойып, айнаны салыңыз.Айнаны қырымен қоюға болады.

2.Су бетімен айнаның арасындағы бұрыш 250 болатындай орналастырыңыз.

3. Қалта шамының артына және жанына ақ қағазды ұстаңыз. Қағазды кемпірқосақ көрінгенше айналдырыңыз.Егер жарық сәулесі айнаға түссе нәтижесінде шағылған жарық суда сыну нәтижесінде қабырғада кемпірқосақ пайда болады.

Құбылысты сызыңыз және көрген құбылысты түсіндіріңіз.

ә). ыдыспен

1. Хрусталь ыдысты ақ қағаздың үстіне қойыңыз.

2.Ыдыспен  жарық сәулесін ұстаңыз. Парақта түрлі –түсті кемпірқосақ пайда болады. Көрінген құбылысты суреттеңіз әрі түсіндіріңіз.

б)  жарық интерференциясын бақылау.

1. Суға лак тамызыңыз. Судың үстінде жұқа шеңберлі  қабат пайда болады.

2. Пайда болған  жұқа қабатқа сәуле түскенде оның жан-жағында түрлі –түсті кемпірқосақ пайда болғанын бақылаңыз. Бақылаған нәтижені суреттеңіз?

Пайда болған суретті түсіндіріңіз.

Бұл құбылысты тағы қайда бақылауға болады?

 

 

 

 

в) Түнгі және кешкі аспан

1. Суретте көрсетілгендей шыны ыдысқа жарты қасық сүт құйыңыз. Ақшыл сұйық пайда болатындай су құйыңыз.

 

 

2.     Бөлмені қараңғылап қалта шамынан  ыдыстың қабырғасына жарық сәулесін түсіріңіз. Шыны ыдыстығы сұйық қандай түсті болды? Суреттеңіз.

 

 

3.     Шыны ыдыстың қабырғасына қалта шамын тура түсіріңіз. Енді сұйықтың түсі қандай болды? Суреттеңіз.

4.      Бақылған құбылысты түсіндіріңіз.

5.     Табиғатта бұл құбылысты қайдан көруге болады?

Қорытынды шығарыңыз:

 

 

 

 

 

 

 

Картинки по запросу анимационные картинки для физики

 

Тәжірибелік жұмыс № 30

Қажетті құрал жабдықтар: ақ қатты қағаз, қайшы , қарындаш, циркуль,қыл қалам, бояу немесе түрлі түсті қарындаш.(фломастерлар)

Жұмысты орындау барысы: 

1.Қатты қағазға шеңбер сызыңыз.

2.Шеңберді тең жеті бөлікке бөліңіз.

3. Секорларды қызыл, қызғылт сары, сары,жасыл,көгілдір, көк,күлгін түске бояңыз.

4. Қайшының көмегімен шеңберді қиып алыңыз.

5. Шеңбердің айналып тұратындай ортасына қарындашты бекітіңіз.

6. Қарындашты бұрап айналдырыңыз.

7. Құбылысты бақылаңыз.

8. Бақылаған құбылысты түсіндіріңіз.

 

Бақылау сұрақтары:

1.     Егер жеті түсті бояуды араластырсақ ақ түс шықпайтын себебі неде?

2.      Оптикалық сәулелердің араласу заңдарын кім ашқан?

Қорытынды шығарыңыз:

_________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.Н.О.Филотова. Практические работы по физике в 10-11классах.

2. Тульчинский М.Е. Качественные задачи по физике в средней школе. «Просвещение» 1972г.

3.  құралсыз тәжірибелер.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Физика пәнінен тәжірибелік жұмыстар" оқу-әдістемелік жинақ (инклюзивті оқу бағдарламасымен оқитын студенттерге арналған)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 150 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.06.2017 7612
    • DOCX 2.9 мбайт
    • 82 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурсейт Багдагул Нурсейткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурсейт Багдагул Нурсейткызы
    Нурсейт Багдагул Нурсейткызы
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 194611
    • Всего материалов: 33

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Информационные технологии в деятельности учителя физики

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 866 человек

Мини-курс

Методология физического воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интерактивные материалы на печатной основе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе