Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Физика пәнінен өзіндік жұмыс 8 сынып
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Физика пәнінен өзіндік жұмыс 8 сынып

библиотека
материалов

Өзіндік жұмыс №5

Жылу мөлшері. Меншікті жылусыйымдылық.

Бастапқы деңгей

  1. Судың меншікті жылусыйымдылығы 4200 Дж/кг∙0С. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

А) Массасы 4200 кг суды 10С-ге қыздыру үшін жұмсалатын 1 Дж жылу мөлшері.

Б) 1 кг суды 4200 0С –ге қыздыру үшін жұмсалатын 1 Дж –ге тең жылу мөлшері.

В) Массасы 1 кг суды 10С қыздыру үшін жұмсалатын 4200 Дж –ге тең жылу мөлшері.

  1. Меншікті жылу сыйымдылық деп ..... Дұрыс жауапты таңдаңыз.

А) Затты 10С –ге қыздыру үшін жұмсалатын жылу мөлшері

Б) 1 кг затты қыздыруға жұмсалатын жылу мөлшері

В) 1 кг затты 10С қыздыру үшін жұмсалатын жылу мөлшері

  1. Массасы 100г алюминий ыдысты 20 0С –ге қыздыру үшін 1800 Дж жылу беріледі. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

А) Алюминийдің меншікті жылусыйымдылығы 3600 -ге тең

Б) Алюминийдің меншікті жылусыйымдылығы 900 –ге тең

В) Алюминийдің меншікті жылусыйымдылығы 90 –ге тең

  1. Температуралары мен көлемдері бірдей қызған сынап пен мыс шарды ыдыстағы мұздың үстіне саламыз. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

А) Сынап шарының тұрған жері көбірек ериді

Б) Мыс шарының тұрған жері көбірек ериді

В) Екі шардың тұрған жері бірдей көлемде ериді

  1. 1 кг затты 10С қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері беріледі. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

А) Мыс

Б) Болат

В) Шойын

  1. Массасы бірдей мыс бен болаттан жасалған денеге бірдей мөлшерде жылу берілген. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

А) мыс дененің температурасы жоғары болады

Б) Болат дененің температурасы жоғары болады

Орта деңгей

  1. Массасы 0,3 кг суды 12 0С ден 20 0С –ға қыздыру үшін қанша жылу мөлшері жұмсалады.

  2. Көлемі 27 л ыдыстағы қайнаған су қоршаған ортаға 1500 кДж жылу бөлсе, су температурасы қанша градусқа төмендейді.

  3. Массасы қанша суды 1 кДж жылу беріп температурасын 10 0С –қа қыздыруға болады?

  4. Массасы 110 г алюминийді 90 0С –қа қыздыру үшін 9,1 кДж жылу мөлшері керек. Алюминийдің меншікті жылу сыйымдылығын есептеңдер.

  5. 20,7 кДж жылу беріп 20 0С тан 200 0С –қа қыздырылған темірдің массасын табыңдар.

  6. Массасы 200г летунды гирдің температурасын 20 0С дан 28 0С –қа қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет.

  7. Массасы 120 г күмісті 66 0С ден 16 0С –қа суытқан кезде жылу берген күмістің меншікті жылусыйымдылығы қандай?

  8. 168 кДж жылу берілген 4 л судың температурасы қалай өзгереді.


Жеткілікті деңгей

  1. Массасы 300г болатты жоғары температураға қыздырып үстіне температурасы 40 0С 3 кг машина майын құямыз. Егер араласқаннан кейін температура 300С болса, бастапқы температураны табыңдар.

  2. Температурасы 100 0Сжезден жасалған денені суыту үшін температурасы 15 0С , 420 г суды құямыз, жылу берілу кезінде су 18 0С –қа қызса, онда дененің массасын есептеңдер.

  3. Оқушылар көлемі 200 см3 стақанға төрттен үш бөлігіне қайнаған су және қалған бөлігіне мұздай сумен толтырды. Мұздай судың температурасы 20 0С болса, онда стақандағы судың температурасын анықтаңдар.

  4. 140 г алюминий калориметрге температурасы 15 0С 250 г су құямыз. Суға температурасы 100 0С 100 г мырыш бөлігі салынды, судың температурасы 16 0С қа салқындады. Мырыштың меншікті жылусыйымдылғын анықтаңдар және жылу берілу теңдеуін құрыңдар.

  5. 200 г латун калориметріне температурасы 12 0С 150 г су құйып, суға 0,5 кг, температурасы 100 0С темір гирді салып калориметрдің температурасын табыңдар.

  6. 200 л сиятын ванна дайындау үшін 10 0С суық су мен 60 0С ыстық су құямыз. Ваннадағы температураны 40 0С болу үшін қандай көлемде ыстық су және суық су құямыз?

  7. Көлемі 39 л температурасы 20 0С сумен көлемі 21 л 60 0С суды араластырғандағы температураны табыңдар.

  8. 800 0С қыздырылған болатты температурасы 10 0С 2кг майға салған кезде май 400С –қа қызады. Майға салған дененің температурасы 20 0С –қа төмендесе болаттың массасын анықтаңдар. Майдың меншікті жылусыйымдылығы 2100 Дж/ кг∙0С.


Жоғары деңгей

  1. Температурасы 20 0С массасы 200 г суға температурасы 10 0С массасы 300 г темірді және 400 температурасы 25 0С сынапты араластырамыз. Пайда болған қоспаның температурасын табыңдар.

  2. 150 г температурасы 20 0С суды 45 г алюминий ыдысқа құямыз. Ыдысқа температурасы 95 0С, массасы 200 г цилиндр салынған кезде судың температурасы 30 0С –қа көтеріледі. Цилиндрдің меншікті жылусыйымдылығын табыңдар және цилиндр қандай металдан жасалған.

  3. Массасы 128 г калориметрге 240 г температурасы 8,5 0С су құйылды. Суға 146 г температурасы 1000С –қа қыздырылған металл цилиндр тасталды. Нәтижесінде температура 10 0С-ға төмендеді. Металл цилиндрдің меншікті жылусыйымдылығын табыңдар.

  4. Массасы 100 г калориметрге температурасы 15 0С массасы 500 г су құйылды. Температурасы 100 0С барлығы 150 г алюминий мен мырышты суға саламыз. Нәтижесінде судың температурасы 17 0С –қа көтеріледі. Мырыш пен алюминийдің массасын есептеңдер.







































Өзіндік жұмыс №6

Отынның энергиысы. Отынның меншікті жану жылуы.

Бастапқы деңгей.

  1. Бензиннің меншікті жану жылуы 46 МДж/кг. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

А) 1 м3 бензин жанғанда 46 МДж энергия бөлінеді

Б) 46 кг бензин жанғанда 1 МДж энергия бөлінеді

В) 1 кг бензин жанғанда 46 МДж энергия бөлінеді.

  1. Тас көмір мен құрғақ ағаш бірдей көлемде жанды. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

А) Тас көмір жанғанда көп жылу бөлінеді

Б) Құрғақ ағаш жанғанда көбірек жылу бөлінеді

В) Көмір мен ағаштан бірдей жылу бөлінеді.

  1. Тас көмірді жаққан кезде 54 МДж жылу бөлінеді. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

А) 1 кг көмір жанды

Б) 2 кг көмір жанды

В) 4 кг көмір жанды

  1. 1 кг отын жанған кезде 26 МДж жылу бөлінді. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

А) Керосин

Б) Спирт

В) Ағаш көмірі

  1. 2 кг тас көмір жандырды. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

А) Бөлінген жылу мөлшері бірдей болу үшін 1,5 кг спирт жағу керек

Б) Бөлінген жылу мөлшері бірдей болу үшін 2 кг бензин жағу керек

В) Бөлінген жылу мөлшері бірдей болу үшін 4,5 құрғақ отын жағу керек

  1. Пешке 2 кг құрғақ ағашты жаққан кезде. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

А) 6 МДж жылу бөлінеді

Б) 12 МДж жылу бөлінеді

В) 24 МДж жылу бөлінеді


Орта деңгей

  1. 60 МДж жылу бөліну үшін қанша құрғақ ағаш жағы керек.

  2. 100 г спирт толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді.

  3. 0,5 кг отын жанғанда 22 МДж жылу бөлінеді. Бұл қандай отын және меншікті жану жылуы неге тең?

  4. Пешке 60 МДж жылу энергия бөлінсе, қанша тас көмір жанған.

  5. Көлемі 3 м3 құрғақ емен ағашы толық жанғанда қанша жылу бөлінеді?

  6. Көлемі 5 л керосин толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді.


Жеткілікті деңдей

  1. 2 кг суды 140С ден 500С қыздыру үшін қанша спирт жағу керек. Бөлінген жылу тек суды суды қыздыруға ғана кетті деп есептейміз.

  2. 10 г спиртті толық жаққан кезде көлемі 3 кг су қанша Цельсий градусқа өзгереді.

  3. Көлемі 10 кг темір ыдыста 50 л суды 150С тан 650С-қа ысыту үшін қанша ағаш жағу керек.

  4. 30 г спиртті жаққан кезде қанша мөлшердегі су 140С дан 500С –ға қызады. Берілген жылу суды қыздыруға кетті деп есептейміз.

  5. 40 кг тас көмір жаққан кездегі энергияның жартысына суды 100С ден 600С –қа қыздыруға болады.

  6. Массасы 0,5 кг ағаш көмірін толық жаққанда көлемі 100 л судың температурасы қаншаға тең болады.


Жоғарғы деңгей

  1. Массасы 0,6 кг емен ағашынан бөлінген жылудың 25% тімен бірге суысытқышпен қанша суды 100С тан 1000С –қа қыздыруға болады.

  2. Кірпештен жасалған пешті жағу үшін қанша ағаш керек. Жанған кезде пештің тампературасы 100С тан 70 0С –қа қыздыруға болады.

  3. Массасы 175 г суды спиртшаммен 150С тан 750С қыздырды. Спиртшамның спиртпен қосқан массасы 163 г болды. Қыздырғаннан кейінгі массасы 157 г өзгерді. Жанған кездегі ПӘК –ін табыңдар.

  4. Температурасы 100С, көлемі 2 л суды массасы 0,5 кг мыс ыдыта ысытты. 50 г спирт жаққан кезде суды қанша градусқа қыздыруға болады.(ПӘК –і 50% -ке тең деп аламыз

  5. Спирт пен бензинді араластырып жаққанда 40 МДж/кг жылу бөлінеді. Спирт пен бензиннің массасын анықтаңдар.









Өзіндік жұмыс №9

Қатты денелердің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы.

Бастапқы деңгей

  1. Өзендегі судың бетін түнде мұз жапты. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

А) Су үсік болған кезде өзіне жылу алады.

Б) Су үсік болған кезде қоршаған ортаға жылу береді.

В)

  1. Газдың жалынынан қалайы тез ериді. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

А) Балқу кезінде қалайының температурасы өзгереді.

Б) балқу кезінде кристалды тор пайда болады.

В) балқу кезінде қалайының температурасы өзгереді.

  1. Жылы бөлмеге мұз алып кірді. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

А) мұздың балқуы кезінде жылу береді.

Б) балқу кезінде молекулалардың орналасуы өзгереді.

В) балқу кезінде молекулалар өзгеріп, судың молекуласына айналады.

  1. Мұздың меншік ті балқу жылуы 340 кДж/кг. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

А) белгілі бір температурада 340 кг мұзды балқыту үшін 1 кДж энергия бөлінеді.

Б) 1 кг мұзды қыздырып және балқыту үшін 340 кДж энергия қажет

В) балқу температурасында 1 кг мұзды балқыту үшін 340 кДж энергия қажет.

  1. Қыстыгүні көл қатады. Судың қатуынан...

А) судың ішкі энергиясы өзгереді

Б) мұздың кристалды торы пайда болады

В) қатып жатқан судың температурасы төмендейді.



Орта деңгей

  1. Алюминий ыдыста мысты балқытуға бола ма?

  2. Суық жерлерде даланың температурасын өлшеу үшін неге спиртті термометрді қолданады, сынапты термометрді емес?

  3. Мыстан жасалған ыдыста қандай металдарды болады. 2-3 мысал келтір.

  4. Кестеде қай металлдың балқу температурасы төмен.

  5. Алюминий ыдыста мырышты балқытуға бола ма?

  6. Жылы бөлмеге мұзды қойып, бетін тонмен жауып қойса еруі тездете ме?


Жеткілікті деңгей

  1. Температурасы 320С , массасы 100 г қалайыны балқыту үшін қанша жылу мөлшері қажет.

  2. Температурасы 100С, көлемі 2л судың қатайған кездегі қанша жылу мөлшері бөлінеді.

  3. 200С дағы 24,5 кг алюминийді балқыту үшін қанша жылу мөлшері қажет.

  4. Температурасы 200С, көлемі 15 л суды 00С температурадағы мұзға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері қажет.

  5. Температурасы -50С 100 г мұзды балқытып, кейін температурасын 200С –ға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері қажет.

  6. 8000С ден 00С-қа мұздаған темірден жасалған дене, температурасы 00С –қа тең массасы 3 кг мұзды ерітті. Егер барлық энергия мұздың балқуына жұмсалса, дененің массасы қандай?




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

8 сыныпқа физика пәнінен деңгей бойынша берілген өзіндік жұмыс. "Жылу мөлшері. Меншікті жылусыйымдылық", "Отынның энергиясы. Отыннның меншікті жану жылуы". " Қатты денелердің балқуы және кристалдануы. Меншікті балқу жылуы." аталған тақырыптарға бастапқы, орта, жеткілікті және жоғары деңгейде тапсырмалар берілген.

Общая информация

Номер материала: 303271

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"