Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Физика пәнініде оқушылар білімін бағалаудағы жаңа әдістер
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физика

Физика пәнініде оқушылар білімін бағалаудағы жаңа әдістер

библиотека
материалов




Физика ПӘНІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫ БІЛІМІН БАҒАЛАУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСТЕР


Доскалиева Жанил Тулегеновна

Мамандандырылған экономикалық лицей

Ақтау қаласы


Соңғы жылдарға дейін оқушы білімі басқа оқушы білімімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Қазіргі күндеде көпшілік мектептерде төрт балдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді. Бір және екі деген баға бар болғанымен, іс жүзінде қолданылмайды. Оқушы білімін бағалауда субъективтілік және бағалаушыға тәуелділік бар.

Оқу нәтижелерін бағалау – оқу үрдісінің ең маңызды жақтарының бірі болып табылады. Осы үрдісті басқаруда негізгі орын бағалауға беріледі.

Мұғалім оқушы жұмысын бағалаған кезде, өзі оқушыға нені үйретсе соны бағалайды. Мектептегі оқушының алған барлық білімі оның болашағына қажетті өмірлік қоры болмақ, сондықтан оқушы жұмысын бағалаған кезде объективті болудың маңызы ерекше болмақ.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге шолу жасасаңыз, бағалау үдерісіне қатысты белгілі бір жүйенің (классификацияның) жоқтығын байқайсыз.

Осы уақытқа дейін оқушының білім деңгейі мен білім сапасын - тест, тексеру жұмысы, жазба жұмысы, әртүрлі диктанттар, өздік жұмыстар, ғылыми жобаның орындалуы олимпиадаларда қатысуы немесе тоқсан қорытындысы бойынша өзара салыстыру арқылы өлшеп, бағалап келгеніміз шындық.

Жұмыстың осылай ұйымдастырылуы оқушылардың өз оқу-әрекеттерін дұрыс бағалай алмауына, сыни тұрғыдан ой елегінен өткізе алмайтындығына әкелді. Қазіргі күндегі көпшілік «оқу озаттарымыздың» күннен-күнге қарқыны арта түскен ақпараттар ағымына ілесе алмай, оларды сараптай алмай, дұрыс талдауға мүмкіндігі болмай, бүгінгі күнде бел алған бәсекелестікте қабілетсіз болып отыруы – шындық.

Білім беру жүйесінде ұзақ жылдар бойы оқушылардың білім, білік, дағдысын бағалаудың бес балдық жүйесін өзгерту және жаңарту мәселесінің туындауына Республикамыздың білікті, білімді, жаңашыл (новатор) ұстаздарының пікірінше мынадай қайшылықтар себебші:

  • бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы;

  • білім саласындағы және оқушы танымындағы өзгерістер арасындағы қайшылықтар;

  • білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер мен осы жүйені басқарудың сипаты арасындағы қайшылықтар;

  • қоғамдағы сұраныстардың өзгеруі т.б.

Қазіргі таңда мектептегі бағалауды жаңартудың мақсаты – оқушылардың бағаларын мазмұнды, объективті, дифференциалды ету. Білім алушының құзыреттілігін дамытуға, тұлғаның қалыптасуына бағытталған бағалау жүйесі.

Білімді тексеру, бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушы білімін бағалау процессінде, өз жұмысындағы жетістіктер мен олқылықтарға (кемшіліктерге) баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, өз жұмысына корректировка жасайды.

Заманауи мектептің оқушысы ұтымды ұйымдастырылған сабақ барысында шығармашылық импульс алады, дүниені, қоршаған ортаны, қоғамды танып-білуге, өз қабілеттерін дамытуға ұмтылады.

Оқушы білімін бағалаудың критериалды жүйесін өз оқу процессіне енгізген Мамандандырылған экономикалық лицей осы уақытқа дейін қолданыста болған бақылау және бағалу жүйесін елеулі түрде түрлендіруі және оны сапалы деңгейге көтеруі, Республикамыздың басқа мектептеріне де үлгі болды.

Елімізде физика саласының қарқынды дамуына қарамай, оқушылардың аталған пәннен білім деңгейін жоғары деп айта алмаймыз.

Оқу процесінде, айналамызда болып жатқан түрлі реформалар барсында – «Физика пәнінен нені оқытуым керек?», «Қалай, қай үлгіде оқыту керек?» деген сұрақ туындауы заңдылық. Осыған орай өз мақаламды «Физика пәні сабақтарында оқушы білімін бағалаудағы жаңа әдістер (немесе тәсілдер)» деп атасамда, бұл жаңа әдіс пе әлде басқа мұғалімдер баяғыдан қолданып жүрген ұстанымба деген сұрақ ойымда туындайды.

Физика пәні мұғалімдері назарына - мен оқытуда жаңалық ашып тұрған жоқпын, тек өз жұмыстарыммен әріптестеріммен пікір бөліскім келеді.

Қазіргі таңда оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғылым мен озық тәжәірибенің бүгінгі даму деңгейінің ең тиімдісін таңдап алу және үйлесімді қолдану – сабақтың сәтті өтуінің кепілі .

Мұғалім сабағының сәтті өтуі - оның түрін дұрыс таңдай білуіне, мұғалімнің біліміне, тәжірибесіне, іскерлігіне байланысты. Сабақты ұйымдастыруда:

  • өтілетін тақырыпқа сай сабақ жоспарын жасау;

  • тақырыпқа тиімді болатын сабақ түрін, әдіс-тәсілін қарастыру;

  • сабаққа тиімді болатын қосымша материалды іріктеп алу;

  • дидактикалық электронды оқулықтарды мақсатқа сай пайдалану керек.

Экономикалық лицейдің оқушы білімін бағалаудағы критерийлік бағалау жүйесімен таныса және өзім үшін талдай отырып бұл жүйенің мұғалім үшін ыңғайлы екенін түсіндім.

Бұл жүйе білім беру технологиясының педагогикалық тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Критериалды бағалау жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бағалаудың қалыптастырушы және қорытындылаушы формалары қарастырылған.

8-сыныпта «Электростатика», «Тұрақты тоқ заңдары » тараулары бойынша тоқсан соңында оқушылардың жетістіктерін бағалау үшін бағалаудың қорытындылаушы формасымен жұмыс істедім. Тексеруді тест түрінде өткізіп, бағалауға мына тақырыптарды енгіздім:



Тақырыптар

Бағалау критерилері


ұпай

А

білу

В

түсіну

С

қолда-ну

D

талдау

Е

жинақ-тау

1

Кулон заңы

1

1

1

-

-

3

2

Электр өрісінің сипаттамалары

1

1

1

1

-

4

3

Потенциалдар айырымы мен электр өрісінің жұмысы арасындағы байланыс

1

1

1

-

-

3

4

Конденсаторлар

1

1

1

1

-

4

5

Тізбек бөлңгңне арналган Ом заңы

1

1

1

1

-

4

6

Өткізгіштерді қосу тәсілдері

1

1

1

-

-

3

7

Электр тоғы жұмысы

1

1

1

1

1

5

8

Кернеу

1

1

1

1

1

5

9

Ток күші

1

1

1

-

-

3

10

Кедергі

1

1

1

1

-

4

11

Злектр тогы қуаты. Джоуль- Ленц заңы

1

1

1

1

1

5

12

Сандық есептер

1

1

1

1

1

5

Жалпы ұпай

48

Ұпайлар

1-24

25-34

35-41

42-48

Баға

«2»

«3»

«4»

«5»


Тест тапсырмаларын орындауға 45 минут уақыт бөлінеді. №1-8 тапсырмаларды орындауда оқушы бір дұрыс жауапты таңдауы керек, №9-10 тапсырмада оқушы тапсырмаға талдау жасап екі немесе үш дұрыс жауапты анықтап, жауаптарды сандардың өсу ретімен орналастырады, №11-12 тапсырмалардың жауаптарын оқушы жазба түрде, теңдеулерді аяқтап, коэффициентерін қойып, есептердің шешілу жолдарын толық жазбаша түрде береді.


Қорытындылаушы бағалау:

  • бағалау белгілі бір тарауды (модульді) қорытындылау мақсатында орындалады;

  • әрбір тарау соңында бақылау жұмысы, тест сұрақтары, сұрақтарға жазбаша жауап беру, талдау т.с.с формада өткізіледі;

  • оқушыларға модуль бойынша өз білім деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді;

  • мұғалімге оқушылардың модульді қай дәрежеде игергені туралы пікір жасауына және қорытынды бағаны қоюына мүмкіндік береді;

  • мұғалімге қай тақырыпты қайталап, коррекциялық жұмыс өткізу керектігін анықтауға мүмкіндік береді;

Критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы мұғалім оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттайды, дайындық деңгейі мен өсу динамикасын анықтайды, түрлі формадағы бақылау жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткізеді.




АҢДАТПА

Критериалды бағалау оқушы жетістіктері мен кемшіліктері жөнінде ақпарат береді және кері байланыс міндетін орындайды. Мақалада қорытынды бағалауда қолданылған модуль тақырыптары, бағалау критерилері және тест тапсырмалары нұсқалары берілген.






































4



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.09.2015
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров240
Номер материала ДA-034043
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх