Инфоурок Физика КонспектыФизика сабақ жоспары "Қазақстанда электр энергиясын өндіру және пайдалану" 11 сынып

Физика сабақ жоспары "Қазақстанда электр энергиясын өндіру және пайдалану" 11 сынып

Скачать материал

Сабақ жоспары

Сынып: 11

Пән: Физика

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда электр энергиясын өндіру және пайдалану

Сабақтың мақсаты:а) Электр энергиясын өндіру, жеткізу және тиімді пайдалану туралы нақты мағлұмат беру; ә) Электр энергиясын өндіру, жеткізу және тиімді пайдаланудың өмірдегі маңызын ашу; б) жан-жақтылыққа, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: конференция

Сабақтың әдісі: пікірталас

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 2,10 тақырып  №12,1  №12,2

ІІІ. Қазақстанда электр энергиясын өндіру

Электр энергиясын үлкенді-кішілі электр станцияларында негізінде электромеханикалық индукциялық генераторлар арқылы өндіріледі. Электр станциясының негізгі екі түрі бар: жылу және гадроэлектр станциялары. Бұл электр станцияларының бір-бірінен айырмашылығы генератордың роторын айналдыратын қозғалтқыштарының әр түрлілігінде.

Жылу электр станцияларында энер­гия көзі ретінде мынадай отындар пайдаланылады: көмір, газ, мұнай, ма­зут, жанғыш сланец. Электр генераторларының роторын бу және газ турбиналары не іштен жану қозғалтқышы айналдырады. Ең үнемділері жылулық бу турбиналы ірі электр станциялары (қыскаша ЖЭС). Біздің еліміздегі ЖЭС-тің дені отын есебінде көмір тозаңын жұмсайды. Сонда 1 кВт×сағ электр энергиясын өндіру үшін бірнеше жүз грамм көмір шығындалады. Бу қазанында отынның шығаратын энергиясының 90%-тен көбі буға беріледі. Турбинада бу ағынының кинетикалық энергиясы роторға беріледі. Турбина білігі генератор білігімен мықтап жалғастырылған. Бу турбогенераторлары өте шапшаң айналады: айналым саны минутына бірнеше мыңға барады.

ris56

1-сурет

Жұмыстық дененің бастапқы температурасының артуымен жылу ПЭК-і өсетін. Сондықтан турбинаға берілетін буды жоғары параметрлерге: температураны - 550°С-қа, қысымды 25 МПа-ға жеткізеді. ЖЭС-тің пайдалы әсер коэффициенті 40%-ке жетеді. Мұнда энергияның көбісі пайдаланылған ыстық бумен шығып кетеді.

Жылу электр орталығы (ЖЭО) деп аталатын арнаулы жылу электр станциялары пайдаланылған бу энергиясының недәуір бөлігінен өнеркәсіп орындарына және тұрмыс кажетіне (үйді жылытуға керекті, суды ысыту және ыстық сумен қамтамасыз ету) пайдалануға мүмкіндік береді.Нәтижесінде жылу электр орталығының ПЭК-і 60—70%-ке жетеді. Қазір еліміздің жылу электр орталықтары барлық электр энергиясының 40%-ін береді де, электр энергиясымен және жылумен бірнеше жүз қаланы қамтамасыз етеді.Су электр станцияларында (ГЭС-те) генераторлардың роторларын айналдыру үшін судың потенциалдық энергиясы пайдаланылады. Электр генераторлардың роторларын гидравликалық турбиналар айналдырады. Станцияның қуаты плотина туғызатын су денгейлерінің айырымына (арынға) және секунд сайын турбина арқылы ағып өтетін судың массасына (су шығынына) тәуелді. Энергия айналуы 2-суреттегі сұлбада көрсетілген.

 

 

 

 Электр энергиясын жеткізу

Электр энергиясының тұтынылатын орны көп. Ал оның өндірілетін орындары көп емес, отын және гидроресурс көзіне жақын орындар. Электр энергиясын көп мөлшерде жинап сақтау (консервілеу) колдан келмейді. Оны шығарып алысымен бірден түтынып, іске жарату керек. Сондықтан электр энер­гиясын алысқа жеткізу қажеттігі туды.Электр энергиясын алысқа жеткізу едәуір шығынмен байланысты. Мәселе мынада: электр тоғы электр жеткізу желісінің (линиясының) сымдарын қыздырады. Желі сымдарын қыздыруға шығындалатын энергия, Джоуль-Ленц заңына сәйкес, мына формуламен анықталады:

мұндағы R-желінің кедергісі. Желі тым ұзын болғанда, энергия жеткізу үнемділік жағынан пайдасыз болуы мүмкін. Желі кедергісін едәуір азайту іс жүзінде өте қиын. Сондықтан тоқ күшін кемітуге тура келеді.

Тоқтың қуаты тоқ күші мен кернеудің көбейтіндісіне пропорционал болғандықтан, жеткізілетін қуатты сақтау үшін, жеткізу желісіндегі кернеуді жоғарылату керек. Мұнда жеткізу желісі неғұрлым ұзынырақ болса, жоғарырақ кернеуді пайдалану соғұрлым ұтымды болады. Мысалы, Волга ГЭС-інен Мәскеуге жоғары вольттік жеткізу желісінде 500 кВ кернеуді пайдаланады. Ал енді айнымалы тоқ генераторлары 16-20 кВ-тан аспайтын кернеуге арналып жасалады. Бұдан гөрі жоғарырақ кернеу генераторларының орамаларын және басқа да бөліктерін изоляциялау үшін арнаулы шараларды қажет еткен болар еді.

Электр энергиясын тиімді пайдалану

Электр энергиясына мұқтаждық өндірісте де, транспортта да, ғылыми мекемелерде де, сонымен қатар тұрмыста да үнемі артып отырады. Бұл мұқтаждықты екі түрлі жолмен өтеуге болады.

Бір қарағанда ең табиғи және бірден-бір тәсіл - жаңа қуатты жылу, гидравликалық және атом электр станцияларын салу. Алайда жаңа ірі электр станцияларын салу үшін бірнеше жыл уақыт және көп қаражат керек. Осы кезде жылу электр станциялары қалпына келтірілмейтін табиғат ресурстарын: көмір, мұнай және газды пайдаланады. Сонымен қатар, бұл бір мезгілде біздің планетамыздың экологиялық тепе-тендігіне үлкен кесел келтіреді.

Алдыңғы қатарлы технологиялар электр энергиясына мұқтаждықты басқа жолмен камтамасыз етуге мүмкіндік береді. Электр станцияларының қуатын арттыру емес, электр энергиясын пайдаланудың тиімділігін арттыру алғы шепке шығуы тиіс. Электр энергиясын тиімдірек пайдалану мүмкіндіктері бар және де олар аз емес. Соның бірі жарықтандырумен байланысты, оған мәселен, өндірілген энергияның 25%-іне жуығы кетеді.

Қазіргі кезде АҚШ-та және басқа елдерде ықшам люминесценттік шамдар жасалынған, олар қыздыру шамдарына қарағанда энергияны 80%-ке дерлік аз пайдаланады. Мұндай шамдардың құны жай шамдарға қарағанда қымбатырақ, бірақ олар тез есесін қайырады. Мұнымен қатар үйлерді және өңдірістік орындарды жарықтандыруды үнемді жүргізу бойынша жүргізілген қарапайым шаралардың өзі бірталай эффект береді. Қажетсіз кез­де шамдарды жағып қалдырмау керек, жүмыс орындары және т.б. жерлер ғана жарықтандырылатындай етуге тырысу керек.

Электр энергиясын тұрмыста мұздатқыш қондырғыларда, теледидарда, компьютерлерде және т.б. пайдаланудың тиімділігін арттырудың көптеген басқа да мүмкіншіліктері бар.

IV. Қорытындылау. Электр энергиясын қолдану тақырыбына конференция өткізу.

V.Үйге тапсырма:сөзжұмбақ

          VI. Бағалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Физика сабақ жоспары "Қазақстанда электр энергиясын өндіру және пайдалану" 11 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 745 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.12.2015 9716
    • DOCX 109.7 кбайт
    • 193 скачивания
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаймардан Хуандых -. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шаймардан Хуандых -
    Шаймардан Хуандых -
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28713
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по физике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 80 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 569 человек

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе