Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Физика сабағында оқушылардың сапалық есептер шығарту негізінде сын тұрғысынан ойлауын дамыту

Физика сабағында оқушылардың сапалық есептер шығарту негізінде сын тұрғысынан ойлауын дамыту

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов


Аннотация


Сын тұрғысынан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуге қолданады. Сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болады. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді. Ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейімділік пен сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.

Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі:

тиісті ақпарат жинауды

дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды

кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар

ауқымды тәжірибе кезінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.

Оқыту мен оқудағы сын тұрғысынан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, бұл үдеріс анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, түрлі міндеттерді шешуде басымдықтарды белгілеудің маңызын түсінуді қамтиды.

Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды қарастырады.




Физика сабағында оқушылардың сапалық есептер шығарту негізінде сын тұрғысынан ойлауын дамыту


Жұмағұлбаева Р.Х


Шымкент қаласы №40 Алпамыс Батыр атындағы мектеп-гимназиясы


Оқу-ағарту саласында өтіп жатқан оқытудың тиімділігін арттыруды , оқушының жеке басының қабілетін дамытуды , шығармашылық белсенді жеке адамды қалыптастыруды мақсат етіп көздеген реформаларға байланысты инновациялық оқыту әдістері жасалуда. Оқушыларды өздігінен және шығармашылық оқуға үйрету үшін, оларды арнайы ұйымдастырылған қызметке тарту керектігін педагогика, психология саласындағы зерттеулер және тәжірибеміз көрсетіп отыр. Оқушыларда оқу қызметінің мүддесі мен мақсатын, оларды іске асыру әдістерін қалыптастыру үшін, ең алдымен оларды қызықтыру керек.

Физика сабағында сапалық есептерді пайдалану осы функцияны орындауға мүмкіндік береді. Қарапайым сапалық есептер – ойды , зейінді қызықтырып әкететін , тартымды есептер. Әсіресе 7-8 сыныптарда физиканы жаңа бастағанда сапалық есептерді көбірек шығартса , оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады. Сапалық есептер оқушыларды әртүрлі ой әрекетіне : салыстыруға, жалпылауға, талдауға, синтездеуге үйретеді. Сапалық есептер оқушылардың есте сақтауын қалыптастырады, танымдық мүмкіншіліктерін кеңейтеді, физикалық білім деңгейінің жоғарылауына, мектеп курсын саналы қабылдауына жетелейді. Сапалық есеп оқушылардың физика заңдарын, құбылыстарды, постулаттарды тез естеріне түсіріп, білу дағдыларын, тапқырлықты, шығармашылықты, мұқияттылықты, кеңістікте елестету қабілеттерін дамытады; оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге кең мүмкіншілік береді.

.

Сапалық есептердің білімді тексеретін ( мысалы, күш деген не? Паскаль заңы қалай тұжырымдалады?) сұрақтардан айырмашылығы бар. Бұл сұрақтардың мақсаты – оқушылардың білімдерін тексергенде сұраққа оқулықта бар дайын жауаптармен жауап беріледі, оқушылар оларды тек есіне түсіру керек. Сапалық есепте сұраққа жауап беру үшін оқушы физикадан алған білімдерін және есептің мазмұнын талдай отырып жауап береді. Сапалық есептерді шығару кезінде есептеулердің болмауы оқушылардың назарын физикалық мәніне аударуға мүмкіндік береді.

Қойылған сұрақтарға жауаптарды негіздеу қажеттігі оқушыларды пайымдауға , физикалық заңдардың мәнін тереңірек ұғынуға үйретеді.

Мысалы:

708(7 сынып). Жанып жатқан керосинді неге сумен құйып сөндіруге болмайды.

Шешуі:Денелердің жүзу шарты бойынша егер дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынаназ болса, онда дене бетіне қалқып шығады. Керосиннің тығыздығы аз болғандықтан су бетіне қалқып шығып жана береді. Бұл сұрақтың жауабын денелердің жүзу шартын синтездеу және есептің берілген мазмұнын талдау арқылы беріледі.


115(8сынып). Көмір шоқтары металл табақшада тез сөнеді, ал ағаш тақтаның үстінде ұзақ уақыт бықсып жанады. Неге?

Шешуі: Түрлі заттардың ішкі құрылысына қарай олардың жылу өткізгіштігі де түрліше болып келеді. Металл ағашқа қарағанда жылуды жақсы өткізеді. Сондықтан металл көмір шоғының энергиясын өзінен тез өткізіп, оны көмір жанатын температурадан төмен температураға дейін тез суытады. Ал ағаштың жылу өткізгіштігі металдыкінен аз болғандықтан көмірді баяу сөндіреді. Сұрақтың жауабы жылуөткізгіштік құбылысы туралы түсінікті қолданып беріледі..

Есепті дұрыс таңдап алудың маңызы да аз емес. Есептің алғашқы кездерінде оқушылардың өз тәжрибесінен белгілі құбылысқа немесе фактілерге түсінік беру ұсынылатын есептерді шығарған дұрыс болады. Бұлардан оқушылар өмірмен байланысты көреді.

Мысалы:

345(7сынып). Мектеп тақтасында бор неге із қалдырады?

Шешуі: Борды тақтаға басқанда, көп үйкеліс күшін туғызады. Осы күш бордың түйіршіктерін бөліп алады, яғни із қалдырады.

МАБ мен ҰБТ-де пайдаланылатын тест тапсырмаларында физика заңын басшылыққа ала отырып логикалық ой түйіндеу арқылы, графикалық жолдармен шешілетін есептер көп кездеседі.

Мысалы: А-күйінен В-күйіне өткенде, берілген массадағы идеал газдың көлемі қалай өзгереді?

Т,К

А


В

Р,Па

О

Т,К

Р,Па

О

А

В

V1

V2


Шешуі: Бірдей температура кезінде үлкен қысым тек кіші көлемге сәйкес келеді, V2 1 себебі Р21. Ендеше газ көлемі азаяды.Бұл есептің шешуінде идеал газ күйінің теңдеуін қолданып талдау жасалады.

Сапалық есептер біріккен түрде аналитикалық – синтетикалық тәсілдермен шешіледі.


Қорытынды: есептің сұрағына жауап.

Бірінші логикалық түйін: есептің берілген шарты.

Есептің сұрағы

Екінші логикалық түйін: сәйкес физикалық заң, немесе анықтама немесе дененің қасиеті және т.б.







,\









Есептің шартын оқу. Ондағы құбылысты талдау.




Шешудің аналитикалық Шешудің синтетикалық

бөлімі. бөлімі.


Қарапайым сапалық есепті шешуде мынандай жобаны ұсынуға болады:

1. Есептің шартымен танысу (мәтін, сызба, аспап және т.б.)

2 Есеп шартын ұғыну (берілгенін талдау, қосымша берілгенін кіргізу, есептің сұрағын түсіну)

3. Есептің шешу жоспарын құру (физикалық заңды табу және тұжырымдау, есеппен байланыстыру)

4. Есептің шешу жоспарын жүзеге асыру

5. Жауабын тексеру

Күрделі сапалық есептерді де осы жолдармен шешуге болады, бірақ есептің шартымен танысқанда басты сұраққа, шешудің соңғы мақсатына көңіл аударады. Есепті шешудің жоспарын құрғанда аналитикалық тәсілде есептің мазмұны сұрақтан бастап шарттың берілуіне дейін жіктеледі. Жоспарды жүзеге асырғанда синтетикалық тәсілмен сәйкес заңдардың тұжырымдамасынан бастап есептің сұрағының жауабына дейін жетеді. Жауабын жалпы физикалық принциптермен (энергияның, массаның, зарядтың және т.б. заңдармен) салыстыра отырып тексеруге болады.

Сапалық есептерді жаңа материалды өтерде проблемалық жағдайлар туғызуда, жаңа материалды бекітуде, өткен материалды қайталағанда қолдануға болады. Қандай да жаңа технологияны қолдансақ та, МАБ мен ҰБТ-ге дайындалсақ та есеп шығарылады. Барлық сыныптың есеп кітаптарында сапалық есептер жеткілікті.























Аннотация


Сын тұрғысынан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуге қолданады. Сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болады. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді. Ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейімділік пен сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.

Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі:

тиісті ақпарат жинауды

дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды

кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар

ауқымды тәжірибе кезінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.

Оқыту мен оқудағы сын тұрғысынан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, бұл үдеріс анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, түрлі міндеттерді шешуде басымдықтарды белгілеудің маңызын түсінуді қамтиды.

Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды қарастырады.






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-278820
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>