Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Конспекты / ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚОЛДАНУ

ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚОЛДАНУ



  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚОЛДАНУ

Электронды оқулық

ХХ ғасырдың екінші жартысы ақпараттық қо.ғамға өту кезеңі болып табылады. Ақпартаттың көлемінінң өте жоғарғы дәрежеде өсуі адамзаттың дамуындағы ақпартаттық жарылыстың сипатына ие болды. Ақпараттық жарылыс көптеген проблемаларды, соның ішінде оқыту саласына байланысты проблемаларды тудырды. Аса қызығушылықты оқытуды автоматтандыру мәселесі оятты, себебі «қолмен оқыту» әдісі техникалық құралдарсыз өз мүмкіндіктерін жоғалтқан болатын. Автоматтандырудың ең көп қолданылатын формасы, ол сабақтарда ЭЕМ қолдану болып табылады. Компьютердің қолданыс аясының кеңеюі оқытудыавтоматтандыруға мүмкіндік береді, мұғалімдердің методикалық көмекші құралдарды жасау кезінде кездесетін қиындықтарды жеңілдетеді.

Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты- оқу үрдісін үзіліссіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық-ізденіс қабілетін дамыту.

Білім берудің кез келген саласында «Электронды оқулықтарды» пайдалану оұқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызады.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласындағы оқулықтың пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Қазіргі уақытта электронды оқулықтын қандай екендігін туралы біртұтас ой жоқ. Дегенмен, электронды оқулық дегеніміз-мутимедиалық оқулық, сондықтан электронды оқулықтың құрылысы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. әр сабаққа арналған бейне көрініс электронды оқулықта бар. Электронды оқулықтың ең қажет элементі-аудиохабарлар.

Бір жағынан, электронды оқулықтың келеңсіз жақтары да бар. Бұл писхологиялық-педагогикалық талаптардың, пәнаралық байланыстардың жоқтығы сияқты. Көрнекілік материалдарға бірыңғай тындау, оқушының жеке ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын және оқып үйренудегі мамандығы бойынша бағыты есерілмейду.

Ең үлкен кемшілігі-фрагменттік бағдарлама. Ол материалды толық қамту немесе оқулықтарды толық аудару, берілген материалдарға санитарлық, гигиенелық нормалардың сақталмауы. Компьютердің графиктік мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі. Ол әсіресе жоғарғы сынып оқулықтарына байланысты.

Электронды оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығуының күрт артқандағы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

Электронды оқулық- комплекстік емес біртұтас, дидактикалық әдістемелік, интерактивті программалық жүйе, ақпараттың әр-түрлі формаларын қолданып оқу материалынан кездесетін қиындықтарды артта қалдырады және мультимедияның соңғы мүмкіндіктерін қолданып, ғылыми зерттеу әдістерін толықтырады. Бұл жерде оқытудың түсінікті, кең көлемде қарастырылған материалы қолданылады. Дидиктикалық заңдастырылған жалпы білім аспектілер, әдістемелік аспектілер, арнайылап оқыту, негізгі пән немесе пәндер тобы және электронды оқулықтың программалық нақтылығының өзара тығыз байланыста болады. Жалпылай «электронды оқулық» ұғымын анықтау әлі пайда болған жоқ, бірақ электронды оқулық- ол праграммалық-әдістемелік комплекс, өзіндік немесе мұғалімнің көмегімен бірге білім курсындағы бөлімнің мүмкіндігін қамтиды. Электронды оқулық немесе негізінен үш бөліктен құрастырылады:

-ақпараттық, презентациялық бөлім;

-бөлім бойынша жаттығулар;

-оқушыларды бағалау үшін тесттер;

Компьютерлік оқулық негізгі оқулықты, анықтаманы,есептеуішті зертханалық жұмыстарды бір-бірімен байланыстырады. Электронды оқулық-таныстыратын теориялық материал, білімнің көрсеткішіне қарай біліммен жаттығуларды қамтамасыз ететін, оқу процесін үзіліссіз дидиктикалық материалдармен қамтамасыздандыратын, сонымен қатар, ақпараттық іздеу, математикалық және компьютерлік визуалдаумен имитациалық модельдеу интерактивті кері байланыстармен шарт бойынша функцияларды үйренуге арналған программалық комплекстік жүйе. Электронды оқулық негізгі функцияларды, теориялық материалдарды көрсету, бірінші білімді алып қабылдауды көрсету, өзіндік білім алудың жаттығулары мен бақылау көрсеткіштерін қамтамасызданады. Дидактикалық цикл процесін бірыңғай компьютердің көмегімен оқу процесін ұйымдастырып, оқушылардың білім алуда уақыттарын үнемдеп, автоматты түрде дидактикалық циклді бір ғана жұмыспен электрондық оқулықпен орындау керек. Оқыту процесі жаңаша түрде орындау үшін компьютермен диологтық қатынасты дұрыс орынға қою керек.



3.2. Физика сабақтарында электрондық оқулықтарды пайдалану

Ақпараттандыру жағдайында студенттер меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен – күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Арнайы білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелігі бірнеше оқу әдістемелік, психологиялық – педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бащғыттарға бөлуге болады:

  • Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды іске асыщрудың жүйелі ғылыми әдістемелік жолын анықтау;

  • Оқытушылардың ақпаратттық технологиларды меңгеруі және оқу үрдісінде пайдалануы бойынщша кәсіби біліктіктерін жетілдіру;

  • Студенттерді білім, білік, дағдыны меңгеруі үшін ақпаратттық тезнологияларды пайдалануға үйрету;

  • Оқу орнының материалдық – техникалыһқ базасын нығайту;

Электрондық оқулықтарды физика сабақтарында пайдалану кезінде білім алушылар

бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетіміен шығармашылық тапсырмала орындайды. Әрбір оқушы таңдап алған тақырыбы бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карта және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады.

Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер мен видеокөріністерді, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине, оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді және әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен білім алушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген олардың құштарлығы оянады.

Қазіргі ақпараттық технолгиялардың дамуы кезеңінде электрондық лқулықтардың ерекшелігі – үлгіге сәйкестілігі мен жоғары мобильділігі, оқуға үйренуге икемділігінде болып табылады. электрондық оқулықтар оқу және зерттеу материалдарын толықтыратын, қосымша қолдануға толыһқ жарайтын қажетті құрал болып есептеледі.

Физика сабақтарында электрондық оқулықтарды мына сабақтарды пайдалануға болады:

  1. Электрондық анықтама ретінде;

  2. Электрондық есеп ретінде;

  3. Иллюстративтік материал ретінде;

  4. Оқулық ретінде;

Электрондық оқулық – ғылыми – педагогикалық құрал. Электрондық оқулықтардың

Жасалуы – модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып есептеледі. Оқулықтар мемлекеттік оқу бащғдарламасына сәйкес жасалады. Оған әрбір пәннің мамандары, көрнекті саланың ғалымдары мен педагог – дидакттар, әдіскерлер, программист дизайнерлер, операторлар қатысады.

Электрондық оқулықтармен жұмыс негізгі үш деңгейде атқарылады:

  • «оқу»

  • «оқыту»

  • «бақылау және тексеру»

Электрондық оқулықтар студенттердің өзбетінше жұмысын және жоғары танымдық

белсенділігін арттырады, олардыұң терең де тиянақты білім алу сапаларын көтереді. Сонымен бірге барлық оқу процесінің алұға қойған маһқсатынан бастап, қол жеткен нәтижесіне дейінгі аралықты қамтиды, оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Ақпараттық білім беру танымдық ойлау мен ақпараттқ өзіндік анықтамалар, білімді автоматты түрде бағалаудың тестілік әдістерін даярлап берехді. Тест қзақ , орыс, ағылшын тілдерінде даярланады. Электрондық оқулықтар әр түрлі ақпарат жиынтығын, білім алушылрға білім берудің негізгі пайда болу орталықтары туралы толық мәлімет бере алады.

Электрондық оқулықтар толық курстың жеке бөлігін құрайтын, белгілі ақпараттық, жүйелі қызмет атқаратын білім жиышнтығы – модульден тұрады, ол оқушылардың толыөқ, жүйелі түрде білім алуын қалыптастырады.

Гипермәтінде елестететін мәтінді пайдалану (негізгі сөзді түрлі бояумен және шрифпен ерекшелеу), жоғары сапалы бейнелердің, суреттердің дидиктикалық талаптарына жауап береді, оқып отырған материалды қабылдауды жеңілдетеді.

Электрондық оқулықтың әр шағын модуліне қажетті қосымша материалды толық меңгеру үшін, оқушылардың өз бетінше шығармашылық жұмыстармен айналысуы үшін өтілген оқу материалдарына сәйкес тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі беріледі.

Білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу – тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:

  • Оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьюбтер ощқытуды нақтылы авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

  • Нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір білім алушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады;

  • Материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады. Электрондық оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады:

  • Шұыл кері байланысты қамтамасыз етеді;

  • Дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі;

  • Гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарау барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;

  • Қысқа мәтіндер мен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды т.с.с. (мультимедиа – технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде көрінеді);

  • Әрбір оқушыға дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;

  • Белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.

Оқу үрдісінде дәстүрлі оқытумен қоса дәстүрлі емес құралдармен оқытуда

кейінгі кезде кең таралуда. Соның біріне тоқталатын болсақ, бұл – электрондық оқулықтың көмегімен оқыту.

Электрондық оқулықтар білім алушының білім сапасының бақылау жүйесінің өзгертуге мүмкіндік жасайды. Дәстүрлі оқытуда оқытушы тарапынан әр оқушының бақылау өте жиі болмай қалуы да кездеседі, ал электронды оқулықтың көмегінің оқыту үрдісінің әр кезеңін бақылай алады. Тіпті кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың таралуына, керекті тақырыбына немесе қажет ақпаратқа сілтемелер беріп отырады. Бұл оқушы үшін, біріншіден үлкен көмек, жеңілдіктер туғызса, екіншіден сол материалды автоматты түрде бақылап, әділ бағасын беруге, оқушыға қажетіне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлімет алуға мүмкіндік жасайды.

Мысалға, электрондық оқулықтағы бір тақырыпқа тоқталатын болсақ, алғашында сол тақырып бойынша теориялық мәлімет берілген:

  1. Осы материалды оқушы оқып тыңдайды

  2. Теориялық білімді негіздейтін мультимедиалық материал көреді

  3. Берілген тақырып көлемінде түрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындайды

  4. Компьютермен сұхбаттасу арқылы қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алатындығын көрсетеді

  5. Тақырыпты түсінгенін тексеретін тестпен жұмыс жасайды.

Электрондық оқулықтар білім алушылардың

  • Білім деңгейін тереңдетуге;

  • Тапсырмаларды өз бетімен орындай білу дағдыларын қалыптастыруға;

  • Өз бетінше іздену қабілетін қалыптастыруға ;

  • Ойларын дамытуға;

  • Оқушылардың сөздік қорының молаюына;

  • Жаңа бағдарламаларды үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының арттыруына;

  • Сабақта өзін еркін ұстап, өз мүмкіншілігін кеңінен пайдалана алуына;

  • Өз ісіне талдау жасай алуға көптен коп көмегін тигізеді.

Қорыта келе, оқу үрдісінде электрондық оқулықтың қолданудың маңызы өте зор. Пайдаланушы электрондық оқулықпен сабақ бойы үздіксіз байланыста болғандықтан, тақырыпты меңгеруіне үлкен мүмкіндіктері бар.



Автор
Дата добавления 09.09.2015
Раздел Физика
Подраздел Конспекты
Просмотров891
Номер материала ДA-034666
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх