Инфоурок Физика КонспектыФизика 7-сынып Зертханалық жұмыс "Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау"

Физика 7-сынып Зертханалық жұмыс "Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау"

Скачать материал

Күні: 9.10.15

Сабақтың тақырыбы:

Зертханалық жұмыс «Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау»

 

Сілтеме:

«Физика және астрономия 7» оқулығы, электронды оқулық, слайд,  бұршақ, күріш, бұранда, бұрандашеге, бұранғыш, сызғыш

Сабақтың мақсаты:

Өлшемдерді  қосалқы өлшеу әдісімен таныстыру, қатарлау тәсілімен өлшеп үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

Ұсақ денелердің диаметрлерін таба алады, қатарлау әдісін өмірде қолдана алады.

Түйінді идеялар:

Білулері керек:

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1. «Көршіңмен амандас» тренинг. Қазақша, орысша, шетелше.

Оқушылардың бір-біріне деген  сүйіспеншілігін арттыру арқылы ынтымақтастық атмосферасын құру

Жұптар бір-бірімен 3 тілде амандасады.

2. Оқушылардың жұмысқа дайындығын тексеру сұрақтары.

Слайда сұрақтар беру.

Сұрақтарға жауап беру

3. Оқулықтағы нұсқа бойынша зертханалық жұмыс.

Әр жұпқа бұршақ, күріш, бұранда, бұрандашеге, бұранғыш тарату.

Зертханалық жұмысты дәптерлеріне орындайды.

4. Рефлексия.

Стикерлер толтыру.

 

 

5. Үйге тапсырма

Әр жұпқа бір-біріне өтілген тақырыптар бойынша 3 сұрақтан дайындап келу тапсырылады.

Күнделікке жазып алу.

 

 

 

 

Сабақ қалай өтті?

Сабақ ойдағыдай өтті.

Сабақтың жағымды сәттері:

Сабақ қызықты өтті. Сынып түгел сабаққа белсене қатысты.Сабақта жай отырған оқушы болған жоқ.Өткен сабақ пен жаңа сабақтың  байланысы  болды, біраз мағлұматтар еске түсірілді, қайталанды, пысықталды.  Оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі болды. Сабақтың басынан соңына дейін ынтымақтастық ахуалы орнап тұрды. Сабақтың соңында стиктерге оқушылар сабақтың өздеріне ұнағанын және зертханалық жұмыстар жиі болып тұрса деп  жазды. 

Не ойдағыдай болған жоқ?

Кейбір оқушылардың есептеулерден аздап  қиналғаны, диаметрді есептеуде қиналғаны,  кейбір оқушылардың  өткен тақырыптарды есте сақтау қабілеттерінің төмен болуы.

Сіз нені дамыта алар едіңіз?

Сабақ берудің әдіс-тәсілдерін.

Сіз нені өзгерткіңіз келеді?

Зертханалық жұмыстардың көп болғанын қалаймын.

Сіз не жасауға ұмтылар едіңіз?

Сабақтың мәнді, табысты болуына.  Уақытты тиімді пайдалануға. Балалардың қызығушылығы мен ынтасын үнемі ұстап тұруға. Оқушыларға тәрбиемен қатар терең, мағыналы білім беруге. Себебі тәрбиесіз берілген білім білім емес.

Өз мақсатыңызға жету  үшін не істеу керек? 

Үнемі жаңа тәсілдерді өз сабақтарымда қолданып отыру,  кәсіби біліктілігімді үзбей дамытып отыру, әріптестеріммен тәжірибе  алмасу,  ғаламтордан  ақпараттар алу, ғылыми-әдістемелік журналдарды оқу,білімімді толықтырып, жетілдіріп отыру керек.

 

Сіз қандай қолдауға зәрусіз?

Әріптестермен тәжірибе алмасуға.

Сіз бұдан әрі не істейсіз?

Жаңа  әдіс -тәсілдерімді  үнемі дамытып отырамын. Сабақтың құрылымын  жақсартып , түрлендіріп отыруға тырысамын. Сәтті сабақтың әдіс-тәсілдерін жиі қолданып отырамын. Әріптестеріме де айтып, өз білгеніммен бөлісемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлективті есеп

2015 жылдың 9 қазанында физика пәнінен  «Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау» тақырыбы бойынша зертханалық жұмыс жасадық.

Сабақтың мақсаты: Өлшемдерді  қосалқы өлшеу әдісімен таныстыру, қатарлау тәсілмен өлшеп үйрету. Сабақтан күтілетін нәтиже: ұсақ денелердің диаметрлерін таба алады, қатарлау әдісін өмірде қолдана алады. 

Сабақты «Көршіңмен амандас» тренингін жасатып, яғни қазақша, орысша, шетелше амандасу арқылы сыныптың ынтымақтастық ахуалын құрудан бастадым. Оқушылар топ ішінде жұптарымен  үш тілде амандасып шықты. Жүздерінен күлкі байқалды. Осыдан кейін оқушылардың назарын өзіме аударып сабақтың тақырыбымен таныстырдым, яғни зертханалық жұмыс жасайтынымды айттым. Оқушыларым қызығушылық танытып, не істейміз, қалай болады деген сұрақтар қоя бастады. Әсіресе сабаққа белсенді қатыспайтын, үндемей отыратын оқушылар жапа тармағай шулап кетті.  Мен зертханалық жұмыстың тақырыбына назар аударттым. Сосын оқушылардың жұмысқа дайындығын тексеру мақсатында интерактивті тақтада сұрақтар бердім. Барлығы тоғыз сұрақ қойылды. Сегіз сұрақ өткен сабақтардағы теориялық білімге негізделген. Бұл сұрақтарға толық жауаптар алынды. Бұдан байқағаным өткен сабақтарды меңгергенін көрдім. Ал тоғызыншы сұрағым оқушыларды сыни ойлауға итермеледі. Яғни, кішкентай денелердің өлшемдерін анықтаудың қандай тәсілдерін білесіңдер деп сұрадым. Бұл сұраққа белсене жауап бергендер - үнемі жақсы оқитын оқушылармен қатар нашар оқитын оқушылар да.  Мені таң қалдырғаны - оқушылардың өз идеяларын ұсынып, өздері білетін құрал-жабдықтардың көмегімен ұсақ денелердің өлшемдерін қалай анықтауға болатыны жөніндегі ойлары. Жауаптар қатаралау әдісіне жақындады. Енді өзім бұл тәсіл туралы мағлұмат беріп, бұл тәсілмен ұсақ денелердің өлшемдерін анықтаудан басқа тағы қандай денелердің өлшемдерін анықтауға болатыны туралы сұрақ тастадым. Олар сызғыштың көмегімен ғана табамыз ба деп сұрады. Мен бұранда, бұрандашеге, бұранғыштардың бұранда қадамдарының арасындағы оймалардың ара-қашықтығын осы тәсілмен анықтауға болатынын айттым. Түсіндіре келе оқушылардың қызығушылықтарын байқадым. Сосын әр жұпқа қажетті құрал-жабдықтарды тараттым, яғни бұршақ, күріш, сым қиындылары, бұранда, бұрандашеге, бұранғыштар тараттым. Олар өздерінің сызғыштарын дайындап қойды. Оқушылар зертханалақ жұмыс дәптерлерін ашып, күнді, тақырыпты жазып қойды. Сосын оқулықтағы нұсқа бойынша зертханалық жұмыстың орындалу барысын мұқият оқып шықты да, жұмысқа кірісті.Зертханалық жұмыс барысында кейбір оқушыларға кездескен қиындықтар да болды. Бұл қиындықтар математикаға байланысты болды, яғни сантиметрді миллиметрге айналдырғанда. Оқушылар есептеулерді кестеге түсіріп болған соң, жұптас отырған оқушылар көршісінің дәптеріне кіріспе сұрақтарға жауабын ескере отырып, жұмысын бағалайды. Мен сабақ соңында дәптерлерін жинап алып, бұл жұмыстың бағасын тексеріп, қорытынды бағаны қойып, келесі сабақта журналға түсіретінімді айттым. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін, ұсыныстарын стикерлерге жазып, қабырғаға іліп кетті. Жалпы сабақ қызықты өтті, оқушылардың барлығы да қызығушылықпен белсене қатысты. Бұны оқушылардың жазған стикерлерінен де көруге болады.  Бұл жерде оқушылардың сабақты толық түсінгендері байқалды. Сабақта мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Себебі оқушылар жұпта жұмыс жасаудың барысында, жаңа тәсілді меңгеріп кестені толтырып шықты, есептеулер жүргізді. Бұл сабақтың  оқушылар үшін олардың өзіндік білім алуларына, білім-білік дәрежелерін толықтыруға, жетілдіруге  үлкен септігі тиді деп ойлаймын. Сабақтын түйіні -жаңа тәсілді игерту, сабақтағы басты әрекеттерді – менеджер-мұғалімнің орындауы (яғни балаларды жаңа білім алуға ұйымдастырып, бағыттап,  олардың ойларын қорытындылап, түйіндеп отыру) ,оқушылардың өздеріне қойылған талаптарды толық орындап шығуы. Сабақтың әр кезеңі бір-бірімен байланысып отырды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Физика 7-сынып Зертханалық жұмыс "Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 763 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.10.2015 8623
    • DOCX 273.7 кбайт
    • 43 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекишева Айнаш Жумабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекишева Айнаш Жумабаевна
    Бекишева Айнаш Жумабаевна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28499
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 536 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 130 человек

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 108 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек