Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Физика пәнінен "Молекула-кинетика теория негіздері" (10 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Физика

Физика пәнінен "Молекула-кинетика теория негіздері" (10 сынып)

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ 10 АСФ 1.doc

библиотека
материалов

Жаңа ақпараттық технологияларды

сабақ үрдісіне қолдану


Сабақтың тақырыбы: Молекула – кинетикалық теорияның негіздері

тарауын қорытындылау

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Жаңа ақпараттық технологияларды сабақ үрдісіне қолдана

отырып оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және

физикалық тілде сөйлетуге, физикалық есептерді шешуге,

оларды біліми белсенділікке, техникалық шеберлік пен

ұқыптылыққа баулу.

  1. Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеуге дағдысын қалыптастыра

отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, компьютерді

және басқа ақпараттық құралдарды пайдалана отырып,

мәселелерді шеше білуге үйрету.

  1. Тәрбиелік: Оқушылардың қазіргі ақпараттық құралдарға деген

қызығушылықтарын арттыра отырып, еңбекке тәрбиелеу,

әр – түрлі есептерді шешуде жоспар құра білуге тәрбиелеу.


Сабақ түрі: Интеграциялық (кіріктірілген) сабақ


Сабақ типі: Қорытындылау сабағы


Сабақ көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, кодоскоп, NOVA

(Activstudio, activusb, activserial), қашықтан тестілеу

құрылғысы, дидактикалық материалдар, тапсырмалар,

электрондық оқулық, Power Point презентациясы.


Пәнаралық байланыс: Физика және информатика


Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (Оқушыларды түгендеу)

  2. Сабақ барысы: (Слайд шоу)


hello_html_m4dd948ad.gifhello_html_m587e2e16.gifhello_html_1a2df442.gif


Бүгінгі сабақта оқушыларды екі топқа бөліп отырғызамын. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды. Сабақтың тақырыбына сәйкес молекула – кинетикалық теорияның негіздері тарауын қорытындылау келесі кезеңдерден тұрады:


hello_html_61f5fe52.gif

1 – кезең: Ой қозғау сұрақтары

Оқушылар интерактивті тақтада электрондық оқулық бойынша, молекула – кинетикалық теорияның негіздері тарауын қорытындылау сұрақтарына жауап береді.


  1. Молекула – кинетикалық теорияның негіздері қағидаларын ата?

  2. Молекулалардың өзара әрекеттесу күштері сипаты қандай?

  3. Молекула – кинетикалық теорияның негіздері теңдеулерін қорытып шығар?

  4. Людвиг Эдуард Больцман өмірбаяны

  5. Менделеев – Клапейрон теңдеуін қорытып шығар?

  6. Д.М.Менделеев және Клапейрон Бенуа Поль Эмиль өмірбаяны

  7. Изотермалық процеске анықтама бер?

  8. Изобаралық процеске анықтама бер?

  9. Изохоалық процеске анықтама бер?

  10. Ван – дер – Ваальстің еңбегі қандай?

2 – кезең: Сарамандық жұмыс

Бұл кезеңде екі топтың әр тобына электрондық оқулықта алдын ала дайындалған үш зертханалық, үш практикалық жұмыс бойынша есептер беріледі. Әр топ өздеріне берілген зертханалық жұмыстарды интерактивті тақтада, ал практикалық жұмыстарды кадоскоп арқылы экран тақтада орындайды.

Зертханалық жұмыс газдағы изопроцестердің: изотермалық, изохоралық және избаралық процестердің, нобайларын «моделдерін) қамтиды. Бұл процестердің әрқайсысының нобайларына сәйкес газ температурасын, газ көлемін, газ қысымын табуға болады. Алдымен есептін теориялық шешімін тауып, сосын алынған шешімді моделде тексеріңіздер.


hello_html_m282abfdf.pnghello_html_m498e9f1f.pnghello_html_49343be5.png


hello_html_m559c2132.pnghello_html_m23e8082a.pnghello_html_m2235d1ef.png

Практикалық жұмыс бойынша берілген есептерді шығарып, кадоскоп арқылы экран тақтада дәлелдейді.


1 есеп. Қайсыбір газдың 296 К температурадағы орташа квадраттық жылдамдығы 460 м/с. Осы газдың 10 г массасында қанша молекула бар?

2 есеп. 27 0С температурада гелий молекулаларының жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясы 10 Дж. Гелийдің молекулалар санын анықтаңдар?

3 есеп. Сутегi молекуласының массасы 3,3·10 -27кг. Сутегiн идеал газ деп есептеп, оның концентрациясы 1025м-3 және молекулалық жылулық қозғалысының орташа квадраттық жылдамдығы 700 м/с болғанда, қабырғаға түсiретiн қысымын табу керек.

4 есеп. Концентрациясы 3·1025м-3, қысымы 105Па идеал газдың молекулаларының iлгерлемелi қозғалысының орташа кинетикалық энергиясын анықтаңыздар.

5 есеп. Қалыпты атмосфералық жағдайда қандайда бiр газ тәрiздес заттың 10 0C температурада тығыздығы 2,5 кг/м3. Осы заттың молярлық массасын табу керек.

6 есеп. Көлемi V1= 6 л газ изотермиялық сығылған. Бұл кезде қысым Δp = 4кПа – ға өстi. Бастапқы қысымы p1 қандай болған?


3 – кезең: Демонстрациялық тәжірибе


Екі топ өздеріне берілген тапсырмаларды «Архимед» электронды цифрлық зертханалық жұмыс (NOVA) бойынша орындап, оны қорғайды.

hello_html_7844a99c.gifhello_html_7f4432c9.jpg


1 – тапсырма



Берілген ыстық және суық судың температурасын жеке – жеке өлшеп, осы қоспаның температурасын анықта. Шыққан нәтижені Кельвин шкаласы бойынша өрнектеп, тәжірибені дәлелде.

Керекті құралдар: 1. «Архимед» электронды цифрлы (NOVA)

2. Термометр.

3. Қысым өлшейтін құрал

4. Калориметр

5. Ыстық және суық су, әр түрлі ыдыстар


hello_html_1db6bb5c.jpghello_html_m2e380d6.png


2 – тапсырма


Бірнеше дененің қысымын анықтап, оның қалыпты атмосфералық қысымдағы, көлемін анықта. Шыққан нәтижені қорытындылап, тәжірибені дәлелде.


Керекті құралдар: 1. «Архимед» электронды цифрлы (NOVA)

2. Термометр.

3. Қысым өлшейтін құрал

4. Шприц

5. Доп т.б денелер


hello_html_db5a36e.jpghello_html_3338c181.png


4 – кезең: Қашықтық тестілеу

hello_html_m60866f59.pnghello_html_76a13513.pnghello_html_2c5f33af.png


  1. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы зат құрылымының молекулалық – кинетикалық теориясының негізгі ұғымына жатады?

    1. Зат бөлшектерден тұрады

    2. Зат бөлшектері бейберекет қозғалыста болады

    3. Зат бөлшектері бір – бірімен өзара әсерлеседі

    4. Молекулалардың массалары мен өлшемдері аз шама

  2. Броун бақылаған (броундық қозғалыс)

    1. Өлшенген бөлшектің қозғалысы

    2. Биологиялық құбылыс

    3. Зат атомдарының бейберекет қозғалысы

    4. Кристалл тор бөліктерінде молекулалардың тербелуі

  3. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы бұл:

    1. Массасы 0,012 кг көміртегінде 12 С қанша атом болса, сонша молек/н тұратын зат мөлшері

    2. Заттың бір моль мөлшерінде алынған массасы

    3. Заттың бір молекуласы массасының көміртегі 12 С атомының 1/12 бөлігіне қатынасы

    4. Көміртегінің 12 С атомы массасының 1/12 бөлігі

  4. Судың молярлық массасы (СИ жүйесінде) неге тең?

    1. 18 кг/моль

    2. 34 кг/моль

    3. 0,034 кг/моль

    4. 0,018 кг/моль

  5. Идеал газды қыздырған кезде молекулалардың жылулық қозғалысының орташа квадраттық жылдамдығы 4 есе өсті. Газдың абсолюттік температурасы қалай өзгереді?

    1. 2 есе өседі

    2. 4 есе өседі

    3. 8 есе өседі

    4. 16 есе өседі

  6. Температура 43 0 С Кельвиннің абсолютті шкаласы бойынша қандай температураға сәйкес келеді?

    1. 174 К

    2. 300 К

    3. 316 К

    4. 263 К

  7. Төменде келтірілген формулалардың қайсысы идеал газ күйінің теңдеуі болып табылады?

    1. V=N/NA

    2. P= 1/3 m02

    3. PV=mRT/M

    4. PV= m/MRT

  8. Тұрақты температура кезінде өтетін процесс қалай аталады?

    1. Изотермалық

    2. Изобаралық

    3. Изохоралық

    4. Адиабатал

  9. Изохоралық процессті тағайындаған физик

    1. Р. Бойль және Э.Мариотт

    2. Гей – Люссак

    3. Ж.Шарль

    4. А.Авагадро

    5. Д.Дальтон

  10. Идеал газ дегеніміз...

    1. Молекулалардың шексіз қозғалысы

    2. Аз көлем алатын серпімді шариктер қозғалысы

    3. Бір – бірімен немесе ыдыс қабырғасымен соқтығысуы кезінде білінетін газ

    4. Кинетикалық энергияның тығыздығына пропорционал




  1. Сабақты қорытындылау. (Оқушыларды бағалау)

  2. Үйге тапсырма. (Қайталау)


Пайдаланған әдебиеттер

  1. Электрондық оқулық 10 сынып

  2. Физика 10 сынып. Н.Қойшыбаев Алматы «Мектеп» - 2006 ж

  3. Физика есептер жинағы. А.П.Рымкевич

  4. Физика. Журналы


Краткое описание документа:

 

Жаңа ақпараттық технологияларды сабақ үрдісіне қолдану. Молекула – кинетикалық теорияның негіздері тарауын қорытындылау

     Жаңа ақпараттық технологияларды сабақ үрдісіне қолдана отырыпоқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және физикалық тілде сөйлетуге, физикалық есептерді шешуге, оларды біліми белсенділікке, техникалық шеберлік пенұқыптылыққа баулу. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдысын қалыптастыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, компьютерді және басқа ақпараттық құралдарды пайдалана отырып, мәселелерді шеше білуге үйрету. Оқушылардың қазіргі ақпараттық құралдарға деген қызығушылықтарын арттыра отырып, еңбекке тәрбиелеу, әр – түрлі есептерді шешуде жоспар  құра білуге тәрбиелеу.

 

 

Автор
Дата добавления 28.01.2015
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1010
Номер материала 347404
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх