Инфоурок Физика Рабочие программыФизика пәнінен сыныптан тыс іс-шара жоспары

Физика пәнінен сыныптан тыс іс-шара жоспары

Скачать материал

  Шәйдің құдіреті

Доскельдинова С.С физика пәнінің мұғалімі

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебі.

 

Жоспар:

1.Кешті жүргізуші мұғалімнің кіріспе сөзі

 

2.Баяндамалар:

а)Шайдың шығу тарихы

ә)Шайды дайындау технологиясы

в)Шайдың адам ағзасына тигізетін пайдасы мен маңызы.

3.Демонстрацияға дайындық

4.“Таба біл, түсіндіре біл” атты шай дәстүріне арналған викторина жарысы

5.“Кім тез ойлап табады, кім жақсы біледі?” деген тақырыпта жанкүйерлерге               арналған жұмбақтар.

6.Көрініс:Шәй ішейік

7.Жарыстың қорытындысын шығару, марапаттау

 

Жүргізуші

1.Халыққы жар салайық,

Физиканы түсініп бір алайық,

Қайнау, булану конденсацияда.

Физиканың тілінде,

Бүгінгі кеш төрінде

Мақал, жұмбақ айтысып,

Шабыт тасып, шалқысып,

Шай дәстүрін талқылап,

Көңілді кеш жасайық,

Мәреден бір асайық!

 

2.Ән “Қазақы дастархан”

Шайдың шығу тарихы

Баяндамашы:

  Шай ішу ХV ғасырды шығыс халықтарынан тарай бастаған. Шайды Еуропаға бірінші рет голландықтар әкелген. ХV ғасырдың бас кезінде Россия патшалығы орта Азия елдерімен және Моңғолия хандықтарымен достық қарым-қатынаста болды. 1638 жылы Михаил Романов патшаға моңғол ханы 200 қорап шай жіберді. Шайды қарап, патша және оның боярлары таң қалысады, не істерін білмейді. Әуелі оны дәрі орнына қолданған. Бертін келе оны сусын ретінде ішуді үйренген. Сөйтіп 1696 жылы Россия патшасы шай алып келу үшін орыстың көпестерін әдейі шығыс елдеріне жібере бастады.

 

 

 

 

 

 

Шайды дайындау технологиясы

Баяндама

  Шайдың дайындалу технологиясы өте күрделі. Алғаш шайдың жас жапырақтарын арнаулы шкафтарда жылы-жылы ауаның күшімен шала кептіреді. Содан соң шайдың жас жапырақтары босап, жұмсап, ширатуға өте ыңғайлы келеді. Шай “Роллер” деп аталатын машинада ширатылады.

Енді жапырақтар шайға айналу үшін көзге көрінбейтін химиялық күрделі өзгерістерге ұшырайды. Бұл фермент деп аталатын құрамды зат арқылы болады. Ашыту процесі: ферментация және цехтарда ғана өзімізге таныс шай дәмі және хош иіс пайда болады. Шайдың сол хош иісін тұрақты сақтау үшін эфир майлы болуы керек, ферменттер эфир майын шығарып отырады. Міне, осылардан соң шайды арнаулы пештерде кептіреді.

  Шай сапасына байланысты жоғары, бірінші, екінші, үшінші сапарларға бөлінеді. Сонымен қатар қара шай, тақта шай, көк шай, цейлон, үнді шайы болып бөлінеді.

 

 Шайдың адам ағзасына пайдасы және маңызы.

Баяндама

  Шайда адам ағзасына қажетті витаминдер және басқа да өте бағалы нәрселер көп. Олар – қант, белок, эфир майы. Ал жапырағында химиялық зат кофеин бар. Мөлшері 100 гр-да 5-20 мл-ға дейін “С” витамині, одан азырақ “В” витамині және “Р” витамині бар, ал қара шайда одан екі есе аз.

  Шәйдің дәмді болуы үшін (грузия, цейлон, үнді қара шайын дайындағанда) судың тұщы болғаны дұрыс, себебі кермек, ащы суға шай жөнді шықпайды.

  Қазақ дастарханында шайдың алатын орны ерекше. Қазақ

“Мейман келсе есікке,

Жүгіре шық, кешікпе.

Сыйламасаң мейманды,

Кесір болар несіпке” деп қонақ келсе “Қыдыр келді”, “Қырықтың бірі Қыдыр келді”, “Қырықтың бірі – Қыдыр, мыңның бірі – Уәли” деп көңілін тауып, ас суын беріп шаттандырады.

  Қонаққа шайды бабымен құйған ләзім.“Самаурын суылмай, шай сұйылмайды” дегендей шайды ернеуі бүтін шыныға құяды, кетік, шытынаған шыны ұстауға болмайды. Кесеге самаурыннан құйғанда дыбысын шығармай, кеселерді бір-біріне соғыстырмай құю керек. Кеселерді ауыстырмай, бос болмауын, тұрып қалмауын қадағалап отыратын арнайы қонаққа шәй әперетін бір адам отыру керек. Егер қазақ шайын еске алсақ самаурын, дастархан толы бауырсақ, әр қилы тәтті тағамдар, қаймақ қатқан хош иісті күрең қызыл шай елестейді.

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші

Қолына қалам алатын

Еңбекті әділ бағалар,

Әділ қазы апайлар мен ағайлар.

Алдарыңызда бұл тұрғандар,

Білім жолын қуғандар,

Қызықты кеш қойғандар-

Келешек физик ғалымдар!

 

Демонстрация жасауға 2 оқушы шығады. Стакандар, тарелкалар, шәй қасықтары, шәйнек, қант салғыш – бәрін үстелге дайындап қояды. 1 оқушы шәйнектің қақпағын жаппай тоққа қосады

1-оқушы. Ал кәнекей, бізде бәрі дайын шәй ішуге болады.

2-оқушы. Әлі шәй қайнаған жоқ. Шәйнектің қақпағын жауып қою керек, сонда тез қайнайды. (қақпағын жауып қояды)

2-жүргізуші. Олай болса сендерге менің бір сұрағым бар: физика тұрғысынан алғанда шәйнек тез қайнау үшін не себепті қақпағын жауып қою керек? Кім жауап береді?

Топтар. Біз шәйнектің қақпағын жабу арқылы жылу алмасуды сақтаймыз. Бұл қызу беріп тұрған жылуды сақтау үшін қажет!

1-оқушы. Шәйнектің қақпағын ашып, ішіне қарайды.

-         мен ыдыстың түбінен және қабырғасынан көпіршіктер көріп тұрмын. Олар қайдан шықты?

2-оқушы. Мен шәйнектің шуылдағанын естіп тұрмын. Ол неліктен?

2-жүргізуші. Міне қызық, екі сұрақ туды. Кім жауап береді?

Топтардың жауабы. Көпіршіктер суда еріген ауадан және ыдыс қабырғасына жабысқан ауадан пайда болады. Қыздырған кезде ауа көпіршіктері  ұлғайып көпіршіктер үлкейе береді.

1-жүргізуші. Өте  дұрыс, ал неге шуылдайды, кім айтады?

Топтар. Көпіршіктерде ауадан басқа су булары бар. Көпіршіктер нәтижесінде беткі қабаты төменгі қабатынан едәуір салқын болғандықтан олар суып, су буының біраз бөлігі конденсацияға түсіп суға айналады да, көпіршіктердің көлемі азаяды. Осы көпіршіктердің көлемінің ұлғаюы және кішіреуі шуға әкеп соқтырады. Ал су толығынан ысыған кезде көтерілген көпіршіктер салқынан кішіремейді де, су бетінде жарыла бастайды. Бұл кезде шу аяқталады да, су бұрқылдай бастайды.

2-оқушы. Шәйнекке қарашы, әлі бұрқылдаған жоқ па?

1-оқушы. Қақпағын ашып қарап “Жоқ ” дейді, әлі қайнаған жоқ.

2-жүргізуші. Онда осы отырған оқушыларға су-бу туралы жұмбақ айтысайық,  оған оқушылар жауап берсін.

Топтар.1.Аяғы жоқ, қолы жоқ,

                Бірақ тыныш тұрмайды.

                Сақтамасаң қорын тек,

                Барша тірлік қурайды. (Су)

 

            2. Сұйықпын да тазамын,

                Басамын жер тозаңын.

                “С” орнына “Б” қойсаң

                Бозғылт болып тозамын.(Су-бу)

         

 

            3. Шалқимын арнамда – бесікте,

               Ал бірақ тұрмаймын тесікте.

               Алғашқы дыбысым өзгерсе,

               Көкте ұшып жүремін, көшіп те.(Су-бу)

 

1-жүргізуші. Менде мынадай сұрақ пайда болды. Будың температурасы қайнаған судың температурасынан жоғары ма? Буға күю суға күюден қауіпті ме?

Топтар. Жоқ, будың температурасы мен қайнап жатқан судың температурасы бірдей. Бірақ бұл температура атмосфералық қысымға тәуелді.

2-жүргізуші. Дұрыс айтасың. Бұл құбылысты кім түсіндіреді?

Топтар. Қайнау кезінде будың біраз бөлігі конденсацияланады, судың бетіндегі қысым азаяды. Атмосфералық  қысым қалыпты қысымнан төмен болатын биік таулардың шыңында су төменгі температурада қайнайды: Эльбурс шыңында су төменгі (биіктігі 5-6 км) су 80°С-та қайнайды. Қақпағы ерекше клапанмен жабылатын кәстрөлдерде тамақ 120°-та пісіріледі.

1-жүргізуші.Қайнау кезінде қыздырғыш жұмыс істейді, ал су температурасы көтерілмейді, неліктен?

Топтар.Себебі бір температурада су қайнайды, ал қалыпты атмосфералық қысымда 100°С-та қайнайды. Сондықтан сол температураны қайнау температурасы деп атайды.

2-жүргізуші. Неліктен су суиды?

Топтар. Жылу өткізгіштің әсерінен су жылуының бөлігі шәйнекке беріледі де, одан қоршаған ортаға өтеді. Егер шәйнектің қақпағын ашып қойса, булану нәтижесінде одан да тез суиды. Булану – сұйық бетіндегі молекулалардың артық энергиясының болуынан. Булану нәтижесінде сұйықтың энергиясы азайып, бірте-бірте салқындай береді.

1-жүргізуші. Шәйнек қайнағанда бу шүмегінен көзге көрініп тұр, бірақ бу газ ғой, ал газдар көрінбеуі керек неге?

Топтар. Тұман пайда болады. Бұл ауа бөлшектерінде сақиналанған су тамшылары. Тұманның тығыздығы әр түрлі болуы мүмкін.Кейбір тұманды күндері тіпті алдындағы жолды көрмей қаласың.

2-жүргізуші. Ал енді шәйнекке шикі су емес, қайнаған су құйсақ қыздыру бірдей болғанда ол тез қайнар ма еді?

Топтар. Шикі су тез қайнайды, себебі онда еріген ауа көпіршіктері бар, ал қайнаған кезде олар жойылады. Сондықтан бір рет қайнатылған су шикі судан кеш қайнайды.

 Енді топтар демонстрация жасауға дайындалсын!

1-жүргізуші. Бәрекелді, онда жанкүйерлерге викториналық сұрақ қоямыз.

Топтар.4 Алға жайып тұз-дәмін

                 Келтіреді үй сәнін

                 Ол халқымның ақ жаны

                 Жақсы дәстүр маржаны

                

                  Кеңпейіл де арайлы,

                 Осы жерден тарайды. (Дастархан)

               5.Аппақ сұйық,

                  қалса ұйып, шөлің қанады,

                  ішсең құйып.                (Сүт, айран)

               6.Бір жансыздың қаны бар,

                 Тіл үйірген дәмі бар,

                 Шөлдесең іш, қанып ал.   (Шәй)

Топтың демонстрациясын қызықтайық, дайынсыңдар ма?

1-оқушы. Шәй қайнады, шәй ішейік.

2-жүргізуші. Шәй қайнады, енді шәйді демдейік. Шәйдің дәмі оны қалай демдегеніне байланысты ма?

Топтар. Шәй жапырағының құрамына енетін дәмді заттар суға жақсы шығуы керек. Шәйдің дәмі судың температурасына байланысты. Неғұрлым судың температурасы демдеген кезде жоғары болса, соғұрлым шәй дәмді болады.

1-жүргізуші. Шәйді металдан жасаған шәйнекке ме, жоқ шыныдан (фарфор) жасаған шәйнекке демдеген дұрыс па?

Топтар. Метал шәйнек қоршаған ортаға жылуын тез береді. Шыны шәйнек жайлап қызады, сол сияқты жайлап суиды. Жылуды ұзақ сақтайды. Сондықтан шәйді шыны шәйнекке демдеген дұрыс.

2-жүргізуші. Дұрыс, шәйді қалай демдеген дұрыс?

 Жанкүйерлерге сұрақ

1) Температурасы 0° бөлмеде мұз еріп, су қата ма? (Жоқ ерімейді, қатпайды)

2) Жылы бөлмедегі мұз тоң жауып қойсақ мұзға қалай әсер етеді? (тез ериді)

3) Қайнаған суда қалайы ери ме? (ериді егер атмосфераның қысымы 40 болса, 249°С-та су қайнайды, қалайы 232°С)

4) Қайнаған су ауыр ма, шикі су ауыр ма? (қайнаған)

5) Сұйықтың буға айналу құбылысы...        (булану)

6) Сұйықтың бетінде жүретін құбылыс...    (кебу)

7) Будың сұйыққа айналу құбылысы...        (Конденсация)

8) Сұйықтың бетінде, болатын қарқынды кебу құбылысы...  (Қайнау)

 

Демонстрациялар

а) Штативке беторамалды іліп, оған спирт құйып (одеколон), жағу керек , беторамал жанбайды.

  Жауабы. Бет орамалды алдын ала суға батырады. Спирттен бөлінген жылу судың булануына кетеді, сондықтан бет орамал жанбайды.

ә) Қайнаған суға стаканды төңкеріп қоямыз, су стаканға көтеріледі, неге?

  Жауабы. Бу конденсацияланғанда салқындайды.Стаканның ішіндегі қысым төмендейді, сондықтан атмосфералық қысым стаканды суға итереді.

б) Стаканға майшамды жандыру керек, ернеуіне бірнеше дөңгелек қиылған, суға батырылған қағаз қою керек. Үстіне  2-стаканды төңкеріп қоямыз, сөнгенде үстіндегі стаканды көтерсек, 1-стаканда жабысып бірге көтеріледі.

  Жауабы. Жалын стаканның ішіндегі ауаны ысытады, сөнгеннен соң ауа салқындайды. Оның қысымы сырттың атмосфералық қысымынан аз болады. Сондықтан сырттың қысымы 2 стаканды бір-біріне итеріп ұстап тұрады.

 

Топтар. Шәй демдейтін шәйнектің ішкі жағының температурасы жоғары болу үшін шәйді салардың алдында, оны 1-2рет ыстық сумен шәйіп жіберу керек. Сонда судың жылуы оны қыздыруға аз кетеді.

1-жүргізуші. Стаканға шәйді қалай құю керек?

Топтар. Қалың стаканға шәй құйғанда ішіне қасық салып қою керек. Қасық металл болғандықтан жылуды өзіне алады да, стакан жарылмайды. Бұл әдіс стаканның сынбауын қамтамасыз етеді.

 

1-жүргізуші. Жарайды, енді су, шәй, нан туралы мақалды кім біледі?

              Шөлдеп ішкен қара су

              Шекер емей немене?

              Емінгеннен біткен мал

              Бекер емей немене?

 

              Десектағы май артық,

              Ықыласпен берген шай артық.

              Нан – тамақтың атасы,

              Ынтымақ – көптің батасы.

/ мақал- мәтелдер айтылады/

   2-жүргізуші. Жарайсыңдар! Енді шәйді демдегенде, шәйді бұрын құю керек пе, суды ма, кім айтады?

   Топтар. Демделген шәй температурасы әрқашан төмендеу болады, сондықтан бірінші шәйді, сосын қайнаған суды құю керек.

Оқушы. Енді бәрі де түсінікті болды. Бәріміз де жайланып шәй ішейік, шәй дайын!

2-жүргізуші. Онда, “Шәй ішейік” атты көрініс.

1-жүргізуші. Игеріп әлем күшін игілікке,

Физика санамызда тұр биіктерде.

Ойлап тапқан бәрін де адам миы,

Сондықтан бас иеміз жүйріктерге-  дей келе деп кештің қорытындысы шығарылады

   

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Физика пәнінен сыныптан тыс іс-шара жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

  Шәйдің құдіреті

Доскельдинова С.С физика пәнінің мұғалімі

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебі.

 

Жоспар:

1.Кешті жүргізуші мұғалімнің кіріспе сөзі

 

2.Баяндамалар:

а)Шайдың шығу тарихы

ә)Шайды дайындау технологиясы

в)Шайдың адам ағзасына тигізетін пайдасы мен маңызы.

3.Демонстрацияға дайындық

4.“Таба біл, түсіндіре біл” атты шай дәстүріне арналған викторина жарысы

5.“Кім тез ойлап табады, кім жақсы біледі?” деген тақырыпта жанкүйерлерге               арналған жұмбақтар.

6.Көрініс:Шәй ішейік

7.Жарыстың қорытындысын шығару, марапаттау

 

Жүргізуші

1.Халыққы жар салайық,

Физиканы түсініп бір алайық,

Қайнау, булану конденсацияда.

Физиканың тілінде,

Бүгінгі кеш төрінде

Мақал, жұмбақ айтысып,

Шабыт тасып, шалқысып,

Шай дәстүрін талқылап,

Көңілді кеш жасайық,

Мәреден бір асайық!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 210 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.12.2014 2329
    • DOCX 57 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Доскельдинова Хадиша Тимуровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34919
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания физики в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 003 человека

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Мини-курс

Управление и менеджмент в спортивной сфере

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 358 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 174 человека