Инфоурок Физика Другие методич. материалыФИЗИКА САБАҒЫНДА КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ тиімділі

ФИЗИКА САБАҒЫНДА КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ тиімділі

Скачать материал

 

 

ФИЗИКА САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ  тиімділі

Баяндамашы. Хасенова Н.С. «Рудный қаласы №7орта мектебі»ММ физика пәні мұғалімі.

      Біздің  заманымыз жаңа технология мен компьютер заманы. Жаңа буын оқулықтар мен электронды мәдениет әлеміне аяқ бастық. Жаңа технологияның дамуының  арқасында балалардың дамуына үлкен үлес қосылды.  Оқушының функционалды сауаттылығын арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып  табылады.  Осы мақсатқа жетуде  оқытуды ақпараттандыру  үрдісі білім сапасын арттырудың негізі деп қарай отырып, ерекше көңіл бөлуде.  Оқыту үрдісін  ақпараттандыру – қазіргі                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Мұндай даму барысы, сөз жоқ, барлық салалардың да оған ілесуін қажет етеді. Бұл процестен әрине, физиканы оқыту ісі де артта қалмауы тиіс.  Физиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесіндегі техникалық құралдарды қолдану қатарына компьютерді қолдану мәселесі енді.  Оның үйлесімді жолдары болатыны сөзсіз. Міндетіміз де осы айтқанымен байланысы, яғни сол үйлесімді жолдарды тауып, физиканы оқыту әдістемесіне оларды енгізіп, сабақтың неғұрлым сапалы өтуін, оқушылардың сабақта оқуға деген ынтасын арттыру болып табылады.
Ақпараттандырудың бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.
Ақпараттық технологиялардың негізгі міндеттері:
• Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;
• Практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
• Ғылыми – ізденушілік және оқу - әдістемелік жұмыстар жүргізу.
Ақпараттық технологиялардың қағидалары:
- Жеке тұлғаның интеллектуалдық жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- Технологиялық құрал арқылы алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;
- Білім мен тәрбиенің бірізділігі;
- Жалпы компьютерлік сауаттылық.
Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметін атқарады.
Технологиялық құрал жетістіктерінің бірі – интерактивті тақта оқушылардың оқыту бағдарламасындағы көмекші құрал.  Интерактивті тақтаның маңыздылығы:
- Интерактивті тақтада жазба құралдары, маркерлер, құрал-саймандар панелі қарастырылған.
- Интернетке қосылу мүмкіндіктері бар.
- Жұмыс материалдарын, ақпаратты оқушыларға тиімді жеткізуге мүмкіндік береді.
- Оқушылардың зейінін аударуға болады.
- Анимациялық роликтер, коллекциялық суреттерді оқушылар назарына ұсына аламыз
.
-
Арнайы бағдарламалар әзірлеп, веб сайттар мен кез-келген қосымшалардан ақпарат алып, өңдеу жұмыстарын жүргізуге болады.
Интерактивті тақтаның артықшылықтары:
Оқу ақпаратының ұсыну мүмкіндігін елеулі түрде кеңейтеді
Түстерді, графикаларды, дыбысты, техниканың құралдарын қолдану қызметінің іс жүзіндегі жағдаятын жасауға мүмкіндік береді.
Интерактивті тақта оқу сапасын күшейтуге мүмкіндік береді және оқу есептерінің ұсыныстарын реттейді.
Оқу материалдарын ұсынумен бірге жауаптарды тіркеп, оқушы жауаптары мен сұраныстарын талдау мүмкіндігі бар.
Жұмыс барысында оқушылар тарапынан жасалатын қателерге диагностика жүргізу мүмкіндігі тиімділігімен ерекше.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеу - ол заттар мен құбылыстардың өзіне тән бітімін, сыр сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.
Интерактивті тақта барлық жастағы балаларды оқыту бағдарламасымен үйлесіп оқытудың әртүрлі стильдерін қолдануға мүмкіндік береді.
Оқушылар визуальды материалдарды жақсы қабылдайды, сонымен қатар сабақтың жаңа сырларын, туындаған мәселелерді бірігіп шешуге, талқылауға мүмкіндік алады.
Оқушылар білім алу процесінде бір уақытта оқып тыңдап тапсырмалар алады.
Мұғалім қажетті ақпараттарды белгілеуге және зейіндерін аударуға барлық идеалдарды байланыстырып немесе олардың айырмашылықтарын ойластырып талқылауда әртүрлі түстер интерактивті тақтада қолайлы орындалады.
Мұндай мәліметтерді физикалық, химиялық, математикалық формулалар, шамалардың өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалық және химиялық құбылыстардың динамикалық бейнесі, тәжірибеге арналған құрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болды.
Физика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектісін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды.
Физика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай, оқушының ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті мазмұны мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Сондай-ақ сабақ өтуде интерактивті тақтаны қолдануда сабақ тиімділігін арттырады. Компьютердегі интернет жүйесіндегі ақпараттық мәліметтерді сабақ тақырыбына байланысты қажеттісін таңдап тікелей қолдануға болады.

                Әр сабағымда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуды мақсат етіп қойдым:
1. Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;
2. Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;
3. Есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;
4. Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
5. Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;
6. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;
Физика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану - білім сапасының артуына әкеледі.
Жаңа ақпараттық технологияны физика сабақтарында пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйреттім. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуге, компьютерлік сауаттылықтарына мән беремін. Сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеп келемін.

Физика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру  қазіргі заман талабына сай  ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

  Физика сабақтарында ақпараттық  - коммуникациялық технологияларды пайдалану-дың тиімділігі:

  • оқушының өз бетімен жұмысы;
  • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
  • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
  • шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық  құбылыстарды  түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
  • экономикалық тиімділігі;
  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
  • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
  • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.      Ақпараттық технологиялық құралдардың бірі-электронды оқулық. Электрондық оқулықтың тиімділігі зор. Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды  бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипломдық жобаларға нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы.

Оқытушы үшін  электрондық оқулық – бұл күнбе – күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.  Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, заңдары мен анықтамалары, түсініктеме сөздігі мен қазақша – орысша сөздік, кестелер, ғалымдардың өмірбаяндары,  жаттығулар мен есептер, бақылау жұмыстары қамтылған. Тараудағы оқу материалдары бойынша  берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға физикалық құбылыстарды  көрсете отырып,  түсіндіруге ыңғайлы.

Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының  нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне қарай пайыздық көрсеткішпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.

Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу-әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар зерттеуге құштар, өзі белсенді жеке жұмыс істей алады. Оқытушының жұмысын жеңілдетіп, оқушыны жалқаулықтан құтқарады.

Оқушы тұлғасының  дамуына ықпал жасайтын  электрондық оқулықпен сабақтар жүргізудің негізгі міндеттері оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын игеру жүйесін жетілдіру, оқыту үрдісінде теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттері арқылы танымдық қабілеттерін белсендіру, танымдық қызығулары арқылы оқуға деген мотивациясын дамыту, оқу материалын игеруде және оқу іс-әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру, өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру, оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану, әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу. Осы міндеттер негізінде дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы дамуына жәрдемдесетін оқу тобында оқытушылар мен оқушылардың күш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы әрекеттестік ұстанымы мен жеке тұлғалық түсінісушілік негізінде іске асырылуы, шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты дамуына ынталандыруды көздеген әр түрлі әдіс-тәсілдерінің кең қолданылуы (диалог-сабақтар, есеп талдау, әр түрлі тәсілмен шығару, кері есеп құрастыру, есепті тексеру, пікірталас, іскерлік ойын сабақтары, т.б), балалардың эмоционалды-сезімділік және абстрактілі,қисынды ой құрастыруын дамытуға ықпал етілуі, танымдық қызығуын арттырып және білім алу нәтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп бағалау,  өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өзіндік бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы сияқты ерекшеліктері де бар.

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине  мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін. Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне  еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.

       Басқаша айтқанда, бұл кеңістікке ең алғаш еніп, оны жүйелі және кәсіби бағытта енуін қамтамасыз ететін мұғалім. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде  жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.

Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру.

 «Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ФИЗИКА САБАҒЫНДА КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ тиімділі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

      Біздің  заманымыз жаңа технология мен компьютер заманы. Жаңа буын оқулықтар мен электронды мәдениет әлеміне аяқ бастық. Жаңа технологияның дамуының  арқасында балалардың дамуына үлкен үлес қосылды.  Оқушының функционалды сауаттылығын арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып  табылады.  Осы мақсатқа жетуде  оқытуды ақпараттандыру  үрдісі білім сапасын арттырудың негізі деп қарай отырып, ерекше көңіл бөлуде.  Оқыту үрдісін  ақпараттандыру – қазіргі                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Мұндай даму барысы, сөз жоқ, барлық салалардың да оған ілесуін қажет етеді

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 021 материал в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.02.2015 1300
    • DOCX 25.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хасенова Нуржамал Сабитбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11714
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по физике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 569 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: эффективное общение и решение конфликтов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 832 человека из 78 регионов
  • Этот курс уже прошли 374 человека

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы управления проектами: от концепции к реализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе