Инфоурок Физика Презентации"Физика сабағында PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ғылыми ой-өрісін дамыту" презентация

"Физика сабағында PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ғылыми ой-өрісін дамыту" презентация

Скачать материал
Скачать материал ""Физика сабағында PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ғылыми ой-өрісін дамыту" презентация"

Настоящий материал опубликован пользователем Маулешева Гулия Айтжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

Скачать материал
    • 18.12.2014 14707
    • PPTX 3.9 мбайт
    • 847 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Маулешева Гулия Айтжановна
    Маулешева Гулия Айтжановна

    учитель физики

    • На сайте: 10 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 53936
    • Всего материалов: 5

    Об авторе

    Мен- Гулия Айтжанқызы. 2004 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ аяқтадым. Математика-физика пәнінің ІІ санатты мұғалімімін. Еңбек өтілім 10жыл. Жұмыстанып жүрген әдістемелік тақырыбым "Физика сабағында оқушылардың функциональдық сауаттылығын арттыру". Сабақтарымда жаңа технологиялардың түрлерін пайдаланып, түрлендіріп өткізуге тырысамын. Әсіресе СТО, модульдік технология, Шаталовтың тірек-схемаларын, Қараевтың деңгейлік тапсырмаларын оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруға көмектеседі деп ойлаймын.

Презентация "Ойын технологиясын қолдану баланы жан-жақты дамыту құралы"

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • pptx
2309
18
07.01.2025
«InfoLesson»‎

Материал разработан автором:

Каргаева Салтанат Жубаназаровна

методист

Бұл баяндама балалардың дамуын ынталандыру үшін ойындарды қолдану туралы жан-жақты ақпарат береді. Ойындардың түрлері, оларды жоспарлау және ұйымдастыру, ойындардың артықшылықтары мен сақтық шаралары, сондай-ақ ойындардың педагогикалық тиімділігін бағалау туралы кеңестер береді.

Краткое описание методической разработки

Бұл баяндама балалардың дамуын ынталандыру үшін ойындарды қолдану туралы жан-жақты ақпарат береді. Ойындардың түрлері, оларды жоспарлау және ұйымдастыру, ойындардың артықшылықтары мен сақтық шаралары, сондай-ақ ойындардың педагогикалық тиімділігін бағалау туралы кеңестер береді.

Смотреть ещё 6 084 курса

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Тақырыбы: Физика сабағында PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы технология...

    1 слайд


    Тақырыбы: Физика сабағында
    PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ғылыми ой-өрісін дамыту

    Зеленов ауданы
    Новенький орта жалпы білім беретін мектебі
    Маулешева Г.А. физика пәні мұғалімі
    Дайындаған:
    19.08.2014ж

  • « Балаға өз бетімен зерттеуге  мүмкіндік туғызған сайын одан әрі  жақсы оқи т...

    2 слайд

    « Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі»
    Питер Клайн
    Өзектілігі:
    Жаңаша оқыту технологиясы негізінде интерактивті оқыту әдістерін пайдаланып, жан-жақты жұмыстана алатын, зерттеушілік қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру

  • ПроблемаОқушылар:
әрдайым алған білімдерін практикада қолдана алмайды;
таныс...

    3 слайд

    Проблема
    Оқушылар:
    әрдайым алған білімдерін практикада қолдана алмайды;
    таныс емес жағдай негізінде логикалық есептерді шешуде қиындықтарға кездеседі;
    пәнаралық байланыс қолданылған тапсырмаларды орындай алмайды.

  • Мақсаты: 

Жас ұрпақтың терең білім алып,ой-өрісін өсіріп, шығармашылықпен жұ...

    4 слайд

    Мақсаты:

    Жас ұрпақтың терең білім алып,ой-өрісін өсіріп, шығармашылықпен жұмыс істей алуына жағдай туғызу, сөйтіп әрбір оқушының өзін-өзі дамытуына, өз мүддесі мен қызығуын қанағаттандыруына ынталандыру, бойындағы қабілетіне сай білімін ұштауына ықпал жасау.

    Міндеттері:

    Бала бойындағы бейімділікті байқай алу
    Қабілетті оқушыларды ерте анықтау
    Қабілетті оқушыларды анықтай отырып,оларды тәрбиелеп,
    білім беру жүйесін жетілдіру
    Оқушының дүниетанымын кеңейту, оларды зерттеушілік
    қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерін жетілдіру
    ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту.

  • Күтілетін нәтиже:Оқушылар  бойындағы  бейімділік  пен  талантын,  танымдық, і...

    5 слайд

    Күтілетін нәтиже:
    Оқушылар бойындағы бейімділік пен талантын, танымдық, ізденушілік қабілеттерін зерттеу негізінде қазіргі заман талабына сай шығармашыл тұлға қалыптастыру.

  • PISA (Programme for International        Student Assessment ) дегеніміз не?PI...

    6 слайд

    PISA (Programme for International Student Assessment ) дегеніміз не?
    PISA – Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы.
    PISA мақсаты:
    әлемдік деңгейде салыстырылатын әр мемлекеттің оқыту нәтижелері жөніндегі сенімді мәліметтерді алу, саралау.

  • Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеуінің негізгі үш бағытыМатематикалық  с...

    7 слайд

    Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеуінің негізгі үш бағыты
    Математикалық сауаттылық
    Жаратылыстану сауаттылығы
    Оқу сауаттылығы

  • Оқу – 17%. Білім алушылардың жазбаша мәтіндердің мәнін түсінуін, оқу барысын...

    8 слайд



    Оқу – 17%. Білім алушылардың жазбаша мәтіндердің мәнін түсінуін, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін және ғылыми дәлелдерді пайдаланып өз ойларын толық жеткізе білуі бағаланады
    Жаратылыстану – 21%. Білім алушылардың ғылыми жаратылыстану білімдерін қолдана білуі, қоршаған әлемді және оған адам әрекеттерінің әсерінен болатын өзгерістерді түсінуге және мәселелерді анықтап, қорытынды жасай білу қабілеттері.
    Математика – 62%. Математиканың рөлін анықтап, түсіне білуі, математикалық нақты дәлелдер жасауы және әртүрлi формада көрсетiлген сандық мәлiметтерді оқи білуі, түсiндiрiп беруі мен талдай бiлуі бағаланады.

  • Зерттеу циклы мен қатысушылары20002003200620092012201532 ел41 ел57 ел65 ел67...

    9 слайд

    Зерттеу циклы мен қатысушылары
    2000
    2003
    2006
    2009
    2012
    2015
    32 ел
    41 ел
    57 ел
    65 ел
    67 ел
    71 ел
    PISA
    Оқу сауаттылығы
    2000
    2009
    Математикалық сауаттылық
    2003
    2012
    Жаратылыстану сауаттылығы
    2006
    2015

  • PISA зерттеулерінің өткізу түрлеріҚағаз бетіндеКомпьютердеOn-line режимінде....

    10 слайд

    PISA зерттеулерінің өткізу түрлері
    Қағаз бетінде
    Компьютерде
    On-line режимінде. (Финляндия, Австралия, Канада т.б. мемлекеттер

  • Тест тапсырмаларының түрлері % 
PISA-2012

    11 слайд

    Тест тапсырмаларының түрлері %
    PISA-2012

  • PISA тапсырмаларына мысал:

Шолпан жұлдыздарға қарағанды ұнатады. Бірақ қала...

    12 слайд


    PISA тапсырмаларына мысал:


    Шолпан жұлдыздарға қарағанды ұнатады. Бірақ қалада тұрғандықтан, ол түнде көп жұлдыздарды көре алмайды.
    Алдыңғы жылы Шолпан ауылға барғанда, қалада көрінбеген көптеген жұлдыздарды көрді.

  • СҰРАҚ: Неліктен ауылдық жерде қалаға қарағанда көбірек жұлдыздарды көруге бол...

    13 слайд

    СҰРАҚ: Неліктен ауылдық жерде қалаға қарағанда көбірек жұлдыздарды көруге болады?
    А. Қалада ай жарығырақ, сондықтан ол көптеген жұлдыздардың жарығын жауып тастайды.
    В. Ауылдық жерлерде қалаға қарағанда көбірек шаң-тозаң бөлшектері бар, сондықтан ол жарықты қамтып көрсетеді.
    С. Қала жарығының молдығынан көптеген жұлдыздарды көру қиынға соғады.
    D. Көлік және үйлерден жылу бөлінуіне себепті қаладағы ауа әлдеқайда жылылырақ

  •  Pisa тапсырмалары

    14 слайд

    Pisa тапсырмалары

  • мақсат қоюға үйренеді;
есте сақтау қабілеттері дамиды;
басқалармен бірігіп жұ...

    15 слайд

    мақсат қоюға үйренеді;
    есте сақтау қабілеттері дамиды;
    басқалармен бірігіп жұмыс жасайды;
    кітаппен жұмыс жасауға үйренеді;
    қатарынан қалмауға тырысады;
    дарынды оқушылар өз қабілеттерін одан әрі бекіте түседі;
    әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.
    күшті сыныптарда оқуға деген ынта артады.
    білім дәрежесі бірдей сыныптарда оқу жеңілдейді
    өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады


    жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;
    оқушыны жан-жақты танып біледі;
    қарым қатынас орнатады;
    оқушылардың өзара әрекеттесуіне жол ашады;
    оларға шығармашылық еркіндік беріледі.
    Жаңа технологияның тиімді әдіс- тәсілдерін ұрпақтың бойына сіңірте білу ұстаздардың басты міндеті.
    Жаңа технологияның тиімділігі:
    Оқушы
    Мұғалім

  • НәтижеОқушылар зерттеу жұмыстары нәтижесінде биология, физика сабақтарында ал...

    16 слайд

    Нәтиже
    Оқушылар зерттеу жұмыстары нәтижесінде биология, физика сабақтарында алған білімдерін практикада қолдануға үйренеді;
    Оқу-зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру негізінде оқушылардың жаратылыстану ғылыми сауаттылық деңгейі көтеріледі;
    Қиындығы жоғары есептерді шығару қабілеттері дамиды;
    Оқушының дүниетанымы кеңейеді, зерттеушілік, ізденушілік қасиеттері қалыптасады.

  • Қорытынды     Елдің ертеңі білімнің тереңдігі мен өлшенеді демекші. Үздіксіз...

    17 слайд

    Қорытынды
    Елдің ертеңі білімнің тереңдігі мен өлшенеді демекші. Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді. Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты - оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету.

    «Шәкірт – нығырлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды талап ететін шырақ» демекші оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп дайындау –
    мектеп ұстаздарының басты мақсаты. 

  • Назарларыңызға рахмет

    18 слайд

    Назарларыңызға рахмет

Краткое описание документа:

                        

                       PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы туралы

 

                   Қазіргі ақпарат заманында, күн сайын жаңалықтарға мұғалім қанық болып, сол ақпараттарды оқушының санасына беріп отыру қажеттілігі туындап отыр.   Өзімнің педагогикалық жолымда жаңаны үйреніп, жаңа технологиялармен сабақтарды өткізуге,  өзіме тәжірибе мен жаңалықтарды алу үшін 4-15 тамыз аралығында «PISA халықаралық зерттеулері аясында  оқушылардың ғылыми-жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы  курс тыңдаушысы болдым.

  Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдеу мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA – 2009 халықаралық зерттеуіне тұңғыш рет 15 жастағы оқушылардың білім сапасын анықтау үшін дәйекті ақпарат алу мақсатында атсалысты. Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформаландырудың қажеттігін ескертетін бірқатар факторлар, атап айтар болсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі негізгі себеп болды. Еліміздің 2011 жылы өткен халықаралық PISA- 2012 апробациялық зерттеуіне, 2012 жылы сәуір айында болған PISA- 2012 негізгі зерттеуіне қатысуы, өзін-өзі дамытуды максималды түрде іске асыру мен қоғам өмірінде орынды қатысу үшін өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.

     PISA - (Programme for International Student Assessment) оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы.

     PISA зерттеуінің әрбір кезеңіне халықаралық контексте саралау жұмысы жүргізіледі. Бұл әрбір қатысушы елге білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

      PISA негізінде - бұл өмірде кездесетін ситуацияларды шешуге қатысты пәндік білімін, біліктілігін, дағдысын жинақтап көрсету бейімділігі зерттелінеді.   Бұл 15 жастағы оқушының құзырлылығының даму деңгейін анықтауға арналған диагностикалық құрал. Бұл жаста көп елде мектептегі  міндетті білім тәмамдалады.  PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15-жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтауды мақсат етіп қояды. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.

 PISA  зерттеуінің негізгі бағалау облыстары

  • Математика сауаттылығы
  • Жаратылыстану сауаттылығы
  • Оқу сауаттылығы

PISA мақсаты: әлемдік деңгейде салыстырылатын әр мемлекеттің оқыту нәтижелері жөніндегі сенімді мәліметтерді алу, саралау.

PISA әдістемесі бойынша тестілеу мектеп оқушыларының үйреншікті емтихандары мен тесттерінен түбегейлі ерекшеленеді. Осы ауқымды зерттеу барысында мектеп бағдарламасын меңгеру деңгейі емес, жас өспірімдердің алған білімдерін тіршілік жағдайларында қолдану қабілеті бағаланады. Тестілеудің негізгі мақсаты - «Жалпыға міндетті білім алған 15 жастағы оқушы қоғамда толыққанды қызмет ету үшін қажетті білім мен машықтарды меңгерді ме?» деген сұраққа жауап беру .

Зерттеуде жазбаша және компьютерлік бақылау нысаны (тесттер) пайдаланылады. Тестке жабық және ашық тапсырмалар енгізілген. Кейбір тапсырмалар сол бір тіршілік жағдайларына жататын түрлі күрделілік деңгейінің бірнеше сұрақтарынан тұрады.  

 PISA нәтижелері – кез келген елдің білім сапасының басты индикаторы.   

 

 

РISA есептерінің  шарты: 

v  өмірден алынған қандай да бір ситуацияның жазбасы;

v  не есептің шарты, не сұрақтың  мазмұны нақты бір пәндік білімге сүйенбейді;

v  есептің шарты  тұлғалық тәжірибемен сәйкестендірілген – ашық;

v  әрбір есеп немесе тапсырма өзіндік шешімді талап ететін  қандай да бір ситуация болып табылады.

     Жаратылыстанудан барлық үш мазмұнды блок бойынша Қазақстан нәтижелері алдыңғы қатарда келе жатқан елдермен салыстырғанда біршама төмен болып отыр. Барлық мәселе PISA-ның оқушылардың білімдерін емес, осы білімдерін қандай да бір мәселені шешуге қолдану машығын анықтайтындығы болып табылады. Ал отандық білім беру оқушыларға білімді дайын күйінде беретіндей құрылған. Әлемдік практика, осындай әдіс – өте тиімсіз екенін бұрыннан дәлелдеген.  Батыс елдерде мектеп оқушылары эмпириялық жолмен, зерттеумен қажетті білім алады. Міне олардың ұдайы жеке және топтық жобалармен айналысатыны сондықтан.

PISA – бұл мектеп оқушыларының жаратылыс-математикалық сауаттылығын, қаржылық сауаттылығын және білімдерін практикада қолдана білуін бағалауға арналған халықаралық тест. 3 жылда бір рет жүз мыңдаған 15 жасар мектеп оқушылары бүкіл әлемде АҚШ-тан, Еуроодақтан, Жапониядан, Австралиядан және әлемнің басқа елдерінен келген халықаралық ұжым дайындаған тесттік тапсырмаларды өз тілінде орындайды.  

PISA зерттеуінде бір мезгілде өлшемдерде бірнеше жаңа заманғы инновациялық идеялар жүзеге асырылды: функционалдық сауаттылықты бағалау, қарым-қатынастарын, қызығушылығын, уәжін және оқу стратегиясын зерделеу. 

Жаратылыстануға арналған тапсырмаларды орындау барысында окушылардан жаратылыстанудың тексерілетін бөлімдері бойынша нсгізгі түсініктерді, заңдар мен ұстанымдарды білуін корсете алуы ғана емес, оларды мәселелерді шешуде пайдалана алу қабілеттері, табиғат құбылыстарына түсінік беруі, қарапайым зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижелерін ұсынулары талап етіледі.

Ілгері  деңгейге қойылатын талап:тәжірибе және зерттеу жүргізу туралы бастапқы ұғымдардың болуы, жай ағзалардағы тіршілік үрдістер мен сипаттамаларын, сондай-ақ адам денсаулығына қатысты факторларды түсінуі, белгілі материалдардың әртүрлі физикалық қасиеттері мен электрлік құбылыстар туралы білімдерінің болуы арасындағы байланысын, Жер мен Күн жүйесіндегі физикалық сипаттамалар мен үрдістерді түсінуі, зерттеу нәтижелерін түсіндіре алу және қорытынды жасай алу, бағалау пікіріне, олардың аргументацияларына және бастапқы түсініктеріне қабілеттерінің болуы тиіс.

Жоғары  деңгейге қойылатын талап: Бұл деңгейге жеткен оқушылар білімді қабылдауға және көрсетуге қабілетті, күнделікті өмірде кездесетін құбылыстарды түсіндіре білуі, өсімдіктер, жануарлар, тіршілік үрдістер құрылымы туралы кейбір түсініктері, заттардың қасиеттері мен физикалық құбылыстар туралы білімдері, Күн жүйесі мен Жер құрылысы, үрдістер мен құбылыстар туралы білімдері, зерттеуді жүргізуге байланысты бастапқы түсініктерінің болуы, кейбір жаратылыстану түсініктерін күнделікті өмірден алынған физикалық және биологиялық үрдістер туралы ақпараттармен байланысын түсіндіру қабілетінің болуы, қысқаша жауап құрастыруы тиіс.

Орта деңгейге қойылатын талап: Бұл деңгейге жеткен оқушылар білімді қабылдауға және көрсетуге қабілетті, жаратылыстануға байланысты тәжірибелік жағдайларды және негізгі ұғымдарды түсінуі, тірі ағзаларды сипаттауға және олардың қоршаған ортамен байланысын анықтауы, адам биологиясы мен оның денсаулығы туралы кейбір түсініктері, жалпыға танымал физикалық құбылыстар туралы кейбір түсініктері, күн жүйесі мен Жер туралы негізгі дәлелдерді білуі, суреттерді түсіндіру және тәжірибелік жағдайларда білімін қолдану қабілетінің болуы тиіс.

Төмен деңгейге қойылатын талап: Бұл деңгейге жеткен оқушылар қарапайым білімді болады, адам денсаулығына және жануарлардың мінез-құлық және физикалық сипаттарына байланысты кейбір қарапайым фактілерді білу, заттардың кейбір қасиеттерін көрсете білу қабілеттерінің болуы, белгілері бар суреттерді, қарапайым диаграммаларды түсіндіру, қарапайым кестелерді толтыру қабілетінің болуы, нақты дәлелдерді қажет ететін сұрақтарға қысқаша жауаптар құрастыруы тиіс.

   

Енді осы айтылған PISA  халықаралық салыстырмалы зерттеулері мен жаңаша оқыту технологияларының арасындағы байланысты іздеп қарасақ, олардың тапсырмалары мен мақсаттары бір бағытта үйлескен деп айтсақ болады және оларды атап өтсек:

Ø  Толық құзырлы тұлға қалыптастыру;

Ø  Берілген тапсыралардың бір мәтіннің немесе бір пәннің деңгейінде қалып қоймауы;

Ø  Есептер мен сұрақтардың оқушы құзырлылығының дамуына мүмкіндік беруі;

Ø  Есептер мен тапсырмалардың тізбектелген әрекеттер тізімі арқылы анықталуы;

Ø  Тапсырма шешімінің оқушының өзіндік тәжірибелеріне негізделуі;

Ø  Оқушылардағы графикалық, белгілік, мәтіндік  форматтарда, күрделі болжамды түрде берілген  ақпарат үзінділерімен жұмыс жасау дағдыларының қалыптастыру.

Қазіргі таңда ақпаратандырылған заманда сабақта интерактивті  тақтаны тиімді пайдалана отырып оқушының білім сапасын шығармашылық негізінде арттыру - өмір талабы. Ол үшін мұғалім тиімді интерактивті әдістер арқылы проблемалық ситуациялар туғызып, оқушылардың топтық жұмысының нәтижесінде олардың өз бетімен тақырыпты  түсінуге қолайлы жағдай туғызады, танымдық қызметін басқарып, ілгері жетелеп отырады. Соңында оқушылар өздері  қорытындысын шығарып, практикалық жұмыстармен бекітеді.

    Жаңа технологияның  тиімді әдіс- тәсілдерін ұрпақтың бойына сіңірте білу  ұстаздардың басты міндеті. Жаңа технологияның тиімділігі сол,

Оқушы:         

·         мақсат қоюға үйренеді;

·         есте сақтау қабілеттері дамиды;

·         басқалармен бірігіп жұмыс жасайды;

·         кітаппен жұмыс жасауға үйренеді;

·         қатарынан қалмауға тырысады;

·         дарынды оқушылар өз қабілеттерін одан әрі бекіте түседі;

·         әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.

·         күшті сыныптарда оқуға деген ынта артады.

·         білім дәрежесі бірдей  сыныптарда  оқу жеңілдейді

·         өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады

Мұғалім:

Ø  жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;

Ø   оқушыны жан-жақты танып біледі;

Ø  қарым қатынас орнатады;

Ø   оқушылардың өзара әрекеттесуіне жол ашады;

Ø  оларға шығармашылық еркіндік  беріледі.

          Мектептегі ізденіс жұмысының және оқушының ойлау қабілеттінің даму жолдарының алғы шарттарының бірі – баланың пәнге деген қызығушылығын анықтау, тәрбиелеу, жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін көрсетуге,  дамытуға мүмкіндік көрсету. Осы қағиданың негізінде ерекше қабілеті бар балалар ізденіс жұмыстарына белсенді қатысып тартылады.              

         Іздену жұмыстары арқылы оқушының ойлау қабілетін анықтап және олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау. Балалардың ізденіс жұмысқа бейімделуі – терең білімнің негізі болып ғана емес, оқушының ойлау қабілетінің даму кепілі болып табылады.

Оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ең тиімдісі (ізденушілік) – оқушының ғылыми қоғамын ұйымдастыру. Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы керек. Ендеше мектепте оқушыны ізденіс жұмысына қатыстыра отырып ғылыми мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттін ашуларын көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді ізденіс жұмыс түрінің бірі – оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.

Зерттеушілік процесс барысында оқушылар белгілі фактілер мен құбылыстарға берілетін түсініктемелер мен дәлелдеулерді өз бетінше іздестіріп, түсінуіне тура келеді.Ол -  есеп шығарудан рухани қанағаттануы мен эстетикалық ләззат алуы және зерттеу мақсатына жету мүмкіншілігіне сенімді болуы.Оқушыларды физикалық зерттеу әдісіне үйрету, оларға зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру арқылы физикалық танымдық қабілетін дамытуға мүмкіндік тудырады.

       Физиканы оқыту үрдісінде оқушылардың оқу- танымдық іс-әрекетін көтеру оқу уақытын көп жұмсауды қажет етеді. Осыған байланысты сабақта құрал жабдықтардың , есептерді шығаруда дайын сызбалар мен жазулардың, қолдан жасалған дидактикалық материалдардың тиімділігі зор.

Оқыту процесі шығармашылықпен ұйымдастырылса, онда оқушылардың білім дәрежесі оқытушы айтқан сөздерден емес, өздерінің ізденуі және есеп шығару әдістерін іздеу арқылы қалыптасады.

Оқу-зерттеу әрекеті  – шығармашылық топтың немесе жеке оқушылардың алдын-ала нәтижесі белгісіз ізденушілік әрекеті.

 Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн.

      Жалпы, оқытудағы мақсат оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді.

Осы әрекеттерді ұйымдастыру нәтижесінде:

Ø  Оқушылар зерттеу жұмыстары нәтижесінде биология, физика сабақтарында алған білімдерін практикада қолдануға үйренеді;

Ø  Оқу-зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру негізінде  оқушылардың жаратылыстану ғылыми сауаттылық деңгейі көтеріледі;

Ø  Қиындығы жоғары есептерді шығару қабілеттері дамиды;

Ø  Оқушының дүниетанымы кеңейеді,  зерттеушілік, ізденушілік қасиеттері қалыптасады.

     Елдің ертеңі білімнің тереңдігі мен өлшенеді демекші.Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді.Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау  қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету. 

      Сонымен қорытындылай келе, PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі тапсырмалары арқлы толық құзырлы тұлға қалыптасуына ықпал жасалынады.                                                                       

 

                                                                                        Маулешева Гулия Айтжанқызы

                                                                               Новенький ОЖББМ физика пәні мұғалімі

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 367 071 материал в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 363 582 материалы из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Влияние массовой культуры на общество и сознание

4 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 426 человек из 65 регионов
  • Этот курс уже прошли 396 человек

Мини-курс

Эффективная удаленная работа и самопрезентация на рынке труда

3 ч.

Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 6 084 курса