Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Физикадан "Болашақ физиктер" апталығы

Физикадан "Болашақ физиктер" апталығы



  • Физика

Документы в архиве:

Название документа физика апталы? ОАМ.doc

Поделитесь материалом с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы

«Ақтас негізгі мектебі» КММ

Физика пәні мұғалімі

hello_html_5547f99a.jpg


Омарова Айгерім Марданқызы

І санатты

Күні: 24.01.2014 жыл . Уақыты: сағ. 15.30

Тақырыбы: «Болашақ физиктер»
Мақсаты:

Физика пәніне деген қызығушылықтарын, білімге деген құштарлықтарын арттыру, ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: Тапсырма парақтары, сызба плакаттар т.б

 Сайыстың жоспары:


1.Сен білесің бе?

2.Кім көп біледі?

3.Кім жылдам немесе кім тапқыр?

4.Қызықты жұмбақтар

5. Есептер шығару

6. Формулалардан жарыс

7. Ребус құру

8. Плакатқа жоба қорытындысын құру

 

Қатысушылар: 8-9 сынып оқушылары

«Білімділер»

«Жүйріктер»

 Әділқазылар алқасы:

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәдік шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты

 

Жүргізуші: Физика пәні мұғалімі Омарова Айгерім Марданқызы

Уа жарандар, жарандар!

Бәрің бері қараңдар.

Бәріңе жар салайық,

Көңілді ойын жасайық,

Асықпайық, саспайық.

Физиканың еліне

Батыл қадам жасайық,

Осылайша шабытпен,

Ойынымызды бастайық!

Жүргізуші: Физика пәні мұғалімі Омарова Айгерім Марданқызы


Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске деп 2 топты шақырамыз(жетон арқылы өз командаларын жинайды)


Командалардың таныстыруы – «Білімділер»

«Жүйріктер» (Девиз дайындау)

1. «Сен білесің бе?» (Әр оқушыға түрлі түсті қағазға сұрақты жасырып беру)

1. Күн жүйесінде неше планета бар және атап шығыңдар? 9

2. Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы – Қату, кристалдану ?

3.Қазіргі орын ауыстыру бірлігі километрді ата-бабамыз қалай атаған?шақырым

4.Бұрынғы уақытта, уақыттың өлшем бірлігі «секунд» қалай аталған?қас-қағым сәт

5.Заттың агрегаттық күйлері (Қатты, сұйық,газ )

6.Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді ?-Спидометр

7. Радионың атасы /Александр Сергеевич Попов/

8. Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? /алма/

9.Еркін түсу үдеуі нешеге тең? (g=9.8м/с2 )

10.Күшті өлшейтін физикалық прибор (Динамометр )

2. Кім көп біледі ? Қате жазылып тұрған физикалық сөздер

Бәрің  маған  қараңдар
Ойынымызды  бастайық
Физикалық  сөздерді
Жазып бәрін тастайық.

hello_html_m66516df3.gifhello_html_577c2c8.gif



















Физикалық сөздерді жазып шығу және мағынасын түсіндіру (плакатқа)

Команда қанша сөз тапса, сонша балл жинайды.


3. Қызықты жұмбақтар

Оймен қане теңізді кешіңдер

Зейін салып жұмбақтарды шешіңдер


Бір бұлбұл отырады салып әнді

Жүруге аяғы жоқ, емес жанды

Өнері қандай асқан деп ойладым

Бір демде жер түбінен хабар алдым /радио/


Туыстарын шетінен

Өбеді де бетінен

Бала – шаға ұсағын

Буырына қысады /магнит/


Тар шеңбер айналып

Тұр қазықта байланып

Қаға берер таңдайды

Әдетінен таңбайды /сағат/


Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы не? /тоқ/


Жылдамдықты өзгертеді,

Қоғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қоғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)


Ойып алған шыңғыртып

Доңыздың қос танауын

Жіберген сым жүгіртіп

Жарқылдап от шашады ( розетка)


Қозғалысқа келтіреп

Жылдамдығын береді

Өлшемдерін қарасақ

Ньютонға ол келеді (Күш)


Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер

Білім деген биік шың,

Жеңіске сені жеткізер


4. Кім жылдам немесе кім тапқыр?
Физика тілінде,
Көңілді кеш жасайық,
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.


(Командаға бірдей. Команда қанша сөз тапса, сонша балл жинайды).


Н

Т

А

Р

Ф

Е

Н

Е

П

Т

У

Э

Т

Ь

Ю

Т

Х

И

М

Е

У

М

В

Н

Л

А

Т

І

О

М

З

Е

Т

Р

А

М

П

Е

К

А

З

Н

А

И

Д

О

К

Н

С

Ж

Р

Т

М

Б

Т

Р

К

А

Л

Д

Ы

М

Е

Р

Р

У

Е

К

С

А

Л

И

Т

С

А

Х

С

О

В

Ь

Т

Н

Г

М

А

Қ

Ы

С

А

Н

Н

О

Л

Е

П

Е

Б

У

Л

Д

С

Д

И

Ь

Қ

А

Й

Н

А

У

А

Ы

Г

А

З

К

А


5. Жібермейміз есе біз

Жеңімпаз боп кетеміз

Көзді ашып-жұмғанша

Есептерді шешеміз

Ал енді есептер шығарамыз:

І топ:

  1. Түбінің ауданы 20*30 см² тік төртбұрышты биіктігі 50 см-ге дейін құйылған. Ыдыстың түбіне түсірілген қысым күшін табыңдар?



ІІ топ:

  1. Ұшаққа әсер ететін ауырлық күші 30000Н. Ұшақты 2 мин ішінде 1 км биіктікке көтеру үшін двигательдің қуаты қандай болу қажет?



6. Формулалардан жарысып

Біз дайынбыз бұл сайысқа,

Көрсетеміз бізде күш барын.

Мақсатымызға жетуге

Формулалардан жарыс: Екі команда жарысады.

7. Ребус құрау:

І топ- Деформация

ІІ- топ Конвекция

8. Жоба жасау

Бүгінгі кештен алған әсерлеріңді осы бет қағазына түсіріңдер, яғни жоба қорытындысы.

Әділқазыларға сөз береміз.

Куә болды көздерің.

Көңіл бөліп бұл кешке

Ал енді біз сіздерге

Қош бол, рахмет деп айтамыз.

Келгендеріңізге көп рахмет!

hello_html_m212867d6.pnghello_html_2a462b1a.pnghello_html_m212867d6.png





Автор
Дата добавления 03.12.2015
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров177
Номер материала ДВ-224992
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх