Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Физикадан оқытудың тиімді тәсілдері

Физикадан оқытудың тиімді тәсілдері



  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Физикадан оқытудың тиімді тәсілдері



Оқу тәрбие жұмысының барлық процесі мұғалім арқылы берілген. Мұғалімнің негізгі мақсаты –оқушының алған білімінің тереңде, тиянақты болуын қадағалау.Оқытуда қолданылған барлық әдістер мен тәсілдер осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталуы тиіс.

Халық педагогика-дана ғылым.Физика сабағында қолданылатын халықтық педагогиканың элементтері мен тәсілдері.

1.Ауыз әдебиеті.

-Мақал-мәтелдердің физикалық мазмұны.

-Ертегілер, физикалық диктанттар, физикалық формулалар, физикалық мазмұнды фрагменттер.

2.Тұрмыс салты.

-Кигіз үйдің физикасы.

-Қазақ тағамының дайындалу технологиясының физикасы.

-Қазақ ұлттық киімінің физикасы.

Қалайда оқушылардың пәнге деген ынтасын ояту керек.Сондай сабақтың түрі-оқушылардың кіші ғылыми жұмыспен айналысуы.

1.Өз беттерімен жұмыс істеуге үйренеді.

2.Ізденуге талпынады,дағдыланады.

3.Жеке басының мүмкіншілігі ашылады.

4.Зерттеу жұмысының элементтерімен айналысады.

Оқыту өз нәтижесін беру үшін тақырыптағы оқу материалын жеке сабақтарға жіктемей ірі блокпен оқытуды өз тәжірибемде жиі қолданамын.Ірі блокпен оқытудың тиімділігі біріншіден мұғалімнің уақытын үнемдеуге мүмкіндік жасайды. Әрі күнделікті тақырыптардың қайталануы тақырыптың қайталануы тақырыптың оқушылардың есінде ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз етеді.Бірін-бірі тексеру сабағында оқушылар өткен тақырыпта алған білімдерібойынша бір-біріне сұрақтар қойып,сұрақтарға жауап қайтарады.

Қайталау үшін әр тарауға жеке-жеке теориялық шолу жасай отырып ,ондағы формулалар мен негізгі түсініктердікестелерге немесе сызба-нұсқаларға енгізген тиімді.Мұны мұғалім оқушылармен бірге жасайды әрі олар өз қолымен түсініп отырып сызып алған кестесін тест есептерін шығаруға пайдалану кезінде оңай жаттап алады.Осындай жолмен алдымен алған білімін жүйелеп алған оқушы кез-келген қосымша кітаптарды ,анықтамалық кітапшаларды еркін түсініп оқуға мүмкіндік алады.

Физиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың программалық материалды оқып үйренуі олардың алдыңғы курста оқып үйренгенде қабылдаған тереңде берік білімдеріне, іскерліктеріне және дағдыларына,сонымен бірге, физиканы оқытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады.

Осындай проблемаларды шешу мақсатында бастауыш сыныптан бастап логикалық есептерді шығару керек. Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын,ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда,есептің шартын құра білуге қалыптастырады. Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді.Әрбір сабақ қызықты есептермен аяқталып, логикалық есептер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.

Демонстрация жасағанда,соған байланысты проблемалық сұрақтар қоя отырып, қорытындыны оқушылардың өздеріне жасатамын. Оқушылардың өткен тақырыптардан алған білімін бағалау үшін физикалық диктант аламын. Физикалық диктантты тестік жүйемен жүргіземін.

Үнемі физикалық диктантты:1)тарауды қайталағанда, 2)жаңа тақырыпты өткенде, 3)сапалық есептерді шығарғанда жүргіземін. Физикалық диктанттың ұзақтығы 20-25 минут.Физикалық диктантты алу үшін перфокартаны пайдаланамын.Оқушы перфокартаның тор көздері бойынша дұрыс жауапты”+” қою арқылы көрсетеді.Кейде графопроектордың көмегімен тексті тақтаға түсіріп қоямын.


























Автор
Дата добавления 16.05.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров73
Номер материала ДБ-083610
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх