Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Физикадан Қолданбалы курс "Эксперименттік есептер шығару"

Физикадан Қолданбалы курс "Эксперименттік есептер шығару"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов


Келісемін: Бекітемін:

Согласовано : Утверждаю:

Зам. Директора УВР Директор


« » « »










«Эксперименттік есептер шығару»

(Қолданбалы курс)






Құрастырушы: Мантаев А.Е.
















2015-2016 оқу жылы




Кіріспе
Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты кезеңде білім беру ұйымдарының түлектеріне жоғары талаптар жүктеледі. «Физика» пәні мектептің жоғары сатысында жаратылыстану- математикалық бағытта оқытудың бағдарын анықтайтын көтеріңкі деңгейде оқылатын пәндер қатарына жатады.

Курстың негізгі ерекшелігі: физиканың негізгі заңдылықтарын теориялық және эксперименттік тұрғыдан қарастыру болып табылады.

Осыған байланысты оқушылар жаңа білім алумен және физиканың зерттеу әдістерімен де танысу қажет болып табылады.

Курстың мақсаты: Берілген тақырыптар бойынша физиканың заңдылықтарын, олардың ашылу тарихын, күнделікті тұрмыста қолданылуын, техникамен және ғарышты игерумен байланыстылығын ашып көрсету; пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны білімділікке және іздемпаздыққа, тапқырлыққа ынталандырып, болашақ мамандығына дұрыс бағдар беру, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру.

Оқушылар білім мен дағдыларына қойылатын талаптар:

- физикалық ұғымдардың, заңдардың,теориялардың қолданылу шегі болатынын түсіну және физикалық теориялар белгілі ғылыми фактілер мен физиканың техника-экономикалық, экологиялық проблемаларды шешудегі ролін түсіну

- игерген білімдері мен әртүрлі ақпарат құралдарынан алған мәліметтерді өнеркәсіптің қоршаған ортаға тигізетін ықпалын бағалау үшін қолдана білу

- лабораториялық жұмыстар мен практикумдар жүргізу кезінде өлшеулерді дұрыс жүргізіп алған нәтижені бағалай алуға және кешенді есептерді шығара білуге үйрету.


Физикалық эксперименттік тапсырмаларды беру осы пәнге ерекше қызығушылықты тудырады. Өйткені мұндай жергілікті табиғи және тұрмыстық (техникалық) жағдайлар ескеріледі. Берілетін эксперименттік тапсырмалар жүйесі құрылған. Бұл жүйе төмендегідей бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған:

- Тәжірибелерді физикалық тұрғыдан қарастыру;

- Физикалық шамаларды өлшеу арқылы физикалық заңдар мен заңдылықтардағы функционалдық тәуелділікті анықтау;

- Физикалық процестерді тұрмыстық техника көмегімен басқару мүмкіндігін түсіндіру (тігін машинасындағы реостаттың және потенциометр – дыбыс реттегіштің телевизордағы, магнитофондағы, радиоқабылдағыштағы міндетін анықтау);

- Тұрмысқа қажетті техникалық құрылғылардың параметрлерін өлшеу және есептеулер жүргізу (элекр құрылғыларының – үтіктің, электрплитасының қуатын электр энергиясын есептегіш пен секундтық тілі бар сағат арқылы анықтау және оны осы құралдың құжаттық көрсеткіштерімен салыстыру; егер олар сәйкес келмесе себептерін түсіндіру);

- Техникалық білімдерін күнделікті еңбек тәжірибесінде қолдану (май қабатымен жабылған суда картоп тезірек піседі. Мұны тәжірибе тексеріп, құбылысты түсіндіру керек).

Физикалық құбылыстардың негізін ұғыну, түсініктерді, теорияны игеру процессі әр оқушыда бірдей жүрмейді. Оқыған материалды біреулер тез игереді, енді біреулеріне ой қорытуына және есіне сақтауына көп уақыт қажет. Оқушылар әрқайсысы өз қарқынымен жұмыс істейді. Тапсырманы дұрыс ұйымдастырылса сабақ кезіндегі алған білімдерін бекітуге және тереңдетуге көмектеседі. Берілген бақылаулар мен тәжірибелердің қорытындылары, есептердің шешімі, шығармашылық тапсырмалардың орындалуы оқушылардың үй жұмыстарына арналған дәптерлеріне жазылады. Үй жұмысының қорытындылары туралы мәліметтер жазу оқушыларды өз ойын сауатты және қысқаша жеткізуге үйретеді. Сонымен қатар жазу мәдениеті, яғни белгілі жүйе, нақтылық және реттілік қалыптасады. Тәжірибелерді және бақылауларды баяндау оқушыға көргенін терең ойлауға, негізгіні ажырата білуге үйретеді.

Эксперименттік есептерді шешу тәсілдері оларды шешудегі эксперименттік жұмыстың қойылуына тәуелді. Мысалы, есепті шешу үшін барлық тексеру қажет болса, онда есептің шешуін нұсқауларға сәйкес жазады.

Эксперименттік есептердің басқа түрлерінде есепті шешу және баяндау қажет болады. Егер есепті шешу үшін қажетті шамалар тәжірибе нәтижесінде алынса, онда экспериментті құру және өлшеулер жүргізу маңызды.

Есеп түріндегі эксперименттік тапсырмаларды шешу және жазу келесі элементтерден тұрады: есептің қойылуы, шарттарды анализдеу, өлшеулер жүргізу, есептеулер, тәжірибеден тексеру. Эксперементтік есептердің бағалы жері – ол оқушылардың алған білімін практикада қолдана білуін тексеруге жол ашады.

Пәнаралық байланыстар: Алгебра, геометрия, информатика, химия, экономика, биология және өндірістік оқулықтар.

Кәсіби бағдарлау. Кәсіби бағдарлау, оны оқушыларды диагностикалық материалдарына сүйене отырып таңдауды негіздеу.

Оқушылар осы курсты оқу нәтижесінде мынадай мамандықтарды игеруге дайындалуға мүмкіндік алады: Педагогика, экономика, архитектор, әскери, құрылыс мамандары. Табиғатты саналы танудың міндетті ретінде алдынғы шартты ғылыми деректерді іздестіріп жинақтау. Байқау мен эксперимент жүргізу. Физикалық шамаларды анықтап, өлшем бірліктерін тағайындау және сан мәнін өлшей білу.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Менделеевтің периодтық кестесі - Химия 8 сынып.

2. Физикалық құбылыстар туралы түсініктер-Жаратылыстану 5 сынып.

3. Математикалық амалдар орындау -Алгебра 7-8 сынып.






Жоспары

1


5.

Жылу мөлшері.

1


6.

Жылу берілу түрлері.Жылу өткізгіштік.

1


7.

Есеп шығару.

1


8.

2-практикалық жұмыс: «Металл мен ағаш, су мен ауаның жылу өткізгіштік қасиеттерін салыстыру».

1


9.

Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі.

1


10.

Балқу, ылғалдылығы. Қайнау.

1


11-12.

Есеп шығару.

2


13.

3-практикалық жұмыс: «Балауыздың балқуын бақылау. Сынып бөлмесі ішіндегі ауаның ылғалдылығын анықтау».

1


14.

Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.

1


15.

Ом заңы.

1


16.

Тұрақты тоқтық қуаты мен жұмысы.

1


17-18

Есеп шығару.

2


19.

4-практикалық жұмыс: «Өткіштерді тізбектей және параллель жалғау».

1


20.

Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі.

1


21.

Потенциал және потенциалдар айырымы. Конденсаторлар.

1


22.

Электр тогы. Ток көздері. Электр тізбегі. Ток күші. Электр кернеуі. Электр Кедергісі.

1


23-24.

Есеп шығару.

2


25.

5-практикалық жұмыс: «Электр тізбектегі өлшеулер».

1


26.

Жарық. Жарықтың шағылу, сыну, жұтылу заңдылықтары.

1


27.

Линзалар. Сфералық және жазық айналар.

1


28.

Есеп шығару

1


29.

6-практикалық жұмыс: «Жарықтың сынуын бақылау және шының сыну көрсеткішін өлшеу».

1


30.

Электромагниттік индукция. Магнит ағымы. Тұрақты тоқ генераторы. Тербелмелі контур.

1


31.

Айнымалы электр тоғы.

1


32.

Есеп шығару.

1


33.

7-практикалық жұмыс: «Радиобайланыс принциптері».

1


34.

Қорытынды.

1


Барлығы:

34






Пайдаланылған әдебиеттер:
Оқытушылар үшін: 
1. Аққошқарова Қ. «Физика эксперименттік есептер»
2. Аққошқарова Қ., Қойшыбаев Н. Физика «Теория. Есептер мен тест сұрақтары және оның шешу жолдары»
3. «Физика және Астрономия» Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал.

Оқушылар үшін:
1. 7-11 сынып «Физика және Астрономия» оқулықтары. Мектеп баспасы 2004-2007 ж.ж.
2. 7-10 сынып физикадан электрондық оқулықтар. 2010 ж.
3. А.В.Чеботарева «Оқушылардың физикадан орындайтын өзіндік жұмыстары».
4. А.П.Рымкеевич «Физика есептер жинағы».
5. Б.А.Кронгарт «Физика есептер жинағы».

Физиканы оқыту оқушы бойында техниканың әр түрлі салаларының, химиялық және биологиялық құбылыстар мен прцесстердің негізінде физика және оның заңдары жататындығы туралы білімдерді, физиканың зерттеу әдістері мен зерттеушілік сипаттағы білімдер мен кәсіби маңызды тәжірибелік біліктерді қалыптастыру.

Оқушылар білім мен дағдыларына қойылатын талаптар:
- физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білу;
- физика заңдарының практикалық қолданыстарын түсініп, игере білу;
- есеп шығарған кезде берілген шамалар арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып анықтай білу;
- зерттеу әдістерін /эксперимент жүргізу,әдибетке шолу жасау,мәліметтер талдау/ жоспарлай білу,эксперименттік фактілер және сәйкес кестелер мен статистикалық мәліметтер негізінде қорытындылар жасау, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындай білу;
- физика пәнінен меңгерген білім, іскерлік, дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білу;
- электрондық оқу құралдарын тиімді пайдалана білу сияқты нәтижелерге қол жеткізулері тиіс.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-105373
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>