Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физика / Рабочие программы / Физикадан "Ом заңы" тақырыбына ашық сабақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физика

Физикадан "Ом заңы" тақырыбына ашық сабақ

библиотека
материалов


1 М.Әуезов атындағы мектеп-гимназия


hello_html_4f1c531b.gif








Ашық сабақ

Тақырыбы: « Тізбек бөлігі үшін Ом заңы»



hello_html_m5d275671.png










Өткізген: физика пәнінің мұғалімі:Құлманова Ғ








2016 ж.


Сабақтың тақырыбы: §38.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Сабақтың білімділік мақсаты: Электр тізбегіндегі кернеу мен кедергінің және ток күштерінің тәуелділігін анықтау.

Дамытушылық мақсаты: Эксперимент пен теорияның сәйкестігіне көз жеткізу. Ой - өрісін, қиялдарын, еркін сөйлеуін дамытып, формулаларды түрлендіре білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың формуланы есте сақтауына және пәнге деген қызығушылын арттыруға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кодаскоп, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар, интерактивтік тақта

Құрал-жабдықтар: Амперметр, вольтметр, ток көзі В-24, кілт, резисторлар,шам, қосқыш сымдар, Омның суреті

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. «Қызығушылығын ояту» Оқушыларға қайталау сұрақтарын қойдым.

Сабақ міндеттері.

  • кедергі тұрақты болған жағдайда өткізгіштің ұштарындағы кернеудің ток күшіне тура пророционал болатынына көз жеткізу

  • Егер кернеу тұрақты болса, онда өткізгіштегі ток күші кедергіге кері пророрционал болатынын дәлелдеу;

  • Тізбек бөлігі үшін Ом заңын білу;

  • Демонстрациалық тәжірибені бақылау арқылы одан қорытынды шығара білуі қажет

  • Ом заңын қолданып есеп шығара білу;

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасы Миға шабуыл (қызығушылығын ояту)

ІІІ. Абайдың қара сөздері: тәрбиелік ой қозғау

ІV Жаңа сабақ.

V.Жаңа сабақты бекіту.Есеп шығару

VІ..Сергіту

VII. Қорытынды .

VIII.Үй тапсырмасын беру.

IX.Оқушыларды бағалау

ІІ. Үй тапсырмасы.Қызығушылығын ояту. Миға шабуыл

1.Кернеу дегеніміз не?

2.Кернеуді өлшейтін құрал не деп аталады?

3.Кернеуді өлшейтін құрал – Вольтметрді тізбекке

қалай жалғайды?

4. Ток күші дегеніміз не?

5. Ток күшін өлшейтін құрал не деп аталады?

6. Амперметрді тізбекке қалай жалғайды?

7. Электр қозғаушы күш дегеніміз не?

8. Шартты белгілерді атаңдар?

hello_html_m5e914652.png

ІІІ. Абайдың қара сөздері: тәрбиелік ой қозғау

СЕГІЗІНШІ СӨЗ 
Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?

ОН БЕСІНШІ СӨЗ 
Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім

Отыз екінші сөз

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек.

ІV. Жаңа сабақ .

Біз өткен сабақтарымызда ток күші мен кернеуді жеке- жеке қарастырдық. Енді бүгінгі сабағымыздың мақсаты ток күші мен кернеу және кедергілердің арасындағы өзара байланыстарды анықтап, Ом заңымен танысу.

Жаңа сабақ тақырыбы: “ Тізбек бөлігі үшін Ом заңы ”.

Ом, Георг Симон (1787 ж. 16 наурыз, Эрлангем - 1854 ж. 7 шiлде, Мюнхен) - немiс физигi. 1805-1806 жылдары Эрланген университетiнде оқыды. Әр түрлi гимназияларда математика мен физикадан сабақ бердi

Эрланген университетiнде докторлық диссертациясын қорғады. Бамбергте, Кельнде, Берлинде сабақ берумен айналысты. Нюрнбергтегi Политехникалық мектептiң, Мюнхен университетiнiң профессоры болды.

1826 ж. эксперименттер арқылы ток күшiн, кернеу және кедергiнiң бiр-бiрiмен байланысын өрнектейтiн электр тiзбегiнiң негiзгi заңын ашты. Математикалық түрде Ом заңы V=I*R қарапайым формуламен өрнектеледi.

Кернеу – зарядтарды қозғалысқа келтіретін негізгі себеп. Тізбектің ұштарындағы кернеу жоғары болған сайын тізбектегі зарядтардың бағытты қозғалысын тудыратын әсер күші де соғұрлым үлкен болып, ток күші артады. Кедергі – зарядтардың қозғалысын тежейтін фактор. Кедергі неғұрлым жоғары болған сайын зарядттардың қозғалысы тежелетіндіктен ток күші солғүрлым төмен болады. Ток күші, кернеу және кедергі арасындағы байланыстарды зерттеу үшін неміс физигі Ом (1787 – 1854 жж) көптеген тәжірибелердің нәтижесінде 1827 жылы тізбектің бөлігіндегі ток күші осы тізбектің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, тізбектің кедергісіне кері пропорционал болатындығын атап көрсетті. Міне бұл тізбектің бөлігі үшін Ом заңы деп аталады.R – const. I ~U тура пророрционал hello_html_3df9d2a1.png

  Экранда тәжірибе көрсетіледі.

Бұл графикті: Вольт- Амперлік сипаттама деп атайды

I, А





U, Вт





hello_html_m6c7c536f.png





Осы екі қорытындыдан формула құрастырайық:

hello_html_m7e493cfc.jpg



Ом заңының тұжырымдамасы; “ Тізбектің бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеугу тура пророционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал болады”.

Оhello_html_3d06ebd1.pngм заңын қолданып есеп шығарған кезде белгісіз шаманы қалай анықтаймыз.U=I*R R=U/I Кедергі бірлігі: R= 1В/1А= 1 Ом



V. Бекіту Есеп шығару

    1. Өткізгіштен 0,40 А ток өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8,0 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең?

Жауабы: R=20 Ом

    1. Электр бұрғы орамының кедергісі 20 Ом. Егер электрбұрғы 19 А ток күшіне есептелген болса, онда оған қандай кернеу берілуі тиіс?

Жауабы: U=380 В

  1. Құлсары мұнай мұнарасын қосалқы станциямен қосатын электр сымындағы кернеу 380 В болғанда, одан 12 А ток күші өтсе, онда сымдағы кедергінің қандай болатынын есептеңдер.

Жауабы: R=31,6 Ом

VІ..Сергіту. (Сиқырлы ұяшық)

Мына тапсырмалар бойынша жарысады.

  1. Физикалық формулалар

  2. Физикалық шамалар

  3. Физикалық өлшем бірліктер

VІІ. Қорытынды. (Жұмбақ)

1. Ток бар жерде біреу бар, өлшемі вольт, киловольт,
Ұмытып кетпе тағы бар, гектоват және мегават
(Кернеу)
2. Пайдаланады мен жұрт отын және жарыққа,
Қызмет етемін әрқашан, түсіне білген халыққа.
(Электр тогы)
3. Жіпке ілдім мен өзім,
Кіп – кішкентай, күн көзін
. (шам)

VІІІ. Үй тапсырмасы:

Үйге тапсырма: § 38, 18жаттығу (6,7).

IX Оқушыларды бағалау.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Физика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров212
Номер материала ДВ-480276
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх