Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Физикадан оқушылар арасындағы сайыс
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Физикадан оқушылар арасындағы сайыс

библиотека
материалов

«Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі» ММ











7 «А», «Ә», «Б» сыныптары арасындағы

физика пәні бойынша сайыс:

«Физикалық бағдаршам»







Физика пәнінің мұғалімі: Сарсенбаева Г.Б.



























2014 жыл

Мерзімі: 8.04.2014ж

Уақыты: 1500


Мақсаты: 

Білімділік:7 сынып оқушыларының физикадан алған білімдерін тексеру,

Дамытушылық: физикаға  қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Жоспары:

1. Таныстыру, эмблема қорғау.

2. «Блиц-турнир»

3. «Қанша тілді білесің? »

4. «Тәжірибе, тағы да тәжірибе»

5.  Есеп эстафетасы

6.  Көрермендер көрімдігі

7. «Раундровер»


Мұғалім:

-Уа,жараңдар,жараңдар!

Бәрің бері қараңдар,

Бәріңе жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде

Физика – астрономия елінде

Физика-астрономия тілінде

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып шалқысып,

Есеппен ән салысып,

Көңілді кеш жасайық.

Асып әсте саспайық,

Батыл қадам жасайық,

Кеш қызығын,ей достар,

Осылайша шабытпен

Кане,енді бастайық.


Мұғалім:

Ендеше, құрметті көрермендер, «Физикалық бағдаршам» атты физикалық кешімізді тамашалайық.

Бүгінгі ойынның жұлдыздары:1.7 «А» сыныбынан құралған « H2O » тобы

2.7 «Ә» сыныбынан құралған «Болашақ физиктер »тобы; 3. 7 «Б» сыныбынан құралған «Архимед »тобы;

Мұғалім: Бүгінгі ойында әділ баға беруші қазылар алқасы:

1.Ганиев Е.

2.Ерғали Д.


Мұғалім: Бүгінгі ойынның шарттарымен таныс болыңыздар. Ойын 6 турдан және көрермендер сайысынан тұрады:

I-тур. Таныстыру, эмблема қорғау. Мұнда әр топ басшысы өз топтарын таныстырады, эмблема қорғайды.

I I-тур. «Блиц-турнир»- деп аталады. Мұнда әр топқа 10 сұрақ қойылады.(1 дұрыс жауапқа 1 жұлдыздан) Дұрыс жауап үшін топқа жұлдыздар таратылады.

I I I -тур. «Қанша тілді білесің? »деп аталады.Мұнда оқушыларға жұмбақтар жасырылады.Жұмбақ шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуы керек.

IV-тур. «Тәжірибе, тағы да тәжірибе»-деп аталады.Мұнда оқушыларға тәжірибелік құрал-жабдықтар беріліп, құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы тәжірибе ойлап табуы керек.

V-тур. Есеп эстафетасы .Бұл турда үш топқа бірдей деңгейдегі  есептер беріледі.Олар ойланғанша, «Көрермендер көрімдігі» өткізіледі.

VI-тур. «Раундровер»- деп аталады. Бұл ойында екі топ маркер көмегімен физикалық ұғымдарды жазады. Кім көп жазса, сол жеңіске жетеді.

Мұғалім: Егер барлығы түсінікті болса, онда ойынымызды бастайық.

I-тур. Таныстыру, эмблема қорғау.

Мұғалім: Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,

Алға қойған мақсаты.

Шығып жүрген жақсы аты,

« H2O » тобын ортаға,

Шақырайық халайық.

« H2O » тобы өз топтарымен, эмблема, ұрандарымен таныстырып кетеді.

Мұғалім: Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

« Болашақ физиктер » тобын халайық,

Қол соғып қарсы алайық.

«Болашақ физиктер » тобы өз топтарымен, эмблема, ұрандарымен таныстырып кетеді.

«Архимед» тобын ортаға шақырайық

«Архимед» тобы өз топтарымен, эмблема, ұрандарымен таныстырып кетеді.

I-тур қорытындысы бойынша « H2O » тобы -5 ұпайға, : « Болашақ физиктер » тобы-5 ұпайға, «Архимед » тобы-5 ұпайға ие болды


Мұғалім: «Блиц-турнир»


Бірінші болып, сұрақтарға « H2O » тобы жауап береді.

1.Табиғат туралы ғылым.(физика)

2.Жылу, электр, жарық, механикалық құбылыс табиғи құбылыс бола ала ма? (жоқ, олар физикалық құбылыстар)

3.Заттың үш күйін ата.(қатты, сұйық,газ)

4.Қате мен құнның айырмашылығы

5.Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы болжамды ұсынған кім? (Франклин)

6.Қараңғы бөлмеге кіргенде ең алдымен нені бірінші жағасың: май шамды ма, әлде газды ма? (сіріңкені)

7.Бір жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі?(4 минутта)

8.Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (метр)

9.Күн шығатын жақ (шығыс)

10.Кемпірқосақта неше түс бар? (7)


 

Мұғалім: « Болашақ физиктер » тобына қойылатын сұрақтар:

1. Адамға қай кезде көзілдіріктің қажеті жоқ? (ұйықтағанда)

2. Көк шарфты суға салса, не болады? (су болады)

3. Уақыттың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (секунд)

4. Күн  бататын жақ (батыс)

5. Темірқазық жұлдызын тағы басқаша қалай атайды? (жетіқарақшы)

6. Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ,ішінде не қалады? (ауа)

7. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы (телескоп)

8.Заттың ең ұсақ бөлшегі (атом)

9.Бақылау дегеніміз не? (бір нәрсені бағдарлау)

10.Күн мен түннің  көктемде теңелуі (22 наурыз)


Мұғалім: «Архимед » тобына қойылатын сұрақтар:

1. Аспан денелерін зерттейтін ғылым (астрономия)

2. Жылу құбылысына мысал келтір (күннің сәуле шығаруы, болаттың балқуы)

3. Табиғатты зерттеудің қандай үш әдісі бар?(бақылау, эксперимент, теория)

4. Дене мен заттың айырмашылығы

5. Айға аяғы алғаш тиген астронавт кім? (Н.Армстронг, Э.Олдрин)

6.Теректегі алма қай кезде гүлдейді? (теректе алма өспейді)

7.Мензурка қандай құрал? (сұйықты өлшейтін құрал)

8.Жай көзге көрінбейді,

9.Қозғалуға ерінбейді. Ол не? (молекула)

10.Болжам дегеніміз не? (ғылыми жорамал,гипотеза)

I I-тур қорытындысы бойынша « H2O » тобы -8 ұпайға, : « Болашақ физиктер » тобы-7 ұпайға, «Архимед » тобы-5 ұпайға ие болды

Мұғалім: «Өзге тілдің бәрін біл,

                    Өз тіліңді құрметте.»- дегендей, келесі турымыз

«Қанша тілді білесің? » .Екі топқа бірдей жұмбақтар қойылады.Қай топ бірінші көтерсе, ұпай сол топтікі.

1.Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін.(ток-ток-energy)

2. Жоқ өзінде бас та, қас та,мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.( сызғыш-линейка-ruler)

3. Суға салсаң батпайды,

Отқа салсаң жанбайды. (мұз-лед-ice)

4. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.(ауа-воздух-air)

5. Керегенің басында кетпен жаулық,

Кет десемде кетпейді,неткен жаулық (күн-солнце-sun)

6. Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың , таңдайсың.(жол-дорога-road)

7. Көп болса, азықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (уақыт-время-clock)

8. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама  шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?(жылдамдық- скорост-speed)

9.Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен.(су-вода-water)

10. Қайық мініп биікте жолығайық,

Көз көрімде кетеді болып ғайып.(ұшақ-самолет-aircraft)

I I I -тур қорытындысы бойынша « H2O » тобы -3 ұпайға, : « Болашақ физиктер » тобы-3 ұпайға, «Архимед » тобы-4 ұпайға ие болды.


Мұғалім: «Тәжірибе, тағы да тәжірибе». «H2O» тобына тарелка, екі жұмыртқа, сызғыш беріледі.

Сұрақ:Шикі жұмыртқаны піскен жұмыртқадан қалай ажыратуға болады?

Жауабы: жұмыртқаны айналдыру керек, піскен тез айналады.

«Болашақ физиктер» тобына кілті бар конверт, қайшы, су, сіріңке.

Сұрақ: Конверт ішіндегі кілтті конвертке қол тигізбей қалай алуға

болады?

Жауап: Конвертті жағып жіберу керек.

«Архимед» тобына мензурка, суы бар ыдыс, массасы 100 г жүк,сызғыш беріледі.

Сұрақ: Жүктің тығыздығын анықта

Жауап: Мензуркаға су құйып оған жүк салынады, солай оның көлемі анықталады. Массасы белгілі болғандықтан формула(m=ρv) бойынша оның тығыздығы анық болады.

IV-тур қорытындысы бойынша « H2O » тобы -5 ұпайға, : « Болашақ физиктер » тобы-4 ұпайға, «Архимед » тобы-3 ұпайға ие болды


Мұғалім: Есеп эстафетасы

 Бұл жерге келмеді ешкім ермек үшін,

Есеп-қисап, сан, цифр термек үшін

Көрсетіп есептеудің жолын қалай

Келдім айтып оларды бермек үшін,дей келе кезекті есепке береміз.

«H2O» тобы:

Жылдамдығы 0,8м/с ағыспен жүзген сал қанша уақыт ішінде 16 км жол жүрді?

Құралсыз көзбен аспанның екі жарты шарынан шамамен 6000 жұлдыз көруге болады. Бір мм3 ауада 2,4 *10 16молекула болса,    бұл молекула жұлдыздар санынан неше есе артық?

«Болашақ физиктер» тобы:

1.  Автобус 9 км жолды 36 км/сағ жылдамдықпен қанша уақытта жүріп өтті?Уақытты секундпен өрнекте.

2. Ұзындығы 0,5 * 10-6 м-ге тең бактерияларды қатарластырып орналастырғанда 1см ұзындыққа қаншабактерия сияр еді?

«Архимед» тобы:

1.Жылдамдығы 2м/с ағыспен жүзген сал қанша уақыт ішінде 22 км жол жүрді?

2. Ұзындығы 1,5 * 10-16 м-ге тең бактерияларды қатарластырып орналастырғанда 1мм ұзындыққа қаншабактерия сияр еді?


Мұғалім: Есеп шешіліп болғанша,көрермендерге сұрақ қойылады.«Көрермендер көрімдігі»

1.Қандай ыдысқа су құйылмайды? (су толы ыдысқа)

2. Дайындауға болады,

Бірақ жеуге болмайды. (сабақ)

3. Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді? (атасы, әкесі, немересі)

4. Айдос өзінің туған күнін 4 жылда 1 рет атап өтеді.Бұл қай күн?(29 ақпан)

5. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұз күйінде)

6. Қалай 10м сатыдан секіріп, жараланбауға болады? (сатының ең төменгі сатысынан секіру керек?

7. Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (уақыт)

V-тур қорытындысы бойынша « H2O » тобы -5 ұпайға, : « Болашақ физиктер » тобы-3 ұпайға, «Архимед » тобы-2 ұпайға ие болды


Мұғалім:

Мықты болсаң- алдағыны басып оз,

Мықты болсаң-арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң-шоқалаққа сүрінбе,

Мықты болсаң- тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң-бөгеттерді бұзып өт!

Мықты болсаң-заманыңды көктеп өт!

 Енді соңғы турымыз «Раундровер» деп аталады. Бұл ойында 3 топ маркер көмегімен 1 минут уақыт ішінде физикалық ұғымдарды жазады. Кім көп жазса, сол жеңіске жетеді.

VI-тур қорытындысы бойынша « H2O » тобы -9 ұпайға, : « Болашақ физиктер » тобы-10 ұпайға, «Архимед » тобы-5 ұпайға ие болды


Мұғалім: Олар жайлы төреші,

                  Көрермендер өздерің.

Ақ-қарасын айырып,

Куә болды көздерің,-деп әділқазылар алқасына сөз беріледі.Жеңімпаздар марапатталады.

Барлық турлар қорытындысы бойынша « H2O » тобы -35 ұпайға, : « Болашақ физиктер » тобы-32 ұпайға, «Архимед » тобы-24 ұпайға ие болды


Мұғалім:Көңіл бөліп бұл кешке,

                 Келгендерге мың рахмет.

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахмет, мың рахмет!

Осымен біздің кешіміз аяқталды, келесі кездескенше сау болыңыздар.






«Физикалық бағдаршам» сайысының өту барысындағы фотосуреттер:


hello_html_52c954e9.jpg





hello_html_726f75f2.png








hello_html_29fc7088.jpg



hello_html_m72cb87fb.jpg



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-278782

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"