Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Физикадан 7-11 сыныптарға арналған бақылаулар
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физика

Физикадан 7-11 сыныптарға арналған бақылаулар

библиотека
материалов


11-сынып. ЖМБ.

Бақылау жұмысы №1 «Электромагниттік тербелістер».


1-нұсқа.


  1. Егер тербелмелі контурдың индуктивтілігін10 есе арттырып, ал сыйымдылығын 2,5 есе кемітсе периоды қанша есе өзгереді?

  2. Айнымалы ток өтетін тізбек ұштарындағы кернеу U=U0sin(2πt) заңы бойынша өзгереді. t=1/12 с уақыт мезетіндегі кернеудің лездік мәні 9 В. Кернеудің амплитудалық мәнін табыңдар.

  3. Трансформатордың бірінші реттік орамдағы ток күші 0,5 А, ал оның ұштарындағы кернеу 220 В. Екінші реттік орамдағы ток күші 11 А, ал оның ұштарындағы кернеу 9,5 В. Трансформатордың ПӘК-ін анықтаңдар.

  4. * 1000 Гц жиілікте индуктивтілігі 0,5 Гн болатын катушка және сыйымдылығы

0,1 мкФ конденсатор тізбектей жалғанған. Осы электр тізбегіндегі толық реактивті кедергіні анықтаңдар. Толық реактивті кедергі қандай жиілікте нольге тең болады?


2-нұсқа


  1. 400 Гц жиілікте айнымалы ток тізбегіне индуктивтілігі 0,1 Гн катушка қосылған. Резонанс болу үшін осы тізбекке сыйымдылығы қандай конденсатор жалғау керек?

  2. Трансформатордың бірінші реттік орамдағы ток күші 2 А, оның ұштарындағы кернеу 220 В. Екінші реттік орамдағы кернеу 40 В. Екінші реттік орамдағы ток күші неге тең болады? Трансформатордағы шығынды ескермейміз.

  3. Ампермен өлшенетін ток күшінің мәні i=0.28sin50πt теңдеуімен берілген.Ток күшінің амплитудасын, жиілігі мен периодын табыңдар.

4 * Кернеудің әсерлік мәні 220 В болатын және жиілігі 50 Гц айнымалы токка актив кедергісі 5 Ом, индуктивтілігі 0,5 Гн катушка мен сыйымдылығы 40 мкФ конденсатор тізбектей қосылған. Ток күшінің әсерлік мәнін табыңдар.

















11-сынып. ЖМБ.

Бақылау жұмысы №1 «Электромагниттік тербелістер».




1-нұсқа

  1. Екі есе артады.

  2. 18В

  3. 95%hello_html_11852162.gif

  4. hello_html_m34d92483.gif1548Ом, hello_html_211a81e3.gif

2-нұсқа

  1. 1,6 мкФ

  2. 11 А

  3. 0,28А, 25Гц, 0,04с

  4. hello_html_m3713c406.gifhello_html_11852162.gif



























11-сынып. ЖМБ.

Бақылау жұмысы №2 «Оптика».


1-нұсқа.

  1. Дифракциялық тор жазықтығына перпендикуляр жарық түседі. Торға түскен жарықтың толқын ұзындығы 600 нм. Егер екінші реттік дифракциялық максимум перпендикулярдан торға 30° бұрышқа ауытқыса, онда тордың периодын табыңдар.

  2. Линзадан 30 см қашықтықтағы нәрсенің де кескіні тура сондай қашықтықта орналасқан. Жинағыш линзаның фокустық арақашықтығын табыңдар.

  3. Алмаздың абсолют сыну көрсеткіші 2,42. Алмаздағы жарықтың таралу жылдамдығын табыңдар. Вакуумдегі жарықтың таралу жылдамдығы 3*108 м/с.

  4. *Сыну көрсеткіші 5/3 болатын сұйықтығы бар ыдыс түбіне нүктелік жарық көзі орналасқан. Жоғарыдан қарағанда сол жарық көзі көрінбеуі үшін, сұйық бетінде жүзетін мөлдір емес дискінің минималь радиусы қандай болуы керек? Сұйық қабатының биіктігі 12 см.



2-нұсқа.

  1. Кейбір зат үшін толық ішкі шағылу бұрышы 30°. Осы заттың сыну көрсеткішін анықтаңдар.

  2. Жылдамдығы 2 м/с болатын қоңыз қабырғаға ілінген айнаға перпендикуляр ұшып соғылады. Оның кескіні қоңызға қандай жылдамдықпен жақындайды?

  3. Жинағыш линзаның бас оптикалық осіне перпендикуляр болатын нәрсе линзадан 125 см қашықтықта орналасқан. Экрандағы оның кескінінің биіктігі 25 мм. Линзаның фокустық арақашықтығы 0,25 м болса, нәрсенің биіктігін табыңдар.

  4. * Дифракциялық тордың периодын анықтау үшін оған толқын ұзындығы 0,76 мкм сәулелердің жарық шоғын бағыттаған. Дифракциялық тор мен экранның арақашықтығы 1 м болса, экрандағы бірінші реттік спектрлердің арақашықтығы 15,2 см. Тор периоды неге тең болады?















11-сынып. ЖМБ.

Бақылау жұмысы №2 «Оптика».



1-нұсқа

  1. Жауап: 2,4мк м

  2. Жауап: 15см

  3. Жауап: 1,24hello_html_79c0f69b.gif108 hello_html_m2689e1b1.gif

4*. Жауап:9 см


2 -нұсқа


  1. Жауабы: 2

  2. Жауабы: 4hello_html_m2689e1b1.gif

  3. Жауабы: 100мм

4*. Жауабы: 10 мкм






























11-сынып. ЖМБ.

Бақылау жұмысы №3 «Фотоэффект».


1-нұсқа.

  1. Электронмен соқтығысу барысында 13,24 *10-19 Дж энергия ала отырып, атом сәуле квантын шығарады. Сәулеленудің жиілігін анықта.( петагерцпен). Планк тұрақтысы 6,62*10-34 Дж*с. (1 ПГц=1015 Гц)

  2. Фотон энергиясы 3*10-19 Дж жарық әсерінен металл бетінен ыршып шығатын фотоэлектрондар үшін тежегіш кернеу неге тең болады? Осы металл бетінен шығу жұмысы 3*10-19 Дж. Электронның заряды 1,6*10-19 Кл.

  3. Жарықтың толқын ұзындығы 5*10-7 м, металл бетінен электрондардың шығу жұмысы 3,3*10-19 Дж болса, фотоэффект құбылысы байқала ма?

  4. *Толқын ұзындығы 500 нм жарықпен фотоэлементті жарықтандырғанда фотоэлектрондар 1,125 В кернеумен тежеледі. Толқын ұзындығы 250 нм жарықпен фотоэлементті сәулелендіргендегі тежегіш кернеудің шамасын анықта.


2- нұсқа

  1. Жарықтың фотон импульсі 1,1*10-27 кг*м/с болса, жарықтың толқын ұзындығы неге тең болады? Планк тұрақтысы 6,6*10-34 Дж*с.

  2. Толқын ұзындығы 0,33 мкм ультракүлгін сәулелердің әсерінен металл бетінен ыршып шығатын электрондардың ең үлкен кинетикалық энергиясы қандай болады? (эВ). Электрондардың шығу жұмысы 2,8*10-19 Дж. Планк тұрақтысы 6,6*10-34 Дж*с. (1 эВ=1,6*10-19 Дж)

  3. Металл бетіне түсетін жарықтың толқын ұзындығы 2 есе кемігенде, фотоэлектрондардың кинетикалық энергиясы 3 есе өсті. Электрондардың шығу жұмысы 5 эВ болса, фотондардың бастапқы энергиясын анықта (эВ).

  4. * 66 кВ кернеумен және 15 мА ток күшінде жұмыс істейтін рентген түтікшесі әрбір секунд сайын 1016 фотон шығарады. Жарықтың толқын ұзындығын 10-10 м деп санап, қондырғының ПӘК-ін анықта (пайызбен). Планк тұрақтысы 6,6*10-34 Дж*с.
















11-сынып. ЖМБ.

Бақылау жұмысы №3 «Фотоэффект».


1-нұсқа.



1. 2 ПГц

2.  3 В

3. Е=3,97hello_html_79c0f69b.gif10-19 Джhello_html_m7c48e444.gifАв , фотоэффект құбылысы байқалмайды.

4*. 3,6 В


2 -нұсқа

1. 6hello_html_79c0f69b.gif10-7 м (600)

2. 2 эВ

3. 10эВ

4*. 2%(2)






























11-сынып. ЖМБ

Бақылау жұмысы № 4 «Атом ядросының физикасы».


1-нұсқа

  1. Массалық және зарядтық сандары 65 және 30 болатын мырыш ядросына қарағанда, массалық және зарядтық сандары 14 және 7 азот атомының ядросындағы нейтрондар саны неше есеге кем?

  2. Азот атомының ядросының 14N7 байланыс энергиясы мен меншікті байланыс энергиясын анықта. Азот ядросының массасы 14,00304 м. а. б., протон массасы 1,00728 м. а. б., нейтрон массасы 1,00867 м. а. б. c2=931,5 МэВ/м.а.б

  3. t1 уақыт ішінде кейбір радиоактивті изотоптың бастапқы атомдар саны

k1=3 есеге азайды. Егер t2=2t1 уақытта k2 қанша есе кемиді?


  1. *Бір ядро ыдырағанда 200 МэВ энергия бөлінеді. Егер уран 235-тің тәуліктік шығыны 470 г болса, қуаты 240 МВт турбогенераторды іске қосу үшін ядролық реактордың ПӘК-ін анықта.



2-нұсқа

  1. Азот атомының ядросына 14N7 альфа бөлшек түсіп, сонда қалады. Осы кезде белгісіз элемент ядросы түзіліп, протон ыршып шығады. Менделеевтің периодтық кестесіндегі осы элементтің реттік нөмірі қандай?

  2. Алюминй атомының ядросыныңhello_html_5f795b36.gif байланыс энергиясы мен меншікті байланыс энергиясын анықта. Алюминий ядросының массасы 26,98146м.а. б, протон массасы 1,00728м.а. б, нейтрон массасы 1,00867.м.а. б.,

с2 =931,5hello_html_m15f402e7.gif (5дефект массыдддд

  1. Радиоактивті ядроның бастапқы атомдар санының 7/8 үлесі 150 с уақыт ішінде ыдырады. Осы ядроның жартылай ыдырау периодын тап.

  2. * Массасы М қозғалмайтын атом ядросы әрқайсысының тыныштық массасы m болатын екі бірдей бөлікке ыдырады. Түзілген бөліктердің жылдамдығын тап.













11-сынып. ЖМБ

Бақылау жұмысы № 4 «Атом ядросының физикасы».


  1. 5 есе.

  2. hello_html_m663bcb22.gif

  3. 9 есе.

  4. * 54%

(5дефект массыдддд

2 нұсқа



  1. 8

2. hello_html_7c1c4a77.gif

3. 50 c

4*. hello_html_m1133833e.gif(50)





























10-сынып. ЖМБ

Бақылау жұмысы №1

«Кинематика және динамика»

1-нұсқа

  1. Таудан шаңғышы 0,5 м/с жылдамдықпен түседі. Тыныштық күйден 100 м арақашықтықты шаңғышы қанша уақытта жүріп өтеді?

  2. Жебеден вертикаль жоғары лақтырылған садақ жерге t0=4 с уақыттан кейін құлады. Садақ қандай бастапқы жылдамдықпен лақтырылған? Ол қандай биіктікке көтеріледі?

  3. Жеңіл автомобильдің массасы 2 т, ал жүк машинасының массасы 8 т. Егер жүк машинасының тарту күші жеңіл автомобильдің тарту күшінен 2 есе көп болса, олардың үдеулерін салыстыр.

  4. * Жердің жасанды серігінің Жерді орбита бойымен айналу периоды 240 мин, ал массасы 1,2 т. Анықтау керек: 1) Жер бетінен орбита биіктігін. 2) жасанды серіктің кинетикалық энергиясын. Жердің радиусы 6,4*106 м.


2-нұсқа


  1. Троллейбус 18 км/сағ жылдамдықпен қозғала отырып, тежеліп, 4 с кейін тоқтады. Үдеу мен тежелу жолын тап.

  2. Ұшақтың айналу жиілігі 1800 айн/мин. 270 км/сағ жылдамдықпен ұшқан ұшақтың винті 5*104 айналым жасады. Түзусызықты және бірқалыпты қозғалған ұшақтың жолын тап.

  3. Массасы 6000 т мұзжарғыш өшірулі қозғалтқышпен 8 м/с жылдамдықпен жүре отырып, тыныштықтағы мұзға соғылып,оны өзіне қарай тартады. Осы кезде мұзжарғыщтың жылдамдығы 3 м/с-ке азайды. Мұздың массасын тап.

  4. * Массасы 50 г доп 1,25 м биіктіктен еденге еркін түседі. Одан жоғары қарай 3 м/с жылдамдықпен ыршиды. Егер доптың еденге соғылуының орташа күші

20 Н болса, соғылу уақытын есепте.























10-сынып

Бақылау жұмысы №1

«Кинематика және динамика»

1-нұсқа



  1. Жауап: t=20 c.

  2. Жауап: hello_html_m7ebd74cc.gif= 19,6 hello_html_m2689e1b1.gif, h= 19,6 м

  3. Жауап: Жеңіл машинанікі 2 есе көп.

  4. Жауап: h= 6,4*hello_html_m1900c49e.gifм ;hello_html_m55f23605.gif= 1,9*hello_html_m54074a00.gifДж





2 –нұсқа



  1. Жауап:Q= -1.25 hello_html_m7303e3cc.gif; S= 10 м

  2. Жауап: S= 125* hello_html_m20df5e80.gifкм

  3. Жауап: m= 10000 т.

  4. Жауап: t= 2*hello_html_m5e73fc87.gifc


























10-сынып

Бақылау жұмысы №2

«МКТ негіздері және термодинамика негіздері»

1-нұсқа

  1. Егер азот молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 700 м/с, ал тығыздығы 1,25 кг/м3 болса, баллондағы азот қысымын есепте.

  2. 300 К температурадағы газ 2,5*10-4 м3 көлемді алады. Егер температураны 324 К-ге көтерілсе және 270 К-ге төмендетсе, осы массадағы газдың көлемі қандай болады? Газ қысымы тұрақты.

  3. Егер мотоцикл жылдамдығы 108 км/сағ болып, 100 км жолға 3,7 л бензин жұмсаса, ал двигательдің ПӘК-і 25% болса, мотоцикл двигателінің өндіретін орташа қуаты неге тең болады? (qб = 4,6∙10 7 Дж/кг; ρб = 700 кг/м3)

  4. * Оттегінің қандай да бір массасы p1=200 кПа қысымда V1= 1м3 көлем алады. Алдымен газды изобаралық жолмен V2= 3 м3 көлемге дейін қыздырып, содан кейін p2=500 кПа қысымға дейін изохоралық жолмен қыздырады.Газдың ішкі энергиясының өзгерісін, газдың атқарған жұмысын, оған берілген жылу мөлшерін тап.Оттегінің молярлық массасы М= 0,032 hello_html_48d82c4d.gif.

2-нұсқа

  1. Газ молекуласының шоғыры 4*1025м-3. 290 К температурадағы газ қысымын тап.

  2. Көлемі 1,66 м3, қысымы 2*105 Па, температурасы 280 К баллонда қандай газ бар? Газ массасы 4,6 кг.

  3. Изобаралық процесс кезінде 8 МПа қысыммен тұрған газдың көлемі 0,5 м3. Осы кезде газға 6 МДж жылу мөлшері берілді. Газдың ішкі энергиясы өзгерді ме? Қаншаға? Газ қызды ма, әлде суыды ма?

  4. * Ату кезінде зеңбіректен 200 кг оқ жанды. Снарядтың масссасы 50 кг, Ал ұңғыдан ұшу жылдамдығы 800 м/с. Егер оқтың меншікті жану жылуы 3,2 МДж/кг болса, зеңбіректің ПӘК-ін анықта.

























10-сынып. ЖМБ

Бақылау жұмысы №2

«МКТ негіздері және термодинамика негіздері»

1-нұсқа



  1. Жауап: 612,5 кПа

  2. Жауап: 2,7 *hello_html_m727b208b.gif; 2,25 *hello_html_m727b208b.gif

  3. Жауап: 8,9 кВт.

  4. Жауап: hello_html_m44dfdda9.gifU= 3.25 МДж; А= 4*hello_html_5b4ce339.gif Дж; Q= 3,65 МДж







2 -нұсқа





  1. Жауап: рhello_html_m34d92483.gif 160 кПа

  2. Жауап: 32* hello_html_6b7e124c.gif

  3. Жауап: 2 МДж ; 2 МДж-ға ; газ қызды.

  4. Жауап: 25%































10-сынып. ЖМБ

Бақылау жұмысы №3

«Электростатика»

1-нұсқа

  1. 6,6*10-8 Кл және 1,1*10-5 Кл екі нүктелік зарядтар бір-бірінен 3,3 см арақашықтықта су ішінде қандай күшпен әрекеттеседі?

  2. Сыйымдылығы 200 пФ конденсаторды жасауда қалыңдығы 0,2 мм қағазды екі жағынан алюминий фольгамен дөңгелете қаптайды. Алюминий дөңгелекшенің диаметрі қандай болуы керек?

  3. 2-10-8 Кл нүктелік зарядты шексіздіктен потенциалы 300 В, радиусы 2 см шар бетінен 25 см қашықтықтағы нүктеге жеткізу үшін қандай жұмыс атқару керек? Шар ауада орналасқан.

  4. *5 кВ кернеудегі горизонталь пластиналар арасында массасы 1*10-8 г тозаң орналасқан. Пластиналар арасындағы арақашықтық 5 см. Егер ол ауада тұрса, тозаң заряды қандай болады?





2-нұсқа

  1. Өрістің қандай да бір нүктесінде орналасқан 5 нКл зарядқа 2 мН күш әсер етеді. Осы нүктедегі электр өрісінің кернеулігін тап.

  2. Сыйымдылығы hello_html_3210acf7.gif= 100 пФ, hello_html_38329d14.gif= 500 пФ үш конденсатор ток көзіне тізбектей жалғанған. Оларға q= 10нКл заряд берілген. Конденсаторлардағы hello_html_m1c5455cb.gif, hello_html_m60c9b45d.gif, hello_html_m78e4541e.gif кернеуді, U ток көзінің кернеуін, барлық конденсаторлардың сыйымдылығын hello_html_33e30f37.gif тап.

  3. Егер өзара әсерлескен зарядтардың бірінің мәні 2 есе артса, ал әсерлесу күші өзгеріссіз қалса, онда олардың әсерлесу қашықтығы қалай өзгереді?

4* Потенциалдар айырмасы 0,7 кВ екі параллель горизонталь пластинкалар арасында радиусы 1,5 мкм май тамшысы ілініп тұр. Пластиналар арасындағы арақашықтық 0,4 см, ал май тығыздығы 0,8 г/см3. Тамшының зарядын тап.

















10-сынып

Бақылау жұмысы №3

«Электростатика»

1-нұсқа

  1. Жауап: F= 7.4* hello_html_m5e73fc87.gif H

  2. Жауап: hello_html_m34d92483.gif 5 см

  3. Жауап: А= 4* hello_html_m1050bd9a.gif Дж

  4. Жауап: 9,8* hello_html_m6b3b8fcf.gif Кл











2 -нұсқа



  1. жауап: 4* hello_html_m1b6d99fe.gif

  2. жауап: hello_html_m5a19322a.gif, hello_html_2054631e.gif, hello_html_m7bec68ad.gif, U= 51В, hello_html_33e30f37.gif= 59 пФ

  3. жауап:hello_html_m4dca3083.gif есе арттыру керек.

  4. hello_html_m3636bb2e.gif0.2* hello_html_m59bc22cb.gifКл.



















10-сынып. ЖМБ

Бақылау жұмысы №4

«Тұрақты ток заңдары»

1-нұсқа

  1. 50 мм2 өткізгіш қимасы арқылы ток өтеді. Дрейфтің электрондық өткізгіштігі 0,282 hello_html_440c5b9a.gif, ал олардың концентрациясы 7,9* hello_html_m63f2bf6.gif. Өткізгіштегі токтың тығыздығы мен ток күші неге тең?

  2. Резистордағы нихром өткізгішті 120 В кернеудегі, 2,4 А ток күші болатын желіге қосқан. Өткізгіштің ұзындығы неге тең? Көлденең қимасының ауданы 0,55 мм2.

  3. Ток күші 2 А болатын 220 В кернеудегі желіге электр үтігі қосылған. 5 мин қыздырылған уақыт ішінде қанша электр заряды өткен және қанша энергия бөлінеді?

  4. * Ток көзінің ЭҚК 2 В, ішкі кедергісі 1 Ом. Егер токтың сыртқы тізбектегі қуаты 0,75 Вт болса, тізбектегі ток күшін тап.


2-нұсқа

  1. ЭҚК 12 В және ішкі кедергісі 1 Ом ток көзіне 5 Ом кедергісі бар реостат жалғанған. Тізбектегі ток күші, ток көзі ұштарындағы кернеуді тап.

  2. 0,3 А ток күші мен 3 В кернеуге есептелген төрт шамдарды 5,4 В кернеу көзіне параллель қосу керек. Кедергісі қандай резисторды шамдарға тізбектей жалғау керек?

  3. Көтергіш кранның электрқозғалтқышы 380 В кернеумен жұмыс істейді. Осы кездегі ток күші 20 А. Егер массасы 1 т жүкті 50 с ішінде 19 м биіктікке көтеру үшін қондырғының ПӘК-і қандай болу керек?

4* 120В, 480Вт-қа есептелген электр қыздырғышты жасау үшін нихром өткізгіштің қандай ұзындығы мен көлденең қимасын алу керек? Токтың тығыздығы 10 А/мм2





















10-сынып

Бақылау жұмысы №4

«Тұрақты ток заңдары»

1-нұсқа







  1. hello_html_m34d92483.gif18 А; 0,36 hello_html_4f0e9740.gif

  2. l= 25 м

  3. 6* hello_html_m317406e7.gif Кл; 1,3* hello_html_5b4ce339.gif Дж

  4. 0,5 А немесе 1,5 А hello_html_m5c4c72a3.gif болғанда немесе hello_html_29e268bf.gif













2 нұсқа



  1. 2 А, 10 В

  2. 2 Ом

  3. 50%

  4. 11 м; 0,5 hello_html_1471ab6.gif














10-сынып. ЖМБ

Бақылау жұмысы№5

«Магнит өрісі» және «Электромагниттік индукция»

1-нұсқа

  1. Индукциясы 1,26 мТл біртекті магнит өрісіне ұзындығы 20 см түзу өткізгіш орналасқан. Егер магнит индукциясы мен ток бағыты арасындағы бұрыш 30° , ал ток күші 50 А болса, өткізгішке әсер ететін күшті тап.

  2. 3,54 *105 м/с жылдамдықпен қозғала отырып, электрон күш сызықтарына перпендикуляр бағытта индукциясы 2*10-5 Тл біртекті магнит өрісіне келіп түседі. Және радиусы 10 см шеңбер бойымен қозғалысын жалғастыра береді. Электронның меншікті зарядын, яғни зарядтың оның массасына қатынасын табу керек.

  3. Контурда 3,8 В ЭҚК қозуы үшін, магнит ағыны 0,01-ден 0,2 Вб-ге артқан кездегі уақыт аралығын анықтау керек.

4 * Кедергісі 20 мОм тұйықталған контур арқылы ток өтеді. Ток күші алдымен бірқалыпты hello_html_36d8e026.gif= 20 мс уақыт ішінде нөльден I= 4А шейін, ал одан кейін бірқалыпты hello_html_5f7e79e1.gif = 40 мс уақытта нөльге дейін кемиді. Контурдың hello_html_m44dfdda9.gifU ішкі энергиясының өзгерісін тап. Контурдың индуктивтілігі 1 мГн.



2-нұсқа

  1. Егер өткізгіш магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр болса, индукциясы 0,5 Тл біртекті магнит өрісіндегі 15 А ток күші кезіндегі ұзындығы 1,2 м өткізгішті 0,3 м-ге жылжыту үшін атқарылатын жұмысты тап.

  2. Индукциясы 2 мТл магнит өрісінде электрон 107 м/с жылдамдығымен ұшады.

Электронның айналу периоды неге тең?

(hello_html_55e45b24.gif; hello_html_4e63c231.gif)

  1. Ток күші нольге дейін 0,01 с ішінде кемігенде контурда 30 В-қа тең өздік индукцияның ЭҚК пайда болады. Магнит ағынының өзгерісі неге тең болады?

4* Массасы m=20 гжәне ұзындығы l= 50 см горизонталь стержень екі бірдей вертикаль серіппеде орналасқан индукциясы В= 0,1 Тл біртекті магнит өрісі стерженьге перпендикуляр болып келеді. Стерженьмен t= 10мс уақыт ішінде I= 0.1 кА ток күшін жібереді, соның әсерінен стержень жоғары қарай жылжиды . Әрбір серіппенің қатаңдығы k= 10 hello_html_m6e68863f.gif болса, серіппенің максималды сығылу деформациясын анықта.











Бақылау жұмысы№5

«Магнит өрісі» және «Электромагниттік индукция»



1-нұсқа.

  1. 6,3 мН

  2. 1,77 * hello_html_m4e009162.gif hello_html_7fddea12.gif

  3. 5* hello_html_m5e73fc87.gifс

  4. hello_html_m44dfdda9.gifU= 0.06 В







2 -нұсқа



  1. 2,7 Дж

  2. 1,79*10-8 с.

  3. 0,3 Вб

  4. х= 0,25 м.









































9-сынып.

Бақылау жұмысы №1 «Кинематика негіздері»

1-нұсқа

  1. 7 с ішінде автомобильдің тежелуі кезінде жылдамдығы 54-тен 28,8 км/сағ-қа дейін төмендеді. Автомобильдің тежелу кезіндегі өткен жолы мен үдеуін тап.

  2. Ұзындығы 100 м еңісті шаңғышы 20 с ішінде 0,3 м/с2 үдеумен жүріп өтті. Еңістің басында және соңындағы шаңғышының жылдамдығы қандай?

  3. Радиусы 10 см шкив 600 айн/мин айналым жасайды. Шкив шеңберінде жатқан нүктелердің сызықтық және бұрыштық жылдамдығын, айналу периодын тап.

  4. *Оқ пен атылған дыбыс бір мезгілде 680 м биіктікке жетеді. Егер дыбыстың жылдамдығы 640 м/с болса, оқтың бастапқы жылдамдығын тап. Оқ жоғары қарай атылған. Оқтың қозғалысына кедергіні септемеу керек. g = 10 м/ с2.



2-нұсқа

  1. Поезд еңіспен қозғала отырып, 20 с ішінде 340 м жол жүрді, 19 м/с-қа дейін жылдамдығын арттырды. Поезд қандай үдеумен қозғалды және еңістің басындағы жылдамдығы қандай еді?

  2. 20 с ішінде ұшақтың жылдамдығы 720-дан 180 км/сағ-қа дейін азайды. Осы уақыт ішінде ұшақ қандай арақашықтықты ұшып өтеді?

  3. Диаметрі 400 мм дискілі араның тістерінің шетіндегі сызықтық жылдамдығы 12,56 м/с. Араның бұрыштық жылдамдығын, айналу периоды мен жиілілін анықта.

4* Дене жоғары қарай 30 м/с бастапқы жылдамдықпен лақтырылған. Қозғалыс басталғаннан 4 с уақыт ішінде ол қандай орын ауыстыру жасайды? g = 10 м/ с2.



























9-сынып.

Бақылау жұмысы №2 «Динамика негіздері»

1-нұсқа


  1. Егер зеңбірек ұңғысының ұзындығы 3 м болса, 0,009 с уақытта ұңғымен оқ қозғалса, зеңбірек ішімен снаряд қандай үдеумен қозғалады? Снарядтың ұшу жылдамдығы неге тең болады?

  2. Массасы 0,2 кг тыныштықтағы денеге 0,1 Н күш 5 с ішінде әсер етеді. Осы уақыт ішінде ол дене қандай жылдамдық алады және қанша жол жүреді?

  3. Лифт ішінде массасы 60 кг жолаушы тұр. Оның лифтінің көтерілуінің басындағы және соңындағы , сондай-ақ төмен қарай қозғалысының басы мен соңындағы салмағын табу керек. Лифт үдеуі барлық жағдайда да бірдей 2 м/с2.

  4. *Адам көкжиекке 30° бұрыш жасай отырып, екі бір-біріне байланған шаналарды бірқалыпты тартады. Егер шаналардың массалары бірдей және 40 кг болса, осы күштің шамасы қандай? Үйкеліс коэффциенті 0,3.





2-нұсқа

  1. Тыныштық күйден 750 м жолды 60 м/с2 үдеумен қозғалған ракета қандай жылдамдық алады?

  2. Массасы 0,5 кг доп 0,02 с созылған соққыдан кейін 10 м/с жылдамдық алады. Соққының орташа күшін тап.

  3. Ғарыш кемесі 8,4 м/с2тұрақты үдеумен (Айға қатысты) вертикаль бағытта баяу қозғалып, Ай бетіне қонады (g = 1,6м/с2). Осы кемеде болған массасы 70 кг ғарышкердің салмағы неге тең болады№

  4. Массасы 12 кг тақтай горизонталь жазықтықта орналасқан. Тақтай бетінде массасы 3 кг білеуше жатыр. Тақтай мен білеуше арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,2. Білеуше тақтай бетінен сырғанауы үшін тақтайға қандай ең аз горизонталь күш жұмсау керек?















9-сынып.

Бақылау жұмысы №3 «Тербелістер мен толқындар»

1-нұсқа


  1. Математикалық маятник ұзындығы 40 м. Осы маятниктің тербеліс периоды неге тең?

  2. Қатаңдығы 40 Н/м серіппеге ілінген массасы 0,1 кг жүктің тербеліс периоды неге тең болады?

  3. Жиілігі 200 Гц, таралу жылдамдығы 340 м/с толқынның ұзындығы неге тең?

  4. Қатаңдығы 0,4 кН/м серіппеге ілінген массасы 640г жүкті тепе-теңдік жағдайынан 1 м/с жылдамдықпен өтуі үшін тепе-теңдік жағдайынан қандай қашықтыққа апару керек?




2-нұсқа

  1. Жиілігі 440 Гц камертон 5 с ішінде қанша тербеліс жасайды?

  2. Массасы 5 кг жүк серіппеге ілінген кезде бір минут ішінде 45 тербеліс жасайды. Серіппенің қатаңдық коэффициенті неге тең?

  3. Периоды 13,5 с, ал өзен бетіндегі толқын ұзындығы 300 м болатын толқынның таралу жылдамдығы неге тең болады?

  4. Қатаңдығы 0,5 кН/м серіппедегі жүктің массасы неге тең? Жүктің тербеліс амплитудасы 6 см болғандағы максималды жылдамдығы 3 м/с.



































9-сынып.

Бақылау жұмысы №4 «Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар»

1-нұсқа

  1. Шығу жұмысы 2 эВ болатын металл үшін фотоэффектінің қызыл шекарасын анықта.

  2. Цезий бетіне толқын ұзындығы 500 нм болатын жарықпен сәулелендіргенде ыршып шығатын электрондардың қандай энергиясы бар болады? Шығу жұмысы 1,9 эВ.

  3. Толқын ұзындығы 6,3 * 10-5см фотонның массасын анықта.

  4. * Ауданы 4 м2 жазықтыққа перпендикуляр бағытта 10 с ішінде толқын ұзындығы 0,64 мкм болатын 7,74*1022 фотондар келіп түседі. Қара және айналық бетке, шағылу коэффициенті 0,4 болатын жазықтыққа түсетін жарық қысымын анықта.


2-нұсқа

  1. Толқын ұзындығы 10-12 м рентген сәулесінің бір фотонының энергиясын анықта.

  2. 4,9 эВэнергиясы бар жарық квантының металл бетінен шығу жұмыс 4,5 эВ. Ұшып шығу кезіндегі электронның импульсін тап.

  3. 1 В тежегіш кернеуде фототок тоқтаған кездегі электронның жылдамдығын анықта.

  4. 2 мА ток күшіндегі, 50 кВ кернеуде жұмыс істейтін рентген түтікшесі секундына 5*1013 фотондарды шығарады. Толқын ұзындығын 0,1 нм деп санап, түтікшенің ПӘК-ін табу керек, яғни рентген сәулесінің қуаты пайдаланылған токтың қуатының қанша пайызын құрайтынын анықтау керек.

























9-сынып.

Бақылау жұмысы №5 «Астрономия негіздері»

1-нұсқа

  1. Алматыда Сириус жұлдызының жоғары шарықтауы қандай биіктікте болады? (φ= 430 15΄)

  2. Қазақстан Республикасының ең шығыс бойлығы λ = 870 20΄, батыстағы– λ = 46030΄.

Осы екі географиялық орындардың жергілікті орташа күн уақыттарының айырмашылығы қандай болады?

  1. Марс орбитасының үлкен жарты осі 3 а.б. Күнді айналу периоды қандай болады?

  2. Күн мен Айдың бұрыштық өлшемдерін бірдей деп есептеп, олардың көкжиектік параллакстарын біле отырып ( 8,8˝ и 57΄),Күн радиусы Ай радиусынан қанша есе үлкен екенін есептеп шығар.



2-нұсқа

  1. Альтаир жұлдызының шарықтау шегі 15° биіктікте өтеді. Егер бұл жұлдыздың еңістік координатасы +80 52΄ болса, онда бақылаушы тұрған орынның географиялық ендігі қандай?

  2. Астана уақыты бойынша сағат 18 сағ 24 мин болғанда, географиялық ендіктері

сәйкесінше λ =71025΄ и λ = 760 55 болатын Астана мен Алматы қалаларының жергілікті уақыттарын есепте.

  1. Юпитердің үлкен жарты осі 5 а. б. Оның Күнді айналу периоды қандай?

  2. Күннің бұрыштық диаметрі 32΄ , сызықтық диаметрі Жердікінен 109 есе үлкен. Диаметрі Жер диаметріне тең планета бізге қандай қашықтықтан осындай бұрышпен көрінер еді?
































9-сынып.

Бақылау жұмысы №6 «Атом ядросы.»

1-нұсқа


1. 8 О17 оттегі изотобының ядросында қанша протон Z және N бар ?

2. : 94Be+ 24He=126С + ? ядролық реакцияның екінші өнімін көрсет.

3. Дейтерий 21 Н (МэВ) атом ядросының байланыс энергиясын есепте.

4. Радиоактивті элементтің бастапқы атомдар саны 4 тәулік ішінде 2 есе азайды. Осы элементтің жартылай ыдырау периодын есепте.

.

2-нұсқа

  1. Атом ядросында 6 протон және 8 нейтроны бар нейтрал атомның электрондық қабықшасындағы электрондар тсанын анықта.

  2. 147N + 01n = 614 С + ? ядролық реакцияның екінші өнімін анықта.

  3. 1327 А алюмининий ядросының байланыс энергиясын анықта.

  4. Радиоактивті элементтің активтілігі 8 тәулік уақыт ішінде 4 сее кеміді. Оның жартылай ыдырау периодын есепте.























8-сынып

Бақылау жұмысы №1 «Жылулық құбылыстар»



1-нұсқа


  1. Көлемі 3 құрғақ қайың жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?

  2. Балқу температурасында массасы 40 кг мұзды еріту үшін қанша жылу мөлшері керек?

  3. Массасы 800 г алюминий кастрөлде 10° -тан қайнауға дейін суды қыздырады. Осы үшін қанша жылу мөлшері қажет?

  4. Бастапқы температурасы - 400С мұздан 200С температурадағы суды алу үшін қанша жылу мөлшері керек?

  5. Массасы 30г спирт жаға отырып, 14˚С –тан 50˚С температураға дейін қанша суды қыздыруға болады?

2-нұсқа


  1. Массасы 500 г суды қайнау температурасында бу күйіне жеткізу үшін қанша жылу мөлшері керек?

  2. 700 кДж жылу мөлшерін алу үшін тасты көмірден қанша килограмм жағу керек?

  3. Егер бастапқы температурасы 200С болса, шәйнектгі 3,5 кг суды қайнату үшін қанша жылу мөлшері керек?

  4. 270С температурадағы массасы 100 г қорғасынды толығымен сұйық күйге айналдыру үшін қанша энергия қажет?

  5. 600С температурадағы массасы 400 г суды толығымен буға айналдыру үшін қанша энергия қажет?





















8-сынып

Бақылау жұмысы №2 «Жылу машиналары»

1-нұсқа



  1. Егер қыздырғыштың температурасы 627º С, ал суытқыштікі 227ºС болса, машинаның ПӘК-ін есепте.

  2. Газға 150 Дж жылу мөлшері берілген, Ал сыртқы күштердің онымен атқарған жұмысы 350 Дж. Ішкі энергияның өзгерісі неге тең болады?

  3. Идеал машинаның ПӘК-і 30%, газ қыздырғыштан 10 кДж жылу мөлшерін алады. Егер суытқыштың температурасы 20º С болса, қыздырғыштың температурасы қандай болады?

  4. Газ изобаралық ұлғая отырып, 2*105 Па қысымда 0,2 кДж жұмыс жасайды. Егер газдың соңғы көлемі 2,5*10-3 м3 болса, бастапқы көлемін анықта.



2-нұсқа

    1. Газ 400 Дж жылу мөлшерін алды, оның ішкі энергиясы 300 Дж-ға өсті. Газдың жасаған жұмысы неге тең болады?

    2. Жылу машинасы цикл ішінде қыздырғыштан 1000 Дж жылу мөлшерін алады және суытқышқа 600 Дж жылу мөлшерін береді. Жылу машинасының ПӘК-і неге тең?

    3. Машинаның қыздырғышының температурасы 170ºС, Ал суытқыштікі 35 ºС. Машина қыздырғыштан 30 кДж жылу мөлшерін алады.Машинаның атқарған жұмысы неге тең болады?

    4. 2 кг суды 0ºС-тан 80º С-қа қыздыру үшін 60 г табиғи газ жағады. Қыздырғыштың ПӘК-ін тап.


















8-сынып

Бақылау жұмысы №3 «Электр құбылыстары»


1-нұсқа


      1. Өрістің берілген нүктесіне енгізілген 30 нКл зарядқа 24 мкН күш әсер етеді. Өрістің осы нүктесіндегі кернеулікті анықта.

      2. Біреуі екіншісінен екі есе аз болатын екі электр заряды вакуумде бола отырып, 0,6 м арақашықтықта 2 мН күшпен өзара әрекеттеседі. Осы зарядтарды анықта.

      3. Ұзындығы 150 см, ал көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2 алюминий өткізгіштің кедергісін тап. 0,5 А ток күшінде осы өткізгіш ұштарындағы кернеу неге тең болады?

      4. Электр шамы 4 мин ішінде 36 кДж энергия жұмсайды. Егер ток күші

0,4 А болса, шамдағы кернеуді есепте.


2-нұсқа

        1. Конденсатордың сыйымдылығы 5 пФ. Конденсатор астарларының арасындағы погенциалдар айырымы 1000В болса, онда астарлардың әрқайсысында қандай заряд бар болады?

        2. 5 нКл және 8 нКл екі нүктелік зарядтар 2*10-6 Н күшпен өзара әрекеттесе отырып, бір-бірінен қандай қашықтықта болады?

        3. Дәнекерлегіш аппаратты ұзындығы 10 м және көлденең қимасы 50 мм2 мыс өткізгішпен жалғайды. Егер оған 125 А ток күші берілсе, өткізгіштегі кернеуді анықта.

        4. Электр шамы 10 мин ішінде 30 кДж энергия жұмсайды. Егер шамдағы ток күші 0,4 А болса, кернеуін анықта.


















8-сынып

Бақылау жұмысы №4 «Оптикалық құбылыстар»


1-нұсқа



  1. Сәуленің айнаға түсу бұрышы 300. Оның айнадан шағылу бұрышы неге тең?

  2. Жинағыш линзаның оптикалық күші 0,2 дптр. Линзаның фокустық арақашықтығын тап.

  3. Егер нәрсенің шашыратқыш линзадан арақашықтығы 50 см, ал оның кескіні одан 20 см қашықтықта болса, онда шашыратқыш линзаның оптикалық күшін анықта.

  4. Жарық сәулесі су бетіне көкжиекке 30º бұрыш жасап түседі. Сәуленің шағылу және сыну бұрышын тап. Судың сыну көрсеткіші 4/3-ке тең.



2-нұсқа

  1. Түскен және шағылған сәулелердің арасындағы бұрыш 500. Айна бетіне сәуле қандай бұрышпен түседі?

  2. Егер линзаның оптикалық күші -20 дптр болса, линзаның фокустық арақашықтығын есепте.

  3. Жинағыш линзадан нәрсе 4 м арақашықтықта орналасқан, ал оның кескіні линзадан 6 м қашықтықта. Линзаның фокус аралығы неге тең болады?

  4. Егер түсу бұрышы 70º, ал ал сыну көрсеткіші 1,6 болса, призмадағы шағылу және сыну бұрышын анықта.















8-сынып

Бақылау жұмысы №1 «Жылу құбылыстары»


1-нұсқа


  1. 10 ° С-тан 20° С-қа дейін массасы 1,5 г кірпішті қыздыру үшін қанша жылу мөлшері керек? (c=880 hello_html_50ab6a07.gif)

  2. 3 кг оқ жанғанда 11400 кДж энергия бөлінді. Оқтың меншікті жану жылуын есепте.

  3. Массасы 120 г күміс кесегі 66° С -тан 16 ° С -қа суығанда 1,2 кДж энергия қоршаған ортаға бөлінеді. Күмістің меншікті жылу сыйымдылығы неге тең болады?

  4. Егер массасы 10 г керосинді жаққандағы бөлінген энергия толығымен массасы 22 кг суды қыздыруға жұмсалатын болса, судың температурасы қаншаға өзгереді?

(q = 46 · 10 hello_html_95dde10.gif)


2-нұсқа

  1. Массасы 5 кг алюминий білеушені 20-дан 420 ° С -қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? ( c=920 hello_html_50ab6a07.gif)

  2. Массасы 10 кг тротилді толық жаққанда 1,5 · 10 Дж энергия бөлінеді. Тротилдің меншікті жану жылуы неге тең?

  3. 110 кг алюминийді 94 ° С-қа қыздыру үшін 9100 кДж энергия қажет. Алюминийдің меншікті жылу сыйымдылығын анықта.

  4. Спиртті жаққан кезде бөлінетін жылу мөлшері толығымен суды қыздыруға жұмсалады деп есептейік. Массасы 100 кг суды 14 ° С° -тан 50 ° С-қа көтеру үшін спирттен қанша жағу керек? (q = 27 · 10 hello_html_95dde10.gif)

























8-сынып

Бақылау жұмысы №2 «Заттың агрегаттық күйлері»


1-нұсқа



  1. 100 г сынапты қайнау температурасында буландыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? (r =0,3 · 10 hello_html_95dde10.gif)

  2. Массасы 1 кг бастапқы температурасы 27 ° С қорғасынды балқыту үшін қанша жылу мөлшері қажет? ( t = 327° С, c=140 hello_html_50ab6a07.gif , λ = 0,25· 10 hello_html_95dde10.gif )

  3. 20 ° С температурадағы массасы 0,75 кг суды қайнатып, 250 г бу алу үшін қанша энергия жұмсау қажет?

  4. Тракторға 1,89 · 10 Дж жұмысты атқару үшін меншікті жану жылуы 42 · 10 hello_html_95dde10.gif , массасы 1,5 кг отын жұмсау керек. Трактор қозғалтқышының ПӘК-ін тап.

2-нұсқа

  1. 2 т темірді балқыту үшін қанша жылу мөлшері қажет? ( λ = 2,7· 10 hello_html_95dde10.gif)

  2. Массасы 10 г температурасы 20 ° С суды қайнауға дейін жеткізіп, одан кейін оны буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? (c=4200 hello_html_50ab6a07.gif; r =2,3 · 10 hello_html_95dde10.gif)

  3. Массасы 5 кг, бастапқы температурасы - 10 ° С мұзды еріту үшін қанша жылу мөлшері қажет? (c=2100 hello_html_50ab6a07.gif ; λ = 3,4· 10 hello_html_95dde10.gif)

  4. 0,52 кг бензин жанғанда қыздырғыштан 9240 кДж пайдалы жылу мөлшері алынған. Қыздырғыштың ПӘК-ін анықта. (q = 46 · 106 hello_html_95dde10.gif)














8-сынып

Бақылау жұмысы №3 «Электрқұбылыстары»


1-нұсқа



  1. Егер ток күші 0,5 А болса, 7,7 Кл зарядты орын ауыстыру үшін қанша уақыт қажет?

  2. Ұзындығы 8 м, көлденең қимасының ауданы 2 мм2 никель өткізгіштің кедергісі неге тең болады? Егер өткізгіш ұштарындағы кернеу 3,2 В болса, онда өткізгішпен қандай ток күші өтеді?hello_html_1f0aff43.gif

  3. Электрқозғалтқыштың қуаты 3 кВт. Трактор 1000 В кернеуде жұмыс істейді. Электрқозғалтқыш тұтынатын ток күшін есепте.

  4. Кедергілері 5 Ом, 6 Ом, 12 Ом резисторлар тізбектей жалғанған. Егер екінші резистордағы кернеу 1,2 В болса, онда тізбектегі ток күші мен кернеуді есепте.


2-нұсқа


  1. Кедергісі 24 Ом реостатты 120 В кернеуге қосатын болсақ, реостаттың ток күші неге тең болады?

  2. Ұзындығы 150 см, көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2 күміс өткізгіштің кедергісі неге тең болады? Егер осы өткізгіш арқылы 1,5 А ток күші өтсе, өткізгіш ұштарындағы кернеу неге тең? hello_html_m46434364.gif)

  3. Егер велосипед қолшамындағы кернеуі 4 В болып, 1 с ішінде 0,8 Дж энергия жұмсайтын болса, осы қолшамдағы ток күші неге тең болады?

  4. Кедергілері 30 Ом және 60 Ом резисторлар тізбектей жалғанып, батареяға қосылған. Бірінші резистордағы кернеу 3 В. Екінші резистордағы кернеу неге тең?














8-сынып

Бақылау жұмысы №4 «Жарық құбылыстары»


1-нұсқа


  1. Сәуленің түсу бұрышы 20°. Түскен және шағылған сәулелер арасындағы бұрыш неге тең?

  2. Линзаның фокус аралығы 250 см. Линзаның оптикалық күші неге тең?

  3. Жазық айнадан нәрсенің кескініне дейінгі арақашықтық 2 м. Нәрсе айнадан қандай қашықтықта орналасқан?

  4. Жарық сәулесі ауадан шыныға түскен жағдайда қай бұрыш- түсу немесе сыну бұрыштары үлкен болады? Сызбасын сал.

  5. Егер нәрсе линзадан 15 см қашықтықта орналасса, фокустық аралығы 10 см болатын жинағыш линзадан нәрсенің кескіні қандай қашықтықта болады?


2-нұсқа


  1. Түскен және шағылған сәулелердің арасындағы бұрыш 50 °. Түсу бұрышы неге тең?

  2. Адам вертикаль жазық айнаның алдында одан 1 м арақашықтықта тұр. Адамнан оның айнадағы кескініне дейінгі арақашықтық қандай болады?

  3. Линзаның оптикалық күші 10 дптр. Фокустық арақашықтығы қандай болады?

  4. Сәуленің шыныдан ауаға түскен жағдайында қай бұрыш- түсу немесе сыну бұрыштары үлкен болады? Сызбасын сал.

  5. Жинағыш линзадан 40 см арақашықтықта орналасқан нәрсенің кескіні 1,5 есе үлкейген болып шықты. Линзаның фокустық арақашықтығы неге тең болады?















8- сынып бойынша бақылау жұмыстарының жауаптары.


Бақылау жұмысы №1

I нұсқа II нұсқа

  1. 13200 кДж 1. 1840 кДж

  2. 3,8 · 106 hello_html_95dde10.gif 2. 1,5 · 107 hello_html_95dde10.gif

  3. 200 hello_html_50ab6a07.gif 3. 880 hello_html_50ab6a07.gif

  4. 4,9 кг 4. 0,56 кг



Бақылау жұмысы № 2

I нұсқа II нұсқа

  1. 30000 Дж 1. 5,4 · 108 Дж

  2. 67000 Дж 2. 27200 Дж

  3. 827000 Дж 3. 1805000 Дж

  4. 30 % 4. 39 %



Бақылау жұмысы № 3

I нұсқа II нұсқа

  1. 15,4 с 1. 5 А

  2. 1,6 Ом; 2 А 2. 0,24 Ом; 0,36 В

  3. 3 А 3. 0,2 А

  4. 0,2 А; 4,6 В 4. 6 В



Бақылау жұмысы № 4

I нұсқа II нұсқа

  1. 40оС 1. 25оС

  2. 0,4 дптр 2. 2м

  3. 2 м 3. 0,1 м

  4. α > β 4. α < β

  5. 30 см 5. 24 см














10-сынып. ҚГБ


Бақылау жұмысы №1 «Механика» 1-нұсқа


  1. Массасы 100 г доп 1,5 hello_html_m2689e1b1.gif жылдамдықпен ұшып барып, қағып алынды. Егер 0,03 с ішінде оның жылдамдығы нольге дейін кемісе, доп қолға қандай күшпен әсер етеді?

  2. Массасы 1,5 кг доп қандай да бір биіктіктен жер бетіне құлап түседі. Құлаған кездегі доптың жылдамдығы 10 hello_html_m2689e1b1.gif. Доптың толық механикалық энергиясы неге тең? Ол қандай биіктіктен құлайды? Ауаның кедергісін ескермейміз.

  3. Дене түзусызықты кемімелі жылдамдықпен қозғалады. Оның үдеуі 4 hello_html_m7303e3cc.gif. Қандай да бір уақыт мезетінде дененің жылдамдық модулі v0=20 hello_html_m2689e1b1.gif. Осы кезден кейінгі 4 с және 8 с уақыт өткеннен кейінгі дененің жылдамдығын есепте.

  4. * Трамвай жолының ұзындығы 400 м. Трамвай вагоны 0,5hello_html_m7303e3cc.gif тұрақты үдеумен қозғалатынын және осы арақашықтықты 1 мин 20 с ішінде өтетінін біле отырып, вагонның ең үлкен жылдамдығын анықта.


2-нұсқа


  1. Массасы 1 т автомобиль 72 км/сағ қозғалады. Егер қозғалтқышын сөндіріп тастаса, ол қанша уақыттан кейін тоқтайды? Қозғалыстың орташа кедергі күші 200 Н-ға тең.

  2. Ойыншық пистолетті атуға дайындау барысында қатаңдығы 800 Н/м серіппені 5 см-ге сықты. Массасы 20 г оқ қандай жылдамдықпен горизонталь бағытта атылады?

  3. Егер дене жолының бірінші жартысын 10 м/с, ал екінші жартысын 15 м/с жылдамдықпен жүріп өтсе, дененің қозғалысының орташа жылдамдығын тап.

  4. *Спидометр шкаласының ұзындығы 15 см. Ол автомобильдің жылдамдығын нольден 150 км/сағ-қа дейін өлшейді. Егер автомобиль 2hello_html_m19aef84c.gif үдеумен қозғалса, спидометрдің көрсеткен жылдамдығын анықта.























10-сынып. ҚГБ


Бақылау жұмысы №2 «Молекулалық физика. Термодинамика»


1-нұсқа


  1. Газдың көлемін 2 л –ден 5 л-ге ұлғайту процесінде 450 Дж жұмыс атқарылған. Осы жұмыстың орындалу процесінде қысымы өзгермесе, газ қандай қысымда болады?

  2. 0,5 м3 көлемге изобаралық ұлғаю кезінде газға 0,3 МДж жылу мөлшері берілген. Егер газ қысымы 200 ∙10³ Па болса, газдың ішкі энергия өзгерісін тап.

  3. Велосипед дөңгелегінің 120С температурадағы қысымы 1,5∙105 Па. 420С температурада қысымы қандай болады? Дөңгелектегі ауаның көлемі өзгермейді деп есептеңдер.

  4. * Өндірістік қуаты 736 Вт, ПӘК-і 11% мотоцикл 1 сағат ішінде қанша литр бензин жұмсайды? (q=4,6 ∙107 hello_html_m4269f27c.gif)



2-нұсқа



  1. 3 МПа тұрақты қысымда 3 л-ден 13 л-ге дейін ұлғая отырып, газ қандай жұмыс атқарады?

  2. 50·10³ Па қысым әсерінен газ 20 л -ге изобаралық ұлғайды. Егер ол 60 ·10 ³ Дж жылу мөлшерін алса, оның ішкі энергиясының өзгерісі неге тең болады?

  3. 0,96∙105 Па қысымда сутегінің көлемі 5∙10-4 м3. Егер газ температурасы өзгермесе, онда 0,98 ∙10 5 Па қысымда сутегінің көлемі қандай болады?

  4. * Автомобиль 110 км жолда 6,9 кг бензин шығындады. Қозғалтқыштың орташа қуаты 13 кВт, ал ал орташа жылдамдығы 75 км/сағ. ПӘК-ті есепте. . (q=4,6∙ 107 hello_html_95dde10.gif)
























11 сынып. ҚГБ.

Бақылау жұмысы № 1 «Электродинамика»


1-нұсқа


  1. Егер кедергісі 2 Ом өткізгіш арқылы 5 А ток өтсе, 20 с ішіндегі электр тогының жұмысы мен қуатын есепте.

  2. Индукциясы 1,4 мТл біртекті магнит өрісінде электрон магнит индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта, вакуумде 500 км/с жылдамдықпен ұшып кіреді. Электронға әсер ететін күш пен электрон қозғалатын шеңбердің радиусын анықта.

  3. Конденсатор астарларындағы заряд q=0,03cos105Πt (Кл) заңы бойынша өзгереді. Контурдағы тербелістердің периоды мен жиілігін анықта.

  4. * Жалпы кедергісі 64 Ом өткізгішті қанша бірдей бөліктерге бөлу керек, осы бөліктерді параллель қосқандағы жалпы кедергісі 1 Ом болу үшін.

2-нұсқа


  1. Кедергісі 5 Ом өткізгіш ұштарындағы кернеу 3 В болса, 15 с ішіндегі электр тогының жұмысы мен қуатын есепте.

  2. Индукциясы 1 Тл біртекті магнит өрісінде протон магнит индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта 106 hello_html_m2689e1b1.gif жылдамдықпен қозғалады. Протонға әсер ететін күш пен ол қозғалатын шеңбердің радиусын анықта.

  3. Сыйымдылығы 2,2 мкФ и индуктивтілігі 0,65 мГн контурдың тербеліс жиілігі мен периодын есепте.

  4. * Төрт электр шамы 0,3 А ток күші мен 3 В кернеуге есептелген. Ток көзінің кернеуі 5,4 В болса, шамдар тұтынатын осы ток көзінің қосымша кедергісін есепте. ( Ескерту: вольтметрдің кедергісі ең көп, ал амперметрдікі-ең төмені.)


























11 сынып. ҚГБ



Бақылау жұмысы№ 2



1-нұсқа



  1. U92238 уранның hello_html_m17c0599a.gif-ыдырау және hello_html_m7e91be2b.gif-ыдырауын жаз.

  2. Жиілігі 2*1015 Гц жарықпен фотоэлементті сәулелендіргенде фототок 4 В тежегіш кернеуде тоқтайды. Фотокатод бетінен электронның шығу жұмысын және фотоэффектінің қызыл шекарасын анықта.

  3. Ra88226 изотобының жартылай ыдырау периоды 1600 жыл. Егер радиоактивті элементтің бастапқы атомдар саны 109 болса, 3200 жылдан кейін изотоптың қанша ядросы ыдырайды?

  4. * Рубин лазері импульспен толқын ұзындығы 7*10-7 м болатын 2*1020 фотондар шығарады. 2 мс ішіндегі лазердің жарықталуының орташа қуатын есепте.



2-нұсқа



  1. Pb82209 қорғасынның . hello_html_m17c0599a.gif- ыдырауы мен hello_html_m7e91be2b.gif-ыдырауын есепте.

  2. Егер фотоэлементті жиілігі 1,6∙10hello_html_m59be5f3c.gif Гц жарықпен сәулелендірсе, фотоэффектінің қызыл шекарасы мен тежегіш кернеуді есепте. Электрондардың шығу жұмысы

4∙10hello_html_m68c17501.gifДж.

  1. Йодтың I53131 изотобының жартылай ыдырау периоды 8 тәулік. Егер ядроның бастапқы атомдар саны 109 болса, 80 тәуліктен кейін радиоактивті ядролар изотобының қаншасы ыдырамай қалады?

  2. * Гелий-неонды лазер үздіксіз жұмыс істей отырып, 30мВт қуат өндіріп, толқын ұзындығы 700 нм монохроматты жарық сәулесін береді. 2 с ішінде лазер қанша фотондар шығарады?











































Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған бақылау жұмыстарының жауаптары

есеп

10 кл, б/у№1

1 нұсқа

10кл, б/у№1

2 нұсқа

10 кл, б/у№2

1 нұсқа

10 кл, б/у№2

2 нұсқа

11кл, б/у№1

1 нұсқа

11кл, б/у№1

2 нұсқа

11кл, б/у№2

1 нұсқа

11кл,

б/у№2

2 нұсқа

1

100 с

150 кПа

30 кДж

10 кДж, 500 Вт

27 Дж, 1,8 Вт

α-ыдырау: Тh90234,

β-ыдырау: Np93238

α-ыдырау: Hg80205, β-ыдырау: Bi83209

2

75 Дж, 5 м

10 hello_html_m2689e1b1.gif

200 кДж

59 кДж

11,2∙10-17 Н,

2,03 мм

10,4 мм, 1,6∙10-21 Н

4,29 эВ, 1 ПГц

4,4 В, 0,6 ПГц

3

4 hello_html_m2689e1b1.gif, -12 hello_html_m2689e1b1.gif, 5 с

12 hello_html_m2689e1b1.gif

170 кПа

0,49 л

0,02 мс, 50 кГц

0,24 мс, 4 кГц

25∙107

98∙104

4

5,9 hello_html_m2689e1b1.gif

0,72 hello_html_md1005ce.gif

0,7 л

22%

2 Ом

8 өткізгіш

28 кВт

21∙1016







Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.12.2015
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров4187
Номер материала ДВ-285728
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

9 месяцев назад
үлкен рахмет өте керекті материал екен
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх