Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Физикадан " Талантыңмен таныл" атты сайыс

Физикадан " Талантыңмен таныл" атты сайыс



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:



Білімің, ұшар қанатың

Жарияланды 11-04-2014, 02:29 Категориясы: Математика

Сабақтың тақырыбы: «Білімің ұшар қанатың»

Мақсаты: оқушыларды тез ойлауға, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Теориялық білімдерін кез келген жерде қолдана алуға үйрету

Түрі: Сайыс

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, сызбалар

Сабақтың барысы:

І тур. Таныстыру

ІІ тур. Математикалық оқулар

ІІІ тур. Тапқыр болсаң талас жоқ

ІV тур. Кім жылдам?

V тур. Адасқан формулалар



І тур. Таныстыру (әр топ таныстырады)

ІІ тур. Математикалық оқулар (сан мен әріптерді қосып оқып мағынасын түсіндіру)



І топ

Тем+2 = М+10+ша =

40+қабат =

Б+50+ар =

М+3+е =

100+к =

7+ су=

6+бақан =

7+ген =

М+10+шақ =

«-»+ан =

1+қазан =

К+2+лік =



ІІ топ



« -» + а =

Лим+10 =

40 + буын =

Т + 10 =

3 + кір =

6 + н =

С + 10 +а =

7 + ік =

Қ + 10 + ақ =

К + 2 +л =

5 + ік =

8 + көз =

100 + дік =



ІІІ тур. Тапқыр болсаң талас жоқ (Жұмбақты оқып, шешуін табу)

Өзі төрт қанатты

және алты аяқты,

Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты (Инелік)

Бір, үш, бес, он,

Жиырма, елу,

Жүз, екі жүз, мың бар

Әрқайсысының құны бар (Теңгелер)



ІV тур. Кім жылдам?

І топ

Иматмеатка

Блиогоия

Рхита

Пәредт

Огергфаяи

Малақ



ІІ топ

- математика

- биология

- тарих

- дәптер

- география

- қалам



Нирофамакик - Информатика

Рақнышад - Қарындаш

Зифаки - Физика

Шғызсы - Сызғыш

Шріөгіш - Өшіргіш

Атұғшыш - Ұштағыш



V тур. Адасқан формулалар

= s: t

S=ab

V=abc

C=an C - заттың құны a - бағасы n - саны

P=2(a+b)

P=4a

S=a2

V=a3

Қорытындылау.





Физикалық турнир

Жарияланды 3-10-2013, 08:16 Категориясы: Физика 

Мақсаттары:
1. Ойын сауық барысында физикалық терминді, шамаларды қайталау, білімдерін кеңейту;
2. Оқушылардың қызығушылықтарын, ой - өрістерін, танымдық қабілеттерін дамыту;
3. Өзара қарым - қатынас жасауға тәрбиелеу, тапқырлыққа баулу;

Көрнекіліктер:;
1. Физикалық шамалар жазылған карточкалар,
2. Ғалымдардың фото - суреттері;
3. Интерактивті тақта;

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс

Өту барысы:
1. Таныстыру;
2. Сергіту сәті (2командаға ортақ қызықты логикалық сұрақтар);
3. «Теориктер сайысы»
(Тақтада Г. Ом, И. Ньютон, Ш. Кулон, Э. Ленц, П. Джоуль аттары жазылып тұрады. Осы ұлы ғалымдардың заңдарын атап, формуласын жазып береді.)
4. «Ізденушілер сайысы»
(3 бөлімшеден тұратын тапсырмаларға жауап береді. )
5. «Сиқыршылар сайысы»
(Сұрақтар беріледі.)
6. «Тарихшылар сайысы»
(Ұлы ғалымдардың өмірбаянынан үзінді оқылады. Кім туралы, яғни қай ғалым екенін анықтау керек.)
7. «Физикалық шамалар айтысы»
(Шашыраған әріптерді жинап, белгілі бір физикалық шаманы құрастыру керек. Бұл жұмыс шапшаңдықпен бағаланады.)

1. Таныстыру

2. Сергіту сәті:
10 ұпай. Ашық ыдыстағы су неге азаяды, қандай физикалық құбылыспен түсіндіріледі? (Кебу)
20 ұпай Елеуішпен су әкелуге болама? (иа, қар ж/е мұз күйінде)
30 ұпай Меганьютонда қанша Ньютон бар? (106 Н)
Суда қандай тастар болмайды? (құрғақ)
40 ұпай Ғарышкерлер күні қашан? (12 сәуір)
Қалай 10м сатыдан секіріп жараланбауға болады? (1 сатысынан секіру керек)
50 ұпай Аспан неге көк? (Ауа қабаты көк түсті жақсы ұстап қалады)
Радионы кім ойлап тапқан, туған күні қашан? (1895ж 7 мамыр А. СПопов)
5 ұпай Қандай жолмен адам еш уақытта жүрмейді? (Құс жолымен)
10 ұпай Алма түсіп басына
Басына емес қасына
Тартылыс заңын таптым деп
Кетті ғалым асыға (И. Ньютон)
20 ұпай Құрметтейік ғалымды
Ғылымды алға жылжытқан
Инерция құбылысын
Айтшы достар кім ашқан? (Г. Галилей)

30 ұпай «Ауыр ядро, жеңіл оқ ж/е құстың қауырсыны» қандай жағдайда жерге бірдей жылдамдықпен құлайды? (Ауасыз бос кеңістікте. Вакуумде. Г. Галилей Пиза мұнарасы.)
40 ұпай Ең алғаш телескопты ойлап тапқан ғалым? Г. Галилей
50 ұпай Телефонды кім ойлап тапқан? (1847 - 1922 жылдары өмір сүрген американ өнертапқышы А. Белл. Осы ғалымның құрметіне дыбыстың қаттылығы Децибелмен өлшенеді (дБ))

3. Теориктер сайысы:
И. Ньютон заңы - І тек инерциалды санақ жүйесінде орындалады.
ІІ үдеу күшке тура пропорционал, дененің массасына кері пропорционал: a=F/m.
ІІІ әрекеттесуші күштер модульі жағынан тең, бағыты жағынан қарама - қарсы болады.
Г. Ом заңы - тізбектің бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал: I=U/R
Ш. Кулон заңы – қозғалмайтын екі нүктелік заряд вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі: F=k*q1*q2 / r2
Джоуль - Ленц заңы - өткізгіш бойымен ток жүрген кезде өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал: Q=I2Rt

4. Ізденушілер сайысы:
Есеп
Есептер (ойлануға 2мин)
1.“Исатай батыр Тайсойғаннан ерте шығып, түсте хан ордасына жетпекші болды. Оның астындағы Ақтабаны бұлттан төмен, қарағайдан жоғары шапты.” Тайсойған мен хан ордасының арақашықтығын шамамен 300 км, ал Исатай батыр жолда 10 сағ болды деп есептеңдер. Ақтабанның қандай жылдамдықпен шапқанын анықтаңдар.
2. Автомобиль радиусы 100 м айналма жолмен 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Оның центрге тартқыш үдеуін анықта.

Физикалық шамалар мен өлшем бірліктер
1 - команда шамалардың атын жазып шығады, 2 - команда өлшем бірлігін жазып көрсетеді.
І – команда ------------------------------ ІІ - команда
U – кернеу, ішкі энергия; ----------- кернеу – «В», ішкі энергия «Дж»;
T – температура; ---------------------- температура – «К, 0С»;
R – кедергі; ----------------------------- кедергі - «Ом»;
F – күш; ---------------------------------- күш – «Ньютон»;
Q – жылу мөлшері; ------------------ жылу мөлшері – «Дж»;
A – Жұмыс; ----------------------------- жұмыс – «Дж»;
V – көлем; ------------------------------ көлем – м3;
N – қуат; -------------------------------- қуат – «Вт»;
P – қысым; ----------------------------- қысым – «Па»;
S – орын ауыстыру, жол; ---------- жол – «м»;

Үшінші бөлімі «Лабиринт» - деп аталады. Ойыншылардың міндеті, осы тапсырмаларды шешіп, әділқазыларға көрсету. (Сендерге 3 минут уақыт берілсін)
№1. Жерден айға ұшып жету үшін, латын әріптері арқылы қандай физикалық шамалар белгіленгенін айтыңыз.
Жауабы: масса, уақыт, жылдамдық, ұзындық, ұзындық, микро.
№2. Мектептен үйге жету үшін, физикалық шамалардың өлшем бірліктерін білу керек.
Жауабы: метр, м/с, кг, с, м, м/с, м.

5. Сиқыршылар сайысы:
1 - команда:
Сұрақ: біз найзағай жарқылдаған 1 - ші дыбысын естиміз бе әлде 1 - ші жарқылды көреміз бе?
Жауап: біз бірінші жарқылды көреміз себебі жарықтың таралу жылдамдығы c=3*108 м/с, ал дыбыстың таралу жылдамдығы одан аз v = 340м/с тең. (Дыбыстың таралу құбылысы)

2 - команда:
Сұрақ: неге шаңғысыз адам қарда жүре алмайды, ал шаңғысы бар бала қарда емін еркін жүреді? Шаңғымен де, шаңғысыз да адам қарды өзінің салмағына тең бірдей күшпен басады.
Жауап: Өйткені шаңғы бетінің ауданы адам табанының ауданынан 20
Еседей үлкен. Сондықтан ол шаңғымен тұрғанда қар бетінің әрбір шаршы сантиметр ауданын шаңғысыз тұрғандағыдан гөрі 20 еседей аз күшпен басады. (Қысым құбылысы)

6. Тарихшылар сайысы:
5 ұпай (М. В. Ломоносов)
Архангельск қаласның маңайындағы орыс деревнясында 1711ж 19 қарашада дүниеге келген. Алғашқы орыс жоғары оқу орнында оқыған. Оны танығын кісі “Энцоклопедия” деп атаған. Физика терминін ең алғаш орыс тіліне енгізген ғалым кім?
10 ұпай (И. Ньютон)
Өзінің ғылыми жұмыстары үшін ағылшын физигі “Рыцарь титулын”алған. Философ Гегель деген ғалым былай қалжындайтын: “Әлемдіқұртқан үш алма: Адам алмасы, Париж алмасы және оның алмасы” Әңгіме қай ғалым туралы айтылған?
5 ұпай (Г. Галилей)
Негізгі тәрбиені шіркеуден алған, білімін Пиза университетінің медициналық факультетінде жалғастырды. Содан кейін математика мұғалімі болып жұмыс істеген. Ол 1692ж қайтыс болды. 100ж өткен соң 1737ж оның мәйітін өсиеті бойынша Флоренцияға Микеланджелоның жанына көшірді. Тек 300ж өткеннен кейін Рим папасы оның айтқаны дұрыс деп жариялады. Ол алғашқы телескопты ойлап тапқан.
Бұл қай ғалым?
10 ұпай (Б. д. д 272 - 212 өмір сүрген Сиракус ғалымы Архимед)
Ежелгі грек ғалымы “Маған тіреу нүктесін көрсетсеңіз болғаны мен Жерді көтеріп беремін” деген сөзімен тарихта қалған.
Ол кім? Қай елдің ғалымы?

7. Физикалық шамалар сайысы:
1 - команда 2 - команда
Льтов - Вольт;
Радаф – Фарад;
Трияпоид – диоптрия;
Ельвинк - Кельвин;
Темром – Омметр;

Қорытынды:
Барлықтарыңызға қатысқандарыңыз үшін рахмет. Ұстаздар сіздерге жұмыстарыңызға жеміс, оқушыларға тілерім оқуда озат болыңыздар. Кездескенше, сау болыңыздар!

Физикалық кафе (ойын)

Жарияланды 12-06-2013, 10:23 Категориясы: Физика

Пәні: «Физика және астрономия»

Сыныбы: 7, 8 - класс



«Физикалық кафе» ойыны

1. Білімділік: Оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін жетілдіру, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

2. Дамытушылық: Әрбір жеке тұлғаның ақыл – ойының дамуына көмектесіп, оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру және физика көкжиегін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа және еңбекке үйрету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, ойын сабағы

Сабақтың әдісі: жеке, топтық

Сабақтың көрнекілігі: топшамалар, плакаттар т. б.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Негізгі бөлім «Физикалық кафе» ойыны

ІІІ. Қорытынды. Жеңген топты анықтау.

Ойын шарты: Бұл сайысқа 8, 7 – сынып (а, б) оқушылары арасында өтеді. Әр сыныптан 3 оқушыдан қатысады. Топ аттары мен ұрандары болады. Даяшылар әр үстелге ас мәзірін алып барады, оқушылар өздері бірінші тағам, екінші тағам, салат, сусындар таңдайды.

Ас мәзірі

Салаттар

1. «Физикалық ералаш». (логикалық сұрақ)

2. «Физикалық қуғын» (жұмбақ)

3. «Физикалық винегрет». (есеп)

Бірінші тағам

1. Физкалық кеспе. (сөз құрастыру)

2. Тұшпара. (көрермендерге сұрақ)

3. Манты (сәйкестікті тағайында)

Екінші тағам

1. Физкалық палау (сұрақтар)

2. Лагман ( тәжірибе көрсету)

3. Котлет ( қимыл қозғалыс арқылы ситуациядан шығу)

Сусындар

1. Физикалық коктейль (жұмбақ, физикалық мағынасын ашу)

2. Шай ( Сұрақ, анықтама, өлшем бірлік)

3. Айран ( ғалымдар, қандай заң ашқаны)

1. Физикалық ералаш

1. Шәйнекте шикі су, екінші шәйнекте қайнатылған су. Екеуінің де температурасы бірдей. Қыздыру бірдей болғанда қай шәйнектегі су тез қайнайды?

Ж: 2 шайнек

2. Бір жұмыртқаны пісіру үшін 4 мин уақыт керек. 4 жұмыртқаны пісіру үшін неше мин уақыт керек?

Ж: 4 мин

3. Қалайша жұмыртқа 3 метрге ұшып жарылмауы мүмкін?

Ж: Жұмыртқаны 4 метрге лақтырса онда алғашқы 3 метрде жарылмайды.

4. Жердегі суды дымқыл шүберекпен сүрткен оңай ма, әлде құрғақ шүберекпен бе?

2. Физикалық қуғын.

1. Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланам күн сайын жарық үшін.

(электр тогы)

2. Бар жоғын білмейсің,

Онсыз өмір сүрмейсің.

(ауа - диэлектрик)

3. Жарқылдан соң жаңағы,

Суға бөкпі бар алып.

Көпке түрлі жолақты,

Өрнек тұрды ғаламат.

(кемпір қосақ)

4. Күндіз қасыңнан қалмайды,

Бірақ

Ешкім ұстап алмайды.

Қорқақ па?

Қараңғыға бармайды.

(көлеңке)

3. «Физикалық винегрет». (есеп)



1. Өткізгіштің 0, 4 А ток күші өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8В болады. Өткізгіштің кедергісі неге тең?



Берілгені: ------------ Шешуі: ----------- Есептелуі:

I = 0, 4А --------------- I=U/R; ------------ R = 8/0, 4= 20ОМ

U = 8В ----------------- R=U/I;

R=?-------------------------------------------- Жауабы: 20Ом



2. 10 м тереңдіктегі судың қысымын табыңдар (ρ=1000 кг/м3, g=9, 8 Н/кг)

Берілгені: -------------------- Шешуі:

h=10 м ------------------------- P=hg ρ;

ρ=1000 кг/м ³ ---------------- P= 10*1000*9. 8=98*10 ³Па

g=9, 8 Н/кг

Жауабы: 98*10 ³Па

P=?



Бірінші тағам

1. Физикалық кеспе. (сөз құрастыру)

Электродинамика сөзінен физикаға қатысты сөздер құрастыру.

Жауабы: электр, динамика, электрик, электрон, атом, ом, анод, катот, ион, иондар, дене, метр, динамометр, т. б.



2. Тұшпара. (көрермендерге сұрақ)

1. Ньютонның 1687 жылы бүкіл әлемдік тартылыс заңының ашуына себеп болған не? Жауабы: алма

2. Қосарлап жегілген ат – арбамен Жантілеу 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді.

Жауабы: 25 шақырым

3. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады?

Жауабы: Сәулесін судан көргенде.

4. Бақтиярдың 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың неше баласы бар?

Жауабы: 5 баласы



4. Манты. (сәйкестікті тағайында)



Физикалық шама Формалалар Өлшем бірлігі

1 Уақыт ------------------- А -------- А Кг/м ³

2 Жылдамдық ---------- Б ------- υ=s/t Б Метр

3 Масса ------------------- В ------- m υ m В Секунд

4 Күш ---------------------- Г -------- Г Метр

5 Көлем ------------------ Д -------- V=abc Д м/с

6 Аудан ------------------- Е -------- s=ab Е м ²

7 Орын ауыстыру ------ Ж ------- Ж кг

8 Жол ---------------------- З -------- s=υt З м ³

9 Тығыздық ------------- И--------- ρ=m/V И Н



Екінші тағам

1. Физкалық палау (сұрақтар)

1. Физика пәнінің қоғамдағы алатын орны қандай?

2. Егер сен физика пәнінің мұғалімі болсаң, физика сабағын қалай етіп өткізер едің?



2. Лағман ( тәжірибе көрсету)

1. Әр қайсысымыз шырпының 6 дәнін аламыз. Спичканың ұзындығына тең болатын тең қабырғалы төрт үшбұрыш жасау керек. Іске сәт!!!

3. Жел, құм және су.

Құм судан әлдеқайда ауыр болғанымен, неліктен жел судан гөрі оны жоғары көтере алады?



4. Котлет ( қимыл қозғалыс арқылы ситуациядан шығу)

1. Тең әрекетті күшті қимыл қозғалыс арқылы сипаттау.

Тапсырма1:

1. Бір түзудің бойымен бір бағытқа бағытталған күшті

F = F +F .

2. Бiр түзудiң бойымен қарама - қарсы жаққа бағытталған күшті

F = F - F .



Тапсырма2:

Зат күйлері. Қатты денелердің молекулаларының орналасу тәртібін іс-қимыл арқылы көрсетіңдер. (сұйық, газ)



Сусындар

1. Физикалық коктейль (жұмбақ, физикалық мағынасын ашу)

1. Алтын теңге кетеді,

Күміс теңге келеді?

(Күн мен ай, табиғи жарық)

1. Табаныма байладым

Қос аяқпен айдадым.

(Шаңғы – сырғанау, үйкеліс күші)

2. Жылдың төрт мезгілінде

Мазасызданады ол неге?

(Жел – суық ауа мен ыстық ауаның алмасуы. Диффузия)

3. Отқа жанбас, суға батпас.

(Мұз – заттың қатты күйі)

1. Шай ( Сұрақ, анықтама, өлшем бірлік)

Тапсырма – 1:

1. Қысымның анықтамасы, формуласы, өлшем бірлігі?

Жауабы: Қысым - б±л бетке түсірілген күштің сол бетінің ауданына ќатынасына тең физикалық шама:



Мұндағы

р — қысым, F — қысым күші, S — аудан.

Өлшем бірлігі: Паскаль

2. Үйкеліс күші дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесіңдер, айырмашылығы қандай?

Жауабы: Бір дененің екінші бір денің үстімен қозғалғанда пайда болатын күшті – үйкеліс күші деп атаймыз.

Түрлері: домалау; сырғанау, тыныштық үйкелісі

Тапсыпма – 2:

1. Ток күші дегеніміз не, өлшем бірлігі, анықтамасы, формуласы

Жауабы: ток күші – өткізгіштің көлденен қимасы арқылы бір орыннан екінші бір орынға орын ауыстырған зарядтың сол уақыт аралығына қатынасын айтамыз. - ток күші.

ХБЖ - де ток күшінің өлшем бірлігі 1ампер.



2. Жылу берілудің неше түрі бар? Қандай, анықтамасы?

Жауабы: - конвекция;

- Сәуле шығару;

- жылуөткізгіштік;



3. Айран ( ғалымдар, қандай заң ашқаны)

Исакк Ньютон

Гук

Паскаль

Торричели

Вольт

Ампер Андре Мари.

Г. Ом



ІІІ. Қорытынды. Жеңген топты анықтау.

Қатысқандарыңызға рахмет! Келесі кездескенше, сау болыңыздар!





Математикадан сыныптан тыс іс-шара "Қызықты сағат"

Жарияланды 26-04-2012, 10:10 Категориясы: Математика

Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы

Шаховское орта мектебінің

математика мұғалімі Кәсенова М.Н.



"Қызықты сағат"

Математикалық ойынның мақсаты:

1. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

2. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

3. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

Қатысушылар: 5-6- сынып оқушыларынан 2 команда(5 оқушыдан).

Командаға қажетті құралдар:

Қатысушылардың аты-жөні жазылған бейдж

Командаға ат ойлап табу,капитанын сайлау.

Ойын ережесі:

Ойынға 5 оқушыдан 2 команда қатысады.Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау.Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз жауаптарына көбірек ставка қою керек..Турларда әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер команда дұрыс жауап берсе, онда келесі сұрақты олар таңдайды. Егер команда сұрақтың дұрыс жауабын берсе - ұпайлары қосылады, ал қате жауап берсе - шегеріледі. Аукцион - сұрақ. Сұраққа жауап беру кезегі сұраққа көп баға берген командаға беріледі,ойыншылардың еншісіндегі ұпай саны сұрақтың бағасынан аз болса, олар ең төмен ставка, яғни сұрақтың бағасын ғана бере алады.Сиқырлы қап сұрағына осы сұрақ қай командаға тисе ,сол команда жауап беру керек.

Команда мүшелері математикаға, математика тарихына байланысты,жадыны дамытуға, ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты сұрақтарға жауап берулері керек.

С Ц Е Н А Р И І

- Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар!

- Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.

- Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу.

- Бүгінгі ойынға қатысушы командалармен танысуға рұқсат етіңіздер.

- Ал, командалар дайынсыңдар ма? Әділ қазылар алқасы, сіздер дайынсыздар ма? Жанкүйерлер, дайынсыздар ма?

- Ойынды бастайық!!!

1 ТУР

Әдебиеттегі сандар

100. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)

200. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста.Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады (28 жылдан кейін )

300. Сиқырлы қаптағы сұрақ: Арыстан 1 қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді? (бір)

400. Наурыз мерекесінде 20 адам би биледі. Ләззат 7 жігітпен, Гүлзат 8 жігітпен, Алмагүл 9 жігітпен, ал Айдана сол мерекеге келген барлық жігітпен би биледі. Мерекеде қанша жігіт болған? (13 жігіт)

Ойлан, тап

100. Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам ?(Парсы математигі аль-Хорезми )(787–850)

200. Кімді математика королі атаған? (Карл Гаусс)

300. Үнділіктер оны «Сунья»,ал араб математиктері «Сифр» деп атаған. Біз оны қазір қалай атаймыз? (0)

400. Сиқырлы қаптағы сұрақ Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз?( Айырмасы 2-ге тең жай сандар ,мысалы:5 пен7)



Бөлшектер

100 Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады?Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Алым. Бөлім)

200. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады?(аралас сан)

300 Сиқырлы қаптағы сұрақ Қандай бөлшек дұрыс деп аталады? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады.Мысалы.1/2 )

400. Бөлшектің негізгі қасиеті қалай айтылады? (Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен бөлшектің мәні өзгермейді.)

Математикалық калейдоскоп

100.Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)

200.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)

300.АУКЦИОН - сұрақ Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?(18 жас)

400. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)

Төртіншісі артық

100.Төртінші артығын тап: 37;19;27;29 .(27)

200.Төртінші артығын тап:қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (бөлінгіш)

300.Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі,диаметр(төбесі)

400 . АУКЦИОН - сұрақ : төртінші артығын тап: 381;555;265;117.(265)

2 ТУР

Балалар

100.Үлкен ағасында 2кәмпит,ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап,олардың кәмпиттерінің саны теңеледі?(5)



200.Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар.Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды.Неше шәшке табақшасыз қалды? (4)



300.Сиқырлы қаптағы сұрақ Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп,5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады.3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды.Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12)



400 Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады.Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? (14)

Қызықты сұрақтар:

100.Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)

200. Сиқырлы қаптағы сұрақ 7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар? (8)

300 . Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)

400. Айболитке көрінуге аңдар келді. Бәрі, тек 2 иттен басқалары. Бәрі, тек 2 мысықтан басқалары. Бәрі, тек 2 қояннан басқалары. Айболитке көрінуге неше аң келген? (3)

Логика

100.Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)

200. АУКЦИОН - сұрақ : Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)

300. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)

400. Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда,ол 5 мин бақырды,ал ара шағып алғанда ол 3 мин ұзақ бақырды,өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда Есет ара шағып алғандағыдан екі есе көп уақыт бақырды.Анасы Есетті 11мин жуындырды.Есет жуынып болғаннан кейін қанша уақыт бақырды?(5мин)

Сандар

100. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? (натурал сандар)

200.Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)

300.Қандай сандар жай сандар деп аталады? Мысал келтір (өзіне және 1-ге ғана бөліне

400.Заңдылықты анықтап, сан қатарының келесі санын анықта:

0, 3, 8, 15, ? тін сандар 2;3;7)

Ойынның нәтижесін шығару.Әділ қазылар алқасына сөз кезегі беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.





hello_html_m7409f44c.pnghello_html_493280bf.png



hello_html_5cf47dce.png





hello_html_65c9cb73.png



hello_html_m16aca682.png

Сыныптан тыс сабақ: Математикалық тартыс.7сынып

Авторы: gulnara_kz

Қызылорда облысы

Арал ауданы

19 орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі

Құттымұратова Гүлнар Әмитқызы



(сыныптан тыс)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: 7 сыныпта өтілген материалды қайталау

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін,

шығармашылық белсенділігін дамыту;

Тәрбиелік мақсаты: өз бетімен танып білуге, ұжыммен бірге жұмыс істеуге

дағдыландыру және олардың ынтасын, жауапкершілігін арттыру

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, үлестірмелер, нақыл сөздер.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп,олардың зейінін сабаққа аудару.

Сабақтың мақсаты мен барысын түсіндіру.

Елбасымыз Н. Ә Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруінде білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты,еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отыр.

«Біздің түпкілікті мақсатымыз – интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру» Н. Ә. Назарбаев

Оқушыларды екі топқа бөлу: «Дарын», «Қабілет»

Ойын бағдарламасы:

Есіңе сақта!

Жорға

Тіл өнері

Адасқан әріптер

Қатесін тап!

Логикалық лабиринт

І бөлім: «Есіңе сақта!»

Тақтада көрсетілген түрлі суреттерді еске түсіріп, аттарын жазу қажет (1 минут)



















Дұрыс және толық жазған топқа 10 ұпай қойылады

ІІ бөлім: «Жорға»

«Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың «Жорға» ІІ бөлімінде әрбір топқа сұрақтар қойылады. Жылдам, тез жауап беруі қажет. (Әр дұрыс жауап 10 ұпай)

«Дарын» тобына

1. Шеңбер бойындағы кез – келген нүктені центрмен қосатын кесінді (радиус)

2. Ортақ бөлгіші 1-ге тең сан. (өзара жай сан)

3. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс бөлшек)

4. Нәрселерді санағанда қолданылатын сан. (натурал сан)

5. 369 саны 3-ке бөліне ме? (иә)

6. Қабырғасы 1- ге тең квадраттың ауданы неге тең (1)

7. Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома)

8. Бағытталған кесінді (вектор)

9. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер)

10. ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)

«Қабілет» тобына

1. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. (диаметр)

2. Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері)

3. 640 саны 5 –ке бөліне ме? (иә)

4. Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек)

5. Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)

6. Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? (теорема)

7. Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (180 градус)

8. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы нешеге тең не пи – дің мәні нешеге тең? (3,14)

9. Биссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрыш (шаршы, ромб)

10. ОУ осі қалай аталады? (ордината)



ІІІ. бөлім «Тіл - өнері»



Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізеді.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер – дей келе «Тіл-өнері» деп аталатын ІІ бөлімде жұмбақты тауып, орысшаға, ағылшыншаға аударыңыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.

1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(сызғыш, линейка, a ruler)

2. Ел құлағы нешеу?

(елу, пятьдесят, fifty)

3. Отыз тістен шыққан сөз-неше рулы елге тарайды?

Отыз, тридцать, sooty

4. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады?

Он екі, двенадцать, twelve



IV. бөлім

«Адасқан әріптер»

Апрцетяи – трапеция

Еңшбре- шеңбер

Шұбршүы – үшбұрыш

Трұбышрет – төртбұрыш

Рвадкат – квадрат

V. бөлім

«Қатесін тап!»

Оқушылар жіберілген қателерді тауып, дұрыстап жазып көрсету қажет

1. (а+в)2=а2+2ав+в

2. (а-в)2=а-2ав+в2

3. (а-в)(а+в)=а2+ в2

4. (а+в)2=а3+3ав+3ав2+в2

5. (а-в)2=а3+3а2 в-3ав2-в3

6. а3+в3=(а-в)(а2+ав+в2)

7. а3-в3=(а-в)(а2+ав+в2)



VІ бөлім: «Логикалық лобиринт»

1. Келесі сан қандай?

18 10 6 4 ?

2. Келесі сандар қандай?

1 4 5 ?

2 3 6 ?



Қорытындылау:

Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз – дей отырып, жеңімпаз топты анықтай үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік.



Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендерге көп рахмет.

Шын сезінген көрерменге,

Мың рхмет, мың рахмет!





Мың бір мақал жүз бір жұмбақ

Mahmutova.akerke 26 наурыз 2014 3180 0

100

Тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ.

Мақсаты:

1. Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту.

2. Халық ауыз әдебиетін пайдаланып, оны орынды қолдана білуге, сөз жүйесін таба білуге үйрету.

3. Халық ауыз әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым - қатынасқа, халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, мадақтау.

Көрнекілігі: халық ауыз әдебиеті бойынша мақал - мәтелдер, жұмбақтар, нақыл сөздер.

Кіріспе.

Жүргізуші: Құрметті көпшілік қауым!

Бүгін 2 - ші сыныптар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойын жарысы өткелі отыр. Мұндағы мақсатымыз - халық ауыз әдебиетін дамыту. Мақал - мәтелдер ғасырлар шежіресі, онда халық тарихы, онда әлеуметтік тіршілігі, ақыл өнегесі мол көрініс тапқан.

Жұмбақтар да ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жалпы алғанда жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді. Жұмбақтан халықтың ойлау жүйесін танимыз. Бүгін ортамызға халық ауыз әдебиетінің ең жанашыр - ларының бір тобы келіп отыр.

Қадамдарыңызға нұр жаусын дей келе, бүгінгі « Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ.» ойын жарысының ашылуын жариялаймыз.

Жарыстың шарты:

1. Мақал айтыс.

2. Мақалды жалғастыру.

3. Сандар бойынша мақал құрастыру.

4. Жұмбақ жарыс.

5. Ұлттық жұмбақ және логикалық жаттығулар.

Барысы: Жүргізуші: «Мақал - сөз атасы» дегендей ортамызға сайысқа қатысушыларды шақырамыз. Жарысқа 4 оқушы қатысады.

1. Бір минутта мақал - мәтелдерін айту. Ол 1 балл болып есептеледі. Ең аз балл жинаған оқушы сайыстан шығады. Қалған 3 оқушы келесі шартқа өтеді.

2. Мақалды жалғасттыру

Әр оқушыға екі мақал айтылады. Дұрыс жауапқа 3 балл.

1. Ер қаруы -...............(бес қару)

2. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,.......(төртеу түгел болса, төбедегі келеді.)

3. Білекті бірді жығар.......(білімді мыңды жығар.)

4. Жүз теңгең болғанша,..........(жүз досың болсын.)

5. Батыр бір өледі,..........(қорқақ мың өледі.)

6. Білгенің бір тоғыз..........(білмегенің тоқсан тоғыз.)

3. Сандар бойынша мақалдар айту.

Таңдаған сандарға мақал - мәтел құрастыру. Әр мақалға 1 балл.

1.) 50 2) 3 3) 6 4) 2

Қатысушылардың ұпайын санап, аз балл жинаған оқушы шығады.

4. Жұмбақ жарыс.

Бір - біріне жұмбақ қойып, шешеді. Әр жұмбаққа 1 балл.

5. Ұлттық жұмбақ және логикалық жаттығулар.

Дұрыс жауапқа 3 балл.

1. Үйдің әрбір бұрышында бір - бір мысық отыр. Әрқайсысына үш мысық қарсы отыр. Үйде барлығы неше мысық отыр? (4)

2 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. 1 жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек? (4)

3. Үш пар ат 30 км шапса, әр ат неше км шабады? (30 км)

4. Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы 5. Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады?

(1, өйткені қалғаны ұшып кетеді).

5. Үш май шам жанып тұр. Екеуін сөндірсе, нешеуі қалады? (2, өйткені біреуі жанып кетеді)

6. Екі жарым килограмм ет екі жарым сағатта піссе, жарты килограмм ет неше сағатта піседі? ( 2, 5 сағ )

7. Екі стақанға бірдей су құйдық. Оның біреуін тарелкеге төңкердің, қайсы стаканда су көп? (бірдей)

8. Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

Ал, енді ортамызға барлық сыннан мүдірмей өткен жеңімпаздардың ұпайын санап, жеңімпазды анықтап, марапаттау.

Кері қайту

Ілмек сөздер: Сыныптан тыс жұмыс, математика







ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ

/зияткерлік сайысы/



Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!

Мектепішілік «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайыскерлерді шақырайық ортаға.



2. Ойынның мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысы мына бөлімдер бойынша өткізіледі:

1 - бөлім Бәйге

2 - бөлім Тапқырлық

3 - бөлім Көкпар

4 - бөлім Жорға

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.



Бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтелік.



Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз дей келе «Бәйге» кезеңін бастайық

1 - бөлім БӘЙГЕ

/10 сұрақ қойылады, әр сұраққа 10 балл беріледі/

1 - бөлімнің соңында ең аз балл жинаған 1 оқушы сайыстан шығарылады

1 - сұрақ. Аспанда неше шоқ жұлдыз бар? 88

2 - сұрақ. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым? информатика

3 - сұрақ. Әлемге әйгілі компьютер программаларын жасаушы, Microsoft компаниясының негізін қалаушы? Билл Гейтс

4 - сұрақ. 30 градусқа қарсы жатқан катет неге тең? (Гипетенузаның жартысына тең)

5 - сұрақ. Дискриминанттың формуласы қандай? (D=b2 - 4ac)

6 - сұрақ. 2 қатынастың теңдігі (прапорция)

7 - сұрақ. Ең кіші планета? Меркурий

8 - сұрақ. Париж сахнасында ән салған тұңғыш қазақ әншісі? Әміре Қашаубаев

9 - сұрақ. Ноғай ордасының астанасы? Сарайшық

10 - сұрақ. Жарық жылдамдығы неге тең? 300000 км/с



2 - бөлім Тапқырлық

/салт - дәстүр, өнер, ғылым, спорт бөлімдерден тұрады/

2 - бөлімнің соңында ең аз балл жинаған 1 оқушы сайыстан шығарылады

І. Салт - дәстүр

1. Айтыстың ең көне түрі? Бәдік

2. Сәукелені желегімен кім қай уақытта киген? Жаңа түскен келін

ІІ. Өнер

1. «Қыз Жібек» фильмінің қоюшы режиссері? С. Қожықов

2. Қазақстанның атын әлемге паш еткен музыкалық топ? Ұлытау

ІІІ. Ғылым

1. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жылан бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? /Медицина/

2. Оптика, статика, акустика, динамика, механика, кинематика, магнетизм,

гидравлика, космология, энергетика бұл аталған ғылым салалары мектепте

қай пәнге қатысты? /Физика/

ІҮ. Спорт

1. 2008ж австрия мен Швейцарияда өткен футболдан Европа чемпионатының

алтын жүлде иегері қай елдің құрамасы? /Испания/

2. ХІХ жазғы олимпиада ойындары қай жылы, қай елде өткізілді?

/Пекин 2008ж/

3 - бөлім Көкпар

Көкпар бөлімі физика, математика, информатика және әртүрлі бөлімдерден тұрады. Ұяшықтарда сұрақтар жасырылған. Әр ұяшықта ұпай саны көрсетілген.

ФИЗИКА – 10

Қандай процесс адиабаталық процесс деп аталады? Жылу алмаспайтын

ФИЗИКА – 20

Тербеліс амплитудасы дегеніміз не? Ең үлкен ауытқу

ФИЗИКА – 30

Деформация дегеніміз не? Дене пішімінің өзгеруі

МАТЕМАТИКА – 10

Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді? Хорда

МАТЕМАТИКА – 20

Егер сағат 23 сағат 58 минут көрсетсе, бірақ ол 7 минут қалық болса, оның қазіргі дәл уақытын тап. 23 сағат 51 минут

МАТЕМАТИКА – 30

Диоганалдары тік бұрыш жасап қиылысатын төртбұрыш? Ромб

ИНФОРМАТИКА – 10

Адам мен компьютер арасындағы байланыс қалай аталады? Интерфейс

ИНФОРМАТИКА – 20

1 килобайтта неше байт бар? 1024 байт

ИНФОРМАТИКА – 30

Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы? Пернетақта

ӘР ТҮРЛІ – 10

Абылайханның өмірі мен ерлігін жырлаған жырау? Бұқар жырау

ӘР ТҮРЛІ – 20

Монғол мемлекетінің негізін қалаушы? Шыңғыс хан

ӘР ТҮРЛІ - 30

Дүние жүзіндегі ең терең көл.

4 - бөлім Жорға

(А нұсқасы)

/соңғы бөлімдер қалған 2 оқушыға 10 сұрақтан беріледі/

1. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ағылшынның ұлы физигі әрі математигі? И. Ньютон

2. “Жеті жарғы” заңдар жинағы қай ханның тұсында жазылған? Тәуке хан

3. Нөлдік вектордың ұзындығы неге тең? нөлге

4. 7 - ші Қысқы Азиада ойыны қандай мемлекетте өткізілді? Қазақстан

5. Ауа ылғалдығын анықтауға арналған құрал? Психрометр

6. Белгілі бір атпен сақталған ақпараттар жиыны? Файл

7. Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы қалай деп аталады?

Ақорда

8. Қосындысы нөлге тең болатын сандар? Қарама - қарсы сандар

9. Компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы? СD - ROM

10. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгенің ең кіші номиналы? 1тг



(В нұсқасы)

1. Қазақ спортшылары арасынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы?

Ж. Үшкемпіров

2. Вольтметр нені өлшейді? Кернеуді

3. 2 - нің 10 дәрежесі қаншаға тең? 1024

4. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? Бәйтерек

5. Ақпараттың ең кіші бірлігі? Бит

6. Санның жүзден бір бөлігі? Процент

7. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгенің ең үлкен номиналы? 10. 000 тг

8. Біз таксиге не үшін ақша төлейміз. Жол үшін бе, орын ауыстыру үшін бе? Жол үшін

9. Алматы қаласының оңтүстік - шығысындағы тау жүйесі? Іле алатауы

10. Байланыс каналдары арқылы алыстағы компьютерлер арасында ақпарат

алмастыру жабдығы қалай аталады? Модем





"ХХІ ғасыр көшбасшысы" атты зияткерлік сайысы

Жансая25 27 қараша 2014 596 0

0

Тақырыбы:"ХХІ ғасыр көшбасшысы" атты зияткерлік сайысы

Мақсаты: Оқушыларды әр түрлі пәндерге деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау. Сөйлеу қабілетін, мәдениетін, ой - өрісін дамыту.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, тарих, география, орыс тілі, ағылшын тілі

Іс - шара 5 кезеңнен тұрады. 1. Бәйге

2. Полиглот

3. Ғажайып алаң

4. Қиял әлемінде

5. Жорға

1. Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі өткелі отырған

"ХХІ ғасыр көшбасшысы" атты зияткерлік сайысына қош келдіңіздер! Қазіргі жастар білегіне емес, біліміне сенеді. Ендеше бүгінде кітап оқығанды жақсы көретін оқушыларымыз ортада. Бүгін ең білгір, ең мықты сайыскерлерімізді анықтаймыз.

2. Жүргізуші: Ал енді ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

І - кезең «Бәйге» Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз - деп сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

1. Сиырдың пірі/Зеңгі баба

2. Жылдан құр қалған жануар/Түйе

3. Жер бетінің қағаз бетіне кішірейтіліп түсірілген бейнесі /карта

4. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға /Президент

5. Ата Заңымызда қанша бөлім, қанша бап бар?/9бөлім, 98бап

6. Оян, қазақ! өлеңінің авторы /М. Дулатов

7. Ең үлкен уақыт өлшемі/ғасыр

8."Менің атым Қожа "повестінің авторы /Б. Соқпақбаев

9. Үш арсызды ата/ұйқы, күлкі, тамақ

10. Қазақтың ұлы ақыны /Абай Құнанбаев

ІІ - кезең «Полиглот» Оқушы сұраққа жауап беріп, жауапты орыс, ағылшын тілдеріне аударады.

1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі (Көктем - весна - spring)

2. Мұрты бар иегінде сақалы жоқ,

Тоны бар, киетін шапаны жоқ(мысық - кошка - cat)

3. Футболшының алаңдағы ойын заты (доп - мяч - ball)

4. Жеті қазынаның бірі, адамның досы (ит - собака - dog)

5. Әр адамның өз Отаны (жанұя - семья - family)

ІІІ - кезең «Ғажайып алаң» оқушылар қалаған ұяшықтарын таңдап алып, сұрақтарға жауап беру керек.

Қазақ тілі мен әдебиеті - 10

Мына өлең шумақтарынан теңеуді тап

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Мен жарыста сенемін

Қырандай құсты қанатты.



Қазақ тілі мен әдебиеті - 20

Абайдың неше қара сөзі бар?(45сөз)

Қазақ тілі мен әдебиеті - 30

Ыңғайлас салалас құрмалас дегеніміз не?

Қазақ тілі мен әдебиеті - 40

Есімшенің жұрнақтарын ата(ған, ген, қан, кен, мақ, мек, бақ, бек)

Қазақ тілі мен әдебиеті - 50

Қатыстық сын есім дегеніміз не?(заттың түрін, түсін, сапасын басқа сөз арқылы анықтайды)

Тарих - 10

Абылайханның өмір сүрген жылдары (1771 - 1781ж. ж)

Тарих - 20

1783 - 1797ж. ж Кіші жүз қазақтарының көтерілісін кім басқарды?(С. Датұлы)

Тарих - 30

Бөкей хандығы қашан құрылды?(1801ж 11наурыз)

Тарих - 40

Қазақстанда тұңғыш жәрмеңке қай жерде ашылды?(Ішкі ордада)

Тарих - 50

1836 - 1838ж. ж қазақ шаруаларының көтерілісі қай жерді қамтыды?( Ішкі орданы)

География - 10

Қазақстандағы ең тұщы көл (Балқаш)

География - 20

Балқаш көліне құятын өзендерді ата(Іле, Қаратал)

География - 30

Қазақстанда неше қорық бар?(9қорық)

География - 40

Астана мен Петропавл қалалары қандай өзен жағасында орналасқан?(Есіл)

География - 50

Қазақстан құрлықта қандай мемлекттермен шектеседі?(Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан)

Орыс тілі - 10

Раздел науки о языке, изучающий словосочетания и предложения...?(Антоним к слову временный)

Орыс тілі - 20

Сколько в русском языке падежей?(6)

Орыс тілі - 30

Что изучает лексика?(словарный состав языка)

Орыс тілі - 40

Назовите виды устного творчества?(сказки, загадки, пословицы, скороворки)

Орыс тілі - 50

Какие слова называются синоними?(синоним - это близкие по значению слова)

Спорт - 10

Қазақ халқының ұлттық ойыны(алтыбақан, қыз қуу, көкпар т. б)

Спорт - 20

Сиднейде бокстан әлем чемпионы болған кім?(Б. Саттарханов)

Спорт - 30

Бокстан әлем чемпионы, Лондон олимпиадасына қатысушы, әрі түлегіміз?

(Б. Жақып)

Спорт - 40

Ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы (И. Илин)

Спорт - 50

Сочиде өткен олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионы (Д. Тен)

І - жүргізуші Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асыл тасып, асықпа, қалыспа сен

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр

Шапшаңдық бұл сайыста керек бізге - деп 4кезең «Қиял әлемінде»атты кезеңге де келіп жеттік. Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру керек."Тәуелсіз Қазақстанның ертеңі мен бүгіні",

"Қазақстан" атты тақырыбында әңгіме құрастыру қажет. 7минут уақыт беріледі.

2 - Жүргізуші: Жоғары, жоғары, жорғала

Шапшаңдыққа таң қал ма.

Ойын деген нарталас,

Жеңілемін деп ойлама!- деп 5 кезең "Жорға"кезеңіне кезек берелік. Ұпайы жоғары екі оқушы сайысқа түседі. Оқушылар 20 сұрақтарға 1минутта жауап берулері керек.

1. Жіктік жалғаудың неше жағы бар?/3

2. Қазақ халқының белгілі әншісі Күләш.../Байсейітова

3. Қазақтың жаңа жылы/Наурыз

4. Бурабай көлі қай облыста/Солтүстік Қазақстан

5. Ата Заң қашан қабылданды?/1995ж. 30тамыз

6. Жылқы, түйе, қой, ешкі бір сөзбен қалай аталады?/төрт түлік

7. Бие сүтінен не әзірленеді?/қымыз

8. Түйе сүті/шұбат

9. Айранды ненің сүтінен әзірлейді?/сиыр

10."Қазақфильм" киностудиясы кімнің атында?/Ш. Айманов

11."Көксерек" әңгімесіндегі басты кейіпкер/Құрмаш

12. Бір жылда неше жыл мезгілі бар?/4

13. Бір жылда неше күн бар?/365

14. Қазақтар бала туылғанда қандай той жасайды?/шілдехана

15. 1961ж12сәуірде алғаш ғарышқа ұшқан кім?/Ю. Гагарин

16. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?/1991ж

17."Мұғалім" сөзінің синонимі /ұстаз

18."Үлкен" сөзінің антонимі /кішкентай

19. Қазақ тілінде неше септік бар?/7

20."Кел, балалар, оқылық!"өлеңінің авторы/Ы. Алтынсарин

І - жүргізуші Ойын толық, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыс та

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста - деп әділ қазы мүшелеріне ұпайларын есептеп жеңімпаздарды анықтаймыз.









«Жас математиктер» интеллектуалдық ойыны

Жарияланды 12-05-2014, 23:46 Категориясы: Математика

Математика – информатика апталығының 8 – сынып топтарының арасындағы сайыс



Тақырыбы: «Жас математиктер» интеллектуалдық ойыны

Мақсаты:

1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, математикалық ойлау қабілетін шығармашылық белсенділігін дамыту, логикалық және қызықты математикалық есептермен ойындармен таныстыру,

2. Оқушылардың еріктілігін пәнге, деген қызығушылығын, сауаттылығын арттыру, есептеу дағдыларын жетілдіру, алған білімдерін тереңдету.

3. Адамгершілікке сұлулыққа еңбек сүюге, бір - бірін сыйлауға, әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакаттар



Барысы:

1. Ұйымдастыру: Жас математиктер сайысы ойыны 5 кезеңнен тұрады.

Қатысушылар топқа бөлініп, әр топ өзіне ат беріп, топ басшысын сайлайды.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

Барысы:

І – КЕЗЕҢ. “ БӘЙГЕ”

ІІ – КЕЗЕҢ. “ОЙЛАН ТАП”

ІІІ – КЕЗЕҢ.“ӘН ШЫРҚАЙЫҚ ҚОСЫЛЫП ”

ІV – КЕЗЕҢ. “ ОЙ ТОЛҒАУ”



І – КЕЗЕҢ

«Бәйге»

Берілген сұрақтарға ия немесе жоқ деп жауап беріледі. Сұрақтың дұрыс, дұрыс емес екенін экран арқылы тексереміз.



ІІ – КЕЗЕҢ

«Ойлан тап»

Экранда көрсетілген алты ұяшықты таңдау арқылы, әр ұяшықтағы тірек сөздер арқылы сұрақтарға жауап беріледі. Жауабын экран арқылы тексереміз.



1. Тірек сөздер: Италия, оқымысты, мектеп

2. Тірек сөздер: еңбегі, математика пәнінің бір бөлігі

3. Тірек сөздер: мақал - мәтел

Досыңды... күн сынама... жыл сына.



4. Тірек сөздер: Сандық, жәшік, қорап

Сандықтың ішінде 5 жәшік бар, әрбір жәшікте 3 қорап, ал әрбір қорапта 10 алтын тиын бар. Сандық, барлық жәшік, және қораптар құлыппен жабылған. 50 алтын тиын алу үшін неше құлыпты ашу керек?



5. Тірек сөздер: вертолет, математика, физика

Ең алғаш вертолет жобасын жасаған, математика, физика, астрономия, геология, адам және жануар физиологиясымен, химиямен айналысқан, бірақ дүние жүзіне аты басқа жетістігімен танымал болған адамның атын атаңыз.



6. сан, Э. Каснер, атау

Бұл санға ең алғаш атауды математик Э. Каснер берген. Ол өзінің 9 жасар жиенінен осы санды қалай атауын сұрағанда, жиені осы санға атау берген. Бұл санның ақылға қонымсыз үлкен болғаны соншалық ол іс жүзінде қолданылмайды. Осы санды жазу үшін бүкіл ғаламдағы жер аздық етер еді.



ІІІ – КЕЗЕҢ

«Ән шырқайық қосылып» нота бойынша берілген сұрақтарға жауап береміз.

1. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)

2. 44444444= 500 (444 + 44 + 4 + 4 +4= 500)

3. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі

жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде жолдың жартысы қалғанша ұйықтады. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтады? (Төрттен бірін)



ІV – КЕЗЕҢ

«Ой толғау»

Берілген төрт ұяшықтағы логикалық сұрақтарға жауап береміз.

Қорытынды: Қатысқан оқушыларды марапаттау



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров93
Номер материала ДВ-480347
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх