Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / "Физикадан тоқсандық тест " 10-класс

"Физикадан тоқсандық тест " 10-класс

  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

10 класс физика тестері

1-тарау. Кинематика

1.Бірқалыпты түзу сызықты қозғалған автомобиль 10 с ішінде 150 м жол жүрді. Дәл осындай жылдамдықпен ол 3 с ішінде қандай жол жүреді?

А) 30 м; В) 20 м; С) 60 м; Д) 45 м; Е 15 м;

2.Бірдей 10 м/с жылдамдықпен жол айырығынан бірдей уақытта 60º болатын бағыттармен ажыраған екі автомобиль 20 с өткеннен кейін бір-бірінен қандай қашықтықта болады?

А) 150 м; В)300 м; С) 200 м; Д) 100 м; Е) 250 м;

3.Ені 40 м өзенді жүзіп өткен жүзгішті су ағысы қарсы жағалауға өткенше 30 м-ге ығыстырған. Жүзу қашықтығы қандай болған?

А) 50 м; В) 20 м; С 35 м; Д) 60 м; Е) 25 м;

4.Суретте әртүрлі қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графиктері кескінделген. Оларды мынадай ретпен орналастырыңыз:

hello_html_5610a149.png

а) бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс;

ә) бір қалыпты үдемелі қозғалыс;

в) бір қалыпты баяу қозғалыс;

с) бастапқы жылдамдығы бар бір қалыпты үдемелі қозғалыс;

А) 1,3,2,4; В)3,2,4,1; С) 2,3,1,4; Д) 4,1,3,2; Е) 2,4,1,3;

5.Суретте әртүрлі қозғалыс кезіндегі жолдың уақытқа тәуелділік графиктері кескінделген.

а) бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс;

б) бірқалыпты үдемелі қозғалыс;

в) бірқалыпты баяу қозғалыс;

г) бастапқы жылдамдығы бар бірқалыпты үдемелі қозғалыс;

д) бастапқы жылдамдығы бар бірқалыпты баяу қозғалыс;

А) 5,2,1,4,3; В) 4,1,5,2,3; С)2,3,1,5,4; Д) 1,3,4,2,5; Е)5,3,2,4,1;

6.Жылдамдығын 36 км/сағ-тан 72 км/сағ-қа дейін арттырған автомобиль 5 с ішінде қанша жол жіреді?

А) 50 м; В) 45 м; С) 8 м; Д) 70 м; е)75 м;

7.36 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан автобусты жүргізуші аялдамаға 50 м қалғанда тежей бастады. Осы кездегі үдеу модулі қаншаға тең?

А) 2 м/с2; В) 1,5 м/с2; С) 1 м/с2 ; Д) 0,5 м/с2 ; Е) 3 м/с2;

8.Еркін құлаған дененің 4 секундтағы жүген жолы қанша?

А) 60 м; В) 80 м; С) 70 м; Д) 75 м; Е) 90 м;

9. 500 м биіктіктегі тік ұшақтан еркін түскен дененің Жер бетіне соқтығысқандағы жылдамдығын км/сағ есебімен шығарыңыз.

А) 150 км/сағ; В) 200 кс/сағ; С) 280 км/сағ; Д)340 км/сағ; Е) 360 км/сағ;

10. 500 м биіктіктегі тік ұшақтан еркін түскен дененің Жер бетіне қанша уақытта жетеді?

А) 8 с; В) 10 с; С) 7 с; Д) 9 с; Е) 7,5 с;

11. 30 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырған дене қандай биіктіекке көтеріледі және қанша уақытта құлап түседі?

А) 60 м, 5 с; В) 55м, 4,6 с; С) 50 м, 4,2 с; Д) 45 м, 6 с; Е) 42 м, 4 с;

12. Жұмыстың радиусы 0.3 м болатын жеңіл автомобильдің дөңгелегі 900 айн/мин жасаған кездегі жылдамдығын км/сағ есебін есептеңіз.

А) 98 км/сағ; В) 106 км/сағ; С) 105 км/сағ; Д) 101 км/сағ; Е)104 км/сағ;

13. Қисықтың радиусы 50 м жол иініндегі автомобильдің қозғалыс жылдамдығы 36 км/сағ болған кезіндегі центрге тартқыш үдеуі қандай?

14. Жұмыстың радиусы 0,3 м болатын жеңіл автомобильдің жылдамдығы 108 км/сағ. Автомобиль дөңгелегінің бұрыштық жылдамдығын анықтаңыз.

А) 120 с-1; В) 210 π ; С) 200 π ; Д) 90 с-1; Е) 220 π ;

15. Дене 30 м/с жылдамдықпен горизонтқа 30º бұрыш жасай лақтырған. Осы дененің Жер бетінен ең жоғарғы көтерілу биіктігін анықтаңыз.

А) 11,25 м; В)14,5 м; С) 12,5 м; Д) 13,25 м; Е) 10,5 м;

16. Дене қозғалысы жылдамдығының, Х және У остеріндегі проекциялары υх= 4 м/с және υу= 3 м/с болса оның модулі қашшаға тең?

А) 3,5 м/с; В) 4 м/с; С)4,5 м/с; Д)5 м/с; Е) 5,6 м/с;

Жауаптары:


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

Д

С

А

С

А

Е

С

В

Е

В

Д

Д

В

С

А

Д



2-тарау.Динамика. Ньютон заңдары.

1.Дененің инерттілігін сипаттайтын негізгі шама:

А) жылдамдық; В) күш моменті; С) үдеу; Д) масса; Е) импульс.

2. Орнынан қозғалған массасы 1 т автомобиль 5 с ішінде 36 км/сағ жылдамдық алды. Автомашинаға қандай тұрақты күш әсер еткен?

А) 1000 Н; В) 1800 Н; С) 2000 Н; Д) 2200 Н; Е) 2500 Н.

3. 2 м/с2 үдеумен лифт арқылы жоғары көтеріліп бара жатқан массасы 70 кг адамның салмағы қанша? А) 140 Н; В) 120 Н; С) 150 Н; Д) 130 Н; Е) 160 Н.

4. 5 м/с2 үдеумен жерге түсіп келе жатқан массасы 80 кг парашютистің салмағы қаншаға азайған? А) 380 Н; В) 10,4 Н; С) 420 Н; Д) 440 Н; Е) 400 Н.

5. Шамалары бірдей 6 Н екі күш денеге 60º бұрышпен әсер етеді. Қорытынды күш қаншаға тең? А) 8 Н; В) 10,4 Н; С) 12 Н; Д) 13 Н; Е) 12,6 Н.

6. Жер бетінен 800 км биіктікте ұшу үшін ғарыш кемесінің жылдамдығы қандай болуы керек? А) 7,9 км/с; В) 8,2 км/с; С) 8,2 км/с; Д) 8,1км/с ; Е) 8,4 км/с .

7. Массасы 40 кг бала айналу осі 2 м биіктікке бекітілген әткеншек теуіп тұр. Әткеншек ең төменгі нүктеден 4,4 м/с жылдамдықпен өтсе, бала осы нүкдеде орындыққа қандай қысым түсіреді? А) 750Н; В) 766 Н; С) 787 Н; Д) 816 Н; Е) 806 Н.

8.Қатаңдығы 100 кН/м тіркеу арқанмен массасы 3 т автомашинаны 2 м/с2 үдеумен сүйреген кездегі арқанның ұзаруын табыңыз. А) 3 см; В) 4 см; С) 5 см; Д) 6 см; Е)7 см.

9. Горизонталь орналасқан трибометр тақтайшасының үстімен диномометр арқылы 200 г ағаш білеушені сүйрегенде ол 0,6 Н-ды көрсетті. Үйкеліс коэффиценті қаншаға тең? А) 0,26 ; В) 0,03; С) 0,34; Д) 0,08; Е) 0,3.

10. Горизонталь орналасқан трибометр тақтайшасының үстімен диномометр арқылы 200 г, радиусы 2,5 см ағаш цилиндрді ось бойынша домалата сүйрегенде ол 0,4 Н-ды көрсетті. Домалау үйкеліс коэффициенті неге тең? А) 0,05; В) 0,03; С) 0,5;Д) 0,3;Е)0,04.

11. Ұзындығы 2 м 25 см рычагтың тіреу нүктесін, көтеретін жүк жағындағы ұшынан 25 см жерге орналастырып, 400 кг жүкті көтеру үшін оның екінші ұшына қандай күшпен әсер ету керек? А) 400 Н; В) 450 Н; С) 500 Н; Д) 550 Н; Е)600 Н.

12. Горизонталь жазықтықпен 30º бұрыш жасайтын а бұрыш жасайтын ағаштан жасалған көлбеу жазықтықпен массалары 100 кг болатын ағаш жәшіктерді сырғытып жүк машинасына тиеу қажет. Егер үйкеліс клэффициенті 0,3 болса, үйкеліс күші қандай болады? А) 300Н; В) 260 Н; С) 280 Н; Д) 320 Н; Е)240 Н.

13. Қыстыгүні горизонталь жазықтықпен 30º бұрыш жасайтын көлбеу жотадан шаңғымен сырғанаған бала қандай үдеумен қозғалады? Үйкеліс коэффициенті 0,035 –ке тең. А) 4,2 м/с2;В) 4,5 м/с2; С) 5 м/с2; Д) 4,7 м/с2; Е) 5,2 м/с2.

14. Массасы 50 кг жүкті блокқа асылған арқан арқылы 750 Н тұрақты күштің көмегімен жоғары көтереді. Осы кездегі дененің үдеуі қаншаға тең болады? (g=10м/с2). А)1,6м/с2; В)1,8м/с2; С)2 м/с2; Д)2,2м/2; Е) 2,4 м/с2.

15. Жер бетіндегі салмағы 700 Н адамның массасы Ай бетінде қаншаға тең болар еді? Ай бетіндегі еркін түсу үдеуі 1,623 м/с2.

А) 10 кг; В) 10,5 кг; С) 11,62 кг; Д) 11,83 кг; Е) 12,4 кг.

Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Д

С

А

Е

В

Е

С

Д

Е

А

С

В

Д

С

Д


Сақталу заңдарына тест сұрақтары

1. Орнынан қозғалған массасы 1 т автомашина тұрақты 2 кН күштің әсерінен 10 с ішінде қандай жылдамдық алады? А) 10 м/с; В) 14 м/с; С) 16 м/с; Д) 18 м/с; Е) 20м/с.

2. Массасы 40 кг бала 7 м/с жылдамдықпен жүгіріп келіп, 2 м/с жылдамдықпен сол бағытта қозғалған массасы 60 кг арбаға секіріп мінді. Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады? А) 5 м/с; В) 3,6 м/с; С) 4 м/с; Д) 4,2 м/м; Е) 4,4 м/с.

3. Үстінде бала отырған массасы 20 кг шананы қар үстімен қозғалыс бағытына 60º бұрышпен 100 м қашықтыққа сүйрегенде қанша жұмыс істеледі? Үйкеліс коэффициенті 0,03. А) 200 Дж; В) 240 Дж; С) 260 Дж; Д) 300 Дж; Е) 280 Дж.

4. 800 м/с жылдамдықпен ұшқан 10 г оқтың кинетикалық энергиясының 8 м/с жылдамдықпен қозғалған массасы 1 т автомашинаның кинетикалық энергиясына қатынасы қаншаға тең? А) 1/100; В) 1/10; С) 1/1; Д) 1/1000; Е)1/10000.

5.Кинетикалық энергиясы 100 Дж және импульсі 50 кг*м/с. Дененің массасы неге тең? А)15,0 кг; В) 12,0 кг; С) 12,5 кг; Д) 13,0 кг; Е)14,0 кг.

6. Тік жоғары қарай 30 м/с жылдамдықпен лақтырылған массасы 100 г дененің ең жоғарғы нүктедегі потенциалдық энергиясын анықтаңыз.

А) 45 Дж; В) 50 Дж; С) 35 Дж; Д) 40 Дж; Е) 450 Дж.

7. 10 м биіктіктен еркін түскен, массасы 2 кг дененің Жер бетіне 4 м қалған кездегі потенциалдық және кинетикалық энергияларын анықтаңыз.

А) 60 Дж, 90 Дж; В) 70 Дж, 100Дж; С) 80 Дж, 120 Дж; Д) 80 Дж, 110 Дж; Е) 70 Дж, 110Дж.

8. Массасы 0,5 кг дененің еркін түсу уақыты 2 с. Осы кездегі ауырлық күшінің жұмысы қаншаға тең? А) 70 Дж; В) 80 Дж; С) 90 Дж; Д) 100 Дж; Е) 110 Дж.

9. Массасы 10 г оқ қалың тақтайға 800 м/с жылдамдықпен кіріп одан 400 м/с жылдамдықпен ұшып шықты. Тақтайды тесіп өту үшін оқ қандай жұмыс атқарған?

А) 1800 Дж; В) 2400 Дж; С) 2000 Дж; Д) 2200 Дж; Е) 2600 Дж.

10. Массасы 2 т жүкті көтергіш кран 30 с ішінде 6 м биіктікке көтерді. Кран двигателінің қуаты қандай? А) 3 кВт; В) 3,2 кВт; С) 3,4 кВт; Д) 3,6 кВт; Е) 4 кВт.

11. Автомашинаның 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты түзу сызықты қозғалған кездегі көрсеткен қкаты 1 МВт. Автомашинаның массасы қандай?

А) 1 т; В) 2 т; С) 3 т; Д) 4 т; Е) 5 т.

12. Массасы 200кг, диаметрі 60 см темір бөшкелерді ұзындығы 5 м биіктігі 1,6 м ағаштан жасалған көлбеу жазықтықпен машинаға домалата артты. Домалау үйкелісінің коэффициенті 0,6 .Көлбеу жазықтықтың ПӘК-і қандай?

А) 60 %; В) 66%; С) 72%; Д) 80%; Е) 85%.

13.Қатаңдығы 500 Н/м динамометр пружинасына 40 Н күш әсер еткенде қанша жұмыс істелінеді? А) 1,6 Дж; В) 1,8 Дж; С) 2 Дж; Д) 2,2 Дж; Е)2,4 Дж.

14. Диаметрі 4 см құбырдағы судың жылдамдығы 1 м/с. Ос ықұбырмен тікелей жалғасқан диаметрі 2 см құбырмен су қандай жылдамдықпен ағады?

А) 3,6 м/с; В) 4 м/с; С)4,2 м/с; Д) 4,4 м/с; Е) 5 м/с.

15. Насостың пайдалы қуаты 4 кВт. Осы насос 8 м тереңдіктен 1 сағат ішінде қандай көлемдегі суды көтеріп шығарады? А) 120 м3; В) 140 м3; С) 160 м3; Д) 180 м3; Е) 200 м3.

Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Е

С

Д

В

С

А

С

Д

В

Е

Е

Е

А

В

Д




3-тарау. Сұйықтар мен газдардың қозғалысы.

1.Судың қандай тереңдігінде атмосфералық қысым екі еселенеді?

А) 5 м; В) 10 м; С) 15 м; Д)20 м; Е)25 м.

2. Паскаль заңының тұжырымдамасы қалай аталады?

А) Сұйыққа батырылған дене өзінің көлеміндей сұйықты ығыстырып шығарады; В) Сұйыққа батырылған денеге өзінің ығыстырып шығарған сұйығының салмағына тең кері итеруші күш әсер етеді; С) Құбырдың кез келген қимасы арқылы бір мезгілде бірдей көлемде сұйық ағып өтеді; Д) Сұйыққа (немесе газға) түсірілген қысым өзгеріссіз оның барлық нүктелеріне бірдей беріледі; Е) Құбырмен аққан сұйықтың статистикалық және динамикалық қысымдарының қосындысы тұрақты шама болып табылады.

3. 100 м тереңдікте теңіз суының қысымы бір атмосфералық қысымнан қанша есе артық? (hello_html_644d471.gif=1030 кг/м3) А) 100 есе; В) 70 есе; С) 50 есе; Д) 20 есе; Е) 10 есе.

4. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 6 см2 және оған 200 Н күш әсер етеді. Үлкен поршеннің ауданы 180 см2. Бұл поршенге қандай күш әсер етеді?

А) 4кН; В) 5кН; С) 5 кН; Д) 7 кН; Е)10 кН.

5. Тығыздығы hello_html_644d471.gif= 0,7 кг/м3 ағаш су бетінде қалқып жүр. Оның қандай бөлігі суға батқан? А) 0,7; В)0,6 ; С) 0,5 ; Д)0,4 ; Е) 0,3 .

6.Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы S1= 10 см3, ал үлкен поршеннің ауданы S2=200 см2. Кіші поршеннің қозғалу биіктігі h1=10 см. Үлкен поршенді дәл осындай биіктікке көтеру үшін кіші поршень қанша рет жүріс жасауы керек?

А) 10 рет; В)15 рет; С) 20 рет; Д)25 рет; Е) 30 рет.

7. Су айдағыш мұнараның табанындағы манометр 1,8*105 Н/м2 қысымды көрсетті. Мұнарадағы су деңгейінің биіктігі қандай? А) 16 м; В) 18 м; С)20 м; Д) 22 м; Е)24м.

8. Массасы 100 кг қарағай су бетінде қалқып жүр. Оны кері итеруші күш қаншаға тең? А) 1000 Н; В) 900 Н; С) 800 Н; Д) 700 Н; Е) 600 Н.

9. Ауданы 12 м2 өзенде қалқитын сал жүк тиелген соң 25 см-ге дейін суға батты. Тиелген жүктің салмағы қанша? А) 20 кН; В) 22 кН; С) 24 кН; Д) 26 кН; Е) 30кН.

10. Теңіз деңгейінен 720 м биіктікте атмосфералық қысым қандай болады?

А) 680 мм..сын.бағ. В) 690 мм..сын.бағ; С) 700 мм..сын.бағ; Д) 710 мм..сын.бағ; Е)720. мм..сын.бағ

11. Құбырдың көлденең қимасы ауданы 10 см2 бөлігіндегі судың ағысының жылдамдығы 0,2 м/с. Осы құбырдың көлденең қимасының ауданы 3 см3 бөлігіндегі су ағысының жылдамдығы қандай? А) 1,1 м/с; В) 1м/с; С)0,9 м/с; Д) 0,8 м/с; Е) 0,7 м/с.

12. Сутегі газымен толтырылған, көлемі 100 м3 аэростаттың көтергіш күшін анықтаңыз. Сутегі тығыздығы hello_html_644d471.gif=0,09 кг/м3, ауаның тығыздығы hello_html_644d471.gif=1,29 кг/м3.

А) 1120 Н; В) 1140 Н; С) 1160 Н; Д) 1180 Н; Е) 1200 Н.

13. Горизонталь құбырмен аққан судың жылдамдығы 1,2 м/с болса, оның құбыр қабырғаларына түсіретін қысымы қандай?

А) 100600 Па; В) 100800 Па; С) 100660 Па; Д) 100700 Па; Е) 101000 Па.

14. Су айдағыш мұнарадағы су деңгейінің биіктігі 20 м. Оның табанындағы шағын тесіктен су қандай жылдамдықпен шығады? А) 18м/с; В) 20 м/с; С) 22 м/с; Д) 24 м/с; Е)26 м/с.

15. Массасы 72 кг сүңгігішке әсер ететін кері итеруші күшті табыңыз. Адам денесінің орташа тығыздығы 1,2*103 кг/м3. А) 570 Н; В) 580 Н; С) 590 Н; Д) 600 Н; Е) 610 Н.



Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

В

Д

Е

С

А

С

В

А

Е

С

Д

Е

А

В

Д


4-тарау. Молекула-кинетикалық теорияның негіздері.

1. 1 кг. Сутегінде қанша молекула бар? А) 2*10 23 ; В) 2*10 24; С) 3*10 23; Д) 3*10 25; Е) 3*10 26.

2. Оттегінің бір молекуласының массасы қандай?

А) 6*10 -23 кг; В) 6,2*10 -25 кг; С) 5,3*10 -26 кг; Д) 5,8*10 -24 кг; Е) 6*10 -25 кг.

3. Көлемі 0,5 л ыдыста массасы 3 г газ бар. Егер молекулалардың орташа жылдамдығы 500 м/с болса, ыдыс қабырғаларына түсеиін қысым қаншаға тең?

А) 1000 Па; В) 5*10 5 Па; С) 10 кПа; Д) 5*10 3 Па; Е) 50 кПа.

4. Егер газ молекулалар шоғыры 2 есе көбейіп, ал оларпдың орташа жылдамдығы 2 есе кемісе, қысым қалай өзгереді? А) Өзгермейді; В) 2 есеге артады; С) 4 есеге артады; Д) 2 есеге кемиді; Е) 4 есеге кемиді.

5. Шоғыры 5*10 24 газдың 27 º температурадағы қысымы қандай?

А) 20,7 кПа; В) 18,6 кПа; С) 19,2 кПа; Д) 22 кПа; Е)21,8 кПа.

6. Молекулаларының шоғыры 3*10 25 м-3, қысымы 40 кПа бір атомды газдың молекуласының орташа кинетикалық энергиясы қанша болады?

А) 10 -22 Дж; В) 3*10 -21 Дж; С) 2*10 -21 Дж; Д) 10-23 Дж; Е)2*10-23 Дж.

7. Температурасы 77ºС су молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы қаншаға тең? А)680 м/с; В) 695 м/с; С) 705 м/с; Д) 720 м/с; Е) 726 м/с.

8. Көлемі 33 л ыдыстағы температурасы 310 К газдың 160 кПа. Газдың зат мөлшері қаншаға тең? А) 1,8 моль; В) 1,9 моль; С) 2 моль; Д) 2,2 моль; Е) 2,3 моль.

9. Автомашина двигателінің цилиндріндегі газ көлемі 400 см3-ден 50 см3-ге дейін сыққан кезде қысым 8*105 Па болды. Бастапқы қысым қандай болған?

А) 1 атм.; В) 3*105 Па; С) 2*105 Па; Д) 1,2 атм.; Е) 1,3 атм.

10. 27º С-дегі жабық ыдыс ішіндегі газдың қысымы 15 кПа. -13ºС-де қысым қандай болар еді? А) 54 кПа; В) 55 кПа; С) 60 кПа; Д) 63 кПа; Е) 65 кПа.

11. Зат мөлшері 10 моль газдың көлемі қандай?

А) 44,8 л; В) 2,24 л; С) 22,4л; Д) 224 л; Е) 4,48 л.

12. Көлемі 40 л газбен пісіру баллонындағы массасы 5 кг оттегінің 27ºС кезіндегі қысымы қандай?

А) 82,8*10 5 Па.; В) 87*10 5 Па.; С) 92,4*10 5 Па.; Д)95*10 5 Па.; Е) 97,4*10 5 Па.

13. Тұрақты қысымда цилиндр ішіндегі көлемі 0,5 л газды 27ºС-тан 57ºС-қа дейін қыздырған кезде газ көлемі қанша пайызға артады?

А) 7 % ; В) 10 % ; С) 12 % ; Д) 14 % ; Е) 16 %.

14. Суретте көрсетілген идеал газ күйінің өзгеру процестерінің графиктерінен

а) изотермиялық; б) изобаралық; в) изохоралық процестің графиктерін тауып, осы айтылған ретпен орналастырыңыз.

hello_html_m37331de2.pngА) 1,2,3.; В) 2,4,5.; С) 3,4,5.; Д) 1,3,4.; Е) 2,3,4.

15. Жабық ыдыстағы газды 150 К қыздырғанда, оның қысымы 1,2 есе артты. Газдың бастапқы температурасы қандай болған? А)23ºС; В) 25 ºС ; С) 27 ºС; Д) 30 ºС; Е) 32 ºС.

А)23ºС ; В) 25 ºС ; С) 27 ºС ; Д) 30 ºС; Е) 32 ºС .

Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Е

С

В

Д

А

С

В

С

А

Е

Д

Е

В

Д

С



5-тарау. Термодинамика негіздері.

Термодинамика негіздері бойынша тест сұрақтары

1.Зат мөлшері 2 моль бір атомды газдың 200 С-тағы энергиясы қаншаға тең?

А) 6800Дж; В)6980,5Дж; С) 7204,5Дж; Д) 7260Дж; Е) 7304,5Дж;

2.Массасы 400 г аргонның (hello_html_24983292.gif) температурасын 200С-қа дейін арттырғанда оның ішкі энергиясы қаншаға өзгереді?

А) 2800Дж; В) 3000Дж; С) 3200Дж; Д) 2493Дж; Е) 2362Дж;

3.Жұмыстың көлемі 0,4л автомобиль цилиндрінің ішіндегі бензин тамшыларының жану нәтижесінде поршеньге 37,5 МПа қысым түсіреді. Осы кезде қанша жұмыс өндіріледі?

А) 12кДж; В) 12,4кДж; С) 13кДж; Д) 14кДж; Е) 15кДж;

4.Көлемі 2л суды 200С-тан 1000С-қа жеткізіп қайнату үшін қанша жылу мөлшері қажет? Судың меншікті жылу сыйымдылығы с=4200Дж/кг*0С

А) 650кДж; В) 672кДж; С) 694кДж; Д) 720кДж; Е) 726кДж;

5.1л бензин жанғанда қанша жылу мөлшері бөлініп шығады? Бензиннің меншікті жану жылуы q=4,6*107 Дж/кг, ал тығыздығы р=710кг/м3

А) 31200кДж; В) 31860кДж; С) 32660кДж; Д) 33420кДж; Е) 33640кДж;

6. 5кг суды қайнау температурасында буға айналдыру үшін 11,5*106Дж жылу мөлшері шығындалады. Судың меншікті булану жылуы қаншаға тең?

А) 2,3*105 Дж/кг; В) 2,5*106 Дж/кг; С) 2,6*106 Дж/кг; Д) 2,7*106 Дж/кг;

Е) 2,8*106 Дж/кг

7.Массасы 3кг мысты балқыту үшін температурасында толық сұйық күйге айналдыру үшін 6,3*106Дж жылу мөлшері шығындалады.Мыстың меншікті балқу жылуын табыңыз.

А)2,7*105 Дж/кг; В) 3,4*105 Дж/кг; С) 2,1*105 Дж/кг; Д) 2,3*105 Дж/кг; Е) 2,3*105 Дж/кг

8.Масасы 2кг гелийді 800С-қа дейін изохоралы қыздыру үшін қандай жылу мөлшері қажет

А) 468200Дж; В)498600Дж; С) 526200Дж; Д) 532300Дж; Е) 548320Дж.

9.Изотермиялық ұлғаю кезінде газ 50Дж жұмыс істеді. Оған қанша жылу мөлшері берілген? А) 25Дж; В) 75Дж; С) 100Дж; Д) 50Дж; Е) 150Дж.

10.Тұрақты қысымда газға 0,04 кДж жылу мөлшері берілді. Осының нәтижесінде газдың ішкі энергиясы 20Дж артты. Газдың атқарған жұмысы неге тең?

А) 10Дж; В) 0Дж; С) 15Дж; Д) 20Дж; Е) 60Дж;

11.Адиабаталық процесс кезінде ішкі энергиясы 20Дж-ға артқан газдың атқарған жұмысы неге тең? А) 20Дж; В) 30Дж; С) 40Дж; Д) 0-ге тең; Е) 10Дж;

12. Карно циклі бойынша қыздырғыштың температурасы 800 К-ге жеткенде ПӘК 60% болды. Суытқыштың температурасы қандай болған?

А) 260К; В) 300К; С) 320К; Д) 340К; Е) 360К.

13. Меншікті жану жылуы q=4,6*107 Дж/кг 1 кг бензин шығындаған автомобиль

1,15*107 Дж пайдалы жұмыс өндірді. Автомобиль двигателінің ПӘК-і қаншаға тең?

А) 20%; В) 25%; С) 30%; Д) 35%; Е) 40%;

1hello_html_1a3c9503.gif4. Суреттегі газдың жасаған циклі бойынша оның орындаған пайдалы жұмысы қаншаға тең?

А) 600Дж В) 450Дж С) 400 Дж р(Па)

Д) 200Дж Е) 300Дж

hello_html_m2823cef2.gifhello_html_3b8a6ff7.gifhello_html_m5aa6adf7.gifhello_html_m1a04a5ad.gif 300

hello_html_5951fc3b.gifhello_html_5789e2f7.gif

2hello_html_m5ee0d1.gifhello_html_4108a035.gif00

1hello_html_m36d2df2a.gifhello_html_5daa6e72.gifhello_html_m5ee0d1.gifhello_html_m5ee0d1.gifhello_html_m5ee0d1.gif00

hello_html_m639b3e94.gif

0 1 2 3 V(м3)

15.Газ қыздырғыштан 3*107Дж жылу мөлшерін алып және ұлғайып 5*107Дж жұмыс жасады. Бұл кезде газдың ішкі энергиясы қалай өзгереді?

А) Өзгермейді В) 8*107Дж-ге артты С) 2*107Дж-ге артты Д) 3*107Дж-ге артты

Е) 2*103Дж-ге артты

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Е

Д

Е

В

С

А

С

В

Д

Д

А

С

В

Е

С



6-тарау. Сұйықтар мен газдардың қасиеттері.

7-тарау. Қатты денелердің қасиеттері.


1. Қаныққан будың қысымы қандай шамаға тәуелді?

А)сұйық бетінің ауданына; В) молекулалардың массасына; С) көлемге; Д) температураға; Е) будың тығыздығына.

2. Сұйықтың қайнау температурасы тікелей қандай шамаға байланысты өзгеруі мүмкін?

А) сұйықтың көлеміне; В) сұйықтың тығыздығына; С) сыртқы қысымға; Д) молекулалардың массасына; Е) жылу берілу ауданына.

3. Кризистік температура деген қандай температура?

А) сұйықтың қайнау температурасы; В) сұйықтың булану температурасы; С) сұйықтың қатаю температурасы; Д) конденсациялану кезіндегі температура; Е) сұйық пен қаныққан бу арасындағы физикалық қасиеттердің өзгешелігі жойылатын температура.

4. Су буының парциал қысымы деген қандай қысым?

А) қанықпаған бу қысымы; В) судың қайнау кезіндегі будың қысымы; С) қаныққан бу қысымы ; Д) ауадағы басқа қоспасыз таза су буының қысымы; Е) кризистік температура кезіндегі қысым.

5. Қалыпты жағдайдағы су буының ауадағы парциал қысымы 1,2 кПа болған кезіндегі ауаның ылғалдылығы 50%. Қаныққан бу қысымы қандай?

А) 1,8 кПа; В) 2,4 кПа; С)2,2кПа; Д) 2кПа; Е)1,6кПа.

6. Тұрақты температурада қаныққан будың тығыздығы 2 есеге артса, оның қысымы қалай өзгереді? А)1,8 есе артады; В) 2 есеге артады; С) 2 есе кемиді; Д) 0,5 есеге кемиді; Е) өзгермейді.

7. 27ºС кезіндегі ауадағы қаныққан су буының қысымы 3,55 кПа. Су молекуласының шоғыры қаншаға тең? А) 0,86*1024 м-3 ; В) 0,88*1024 м-3; С) 0,9*1024 м-3; Д) 1024 м-3 Е)1,2*1024 м-3.

8. Су буының конденсациялануы қандай жағдайда болады?

А) Бу молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы артуы кезінде;

В) кризистік температура кезінде; С) Температура төмендеп, су молекулаларының бірігу жағдайында; Д)Су бетінен ұшып шыққан молекулалар санының қалыпты жағдайдағыдан артып кетуі кезінде; Е) Бу температурасы мен қысымы бірдей жоғарылаған жағдайда.

9. Болат арқанның салыстырмалы ұзару 0,001 болғанда пайда болатын кернеу қандай?

Болат үшін серпімділік модулы Е=210 ГПа.

А) 2,1*108 Па; В) 21 МПа; С) 210 кПа; Д) 2,1*106 Па; Е) 2,1*10 9 Па.

10. Көлденең қимасының ауданы 0,4 мм2 сымға 120 Н күш түсіргенде салыстырмалы ұзаруы 1,5*10 -3 болды. Сымның серпімділік модулы неге тең?

А) 150ГПа; В) 200 ГПа; С) 180 ГПа; Д) 160 ГПа; Е) 170 ГПа.

11. Ұзындығы 3 м алюминий сымды созғанда онда 35 МПа кернеу пайда болды. Алюминийдің серпімділік модулы 70 МПа деп есептеп, сымның абсалют ұзаруын табыңыз. А) 1 мм; В) 1,2 мм; С) 1,6 мм; Д) 1,8 мм; Е)1,5 мм.

12. Ұзындығы 30 см, көлденең қимасының ауданы 1 мм2 болат сымның қатаңдығы неге тең? Болат үшін Юнг модулы Е=210 ГПа.

А) 7*105 Н/м; В) 6,3*105 Н/м; С) 63*105 Н/м; Д) 70*105 Н/м; Е) 0,7*105 Н/м.

13. Көлденең қимасының ауданы 2 мм2 сымға 10кг жүк ілінген. Сымға түсетін механикалық кернеу қаншаға тең?

А) 4,1*10 6 Н/м2 ; В) 4,4 *10 6 Н/м2 ; С)4,6*10 6 Н/м2 ; Д) 49*10 6 Н/м2 ; Е) 9,8*10 6 Н/м2 .

14. Төменде келтірілген қасиеттердің қайсысы кез-келген аморф денеге тән қасиет:

А) пластикалық; В) мөлдірлік; С) анизатроптық; Д) изотроптылық; Е) механикалық беріктік.

15. Суретте материалдың созылу диаграммасы көрсетілген. Диаграмманың қай бөлігі материалдың аққыштығына және қай нүктесі оның беріктік шегіне сәйкес келеді?


hello_html_52ec8715.png

А) 0-1,3; В) 1-2,6; С) 3-4,5; Д) 2-3,5; Е) 3-4,6.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Д

С

Е

Д

В

В

А

С

А

В

Е

А

Д

Д

С


8-тарау. Электростатика

Электростатика бойынша тест сұрақтары

1.Әрқайсысының заряды 1мкКл болатын екі нүктелік заряд 30 см қашықтықта бір-бірімен қандай күшпен әсерлеседі?

А) 1мкН; В) 1нН; С) 10мкН; Д) 0,1 Н; Е)10 Н.

2.Әрқайсысының заряды 3 мкКл болатын екі кішкентай шар бір-бірімен 0,9 Н күшпен әсерлеседі. Олардың ара қашықтығы қандай болған?

А) 30 см; В) 27 см; С) 0,1 м; Д) 0,03 м; Е) 9 мм

3.Заряды 32 мкКл металл шарик бетіне қанша еркін электрон орналасқан?

А) 3*1013; В) 2*1014; С) 4*1012; Д) 1016 ; Е)5*1012.

4.Кернеулігі 3 кВ/м тең электр өрісіне орналасқан 10нКл зарядқа өріс тарапынан қандай күш әсер етеді?

А) 0,3мкН; В) 3 мкН; С) 3*10-4мкН; Д) 30 мкН; Е) 3 мН

5.20 нКл заряд өрісінің зарядтан 6 см қашықтықтағы нүктедегі кернеулігі қандай?

А) 30 кВ/м; В) 40 кВ/м; С) 50кВ/м; Д)12кВ/м; Е) 60кВ/м.

6.Кернеулігі 4555 В/м өрісте электрон қандай үдеумен қозғалады? Электронның массасы 9,1*10-31кг, электронның заряды 1,6*10-19Кл.

А) 2*10 м/с2 ; В) 3*1015м/с2 ; С) 5*10 14 м/с2

Д) 6*1014 м/с2 Е) 8*1014 м/с2

7.Кернеулік күш сызықтары вертикаль төмен бағытталаған біртекті магнит өрісінде массасы 2*10-9г, заряды 4*10-15Кл тамшы тепе-теңдікте тұр. Өріс кернеулігі қандай?

А) 4,5 кВ/м; В) 4,9 кВ/м; С) 5,4 кВ/м; Д) 6 кВ/м; Е) 6,4 кВ/м.

8. Сұйық диэлектриктегі 5 нКл эарядтан 3 см қашықтықтағы өрістің кернеулігіә 25 кВ/м. Диэлектрик өтімділігі қандай?

А) 1,8; В) 2; С) 2,3; Д) 2,5; Е) 3.

9.Кернеулігі 1 кВ/м өрісте 40 нКл заряд орын ауыстырғанда 4 мкДж жұмыс істелінді. Зарядтың орын ауыстыруы қаншаға тең? А) 1 см; В) 5 см; С) 10 см; Д) 15 см; Е)20см.

10.Кернеулігі 3 кВ/м өрістің бір күш сызығының бойында бір-бірінен 4 см қашықтықта орналасқан екі нүктенің арасындағы потенциалдар айырмасы неге тең?

А) 120 В ; В)140 В; С) 160 В; Д) 180 В; Е) 200 В

11.300 В-қа дейін кернеу берген кезде астарларына 240 мКл заряд жинай алатын импульстық фотожарқыл шамын қоректендіретін конденсатордың электр сыйымдылығы қандай? А) 640 мкФ; В) 720 мкФ; С) 780кмФ; Д) 800мкФ; Е) 840мкФ;

12.Әрқайсысының ұзындығы 20 м, ені 5 см екі алюминий фольгадан оралып жасалған электролиттік конденсатордың арнайы электролитке батырылған қағаз диэлектригінің диэлектрлік өтімділігі 4, ал қалыңдығы 0,354 мкм болса, оның сиымдылығы қандай?

А) 200 мкФ; В) 180 мкФ; С) 160 мкФ; Д) 120 мкФ; Е) 100 мкФ.

13.Әрқайсысының сыйымдылығы 4 мкФ болатын үш конденсатор схемада көрсетілгендей жалғастырылған. Олардың жалпы сыйымдылығы қаншаға тең?

hello_html_1b9c6bb3.png

А) 2,66 мкФ; В) 1,2 мкФ; С) 1,84 мкФ; Д) 3,62 мкФ; Е)6,5 мкФ.

14.Сыйымдылығы 20 мкФ конденсаторға 6 мКл зарюд берілген. Конденсатордың энергиясы қандай болды?

А) 0,8 мкДж; В) 0,9 Дж; С) 900 нДж; Д) 90 мкДж; Е) 8 мкДж.

15.Суреттегі А және В нүктелерінің арасына жалғастырылған әрқайсысының 2 мкФ конденсаторлар батареясының сыйымдылығы неге тең?

hello_html_m7a3a6ef0.png

А) 8 мкФ; В) 6 мкФ; С) 4 мкФ; Д)2 мкФ; Е)1 мкФ.


Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Д

А

В

Д

С

Е

В

В

С

А

Д

Е

А

С

Д



9-тарау.Тұрақты электр тогы

Тұрақты ток тақырыбына тест сұрақтары

1. Өткізгіш бойымен 10 А ток жүрген кезде оның көлденең қимасы арқылы 1 с ішінде қанша электрон өтеді?

А) 1,6*10-22; В) 6,25*1020; С) 16*1023 Д) 6,25*1019 Е) 16*102.

2.Өткізгіш ұштарына түсетін кернеу екі есе артқанда оның бойымен қозғалатын еркін электрондардың жылдамдығы қалай өзгереді?

А) өзгермейді; В) 3 есе артады; С) 2 есе артады;

Д) 2 есе кемиді; Е) 3 есе кемиді.

3. Егер кедергісі 8 Ом өткізгіштен 4 мин ішінде 120 Кл заряд өтетін болса, оған түсетін кернеу қаншаға тең?

А) 6 В; В) 4В; С)3 В; Д) 5В; Е) 2В.

4.6 Ом кедергіге арналған мектептің сырғымалы тиекті лабораториялық реостаты ұзындығы 6,7 м, көлденең қимасының ауданы 0,5мм2 сымнан оралған. Сымның меншікті кедергісін анықтаңыз?

А) 47*10-8 Ом*м; В) 110*10-8 Ом*м; С)72*10-8 Ом*м;

Д) 63*10 Ом*м; Е)36*10-8 Ом*м.

5. Суретте көрсетілген электр тізбегінде амперметр 0,015 А ток күшін, вольтметр 6 В кернеуді көрсетеді. Егер R1=800 Ом болса, вольтметрдің R2 кедергісі қаншаға тең?

hello_html_1f62180a.png

А) 400 Ом; В) 500 Ом; С) 600 Ом; Д) 700 Ом; Е) 800 Ом.

6. Суретте көрсетілгендей 120 В кернеу және 2 А ток кезінде әдеттегідей жанатын элетр шамын 220 В-тың электр желісіне қосу үшін қосымша кедергінің қандай шамасын алу қажет?

hello_html_3f1b9025.png

А)20 Ом; В)30 Ом; С)40 Ом; Д)50 Ом; Е)60 Ом.

7.Суретте көрсетілген схеме бойынша R1=30 Ом кедергіден өтетін ток 4 А. Егер R2 кедергісі арқыл өтетін токтың шамасы 0,5 А болса, оның кедергісі қаншаға тең?

hello_html_m40cf05aa.png

А)120 Ом; В) 160 Ом; С) 220 Ом; Д) 200 Ом; Е) 240 Ом.


8.Суретте келтірілген тізбекке 42 В кернеу түскен кезде амперметр 3 А ток күшін көрсетті. Егер R1=6 Ом, R2=3 Ом болса R3 кедергінің шамасы қандай болғаны?

hello_html_m4f00e073.png

А) 8 Ом; В)10 Ом; С) 12 Ом; Д) 14Ом; Е) 16 Ом.

9.Кедергісі 18 Ом өткізгіштің бойымен 3 мин ішінде 200 Кл заряд өтті. Токтың жұмысын есептеңдер.

А) 3 кДж; В) 4 кДж; С)5 кДж; Д) 6 кДж; Е)6,4 кДж;

10.220 В кернеуге қосқанда 10 мин ішінде 66 кДж жылу беретін қыздырғыштың кедергісі қандай болады?

А) 440 Ом; В) 280 Ом; С) 360 Ом; Д)460 Ом; Е) 380 Ом.

11.220 В кернеуге арналған қуаты 101 кВт электр қыздырғышының кедергісі қаншаға тең?

А)32 Ом; В) 36 Ом; С) 40 Ом; Д) 44 Ом; Е) 48 Ом.

12.Қалта фонарын ЭҚК-і 4,5 В-қа тең элементтен қоректендіргенде оның шамының қыл сымы арқылы 0,5 А ток өтеді . Шамның 1 мин жануы кезіндегі сыртқы күштердің өндірген жұмысы қаншаға тең?

А) 12 Дж; В) 135Дж; С)125 Дж; Д)140 Дж; Е)145 Дж.

13.ЭҚК-і 12 В ішкі кедергісі 0,9 Ом аккумуляторды кернеу көзінен зарядтаған кездегі зарядтау тогының шамасын анықтыңыз. Өткізгіш сымдардың кедергісін 0,1 Ом деп алыңыз.

А)2 А; В)2,4 А; С)2,8 А; Д) 3,2А; Е)3,6 А.

14.Аккумулятор бір-бірімен тізбектей қосылған 5 элементтен тұрады. Әрбір элементтің ЭҚК 2,1 В және ішкі кедергісі 0,25 Ом. Егер сыртқы тізбек суретте көрсетілгендей жалғастырылған R1=4,5 Ом, R 2= R3=6 Ом кедергілерден тұрса, тізбектің тармақталмаған бөлігіндегі ток күші қаншаға тең?

hello_html_m1920f52b.png

А) 2А; В) 1,2 А; С) 1,4 А; Д) 1,6 А; Е) 1,8 А.

15. ЭҚК көздерінен тұратын 6 элементтің, суретте көрсетілгендей 4-еуі тізбектей, екеуі параллель қосылған. Әрбір элементтің ЭҚК-і 1,5 В және ішкі кедергісі 0,5 Ом. Сыртқы тізбек кедергісі 12,75 Ом болса, онымен жүретін ток шамасы қаншаға тең?

hello_html_5e14a641.png

А)2 А; В) 1,5 А; С) 1 А; Д) 0,5 А; Е) 0,3 А.

Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Д

С

В

А

Е

Д

Е

С

В

А

Д

В

А

С

Д


10-тарау. Электр және магнетизм

Магнит өрісі тақырыбына тест сұрақтары

1.Магнит өрісі қандай жағдайда пайда болмайды?

А) Зарядталған бөлшек қозғалыс болған кезде.

В) Тұрақты магнит тыныштықта тұрған жағдайда.

С) Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде.

Д) Металл атомдары бейтарап күйде болған кезде.

Е) Айнымалы электр өрісі болған жағдайда.

2.Магнит өрісін сипаттайтын шама:

А) Магниттік өтімділік

В) Индуктивтік

С) Магниттік индукция векторы

Д) Өткізгіш бойындағы ток шамасы

Е) Электр өрісінің кереулігі

3.Суретте өткізгіш бойымен жүретін токтың бағыты көрсетілген.Келтірілген стрелкалардың қайсысы магнит индукциясы векторының бағытын көрсетеді.

А) 5 В) 3 С) 1 Д) 4 Е) 2

4.Құйынды өрістерге жататын:

А) Индукция сызықтары радиал сырқа қарай бағытталған өрісте.

В) Индукция сызықтары радиал ішке қарай бағытталған өрістер

С) Индукция сызықтары паралель, шексіздікке бағытталған өрістер

Д) Индукция сызықтары едәуір тоғыз орналасқан өрістер

Е) Индукция сызықтары тұықталған өрістер

5.Ұзындығы 0,2м өткізгіш 0,6Тл біртекті өрісінің индукция векторына перпендикуляр орналасқан.Өтккізгіштің ток күші 5А.Өткізгіш магнит өрісінде3см-ге орыг ауыстырса Ампер күші қандай жұмыс атқарған?

А) 1,8*10-2Дж. В) 2*10-2Дж. С) 2,2*10-2Дж. Д) 1,6*10-2Дж. Е) 1,4*10-2Дж.

6.Магнит өрісінің индукциясы 8Тл болатын біртекті өрісте актив бөлігінің ұзындығы 0,2м өткізгіш индукция сызықтары 300 бұрышпен орналасқан.Өткізгіш бойымен 4А ток жүргенде магнит өрісі тарапынан оған қандай күш әсер етеді?

А) 2,8Н в) 3,2Н С) 3,4Н Д) 3,6Н Е) 4Н

7.Біртекті магнит өрісіндеорналасқан тогы бар (сурете ток бізге бағытталған) түзу өткізгішке әсер ететін Ампер күшінің бағытын көрсетіңіз.

А) Солға В) Оңға С) Жоғары Д) Төмен Е) Бізден әрі қарай

8.Индукция 0,5Тл біртекті магнит өрісіне электрон 20000 км/с жылдықтықпен индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта ұшып кірді.Магнит өрісі тарапынан электронға әсер ететін күшті анықтаңыз.Электронның заряды е=1,6*10-19Кл

А) 1,2*10-15Н В) 10-,2*10-14Н С) 1,2*10-12Н Д) 1,4*10-12Н Е) 1,6*10-12Н

9.Заряды е=1,6*10-19Кл,массасы 9,1*10-31 электрон 16000 км/с жылдамдықпен біртекті магнит өрісіне оның индукция векторына перпендикуляр бағытта ұшып кірді.Егер электрон магнит өрісінде радиусы 1см шеңбер бойымен қозғалса, өрістің магнит индукциясының шамасы қандай болады?

А) 9,1*10-3Тл В) 7,8*10-3Тл С) 8,3*10-3Тл Д) 8,7*10-3Тл Е) 6,8*10-3

10.Индукциясы 10Тл біртекті магнит өрісіне индукция векторына перпендикуляр бағытта ұшып кірген электронға өріс 8*1011Н күшпен әсер етсе,ол қандай жылдамдықта болған?Электрон заряды е=1,6*10-19Кл

А) 20000 км/с В) 30000 км/с С) 40000 км/с Д) 50000 км/с Е) 60000 км/с

11.Лоренц күші мына келтірілген шамалардың қайсысы өзгерте алады?

А) Заряд жылдамдығының шамасын В) Заряд жылдамдығының бағытын С) Зарядтың кинематикалық энергиясын Д) Зарядтың шамасын Е) Өріс индукциясының шамасын

12.Индукциясы 0,05Тл біртекті магнит өрісіне индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта 40000 км/с жылдамдықпен электрон ұшып кірді.Электрон траекториясының қисықтық радиусын анықтаңыз.

А) 4,55мм В) 5,2мм С) 5,5мм Д) 5,7мм Е) 6мм

13.Ферромагниттердің магниттік өтімділігі төменде келтірілген мәндердің қайсысына сәйкес келеді?

А) μ=1 В) μ>1 C>>1 Д)μ<1 Е)μ<<1

14.Кюри температурасы дегеніміз:

А) Суынуға байланысты белгілі бір температурада заттың магниттік ең жоғры мнге ие болатын температура

В) Суынуға байланысты заттың магниттік қасиеті мүлдем жойылатын температура

С) Қыздыруға байланысты заттың магниттік қасиеті ең жоғары мәнге ие болатын температура

Д) Қыздыруға байланысты заттың магниттік қаиеті мүлдем жойылатын температура

Е) Заттың магниттік қасиеті сақталатын температура

15.Индукция 0,25Тл біртекті магнит өрісіне жақтамаларының әрқайсысының ұзындығы 8см болатын,бойымен 4А ток жүретін төрт бұрышты рамка суретте көрсетілгендей етіп орналастырылған.Рамкаға әсер ететін Ампер күшінің шамасын анықтаңыз.

А) 0,1Н В) 0,22Н С) 0,12Н Д) 0,08Н Е) 0,16Н

Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Д

С

Е

Е

А

В

Д

Е

А

Д

В

А

С

Д

Е



11-тарау. Электромагниттік индукция.

Электромагниттік индукция тақырыбына тест сұрақтары


1.Индукциялық ток қандай жағдайда пайда болады?

А) Магниттік өзекшесі бар катушканы біртекті магнит өрісіне орналастырған кезде

В) Тұйықталмаған өткізгіштің контурын қиып өтетін магнит ағынының барлық өзгерісі кезінде

С) Біртекті магнит өрісінде тыныштықта тұрған кез-келген өткізгіште

Д) Тұйықталған өткізгіштің контурын қиып өтетін магнит ағынының барлық өзгерісі кезінде

Е) Қышқылдар мен сілтілер ерітінділеріне металл электродтарды батырған жағдайда

2. Ауданы 20см2 контур индукциясы 2Тл болатын біртекті магнит өрісіне орналастырылған.Егер контур жазықтығы мен индукция векторының арасындағы бұрыш 600 болса, контурдан өтетін магнит ағымы қаншаға тең?

А) 4*10-3Вб В) 3*10-3 Вб С) 2*10-3 Вб Д) 10-3Вб Е) 2*10-4 Вб

3. Контурда пайда болған индукциялық ток:

А) өзінің магнит өрісімен бағыты индукцияны тудырушы токтың магнит өрісіне әрқашан кері әсерде болады

В) Магнит өрісінің бағыты индукцияны тудырушы токтың магнит өрісінің бағытымен әрқашан бағытттас болып, оны демеп отырыды

С) Тізбекті қосқан кезде негізгі токпен бағыттас, ал ажыратқан кезде оған қарсы бағытта болады

Д) тізбекті қосқан кезде де, ажыратқан кезде де негізгі токпен бағыттас болады

Е) тізбекті қосқан кезде де, ажыратқан кезде де негізгі токқа қарсы бағытта болады

4. Контурды қиып өтетін магнит ағыны 2сек ішінде 10Вб-ден 2Вб-ге дейін азаяды. Осы кезде котурда пайда болған индукция ЭҚК-і қаншаға тең болады?

А) 3В В)4В С) 5В Д) 6В Е) 8В

5. Ұзындығы 0,2м өткізгіш иедукциясы 1,5Тл біртекті магнит өрісінде оның индукция векторының бағытымен 300 бұрыш жасап 15м/сек жылдамдықпен қозғалған. Өткізгіште пайда болған индукция ЭҚК-нің шамасын анықтаңыз?

А)1,4В В) 1,7В С) 2В Д) 2,25В Е) 2,5В

6. Индуктивтік катушка ЭҚК көзіне қосылды. Онда жалпы токтың шамадан артып кететін кезі қандай жағдайда болады?

А) тізбекті қосқан кезде

В) тізбекті қосқаннан кейін, ажыратқанға дейін

С) тізбекті ажыратқан кезде

Д) тізбекті қосып, ажыратқан жағдайлардың екеуінде де

Е) келтірілген жағдайлардың барлығында да

7. Катушкадан 10А ток жүрген кезде магнит ағыны 5Вб болады. Катушканың индуктивтігін анықтаңыз

А) 3Гн В) 2,5Гн С) 2Гн Д) 1,5Гн Е) 0,5Гн

8. Токтың 0,5 сек ішінде 0-ден 5А-ге дейін бірқалыпты артуы кезінде катушкадағы пайда болған өздік индукция ЭҚК-і 15В болды. Каткшканың индуктивтігі неге тең?

А) 1Гн В)1,5Гн С)2Гн Д) 2,4Гн Е) 3Гн

9. Индутивтігі 0,8Гн катушкамен 5А ток жүрген кездегі оның магнит өрісінің энергиясы қандай болады?

А) 4Дж В) 10Дж С) 12Дж Д)16Дж Е) 20Дж

10.индуктивтігі 10Гн электромагнит ЭҚК-і 220В болатын ток көзіне жалғанды.Егер тізбекті ажыратқан кезде ток күші 8А/с жылдамдықпен кемитін болса, осы моменттегі тізбектің жалпы ЭҚК-і қаншаға тең?

А) 250В В) 260В С)275В Д) 290В Е) 300В

11. Ұзындығы 0,4м өткізгіш 10м/сек жылдамдықпен біртекті магнит өрісінің индукция сызықтарына 300бұрыш жасай қозғалады. Егер осы кезде өткізгіш ұштарында 4В потенциалдар айырмасы пайда болса, магнит өрісі индукциясының шамасы қандай болады?

А) 2Тл В) 1,5Тл С) 1Тл Д) 2,4Тл Е)2,8Тл

12. Катушка бойымен 2А ток жүрген кезде оның магнит өрісінің энергиясы 2Дж болса, оның индуктивтігі қандай болады?

А)2Гн В)1,5Гн С) 1Гн Д)0,5Гн Е) 0,3Гн

13.Индуктивтігі 0,4Гн катушкада 2В өздік индукция ЭҚК пайда болды. Катушкадағы токтың орташа өзгеру жылдамдығын анықтаңыз

А) 1А/с В)2А/с С)3А/с Д)4А/с Е)5А/с

14.0,12сек ішінде ток күші 6А-ге өзгерген кезде соленоидта(ферромагниттік өзекшесі бар катушка) пайда болған өздік индукция ЭҚК-нің орташа мәні 3В болды. Соленоидтің индуктивтігін анықтаңыз

А) 0,1Гн В) 0,2Гн С) 0,3Гн Д) 0,4Гн Е) 0,5Гн

15. Ток күші 4А кезінде катушкада 2Вб магнит ағыны пайда болды. Катушканың магнит өрісінің энергиясын анықтаңыз

А) 3Дж В) 4Дж С) 5Дж Д) 6Дж Е)7Дж

Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Д

С

А

В

Д

С

Е

В

В

Е

А

С

Е

А

В

12-тарау. Әр түрлі орталардағы электр тогы

1. Еркін электрондардың шоғыры 6*10 м3 көлденең қимасының ауданы 5 мм2 өткізгіш бойымен 4,8 А ток жүрген кездегі электрондардың реттелген қозғалысының жылдамдығын табыңыз.

А) 0,05 мм/с; В) 0,25 мм/с; С) 0,1 мм/с; Д) 0,2 мм/с; Е) 0,16 мм/с

2. 20ºС температурадағы мыс сымның меншікті кедергісі ал кедергінің температуралық коэффициенті 0,0043 К-1. Осы сымның 50 ºС-дағы меншікті кедергісін анықтаңдар. А) 1,9*10 -8 Ом*м; В) 1,8*10 -8 Ом*м; С)12,1* 10 -8 Ом*м; Д) 2,2*10 -8 Ом*м; Е) 2,3*10 -8 Ом*м;

3. Ұзындығы 2 м өткізгіш сымның ұштарына 50 В кернеу түсетін болса, ондағы әрбір электронға қандай күш әсер етеді? А) 2*10-18 Н; В) 4*10-18 Н; С) 3*10-18 Н;

Д) 10-18 Н; Е)6*10-18 Н.

4. Жартылай өткізгіштердің бір жақты өткізгіштігін қандай жағдайда қамтамасыз етуге болады?

А) Тек п – типтес жартылау өткізгішті пайдалану арқылы

В) Тек р – типтес жартылай өткізгішті пайдалану арқылы

С) п-типтес жартылай өткізгішті донарлық қоспа енгізу арқылы

Д) р- типтес жартылай өткізгішке донарлық қоспа енгізу арқылы

Е) п және р типтес жартылай өткізгіштерді бір-бірімен түйістіру арқылы.

5. Акцкпторлық қоспасы бар жартылай өткізгішті материалдарда электр өткізгіштіктің қандай түрі бар? А) электрондық; В) кемтіктік; С) электрондық және кемтіктік тең шамада; Д) ток өткізбейді; Е) иондық.

6. Жартылай өткізгішті диодтар қандай мақсатта қолданылады?

А)Тізбектегі ток шамасын күшейту үшін; В) Тізбектегі кернеуді күшейту үшін; С) Кез-келген электрлік тербелісті күшейту үшін; Д) Айнымалы токты тұрақты токқа түзету үшін; Е) Тұрақты кернеуді айнымалы кернеуге айналдыру үшін.

7. Транзисторлар қандай мақсатта пайдаланылады?

А) Айнымалы токты тұрақты токқа түзету үшін; В) Тұрақты токты айнымалы токқа айналдыру үшін; С)Кез-келген электрлік тербелісті күшейту үшін; Д)Тізбектегі токты тұрақты етіп ұстпа тұру үшін; Е) Жартылай өткізгіштің электрондық немесе кемтіктік өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін.

8. Термоэлектрлік эммиссия деп нені айтады?

А) Қыздыру нәтижесінде газдардың иондану құбылысын; В) Температураның жоғарылауына байланысты өткізгіштегі ток шамасының төмендеуін; С) Қызған металдардың бетінен электрондардың бөлініп шығу құбылысын; Д) Өткізгіштің қызуына байланысты кернеудің жоғарылауын; Е) Ток жүрген өткізгіштің қатты қызуынан оның жарық шығаруын.

9. Төменде көрсетілген графиктердің қайсысы вакуумдық диодтың вольт-амперлік сипаттамасына сәйкес келеді?

hello_html_m3b79bc9a.png

А) 5-график; В) 4- график; С) 3-график; Д) 2-график; Е) 1-график.

10. Электронды – сәулелі түтікшеде электрондық шоқты үдететін және фокустайтын қандай элемент? А) катод; В) катодтың оксидті қабаты; С) электронды шоқтың бағытын басқарушы пластиналар; Д) катод пен анод; Е) анодтық жүйе.

11. 5 сағат ішінде катодта 61,2 г цинк бөлініп шығу үшін ZnSO4 ерітіндісі арқылы қандай ток күшін жіберу керек? А) 10 А; В) 8 А; С) 6 А; Д) 5 А; Е) 4 А.

12. Жалпы 170 см2 металл бұйымды электролиз арқылы 1 А ток күші кезінде алтынмен қаптау үшін 2 сағатқа созылды. Алтын қабатының қалыңдығын анықтаңыз. Алтынның тығыздығы 19300 кг/м3, электрохимиялық эквиваленті 68*10-8 кг/ Кл.

А) 0,025 мм; В) 0,023 мм; С) 0,02 мм; Д) 0,17 мм; Е) 0,015 мм.

13. Газдардың электр тогын қткізудегі заряд тасымалдаушы бөлшектер:

А) Оң және теріс иондар; В) электрондар; С) оң иондар; Д)Электрондар және теріс иондар; Е) Электрондар және оң иондар.

14. Суреттегі газ разрядының графигінен тәуелсіз разрядқа сәйкес келетін бөлігін көрсетіңіз.

hello_html_671d6cb7.pngА)ОА; В) АВ; С) ОВ; Д)ВС; Е)ОС.

15. Плазма деген не?

А) Жоғары қысымдағы және температурадағы газ немесе бу; В) Жоғары температурада сұйыққа айналған қатты дене; С) Төменгі температурада немесе үлкен қысымда сұйықталған газ; Д)Не қатты, не сұйық денеге жатпайтын қоймалжың зат; Е) Жоғары температурада немесе жарық әсерінен газдармен қатты денелердің өте жоғары дәрежеде ионданған ерекше күйі.

Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

С

А

В

Е

В

Д

С

С

В


А

Е

Е

Д

Е


Автор
Дата добавления 08.01.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1144
Номер материала ДВ-316914
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх