Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Физикадан сыныптан тыс жұмыс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Физика

Физикадан сыныптан тыс жұмыс

библиотека
материалов

   Кешті өткізуге дайындық:

А) Кешке қатысатын оқушыларға физикалық терминдер мен шамалар бөліп беріліп, сол бойынша киім даярлап, өзі жайлы түсінік беруге тырысады, және өлеңді жаттайды.

Ә) Кеш өткізілетін орынды безендіріп, сахнаны дайындау.

2.      Кештің барысы: 

1-бастаушы:

Қайырлы күн қымбатты көрермен!

Сөз бастайын термелеп өлеңмен.

Тәрбиелі , білімді боп әрқашан

Өс өркенде қанат жайып кемелден.

2-бастаушы:

Табиғаттың сырын ұққан кемеңгер,

Бұл өмірден өтті дана шеберлер.

Ғалым демей кім деп оны айтарсың

Даналықтан мұра қалған өнерден.

1-бастаушы:

Физик, ғалым, астрономдар өтіпті,

Қиялменен көкке самғап жетіпті.

Табиғаттың аясында тербеліп,

Даналығын мұра етіп кетіпті.

2-бастаушы:

Ой санамда болса да балалығым,

Ғылым сырын білемін, даналығын.

Физика заңдылығын меңгертіп,

Зерделімін, білімдімін, саналымын!

1-бастаушы:

Физика патшалығы өмір сүрген

Заңдары ашылыпты дана тілмен!

Патшалыққа саяхат жасай жүріп,

Әр адам табиғаттың сырын білген.

2-бастаушы:

Қиыннан қиысады сөз сарасы,

Табиғаттың бар болар сан-санасы,

Физика патшалығының бір өзінде,

Бар екен дана, ғалым он баласы.

1-бастаушы:

Сөз кезегін беремін «патша» сізге

Бар екен сый-құрмет бізден сізге

Ұғынып біз көрейік сіз арқылы

«Физика» құдіреті осы неде?

Патша сөзі:

Уа, жұртым тыңдаңдар!

Кештен қалып қалмаңдар.

Патшалықтың әр саласы.

Мына ортада тұрғандар!

Табиғаттан нәр алған,

Адам болып жаралған,

Мына маған бағынып,

Білімді болып саналған.

Қозғалады бар әлем.

Мына маған бағынып

Қозғалады бар әлем.

Мына маған бағынып,

Айтылады ән- әуен!

Патшалығым қарыштап,

Жетер жері алыста,

Мына маған бағынып,

Ұшты адамзат ғарышқа!

Хабар алып алыстан,

Жеткен талай табысқа

Мына маған бағынып,

Атом мен адам табысқан,

Қарыштап ғылым дамиды,

Данаға сана дариды.-

Компьютермен  қамтимын,

Толтырып әлі әр үйді!

Құдіретті күштімін!

Патшамын мен саналы.

Бөлімдерім сан-сала,

Әкелгем он баланы!

2-бастаушы:

Балалары сөз кезегін алады,

Таныс болып сіздерге сөз салады.

Әр баланың сөз өнерін көрейік,

«Молекула» саған кезек берейік.

 

 

Молекула сөзі:

Затты құрап ортаңызға оралдым,

Сүйікті ұлы патшаның мен боламын.

Жәй көзге ерекшемін көрінбейтін,

Қозғалуға ешқашан ерінбейтін

Заттардың ең кішкене бөлшегімін

Әр заттың көрінбейтін өлшемімін

Еншімді алар  едім осы кеште,

Көрінуге еркіндік берсе бүгін.

 (өзі туралы түсіндіріп кетеді)

1-бастаушы:

Бір сенен басталды өмір өзек

«Қозғалыс» саған енді келді кезек.

Қозғалыс сөзі:

Қозғалыс мен аталған бір баласы,

Зерттеген Ньютондай ер данасы

Бар әлем мен арқылы нұрланады,

Бар әлем мен арқылы қозғалады,

Қозғалу алға ұмтылу, қалмау кейін

Оқы үйрен заңдарды қойып зейін.

Ғарышқа барып кейін отырарсың,

Бұдан артық мен енді не тілейін.

2-бастаушы:

Келді кезек «Жылдамдық» бір өзіңе

Құлақ қойып тыңдайық әр сөзіне!

Жылдамдық сөзі:

Қозғалыс тездігін мен сипаттаймын

Өзімді мен әлсізге ұқсатпаймын.

Желаяқ желдей ессе зымырайды

Шындасам «күш» өзің ұстатпаймын

Шығады басқалардан асқақ әнім,

Уақыт пен жол дегенді басқарамын.

1-бастаушы:

Өмірге жол бастайтын болып өзек,

«Жол» саған, міне, енді келді кезек.

Жол сөзі:

Мен патшаның ұлымын,

Көп ұлының бірімін.

Жолың болсын жолаушы

Жол аталған ұғыммын.

Жылдамдық пен уақыт,

Сыйлайды  маған  мол  бақыт!

Сәтті  күні  әрқашан

Маған  сен  де  жолға  шық!

Жол  боламын  атақты.

Патшаның  бір  ұлымын!

Жолың  болар  жолаушы,

Білсең  жолдың  ұғымын!

(Жолдың  өрнегін  жазып  ережесін  айтып  береді).

2-бастаушы:

«Уақыт»  саған  сөз  бердім,

Сөз  алып  кәне,  ерлегін.

Уақыт  сөзі:

Өткені  ешкімге  де  сезілмейтін,

Ұлымын  уақыт  атты  білінбейтін.

Өлшемім  сағат,  минут,  секунд  болған

Көзіңе  елес  болып  көрінбеймін.

Уақыт  бос  өтпесін,  оқы  достым!

Жасыңа  әр  жыл  сайын  бір  жыл  қостым!

Ғасырға  қадам  бастық  мен  арқылы,

Міне,  менің  құдіретім,  осы  достарым!

1-бастаушы

Массаны енді тыңдайық,

Қоя тұрып басқаны

Ауырлау да мінезі

Масса асып саспады.

Масса сөзі:

Патшаның мен ардақты

Ұлымын міне жан-жақты,

Удеуге мені көбейтсең,

Білдіремін салмақты. (Өрнегін жазады.)

2-бастаушы

Көлдей болған көлемнің

Бар екен, қандай өнері

Сөз кезегін алады

Ортаға барып салады.

Көлем сөзі:

Патшаның сүйікті қызы,

«Көлем» атым!

Қызыл тілім жасқанба,

Сөйле батыл!

Массаны тығыздыққа бөліп берген,

Көлемнің ерлігімен,

Шыққан аты! (Ережесін айтады)

1-бастаушы

«Тығыздық» тұр  шыдамай

Айналаға ұнамай

Ал сөйлесін тығыздық,

Сөз төркінін қуалай.

Тығыздық сөзі:

Патшаның мен ұлы едім тығыздық  атым,

Денені салыстырған салтанатым.

«Тығыздық» мен боламын ұғына біл!

Салыстырып әлемді шыққан даңқы.

Денең де тығыз болсаң, шымыр болсаң

Бұлшық ет бұлтиып бір күшке толса,

Тығыздық құдіретін түсінер ең,

Басыңа физикалық білім қонса!

(Өрнегін жазып, кестеден тығыздықты көрсетеді)

2-бастаушы

Патшаның «Күш» аталған  құдіретті

Бар екен бір баласы ақ ниетті

Берейік сөз кезегін күш өзіңіе,

Көрсетіп өз күшіңді сөйле епті.

Күш сөзі:

Патшаның баласы едім өзім епті,

Қозғауға барлық затты күшім жетті.

Мен арқылы қозғалып барлық дене,

Атандым әрі күшті, әрі текті.!

Мен арқылы тартылып барлық ғалам

Өрекпіп өр көңілім оттай жанам

Жететін маған кім бар кел  ортаға,

Жетілді білім алып ой мен санам.

1-бастаушы

Патшаның «Қысым» атты баласына

Сөз кезегі келіті данасына

Қысым сөзі.

Патшаның баласы едім «Қысым» атты

Жалғайтын бабалардың дәстүр салтын,

Зерттеген Паскаль атты мені дана

Дарынды,  ғажап неткен парасатты.

Мен едім қысым деген қызық атым,

Денелер еркін тұрмай қысылатын,

Көмегім бар екен-ау табиғатта

Қысымды көбейтуді ұсынамын!

(Қысымды өлшейтін құралмен таныстырады.)

2-бастаушы

            Қымбатты білімді жас өрендер! Сіздер «Физика» атты патшалыққа саяхат жасағандай әсерде болып, Физика патшасымен және оның сан-саласы ретінде танысқан онбаласымен жүздестіңіздер! Ендігі кезекте физика патшасының қазынасынан кім көбірек енші алады деген ниетпен топ болып сайыс ұйымдастырылады.

            1-топ- Мұрагер, 2-топ –Мирас деп аталып, әр топқа бес-бестен патша балалары қатысады.

1)     Кім көп біледі? Қойылған сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек.

2)     «Құпия сандықтағы» сұрақтарға топ мүшелері кезектесіп жауап береді.

3)     Алдын-ала дайындалған физикалық тәжірибелерді түсіндіру.

4 .Жұмбақтар

5)     Терминдерге байланысты тілектер айту


Бастаушы :

  1. Кім көп біледі?

«Иә» немесе «жоқ»
1. Күн жүйесінде тоғвз планета ма? (жоқ)
2. Заттар үш күйде болады ма? (иә)
3. Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? (иә)
4. Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (жоқ)
5. Тартылыс заңын ашқан ғалым Ампер ме? (жоқ)
6. Жылдамдық бірлігі м/с (иә)
7. Температураны өлшейтін құрал динамометр ме? (жоқ)
8. Килограммен өлшейтін физикалық шама масса. (иә)
9. Уақытты сағатпен өлшейді ме? (иә)
10. Молекулар бей-берекет қозғалады ма? (иә)

1. Молекулалар заттың ұсақ бөлшегі ме? (иә)
2. Судың тығыздығы 1000кг/м3 - қа тең.(иә)
3. Жолдың өлшем бірлігі ньютон ба? (жоқ)
4. Барометр атмосфералық қысымды өлшейді ме? (иә)
5. Өзінің пішіні мен көлемін сақтау қатты денеге тән қасиет.(иә) о
6. Дененің жерге тартылуы үйкеліс күші ме? (жоқ)
7. Мензуркамен сұйық көлемі өлшенеді ме? (иә)
8. Судың үш күйі бар ма? (иә)
9. Салмақ күші ньютонмен өлшенеді ме? (иә)
10. Күш скаляр шама ма?(жоқ)

2.   «Құпия сандықтағы» сұрақтарға топ мүшелері кезектесіп жауап береді.

Дүниеде ең жүйрік не? (Ой,қиял)

Көзіңмен көресің бірақ ұстай алмайсың?

(көлеңке)

3.И. Ньютонның тартылысты ашуына не себеп болды?

4. Үш әріптен тұратын уақыт өлшемі (Жауабы: жыл, күн)

5.Әлемде не бар болса соның бәрі

6. Джин бөтелкеге кіріп, шығу кезінде өзінің көлемі мен формасын оңай өзгерте алады. Ол қандай агрегаттық күйде? (жауабы: газ тәріздес)

7. Суық тиген бала мен сау баланың қайсысының молекулалары жылдам қозғалады?(жауабы: суық тиген баланың, себебі температурасы жоғары)

8. Таудан түскенде автомобильдің қай доңғалағы айналмайды?(жауабы: қосымша)

9.Жер бетінде қай жерде ең ұзақ тәулік бар?(жауабы: тәулік барлық жерде бірд«Физиканың оң қолы химия болса, математика оның көзі» деген ғалым кім? (Ломоносов)

10. Ол физикалық өлшем «Бүкіл әлемдік тартылыс» заңын ашқан ғалым атымен аталады. (Ньютон)

11. Заттың ең кішкентай бөлігі ? (Молекула)

12. Физика қандай ғылым ? (Табиғатты зерттейтін)

13. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды ? (Адам ғарышқа ұшты)

14. Күн планета ма әлде жұлдыз ба? (жұлдыз)

15. Жер беті энергияны көп шығаратын тәулік мерзімі (түн, күндіз ол энергияны жұтады)

16. Молекулалық-кинетикалық теорияның қағидалары ? (Ай)

3. Жұмбақтар шешу

1-бастаушы

  1. Етек – жеңі жиналмай
    Дауыл тұрса дым қалмай
    Түйдектеліп көшеді
    Тоз - тоз болып өшеді. Жауабы: Бұлт. (1балл)
    2. Электр энергиясын өндіретін,
    Үйіңе жарық ендіретін,
    Ротор стартордан құрылымы,
    Кім айтады мұндай құрылғыны? Жауабы: Генетатор (1 балл)
    3. Асып кетсе кернеуді,
    Төмендетіп береді,
    Кеміп кетсе кернеуді
    Жетерліктей береді,
    Мұны ойлап тауып ед,
    Яблочков пен Усагин,
    Тұтынуға қажетті,
    Тауып берем кернеуді. Жауабы: трансформатор (1балл)
    3. Жарқылдан соң жаңағы,
    Суға бөкті бар алап.
    Көкте түрлі жолақты,
    Өрнек тұрды ғаламат. Жауабы: кемпірқосақ (1 балл)
    4. Күндіз қасыңнан қалмайды.
    Бірақ ешкім ұстай алмайды.
    Қорқақ па, қараңғыға бармайды. Жауабы: (Көлеңке) (1балл)
    5. Жалғыз бағыт білері,
    Бұрғаныңа көнбейді.
    Жол көрсетіп береді
    Бірақ өзі көрмейді. ( компас)

    6. Алтын теңге кетеді,
    Күміс теңге келеді. Жауабы: Күн мен Ай
    7. Отқа жанбас,
    Суға батпас. Жауабы: мұз (1балл)
    8. Табаныма байладым,
    Қос таяқпен айдадым. Жауабы: шаңғы (1балл)
    9. Жылт - жылт етеді,
    Жылғалардан өтеді Жауабы: Су (1 балл)
    10. Жылдың төрт мезгілінде де,
    Мазасызданады ол неге? Жауабы: Жел. (1 балл)
    11. Бұлтты аспанның жүзінде,
    Ойнайтын бұл немене? Жауабы: Найзағай. (1 балл)
    12. Өзі затты құрайды,
    Теңесуге таразыны сұрайды. Жауабы: Масса. (1балл)
    13. Аса қажет өмірге халық үшін,
    Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток)
    14. Тетігін бассаң алаңсыз
    Жазады қалам қағазсыз. (компьютер)

    15. Туыстарын шетінен,
    Өбеді де бетінен.
    Бала - шаға ұсағын,
    Бауырына қысады. ( магнит)

    16. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп)
    17. Шам, плита жұмысын жасай қалды,
    Ал оның есептен - ақ басы айналды. (Электр есептегш)

    18. Тар шеңберді айналып,
    Тұр құдықта байланып.
    Қаға берер таңдайды,
    Әдетінен танбайды ( сағат)

    19. Қозғалысқа келтіріп,
    Жылдамдығын береді.
    Өлшемдерін қарасақ,
    Ньютонға ол келеді. (күш)

    20. Жоғалмайды ешқашан,
    Түрлендірсек егер де.
    Басқа күйге ауысқан,
    Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия)

    21. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
    Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)

    22. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
    Бірақ қарағысы келмейді. (күн)
    4. Қызықты тәжірибелер
    1. Тәжірибе: Суы бар стакан, мұз кесектері, жіп, тұз. Осы заттарды пайдаланып, мұзды стаканнан алу керек.
    Жауабы: Тұздың әсерінен мұз ериді де, жіп мұзға кіріп лезде салқындап жабысып қалады.(кристалдану, балқу)
    2. Кәдімгі үрілген балалар шарын газетпен ысқылап бөлме төбесіне апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге?(Шар электрленеді.)
    3. Үріліп жіпке байланған екі шарды газетпен үйкеп - үйкеп жақындатамыз. Олар бірін - бірі тебеді. Неліктен? (Аттас зарядтар тебіледі.)
    4. Суы бар тарелкенің ішінен түйреуішті алу керек. Магнит бар.(Су ішіндегі темір түйреуішке, яғни су бетіне магнитті жақындатамыз, сонда түйреуіш су ішінен магнитке жабысады.. Магнит айналасында магнит өрісін тудырады, ол өріс су арқылы да тарайды.)
    5. Бөтелке, қағаз, шырпы, қабығы аршылған жұмыртқа. бөтелкенің ішіне қағазды жағып, аузына жұмыртқаны қойғанда, ол ішіне кіріп кетеді. Неліктен?(Бөтелкенің ішіндегі ауаның қысымы атмосфералық қысымнан азаяды)
    6. Суға картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. сонда нені байқауға болады? (Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі, батуы, қалқуын)
    7. Тарелкенің ішіне тиынды салып, су құямыз.
    Сұрақ: тарелкедегі тиынды қолды суламай қалай алуға болады?
    Жауабы: Қағазды жағып, стакан ішіне саламыз. Стаканды тезірек тиынның жанына төңкере қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкедегі су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады.
    5.Терминдерге байланысты тілек айту

Терминдерден құралған,

Ақ тілекті тыңдайық!

Алғыр,өткір жандардың,

Білімін біз сынайық.

Құрметті топ мүшелері мен сіздерге математикадан, физикадан терминдер айтамын.Сіздер бір-бірлеріңе ,көрермендерге сол терминдерді пайдаланып , жақсы тілектер айтасыздар.

Төрт- Төрт құбылаң тең болсын!

Ырысың мен берекең мол болсын!

Дәреже-Дәрежең еселенсін!

Талабың өсе берсін!

Шаршы-Шаршы алаңда мүдірме,

Көп ойланып кідірме!

Стандарт-Стандартқа сай білім алайық!

Қуат-Уа,халаайық! Бай-қуатты болайық!

Жұлдыз-Жұлдызың жоғары болсын!

Жасың жүзге толсын!

Күн –Күндей жарқырап тұр!

Ай –Айың әр уақытта оңыңнан тусын!

Күш-Күш –жігеріңіз сарқылмасын!


Кедергі ,көлем-Ешқашан кедергі

Болмасын көлемді!

Жұмыс-Жұмысың табысты ,

Ісің алғысты болсын!

Түзу-Өмірде түзу жолмен жүр!

Жер-Жер бетінде бейбітшілік болсын!

Жүйе-Алдарыңызға қойған мақсаттарыңыз жүйелі болсын!

Тең-Тең құрбыларыңның алды бол!

Есе –Еселенген бақыт келсін!


Топ сайыстан қорытынды шығару үшін  патшаның жан жары «Табиғат Анаға» сөз беріледі.

2-бастаушы

Ақылмен ие болған салтанатқа

Білмеген дандайсуға атақ-даңққа,

Берейік сөз кезегін  құрметпенен

Патшаның жан жолдасы «Табиғатқа»












Табиғат сөзі:

«Табиғат» аталған мен данасымын,

Бұл күнде он баланың анасымын.

Оның орыны бөлек әр қайсысы,

Көзімнің ағы менен қарашығы,

Табиғат пен тіршілікке сән беремін.

Адамға қуат болар нәр беремін,

Бар ғалам бір өзімнен бастау алған

Тіршілікке сән-салтанат әр беремін,

- дей келіп, «Сыйқырлы сандықшаны» ашып, топ сайысына қатысқан балаларына әр-түрлі тарту таралғысын ұсынады.

1-бастаушы

Мына өлеңмен аяқтайды:

Физика қызықты талайға

Саяхат жасалды  сарайға

«Құпия сандық» ашылды,

Білімнің шуағы шашылды!.

 






























 

6.Қорытындылау бөлімі.
Бүгінгі кешімізді мына бір физиктердің өмірінен қызықты хикаялармен аяқтағым келіп тұр.
1. Ньютонның екі мысығы болыпты. Біреуі үлкен, екіншісі кіші. Мысықтарды таңертең оның мазасын алмас үшін, есікке екі тесік жасапты. Бірі үлкен екіншісі кіші. Мұны көрген көршісі Ньютонға: «Неге екеу жасадың, біреуі де жетер еді ғой»- депті. Сонда Ньютон басын қасып: «Иә, бұл керемет ой! Бірақ бұл ой маған келмеген екен,- деген екен.
2. Рентген сәулелерін ашқан физик Рентгенге біреу хат жазыпты. Хатында Рентген бірнеше сәулелерді және қалай жұмыс істеу керектігін көрсететін нұсқауды хатпен салып жіберуді сұрапты. Хат иесінің сөзіне қарағанда көкірегінде оқ қалып қойыпты. Рентген хаттың иесіне мынадай жауап жазып жібереді: «Өкінішті - ақ, қазіргі уақытта менде бұл сәулелер жоқ және оларды жіберуде көп жұмыс туғызады. Сондықтан сізден сұрарым, ең оңайы, маған сіз өзіңіздің көкірегіңізді салып жіберіңіз».
3. Ампер басқалардан ұмытшақтығымен ерекшеленген екен. Бір күні ол үйінен шығарда есігіне хат жазып кетіпті. « Мырзалар! Ампер үйде жоқ, бүгін кешке келіңіздер» - деген сөз жазылған екен. Біраз уақыттан кейін Ампер үйіне келіп хаттағы жазуды оқып, кері қайтып, үйіне кешке келіпті.
4. Ұлы ғалым Эдисонның бағына кіретін есік өте қиын ашылады екен. Қонақтардың бірі Эдисонға өзің әйгілі өнертапқыш бола тұра осы есікті оңай ашылатын етіп қою қолыңнан келмей ме депті. Сонда Эдисон: «Меніңше есік жаман құрастырылмаған, ол үйдің су құбырымен байланысқан. Әр адам цистернаға 20 литр су құйып кетеді»- деп жауап бергенде қонақтары таң қалыпты

5.Кирхгоф өзінің спектрлік анализ жөніндегі жұмыстары жайлы айтып отырады. «Күннің спектрінде алтын бар екенін байқадым» - дегеніне, тыңдап отырғандардың бірі: «Мұндай жаңалықтан не пайда, Күндегі алтынды бәрібір ала алмаймыз» - дейді. Біраз уақыттан кейін оның осы ашқан жаңалығына алтын медаль береді. «Міне, мен Күндегі алтынды алдым» - деп әзілдеген екен ол.
Осындай көтеріңкі көңіл күймен сіздерге «сау болыңдар» демекпін.












































Краткое описание документа:

Физикадан сыныптан тыс жұмысты апталықта немесе сабақтан тыс уақытта қолдануға болады. Оқушылар түрлі физикалық шамалардың киімдерін немесе олардың аттарын бастарына корона түрінде киіп алуға болады.Оқушылар физикалық шамалармен танысады.Түрлі тәжірибелер жасау арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Қызықты сұрақтарға жауап беріп, физикалық жұмбақтарды шешу арқылы физикалық құбылыстармен және физикалық шамалармен танысады.Жұмыс оқушылардың ой-өрісін дамытып, сөйлеу шеберліктерін арттырады.Оқушылар шығармашылық жұмыс істеуге дағдыланады.

Автор
Дата добавления 12.01.2015
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров932
Номер материала 288307
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх