Инфоурок / Физика / Рабочие программы / Физикалық кеш "Физика еліне саяхат"

Физикалық кеш "Физика еліне саяхат"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары: Р.Жаймақова


«Нақты ғылымдар еліне саяхат» атты апталықта өткізілетін «Физика –еліне саяхат» атты кештің жоспары

Мақсаты: оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа , жауапкершілікке тәрбиелей отырып, ойлау қабілетін дамыту, алға қойған мақсатына жетуге тәрбиелеу

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Барысы: Оқушыларды екі топқа бөлу, сайыс шартымен таныстыру, әділ қазылар алқасын сайлау.

Сайыс шарты:

1. «Ойлан тап»

2. «Физика өмірде»

3. «Салыстыр»

4. «Қай ғалым»

5. «Қатесін тап»

6. «Орысшаңыз қалай?»


І. «Ойлан тап»

1. Аса қажет өмірге халық үшін

Пайдаланамыз күнде біз жарық үшін (Электр энергиясы)

2. Жалғыз бағыт білері

Бұрғаныңа көнбейді.

Жол көрсетіп береді,

Бірақ өзі көрмейді. (Компас)

3. Туыстарын шетінен,

Өбеді де бетінен

Бала шаға ұсағын,

Бауырына қысады. (Магнит)

4. Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді. (Күн)

5. Жоғалмайды ешқашан

Түрлендірсек егер де.

Басқа күйге ауысса,

Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия)

6. Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп кішкентай күн көзін. (Электр шамы)

7. Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға ол келеді. (Күш)

8. Өз еркіне жіберсең,

Дүниені ол бүлдірер (От)

9. Суға салсаң батпайды,

Отқа салсаң жанбайды.(Мұз)

10. Аяқсыз жүреді, отсыз жанады (Электр тогы)


ІІ. «Физика өмірде»

hello_html_m32b5a3d4.gif


Сұрақтар:

1. Судан алған балықты неге қолда ұстау қиын?

2. Неге қарда коньки емес, шаңғы тебу оңай?

3. Керосин мен суды бір ыдысқа құйғанда араласады ма, неге?

4. Етті тұздау қандай құбылысқа негізделген?

5. Ауызбен айтқан сөз бен микрофоннан шыққан дыбыстың қайсысы адамға тез жетеді?

Неге?

6. Винтті бұрағанда астына неге шайба салады?

7. Шатыр астына мұз неге қатады?

8. Қардан жасалған аяз атаға тон кигізсе ол еріп кетеді ме, неге?

9. Қаз неге судан құрғақ шығады?

10. Мына екі ыдыстың қайсысына су көп кетеді?

hello_html_3893a1b5.gif


3. «Салыстыр»


hello_html_aa969f2.gif







ІV. «Қай ғалым?»

  1. Көрнекті неміс физигі. Ол тізбектің бөлігі үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік заңын, тұйық тізбектегі ток күшін анықтайтын заңдылықты ашты. Кедергінің өлшем бірлігі ғалым есімімен аталады.


  1. Сұйыққа батырылған денеге әсер етуші күшті анықтап, “эврика” деп жүгірген ғалым

  2. Радионы ойлап тапқан ғалым

  3. Электромагниттік индукция құбылысын ашқан ғалым

  4. Элементтердің периодтық жүйесін құрушы ұлы орыс ғалымы. Ол газдар теориясын жасап, кризистік температураны анықтаған

  5. Классикалық механиканың негізін салған ғалым


V. «Қатесін тап»

1. Ертегіні оқып, қатесін тап:

Ертеде жер жүзін топан су қаптағанда апаттан қалған жан-жануарлар Қап тауының басында жиналыпты. Оларды сақтап қалу үшін Нұх пайғамбар кеме жасап су бетінде бір жылдай жүзген екен. Көзіне көрінгенді кеміруге дағдыланған тышқан, күндердң күнінде, кемені тескенде, кеменің іші суға тола бастайды. Сонда жылан құйрығының ұшымен тесікті бекітіп, барлық жан-жануарларды аман алып қалыпты. Оның жақсылығын көрген Нұх пайғамбар «не қалайсың, ұнатқаныңды ал» дейді, сонда қан құмар жылан сонаны шақырып, ең тәтті қанды тауып әкел дейді. Ол ондай қанды адамнан табады да, оны шағып, тілінің ұшымен алып келе жатады. Жолда оған қарлығаш кездесіп, сонадан не әкеле жатқанын сұрайды. Ол тіліндегі адамның қанын көрсетеді. Қарлығаш оның тілін жұлып алады. Содан бері тілсіз сона ызыңдайтын болыпты.


2. Электр поезы шығыстан батысқа қарай жүйткіп келеді.Қарсы бағыттан жел тұрса, жел поезд

түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді?


VІ. . «Орысшаңыз қалай?»


hello_html_40354d45.gifhello_html_m2bacfbb0.gif

hello_html_8325df7.gifhello_html_273d0253.gif





Қорытындылау. Ұтқан топ оқушыларын марапаттау.

Арал ауданы, Арал көпсалалы колледжінің физика пәні оқытушысы Г.Жансүгірова





«Бекітемін»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Р.Жаймақова



«Жаратылыстану алғырлары» апталығында физика пәні бойынша өткізілетін «Физика қызықтары» атты топ аралық сайыстың жоспары


Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау, құбылысты зерттеу және түсіндіре білуін шыңдау, жеңіске деген құштарлығын ояту, дүниеге көзқарастарын қалыптастыру, жолдастыққа, алға қойған мақсаттарына жете білуге тәрбиелеу.

Түрі: Топ аралық сайыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, ғалымдардың фотолары, сөзжұмбақтар, рефераттар мен буклеттер

Пәнаралық байланыс: химия, биология, электротехника, математика, информатика

Барысы: Сайысқа І, ІІ курс студенттері бойынша 10 оқу тобы қатысады. Сайыс осы топтардың арасында жүргізіледі.

Сайыс шарттары:

  1. Сөзжұмбақтар мен буклеттер сайысы

  2. Тәжірибе алаңы.

  3. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»

  4. Жұмбақтар әлемінде

  5. «Ғылымдар тоғысы»

1. Сайыстың бірінші шарты бойынша әр оқу тобы өздері дайындаған буклеттерін қорғайды және сөзжұмбақтарын шештіреді.

2. ІІ шарт бойынша әр оқу тобы өздері дайындаған тәжірибелерінің мағынасын аштырады, шеше алмаған жағдайда ұпай саны өздеріне есептеледі.

3. «Тапқыр болсаң талас жоқ». Ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру, дұрыс жауап үшін ұяшықтарда көрсетілген ұпайларды еншілейді.

10 ұпай: Жылдамдықтың өлшем бірлігі:

А)с Б) м/с В) м/с2

20 ұпай: Механикалық қозғалыс дегеніміз:

А) дененің қозғалуы Б) дененің бір орыннан екінші орынға орын ауыстыруы В) жылдамдықты арттыру

30 ұпай: Еркін түсу қозғалыстың қай түріне жатады?

а)Бірқалыпты түзу сызықты б) Бірқалыпты кемімелі в)Үдемелі қозғалыс

40 ұпай: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің теңдеуі

А) гипербола Б) парабола В) шеңбер бойымен

50 ұпай: Дене 3 км қашықтықты 20 м/с жылдамдықпен қанша уақытта жүріп өтеді?

А) 60 секунд Б) 1 сағат В) 150 секунд

60 ұпай: 360 км/сағ-ты халықаралық бірліктер жүйесіне келтір

а)100 м/с Б)36 км/сағ В)100 м/сағат

10 ұпай: Күштің өлшем бірлігі

А) Дж Б) Н В) кг

2hello_html_282560bf.gifhello_html_296a2c.gifhello_html_62ffd935.gif0 ұпай: Ньютонның ІІ заңы

А) Б) в)


30 ұпай: Дене импульсі

А) күштің уақыт өзгерісіне көбейтіндісі Б) Б)дененің қозғалыс жылдамдығының массасына

көбейтіндісі в)массаның үдеуге көбейтіндісі

40 ұпай: Айдың Жерді айнала қозғалысын бақылау негізінде

а) Ай мен Жердің арақашықтығы анықталды б)Еркін түсу үдеуінің мәні табылды в)Бүкіләлемдік тартылыс заңы ашылды

5hello_html_1dce04a0.gif0 ұпай: Гравитациялық тұрақтының сан мәні неге тең?

Аhello_html_1ffe114e.gifhello_html_m721d1d15.gif) Б) В)


60 ұпай: Орындық-гантель-адамнан тұратын жүйеде бұрыштық жылдамдық қай кезде кемиді?

А) Адам екі жаққа қолын созса Б) Адам қолын төмен түсірсе В) Жүйе тыныштықта болғанда

10 ұпай: Толқын ұзындығының өлшем бірлігі

а) герц б) метр в) лямбда

20 ұпай: Тұңғыш электромагниттік толқындарды шығарып алған ғалым

А)Генрих Герц б) Попов в)Максвелл

30 ұпай: Қазақстандағы тұңғыш радиостанция қайда салынды?

А)Өскемен Б) Порт Шевченко в)Алматы Көктөбе

40 ұпай: Радарлар не үшін қажет?)

а) Қысқа толқындарды пайдалану саласын дамыту б) Хабарлар мен радио саласын дамыту

в)Объектіге дейінгі қашықтықты, кеңістіктегі орны мен қозғалыс жылдамдығын анықтау

50 ұпай: Кемпірқосақ неден пайда болады?

а) ақ жарықтың жаңбыр тамшыларында түске жіктелуі б) су тамшыларының ауадағы көрінісі в) аспандағы түрлі түстер нәтижесінде жаңбыр тамшыларының түрленуі

60 ұпай: Хирургиялық операция кезінде хирург қолынан түскен көлеңке кедергі жасайды, мұндай кемшілікті жою үшін не жасау керек?

а) Шамды жарық толық түсетіндей орналастыру б) терезені ашып қою керек в) Барлық жағынан шам жағу керек


4. Жұмбақтар әлемінде (Жұмбақтар шешу)

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың


Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа

Тоқтарына көз жетеді

Көп болса асықпайсың,

Мезетте қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың?


Көп болса асықпайсың,

Мезетте қашықтайсың,

Асықсаң аз болады

Табасың мұны қайсың?


Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді


Сипаттайды жұмысты,

Тындырады көп істі.

Ол көп болса ширақсың,

Кімдер әлсіз, кім күшті?


Ай мен Күн ауысты,

Тәулікті тауысты


Суға салсаң батпайды

Отқа салсаң жанбайды


Өз еркіне жіберсең, дүниені бүлдірер

Таба алмай оң мен солыңды,

Адассаң қапылыста.

Дәл сілтер, көрсетіп жолыңды,

Шығысқа, батысқа.


Күш көбейсе артады

Ауадан артқа тартады

Жүзі жұқа үшкір зат

Одан бірақ қорқады


«Ғылымдар тоғысы»: 5 баллдық жүйемен бағаланады.Қызыл – биология: «Қара жәшік». Бұл жәшіктегі зат не сүрленген ет те емес, не балық та емес. (Тұздалған қияр) Қосымша қойылатын сұрақ қияр тұздау процесі қандай құбылысқа негізделген? (Диффузия)

Қызғылт-сары: математика: Координаталар жүйесін ең алғаш енгізген адам кім? (Р.Декарт)

Сары: астрономия: Қандай металл ерте заманда «тәңірлік» деп аталды? (темір, өйткені ол метеориттерде кездеседі) /5ұпай/

Жасыл: экология: Біз кейбір жабайы гүлдерді жұлу арқылы тек табиғатқа зиян келтіріп қана қоймаймыз, өзімізге зиянымызды тигіземіз. Неліктен? (15минуттан кейін өсімдік адам организміне зиянды улы газ бөліп шығарады. Адам оның иісінен уланады)

Көгілдір: география: Қай элемент жер қабатының атымен сәйкес келеді? (Литий, жер қабаты – литосфера, екі атау да гректің «литос» «тас» деген мағынаны білдіреді)


Кешті қорытындылау.




Пән мұғалімі: Г.Жансүгірова















































Арал көпсалалы колледжінде жаратылыстану пән бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Жаратылыстану алғырлары» атты апталықтың

ХАТТАМАСЫ

18-23 қараша, 2013 ж

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-044681
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>