Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Конспекты / Физикалық кеш (8 сынып)

Физикалық кеш (8 сынып)

  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Мақсаттары:

Білімділік: оқушылардың физика пәнінен 5-8 сыныптар аралығында алған білімдерін тексеру, қайталау және пысықтау.

Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, ойлау жылдамдықтарын, іс-әрекет жылдамдықтарын, зейін және ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларға топпен жұмыс істеуді, бір-бірінің пікірін тыңдай білуді, оны сыйлауды үйретуді жалғастыру және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілігі: Ұлы физиктердің портреттері, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта.

Ойынның барысы

Ойынға қатысушылар бір апта бұрын берілген сұрақтарға дұрыс жауаа бергендері үшін және есептерді дұрыс шешкендері үшін аталмыш жарыста бақ сынауға жолдама алған.

Алдын – ала берілген тапсырмалар:

  1. Көмірқышқыл газы бар ашық ыдыссты таразыда теңгеріп алған. Уақыт өтуімен таразы теңдігі неге бұзылды? (Ашық ыдыстан газ молекулалары ұшып шығып, мөлшері азаяды).

  2. Қатты денелердегі диффузия процесін қалай тездетуге болады? (температураны жоғарылату арқылы)

  3. Қандай зат сұйық күйден қатты күйге көшкенде басқа атауға ие болады? (Су)

  4. Жақындап келе жатқан көліктің алдынан көшені неліктен кесіп өтуге болмайды? (Инерция)

  5. Қалың қарда жаяу жүру қиын, ал шаңғымен жүру оңай. Себебі не? (Қысымға байланысты)

  6. Массасы 461,5 г металл кесегінің көлемі 65 см3. Бұл қандай металл?

  7. Массасы 300 г білеушенің өлшемі 15*5*2 см. Білеуше жасалған заттың тығыздығын анықтаңдар.

  8. Ұзындығы 30 см және ені 20 см аквариумге 25 см биіктікке дейін су құйылған. Аквариумдегі судың массасын анықтаңдар.

  9. Машинаға арналған болат детальдың массасын 780 г. оның көлемін анықтаңдар.

Жүргізуші:

Армысыздар, ағайын!

Ағайын тілін табайын,

Есенбісіз, ұстаздар,

Шаршамайтын қыс-жазда.

Көрермендер аман ба,

Бәріңізге бір сәлем!

І-бөлім: «Жылдам жауап бер»

Ойыншыларға кезекпен 30 сұрақ қойылады. Ең аз дұрыс жауап берген ойыншы ойыннан шығады.

  1. Күн жүйесінде неше планета бар? (Сегіз)

  2. Булану дегеніміз не? (Сұйықтың буға айналу құбылысы)

  3. Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дене пішіні мен көлемін өзгертетін деформация қалай аталады? (Пластикалық деформация)

  4. ХБЖ жылдамдықтың бірлігі. (м/c)

  5. Жылдамдық қандай әріппен белгіленеді? (hello_html_77abf56f.gif)

  6. Дене деформацияға түскен кезде әсер ететін күш? (серпінділік күш)

  7. 1 тоннада қанша килограмм бар? (1000 кг)

  8. Күшті қандай әріппен белгілейді? (F)

  9. Тығыздықтың өлшем бірлігі? (кг/м3 )

  10. Күшті өлшейтін прибор қалай аталады? (Динамометр)

  11. Деформация дегеніміз не? (Дененің пішінін немесе көлемін өзгертуі)

  12. Барометрмен нені өлшейді? (Атмосфералық қысымды)

  13. Күнді 30 жылда бір айналатын планета? (Сатурн)

  14. Конденсация дегеніміз не? (Бу молекулаларының сұйыққа қайта оралуы)

  15. Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді? (Спидометр)

  16. Қысымның өлшем бірлігі? (Па)

  17. Уақыт қандай әріппен белгіленеді? (t)

  18. 1 кПа неше паскаль бар? (1000Па=103 Па)

  19. Дененің массасы қандай әріппен белгіленеді? (m)

  20. Дененің массасын өлшейтін прибор? (таразы)

  21. Техникада қолданылатын металл манометрлер қалай аталады? (Бурдон манометрлер)

  22. Уақыт қандай прибормен өлшенеді? (Сағат)

  23. Күштің өлшем бірлігі? (Н)

  24. Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс қалай аталады? (Бірқалыпты қозғалыс)

  25. Атмосфералық қысымды анықтаған ғалым? (Эванжелиста Торричелли)

  26. Заттың неше күйі бар? (Үш: қатты, сұйық, газ тәрізді)

  27. Дененің температурасын өлшейтін құрал? (Термометр)

  28. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық векторлық шама? (Жылдамдық)

  29. Деформацияның қандай түрлері бар? (Пластикалық және серпінді)

  30. Қысым қандай әріппен белгіленеді? (р)

І турдан кейін ұпайы аз ойыншы ойыннан шығып, 7 ойыншы қалады.

2-бөлім: «Елеулі есім»

Бұл турда физика ғалымдары туралы сұрақтар қойылады. Оқушылар қай ғалым туралы айтылып тұрғанын табу керек.

  1. Ежелгі грек ғалымы «Маған тіреу нүктесін көрсетсеңіз болғаны, мен Жерді көтеріп беремін» деген сөзімен тарихта қалған. Ол кім?

  2. Негізгі тәрбиені шіркеуден алған, содан кейін білімін Пиза университетінің медициналық факультетінде жалғастырды. Одан соң математика мұғалімі болып жұмыс істеген. Ол 1692 жылы қайтыс болды. 100 жыл өткен соң 1737 жылы оның мәйітін, өсиеті бойынша, Флоренцияға Микеланджелоның жанына көшірді. Тек 300 жыл өткеннен кейін Рим папасы оның айтқан теориясын дұрыс деп жариялады. Ол алғашқы телескопты ойлап тапқан. Бұл қай ғалым?

  3. Өзінің ғылыми жұмыстары үшін бұл физик «Рыцарь» атағын алған. Гегель деген ғалым былай әзілдеген екен: «Әлемді құртқан үш алма: Адам алмасы, Париж алмасы және ... алмасы». Бос орынға қай физиктің атын қою керек?

  4. Архангельск қаласының маңайындағы орыс деревнясында 1711 жылы 19 қарашада дүниеге келген. Оны таныған кісі «Энциклопедия» деп атаған.

  5. «Физика» терминін ең алғаш орыс тіліне енгізген ғалым кім?

  6. Ең алғаш телескопты ойлап тапқан ғалым?

  7. Ең алғаш радарды ойлап тапқан ғалым?

  8. Көзілдірікті кім ойлап тапты?

  9. Алғашқы микроскопты кім ойлап тапты?

  10. Телефонды кім ойлап тапқан?

  11. Радионы кім ойлап тапқан?

  12. Француз физигі. Электромагниттік құбылыстар арасындағы байланыстар туралы теорияны жасады?

  13. Ғылыми еңбектері механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. Механиканың 3 заңын ашқан. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан.

  14. Итальян физигі. Электр кернеуін тапқан химиялық реакциялар арқылы электр тогын алған.

Осы турдан кейін дұрыс жауабы аз ойыншы шығады.

3-бөлім: «Формулалар әлемінде»

Ойыншыларға карточкалар үлестіріледі. Ойыншылар карточкаларда берілген формуладан көрсетілген шаманы табулары керек. Әр ойыншыға үш формуладан беріледі.

hello_html_m3b8c2452.gifhello_html_m422ea11e.gif(F=P*S)

Fa =mg g=? hello_html_m58e713f1.gif

hello_html_ma6a9ee2.gifhello_html_m66fc354c.gifhello_html_m5c91a222.gif

hello_html_256970ce.gifV=? hello_html_m6fde89be.gif

hello_html_m7748c0b.gifh=? hello_html_m3ba3c4a4.gif

hello_html_7a219bd5.gifhello_html_540f79ef.gifhello_html_ba48cb6.gif

Fx =kx k=? hello_html_29288432.gif

hello_html_m33901457.gifS=? hello_html_m3bf36ced.gif

hello_html_m44390203.gifh2 =? hello_html_m2cf99197.gif

4-бөлім: «Физикалық жұмбақ»

Қалған бес ойыншыға екі жұмбақтан беріледі.

1-жұмбақ

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да.

Саралайсың, таңдайсың. (Жол)



Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың,

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт)



Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты

Тағыда бір белгісіз шама шықты,

Ол болмаса денелер қозғалмайды.

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?



Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)



Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді,

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді. (Күш)



Өзі затты құрайды,

Теңесуге таразыны сұрайды. (Масса)



Жоғалмайды ешқашан,

Түрлендірсең егерде,

Басқа күйге ауысса,

Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия)



Пайдаланады мені жұрт,

Отын және жарыққа,

Қызмет етем әрқашан,

Түсіне білген халыққа. (Ток көзі)



Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланар күн сайын жарық үшін. (Шам)





Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды мән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл. (Масса)

Ұпай сандары тең болып жатқан ойыншыларға:

Бірдей көлемдегі масса кейде көп,

Аз болса да кейде дөп.

Делінеді бұл шама,

Аталуын тапшы тек. (Тығыздық)

Ұпай саны аз екі ойыншы ойыннан шығады.

5-бөлім: «Көрермендермен ойын»

  1. Өз еркімен 3 ойыншы шығады. Тақтада «Динамометр» сөзі берілген. 1 минут ішінде осы әріптерді пайдаланып, өмірге нақты бар заттарды жазу керек. Берілген уақыт өткеннен кейін жазған сөздерін кезекпен оқиды.

Д

И

Н

А

М

О

М

Е

Т

Р



Тор

Ен

Тон

Метр

Ине

Рет

Ер

Дар

Мина

Рота

Ет

Ор

Нар

Ат

Ор

Ар

Отар

От





  1. Сұрақ-жауап

Неліктен тігінен жоғары лақтырылған доп жерге түседі?

  • Себебі әлемдегі барлық денелер бір-біріне тартылады. Бұл жағдайда допқа Жер тарапынан тартылыс күші әсер етеді.

Аузы тығындалған бөтелкеге жартысына дейін су құйылған. Бөтелкенің жоғары жағында су жоқ деп айтуға бола ма?

  • Бөтелкенің жоғары жағында су болады. Бірақ ол басқа күйде – газ тәрізді, су бу түрінде болады.

Неліктен үстел үстіндегі сия дақтарын ол төгілісімен тазарту оңайырақ та, ал ол кепкеннен кейін тазарту қиынырақ?

  • Егер дақ пайда болған мезеттен бастап көп уақыт өтпеген болса, онда бояушы заттың молекулалары материалға терең еніп үлгермейді. Уақыт өткен сайын бояудың ену тереңдігі болып жатқан диффузияның салдарынан арта түседі де, дақты кетіру қиынға түседі.

Неліктен жүк көтеретін кранға жүкті дереу қатты көтеруге болмайды?

  • Ілініп тұрған жүк өзінің тыныштық күйін сақтауға тырысады. Ал кран жүкті дереу көтергенде, жүк үзіліп кетеді.(Инерция құбылысы)

6 - бөлім: «Көкпар»

Бұл бөлім қалған үш ойыншының ішінен финалға өтетін ойыншыны іріктеп береді. Ойыншылар берілген есептің шешімін есептеп шығарулары керек.

1-есеп

Бос ыдыстың массасы 10 кг, суы бар ыдыстың массасы 20 кг болады. Судың тығыздығы 1,0*103 кг/м3 . ыдыстың көлемін анықтаңыз? Жауабы: 0,03 м3

2-есеп

Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 78 Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,95 м, ал ені 6 см. шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын табыңыз. Жауабы: 51,5 кПа

3-есеп

Көлемі 18,75 л керосиннің салмағын есептеңіз. Керосиннің тығыздығы 800 кг/м3 . Жауабы: P=150 H

Қорытынды

Жеңімпаз анықталып, оған «Ең үздік физик» медалі тағылады. Ойынға қатысқан оқушыларға сыйлықтар таратылып, көрермендер тарапынан 1-2 музыкалық сый тарту етіледі.























Чувашка орта жалпы беретін мектебі















«Физикалық кеш»

Сабақ тақырыбы:















Мұғалімі: 8а-8б сыныптар

Аяшева Райхан Турланқызы











2014жыл

Краткое описание документа:

Мақсаттары:

Білімділік: оқушылардың физика пәнінен 5-8 сыныптар аралығында алған білімдерін тексеру, қайталау және пысықтау.

Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, ойлау жылдамдықтарын, іс-әрекет жылдамдықтарын, зейін және ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларға топпен жұмыс істеуді, бір-бірінің пікірін тыңдай білуді, оны сыйлауды үйретуді жалғастыру және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілігі: Ұлы физиктердің портреттері, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта.

Автор
Дата добавления 04.05.2015
Раздел Физика
Подраздел Конспекты
Просмотров480
Номер материала 263087
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх