Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Физиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физика

Физиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері

библиотека
материалов

Физиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері


Ұзақ уақыт бойы мектепте физиканы оқытудың негізгі мақсаты оқушыларға физиканың негізі бойынша терең де берік білімді қалыптастыру болып келді. Қазіргі кезеңде белгілі бір көлемде оқушыларға физикалық білімді қалыптастыру бары- сында оларды тәрбиелеп, дамыту мақсаттары тұр. Физиканы оқыту мақсаттарының құрамы да кеңейді:оқушыларда физиканың зерттеу әдістері туралы білімді қалыптастыру, физиканы оқыту барысында мамандық таңдауға әзірлеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту деген мақсаттар соңғы кезде енді. Орта мектептерде физиканы оқыту мақсаттарын топтап, әр топқа сәйкес оқытудың нақты мақсаттарын мына кесте арқылы көрсетуге болады:


Оқыту мақсаттарының тобы



Физиканы оқытудың нақты мақсаттары


Алдынғы ұрпақтың жинаған білімі мен тәжірибесін меңгеру


Негізгі физикалық білімдерді қалыптастыру: фактлар, ұғымдар, теориялар, заңдар, әлемнің физикалық бейнесі Физикадағы танымның әдістері туралы білімді қалыптастыру Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары мен техниканың ғылыми негіздері туралы білімді қалыптастыру Құбылыстарды түсіндіре білу, білімді есеп шығаруда қолдана білу ебдейліктері мен эксперименталдық ебдейліктерін қалыптастыру Ғылыми дүние танымдық көзқарасты қалыптастыру Физиканың қоғам өміріндегі ролі туралы, қоғамның, техниканың, басқа ғылымдардың дамуы мен физиканың дамуының арасындағы байланыс туралы түсінің беру Мамандық таңдауға, практикалық іс әрекетке әзірлеу


Тұлғаның психикасының функцианалдық механизмін дамыту


Есте сақтау, сөйлеу, қабылдау, елестету қабілеттерін дамыту Ойлау қабілеттерін дамыту


Тұлғаның жалпы типологиялық қасиеттерін қалыптастыру


Жапы қабілеттерін дамыту. Өз бетімен еңбек ету дағдысын қалыптастыру. Тұлғады адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру Бағалай білу ебдейліктерін қалыптстыру.


Тұлғаның жеке басының қасиеттерін дамыту


Физикаға деген қызығушылықтарын, қабілеттерін дамыту

Оқу мотивін қалыптастыру

Физиканы оқыту мақсаттары өзара байланыста болып келеді. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсаты олардың білімдерін есептер шығаруда қолдана білу икемділіктері мен

дүниетанымдық көзқарастырын қалыптастыру барысында жүзеге асады. Әртүрлі кәсіп бағытындағы сынып оқушыларына физиканы оқыту мақсаттарының өз ерекшеліктері бар. Мысалы, физика- математикалық бағыттағы сынып оқушылары мектеп бітіргеннен соң физика-математикалық бағыттағы жоғары оқу орнына түседі. Сондықтан оларды танымның физикалық әдістерімен таныс- тырып, оларда зерттеушілік эксперименттік ебдейліктерді, физикалық есептер шығаруда жоғары математикалық аппаратты қолана білу икемділіктерін қалыптастыру қажет.

Техникалық бағыттағы сынып оқушылары техникалық жоғары оқу орындарына оқуға түседі. Сондықтан бұл оқушыларға техника мен технологияның негізі физика екендігі жөнінде түсініктерді, конструкторлық икемділіктерді қалыптастыру болып табылады. Биологиялық-химиялық бағыттағы сынып оқушылары өздерінің болашақтағы кәсіби қызметтерін медицинамен, биологиямен, химия саласымен байланыстырады. Сондықтан оларда физиканы оқыту барысында физикалық, биологиялық, химиялық құбылыстар өзара байланысты екендігін, химиялық, биологиялық процестерді зерттеуде физикалық әдістердің қолданылатындығы жөнінде түсініктерінің болып, зерттеушілік, экспериментальдық икемділіктері қалыптасуы керек.

Гуманитарлық бағыттағы оқушылар, әдеттегідей, физиканы одан әрі оқымайтын болады; олардың болашақтағы кәсіби қызметтері физикамен байланысты болмайды. Сондықтан бұл оқушыларға физиканы оқыту міндетіне базалық білімдер мен икемділіктерді, физиканың жалпы адамзаттық мәдениеттің элементі болып табылатындығы жөнінде және физиканың дамыуының қоғамның, техниканың, басқа ғылымдардың дамуымен байланысы туралы түсініктерді қалыптастырып, физика ғылымының гуманитарлық потенциалын ашып көрсету.

Жалпы білім беру мектептеріне арналған физика бойынша бағдарламаның түсініктемелік жазбасында пәнді оқыту міндеті – оқушыларға эксперименттік фактілер, түсініктер, заңдар, теория- лар, физикалық ғылымның әдістері, әлемнің қазіргі ғылыми бейнесі, техника мен технологияда физикалық заңдарды қолдану- дың кең мүмкіндіктері жөнінде білімдерді игеру қажеттілігі ретінде тұжырымдалады. Сонымен мектепте игерілуге қажетті физикалық білімдер элементтеріне фактілерді, түсініктерді, заңдарды, теорияларды, әлемнің физикалық бейнесін, техникада физикалық заңдарды қолданулар жатқызылады. Білімнің бұл элементтері әртүрлі деңгейлерде игерілуі мүмкін. Сонымен жалпы міндетті біл

1)даму үстіндегі іргелі физикалық теориялардың біртұтас жүйесі түрінде көрініс беретін әлемнің шынайы физикалық бейнесі арқылы оқушының ғылыми дүние танымын қалыптастыру;

2)оқушыларға жеке және әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін физика бойынша базалық білім жүйесін шығармашылықпен қабылдау тәсілдерін үйретудің, сондай-ақ іс- әрекет объектісіне айналып отырған болмысқа эмоционалды құндылық қатынастың әлеуметтуік тәжірибесін меңгерту негізінде олардың өмірлік дағдыларын дамыту. Бұл мақсаттар оқыту процесінде оқытудан күтілетін нәтижесінде елеулі саралауды, сондай-ақ физиканың типтік оқу бағдарламасында көрсетілуі тиіс көптеген қосалқы және басқа жеке мақсаттарға жетуді көздейді.

Физиканы оқытудың мақсаттарынан оның мынадай басты міндеттері туындайды:

1)білімді ұжымдық және жеке дара қабылдау тәсілдерін тиянақты меңгерту негізінде оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындау, ол үшін оқу-эксперименттік зерттеулер жүргізуге және бақыланған физикалық құбылыстарды теориялық тұрғыда түсіндіруге мүмкіндік беретін ғылыми таным әдістерінің қажетті дағдыларын қалыптастыру;

2)оқушылардың санасына табиғат пен оны танып білу туралы білімнің қисынды жүйесін қалыптастыру;

3)оқушылардың шығармашылық қабілетін және ойын дамыту;

4)планеталық ауқымдағы процестерге оқушылардың қаты- насы бар екенін және олардың өз іс-әрекетінің экологиялығына жеке жауапкершілігін қалыптастыру;

5)оқушыларды бүгінгі жедел қарқынмен дамып отырған технологияландырылған қоғамда өмір сүруге бейімдеу.

Физиканы оқытудың басты міндеттері негізінде типтік оқу бағдарламасында неғұрлым нақты дидактикалық міндеттер айқындалады оның ішіндегі аса маңыздысы-оқушыларға білім алу тәсілдерін үйрету. Физиканы оқыту мақсаттарын білім беру, тәрбиелеу және дамыту деп жүктеуге болады.


Физиканы оқытудың білімділік мақсаты:

1 Физика ғылымының негізімен, оның негізгі ұғымдарымен, заңдарымен, теориясымен таныстыру.

2. Оқушылардың санасында қоршаған әлемнің жаратылыс-тану-ғылыми көрнісін қалыптастыру. 3. Жаратылыстану-ғылыми зерттеулердің негізгі әдістеме-лерін меңгерту.

4. Политехникалық білім беру.


Физиканы оқытудың тәрбиелік мақсаты:

1. Диалектикалық-материалистік дүниетанымды қалыптастыру.

2. Оқушыларды танымдық және практикалық іс-әрекетте дұрыс методологиялық тәсіл жасауға үйрету.

3. Еңбекке, ынталылыққа және қиындақтарды жеңуде табандылыққа тәрбиелеу.


Физиканы оқытудың дамытушылық мақсаты:

1.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, индук- тивтік, дедуктивтік, ұқсастық бойынша ой қорытуды пайдалана білу.

2.Физика ғылымының құрылымын түсінуді қалыптастыру.

3.Физикалық теориялардың, олардың элементтерінің: ұғымдардың, модельдердің, заңдардың қолдану шекаралары туралы білімді қалыптастыру.

4. Белгілі теориялық қағидаларды, математикалық аппаратарды, графиктік әдістерді, анықтамалық әдебиеттерді, есептеу техникасын және т.б. пайдаланып, есептер шығара білуді дамыту.

5.Физикалық құбылыстардың жұмыс принципін, құрылысын біліп, оларды пайдалана отырып, өлшеу нәтижелерін өңдеу және өлшеулердің қателіктерін анықтап, эксперименттен алынған шамалар бойынша қорытынды жасап, эксперименттер жүргізу икемдігін дамыту.

6. Қарапайым техникалық қабілеттілікті дамыту.

Оқытудың қарастырылған жалпы мақсаттары физиканы оқыту процесін құрудың негізі, іргетасы болады. Оқыту үрдісінде білімді жинақтауға ғана емес, білімге ие болу икемділігін қалыптастыру көзделінеді. Осыған байланысты қазіргі мектепте мұғалім сабақта оқушылардың алдарында тұрған проблемалар мен проблемалық жағдайларды шешуде барлық іс әрекеттерін өз бетінше жоспарлап, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамытуға бағыттау керек. Оқушылардың жұмысын осы бағытта ұйымдастыра білген мұғалім -дарынды мұғалім. Физиканы оқытуда, оқушылардың тек ғылымның негізін біліп қана қоймай, ғылыми таным әдістерін, қазіргі заманғы өндірістің, техниканың, адамға тұрмыстық қызмет көрсетудің практикалық тәсілдері мен икемділіктерін игере білуі тиісті. Осыған байланысты қазіргі мектептерде оқу әдістемелерін жетілдіруге көбірек көңіл бөле бастады, оларды әлеуметтік, ғылыми-техникалық прогреске сәйкестендіру қолға алынуда. Физика курсында әрбір тақырып бойынша міндетті меңге- руліге тиісті білім элементтерімен қатар қосымша материалдар да бар. Олармен мұғалім таныстырып, түсіндіреді, бірақ оны оқушылардың барлығынан бірдей сұрай бермейді. Негізгі қажетті оқу материалын оқушылардың есте сақтауын талап етіп, соған жағдай жасау керек.

Физикаға оқыту процесінде оқушыларды кәсіпке (мамандыққа) бағдарлау.

Мектептегі оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеттері бірі – еңбек қызметіне белсенді қатысуға өсіп келе жатқан ұрпақты дайындау болып табылады. Сондықтан да жалпы білім беретін мектеп оқушыларға терең білімдерді беріп, оларды тәрбиелеп және дамытып қана қоймай, сонымен қатар, оларды кәсіпке бағдарлау дайындығын жүзеге асыру қажет. Кәсіпке бағдарлау – бұл оқушыларды болашақ мамандыққа дайындаудың және оларға мамандық таңдауда көмек көрсету бағытында арнайы ұйымдастырылған жұмыс. Болашақ мамандығын таңдау үшін мектеп оқушыларының біздің еліміздегі халық шаруашылығы, оның дамуының негізгі перспективалары жөнінде жалпы түсініктері болуы қажет. Сонымен бірге орта мектептердің түлектері қандай да болмасын өндірістің бір саласында қолданылатын техника мен технология, нақты бір мамандықтар мен кәсіптер, таңдаған мамандықтың жұмыс жағдайлары мен мүмкіндіктері туралы түсініктерге ие болулары қажет. Мектептің кәсіпке бағдарлау жұмысының құрылымы әртүрлі және көбіне пікірталасты.

Кәсіпке бағдарлаудың ең мәнді компоненттеріне (құрамдас бөліктеріне) келесілер жатады:

1) оқушыларды халық шаруашылығының салаларымен және негізгі көп кезде- сетін мамандықтармен таныстыру;

2) мамандықты саналы түрде таңдауға дайындау бойынша мектеп оқушыларының мақсатты іс- әрекеттерін ұйымдастыру;

3) мамандық таңдау мен жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша оқушыларға кеңестер беру.


Кәсіпке бағдарлау материалдарын таңдау ұстанымдарының бірі – қоғамның кадрларға деген сұраныстарын ескеру. Оқушы- лар назарын нақты бір аймақ, қала немесе ауылда ерекше жетіспей жатқан, мұқтаж мамандықтарға аудару керек. Кәсіпке бағдарлау материалдарын таңдаудың басқа бір ма- ңызды ұстанымдарының бірі – оқушылардың өздерінің қызығу- шылықтары мен ниеттерін ескеру. Мамандықты дұрыс таңдау – қызығушылықтардың, бейімділіктердің, кәсіптік ниеттердің қа- лыптасуы мен дамуына байланысты ұзақ процесс. Физиканы оқу оқушыларда ең алдымен техника мен физикаға байланысты қызығушылықтардың қалыпытасуына үлкен мүмкіндіктер аша- ды. Бұл тек әлеуметтік мәні бар педагогикалық маңызды міндет емес, сонымен қатар техника мен өндіріс технологиясының дамуының қажетті шарты.

Кәсіпке бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыруда мектептік оқу бағдарламасының аясынан шығатын қосымша материал- дарды қолдану мүмкіндігі бар. Осы мақсатта физика мұғалімі мектеп орналасқан аймақпен алдын-ала танысып, мектептің бағытталған мамандығы бойынша кәсіби оқытудың типтік бағдарламаларын мұқият талдауы керек. Материал таңдаудағы негізгі критерий – бұл қазіргі заманғы өндіріске тән еңбек процестері мен мамандықтардың, мектептік бағдарлама материалдарымен байланысы бар ақпараттың болуы. Одан әрі физика мұғалімі тақырыптық жоспар құрып, мазмұнын, оқылып жатқан физикалық материалға сәйкес кәсіпке бағдарлау материалдардың формасы мен көлемін анықтайды.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 27.02.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров857
Номер материала ДВ-487982
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх