Инфоурок Математика Рабочие программыФизиктер де әзілдей алады

Физиктер де әзілдей алады

Скачать материал

                             «Физиктер де әзілдей алады.»

 

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті теле көрермендер! Құрметті көрермен қауым, осы аптада мектебімізде физика, математика, информатика пәндер апталығы жүріп жатқаны белгілі. Апталықтың жақсы өтуіне сіздер де ат салысады деген сенімдеміз.

                   Егеменді қазақтың біз ұланы

                   Өз туы бар, елтаңба, әнұраны

                   Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың

                    Самғайтын биіктерге тау қыраны – деп бүгінгі біздің хабарымызды бастаймыз.

                           Бүгінгі хабарда:

1.     Жаратылыстану ғылымдары туралы қанатты сөздер.

2.     «Оқыптуғанмен кездесу».

3.     Физиктер де, әзілдей алған.

4.     «Физиктер өнері-Тәжірбиелер»

«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік озады» дегендей, алға шыққан оқушыларды демеушілеріміздің бағалы сыйлықтары күтіп тұр. Телехабарға кез-келген оқушы қатыса алады. Сұрақтарыңыз болса, немесе  сұраққа жауап беремін десеңіздер телефон шалыңыздар. Сіздер тікелей эфирдесіздер.Біздің телефон номеріміз: 333-555

    Жүргізуші:Хабарымыздың I бөлімі «Жаратылыстану ғылымдары туралы қанатты сөздер»

I оқушы: «Физика-табиғат туралы ғылым»

                                                                     Э.Роджер

IIоқушы: «Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы»

                                                                      К.Гаусс.

I оқушы: «Математика барлық ғылымдардың патшасы,физиканың көмекшісі».

                                                                      Студенттер шығармасынан

II оқушы: «Физиканың оң қолы химия болса, ал математика оның көзі»

                                                                      М.В:Ломоносов.

I оқушы: «Математик көп жағдайда техника мәселелеріне шорқақ келеді, ал тамаша конструктор кейде математиканы мүлде түсінбейді.»

                                                                      М.А.Лермонтов

II оқушы: «Физиктер керексіз заттар арқылы пайдалы заттар жасайды, ал химиктер жақсы нәрселер арқылы нашар жұмыс жасайды»

                                                                      Г.Кандольг.

    Жүргізуші: Хабарымызды одан әрі жалғастырамыз. Бүгін біздің студиямызға қонағымыз Оқыптуған келіп отыр.

         -Сәлеметсіз бе? Өзіңізді таныстырып өтсеңіз?

         -Менің аты-жөнім Оқыптуған Тапқышбекұлы. Шетелде Вундеркинд деген досым да бар. Сіздердің мектептерінде физика апталығы болып жатыр деген соң бір кәдеге жарармын деп, ат басын әдейі бұрдым.

     Жүргізуші: Бәрекелді! Қош келдіңіз! Бізге де сіз секілді көңілді, әзілқой, тапқыр адам керек еді. Ал,құрметті көрермендер,Оқыптуғанға қоятын сұрақтарың болса, тікелей эфир арқылы хабарласуға болады.

     Міне алғашқы қоңырау да келді. Сұрағыңызды айта беріңіз?

     I сұрақ: Бізге мұғалімдер кішкене білмей қалсақ, «су мисың» деп ұрысады, сол дұрыс па?

     Жүргізуші: Ой, сіздер де қоймайтын сұрақты қояды екенсіздер?

     Оқыптуған: Жоқ, дұрыс сұрақ, жауап беруге болады. Адам организіміндегі заттардың ең көбі су. Ол қанның 79,3%-ын, сүйектің 22%-ын, бұлшықеттің 76%–ын құрайды. Ал, есептеп қарасақ, мидың 83,3%-ы сулан тұрады. Сондықтан оқушылар, мұғалім сендерге су мисың деп ұрысса, оған ренжімей-ақ қойыңдар, ол ғылыми дәлелденген. 

     II сұрақ: «Ішің күйсе, тұз жала» деген мағынаны түсіндіріп берсеңіз

     Жүргізуші: Ойпырмай, сұрақтың да түрі көп болады екен ғой?

     Оқыптуған: Күн ыссыда адам шөлдейді. Өйткені термен бірге денеден тұзда шығады. «Қардың басын қар алар,ханның басын хан алар» демекші шыққан тұздың өтеуін тұз ғана өтейді. Сондықтан, қаттышөл қысқанда 5 грамдай ас тұзын жеп немесе құрғаған тамақты тұзбен шаю керек. «Ішің күйсе тұз жала» деп іші тар адамдарға емес,шөлдеген адамдарға айту керек.

     Жүргізуші: Құрметті көрермен қауым, біздің студиямызға түрлі хаттар келіп түсуде. Соның біреуін оқып көрейік. Менің атым Сұңғыла. Мен де Оқыптуған сияқты көп нәрсені біліп, ғылымның әр саласынан хабардар болғым-ақ келеді. Бірақ жадыма ештеңе сақтай алмаймын. Оқығанымның бәрі миымнан бу болып ұшып кететін сияқты: Бұған не істеуге болады? Қайткен күнде де атыма затым сай, сұңғыла, зерек оқушы атануыма  көмектессеңіздер екен.

    Оқыптуған: Күлетін ештеңесі жоқ. Бұд әркімнің басында кездесетін кемшілік. Сұңғыланың «күндліз-түні» оқи беремін дегені мені де онша қуантпай отыр. Мұны «Ізденімпаздық» деп бағалау қиын. Өйткені оқу мен ойлау қатар жүргенде ғана шәкірт ізденісі жемісті болады.

       -Сонда кітаптың бетін жаба салып, оқыған тарауыңды ойша бір саралап шықсаң, болғаны есте сақтау қабілетің артып сала бере ме?

       -Жоқ, әрине... Есте сақтау қабілетін арттырудың қилы қызықты тәсілдері бар.

       Мысалы: Эйнштейнге бір адам кешке телефон соғуын өтінеді. Менің телефон номерім 24-361, есте сақтауға қиын болар ма екен,-дейді. Сонда физик: -Жоқ ешқандай қиындығы жоқ, жай ғана 12-ні 2-ге көбейтем және 19-ды квадраттаймын,депті.

       Жүргізуші: -Апырмай,былайғы кезде елей бермеуші едік, есте сақтау қабілетін арттырудың жолы көп екен ғой.

       Оқыптуған: Әлбетте, Сұңғыла сияқты ой-өрісін кеңейтіп, зеректігімді жетілдіремін деген кез келген оқушыға айтарым: алдымен қарапайым логикалық есептер мен сөзжұмбақтарды шешіп үйренудің пайдасы мол.

       Бірақ, сіздердің оқушыларыңыз ылғи сұрақ қоюға шебер екен. Сұрағы бар адамның жауабы да болу керек. Ал, олар менің сұрақтарыма жауап берер ме екен? Менің оларға беретін сыйлықтарым да бар.

        Оқыптуған сұрақтары:

1-сұрақ :Құрметтейік ғалымды,

         Ғылымды алға жылжытқан

         Инерция құбылысын,

         Айтшы, достар кім ашқан?  (Галилей)

2-сұрақ : Барлық заттар неден тұрады? (Атомар мен молекула)

3-сұрақ: Ойланыңдар, өткенді еске алыңдар,

               Бұл құбылыс айналадан табылар.

                Сұйықтармен газдардағы қысымды

                Кім айтады түсіндірген ғалымды (Паскаль)

4-сұрақ: Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары қандай?

5-сұрақ: Алма түсіп қасына,

               Қасына емес басына.

               Тартылыс заңын таптым деп

               Кетті ғалым асыға (Ньютон)

6-сұрақ: Дененің жылы,ыстық, суық дәрежесін сипаттайтын қандай шама? (Температура)

7-сұрақ: Адам алып таңғажайып ойымен,

               Суда жатып, ой қорытқан ісімен.

                Суға салсаң, не бір ауыр денелер,

                Жеңілдейді,айтшы ненің күшімен? (Архимед)

           Жүргізуші: Хабарымыздың келесі бөлімінде сиқыршы физикткердің өнерін тамашалайсыздар.

           Тәжірбиешілер өз өнерін көрсетеді.

   I-Стаканға су құйып, бетін қатты қағазбен жабамыз. Қағазды алақанымызбен басып тұрып, стаканды төңкеріп қалып тартып алу керек.

      Жауабы: Суды атмосфералық қысым ұстап тұрады.

   II-Қағазды жағып, бөтелкенің ішіне саламыз да алақанмен аузын басамыз, сонда бөтелке бөтелке алақанмен бірге көтеріледі. Неге?

       Жауабы: Қағаз жанғанда ауа кызады,қысым ұлғаяды да, ауаның жарты бөлігі сыртқа шығады. Бөтелкені алақанмен жапқанда ауа суиды да бөтелке атмосфералық қысымның әсерінен ұсталып тұрады.

    III- Сабын көпіршігі оған үрлеп енгізілен ауа қысымының салдарынан жан-жақты ұлғая түседі. Соның нәтижесінде көпіршік шар формалы болады. Бұл құбылыс физиканың қандай заңын дәлелдейді?

        Жауабы: Паскаль заңымен түсіндіріледі

      Жүргізуші: Қымбатты көрермендер сіздердің тамашалап отырғандарыңыз «Физиктер де әзілдей алады» атты әзіл-сықақ телехабары. Бүгінгі телехабарға алып келген сыйыңыз қандай болмақ?

      «Бір физиктің махаббаты»

 

Айым саған лупамен қарадым,

Найзағайдай жарқылдайды жанарың.

Жүрегіме миллиампердей ток беріп,

«Броундық қозғалысты» өткеріп.

Күйіп те, жанып барамын.

Өн бойымда молекулалар шарпысты,

Қайткенде, жаным, аман қаламын.

Вакуумдағы ойларым ғой есебім.

Ғашық дерттің теңдеулерін шешемін.

Таба алмасам түбі,егер,еш емін.

«Изохролық процесті» кешемін.

Заряд едің, сәулем, қандай таңбалы.

Неге ғана көңіл лампың жанбады?

Ашып айтшы, жүрсең мені жаратпай,

Болмайықшы, тегі аттас зарядтай.

Физиканың заңдарына бағынып.

Жарықтардай толық кейде шағылып

Түрленемін Ньютон тапқан жолақтай.

Жарықтардың интерференциясы сияқты.

Қосыламыз ба, - деп қоямын сұрақты-ай.

Естимісің жаным, бұл тұрысың,

Жүрегімнің лүпілі ультрадыбысың

Берсең маған энергияңды қуатты.

Уағда етем,

«Больцма тұрақтысындай»

Махаббатым тұрақты.

 

Жүргізуші: Ал құрметті көрермендер. Осымен телехабарымызды аяқтаймыз. Хабарда көрсетілген физикалық сұрақтармаен сиқырлардың құпиясын тапқан оқушылар мектеп телерадио компаниясына жазбалай түсіруге болады. Сіздердің берген жауаптарыңа қарай жүлдегнрлнр апталық қортындысында хабарлаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Эфирде келесі кездескенше. Сау сәлемет болыңыздар!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Физиктер де әзілдей алады"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-перинатолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті теле көрермендер! Құрметті көрермен қауым, осы аптада мектебімізде физика, математика, информатика пәндер апталығы жүріп жатқаны белгілі. Апталықтың жақсы өтуіне сіздер де ат салысады деген сенімдеміз.
                   Егеменді қазақтың біз ұланы
                   Өз туы бар, елтаңба, әнұраны
                   Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың
                    Самғайтын биіктерге тау қыраны – деп бүгінгі біздің хабарымызды бастаймыз.
                           Бүгінгі хабарда:
1.    Жаратылыстану ғылымдары туралы қанатты сөздер.
2.    «Оқыптуғанмен кездесу».
3.    Физиктер де, әзілдей алған.
4.    «Физиктер өнері-Тәжірбиелер»
«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік озады» дегендей, алға шыққан оқушыларды демеушілеріміздің бағалы сыйлықтары күтіп тұр. Телехабарға кез-келген оқушы қатыса алады. Сұрақтарыңыз болса, немесе  сұраққа жауап беремін десеңіздер телефон шалыңыздар. Сіздер тікелей эфирдесіздер.Біздің телефон номеріміз: 333-555
    Жүргізуші:Хабарымыздың I бөлімі «Жаратылыстану ғылымдары туралы қанатты сөздер»
I оқушы: «Физика-табиғат туралы ғылым»
                                                                     Э.Роджер
IIоқушы: «Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы»
                                                                      К.Гаусс.
I оқушы: «Математика барлық ғылымдардың патшасы,физиканың көмекшісі».
                                                                      Студенттер шығармасынан
II оқушы: «Физиканың оң қолы химия болса, ал математика оның көзі»
                                                                      М.В:Ломоносов.
I оқушы: «Математик көп жағдайда техника мәселелеріне шорқақ келеді, ал тамаша конструктор кейде математиканы мүлде түсінбейді.»
                                                                      М.А.Лермонтов
II оқушы: «Физиктер керексіз заттар арқылы пайдалы заттар жасайды, ал химиктер жақсы нәрселер арқылы нашар жұмыс жасайды»
                                                                      Г.Кандольг.
    Жүргізуші: Хабарымызды одан әрі жалғастырамыз. Бүгін біздің студиямызға қонағымыз Оқыптуған келіп отыр.
         -Сәлеметсіз бе? Өзіңізді таныстырып өтсеңіз?
         -Менің аты-жөнім Оқыптуған Тапқышбекұлы. Шетелде Вундеркинд деген досым да бар. Сіздердің мектептерінде физика апталығы болып жатыр деген соң бір кәдеге жарармын деп, ат басын әдейі бұрдым.
     Жүргізуші: Бәрекелді! Қош келдіңіз! Бізге де сіз секілді көңілді, әзілқой, тапқыр адам керек еді. Ал,құрметті көрермендер,Оқыптуғанға қоятын сұрақтарың болса, тікелей эфир арқылы хабарласуға болады.
     Міне алғашқы қоңырау да келді. Сұрағыңызды айта беріңіз?
     I сұрақ: Бізге мұғалімдер кішкене білмей қалсақ, «су мисың» деп ұрысады, сол дұрыс па?
     Жүргізуші: Ой, сіздер де қоймайтын сұрақты қояды екенсіздер?
     Оқыптуған: Жоқ, дұрыс сұрақ, жауап беруге болады. Адам организіміндегі заттардың ең көбі су. Ол қанның 79,3%-ын, сүйектің 22%-ын, бұлшықеттің 76%–ын құрайды. Ал, есептеп қарасақ, мидың 83,3%-ы сулан тұрады. Сондықтан оқушылар, мұғалім сендерге су мисың деп ұрысса, оған ренжімей-ақ қойыңдар, ол ғылыми дәлелденген. 
     II сұрақ: «Ішің күйсе, тұз жала» деген мағынаны түсіндіріп берсеңіз
     Жүргізуші: Ойпырмай, сұрақтың да түрі көп болады екен ғой?
     Оқыптуған: Күн ыссыда адам шөлдейді. Өйткені термен бірге денеден тұзда шығады. «Қардың басын қар алар,ханның басын хан алар» демекші шыққан тұздың өтеуін тұз ғана өтейді. Сондықтан, қаттышөл қысқанда 5 грамдай ас тұзын жеп немесе құрғаған тамақты тұзбен шаю керек. «Ішің күйсе тұз жала» деп іші тар адамдарға емес,шөлдеген адамдарға айту керек.
     Жүргізуші: Құрметті көрермен қауым, біздің студиямызға түрлі хаттар келіп түсуде. Соның біреуін оқып көрейік. Менің атым Сұңғыла. Мен де Оқыптуған сияқты көп нәрсені біліп, ғылымның әр саласынан хабардар болғым-ақ келеді. Бірақ жадыма ештеңе сақтай алмаймын. Оқығанымның бәрі миымнан бу болып ұшып кететін сияқты: Бұған не істеуге болады? Қайткен күнде де атыма затым сай, сұңғыла, зерек оқушы атануыма  көмектессеңіздер екен.
    Оқыптуған: Күлетін ештеңесі жоқ. Бұд әркімнің басында кездесетін кемшілік. Сұңғыланың «күндліз-түні» оқи беремін дегені мені де онша қуантпай отыр. Мұны «Ізденімпаздық» деп бағалау қиын. Өйткені оқу мен ойлау қатар жүргенде ғана шәкірт ізденісі жемісті болады.
       -Сонда кітаптың бетін жаба салып, оқыған тарауыңды ойша бір саралап шықсаң, болғаны есте сақтау қабілетің артып сала бере ме?
       -Жоқ, әрине... Есте сақтау қабілетін арттырудың қилы қызықты тәсілдері бар.
       Мысалы: Эйнштейнге бір адам кешке телефон соғуын өтінеді. Менің телефон номерім 24-361, есте сақтауға қиын болар ма екен,-дейді. Сонда физик: -Жоқ ешқандай қиындығы жоқ, жай ғана 12-ні 2-ге көбейтем және 19-ды квадраттаймын,депті.
       Жүргізуші: -Апырмай,былайғы кезде елей бермеуші едік, есте сақтау қабілетін арттырудың жолы көп екен ғой.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 772 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.03.2015 1699
    • DOCX 44.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекимова Жанат Болатқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекимова Жанат Болатқызы
    Бекимова Жанат Болатқызы
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1786
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Изучение вероятностно-стохастической линии в школьном курсе математики в условиях перехода к новым образовательным стандартам

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 152 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 819 человек

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика. Сложение и вычитание

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1360 человек из 85 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 214 человек

Мини-курс

Переходные моменты в карьере

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе